Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Анықтама . . . . . . 5

Белгілер мен қысқартулар. . . . . 6

КІРІСПЕ . . . 7

1 БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 10

  1. Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту, дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі . . . 10

1. 2 Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне құрылған бағдарламалары . . . 12

1. 3 Қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі балалардың этникалық өзіндік санасын қалыптастырудың жәй-жапсары . . . 17

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

2. 1 Балаларды мектепке дайындауды жетілдіру бағдарламалары . . . 20

2. 2 Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші-педагогқа қойылатын

қәсіби талаптар . . . 23

2. 3 Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі . . . 25

3 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТӘРБИЕ МАЗМҰНЫ, ФОРМАСЫ, ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 37

3. 1 Қазақстандағы мектепке дейінгі вариативті бағдарламаларды талдау негізіндегі оқыту, тәрбиелеу, дамыту ерекшелігі . . . 37

3. 2 Астана қаласының білім беру жүйесінің жағдайын талдау . . . 51

3. 3 Қазіргі кезендегі мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелік-білім беру жұмысының ерекшелігінің педагогикалық-психологиялық эксперименті

эксперименті . . . 57

3. 4 Тәжірибелі - эксперименттік жұмыс нәтижелерін салыстырмалы

талдау . . . 59

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

ҚОСЫМШАЛАР . . . 67

Нормативтік сілтеме

[1] Закон РК «Об образовании» «Издательство АСТ», 2010. - 78 с. - (Образование в документах и комментариях) .

[2] Конвенция о правах ребенка»(Принята 20. 11. 1989 Резолюцией 44/25 Генеральной Ассамблеей ООН

[3] Қазақстан ҒББ «2005-2010жж білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы

[4] [1] Қазақстан халқына ҚР президентінің жолдамасы// Казахстан правдасы. - 2010. - № 21. - С. 1-3 с.

[5] «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы»; «Сабақтарды оқьпу» бөлімі және «Бағдарлама бойынша әдістемелік нұсқау» . Алматы, «Рауан», 1992 ж. ;

Анықтама

Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылады:

Әдіс - гректің «методос» деген сөзінен шыққан, ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Әдіснама - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.

Бақылау әдісі - білгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі.

Білім беру -табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі

Дағды - әрекеттің саналы түрде автоматтануы.

Дидактика -білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогиканың саласы.

Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады.

Құзыреттілік - іс-әрекетке тұлғалық қатынасы жататын адам қандай да бір біліктілікті меңгеруі

Мақсат -субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі.

Міндет - мақсатқа жету жолдары.

Ойлау - заттар мен құбылыстардың расындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психиқалық процесті атайды.

Оқу бағдарламасы -пәндер бойынша оқытылатын тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат.

Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайлы ғылым.

Педагогика пәні - жеткіншек ұрпаққа тәрбие мен білім беру процесі.

Тәрбие - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.

Ұжым -көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.

Шығармашылық - бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның мәні, негізгі идеялары тез түсініп ұғыну істің кенеттен шешілу жолдарын табу.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҒББ - ғылыми білім беру

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Экономикалық, саяси және әлеуметтік дағдарыс жағдайында білім берудің мектепке дейінгі жүйесі қорғансыз қалу себебінен көптеген мектепке дейінгі мекемелер жабылып, балаларды баққаны үшін ата-аналардың қалтасына тиетіндей төлемақысылары да көтерілді, сәби жастағы балаларды қоғамдық тәрбиелеу тәртібі қирады т. б. Мұндай құбылыстар барлық халық үшін мектепке дейінгі қызметті қамтамасыз ететін ҚР «Білім беру» заңы кепіл беретін азаматтардың құқықтарын бұзуға әкеледі. Осыдан шығатыны, қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру жүйесін қызметке қосып дамыту үшін әлеуметтік қажеттлік туындады. Мұндай жағдайдың бірі әр түрлі тарихи кезеңдерде мектепке дейінгі мекемелердің рациональдық типтерін ұйымдастыру тәжірибесін білу болып жатады да Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жаңа моделдерін құру болады. Болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер ең алдымен оның бірінші деңгейі - мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиеге тиіп өтті[1] . Мектепке дейінгі ұйымдарды ата - аналар таңдау құқығы мен талаптарын ескере отырып педагогикалық ұжымдардың жаңаша жұмыс істеуге ұмтылысы Қазақстан республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне де жаңа технологиялар мен бағдарамалалрды еңгізу бойынша экспериментальдық жұмыс пен шығармашылық ізденіс жүргізуге күшті түрткі болды. Сапалы даму, сапалы өзгеріс роцессі белсендіреттіле бастады. Бүгіндері көптеген балабақшалар, ата-анасы қымбат мекемелердің қызметін төлей алатындай аз балалрға арналған, ал мүмкіндігі жоқ отбастарының сәбилері мұндай мүмкіндікке қолы жетпей жатады. Сол себептен, Қазақстан ҒББ «2005-2010жж білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» арқылы жүзеге асыру бойынша жабылған мектептерді қалпына келтіріп жаңа балабақшалар ашып 800 мини-орталықтарды құрып аяқтау болды, [2] Сөйтіп, жартысынан көп балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға болады. 2009 жылы жоба бойынша мемлекетіміз үш жасар балаларды міндетті мектепке дейінгі білім алуға көшіп осы 2012 жылы толық кірісті. ҚР мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің ұлттық моделін алыптасытыру үшін маңызды орын алатын педагогтар, түбінде олар бір қалыпты әрекеттен кетіп оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын таңдауға мүмкіндіктері туды. Бұған мүмкіндік берген, еліміздегі пайда болған:

  • Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Академиясының ғалымдары құрған «Балбөбек» атты мектепке дейінгі ұлттық бағдарламасы;
  • Толық оқу-әдістемелік оқылықтары бар «Семей» атты университеттің мектеп алды даярлық бағдарламасы;
  • Мектепке дейінгі топтар және бастауыш сыныптар үшін «Тәй-тәй» атты инновациялық технология;
  • Орта мектептерде 12-жылдық оқуға көшу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды дайындауға есептелген, алғашқы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы - «Қайнар» атты бағдарлама. «Қайнар» атты бағдарламада «Радуга» атты ресей бағдарламасының белгіленген жалпы міндеттері және балалрды тәрбиелеу мен оқытудың ұлттық региональдық компоненттері жүзеге асады;
  • Қазақстан Республикасында алғашқы бағдарлама және оқу-әдістемелік кешен болып «Қарлығаш» атты бағдарлама жатады. Осы бағдарламаның негізінде бала тұлғасы ашылып, өз елін, өз жанұясын, өз Отаның сүйетін тұлға тәрбиелеу болады да қойылған мақсаттар оқу-әдістемелік кешеннің мазмұныны арқылы іске асады.

Мәселенің зерттелу жағдайы . Еліміздің 12-жылдық білім беруіне көшуі Қазақстандағы мектепке дейінгі жүйені әрі қарай өркендету сапасында анақытайды да бар мемлекеттік стандарттарды халықаралық талапқа сәйкестіріп қайта қарастыруды және оқыту мен тәрбиелеуге тұлғалық дамыту мен құзыреттілік тәсілді бағыттауды талап етті. Осы тұрғыдан Қазақстанда 12-жылдық оқытуға көшуіне орай қазіргі балабақшалардың және мектепке дейінгі білім берудің даму ерекшелігі қандай екен деген сұрақпен зерттеу мәселесі анықталды. Нақты мәселенің өзектілігі, оның жеткіліксіз дайындалып қарастыру негізі зерттеу тақырыбымызды анықтады: «Қазіргі б алабақшалардағы мектепке дейінгі тиімді бағдарламалардың түрлері»

Зерттеу мақсаты: Қазақстанда 12-жылдық оқытуға көшу жағдайында қазіргі балабақшалардың дамыту ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысанасы : мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту процессі.

Зерттеу пәні : Казақстандағы жаңа бағыттағы мектепке дейінгі білім беру тәсілінің ерекшеліктері.

Зерттеу міндеттері: 1. Мектепке дейінгі мекемелердегі бала психологиясын дамытудағы тәрбиелік мәні;

2. Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне құралған бағдарламалары;

3. Қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі балалардың этникалық өзіндік санасын қалыптастырудың жәй-жапсары;

4. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеші-педагогқа қойылатың қәсіби талаптар;

5. Қазақстандағы қазіргі балабақшалардың ерекшеліктерін негіздеу.

Ғылыми болжам: егер мақсатты, ғылыми негізделген, әдістемелік және тәжірибелік материалдармен бекітілген мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстарының жаңа білім беру бағдарламаларына ауысуы жағдайында ғана мектепке дейінгі мекемелерде педагогикалық үдірісті ұйымдастыруында өзгерістер болуы мүмкін.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі болып мектепке дейінгі дидактиканы теориялық және эксперименттік талдаулардың негізінде «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы»; «Сабақтарды оқьпу» бөлімі және «Бағдарлама бойынша әдістемелік нұсқау» (Алматы, «Рауан», 1992 ж. ) ; «Балабақшада жүргізілетін сабақтар және оны ұйымдастыру» деген арнайы бөлімдер жеке қарастырылады.

Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістеріне кірді:

  • Бастапқы позицияны толықтыратын, нақтылайтын және ашатын архив материалдарын зерттеу және талдау;
  • әдеби, тарихи дерек көздерін теориялық талдау;
  • әр түрлі мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс мазмұның, ұйымдастыу жағдайын, педагогикалық теорияларын салыстырп талдау, іріктеу;
  • Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие саласындағы процестерді бағалаудағы статистикалық әдістер мен ұқсатық әдістерін қолдану.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  • Мектепке дейінгі мекемелердегі бала психологиясын дамытудағы тәрбиелік мәні қарасытырылды;
  • Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне құралған бағдарламалары ашылды;
  • Қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі балалардың этникалық өзіндік санасын қалыптастырудың жәй-жапсары анықталды;
  • Қазақстандағы қазіргі балабақшалардың ерекшеліктері белгіленді.

Зерттеудің практикалық мағынасы

Зерттеудің практикалық мағынасы теориялық қағидалар мен қорытындылар және дамудың ғылыми негізделген тенденциялары қазіргі мектепке дейінгі білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу іргесі:

Астана қаласындағы «Бөбек» атты №32 балабақша

Астана қаласындағы « Ақ қайын» атты балабақша

Астана қаласының №36 мектеп іргесіндегі «Гүлдер» атты мини-орталық

Астана қаласындағы «Дария» атты балабақша

Диплом жұмысы нормативтік сілтемелер, анықтама, белгілер мен қысқартулардан, кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Нормативтік сілтемеде, қолданылған мемлекеттік құжаттар көрсетілген, анықтамада сөздер мен терминдердің түсініктері берілген, белгілер мен қысқартуларда сөзәріп белгілері берілген. Кіріспеде мәселені өзектілігі, пәні, нысанасы, ғылыми болжамы анықталған, әдіснамалық және теориялық негізі, практикалық маңыздылығы, зерттеудің жаңалығы, зерттеу әдістері, зерттеу іргесі қарастырылған. Негізгі бөлімде тақырыпқа орай теориялық мәселелер қарастырылса, екінші бөлімде мектепке дейінгі бағдарламалар талаптары қарастырылған, үшінші бөлімде эксперименттік тұрғыдан зерттеу жүргізілген. Қорытындыда ғылыми болжамның дәлелі беріліп тақырыпқа орай түйіндеме жасалған. Қолданылған әдебиттер тізімінде дерек қөздер берілген.

1 БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту, дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі

Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмүнына қоятын талабы жас-тарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым - қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр.

Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті - оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмүнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және үйымдастыру формаларын қоғам талабына сай колданудың жолдарын қарастыру.

Бұл міндет Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында және "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында" нақты көрсетілген.

Енді мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесін қарастырсақ, ол балаларды " балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында " көрсетілген мөлшерде қарапайым білім жүйесімен қаруландыру, оқу әдет-дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерін мақсатты, жүйелі, жоспарлы түрде дамыту кажет.

Сондықтан тәрбиенің сан алуан келелі мәселелерін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - мектепке дейінгі мекемелер болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мектептегі оқытудан мазмұны, ұйымдастыру формасы, әдістері жағынан өзгеше. Балабақшаларда балалар қоғамдық өмір, табиғат құбылыстары, адамаралық қатынастар, қоршаған орта туралы ғылыми негізделген, бірақ қарапайым (элементарлық) білімдермен қаруланады. Бұл білім қарапайым болғанымен, баланың әрі қарай дамып, қалыптасуына ерекше ықпал ететін негіз болады, сонымен қатар мектеп білімін сапалы игеруге мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі кезендегі оқытудың мәселелерінің негізі Я. А. Коменский мен К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде қаланды. Я. А. Коменский «Ана мектебі» еңбегінде мектепке дейінгі жастағы балаларға берілетін білімнің мақсаты мен мазмұнын айқындады[3] .

К. Д. Ушинский: «Мектепке дейінгі балалық шақтың өзінде сапалы оқуды ойыннан бөліп қарау керек және бұл кезеңдегі оқытудың міндеті мен мазмұны баланың сөз байлығын дамыту, ақыл-ой күшін жетілдіру, мектептегі оқуға дайындауға бағытталуы» тиіс деп көрсетті. [4]

Мектепке дейінгі кезендегі оқытуды зерттеуге өз үлесін қосқан ғалымдар: Н. Н. Быстров, Э. И. Залкинд, А. М. Леушина, Л. А. Пеньевская, Е. И. Радина, Н. П. Сакулина, П. Г. Саморукова, Е. И. Тихеева, Тарунтаева, А. П. Усова, Е. И. Флерина, т. б.

Мектепке дейінгі дидактиканы теориялық және эксперименттік талдаулардың негізінде «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасыңда»; «Сабақтарда оқьпу» бөлімі және «Бағдарлама бойынша әдістемелік нұсқауда» (Алматы, «Рауан», 1992 ж. ) ; «Балабақшада жүргізілетін сабақтар және он ұйымдастыру» деген арнайы бөлімдер жеке қарастырылады. [5]

Дегенмен, бұл зерттеулер және соның негізінде ұйымдастырылып жүрген оқыту үрдісі қазіргі жаңа жағдайдағы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің білім-тәрбие міндеттерін шешу талабына сай емес. Ал қазақ балабақшалары үшін оқыту мазмұны әлі толық зерттеліп, талданған жоқ деуге болады.

Мектепке дейінгі кезендегі оқыту мазмұнын анықтау үшін жоғарғы дидактикалык теорияларға сүйену қажет.

Қоғамдық тәжірибелерді жан-жақты талдай келіп, қазіргі танда дидактика ғылымында жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы теориялық тұрғыдан төрт элементтен тұратыны анықталды (В. В. Краевский, И. ЯЛернер, М. Н. Скаткин, т. б. ) [6] .

Білім-алғашқы және негізгі элементі, ол дүние туралы жалпы ұғым береді, таным практикалық әрекеттердің құралы бола алады. Оны келер ұрпақ тұтастай, ал әрбір адам жеке бөліктерін ғана меңгереді. Білім берудің мазмұны негізгі ғылымдарға тән сан алуан білімдердің түрлерін қамтуы керек, сонда ғана білім өзінің негізгі қызметін орындайды.

Білімнің түрлеріне нелер жатады?

1. Негізі ұғымдар мен терминдер. Онсыз бірде-бір мәтінді не білім элементін түсіну мүмкін емес

2. Тұрмыс шындығы мен ғылыми фактілер. Фактілерді білмейінше, ғылыми зандылықтарын түсіне алмаймыз, сеніміміз де болмайды және оз идеяңды дәлелдеуге мүмкіндік жоқ.

3. Дүние құбылыстары мен түрлі объектілер арасындағы байланыстарды анықтайтын, оның мәнін ашатын ғылыми зандылықтар.

4. Ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теория.

5. Ғылыми таным әдістері мен іс-әрекет жөніндегі білім.

6. Қоғамда қалыптасқан оның түрлі құбылыстарына белгілі бір қатынас, нормалар жөніндегі білім, яғни бағалау білімі.

Білімнің барлық түрі бір-бірімен байланысты, сондықтан оны кешенді түрде оқытады.

Білім беру мазмұнының екінші элементі - іс-әрекетгерді орындау тәжірибесі. Мұның негізі білімде (І-элемент) . Білімсіз әрекет жолдарын саналы орындау мүмкін емес. Білімді өмірде қолдану тәжірибесін адамзат еңбек барысында жинақтаған, бірақ ол жеке адамнан тыс тұрады, оны адам бірте-бірте тәжірибе жинай отырып меңгереді.

Үшінші элемент - шығармашылық әрекет тәжірибесі. Бұл алдыңғы екі эле-ментпен тікелей сәйкес келмейтін, өзіндік мазмұны бар, оқушыларды жаңа

проблемаларды ізденіп шешуге, өмірді шығармашылықпен қайта құруға дай-ындайды. Адамның шығармашылық күші тек білім көлеміне байланысты емес және адамның табиғи қабілетінің болуы да жеткіліксіз. Дайын күйінде меңгерілген білім көлемі де, үлгі бойынша меңгерілген іскерліктер де адамның шығармашылық мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Адам өз бетінше ойланып әрекет етіп үйренбейінше өзінің табиғат берген нышаны мен қабілетін көрсете, шығара алмайтын жағдайға жетеді. Шығармашылық қабілеті дамыған ұрпақтың болуы - бүгінгі қоғам талабы.

Төртінші элемент - айналадағы дүниеге және адамдарға қатынас нормалары немесе эмоциялық, еріктік құндылық қатынастар тәжірибесі. Адамның қоршаған дүние шындығына қарым-қатынасы, сезімінің ауқымы сол дүние туралы білімінің мазмұнына және іскерліктер мен дағдыларға сәйкес келмейді. Мұндай қатынасты қалыптастырмайынша, адамдар білім мен іскерліктерді және шығармашылық қабілеттерді меңгергенмен де (I, II, III элементтер) олардың тәрбиелілігі жоқ деуге болады.

Дидактика ғылымы білім беру мазмұнының элементтерін осылайша ұсына отырып білім беру мазмұнын қарастыруда оның бес деңгеймен байланысты жүретінін анықтады.

Теориялық деңгейінде білім беру мазмұнының төрт элементі талданып, оның бір-бірімен байланысы талдануда.

Оқу процесі деңгейінде білім беру мазмұнының төрт элементінің әрқайсысын жеке және оны тұтастай меңгерту жолдары анықталды.

Оқу пәні деңгейінде, төрт элемент негізінде оқу пәндерінің мазмұнын топ-тастыруы қарастырылады.

Оқу материалы деңгейінде әрбір пән бағдарламаларын жасағанда, осы білім беру мазмұнының төрт элементі қалай қамтылуы қажет деген мәселе айқындалуы тиіс.

Бала қасиеті деңгейінде төрт элементтен тұратын білім мазмұнын меңгерген жағдайда, оның қандай болып қалыптасатындығы туралы мәселеге келсек, онда бұл деңгейдегі балалар білімді, іскер, шығармашылық қабілеті дамыған, дүние сырларын сезіне білетін, өмірде эмоциялық-еріктік құндылық қатынастары қалыптасқан болып келеді.

Жалпы білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі мекемелерде , бұл мекемелердегі оқу-тәрбие бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық негізі ретінде жоғарыда аталған жалпы теориялық тұжырымдарды алуға болады. Сонымен қатар, дидакгика ғылымындағы білім беру мазмұнының теориясының жетістіктеріне жан-жақты талдау жасап, оны мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үрдісіне толық еңдіру қажет деп есептеймін.

  1. Мектепке дейінгі негізгі міндеттері және бала тәрбиесіне құралған бағдарламалары

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасына еркін араласатындай етіп дайындау - аса маңызды міндет.

Қазіргі мектептің бірінші сыныбына келген балалар ерік-жігерлері күшті, еңбек сүйгіш қасиеттері мол, жұмыс қабілеттері жоғары, арнайы білімдік және икемділік сипаттары көзге түсерліктей болуы қажет.

Мектепке дайындық мәселесі Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан айрықша мәнге иеленеді. Бұл құжатта білім беру ісі республика дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілгені белгілі. Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының жаңа редакциясы мектепке дайындықты баланың тұлғасын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепте оқуға лайықты дайындалуына бағытталған біртұтас білім беру жүйесінің бастапқы баспалдағы ретінде қарастырған[7] .

Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын айқындауда мынадай қағидалар негізге алынады:

- балалардың мектепке дайындық ісін ұйымдастыруда тағлиматтық (дидактикалық) жетекші қағидалар басшылыққа алынады; олардың қолданылуы 5-6 жасар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге тиіс; білім, икемділік және дағды мақсаттық нысана ретінде ғана емес, жеке адамның толымды дамуының амалы ретінде қарастырылады;

- тәрбиелеу мен оқытуда жас шамасымен даралық ерекшеліктерді ұштастыра қарау қағидасы. Бұл қағида балалардың қалыпты сезімталдық күйлері мен толымды психикалық дамуларын қамтамасыз етеді.

- мектепке дайындықтың мақсатының бірі баланың тән саулығы мен психикалық саулығына, сезімталдық көңіл-күй дұрыстығына қамқорлық;

- балалардың дербес әрекеттерін нәтижелі ұйымдастыру қағидасы;

- баланың даралық және бірлескен іс-әрекетін тиімді үйлестіру қағидасы, "баланың жақын арадағы даму аймағына" сүйене отырып балаға жекелей әсер ету мүмкіндігін жүзеге асыру;

- баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін жаңа оқытудың дамытқыш сипатын қамтамасыз ету мақсатында соған лайықты жүктеме ойластыру қағидасы;

- баланың мектепке дайындығы үлкендер мен бүлдіршіндердің өзара бейімделген түсіністік қағидасы бойынша жүру керек;

- мектепке дейінгі білімнің мазмұны Қазақстанның қоғамдық дәстүрлерімен үйлеседі және жалпы адамзаттық өркениеттілікке бағдарланады; отбасы мен балабақша арасында сенімділік, іскерлік байланыс орнату, ұстаздар мен ата-аналардың ынтымақтастығы; бұл қағида балаларды оқыту мен тәрбиелеудің үзіліссіздігін, баланың мектепке лайықты дайындығын қамтамасыз етеді;

- балалардың мектепке дайындығы оқу-тәрбие ісін, мектепке барар жастағы балаларға тән әрекеттерді (ойын, қол өнерге машықтану, бейнелеу өнері, саз өнері, театрландырылған көріністер т. б. ) серпінділікпен ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

- баланың бейімділігін, қабілеттілігін, қызығушылығын ескере отырып, оқыту ісін саралу қағидасы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы көрнекі - құралдар
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Мемлекеттік балабақшада тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздерін анықтау және әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік эксперимент арқылы тексеру
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz