Жалаң тәрбие қауқарсыз



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі
___________п.ғ.к. Б.В. Крамаренко
(қолы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерінің психодиагностика жасаудың маңызы

Мамандығы:–5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Орындаған:____________________ Жуманова М.Б.

Ғылыми жетекші:________________ психол.ғ.д., Көкебаева Ә.Х.

Көкшетау-2011

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Білім беру технологиясы кафедрасы

Жуманова Маржан Боранбайқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып мұғаліміне оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерінің психодиагностика жасаудың маңызы

Мамандығы: 5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Көкшетау-2011

МАЗМҰНЫ

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1. Қазақстанда ұлттық психологияның теория-әдіснамалық негiздерi
1.1. Ұлттық психология ғылымының қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .1 1
1.2. Ұлттық
идеология ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 21
1.3. Қазақ халқының ұлттық мінез
ерекшелiгi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .27
1.4. Ұлттық сана-
сезім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...34
2. Оқушыларға ұлттық психологиялық ерекшеліктер негізінде ұлттық тәрбие
берудің жолдары
2.1. Ұлттық және дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың ұлттық сана-
сезімін қалыптастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...49
2.2.Оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу әдістері
... ... ... ... ... ... 52
2.3. Оқушыларды когнитивті, эмоциялық, мінез-құлықтық компоненттер арқылы
диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 78

Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 80

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы (1997),
2. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы (2007),
3. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес бекіткен
бірнеше Тұжырымдамалар:
- Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы
(1994),
- Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясат
тұжырымдамасы (1995),
- Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы (1996
4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы

АНЫҚТАМАЛАР
1.Мінез - адам баласының біртіндеп әдетке айналатын бір сыдырғы,
тұрақты және тұрлаулы ерекшелігі, оның даралық өзгешелігінің өзегі, өмір
сүру бағының өрнегі, айналасымен қарым-қатынас жасауының өзіндік тарихы.

2. Өзін-өзі тану - адамның өз психологиялық және физикалық
ерекшеліктерін зерттеп білуі.

3.Психокоррекция (түзету) - Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету.

4. Ру – адамдарды гендік ерекшеліктеріне, туыстық қарым-қатынастарына
қарай топтастыратын, қазақша айтсақ – аталас-ауылдас, қандас адамдардың
тобы. Ру – бұл тарихи-этнографиялық ұғым.

5. Сана - адамға ғана тән қоршаған айналадағы әлемнің зандылықтарының
және шынайы тұрақты қасиеттерінің жалпыланған жоғары формада сыртқы әлемнің
ішкі моделінің адамда қалыптасуы, қоршаған айналадағы ортаны өзгертуі және
нәтижесінде танымның бірдеңеге қол жеткізуі.

6.Ұлттық мінез-белгілі ұлтқа ортақ психикалық ерекшеліктің жиынтығы.

7. Ұлттық намыс-ұлт өкілдерінің ата-мекенін, тілін, тегін, салт-
дәстүрін ерекше қастерлеп, оның ар-намыс абыройына кір жуытпай, оны
қызғыштай қоруы.

8. Ұлттық сана-ұлтты бір-біріне ажырататын саяси-экономикалық, рухани-
әлеуметтік қасиеттер жиынтығы.

9. Ұлттық тәрбиелілік – бұл адамды белгілі бір ұлттың өкілі, ұлттық
дәстүрді, халықтық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ретінде
сипаттайтын адами сапа (қасиет) болып табылады, ол ұлттық тұлғаның таным-
білімімен, сана-сезімімен және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу
дәрежесімен – мінез-құлқымен өлшенеді.

10. Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы
Мағжан Жұмабаевтың: Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің
қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік,
жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін
тайынбай-ақ серттесуге болады деген даналық өсиетінің мәні қазіргі
жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор [1]. Еуропалық және
Азиялық өркениеттің аралығында орналасқан Қазақстанның геосаяси орны, ана
тіліміз бен ұлттық мәдениетіміздің кеңестік дәуір кезіндегі және қазіргі
жай күйі, еліміздің полимәдениеттілік, көпконфессиялық сипаты халқымыздың
ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, рухани құндылықтарынан, ұлы педагогтарымыз
бен ғұлама гуманистеріміздің философиялық ой толғауларынан, яғни тереңге
бойлаған түп тамырларымыздан нәр алып, үнемі және үздіксіз қанығып отыратын
шынайы, тәуелсіз ұлттық білім жүйесін құруды талап етеді.
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне
көтеретін бірден-бір құндылық, ол – жасөспірімдерді отаншылдық, ұлтжандылық
рухта тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім үлгісі осыдан бастау алып,
жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір
де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан
дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде
қалыптастыру болмақ. Білімнің басты ұстанымы адамға білім беру ғана емес,
сол білімді және біліммен қарулануды руханияттандыру,
адамгершіліктендіру болғаны аса маңызды [2].
Қазір еліміздегі ұрпақ тәрбие мәселесіне тікелей қатысты прагматикалық
құндылықтарға негізделген батыстық өркениетке, батыстық мәдениет үлгілеріне
(үлгіге келмейтіні қанша) талғамсыз еліктеу; идеологиялық, ақпараттық
дамудың зардаптарын алдын ала ескермеу және оларға қарсы тұрудағы
құлықсыздық пен шарасыздық; ұлттық идеяға негізделген сындарлы
идеологиямыздың болмауы, жастар арасында саяси-идеологиялық тәрбие
жұмыстарының әлсіздігі; мектептің тәрбие жүйесінде стратегиялық көзқарастың
болмауы, оған тиісті көңіл бөлінбей, қосымша міндет деп қарау; тәрбие
жүйесінің ғылыми-әдіснамалық, педагогикалық-психологиялық және рухани-
әлеуметтік негіздерінің осалдығы; тәрбие мәселесіндегі отбасының,
социумның, қоғамның рөлінің төмендеуі; өзімізде барды бағаламай өзгенің
жасығына еліктеп-солықтау, т.б. басты-басты ойлануға тұрарлық мәселелер
орын алып отырғаны белгілі.
Сондықтан жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра
отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату
болшағына бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға
үйлестірілген ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау және білім беру
көлеңкесінде қалып қоймайтын, керісінше тәрбие мәселесін төрге қоятын
тәрбие-білім жүйесін іске қосу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін басты
мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы. Ұлттық тәрбие беру мәселесі әл-
Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің еңбектерінен бастау алады.
Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен
мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады.
Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің,
А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың,
Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың, т.б. педагогикалық
мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы
мен мазмұны ашып көрсетілді.
Ұлттық тәрбиенің негізі халықтық педагогика мен этнопедагогика болып
табылады. Көрнекті қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев,
С.А.Ұзақбаева, Ж.Ж.Наурызбай, К.Ж.Қожахметова, Ә.Табылдиев, М.Х.Балтабаев,
Р.Қ.Дүйсембінова, С.Ғаббасов, Қ.Қ.Шалғынбаева, т.б. тың зерттеулер
жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуын,
этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие
процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.
Ұлттық тәрбие жалпы тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондықтан ұлттық тәрбиенің әдіснамасы мен ғылыми-
әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді.
Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын
жетілдіру бойынша Ш.Абдраманның, Қ.Ж.Аганинаның, Қ.М.Арынғазинның,
Е.З.Батталхановтың, А.А.Бейсенбаеваның, А.Байсеркенің, Қ.Қ.Жампейсованың,
А.А.Калюжныйдың, Л.К.Керімовтың, А.А.Қалыбекованың, Н.Ә.Мыңжановтың,
Қ.Б.Сейталиевтің, т.б. еңбектері ұлттық тәрбиені тәрбиенің құрамдас бөлігі
ретінде оқып-үйренуге мүмкіндік берді.
Тәрбие процесінің нәтижелі болуы мұғалімге байланысты, сондықтан
болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесіне ерекше мән беру қажет. Осы сала
бойынша орындалған Ғ.З.Әділғазиновтың, С.Т.Каргиннің, Қ.М.Кертаеваның,
Г.Ж.Меңлібекованың, Ә.Ә.Усмановтың, С.Қоқанбаевтың және т.б. еңбектері
оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі мұғалімнің ролі мен қызметін айқындауға
негіз болды.
Қазақстанда тікелей ұлттық тәрбие беру мәселесі бойынша көлемді
жүргізілген зерттеулердің ішінде жеке тұлғаның ұлттық тәрбиесінің ғылыми-
педагогикалық негіздерін зерттеген К.А.Оразбекованың және болашақ
мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен
практикасын ғылыми жүйеге ендірген Қ.Бөлеевтің зерттеулерін ерекше атап
өткен орынды.
Ұлттық тәрбие қағидаларын мектептің педагогикалық процесіне ендіру,
ұлттық сипаттағы мектептер мен гиманзиялар құрудың ғылыми-теориялық
негіздері бойынша – Б.А.Альмухамбетов, Ш.Әмір, Т.Ә.Қоңыратбаева,
Л.С.Сырымбетова; оқушылардың тәрбиелілік деңгейін арттыру мәселелері
бойынша – А.Қ.Қисымова, Ұ.О.Асанова, Ж.Б.Сәдірмекова, С.Иманбаева,
Р.К.Төлеубекова; бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту мәселелері
бойынша – Н.Албытова, Г.Н.Жолтаева, Қ.А.Сарбасова, С.А.Жолдасбекова,
Б.А.Тойлыбаев, А.Қ.Айтбаева, О.Сатқанов, А.Едігеновалардың еңбектерінде
тұжырымдалған ой-пікірлер ғылыми зерттеуіміздің басым бағыттарын
анықтауға мүмкіндік берді [3].
Сонымен бірге бастауыш мектеп сатысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
мақсатында жасалынып, қолданысқа енген Атамекен (М. Құрсабаев), Кәусар
бұлақ (З. Ахметова), Әдеп әліппесі (А. Ашайұлы), Қазақ тәлімінің
тарихы (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), Әдеп әліппесі (Ә.Табылдиев), Ұлттық
дүниетаным (1-4сыныптар) (А.Құралұлы), Дәстүр (Ә.Сәдуақасов) атты тәрбие
бағдарламалары зерттеуіміздің тәжірибелік бағыттылығын анықтауға септігін
тигзіді.
Дегенмен, жоғарыда аталған еңбектерді ғылыми теориялық тұрғыдан талдау
бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес
ұлттық тәрбие беру мәселесінің арнайы зерттелмегенін және педагогика
ғылымында өз шешімін таппай отырғандығын дәлелдеді.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық психологиялық ерекшеліктері мен
олардың оқушыларға ұлттық тәрбие беру барысында есепке алынбауы арасындағы
және халықтық педагогика құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық
тәрбие берудің қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық
байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында бастауыш сынып
оқушыларына ұлттық тәрбие беруде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді
ескеру қажеттілігін айқындау зерттеу проблемасын айқындап (Қ.Б,Жарықбаев,
Ә.Х. Көкебаева, Б.А.Амирова, Б.П. Мырзатаева), тақырыпты Оқушыларға ұлттық
тәрбие беруде ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескеру қажеттілігідеп
алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде
ұлттық психологиялық ерекшеліктерді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар
жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент
арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі ұлттық
психологиялық ерекшеліктер
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептің бастауыш сатысында оқушыларға
ұлттық тәрбие беруде ұлттық психологиялық ерекшеліктері ескеріліп, соның
негізінде үлгісі жасалса, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі
құрылып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін,
ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін
қалыптастыруға болады, өйткенi мұндай жағдайда қарастырылып отырған
процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі
артады.
Зерттеудің міндеттері:
- жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі ұлттық
психологияның ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде ұлттық психологиялық
ерекшеліктерді есепке алу үлгісін жасау;
- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін
эксперимент арқылы тексеру.
Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес
ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық тәрбие беруде ұлттық психологиялық
ерекшеліктерді ескеруді көздейді.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу проблемасына қатысты
философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi,
бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен
(оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), алдыңғы қатарлы
бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи-
педагогикалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, теориялық моделдеу,
алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып-үйрену және жинақтау,
бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін
математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі ұлттық
психологияның ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсетілді;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерін анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруде ұлттық психологиялық
ерекшеліктерді есепке алудың үлгісі жасалды;
- педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:
- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы
ұлттық тәрбие беру бағдарламасы жасалды;
- бастауыш мектептің оқу процесінде оқушыларға халықтық педагогика
құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бойынша мұғалімдерге арналған
әдістемелік нұсқаулар жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс жоспары жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелілігін диагностикалау
әдістемесі жасалды.
Алынған нәтижелерді педагог-тәрбиешілерге, мектепке дейінгі білім беру
жүйесінде, осы сала мамандарын даярлау мен қайта даярлау мекемелерінде
қолдануға болады.
Зерттеудің негізгі базасы: Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Ақмола
облысы Қызыл-Жар селосының №1 орта мектебінде өткізілді. Экспериментке
бастауыш, орта сынып оқушылары (20 бала) қатысты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1. Қазақстанда ұлттық психологияның теориялық - әдіснамалық негiздерi

1.1 Ұлттық психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы

Психологиялық ғылымға деген қызығушылық ерте кезден бастап пайда болды.
Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып,қазақ
психологиясының тарихында әлі де шешуін таппаған ақтаңдақ болып келген
мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды кажет етіп отыр.
Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең
алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.
Қазақ психология тарихын зерттеумен көптеп айналысып жүрген көрнекті
психолог-ғалым Жарықбаев Қ.Б. Қазақстанда психология ғылымының калыптасуы
мен дамуы тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады Бірінші кезеңі - кеңес
үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы – бұл кезең психология
ғылымының ілкі бастауы (XV-XXғ.) болса, екінші кезеңі маркстік кеңестік
психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен тәуелсіз
Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі
(1991-2006) [4].
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы және дамуы тарихын
қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында професор
Қ.Б.Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.
Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген
шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық
трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымының
барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым
салаларының бірі – психология. Әл-Фараби психология ғылымының әр түрлі
мәселелеріне Ақыл-ой туралы, Темперамент туралы, Түс көру туралы сөз,
Жанның мәні туралы , Ақыл ой және ұғым, Жасөспірімнің ақыл-ойы туралы
кітап, Ересектердін ақыл-ойы туралы кітап және т.б. еңбектерін талдады.
Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологиялық
және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері,
көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан
үрдістеріне сипаттама береді.
Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Ж. Баласұғнидің Құдадғу
білік (Құт негізі – білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол
психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі – бала мінез-құлқы
мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп
Баласұғнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі-білім, әдет-дағдыларға
машықтандыру [5]. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз
өнері, адамның әр түрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде
әңгімеленеді.
Ж. Баласұғнидің Құдадғұ білік дастанында Тіл туралы айткан
қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибараттық мәні ерекше. Ж. Баласұғнидің
Тіл адамның даңқын асырады, Адам ол арқылы бақыт табады, Тіл адамға
жапа шектіреді, Абайламаса, басынан да айрылады, Жақсы болғың келсе,
жаман сөз айтпа деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетеді.
Моральдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-
ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұххамет
Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады.
Сонымен қатар қазақтың ақын-жырлары Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз
жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау,Бұқар жырау,Ақтамберді жырау, Шал
ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-
ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді [6].
Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының бірту-ар
тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі
суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз
Отанын сүюге шақырады. Мәселен, М. Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық
мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей
шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқы тәрбиелеу ісіне
зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырады.
Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете отырып, елжандылық сезім
мәселесін халықтың абыройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың
мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу-маржанын ұрпағына мұра ақыны.
Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз,Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан
ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмытылған бабалар рухының нақты көрінісі.
Махамбеттің жырлары – ерліктің гимні, қайсарлықтың символы.
Х.Досмұхамедовтің аталмыш ғылымы саласына ерекше көңіл аударғаны
қазіргі әлеуметтік, сондай-ақ этнопсихология ғылымдарына қатысты кейбір ой-
түйіндері 1925 жылы автор қаламынан туындаған Аламан атты еңбегінен жақсы
байқалады. Көптің пайдасын ойлап тұрса да, - деп жазды автор, - бүтін
жұрттың қамын жей тұрса да, өзінің менмендігін көп үшін құрбан қыла
алмайтын, ермегендерді, қарсы тұрғандарды түсінбегендігімен, ақылсыздығынан
қылды деп білетін, көңіліне жақпаса, өзі қалаған тәртіптің жолынан бас
ұрмайтын; Отан сезімі, мемлекет сезімі кем, менмендік сезімі өте күшті
құлықты аламандық дейміз... [7] Міне, бұл – Х.Досмұхамедовтің бұдан 80жыл
бұрынғы ойлар.
Осы аламандық қазақ халқының мінез-құлқына әлі де бар ма, бар болса
оның қазіргі көріністері қандай? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын қазақ
халқының ұлттық психологиясының қалыптасуы факторларының (тарихи,
шаруашылық, мәдени, салт-дәстүр, табиғи, идеологиялық және діни,
әлеуметтік, демографиялық – Н.И.) қазіргі заманғы өмір салтындағы ықпалын
қарастыра кетпесе болмайды.
Қазақтың тарихи санасында сонау түркі тілдес ата-бабаларымыздан мирас
болған жауынгерлік пен намысқойлық сияқты қасиеттер осыншама үлкен аумақты
ет жұртқа таптатпай, қырағылықпен қорғай білуге мүмкіндіктер берді. Қазақ
халқының ұлттық психологиясында елеулі із қалдырған оқиғалар оның ұлт
ретінде қалыптаса бастаған (қазақ хандықтары құрылған уақыт, яғни ХV ғасыр
шамасы) кезеңдерден басталады.
Жеке хандықтар болғанымен, орталықтандырылған тұтас мемлекеттің
құрылмауы,орталық өкіметке бағындыру шараларының жүргізілмеуі, ірі діни
және мәдени орталықтардың, қалалардың жетілмеуі (қазақ халқының дінге
көзқарасы өз алдына үлкен әңгіме арқауы), оның бергі жағында елімізде
белгілі себептермен капиталистік қатынастардың дамымай қалуы, соның
саларынан қазақ тілінің экономикалық айналыс тіліне айнала алмауы, - міне
мұның бәрі – жоғарыдағы айтылған ұлттық психологияның қалыптасуында із
қалдырған тарихи факторлар. Бұған қазақтардың ұлт ретінде қалыптасуы
процесі өте ауыр жағдайда – патшалық самодержавиенің отарлау саясатының
үстемдік жағдайында жүргенін тағы қосып қойыңыз.
Қазақ халқының қанына қорқақтық пен жақтақтық сияқты қылықтарды
сіңіруде 1929-1932 жылдары зомбалаңы да, 1937-1938 жылдарындағы қанды
репрессиялық іске асыру жығылған үстінде жұдырық болды да шықты.
Х.Досмұхамедовтің түсінігінде қазақ елінде жиі кездесетін аламандық
ұғымы басқаға бағынбайтын бәсекешіл топтың психологиясын білдіреді. Қазіргі
әлеуметтік психологияның тілімен айтсақ, бұл – бей-ресми, яғни бірімен-бірі
үнемі бәсекеге түсіп тұратын, шекіспей бекіспейтін ұйымдасып қылмыс
жасайтын топтар мен корпорациялар, мафиоздық бірлестіктер.
Автор аламандық рушылдық психологиямен байланыстырады. Ол ру
менмендігінің бір сипаты аламандықта жатыр деп түсінеді. Ғалым аламандық
қазақ мінезінің бадырайып (психологияда мұны мінездің акцентуациясы
дейді) бесенеден белгілі болып, көрініп тұратын мінез бітісі, - дейді.
Мінез акцентуациясы – жеке адамға, сонымен қатар, әр түрлі әлеуметтік
топтарға да тән құбылыс. Аламандыққа байланысты автор түйіндерінде қазақ
халқында бұрынғы кезде атамекенді қорғау сезімдерінің кемдігі байқалады
деген пікір бар.
Әрине, осы түйінмен келісе қою қиын. Өйткені, екі жүз елу жылға
созылған жоңғар шапқыншылығы кезінде кейде жойқын жеңілістерге ұшырағанмен,
қазақ халқы өз арасынан Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, салқам Жәнібек, т.б.
осы сияқты дарабоз батырларын тудырып, Отан қорғау сезімінің небір асқаралы
үлгілерін көрсетті. Отандық, жауынгерлік қасиеті төмен болған жағдайда
қазақ халқы осыншама ұлан-ғайыр аумақтық ұзақ жылдар бойына ұстап тұра да
алмас еді. Ал, осынау тамаша ұлтық сезімісіз қазіргі кезде нашарлап кетті
десе, онымен келісуге болды.
Мәселен, егемен, тәуелсіз мемлекет құрылып жатқан кезде кейбір қазақ
жастарының әскерге бармай, Отан қорғау борышынан қашқалақтап жүргені –
жақсылық емес. Егер жастарымызға қазақ Отан қорғау сезімі аздау деген
ғылымның ашынғаннан айтып, халықты қайрамақ болған пікірін тіпті
емеурінімізбен байқатсақ – ғалымның ойын теріс түсінуге жол беруіміз де,
сөйтіп тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаныс қабілетіне ңұқсан келтіруіміз де
ғажап емес. Осы мәселеге байланысты тағы бір деректі ұмытпайық. Ол –
қазақтың отаншылдығы, ерекше намысқойлық жайлы.
Қ. Тауасарұлының 1993 жылы Жалын баспасынан шыққан Түп-тұқияннан
өзіме шейін деген кітабында жеріне жеткізе айтқан пікірлері.
Қазақтың жауынгерлік мінезі туралы Қ.Жүкештің Ұлттық психологияның
сипаты (Алматы, 1993) кітабында да жақсы айтылған. Оның келтірген
деректері де нанымды: Қазақтың осынау мінезі – оның ерте заманнан, тіпті
сонау түркілік дәуірдегі тат-бабасына мирас еткен қасиеті. Біздің арғы тат-
бабаларымыз қазақ жерінде мекендеген сақ, үйсін, ғұн, қаңлы тайпаларының
бәріне де жаужүрек жауынгер болып, жылқы малын ерекше баптағаны, сайланған
бес қаруы болғаны тарихтан белгілі [8].
Х. Досмұхамбетовтің аламандық туралы тағы бір түйініне тоқтала кетейік:
Өткен ғасырдағы қазақтың әлеумет қимылдарының көбінде-ақ аламандық бар.
Бұл жолдарды оқи отырып екі ұдай ойға қаласыз. Автор әр түрлі аламандықты
айта отырып, кейбірінің көріну жағдайында байланысты оларды әр түрлі атауға
болатынын ажыратпаған сияқты. Мысалы, шет елмен жауласудағы аламандық
дегеніміз – жауынгерлік, Отан қорғаушылық, қала берді батырлық десе
жараспай ма? Өз тарихындағы түрлі қандық қырғындарда қырылып кетуден
қазақты сақтап қалған да осы қасиет емес пе еді?
Ал, ханы мен биіне көнбейтін аламандықтың жөні, әрине, басқаша. Бұл
жағдай қазақ ішінде жаппай орын алған деп айтуға әсте болмайды. Ал, кездесе
қалған жағдайда халық қандай ханға, қай биге қарсы шыққан? - деген
сұрақтарды бөліп қарастыруымыз қажет.
Біздіңше, Х.Досмұхамедовтің аламандық ру психологиясының ерекшелігінен
туындайды деуі өте орынды. Енді ру, рушылдық, олардың психологиялық
астарлары туралы бірер сөз қозғайық. Ғылымда ру (род), тайпа (племя), халық
(народ), ұлт (нация) ұғымдарының психологиялық ерекшеліктері бар екені –
көптен айтылып жүрген мәселе. Бұл жөнінде психологтар мен философтардың,
этнографтар мен антропологтардың да көзқарастары бір-біріне тоқайласып
жатады.
Ру – адамдарды гендік ерекшеліктеріне, туыстық қарым-қатынастарына
қарай топтастыратын, қазақша айтсақ – аталас-ауылдас, қандас адамдардың
тобы. Қазақ жағдайында бір рулы ел жекелеген аумақтық, бір ауылды
мекендейді. Оның басында сол ауылға, елге беделді, сөзін жұртқа тыңдата
алатын ақсақалдар болады. Кей жағдайда рубасылық билікке беделді аналар да
араласқан. Бұл жөнінде нақты деректер де аз емес. Ру – бұл тарихи-
этнографиялық ұғым [9].
Қазақ тарихындағы (шежіре) рулық болмыстық ғылымы жоққа шығармады.
Қазақ халқы өзінің саяси-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайына
байланысты ХV ғасырдан бері қарай үш жүзге бөлінетін болған, бұларда екі
жүзден астам ірі-ірі ру-тайпалар тағы бар. Олардың әрқайсысының көсемдері
(ру басы) мен таңбалары (рәміздері) болғандығы да тарихтан мәлім.
Бұл жөнінде қазақ шежіресінде, ғылыми-тарихи еңбектерде сыңдарлы,
тиянақты тұжырымдар айтылып жүр. Мәселен, Қазақ Совет Энциклопедиясында
тарихшы ғылымдардың еңбектерінде қазақ руларының мекен-жайы, оның рәміздері
(таңбасы, туы, ұраны) туралы нақты деректер келтірілген. Ал, осынау
этностық этнографиялық топ – ру ұғымымен қатар рушылдық деген тағы бір
ұғым бар. Соңғысының табиғаты басқаша. Ру ұғымы мен рушылдық ұғымының мән-
мағынасы жер мен көктей десе де болады. Егер ру белгілі жүздің аймақтық
жағынан отандасқан, қауымдастықтың бірлігі болса, рушылдық – бұл объективті
жағдайларды ескермей, субъективтік, институциялық факторларды есепке алып
отыратын феномен.
Ұлттық психология жайлы салмақты ой айтқан Қ.Жүкештің пікірі бойынша,
рушылдықтың ұлттық психологиямен үш қайнаса сорпасы қосылмайлды. Бұл дұрыс
айтылған пікір. Біз де бұған толығымен қосыламыз. Қ. Жүкештің пікірінше,
Еуропа елдеріне қарағанда, Азияда рушылдық құбылыстың өзгешелеу болғаны
байқалады. Мәселен, Азия елдерінде (Қазақстан негізінен осы құрлықтың Азия
бөлімінде орналасқан), соның ішінде қазақ даласында орталықтандырылған
мемлекеттің кешірек құрылуы, кейбір қоғамдық мәні бар факторлардың кенже
дамуы, былайша айтқанда, феодолизмнің бытыраңқылық зардаптары (бұл жағдаят
ХV ғасырға дейін орыс мемлекетінің княздықтарға бөлінуінен де байқалған –
Н.И.) рулық құрылыстың қалдықтарының күні бүгінге дейін сақталып қалуына
жағдай жасалған.
Қазан төңкерісіне дейінгі кезенде рушылдықпен жіктелу қазақ елінде
ерекше орын алып келді. Бұл жайт Х.Досмұхамедовтің аламандық туралы
пікірлерінен жақсы байқалады. Ғалымның аламандық ұғымына берген
анықтамасынан Қазақ төңкерісіне дейінгі қазақ елінде отандық, мемлекеттік
сезімнің кемдеу болғанын, яғни рулық топтардың психологиясы өрістегенін
байқау қиын емес.
Жоғарыда айтқандай, автордың аламандық психологиясы туралы пікірлері
әлеуметтік психологиямен астарлас этикалық психологияда кеңірек
пайымдалатын этностық мінез-құлық жайлы түсінікке келіп саяды. Рушылдық
элементтері, тіпті оның небір сойқан көріністері кейде, өкінішке орай,
қазіргі қазақ елінде де әр жерден бой көрсетіп жүр. Мәдениеті мен әдебиеті,
ғылымы мен техникасы, мемлекет аппараты біршама қалыптасқан елде рушылдық
психологиясының бой көрсетуі өте қолайсыз, мұны біз жұртты кері қарай
регреске сүйрейтін құбылыс десек қателеспейміз. Біздің заманымызда
рушылдық – сананың бірліктігі жекеленген ру өкілдерінің оны жасанды түрде
қайта қоздырып, белгілі бір мақсатқа пайдаланып отырғандығында. Қазақтардың
кез-келген адамнан туған жерін, руын сұрау әдеті күні бүгінге дейін салтқа
айналған.
Бұл – бұрыннан келе жатқан ұлттық дәстүр-салттың бір компоненті. Мұнда
тұрған оғаш ештеңе жоқ. Рушылдық психологиясының осы кезге дейін өмір сүру
себебін бүкіл халықтан, қарапайым жұртшылықтан көрудің еш негізі жоқ. Халық
бұқарасы қай уақытта да біртұтас қазақ халқын жікке бөлушілікке қарсы болып
келді. Мұны мақал-мәтелдеріміз де жақсы дәлелдейді. Бұл орайда басқаны
былай қойғанда заңғар жазушымыз Ғ.Мүсіреповтың нақылға айналған Жүзге
бөлінгеннің жүзі күйсін, руға бөлінген у ішсін деген аталы сөздерін еске
алсақ та жеткілікті.
Біздің заманымыздың осынау негативтік психологиялық қасиетті
жандандырып жүрген (рушылдық феноменін кезінде патша шенеуніктері де өте
шебер пайдалана білген) біздің әкімшіл-әміршілдік аппараттың басы-қасында
жүрген кейбір кадрларымыз немесе өздерін мәдениеттің жоғары өкілдері
санайтын жекеленген қазақ зиялылары да жеке басының мүддесіне
пайдалануда.
Біздің халықта бір қазақ таққа қонса, он қазақ атқа қонады деген
сөздің мағынасы екенін бәрі біледі. Осы нақыл рушылдық психологияның
сипатын жақсы байқатады. Отарлау саясаты тұсында кең жазира даламызда қазақ
атқамінерлері, яғни ауылнай мен болыстар бір-бірімен рушылдық
психологиясымен уланып, билік үшін қырқысса, қазіргі кездегі қазақтың
дипломды кадрлары әкімдік орын үшін кейде олардан қалыспай тартысқа түсетін
кездері де болады.
Ұлы Абай осындай жікшілдікті психологиямен ауызданған, орыс
отаршылдарының алдында құрша жорғалаған небір жағымпаздарды бас басына би
болған өңкей қиқым деп, олардың елдің сиқын кетіретінін халқына жаны аши,
қинала жазып еді. Оның барша қазаққа белгілі Мәз болады болысың, арқадан
ұлық қақанға, шелтірейтіп орысың шенді шекпен жапқанға деп өз заманындағы
ел арасынан шыққан жандайшап, пысықай ұлықтардың рушылдық психологиясын
сынап көрсеткені де көпшілікке мәлім [10].
Осы аламандық қазақ халқының мінез құлқында әлі де бар ма, бар болса
оның қазіргі көрініс беруі қандай? деген мәселе әлеуметтанушылар мен
психологтардың зертеуін әлі де қажет деп есептейміз.
Х. Досмұхамедовтың пікірінше: Аламандық – сүйекке сіңген көптін мінезі,
мұны қазақ кемшілік деп санамайды. Осы жерде ғалымның бұл бүкіл қазақтың
бойына сіңген мінез және оны қазақ кемшілікке санамайды деуі қазіргі
кездегі жағдайымызға дәл келіңкіремейді. Сондай-ақ, автордың аламандықты
түркі халықтарының көпшілігінде кездесетін халықтық қасиеті деуі, оның
түпкі негізін түрікмен мен қазақтардың жеке қақтығыстарынан іздестіруі де –
ғылыми тұрғыдан дәлелдей түсуді қажет ететін мәселе. Ол аламандықты қазақ
байларының психологиясына тән ерекше қасиет деп түсінеді. Мұны да зерделеп,
зерттей түсу қажет.
Қазіргі нарықтық қатынастарға негізделген қоғамда қазақ елінде әр түрлі
әлеуметтік психологиялық құбылыстар бой көтеруде. Соның бірі – рэкеттік іс-
әрекеттер. Біздің қазақта бұрынғы кезде рэкетке ұқсас барымташылдық деген
дәстүр болған. Бұл бір-бірімен өштесіп, жауласқан ру-тайпалардың тек
дүние-мүлік, мал жинау мақсатында үйір-үйір жылқыны айдап кетіп, бір румен
екінші ру арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіретіні сол кездегі иісі
қазаққа мәлім жайт еді. Анда-санда ұшырасып отыратын рэкеттің өте әрідегі
тамыры осында ма дейміз. Осы кәсіппен, әсіресе, біздің қазақ жастарының
көбірек айналысуы – бізді қатты ойландыратын күрделі де қиын проблеманың
бірі болып отыр.
Барымташылық пен рэкеттің сабақтастығы қандай екені, бұның біздің
қазақтың генетикалық қорынан жалғасып келген феномен емес пе екен дегендей,
сондай-ақ мұнда аламандықтың элементі бар ма, болса ол қандай жолдармен
жаңа нысанға ұштасты? деген сауалдарды алдағы жерде ғылыми тұрғыдан
зерделеу қажет болатын сияқты.
Біздін ойымызша, аламандық қасиет – қазақтың өз алдына жеке, томға
тұйық омір сүрген кездегі кейбір шынжырбалақ, шұбартөстер, мырзалар мен
төрелерге жарасқанымен , жалпы қазаққа жараса бермейтін топтық мінез.
Х. Досмұхамедовтің осындай тұжырымға келуі ғұлама өмір сүрген кезеңнің
тарихи-әлеуметтік, саяси жағдайынан айкындаса керек.
Біз автордың осындай топтық қасиеттің қашан пайда болғандығы, яғни оның
генезисі туралы айтқандарына да ерекще мән береміз. Ғалымның халықтың
көшпелі өмір салты, жаугершілік мінезі, орталықтаңған мемлекеттік
құрылыстың болмауы қазақ даласына аламандықты алып келді деген қағидасы
ғылымилығы жағынан дәлелді.
Сондай-ақ, оның сананы салт туғызады, ақсақалшылдық – рудың
ақылгөйі, басшысы деген пікірлері де көкейге қонымды. Оның қазақ
қоғамының саяси әлеуметтік жағдайының өзгеруімен әлеуметтік мінезі өзгеріп
отырады дейтін қисыны, бұлармен қатар, әлеуметшілдік (социализация) деген
қоғамға берген анықтамасы да, аламандық бар жерде әлеуметшілдік бола
алмайды, әлеуметшілдіксіз қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуы мүмкін
емес деуі де – ғылымилығы жағынан дау тудырмайтын тұжырымдар.
Кезінде Х. Досмұхамедов ілкі бастауында тұрған этнопсихологиялық
ілімдердің қазіргі кездегі жай-дапсары жайлы бірер пікірді де айта кетейік.
Соңғы кездері жаңадан түлеп жатқан егемен, тәуелсіз елімізде ғылымның осы
саласының дамуына ерекше көңіл бөлінуде.
Біздің ойымызша, бұған комментарий (арнай түсінік) беріп жатудың қажеті
жоқ сияқты. Өйткені, өз алдына дербес, тәуелсіз елдің ұлттық идеологиясы
мен ұлттық психологиясы, тілі мен дінінің, әдет-ғұрпы мен салт-санасының
қайталанбас жақтарын, ғылыми астарларын зерттеу – этнопсихологиясының
еншісіне тиетін мәселелер, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, нарықтық қоғамда әр
түрлі ұлт өкілдерінің психологиялық қасиеттерінің қалыптасу, даму,
өзгеріске түсу мәселелері де осы ғылымның зерттейтін объектілері болып
отырғаны қазіргі жағдайда да аса маңызды.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын
биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай
Құнанбаевтардың ой-пікірлерінің даму тарихында алатын орны өз алдына бір
төбе.
Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының
ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет кайраткері,
психолог-ғалым, академик Т. Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология
ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында К.Д.Ушинский –
Ресейдегі педагогикалық-психологияның негізін салушы тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғады [11].
Төлеген Тәжібаев көп жылдар бойы қазақ ағартушылары Шоқан Уалиханов,
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық
көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол
1962 жылы тұңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация
қорғады.
Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын ілгері
дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педогогикалық ой-пікірдің
қалыптасуы мен дамуы тарихын зерделеген, Қазақстанда төңкеріске дейінгі
педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы, Қазақстанда
психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы және т.б. бірнеше
монографиялық еңбектердің автор, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және
психология ғылымдарының докторы, професор Қ.Б.Жарықбаевтың алатын орны
ерекше.
Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама
ойшылдар - Әбу Насыр әл-Фарабиден, Жүсіп Баласұғнидан, Махмұд Қашқари,
Ахмет Жүгінеки, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалари
еңбектерінен бастау алады.
Қ.Б.Жарықбаев ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет
Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамбетовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа
Құлжановтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.
Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен
дамуын архив құжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор
Қ.Б.Жарықбаевтің қазақ психологиялық терминологиясының мәселелері туралы
тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе.
Қазақстанда психология ғылымы дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты
кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына
белгілі алғышарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау
алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар әл-Фараби, Жүсіп
Баласұғнидің т.б. психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі
қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрімнің психологиялық
ілімдерінде, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов
еңбектерінде негізі қаланды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психологиялық
ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейінгі Республикада кеңестік
психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған
болатын.
Ұлтаралық қатынастар әлеуметтік және саяси өмірдің маңызды элементіне
айналып отырған қазіргі кезеңде тұлға дамуының маңызды тенденцияларының
бірі - әр адамның өзін нақты ұлт өкілі ретінде анық ажырата алуға
байланысты. Өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқын іштей бақылауды дамыту, оны
реттей білуді жетілдіру – тұлғаның өз ішкі әлеміне терең көңіл аударып, жас
өскіннің өзін-өзі тәрбиелеумен, сыйып келгенде, ішкі белсенділігінен
туындайды.
Осы орайда, А.Ақшанова мен Б.Мырзатаеваның аталмыш кітабы аса өзекті
тақырыпқа – этностық өзіндік сананы қалыптастырудың психологияық
ерекшеліктерін ашуға арналған.
Авторлар осы мәселені түйіндеуде философия, социология, этнография,
психология, педагогика ғылымдарында көтерілген іргелі түйіндерге талдау
жасай келіп, қазақ халқының өзіндік санасының қалыптасуы ерекшеліктеріне
барлау жасайды.
Елімізде қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың өзіндік сана туралы
түйіндеріне талдау жасай келіп психология ғылымында осы мәселенің қойылысын
талдайды. Осы тұрғыдан алғанда авторлар этностық өзіндік сананың тұлғалық
деңгейге зерттеуін шет ел, ресей және Қазақстан Республикасы
психологтарының еңбектерін теориялық тұрғыдан талдау жасап, бұл мәселенің
түп-төркінін, сондай-ақ, қазіргі зерттеу жағдайын ғалымдар қазақ
ғұламаларының (әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати,
А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамбетов,
М.Дулатов, Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев) және т.б. қазақ ойшылдары мен
ғалымдарның (Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов,
С.М.Жақыпов, Х.Т.Шериязданова, Қ.Ж.Қожахметова, Н.Жангельдин, Н.Елікбаев
т.б.) еңбектерін жан-жақты зерттеп, олардың этностық өзіндік санаға қатысты
көзқарастары мен ұстанымдарын тұжырымдап, психологиялық тұрғыдан дұрыс
түсінік бере алған дер едік.
Авторлар этностық өзіндік сананың бір қыры – индивидтік өзіндік сана
екендігін бір-бірінен ажыратып, бұларды тұлға қалыптасуында бөліп
қарастыруға болмайтынын меңзейді. Сондықтан да, этностық өзіндік-сананың
қалыптасу механизмін іздеп, психология ғылымындағы сана мен өзіндік сана,
қарым-қатынас туралы озық теориялар мен тұжырымдарға сүйенген. Кітап
авторлары жоғарыда аталған ғылым салаларындағы әдебиеттерді талдай келіп,
оның қалыптасуына ықпал ететін факторларға баса көңіл бөліп, оның
процессуалдық жағын, яғни психологиялық механизмдерін ашуға тырысқан.
Бұл еңбекте тағы бір айта кетерлік жайт, ғылыми әдебиеттердегі
(Джандильдин ., 1971; Романова О.Л,. 1994; Стефаненко Т.Г., Көмекбаева
Л.К., О.Х.Аймағанбетова, т.б. (ұлттық өзіндік сана, Этностық өзіндік сана,
Этностық сәйкестену) туралы ғалымдардың пікірлірін саралай келіп, өз
тарапынан этностық білім, этностық аттитюд (эмоциялық қатынас), этностық
автотоптаурындар, этностық ұстаным т.б. аталымдарды жүйелеп, тұлға бойында
қалыптастыру ретін көрсетеді. Оларды аса күрделі әрі қарама-қайшылықты
тұтастай иерархиялық құрылымының, өзара байланысты, хронологиялық
шеңберлерін білдіретін ұғымдар деп өз тұжырымын береді, этностық өзіндік
сананың құрылымдық моделін ұсынады.
Авторлар психолог ғалымдарының (А.Ф.Дащдамиров, Э.Суслова,
И.А.Снежкова, Ж.Пиаже, Ф.Эбод, Г.Чепели, В.С.Оконешникова, Ж.В. Топоркова,
т.б.) этностық өзіндік сананың онтогенезде қалыптасу кезеңі (6-7 жас)
туралы тұлғаның қалыптасуына арналған психологиялық зерттеулерге
негізделген өз болжамын да ұсынады. Кітапта осы құбылысты мектеп жасына
дейін қалыптастырудың мән-маңызын ашып көрсеткен, осымен байланысты үш
аймақты (Алматы, Шымкент қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысының
Қайнарбұлақ, Таскешу аудандары) 6-7 жастағы қазақ балаларының этностық
өзіндік санасын диагностикалық жасау арқылы, салыстыру арқылы бұл
қабілеттіліктің осы жаста үйрету үрдісінің ықпалын (ұлттық арнаулы
бағдарлама арқылы) анықтаған. Балалабақшалар мен мектептердегі ұлттық тәлім-
тәрбиенің кемшілік тұстарын, оларды жою жолдарын қарастырып, 6-7 жастағы
балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастырудың ерекшеліктерін
психологиялық ғылымындағы іргелі теориялар мен тұжырымдамаларға (Л.С.
Выготский, Б.Ф. Поршнев, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В.
Занков, М.И.Лисина, Л.И.Божкович, В.С.Мухина, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, т.б.)
сүйеніп, оларды сандық әрі сапалық тұрғыдан талдап, дәлелдеген.
Қазақстанда психология саласын жан-жақты дамытуды былай қойғанда,
білікті мамандар даярлаудың өзі әлі күнге түйінді күйінде қалып келеді. Осы
саладағы бірді-екілі жас мамандардың еңбектері мен ғылыми жұмыстарына көз
жүгіртсек, ұлттық психологиясының иісі де сезілмейтіні көрінеді, өйткені
барлығы аударма, ал төл психологияны қалыптастырудың, ұлттық
құндылықтарымызды ұрпақ бойына сіңірудің жолдары бар ма? Дәл осындай
сұрақтарға жауап іздейтін үлкен жиын Алматыдағы Білім жүйесінің басшы және
ғылыми-педогогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық
институттың ұйымдастыруымен өтті.
Қазіргі психологиядан қазақтың үні естілмейді. Осындай жағдайдан кейін
қазақ мектептеріндегі психологтар туралы не айтуға болады? Еліміздегі 13
жоғары оқу орындарында, соның өзінде саусақпен санарлық мамандар
даярланады. Олардың қызметке орналасып жатқандары да шамалы. Білім
ордасында жүргендеріне жағдай жасалмаған. Қолбала секілді. Осы мәселені
мемлекеттік деңгейге шешу қажеттігін айтып, Елбасынан басқалардың барлығына
хат жазылған. Жауап жоқ. Енді амалсыз Президентке хат жазғалы отырмыз, -
дейді Т.Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихологияны оқыту мәне
зерттеу орталығының директоры, психология және педогогика ғылымдарының
докторы Қ. Жарықбаев.
Ғалымдардың ашынатындай жөні бар. Көршіміз – Ресейде психолог мамандар
47 жоғары оқу орындарында даярланады. Оларда 50 мың психолог қызмет
тұтқасын ұстап отыр. 3-сыныптан 11-сыныпқа дейін міндетті түрде психология
оқытылады. Осы орайда игілікті іске орыс ғылымдарынан бұрын биліктің
тұтқасын азаматтар атсалысып, психологияны оқытпайынша, Ресейдің болашағы
жоқ тұжырым жасап отыр. Тіпті таяқ тастам жердегі ала тақиялы ағайындар
бәләм ордаларында Әдеп пен психологияны оқытатына 15 жыл болыпты. Біздің
төрт сыныпта оқытатын Әдеп сабағымыз өзбектерде бір сыныпта ғана
оқытылады. Сонда өзбек озбағанда кім озады? Ал бізде – қазақтың ұлттық
психологиясы дағдарыстан айырыла алмай келеді. Жүйкені жұқартқан
жайбасарлық Білім және ғылым саласын басқарған азаматтарды да толғантпай
отыр.
Жиынның басты мақсаты – саланы дамытуға құзырлы орындардың назарын
аудару. Расында да білім ордаларында психологияны оқыту мен осы салада
мамандар даярлау әлі күнге жоғары деңгейден көріне алмай келеді. Жиынға
келген мамандар да психологияның қаншалықты қажеттігін дәлелдеп отыр.
Өмірде де, тұрмыста да, қарым-қатынаста да психологтардың ауадай қажеттігін
көрсетіп отыр. Білім жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары
біліктілігін арттыратын республикалық институттың директоры, педагогика
ғылымдарының докторы Т. Баймолдаев.
Психология ғылымдарының докторы Р. Кәрімованың айтуынша, психикалық
жағынан денсаулығы мықты азаматтарсыз болашақты елестету мүмкін емес.
Өкінішке қарай, соңғы уақытта балалар арасында жүйкенің сыр беруі 30
пайызға өскен. Мұның өзі оқу үлгерімімен елеулі әсер етеді. Ал дұрыс білім
алмаған баланың болашағы қалай болады? Екіншіден, еш жерде тіркелмеген
мектепшілік түрлі оқиғалар, қылмыстар да жетіп артылады. Ұстаздар тарапынан
болатын жайсыз жағдайлар да кездесіп тұратындығын жасыруға болмас.
Сондықтан Білім және ғылым министрлігінің ойланатын кезі келген секілді.
Қорыта айтқанда, ғалымдар мен мамандар психологтарды даярлау және бар
мамандардың қызметін тиімді пайдалану бағытында арнайы жоба әзірлеп, оны
үкілі үкімет пен құзырлы орындарға жолдамақшы.

1.2 Ұлттық идеология
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік
мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет.
Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады,
өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған
ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса,
еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға
ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге
отар ел болып тұрғанымызда туған ұлт, ұлттық, ұлтшылдық, ұлттық идея,
ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады.
Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің жасампаз интернационалистік
идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін [12].
Орайы келгенде айта кететін нәрсе, жауһар Астанамызда бой көтерген
Қазақ елі мемориалдық кешенінің негізгі мазмұн-мағынасы да, міне, осыған
саяды. Расында да, осынау киелі атқа ие болған сәулет өнерінің жаңа
туындысына зер салып қараған адам, одан еліміздің сан ғасырлық тарихын,
ұлтының болашағы жолында қасық қаны мен күш-жігерін аямаған ұлы
перзенттерін, халықтың асыл мұратын терең сезініп қана қоймайды, сонымен
бірге ұрпақтар байланысын, қазақ елінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгісін
айғақтайтын уақыт үндестігінің белгілерін де аңғарар еді. Сондықтан да, бұл
ескерткіштің өкшебасар ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке, елдік биік
санаға тәрбиелеуде маңызы аса зор болатынына сеніміміз кәміл. Қазақ елі
монументі өткен күнді көз алдымызға елестетумен бірге келешек жайлы да ой
қозғайды. Мұны монументтің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның
халық жазушысы, сенатор Әбіш Кекілбаев орынды атап көрсетті. Бұл – Ел
жолында жүк қалдырмас Ерлікке ескерткіш. Бұл – абзал армандар мен асыл
мұраттарға қанат бітіре алатын дарқан Елдікке ескерткіш. Бабалар аманатын
орындаған ардақты ұлын аялаған халықтық махаббаттың ескерткіші деген
сенатордың салмақты да салиқалы ой-пікірі біздің де ықылас-пейілімізбен
үндесіп жатыр.
Енді ұлттық биік сананы қалай қалыптастырамыз, оны жүзеге асырудың
жолдары қандай деген мәселеге келейік. Қазір барлық елдер мен мемлекеттер
біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі
кіндігі еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы
идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың
бір тетігі ретіндегі батыстану – бұл тек батыстың технологиялық
жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-
техникалық мәдениетін қабылдау ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құндылықтары
Отбасындағы балалар рөлі
Ұлттық тәлім-тәрбие
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Діни тәрбие
Ұлттық тәрбие педагогикалық құндылық ретінде
Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік және ұлтжандық тәрбиелеу жолдары
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Пәндер