Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 4
Анықтамалар. ……. 5
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 6
Кіріспе . . . 7-11
- Оқу - тәрбие процесін нәтижелі іске асыруда мұғалімнің беделінің
рөлі
- Бастауыш мектеп мұғалімінің беделнің өсуіне жасалып жатқан жағдайлар . . . 12-23
- Беделдің өсу жолдары мен түрлері, беделді зерттеген ғалымдардың ой пікірлері . . . 24-35
- Қазіргі кездегі бастауыш мектеп мұғалімінің беделінің қалыптасу жолдары . . . 36-54
- Бастауыш мектеп мұғалімінің беделін анықтау және қалыптастыру жолдарыБастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары 55-61Бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіптік мәртебесін және беделін жетілдіру жолдары . . . 62-72Бастауыш мектеп мұғаліміне берілетін ақыл кеңестер . . . 73-78
Қорытынды . . . 79-82
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 83-85
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер.
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалынған
[1] "ҚР Білім туралы" Заңы, 7-тарау, 50 - 53бап. «Педагог қызметкердің мәртебесі». 27 шілде 2007жыл, өзгертілді 1қаңтар 2013.
[2] ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. «Педагог мәртебесі», Астана, 2011.
[3] ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2012
жылдың 27 қаңтарында.
[4] Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандарттары: бүгінгі
жағдай, ізденістер мен даму болашағы. Алматы, 2005.
[5] ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру
тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан, 2005ж.
Дипломдық жұмыста қолданылған ұғымдар
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субьектісі
ретіндегі индивид.
Мұғалім - елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас
ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.
Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Бедел - дегеніміз латын тілінен алғанда «билік» деген мағынаны білдіреді. Бір адамның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері арқылы басқа адамдармен қабылдануы, басқа адамдарға ықпал жасауға мүмкіндігі.
Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Инновациялық үрдіс - дегеніміз жаңашылдықтың құрылымы, мазмұны және жаңашылдықты ұйымдастыру.
Имидж - ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны білдіреді.
Күш немесе жаншу беделі - бұл беделдің ең қорқынышты түрі.
Мұндай беделмен көбіне әкелердің соры қайнайды. Егер әке үйде әрдайым ашулы болса, түкке тұрмайтын әрбір нәрсеге нажағай ойнатса, қандай да болсын қолайлы да қолайсыз жағдайда белдікті қолға алып, әр сұраққа дөрекі жауап беріп, баланы әр кінәсі үшін жазалап отырса, бұл жаншу беделі болғаны
Өздерін басқалардан жоғары санау беделі - басқа адамдарды өзінен
төмен санау, менсінбей қарау, мақтануды ұнатып, кеуделерін қағатын ата-
аналар.
Педантизм беделі - бұл бедел түрінде балаларға бұйрық беріп, қатал
талап қойып, олардың пікірлерін есепке алмай қатал ұстауды бірінші орынға қоятындар.
Өсиетшілдік беделі - мұны шетсіз-шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет
айтумен баланың өмірін жегідей жейтін ата-аналар ұстанады.
Махаббат көрсету арқылы қалыптасатын бедел - бұл бедел түрінде
ата - аналар балаларынан оларды шексіз жақсы көрулерін қалайды.
Белгілеулер мен қысқартулар:
ҚР - Қазақстан Республикасы.
БАҚ - Бұқаралық ақпараттық құралдар.
ЮНЕСКО-
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі : Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімінің балалар тәрбиесіне ықпалы өте зор. Себебі, мұғалім - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол-өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Қай заманның мұғалімі болмасын беделді болуы керек. Өйткені бастауыш сынып мұғалімінің беделі жоғары болса, оқушылардың қызығушылығын оятып, көксеген армандарына жетуге сенімділік туғызар еді. Бірақ барлық мұғалім жеткілікті дәрежеде беделді десек қателесеміз, ал қазіргі заманда мұғалімдердің беделді болуына талап қойылуда.
"ҚР Білім туралы" Заңының, 7-тарауында, 50 - 53баптарында «Педагог қызметкердің мәртебесі» туралы басты мәселе ұстаз беделін көтеру мақсатында жұмыстарды атқару көзделінген [1] .
Көзі қарақты қауым Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының беделін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі» туралы арнайы қарастырғаны туралы біледі. Педагог қызметкердің мәртебесі туралы жеке тарауда «мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды» деп анық жазылған. Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту. Тек осы мұғалім мәртебесін көтеру жолында қателеспесек болғаны[2] .
Қазіргі заманда әрбір мұғалімнің беделге ие болуы елбасымыздың қойылған талаптарына негізделеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген Үндеуінде: «Бүгінгі Егемен Қазақстанның ұлт саясатында мәдениет пен ұлттық мәдениетті қатар кіріктіре меңгерту арқылы жеке тұлғаны жан - жақты дамыту, қалыптастыруда ұстаздар үлесі мол» деген болатын. Ал, келесі: «Біз мұғалімнің мәртебесі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз», - деген сөзін әр педагог үміт сәулесіндей көкірегінде сақтап жүр. Шындығында, бұл сөз іске айналып келе жатыр деп сенгіміз
келеді [3] .
XXI ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Нәтижеге бағытталған білім моделін жүзеге асыру үшін "Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандарттары: бүгінгі жағдай, ізденістер мен даму болашағы" атты жинақта Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық бағытттарына сәйкес республиканың халықаралық білім кеңістігіне кірігуі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды және процесуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі, яғни нәтижеге бағытталған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген. Мұнда: білімнің ұлттық мақсаттары түйінді құзыреттіліктер түрінде анықталған. Бұл ұлттық мақсаттар білім аймақтарының мақсаттарында нақтыланады [4] .
Қазақстан Республикасының "Жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында" жаңа қоғам мұғалімі - ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін - өзі дамытуға және өзін - өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман деп сипаттайды[5] .
Бұл тұжырымдамада көрсетілген мұғаліміне қойылатын талаптар төмендегідей:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өзі зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізеді. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар - ожданын қорғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың, өмірдің әр саласына қатысты сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық - " Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым - қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады". Көп білу үшін көп ойлау, оқу керек. "Интернет " жүйесін білу керек.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді, білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан - жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп - салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси - идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін субъектіге, тұлғаға айналуы керек [5] .
Ғылымды дамытатын терең білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің қолында. Біздің мемлекетіміздің білім саласында осындай тың бетбұрыстарға қадам басуы заңды да. Бұл бетбұрыстың бел ортасында - тағы да мұғалім.
Осыған орай, егемен еліміздің білім беру ісінде реформалар жасалуда. «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік - экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қастаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психологиялық - педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде екі жүздей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым - қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді.
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеудің ахуалы: Мұғалімнің қоғамдағы ролі, беделі жайында терең зерттеген ғалымдар А. С. Макаренко, С. В. Ковалев, А. Фромм, А. В. Петровский, А. Н. Леонтьев, М. Ю. Кондратьева, Р. Х. Шакурова, И. П. Андриади, Ю. А. Львоватағы басқаларын жатқызуға болады
ТМД елдерінің педагог ғалымдары Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий,
А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, В. А. Сухомлинский,
Л. Н. Толстой да мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы еңбектерінде кеңінен
көрсетіп, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс
дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғаған.
Қазақстанда мұғалім қызметі жайында зерттеген педагог ғалымдар:
Ы. Алтынсарин, С. Торайғыров, А. Құнанбаев, Б. А. Әлмухамбетова, Ш. Таубаева, А. Ә. Жайтапова, Я. С. Бенцион, М. С. Керімбаева, Б. Қ. Төлбасова, Ж. Аймауытов, К. С. Құдайбергенова, Б. А. Тұрғынбаева т. б. секілді ғалымдарды атауға болады.
Әрбір мұғалім беделге ие болуы тиіс. Беделді жоғалту оңай, ал беделді болу үшін қыруар уақыт пен еңбек қажет. СА. Байтұрсынов болса мұғалім туралы былай деп жазды: « . . . мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы . . . Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Ал, чехтің педагогы Я. А. Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Шын, мәнінде мұғалімнің мәртебесі тек қана оның жалақысын көтеру емес, ең бірінші ұстаз мәртебесі оның интелектуалды, білімдік, жеке - дара ерекшеліктерінің бағалануымен көтеріледі. Ұстаздың абырой - беделі соған байланысты ақталмақ.
Беделге ие болу жолындағы мұғалімнің басты мақсаты - оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту болып табылады.
Мұғалімнің кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс. Осыған орай Қоңырбаева Сараш Сахиқызы "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты": «Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ - пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер əулеттерінің слёттері, ғылыми - педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар - тренингтер жəне дөңгелек үстелдер жұмысы жүргізілетін болады - деп өз ойын айқын көрсеткен.
Сол себептен, дипломдық жұмысымның тақырыбын:«Бастауыш мектепте оқушыларға тәрбие беруде мұғалім беделінің рөлі» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие мен білім берудегі мұғалім беделінің рөлін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Қазіргі кездегі мұғалім беделі туралы әдебиеттерді талдау, саралау.
- Диагностикалық әдістер арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
беделінің деңгейін анықтау.
- Эксперимент жұмыстарын жүргізу арқылы, түрлі жұмыс формалары
арқылы мұғалім беделінің қалыптасу, жетілу жолдарын көрсету.
Зерттеу нысаны: Мектептегі педагогикалық үрдіс.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға тәрбие берудегі беделінің ролін анықтау, жетілдіру жолдарын көрсету.
Зерттеудің болжамы: Бастауыш мектеп мұғалімінің беделі арта түседі, егер де:
- бастауыш мектеп мұғалімі өзін - өзі үнемі жетілдіре отырып оқушылар - мен, ата - аналармен, әріптестерімен жағымды қарым - қатынас орната білсе;
- сабақта жаңа әдістерді, технологияларды, инновацияны қолданып оқушы- лардың танымдық белсенділігін тудыра алса;
- сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғыза білсе;
- оқушылардың ата - аналарымен жағымды қарым - қытынас орната алса;
- әріптестерімен тіл табысып тәжірибе алмасу жасай алса;
онда ол беделге ие болып қызметін нәтижелі атқара алар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысына байланысты теориялық материалдар жүйеленді, бедел ұғымының мәні ашылып толықтырылды, педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары ұсынылды, мұғалімдерге оқу - әдістемелік ұсыныстар жасалды, «Мұғалім беделі» жадынамалары жасалып, бастауыш сынып мұғалімдеріне теориялық құрал көмек ретінде ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Мұғалімдерге жадынамалар жасалып, оқу - әдістемелік құралы бастауыш мектеп мұғалімдеріне ұсынылып, ұстаздар үшін көмекші құрал бола алады. Мұғалімдердің беделін көтеру үшін практикалық маңыздылығы өте зор .
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі: Мұғалімнің беделі жайында осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан А. С. Макаренко, С. В. Ковалев, А. Фромм, А. В Петровский А. Н. Леонтьев, М. Ю. Кондратьева, Р. Х Шакурова, И. П. Андриади т. б. ғалымдардың еңбектері теориялық - әдіснамалық негіз болып табылады.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: К. Томастың " Кикілжің жағдайларда -
ғы өзін-өзі ұстау стилі" туралы сауалнамасы; практикалы жеке тұлғаны жан - жақты зерттейтін Кеттел тестісі; ұйымдастырушылықты анықтайтын "Топбасшы" әдістемесі; В. Стефансонның "Q іріктеме" әдістемесі және "Топтың ұжым ретінде қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық бағалануы" әдістемесі сияқты әдістемелер жүргізіліп, жас мамандарды ұжымға бейімдеуге арналған тренингтер педагогикалық ұжым үшін ұсынылып, қолданылды.
Құрылымы: Зерттеу жұмысы мазмұны мен анықтамалардан, белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден және екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Практикалық-тәжірибелік база: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ОМ
I. Оқу - тәрбие процесін нәтижелі іске асыруда мұғалімнің беделінің рөлі
- Бастауыш мектеп мұғалімінің беделінің өсуіне жасалып жатқан жағдайлар
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана
емес, жалпы адамзаттық қадір - қасиеттердің мән - маңызын түсінетін жаны да,
тәні де таза, білімді, жан - жақты мәдениетті, патриот - азаматтар болуын
тәрбиелеуге міндеттіміз», - деп атап айтты. Ендеше осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан - жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық [3] .
Мұғалім - мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” - деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады. Өсіп келе жатқан ұрпақ - адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдыретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - Мұғалім.
Мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шә - кірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусын -датып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қа -сиетті тұлға ретінде өзінің беделін сақтап, өзгелерде құрмет сезімін туғызатын, асыл жандылығымен ерекшеленеді.
Олай болса, беделді мұғалімнің мәртебесі жоғары болады. Педагог мәр - тебесі туралы ҚР"Білім туралы" Заңында 7 - тарауда кеңінен қарастырылып көрсетілген. 50 - бапта: педагог қызметкердің мәртебесі туралы мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогқызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады. Мемлекет қоғамдағыпедагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды делін - ген. Ал, 51-бап: Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкерші -лігін қамтиды.
Заңның 52-бабында Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы
төлеу жүйесі негізінде Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында бел - гіленген тәртіппен айқындалады. Педагогтың жағдайы заңда кеңінен қарасты -
рылып келеді.
53-бапта көрсетілген: «Әлеуметтік кепілдіктер» жайында педагог қызметкерлерге демалыс алудың; күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленуге мүмкіндік жасаған.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша:
1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкер - лердің ставкаларымен салыстырғанда айлық ақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюд-жет қаражаты есебінен: “Үздік педагог” атағын иеленушіге айлық есептік
көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді [1] .
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының беделін көтеру мақсатында «Педагог мәртебесі» туралы арнайы қарастырған.
Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен
қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды күшейту.
Ваучерлік-модульдік қаржыландыру жүйесін енгізумен педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау жəне ынталандыру үшін біліктілік деңгейін бағалау тəуелсіз коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.
Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-əдістемелік қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың ата-аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рəсімдерінен тұратын жинақтық бағалау негізінде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz