Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 3-
Анықтамалар мен қысқартулар . . .
Кіріспе . . .
1. Ы. Алтынсарин еңбектерінің ғылыми - теориялық негіздері
- Ы. Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы . . .
1. 2 Ы. Алтынсарин және ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ даласындағы оқу-ағарту саясаты . . .
1. 3 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары . . .
2. Ы. Алтынсариннің еңбектеріндегі жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін қалыптастыру туралы ой - пікірлерін оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
2. 1 Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары және әдістемелік көзқарастары . . .
2. 2 Ы. Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілікке тәрбиелеу тақырыбындағы шығармаларының педагогикалық маңызы . . .
2. 3 Ы. Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесі туралы ой - пікірлерін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану әдістемесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1] . Қазақстан Республикасы /ҚР БМЖБМС 2. 003-2002 /жалпы орта білім берудің бастауыш сыныптарға арналған мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер. Алматы: 2002.
[2] . Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Негізгі ережелері. Алматы: РОНД, 2002.
Анықтамалар
Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Педагогикалық энциклопедияда «адамгершілік тәрбие» ұғымын адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінездерді, моральдық қасиеттерді қалыптастыру үрдісі» деп анықтайды.
Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігінде адамгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі деген түсінік берілген.
Руханилық - адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, руханилық ұғымы адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты жіне соған қатысты қасиеттерді білдіреді.
Қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖБМС - Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі бірінші міндет-ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухта ынтымақтастыққы, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлттық мәдениетін кіріктіре меңгерту.
Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту.
Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару.
Қоғамымызда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайда қазақ халқының тарихи дамуына байланысты балаларды, яғни болашақ жастарды ұлттық озық дәстүр негізінде тәрбиелеуге мүмкіндік туғызып отыр.
Ғылымда педагогикалық категория ретінде алдымен адамгершілік ұғымы анықталып, орныққан деуге болады. Педагогикада адамгершілік қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Мәселен, педагогикалық энциклопедияда «адамгершілік тәрбие» ұғымын адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінездерді, моральдық қасиеттерді қалыптастыру үрдісі» деп анықтайды, ал, қазақ педагогикалық энцоклапедиялық сөздігінде адамгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген түсінік берілген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы» деп түсіндіріледі.
Руханилық ұғымы-философиялық категория. Философиялық сөздікте руханилық адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі. Рух материяның «жоғарға көркі» қоғамның, рухани өмірі . қоғамдық сана мен болмыстың бейнесі болып табылады. . Сонымен белсенді ықпалын тигізеді. » деген түсінік берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, руханилық ұғымы адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты жіне соған қатысты қасиеттерді білдіреді.
Руханилық мәселесін қазақстандық философ І. Ерғалиев, А. Косинчекалар, зерттей келе, руханилықты «Адам болмысының ерекше бір белгісі» дейді. Ал Г. Соловьева «Руханилық адамның ішкі жарқын, нұрды қабылдай білу қасиеті» дейді. Философ С. Нұрмұратов «Руханилықтың тағы бір келбеті адамдардың өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін қоршаған ортаға беруге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа ғаламға беруге ұмтылысы Осындай ұстанымдар басымдық танытқанда ғана Адам рухани дамудың жолына түседі» деген пікір білдіреді. М. Шахановтың пікірінше, руханилық адамның ішік жан дүниесі, көзге көрінбетін күш. Оның құндылығы өз еркінмен өзгеге, халыққа және әлемге деген тек жақсылық жасауға талпыныс, еріктілігі.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан: адамгершілік, мінез-кұлык; рухани-адамгершілік тәрбие; адамгершілік сезім; адамгершілік сана; тарихи сана; ұлттык мұрат (идея) ; ұлттық идеология; ұлттык сана; географиядық сана; морал: адамгершілік көзқарас; тағылым; ізгілік; менталитет, т. б. сияқты іс-әрекеттер мен касиеттерді окушылардың бойына сіңіре білуіміз керек.
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль элементiнiң тұрғысында қарастырады.
Бұған А. Д. Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” дей келе, ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды-этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз байланысты тұңғыш қарастырушы К. Д. Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына және тәрбиедегi адамгер-шiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi- халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерiнде жалғастырушы педагог Ы. Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап көрсетедi, 7 жақсы қасиет:
Бiрiншi: Имандылық.
Екiншiсi: Жоғарғы әдiлдiк.
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк.
Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру.
Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық.
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық .
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я. А. Каменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. И. Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х. Досмұхамедовтер жалғастырған.
Ә. Фараби: “Доскерлiк - адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде артық кету - жарамсақтық-қа соғады, ал достыққа кемтар болу - тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады”.
М. Әуезовтың педагогика, методика мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi. “Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет . . . Адамшылықты таза жүргiзу үшiн - көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен тәрбие беру керек”.
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдыры орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай сияқты ағартушы - демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел - жұрттың көрші елдің өнер - білімін игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты.
Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағының мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан - жақты талант иесі Ыбырай Алтынсариннің есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ыбырай Алтынсаринді жаңашыл педагог - ағартушы ретінде және белгілі қоғам қайраткері ретінде танып, оның шығармаларын жаңаша тұрғыда талдаған Қажым Жұмалиев, Сәбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов, Мұхтар Әуезов, Асқар Тоқмағамбетов және тағы басқа ғалымдар еңбектерінің мазмұны мен мақсатын, идеясын ашып көрсетті, ал педагогикалық, ағартушылық қызметін Ә. С. Сыдықов зерттеген, ал әдеби шығармаларына талдау жасап монография жазған белгілі әдебиет зерттеушісі Ә. Дербісалин болды. Біздің тілімізге тиек болып отырған еңбекке баулу мәселелеріне деректі зерттеулер жүргізген ғалымдар С. Мусин мен Ш. Имашев.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі, биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән - маңызы мен қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер - білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесі туралы ой - пікірлерінің қазіргі кезде де өзінің құндылығын жоймағанын байқаймыз. Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде өзіндік орны бар. Сол себептен әдістемелік тұрғыдан зерттеу осы жұмыстың өзектілігін көрсетеді әрі біздің дипломдық жобамыздың тақырыбын алуға негіз болды.
Зерттеу тақырыбы: «Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары»
Зерттеу мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық - ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеу, оның тәрбиелік бағыттағы еңбектерінің оқу - тәрбие үрдісіне мұғалімнің ұтымды пайдалануын айқындау және теориялық және тәжірибелік тұрғыда пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесі туралы ой - пікірлеріне, педагогикалық көзқарастарға ғылыми- теориялық тұрғыда талдау жасау;
- Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасының Қазақстан педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін саралап көрсету;
- Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиелеу бағытындағы шығармаларын мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны: ХІХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық, адамгершілік тәрбиесі туралы ой - пікірлердің даму үрдісі.
Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесіндегі, яғни тәлімдік ой - пікірлерін мектептің оқу - тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары.
Зерттеудің болжамы:
1. Егер, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптасады.
2. Егер, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік туралы ой - пікірлерін оқу - тәрбие үрдісіндегі қазіргі күн талабына сәйкес енгізсе жан - жақты, білімді де білікті рухани жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы; танымның диалектикалық теориясы; қоғам, мектеп, жеке тұлғаның өзара байланысы, тұлғалық-бағдар теориясы, әлеуметтік орта теориясы, іс-әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, оқу үрдісін Ы. Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Ұлттық оқу ағарту, білім беру салалары бойынша жарияланған педагог, психолог, филолог ғалымдардың ғылыми еңбектері, тұжырымдарын нақтылау;
- Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік тәрбиелеу бағытындағы шығармаларын мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары белгілеу;
Зерттеу көздері:
- Ыбырай Алтынсариннің мұраларын зерттеуге байланысты философ, педагог, филолог, психологтардың еңбектері;
- Ыбырай Алтынсарин еңбектеріне деген әр тарихи кезеңге деген көзқарастар;
- Мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар, оқу жоспарлары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- Ы. Алтынсарин еңбектерінің ғылыми - теориялық негіздері және ұлы педагог ағартушының мұраларының зерттелу жайы анықталды.
- Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық идеялары және әдістемелік көзқарастары айқындалды.
- Ы. Алтынсарин еңбектеріндегі адамгершілікке тәрбиелеу тақырыбындағы шығармаларының педагогикалық маңыздылығы көрсетілді.
- Ы. Алтынсариннің адамгершілік тәрбиесі туралы ой - пікірлерін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану әдістемесі жасалып, оның тиімділігі сынақтан өткізіліп, тәжірибеге енгізілді.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттердi талдау, сараптау, бақылау, сауалнама, тренинг.
Зерттеу базасы: Солтүстік-Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ленинград ауылы. №2 Ленинград орта мектебі.
1. Ы. Алтынсарин еңбектерінің ғылыми - теориялық негіздері
- Ы. Алтынсариннің мұраларының зерттелу жайы
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң - мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу - маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы. Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ал оның заманы тарихтың бір аумалы - төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды. Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты. Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді. Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы . . . Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше. Абай мен Ыбырайдың ақындық, ағартушылық енбектері бірін -бірі толықтырып, үндесіп жатты. Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Омарханұлы Әуезов болды . М. Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы». [1]
Кезінде қазақ халқының болашақ дағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды.
Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болған адам.
Ы. Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.
Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой - пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.
Ыбырай Алтынсариннің сан қырлы бай мұрасын тереңінен зерттеуге Қазақстан ғалымдары тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана мүмкіндік алды. Мұның өзі оңай жұмыс та емес еді. Басты міндет Ыбырай Алтынсариннің көзқарасындағы барлық дұрыс бағытты анықтау, ол өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық тұрмыс пен сана арасындағы қайшылықтың бетін ашу, ұлы педагогтың қалдырған мұраларын қазақ халқының сол кездегі талап - тілегі, мұң - мұқтажы тұрғысынан қарап, өткен заманның прогресшіл қозғалыстарының үлгі - өнегесіне, әсер - ықпалына тығыз байланысты түрде талдау болып табылады.
Ы. Алтынсариннің қоғамдық, педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына оның В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, Я. П. Яковлев секілді орыс достарының әсер ықпалы ерекше болды. Солардың тікелей көмегі арқасында Ы. Алтынсарин өзінің орысша білімін тереңдетіп көтерумен қатар, Ресейде А. И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов секілді революционер демократтардың еңбегімен танысады, сондай-ақ Л. Н. Толстойдың, И. И. Паульсонның, К. Д. Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына негіз етіп алады. Бұл оқулықтардан көптеген аудармалар жасап қазақ балаларына арнап жазған кітабына енгізеді. Н. И. Ильмискийдің араласуымен белгілі татар ғалымы Х. Фаизхановпен танысады, хат жазысып тұрады. Мұның бәрі Ы. Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық көзқарас - танымының қалыптасуына тікелей жағдай жасады. [2, 3, 4]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz