Жүк тасымалдаудың динамикалық ақпараттық үлгісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2-1. Көлік логистикасындағы ақпараттық технологияның қолданылуының маңызы мен келешегі.

2-2. Технологиялық логистикаларды ақпараттық қамтамасыз ету

2-3. Логистикалық циклдардың функцияларымен басқару.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Логистиканы, ерекше көлік логистикасын, ақпаратты технологиялардың белсенді қолданылуынсыз елестету мүмкін емес. Тасымалдау үрдісінде тауар жеткізу жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастыруда қатысушылар арасындағы қарқынды әрі жедел ақпарат алмасусыз, көлiк қызметтерiнiң нарық қажеттiгiндегi шапшаң қадағалану мүмкiндiктерінсiз елестету қиын. Бүгінде тасымалдау операцияларының тиімділігін, тұтынушыларды тиісті сапалы қызмет түрімен қамтамасыз етілуін, коммерциялық шешiмдердiң қабылдануын қолдауда, талдау және жоспарлауда ақпараттық жүйелерді, программалық кешендерді пайдаланбау іс жүзінде мүмкін емес. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуының арқасында, тасымалдау үрдістеріндегі типтік операциялардың автоматтандыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін, логистика көлiк қызметтерiнiң технология жағынан бәсекелестiгi жоғары тауар нарығының қозғалыс ұйымында үстем болатын түрге ие болды.

Көлік логистикасындағы ақпараттық технологияның қолданылуының маңызы мен келешегі.

Көлік логистикасындағы табанды ақпараттық мәселелер келесi бағыттармен анықталады:

− жекеменшіктердің түрлері бойынша динамикалық өзгеріп отыратын, кәсіпорындардың диверсификациясы, көлiк қызметтерiндегі нарықтың ашықтығының күрделенуі және жоғарылатуымен ақпараттық ағындарды зерттеу;

− кәсіпорынды автоматты басқару үшін программалық жүйелер мен ақпараттарды өңдеу;

− көлiк, экспедитор және агенттiк серiктестiктердегi бизнес-жоспарлау есептерінiң шешiмi үшiн программалық - технологиялық кешендердiң әзiрленуi;

− көлiк үшiн жылжымалы байланыс жүйелерiнiң жетiлдiрілуi;

− ұйымдардағы интернет- технологиялар, тасымалдау үрдістерін басқару және жабдықтау;

Интернет желілерінің дамуы және көптеген виртуальды жұмыстардың белсендігінің артуы арқасында тауарларды соңғы тұтынушыға дейін жеткізу қызметі, транспортты -технологиялық түрге негізделген, ақпараттық және қаржы түрлеріндегі операциялар негізінде әбден нақтылана түсуде. Бұл логистика күшінде барлығы тығыз байланыста және күрделі жеткізу жобаларын тауарларды, ресурстарды бөлуде және әзірлеуде жиі ассоциацияланады. Мұндай жобаларды әзiрлеу және сату бойынша орталықтар құрылады. Және де жобаның заттық саласы әртүрлі болуы мүмкін, көлік-экспедиторлық компаниялардағы басқару жүйелерін әзірлеуден бастап, басқа елде, басқа континенттегi көрмелердің ұйымдастырылуына дейін қатысады. Басқаша айтқанда, қазіргі күндегі Интернет желілеріндегі ірі логистикалық жобалардың ұсынысының, ақпараттық, бағдарламалық-техникалық орталықтардың және фирмалардың жариялануы жаңа логистика дамуының және көп жағдайда көлік логистикасының жаңа кезеңінің басталғанына куәгерлік етеді. Бұл кезең Интернет-технологиясының классикалық логистикада кең қолданылуын ғана емес, сонымен қатар логистикалық жобалау саласындағы зерттеудің белсенділігін, реновациясын және логистикалық байланыстың өздігінен қамтамасыз етілуін сипаттайды.

Тасымалдау логистикасында ақпараттық қамтамасыз ету маңызды бір рөлге ие. Сондықтан да менеджерлер мен мамандар басқарушылық шешімін оның енгізілуі мен дамуына және оларды кәсіпорын немесе тасымалдау-логистикалық ауқымындақабылдауға, өндіруге икемді болуы керек. Логистикалық ақпараттық жүйелердің (ЛАЖ) тасымалдауда қолданылуына түрткі болған нәрсе интеграцияланған тасымалдау жүйелерiнiң өнiмдiлiгiнiң жоғарылауы барлық иерархиялық деңгейлерде сапалы ақпараттардың алынуы, жиынтық шығындардың маңызды төмендетуi болып табылады. Орталық идея осылай сезiледi « Табысты фирмалар жақсы ресми және ресми емес ақпараттық жүйелерге ие болады, сәтсіздікке жолыққандар-үлкен көлемдегі қаржыны компьютерлік жүйелерге жұмсайды, бірақ оны қалай дұрыс пайдалану керек екендігін және осы жүйе тұтынатын ақпаратты таңдай білмейді».

Интеграцияланған логистиканың классиктері Д. Бауэрсокс және Д. Клосс, «Фирмалар алдыңғы логистикалық жүйелермен санасады, қорлардың тиімсіз орын ауыстыруын жүзеге асырғанға қарағанда, ақпараттардың көмегімен тиімді шешімді іздеген арзанға түседі»деген.

ЛАЖ-дегі берілгендерді басқару жүктердi тасымалдау бойымен тапсырысты орындау үшiн қажеттi, операцияларды бақылау және олардың тиімділігін бағалау сияқты барлық операция түрлерін қамтамасыз етеді. Технологиялық логистиканы ақпараттық қамтамасыз ету нәтижесінде екі ақпараттық ағын қалыптасады:

1) тасымалдау қызметінің және қорлардың орналасуының, өндірістік үйлестірілуі мен жоспарлануы;

2) тасымалдау мен жүк өңдеуді басқаруға қатысты, жедел қызметі.

ЛАЖ-де әзірлеу мен шешім қабылдау жүрісі ақпараттық ағынның өңделу үрдісі болып табылады. Тасымалдау және ақпараттық ағындардың өзара әркетінің үш түрі бөлініп қарастырылады: транспортты- материалдық ағыннан ақпарат озып, бірге жүре, түсіндіре отырып жүргізіледі.

Материалдық ағынның озуы ақпараттық логистиялық процессте осал жерлердiң жойылуын алдына мiндет етiп қояды. Озық ақпараттық ағын қарсы бағытта тапсырыс туралы ақпараттарға ие болады, ал тура бағытта- алда келетін жүк туралы алдын ала хабар алып отырады.

Бірге жүру, бұл кезде тасымалдау ағынына ақпарат бір мезгілде оның сандық және сапалық параметрлері туралы беріліп отырады, ал ол жүкті тез әрі дұрыс теңестіруге, белгіленген бағыты бойынша бағыттауға мүмкіндік береді.

Тасымалдаудан ақпараттың артта қалушылығы, әдетте, тек келесісінің бағасын шығарумен түсіндіруде ғана рұқсат етіледі. Транаспорт ағынымен қарсы бағытта, өзара есептеулер мен баяндамаларда саны мен сапасы бойынша қабылданған жүк туралы ақпараттар өтуі мүмкін.

Технологиялық логистикаларды ақпараттық қамтамасыз ету

Технологиялық логистикаларды ақпараттық қамтамасыз етудің (ТЛАҚ) мақсаты транспортты - материалдық ағынның қозғалысын кешендік жоспарлауға және бақылауға, тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Жүйелердің қызмет етуінің нәтижесінің үздіксіз есебі маңызды мәселелердің бірі болып табылады, ол құрастыруда жедел өзгеріс енгізуге қабілетті бола тұра, сонымен қатар интеграцияланған процестің дамуына да «жабдықтау мен тасымалдауға» мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен ақпараттық үрдістер келесi негiзгi функциялармен жүзеге асырылады:

− ЛАЖ ішінде ақпара ағындарын тасымалдау;

− ақпараттар мен берілгендерді білімдер базасында сақтау мен жинақтау;

− ағындарды сүзгілеу- белгілі бір және басқа ақпараттық берілгендерді «сүзгілеу» мен шығарушы құжаттарды таңдамалы өңдеу;

− ЛАЖ және коммуникация желілерінің құрылымында ақпараттық ағындарды біріктіру және бөлу ;

− әртүрлі қарапайым ақпараттық өзгертулер ( көшірмесін алу, ақпарттық көбейтілуі, берілгендердің жүйеленуі және өңделуі, ақпараттарды іздестіру және тарату, ақпараттық үлгілерді жасау) және ақпарттық ағындарды басқару;

− логистикалық операциялардың пайда болуымен байланысты ақпараттардың түрленуі.

Осы байланыста ТЛАҚ келесі негізгі талаптарға сәйкес жауап беруі керек:

− тұтынушылардың қызметінің сипаттамасына сәйкес қызмет көрсетудің жүйелілігі, транспортты-логистикалық үрдістерді басқарудағы олардың тапсырмалары мен шешімдері, ақпараттық талаптарды сапалы қанағаттандыру;

− қызмет көрсетудің сенімділігі, логистикалық менеджерлер мен қатысушылардың транспортты-логистикалық байланысын қажетті уақытта және олар үшін ыңғайлылырақ түрде ақпаратпен қамтамасыз етуді дұрыс деп санайды;

− орындалған үрдістің (операцияның) ақпарттық қызмет көрсетілуінің толықтылығы және қажетті ақпараттың соңғы нақты тұтынушыға дейін жеткізілуі;

− үйлесiмдiлiк, әрбір тұтынушы берілген тапсырманың шешімі болып табылатын жеке ақпаратпен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік туғызудан тұрады.

http://helpiks.org/helpiksorg/baza7/482646764106.files/image002.jpg

1-сурет. Транспорт логистикасындағы ақпараттық ресурстары

Интеграцияланған логистиканың ақпараттық ресурстары 1-ші суретте өзіндік «ағаш» бейнесінде, 12 негізгі элементтен және оқылатын материалдың логикасына қатысты түрде ұсынылған.

Транспортты логистикада ақпарат маңызды бәсекеге қабілетті факторлардың бірі болып табылады. ТЛП-ның бәсекеге қабілеттілігі ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етуге қабілетті ЛАЖ-ды қамтамасыз етеді:

-базалық логистикалық операциялар:

- басқаруды бақылау;

-жедел және стратегиялық шешiмдердiң талдауы.

Тиімді қызмет көрсететін ТЛП-ға арналған ЛАЖ келесідей қасиеттерге ие болу керек:

-қол жетімділік − логистикалық ақпарат алу мүмкіндігінің оңайлығы мен жеңiлдiгi;

-дәлдік-ақпарат ағымдағы операцияларды дәл бейнелеп көрсетілуi керек;

-динамикалылық − тапсырыстарды орындау кезіндегі, транспорт терминалдарындағы жүкті өңдеу кезіндегі жүктердің консолидациясы;

-өз уақытында болу −ақпарат ЛАЖ-де пайда болған кезде, және оқиға болған уақыт аралығында өлшенеді;

- қиынырақ және автоматтандыру үрдісіне түспейтін шешімдерді жұмылдыруға көңіл бөлуге мүмкіндік береді;

-икемділік− ақпараттық жүйенің құрылымы тапсырыс берушінің қажетті күйін келтіруді және оны жетілдіруді қарастыруы керек;

-ДК(ПК) экранында есеп беру мәлiметтерiн ресiмдеудiң тиiмдiлiгi және есеп беруде ыңғайлы формада қажетті ақпараттар сақталуы керек.

2 суретте ТЛАҚ (ИОТЛ) бес деңгейден тұратын, иерархиялық құрылымы бейнеленген. Бірінші (төменгі) деңгейде ЛАЖ функциональдық жүйесі транспортты - логистикалық мәмiлелер мен операцияларға тiкелей қызмет көрсетедi. Ол тапсырыс қабылдауды, қорды бөлуді, жүкті сақтауды, тасымалдау үрдісін ( жөнелту мен жеткізуді), клиенттерге тапсырыстың орындалуы туралы ақпарат беруді жүзеге асырады. Тапсырыстың барлық фунциональдық айналымы жедел ақпаратпен басқарылады. Деректердің үлкен ағымы мен операцияларды есепке ала отырып, ақпараттық жүйелердің өнімділігінің мағыналарын арттырады.

Екінші деңгейде кіріс және шығыс ағындарының логистикалық үйлесімділігі байқалады. Ішкі жүйе транспорттық жүктеу қуаттылығы мен шектерін, өндірістік өзара байланысты, қоймалық және транспорттық ресурстарды, сонымен қатар өндiрiс және жабдықтаудың қажеттiліктерін есепке алады .

«Басқарушылық бақылау» деңгейінде (үшінші кезеңде) КТЛ (ТЛП) -ның қызметтерінің нәтижесін бағалау жүзеге асады. Алынған нәтижелер негізінде менеджер логистика бойынша экономикалық тиімділігінің бағасын, сервистің деңгейін және ұсынылған тасымалдау қызметінің сапасын, жүйелердің өткізілу қабілетін және т. б есептеп шығарып бағасын береді.

«Шешімдерді талдау» (төртінші кезеңде) деңгейінде барлық логистикалық жүйелерде болуы мүмкін зардаптар ескеріліп, бағасы беріліп, талдау жасалады. Талдау жасалынатын үйреншікті нысандар:

- тасымалдау құралдарының қозғалыс графиктері және бағыттары;

- шығындарды басқару мен стратегиялық талдау жасау;

- қорларды басқару;

- логистикалық желілердің сырт пішіні;

- тасымалдау мен жеткізу кезеңдерінде логистикалық дәнекерлердің интеграциясы(қолданылуы) ;

http://helpiks.org/helpiksorg/baza7/482646764106.files/image004.jpg

2-сурет Логистикалық кәсіпорындарды ақпараттық қамтамасыз етудің иерахиялық құрылымы

Төртiншi деңгейдiң құндылығы оның мiнездемелерiн анықтайды. Ол кез келген уақыт аралығында жүйенiң бағдарламасын тексеруге және күйге келтiруге мүмкiндiк туғызады. «Шешімді талдау» блогы аналитикалық ақпаратты өңдеу негiзiнде логистикалық функциялардың үйлестiрілуiн жүзеге асырады, жоспарлардың жүзеге асуына жолдама береді, стратегиялық жоспарлардың жүрісіне болжам жасайды. Оның маңызды рөлі- «қайта қосу» фукциясы жылдамдату режиміне немесе КТЛ даму қарқынын азайту, стратегиялық мақсаттың «ізіне түсу». Дәл осы төртінші деңгейге барлық логистикалық потенциал мен КТЛ қатысушыларының ресурстарына аналитикалық қолдау жасау, ерекше рөлі жатады.

Соңғы (бесінші) иерархиялық деңгей «Статегиялық жоспарлау» әзірлеу бойынша ақпараттық қолдау мен логистикалық стратегияның жүзеге асуымен байланысты. Басқарушы шешім ұзақ уақыттық сипаттамалар мен келесідей байланыстарға ие:

- нарықтық мүмкіндіктердің дамуымен;

- стратегиялық ұйымдардың құрылуымен;

- логистикалық менеджменттердің стратегиясымен.

Стратегиялық жоспарлау үшін жүйенің алдыңғы деңгейінен түсетін ақпарттарды талап етеді. Ол «Шешімді талдау» сүзгісі арқылы түседі және шаруашылық жоспарлардың тамырының негізінде көрініс табады және таңдаулы стратегияларды салыстырады.

Техникалық логистикалық ақпаратты қамтамасыз ету (ТЛАҚ) материалды технологиялық базасы техникалық құрылғыларды (ТҚ) және программалық қамтамасыз етуді (ПҚ) құрады, транспортты - логистикалық операциялардың оралымды басқарылуы үшiн қажеттi бақылауларды қамтамасыз ету мен нәтижелерді бағалау үшін өте қажетті.

ЛАЖ-нің заттық-технологиялық базасы келесілерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- ЛАЖ-нің үйлестiрiлген және интеграцияланған жұмысы, яғни жүйенiң жұмыс жасау сапасының ең төменгi стандарты;

- табыстар мен шығындар туралы мәлiметтердің тез және үзiлiссiз қозғалысы, бюджеттiк мақалалардың орындалуын бақылау;

- қателердің санының азаюы мақсатындағы ақпараттардың кірігуі мен логистикалық операцияларды өткізу, уақытша кешігудің орын алуына мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, қазіргі бәсекеге қабілетті ЛАЖ-мен қамтамасыз етуі керек:

- логистикалық қажеттіліктерді жоспарлау;

- басқаратын бақылау;

- шешімдерді талдау;

- стратегиялық жоспарлау;

- транспортты-логистикалық тіркестің қатысушыларын кіргізу.

3-суретте ЛАЖ-де жұмыс істейтін логистикалық ақпараттардың ағынының инфрақұрылымы бейнеленген. Сызбада модуль, файлдар, мәліметтер, мәліметтердің берілуі, логистикалық есептер, каммуникациялық арналар (стрека түрінде) сияқты элементтер ұсынылған.

http://helpiks.org/helpiksorg/baza7/482646764106.files/image006.jpg

3-сурет. Логистикалық ақпараттар ағынының инфра құрылымы

ТЛАҚ (ИОТЛ) жұмыс жасаудың тиісті деңгейіне логистикалық ақпараттық үрдістерді автоматтандыру кезінде жетеді. Бұл тұтынушылардың сенiмдi, толық және дәл мәлiметпен, қабылдау мен өңдеу үшiн ыңғайлы формада, дер кезiнде қызмет көрсетілумен сипатталады.

Транспорттық логистикада озық технологияларды қолданғаннан тыс шараларды ұйымдастыратын техникалық кешендерді жүзеге асыру керек:

- транспорттың барлық түрлеріне арналған, жүкті жіберушілер мен жүкті қабылдап алушылар арасында, вагондар мен басқа да траспорттық құрылғыларда әмбебеп жүктерді кодтау жүйесін әзірлеу;

- мәліметтердің барлық түрлерін тасымалданатын жүк әдістерін, заманауи құрылғылармен автоматты санауға ыңғайлы танылатын түрде біріктіру;

- нормативті-анықтамалық және жедел мәліметтерден, жүк және коммерциялық операцияларды жүргізу және жүктерді іздеу үшін, мәліметтер базасын құру.

Темір жол траспортында жүкті қабылдау және жөнелту процедурасы тасымалдау құжаттары мен есептерін даярлау операцияларын автоматтандыру нәтижесінде айтарлықтай оңайлатылды, операциялар қатарының орындалу реті азайды, оның ішінде қағаз түріндегі тасымалдау құжаттарын даярлау, тасымалдау құжаттарының рұқсат қағаз ретіндегі белгілердің соғылуы, жүкті қабылдағаннан кейінгі тіркеме қағаздарының рәсімделуі және тағы басқалар қысқартылып, оңайлатылды.

Қағазсыз технологияның негізгі принципі және тасымалдау үрдісінің коммерциялық жұмысының жүзеге асуы, жүктің темір жолға келіп түскен сәтінен бастап жөнелтіп жіберу сәтіне дейін мәліметтер ЭЕМ жадысында тұрады. Темір жолда жүкті тасымалдау үрдісі жүру станцияларынан тағайындалып, реттелетін станцияларға байланысты, массивті жадтың қозғалысы бойынша пішінделеді. Осылайша, транспортты- материалдық ағынның қозғалысының ғаламдық динамикалық ақпараттық моделі құрылады. (4-сурет) . Бастапқыда, ақпараттық модель жөнелту станциясындағы жол бөлімшесінің Ақпаратты есептеуіш орталығына (ИВЦ) мәліметтерді беруден құралады. Тағайындалған станцияға жүкті жіберу кезінде технологиялық үрдістің элементтері бойынша станцияда оның ЕО-да өңделетін ақпараттық моделі құрылады. Басты есептеу орталығында (БЕО) жолдарға, реттеуші және жүк станцияларына арналған транспортты желі элементтері бойынша динамикалық ақпараттық модельдер құрылады.

http://helpiks.org/helpiksorg/baza7/482646764106.files/image008.jpg

4-сурет. Жүк тасымалдаудың динамикалық ақпараттық үлгісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
«Теміржолдық касса» мәліметтер базасы
«Сауда - көлік компаниясы» ЖШС кадрлық саясаттың қазіргі жағдайы мен даму деңгейі
Компанияның логистикалық әлеуетін арттыру шаралары
Автокөлікпен тасымалдау жүйесі
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы
Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу
Көлік логистикасындағы ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz