Екінші деңгейлі банктің қызметтері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Ел экономикасындағы коммерциялық банктердің пайдасы мен өтімділігінің
теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Коммерциялық банктер және оны басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен өтімділігі және атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктік пайдасы мен
өтімділігін дамытудағы шетелдік тәжірибені
қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...25

2 АТФ БанкАҚ-ның 2006-2008 жылдар аралығындағы пайдасы мен өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды
несиелендірудегі коммерциялық банктердің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2 АТФБанкАҚ-ның қаржылық көрсеткішін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..37
2.3 АТФ БанкАҚ-ның нарықтық экономикадағы орнын
анықтау ... ... ... ... ...48

3 Жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстан Республикасының екінші
деңгейлі банктерінің пайдасы мен өтімділігін жоғарлатудың болашағы мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.1 Экономикалық дағдарыс жағдайында екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен
өтімділігін мемлекет тарапынан
қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.2 Банктің пайдасы мен өтімділігін жоғарлатуда банк маркетингінің алар
үлесі және оны
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.3 Банктің қаржылық қызметінің тиімділігі мен өтімділігін қамтамасыз ету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..65

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында
1995 жылдың қаңтар айынан бастап банк жүйесінде өзгерістер басталды, яғни
республикада банк жүйесінің тұрақтылығы айқындалды. Мұның өзіне Ұлттық Банк
талаптары және банктер арасындағы бәсекелестік негіз болды. Ұлттық Банктің
негізгі міндеті - барлық банктердің сапалық қызметін көтеру және әлемдік
стандартқа сай топтар құру.
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер болғандықтан, масштабы мен
маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.
Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың,
институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын
шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар,
банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген
сан алуан операциялар жүргізеді.
Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктердің төлем жүргізуге
мүмкіндіктерінің болмауын кәсіпорындарға ұзақ мерзімге төмен пайызбен несие
бере алмауынан қаржы жүйесінде бірқатар келеңсіздіктер туындатып қоймай,
өндірістердің құлдырауына әкелді. Экономиканың құлдырауы коммерциялық
банктерге өзгеріс әкелді.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылады және
экономиканың мәнсіз бөлігіретінде қызмет атқарады.Нәтижесінде банк ісін
ұйымдастыру еліміздің банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты.
Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін
ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.
Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі,
олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып
табылады. Сонымен қатар, банктер өндірістің материалдық және материалдық
емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір сатыдан басқа сатыға көшу
қозғалысын реттейді.
Банктер арқылы экономиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі
жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің
қызметінің дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экономикасына үлкен септігін
тигізеді.
Банктің негізгі кіріс көзін несие операциялары жатады. Бірқатар
банктерге ссудалық операциялар 70 пайызға жуық кіріс әкелді. Банктердің
несие функциялары олардың қызмет көрсететін аймақтарының экономикалық хал-
ахуалына байланысты, өйткені банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың өсуі мен
осы аймақтарда жұмыс орындарының артуы мен олардың экономикалық
өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Экономикалық тұрақсыздық салдарынан
Қазақстандық коммерциялық банктер несиені қысқа мерзімге ғана береді.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Коммерциялық банктердің пайдасы мен
өтімділігін, қаржылық жағдайын, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер
нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде
жан-жақты қарастырылған. Коммерциялық банктердің пайдасы мен өтімділігінің
қаржылық жағдайын зерттеуге Ғ.С.Сейітқасымов Ғ.С., Мақыш С.Б., Ильясов
К.К., Зейнельгабдин А.Б., Мельников В.Д., Рафалович Л.А., Долан Э.Дж.,
Шарипов К.А., Худяков А.И., Юрченко Т.В., Лаврушина О.И., Ефимова Л.Г.
сияқты беделді экономистер зор үлес қосқан.
Дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің
мақсаты Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен
өтімділігінің экономикалық ролін талдау арқылы болашақтағы даму бағыттарын
анықтау.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста мынандай
міндеттер қойылыды:
- Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің дамуының
теоретикалық аспектілері мен әлеуметтік бағытын анықтау;
- екінші деңгейлі банктіктардің пайдасы мен өтімділігін талдау;
- банктік қызмет көрсету мен банк өнімдерінің теоретикалық мәнін
ашып көрсету;
- екінші деңгейлі банктіктердің пайдасы мен өтімділігінің халықаралық
тәжірибесі мен оны Қазақстанда пайдаланудың мүмкін болатын перспективаларын
қарастыру;
- Қазақстан Республикасында коммерциялық банктіктердің әлеуметтік-
экономикалық дамудағы рөлін көрсету;
- коммерциялық банктердің даму проблемаларын талдау және дүниежүзілік
қаржы нарығына шығу мүмкіншіліктерін анықтау;
- коммерциялық банктердің пайдасы мен өтімділігін дамыту бағытын
жетілдіру жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - АТФ Банк акционерлік қоғамы.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні – Қазақстан Республикасында екінші
деңгейлі банктіктердің пайдасы мен өтімділігін дамыту бағыттары мен
проблемалары.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және нормативтік актілері,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау
заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық
материалдары, банк ісіне арналған оқулықтар мен әдістемелік материалдар,
баспасөз бетінде жарияланған мақалалар қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы:
Екінші деңгейлі банктер және оның пайдасы сияқты экономикалық терминдердің
ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пайдасын жоғарлату факторлары
құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен өтімділігін
жоғарлатуда мемлекет тарапынан каржы-несиелік және инвестициялық қолдау
саясатының негізгі бағыттары ұсынылды;
екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен өтімділігін жоғарлатуын тежейтін
негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауында ел экономикасындағы коммерциялық банктердің пайдасы
мен өтімділігінің теориялық негіздері, коммерциялық банктер және оны
басқарудың құрылымы, екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен өтімділігі және
атқаратын қызметтері, Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктік
пайдасы мен өтімділігін дамытудағы шетелдік тәжірибені қолдау
қарастырылған.
Екінші тарауда АТФ БанкАҚ-ның 2006-2008 жылдар аралығындағы пайдасы
мен өтімділігін талдау, Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларды несиелендірудегі коммерциялық банктердің рөлі қарастырыдды.
Үшінші тарауда жаһандық экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстан
Республикасының екінші деңгейлі банктерінің пайдасы мен өтімділігін
жоғарлатудың болашағы мен проблемалары, банктің қаржылық қызметінің
тиімділігі мен өтімділігін қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.
Жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда көрсетіледі.

1 Ел экономикасындағы коммерциялық банктердің пайдасы мен
өтімділігінің теориялық негіздері

1.1 Коммерциялық банктер және оны басқару құрылымы

Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық
қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес,олардың
мәні одан да зор болып келеді. Олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің
нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық
және материалдық емес салаларының даму бағыттары қоғамның бір саладан басқа
салаға көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін
байқауға болады.
Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің
дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты.
Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай
банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі
заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты
пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да экономикалық
әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа
тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда
болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету
артық емес: Егерде тиын домалақ болса-ол айналуы керек. Оның айналымы
банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер
феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және
несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді.
Банк деген ұғым италиян сөзі bank-үстел, айырбас орындығы-
айырбас орны дегенді білдіреді [1,243 б].
Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға
ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол
сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім
ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және
несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең
өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей
бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды
болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда
1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі қалалардың ақшасы пайда
болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз
есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі
клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі
бір соманы аударып жазу.Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж.)
және Гамбургте (1618ж.) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл
кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың
өндіріспен, өндірістік капиталисттің қайталама айналымымен байланысты аз
болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік
банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының
қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен
тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды.
Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге
мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен
техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі
[2, 124 б]. Сонымен қатар банктер несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін
капиталды да басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үлкен мекемелердің
және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да
шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс
табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік
кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді:
1. Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға,
шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк
әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі
Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің
Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге
ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі
банк.
2. Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін
шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі,
инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.
Екінші деңгейлі банктер – клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып
тұратын әмбебап үлгідегі банк.
3. Банктік операциялардың бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді
несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып,
ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық
банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін
лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын
белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады
және тағы басқалары. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да
тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР
Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.
Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті
саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ
дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттілігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге бағалы
металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия
береді. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік
қызмет туралы ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін
ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу [3. 25].
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Лицензия алу үшін мемелекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір
жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
Біріншіден, ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде
Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-
жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді
қабылдау;Екіншіден, жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. өтінішті берген уақыттан
бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк жүргізетін барлық операциялар тізімі
көрсетіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа экономиканың институционалдық,
құқықтық және нормативтік негіздері қалыптасқан, ұлттық қаржылық
институттар мен тұрақты екі деңгейлі банк жүйесі құрылған. Мемлекет
басшымыздың айтуы бойынша біздің мемлекетіміздегі бизнесмендердің жинаған
қаражаттарын басқа шетел банктерінде сақтауын доғарып, қаражаттарын біздің
мемлекеттегі банктерге сақтап, өз экономикамыздың қажеттіліктеріне жұмсау
керек дейді.
Бұл мәселе бір жағынан, ТМД елдерінің арасында Қазақстан көлеңкелі
экономика деңгейі бойынша алдыңғы қатарда болып келеді, екінші жағынан,
халықты өз мемлекетіміздегі банктік жүйеге сендіріп және сенімдерін ақтау.
ТМД-ның соңғы мемлекетаралық статистикалық мәліметтері бойынша Қазақстанның
көлеңкелі экономикасының үлесі 30%-ке жетеді, Арменияда-29%, Ресейде-22%,
Украйнада-20%, Белоруссияда-9%, Молдавияда-15%, Қырғызстанда-9,5%,
Азербайджанда-20%, Грузияда-26%, Түркіменияда-16%, Өзбекстанда-28%.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының банктік жүйеге сенімі артуда,
мұндай өзгеріс банктік жүйеге ақшаның түсуіне әкеледі. Сондықтан да,
қазіргі жағдайды 5-6 жыл бұрынғы бантердің жағдайымен салыстыруға болмайды.
Қазақстандық банктер көп кезеңдерден өтіп, тек қана саны жағынан ғана емес,
сапасы жағынан да көптеген өзгерістерін байқатты.
Қаржылық нарықта екінші деңгейлі банктерден басқа республиканың Ұлттық
банкісі қызмет етеді. Ұлттық банк жыл сайын әрбір жеке екінші деңгейлі
банктердің қаржылық жағынан нашарлауын болдырмау үшін олардың қызметтерін
терең тексеріп, талдау жасап отырады. Қаржылық-несиелік жүйенің қызметін
жақсарту үшін Ұлттық банк көптеген шаралар қолданып, дұрыс оперативтік
шешімдер қабылдайды.
Екінші деңгейлі банктердің тиімді қызмет етуі тек қана оларға ғана
байланысты емес, сонымен қатар олар қызмет ететін микро және
макроэкономикалық салаға да баланысты.. Сондықтан да бұл жерде ұлттық
экономиканың мәселелері мен нарықтық экономикаға көшу барысындағы
мәселелердің болуы банктік жүйеге әсер етпеуі де мүмкін емес еді.
Банктердегі төмен несие қабілеттілігінің негізгі мәселелері болып, нарықтық
тәуекелдердің жоғарғы деңгейі мен төмен деңгейлі төлеу қабілеттілігі.
Қазіргі Қазақстандық нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік
формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50%-нің астамы
төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын
екінші деңгейдегі банк. Мемлекетаралық банк- халықаралық келісім негізінде
құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі-Қазақстан үкіметі және
келісімге қол қойған мемлекеттің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері. Ұлттық банк лицензиясы негізінде
кейбір банктік операция жүргізуге құқысы бар банк емес заңды тұлғалар [4,
214].
Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір
қызмет түрін көрсетумен шұғылданады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк
емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде
депозиттер қабылдауға құқығы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында,
хабарландырулар мен жарнамаларында банк деген сөзді, ия болмаса
депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізуге немесе банк ісіне
аудит қолдануға тиым салынады. Бұл тиым Ұлттық Банкке, банктердің
филиалдары мен өкілдіктеріне, халық аралық қаржы ұйымдарына
қолданылмайды.Ұлттық Банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банктік
операциялар жарамсыз деп табылады [5. 18 б].
Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банкпен мемлекет өзара
міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір-бірінің
міндеттемелеріне жауапты емес.
Ұлттық Банк рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасының аумағында
және одан тысқары жерлерінде банктерін аша алады, ал өздірінің
өкілеттілігін ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен аша алады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары негізінде банктік
операцияларды жүзеге асратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып
саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар
мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілділігі – депозит тартудан басқа белгілі бір банктік
операцияларды орындайтын және өз атынан банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк- жарғылық қордың 50%-нен астамы бас банкіге тиесілі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме [2].
Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық Банкке банк ашуға рұқсат
алу үшін өтініш беруі керек. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1. жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттары, құрылтай шарты,
жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктердің бекіткен хабарламасы;
2. құрылтайшылар туралы мағлұматтар (Ұлттық Банктердің белгіленген
тізімі бойынша), құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі жылдағы
бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы
аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;
3.егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі Қазақстан
Республикасының резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттің мемлекеттік
немесе қадағалау қызметінің Қазақстан Республикасының резидент-банкісінің
жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты [5].
Ұлттық Банк-банк ашуға рұқсат беру үшін қажетті басқа да қосымша
құжаттарды сұрап алуы мүмкін.
Банк құрылтайшылар шарты негізінде құрылып, өзінің жарғысына сай
қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар шартында шаруашылық
серіктестіктері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті
түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:
1) құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың әрқайсысының
толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай-ақ оларды мемлекеттік
тіркеуден өткізгендігі туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар
үшін-аты, азаматтығы, туған жері және жеке басын куәләндыратын құжаттағы
белгілер;
2) акцияның мөлшері, санаты және көрсетілген құны туралы мәліметтер.
Банктің жарғысында шаруашылық серіктестері туралы заңда қарастырылған
мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:
1) банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы;
2) банктің ұйымдастыру-құқықтық формасы мен меншік формасы
туралы белгілер;
3) банктің қорларын құру және пайдалану қағидалары [6,
21б];
4) банктердің басқару мекемелерінің қаулы қабылдау
тәртібі, оған қоса акционерлердің көпшілік даусы қажет сұрақтарының тізімі.
Біріккен, шетел және еншілес банкті ашу үшін рұқсатты жоғарыда
келтірілген құжаттармен қоса құрылтайшылары заңды тұлға табылатын болса,
келесі құжаттар тапсырылуы керек:
1.Заңды статусты куәләндыратын құжат және алғашқы екі жылда бекітілген
бухгалтерлік баланс;
2. Республика территориясында шетел банкі немесе еншілес банкіні құру
туралы шешімі, шетел құрылтайшыларының сәйкес орнымен беріледі;
Қазақстан территориясында біріккен банкке шетел құрылтайшыларының
келуі туралы бақылау мекемесінің жазбаша куәлігі немесе орындаушы қызметтің
заң бойынша құрылтайшының орналасу орны туралы құжат керек емес туралы
өтініш.
Егерде, құрылтайшы заңды тұлға болатын болса, онда қосымша осы
тұлғаның төлем қабілеттілігі туралы құжат керек болады. Шетел банктердің
минималды жарғылық қоры Республиканың Ұлттық банкісімен орнатылады.
Банкті ашу туралы шешімді беру банк өтімділігі ретінде жүзеге асады.
Банкті ашуға рұқсат беру жағдайында Ұлттық банк банкке шешім қабылдағаны
жөнінде хабарлайды. Банкті ашуға рұқсат банктің оперативтік басқарылуы
Ұлттық Банкпен белгіленген администраторларға беріледі.
Елдегі банктік жүйеде іске асырылып жатқан интеграциялық процесстері
баға бермес бұрын, ең алдымен банктік жүйенің қалыптасу кезеңдеріне,
дүниежүзілік нарыққа енуін, нарық көлемін, құрылымын, оның сандық және
сапалық даму жағын салыстырумен сипатталынады.
Банк қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан
Республикасының жасалған халықаралық келісім шарттарымен реттеледі. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасының Президентінің жарғылықтары және құқықтық
актілері негізінде орындалуға берілетін Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық
актілерімен іске асырылады. Банктер ұсынушыға акцияларды шығару құқысыз
жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады.
Мемлекеттік банктер сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын үлгісінде
құрылуы мүмкін.
Банктің ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына банктік
операцияларды жүргізуге Ұлттық Банкінің лицензиясын алу сәтінен бастап бір
күнтізбелік жыл аралығында үздіксіз шығынсыз қызмет етуі және осы жыл
ішінде Ұлттық Банкінің белгілеген міндеттері мен құқықтарын сақтау
жағдайында рұқсат етіледі.
Банктің акционерлері, оның құрылтайшылары болып табылатындар банк ашық
акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қосымша ерекшеліктерге
иеленбейді және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер
атқармайды.
Банктің ашылуына рұқсат немесе рұқсат етілмеу банктік құқықтар
негізінде іске асырылады. Банк ашуға рұқсат Ұлттық банкінің Банкке банктік
операцияларды жүргізуге лицензия берілгенге дейін заң қүшіне иеленеді. Банк
ашуға берілген рұқсат Ұлттық Банкімен қайтарылып алынуы тиіс. Сонымен
қатар, банк берілген Банк ашуға оұқсатты өз еркімен қайтарып беруі және
заңда қарастырылған тәртіп бойынша қайта тіркеуі мүмкін. Банк Қазақстан
Республикасының заңды тұлғалар үшін азаматтың зандылығымен, банктік
заңдылықтардың қалыптастырылған ерекшеліктері есебімен белгіленген тәртіп
бойынша құрылады.
Банкті құру туралы құрылтайшылық келісім шарт қолданыстағы заңдарда
қарастырылған мәліметтерден басқа, келесілер көрсетілуі керек:
Бірінші, банктің толық атауы және мекен жайын көрсете отырып,
құрылтайшалар туралы мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғалар үшін
мемлекттік тіркеу туралы, ал жеке тұлғалар үшін аты-жөні, азаматтығы, жеке
басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтерді көрсету қажет;
Екінші, акциялардың саны, категориялары және номиналды құны журналы
мәліметтер.
Банк жарғысы қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа,
міндетті түрде келесілер көрсетілуі қажет:
- банктің толық және қысқартылған атауы;
- банк қорының түрлері және қолданылу тәртібі туралы
мәліметтер;
- банк басқармасының шешім қабылдау тәртібі, сонымен қатар
сұрақтар тізімі.
Банк атауы жарғыда көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс. Банк атауына
міндетті түрде “банк” сөзі қосылуы тиіс. Бірде-бір банк құжаттарда немесе
жарнамада жарғыда көрсетілген атаудан басқасын қолдануына болмайды. Ұлттық
банктен басқа кез-келген банкіге “ұлттық”, “орталық” атауларын толық және
қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады. Мемлекеттіктерден басқа кез-
келген банктерге “мемлекттік” сөзін толық немесе қысқартылған түрде
қолдануға тиым салынады [7, 24 б].
Банкінің жарғылық капиталы (мемлекеттік банктен басқа) құрылтайшылар
салымы немесе акцияларды сату жолымен қалыптастырылады. Банк акционерлері
және құрылтайшылары акцияларды сатып алу кезінде ақшамен есеп айырысуы
тиіс.
Банктік жарғылық капиталына құрылтайшылардың меншікті капитал шегінде
ақша енгізілуіне рұқсат етімді, бұл сома есебінен акцияларға
орналастырылған активтер және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталға
үлесі есепке алынбайды. Банк акцияларының алғашқы сатылуы олардың номиналды
құнынан төмен емес және барлық құрылтайшылар үшін бірдей бағамен сатылуы
тиіс. Құрылтайшы құжаттарында жарияланған қайта құрылған банктің жарғылық
капиталы оның акционерлерімен тіркеу уақытына елу процент мөлшерінде, ал
бір күнтізбелік жыл өткен соң толығымен төленіп бітуі тиіс. Банк өз
акционерлерінен банкіні бақылау құқығын иеленуші акцияларды сатып алуға
құқығы жоқ.
Банктің меншікті капиталы - міндеттемелер сомасы алынып банк
активтерінің құны, мұнда активтер құны банк активтерінің алғашқы құнынан
берілген карыздар бойынша қажетті резервтер сомасын алып тастау жолымен
есептелінеді [8, 84 б].
Сонымен, банктің құрылтайшылары және акционерлері ретінде заңды және
жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент
еместері бола алады. Мемлекет құрылтайшылар және акционер болуы тек қана
Үкімет тұлға ретінде ғана іске асырылады. Жарғылық капиталдың елу процент
мөлшері мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар банк құрылтайшысы
немесе акционер бола алмайды. Банктің құрылуы және қызмет етуі кезінде бір
де бір тұлға, сонымен қатар оның құрылтайшылары дауыс құқығы бар
акциялардың жиырма бес процентіне тікелей немесе жанам иелене алмайды.

1.2 Екінші деңгейлі банктердің пайдасы мен өтімділігі және атқаратын
қызметтері

Екінші деңгейлі банктердің қызметі – бұл табыс табу және нарықта
өндіру мақсатынан маркетинг-ізденістер негізінде құрылған мамандандырылған
интеллектуалдық өнім. Банктік қызметтер – жеке персонификациялы күрделі
формалары бар қызмет. Жалпы банктік қызметтердің келесі ерекшеліктері бар:
қателеспеушілік, сақтықсыздық, жинау қабілетсіздігі және қызметтердің
тұрақты сапасының кепілдігі [9, 65 б].
Сондықтан, банктік қызметтер сферасы қызмет көрсетудің жоғары
тәуекелді сферасы болып табылады. Банктік қызметтердің ерекшелігі және
тәуекелділікті куәландыратын фактор болып, олардың халықаралық маштабта
тарихи құрылған патенттік қорғаныссыздық саналады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімнің негізінде қандай да
бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Банктік қызметтің тағы да бір ерекшелігі-есептеу обьектілерінің
көпшіге емес, сонымен қатар, есептеу мәселелерін қиындата түсіретінін,
оларды өлшеудің бірліктердің көптігінде.
Екінші денгейлі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Банктің клиентпен орнататын қатынастарынан анықтау үшін банктік
өнім, банктік қызмет көрсету, банктік операция деген түсініктерге
анықтама беру керек. Банктік қызмет көрсету-клиент қажеттілігін қамтамасыз
ету түрі, банктің клиентке қызмет көрсету нәтижесі.
Банктік өнім-құжаттар түрінде банктің клиенттерге қызмет көрсету.
Банктік операция-мақсаты, уақыты және орны бойынша банк қызметшілерінің
жиынтық іс-әрекеттері. Осы түсініктердің айналысын төмендегі сызба арқылы
сипаттауға болады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырадан алады. Бірақ, осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін
[10, 12 б]. Екінші деңгейлі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Сурет 1 – Екінші деңгейлі банктің қызметтері.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы Заңға сәйкес
банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу
және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды
және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер береді
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе
иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық
жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару
(чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік
сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық
міндеттемелерді) [11, 12];
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен
басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет
көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл
талаптардың
- инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
- клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде
әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру
бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);екінші денгейлі
мәмілелерді қаржыландыру, сондай – ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды
басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету.
Ұлттық Банкінің арнайы лицензиялары бар болса, бантер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асырады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды
жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты
қызметтер көрсету [13, 14, 15].
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
1) уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
2) экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
3) қолма-қолсыp есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
4) инвестициялық қызмет;
5) клиенттерге басқа да қаржылық қызметтер көрсету.
Уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтау-екінші деңгейлі банктердің
алғашқы дәстүрлі – базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капитал банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі-біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда
қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың
уақытша бос ақша қаражаттарын депозит түрінде жинақтайды. Осы жағдайда
оларды тиімді басқарады, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және
пайдалық негізде қарзды қарыз алушыға үсынады. Екіншіден, депозиттерді
мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу
қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа
кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде орналастырған активтеріне
қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Осылайша екінші деңгейлі банктердің дәстүрлі-базалық
қызметтерінің бірі-жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша
қаражаттарын жинақтау және депозиттік емес операцияларды орындау жолымен
басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес
пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік
қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру
жолымен жинақталады.
Екінші денгейлі банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі
экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету
аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның
арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады. Несиелік
операциялар-несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің
екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі
ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік
операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар
банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер керісінше, банк
қарыз алушы ретінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше, несиелік
операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Екінші денгейлі банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері
бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша-қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) [16, 145 б];
Қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға
сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз
етілмеген; банктің роліне байланысты (несие беруші және қарыз алушы)
активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік клиентті және басқа
банкті несиелеу; пассивті-Орталық банктен және басқа Екінші денгейлі
банктерден банкаралық несие алу);
Несиелендіру мақсатына байланысты-негізгі капиталды арттыруға, айналым
капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа да белгілері бойынша жіктеле алады:
қарыз алушының түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, ашу шарттары
бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушының түрлері бойынша қарыздар
былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке
тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және тағы
басқаларға.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және
тұтынушылық, қолма-қол және қолма-қолсыз деп бөлуге болады. Мұндай жіктелу
негізінде формалды белгілер жатқанын атап кету керек.
Екінші денгейлі банктердің келесі қзметі-қолма-қолсыз есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен
қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Қома-қолсыз есеп айырысу-есеп айырысу формасы мен әдістерінің,
оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп
айрысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді.
Қазақстан Республикасында есеп айырысу жүйесінің негізгі
ұйымдастырушысы Ұлттық Банк болып табылады.
Ол заңға сәйкес мынандай қызметтерді орындайды:
1) қолма-қолсыз және қолма-қол ақша айналым ауқымдарына, қолма-қолсыз
және қолма-қол ақша эмиссияның мөлшеріне бақылау жүргізеді;
2) барлық екінші деңгейлі банктер үшін біртұтас әдістемелік негізде
біріңғай мемлекеттік есеп айырысу орталығы болу;
3) есеп айырысудың, есеп берудің, есепке алу мен жүргізудің ережелерін
жасау және унификациялау [17, 18, 19].
Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастырылуы біртұтас
негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған: қаражаттарды
бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер), бір шоттан екінші
шотқа несиелік аударымдар (жироесеп айырысулар). Чектер бір реттік
мәмілелерде қолданылады, жироесеп айырысу-тұрақты және мерзім сайын
қайталанып тұратын мәмілелерде қолданылады. Банкаралық есеп айырысу жүйесін
ұйымдастырудың негізгі приципі-бұл дербес екі кіші жүйені қалыптастыру
болып табылады:а) Екінші деңгейлі банктер арасында тікелей есеп айырысуды,
б) Ұлттық Банктің ЕКО-да ашылған корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы
банкаралық есеп айырысуы.
Екінші деңгейлі банк өздерінің ведомствалық мекемелер арасындағы есеп
айырысу формасын өздері анықтауға құқылы, қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі
банктер мен клиенттеріне белгілі бір есеп айырысу операциясын жүзеге
асыруды таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде елімізде есеп айырысу жүйесі қайта ұйымдастыру негізгі
екі бағыт бойынша жүргізіледі: біріншіден, жеке және заңды тұлғалардың есеп
айырысу формаларының пайдаланып жүргендерін жетілдіру және жаңа формаларын
енгізу. екіншіден, банкаралық есеп айырысу жүйесін қайта ұйымдастыру.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын есеп айырысу формаларының
(операциялардың) негізгі үш тобын айтуға болады: чек және вексель арқылы
инкассалық операция, аккредитивтер арқылы есеп айырысу және аударым
операциялары.
Екінші деңгейлі банктердің төртінші дәстүрлі-базалық қызметі-
инвестициялық қызмет. Жалпы инвестиция дегеніміз-халық шаруашылығына
мемлекет ішінде және шет елде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты
пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Қазақстанда, заңға сәйкес,
инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқа да пайда әкелетін іс-
әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды
айтады. Инвестициялық қызметтің қатысушылары-жеке және заңды тұлғалар,
мемелекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Бұл екінші деңгейлі
банктердің инвестициялық қызметіне қатысты. Тар мағынада банктердің
инвестициялық қызметі деп банктердің салыстырмал ұзақ мерзім ішінде қызмет
ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан
бірқатар айырмашылығ бар.
Қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен
қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы
ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағыны қамтамасыз ету мақсатында жасалады.
Несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде-
несие берушіден, яғни банктен болады. Тағы бір айырмашылығы-несиелік мәміле
нақты несие беруші мен қарыз алушының арасында жасалады, ал инвестициялау
нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты-
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және
өтімділікті қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар-арнайы түрде рәсімделген
қаржылы құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы
қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және екінші
деңгейлі болады (вексельдер, чектер) [20, 21].
Банктердің экономикадағы рөлін олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Екінші денгейлі банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту), актив (қаражаттарды орналастыру),
комиссиялық-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы)
және сенімді операциялар.
Екінші деңгейлі банктердің пассив операциялары - өз қарауына әр түрлі
салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын
шығарып және өзге де қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру
және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі.
Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларға қарағанда
алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір
қор мөлшері қажет [22, 28 б].
Пассив операцияларына мыналар жатады:
- салым қабылдау (депозиттер);
- клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге)
ашу және оларды жүргізу;
- өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель,
депозиттік және жинақ сертификаттар);
- банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
- репо операциялар;
- еуровалюталық несие алу.
Банктік капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы
жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оны қалыптастыру және өзгерту банктің
жарғысында көрсетіледі.
Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен банктің
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк төменгі аз мөлшерін бекітеді.
Батыс елдерінің екінші денгейлі банктерінің жарғылық капиталы 10-15 млн.
ЭКЮ болады. Жарғылық қорды ұлғайту акционерлер қаражаты есебінен, сондай-ақ
өз қаражаты (резерв қорынан), акционерлердің дивиденттері және пайда
есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады.
Ол ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздар курсының төмендеуінен
болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты
процентпен белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген-ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер
арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады. Пайданы резервке бөлу төлейтін салықты төмендету әдісіне
жатады, себебі резервтердің көп түрі салықтан босатылады. Қазіргі Екінші
денгейлі банктердің ресурс қорында өз қаражатының үлесі 10% шамасында [23,
128 б].
Екінші денгейлі банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің,
халықтың және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған
ресурстар белгіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы
пассивтер болып бөлінеді. Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімдік
депозиттерді және банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспонденттік
шоттардағы қалдықтардан құрылады.
Салым (депозит)-ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған
ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында,
ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады.
Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан
ол активтік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен
алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып
та бөлінеді. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-
бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады.
Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма-қол
ақша және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік
шоттарда басқа банктермен есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу
айналымына арналған қаражат сақталады. Салымның бұл түрі негізінен
тұрақсыз, себебі клиенттер өз шоттарындағы қаражатын үнемі
пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері әркез өзгеріп отырады. Сондықтан
банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім төлемейді. Салымдарды өзіне
тарту үшін бәскелестік жағдайында Екінші денгейлі банктер клиенттерді тарту
және талаппен алынатын салымдарды ұлғайтуды ынталандыру мақсатында шот
иелеріне қосымша қызмет көрсетіп, сондай-ақ олардың сапасын арттыруға
ұмтылуда. Ағымдағы шот иелері өз қаражатын чек кітапшаларымен немесе несие
карточкаларымен алады (атаулы ақша құжаты).
Мерзімді салымдар-ол салыну мерзімі және проценттік өсім төлеу мөлшері
анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері
салымның көлемі мен мерзіміне байлалысты анықталады. Егер мерзімді салым
иесі салымның келісілген мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда салым
бойынша төленетін процент мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге
салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты. Сондықтан банктер
салымшылардың қаражатын ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік алады.
Мерзімдік салымның бір түрі-депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай
куәлікті айналымға 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді. Шот иесіне өтеу
мерзімі және төленетін проценттік мөлшер көрсетілген ерекше атаулы куәлік
(сертификат) беріледі. Депозиттік сертификат – ол белгілі бір ірі соманы
банкке салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті
түрде сертификатты кері сатып алу мерзімі және төлейтін өсім ақысы
көрсетіледі. Мысалы, АҚШ банктерінің іс-тәжірибесінде депоөиттік сертификат
кемі 100 мың долларға, ал Ұлыбританияда 50 мыңнан 250 мың фунт стерлигке
дейін шығарылады. Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға беріледі. Ол
атаулы және атаусыз (яғни иесі ұсынушы) болуы мүмкін. Депозиттік сертификат
бойынша салымды алу құқы басқа жаққа беру жазуы көрсетіліп берілуі
мүмкін. Бұл куәлікті шартта көрсетілгендей мерзімге немесе талап бойынша
берілетін етіп банктер шығарады [24, 46 б].
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын
(кітапша) береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және талаппен алуға да
беріледі. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды роль
атқарады. Жинаққа толық сома немесе бөлек-бөлек сома салынады, кейін
жинақтың толық сомасы, ия біртіндеп бөлек-бөлек сомасы алынуы мүмкін.
Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапшасы беріледі. Бұл салым түрі
өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол
ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырысы бойынша банк оның
жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке
жазылғаны үшін, оқушылардың мектептегі тамақтануына және тағы басқа
қызметтерге төлем аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты
уақытта алу үшін, мысалы, демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге
арнап салынады.
Сонымен депозиттер-екінші денгейлі банктер ресурстарының маңызды көзі.
Банктегі оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қазақстанның банктік жүйесі
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банк қызметін макроэкономикалық реттеудің мазмұны
Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банктік жүйе
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасу тарихы
Пәндер