Қойма қызметтері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2-1. Қазақстандағы қоймалардың даму жолдары
2-2. Қойма салудағы назар аударарлық мәселелер
2-3. Қазіргі кездегі қоймалау саласы бойынша Қазақстандағы көшбасшы компаниялар
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тәуелсіздік алған жылдары елі - мізде отандық та, шетелдік те ло - гистика болған жоқ. Кі - шігірім экспедиторлық ме - ке - мелер болған шығар, алайда нағыз мәніндегі логистиканы, тіпті логистика деген атаудың өзін ешкім білмеді десек те бо - лады. Кеңес Одағынан ыдырап шыққаннан кейін ел өндірісі мен өнеркәсібін дамыту үшін мемлекет құшағын шетелге айқара ашты. Ол -- еліміз табиғи қазбаларға бай болғанымен, не өндіріс, не өнеркәсіп дамымай тұрған шақ болатын. Қақпамызды шетелге кеңінен ашқаннан кейін бізге шетелдік ірі компаниялар келді, мамандар келді, олар мол инвестиция құю арқылы Қа - зақстанда өз өкілдіктерін ашып, жұмыс жасай бастады. Солардың қатарында логистикалық ком - паниялар да бар болатын. Мі - не, біз халықаралық та - сымалда тек шетелдік ком - панияларға сүйенетініміздің жайы осында еді. Өйткені біз үшін бұл мүлде тың, жаңа сала болатын. Екіншіден, олар Қа - зақстанда өзіндік мықты жүйесін құрып алған. Алайда шүкіршілік айту қажет, 2000 жылдардан бастап, біз өзіміз логистиканы зерттеп, меңгеріп, тәжірибе алмасып, қызығушылық таныта бастадық. Бүгінде отандық логистикалық компаниялар бар, олар сәтті жұмыс істеп жатыр. Әлбетте, сан жылдық тарихы, қуатты тех - ни - калық базасы бар ірі компания деңгейіне жете қойған жоқ, алай - да соған тура бағытта келе жатыр.
Фирмалардың қоймалауға жүгiнетiн негiзгi себептерi:
- өндiрiстiк қуаттарды, технологиялық құралдарды тиiмдi қолдану есебiнен; жүктердi тиiмдi партиялармен жiберу есебiнен өндiрiс пен тасымалдаудағы логистикалық шығындарды азайту;
- өткiзу торындағы дайын өнiмнiң қоймалық сақтандыру және мезгiлдiк қорларын құру есебiнен сұраныс пен ұсынысты үйлестiру және теңестiру;
- операциялық менеджмент қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, себебi қоймалау өндiрiстiк үрдiстiң бiр бөлiгi болуы мүмкiн;
- дайын өнiмдi өткiзудiң тиiмдi маркетингтiн стратегияларын енгiзу үшiн жағдай жасау;
- сұранысқа тез әсер ету есебiнен тұтынушылық сұранысты жақсарту;
- өндiрiстiк үрдiстi қамтамасыз етуге қажеттi материалдық ресурстар запасын қоймалауда және төмен бағамен сатып алу арқылы үнемдiлiкке жету;
- белгiлi бiр рынок территориясын кең географиялық жабу;
- рыноктың жаңа секторларын қабылдаудағы икемдiлiк.
Қазақстандағы қоймалардың даму жолдары
Бірінші кезекте қаржы ағыны толастамаған Астана мен Алматы қалаларында қоймалық орталықтар қажет. Бірақ, кейбір логистикалық компаниялар Көкшетауда, Қарағандыда, Павлодарда А класты орталықтар енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жоспарлардың қаншалықты шынайы болатыны әзірге жұмбақ күйінде қалуда.

Қазақстанда қазіргі заманғы қоймалық терминалдардың жетіспейтіндігі туралы 2011 жылы жан-жақты үздіксіз айтыла бастаған. Сонда мамандардың пікірлерінше, қос астанадағы ең жоғары класты қоймалар 90%-ға толық болған. Бүгінде жағдай бәз-баяғы өзгеріссіз сол қалпында қалып отыр. Логистика бойынша аналитиктер Астанада барлық дәрежедегі қоймалық орталықтар (А-дан D-ға дейін) 95%-ға жұмыс істейтінін айтады. Яғни, тауарларды сақтайтын бос алаңшалар жоқ.
Қоймалар, сонымен қатар офистер А, А+, В, В+, С және D кластарына бөлінеді. Қазақстандағы қоймалық жылжымайтын мүліктерді бөлу шамамен халықаралық талаптарға сәйкес келеді, офистер ондай емес.

Ең жоғары дәрежедегі қоймаларды жалға берудің басқалардан ерекшелігі зор. Мысалы, мұнда баға шаршы метрге емес, күніне паллет орынға сәйкес белгіленеді (100 паллет шамамен 100 шаршы метрге тең). Мұндай орталықтарда қоймадағы тауардың қанша орын алатынын анықтайтын жүк есептегіш (WMS) автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді.

Мәселен, мың паллет орын алынса,есептілік айқын, анық, арендатор оны SMS-хабарламасының көмегімен Интернет бойынша алады, өте ыңғайлы. 10 күннен соң, сіздің тауарыңыз түсірілсе, бұрынғыдан азаяды, шамамен 500 паллет орын қалады. Сіз соған ғана ақша төлейтін боласыз. Егер сіз В немесеС класындағы қойманы, мысалы, мың шаршы метрді жалға алсаңыз, қойманың толуы, толмауы әсер етпейді, сіз мың шаршыға төлем төлейсіз.

Егер А класында метр бойынша жалға берілсе, паллет орынға қарағанда бұл кезде қымбат болады. Мұндай орынның біреуінің бағасы күніне 80-нен 140 теңге дейін барады. Бұл сомаға тек орналастыру ғана емес, тауарды тиеу-түсіру, оның растаможкасы, раскодировкасы, сақтау жауапкершілігі (жалға беруші тауарға жауапкершілікті мойнына алса) кіреді. Өнімнің әрбір түрі параметрлер талаптарына сәйкес сақталады. Мысалы, бірі +10 температурада, ал, басқасы +20 градуста болады. Ірі логистикалық орталықтарда тіпті кедендік күзет орны жұмыс істейді. Жалпы, барлық қамқорлық өнімнің қоймада жатуы үшін, компанияның басқаруында болуы үшін жасалады.

С және D дәрежесіндегі қоймаларды пайдалануда жалға алушылар жүк тасығыштарды, есепшілерді және қоймашыларды өздері іздейді. Әйтсе де, сапалы қызмет көрсетудегі барлық қолайлылықтарға қарамастан, кіші және орта бизнеске А класындағы қойма арзанға түспейді.

Табысты компаниялар өте заңғарға көтеріле алады өйткені, олардың тауар айналымы мықты, сақтау мәселесімен шұғылдануға басшылардың уақыты жоқ.

Іске бұлай қадам жасауда, бірінші кезекте, шетел компаниялары ерекшеленеді. Шетел фирмаларының басшылары назарларын сауда мен жарнамаға аударады, барлық бұған сәйкес операциялармен, мысалы, сақтау ісімен олар басқа мамандардың айналысқанын дұрыс санайды. Сондықтан Қазақстанның көп бөлігінде А класындағы қоймалар жұмыс істейді.

Мамандар айтуынша, шетелдіктер ішінде барлық жалға алушылардың көбісін ресейліктер құрайды. Әсіресе, Кедендік одақ құрылған соң, олар Қазақстандағы қоймалық жылжымайтын мүлікті пайдалануды ынтамен бастады.

Қоймалық жылжымайтын мүлік нарыққа керек, оны салуға талапкерлер бар. Қазақстанда АҚШ-тағы және Ресейдегі сияқты тауар тұтынушылардың саны көп емес. Бірақ, еліміздің географиялық жағдайы транзиттік мүмкіндіктерді пайдалануға өте кең, даңғыл жол ашады. Өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия аймағында республикамызды тым пайдалы ең ірі іскер транзиттік торап қылуды ұсынды. Жобаны ол Жаңа Жібек жолы деп атады. Жоспар бойынша еліміз арқылы өтетін транзиттік жүк ағынының көлемі 2020 жылға қарай минимум 50 миллионға тоннаға дейін өсу керек. Бұл жобаның жүзеге асырылуы сауда-логистикалық орталықтардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді. Логистикалық хабтар Алматыда өрістейді, өйткені, ол Қытаймен шектеседі, мысалы, Петропавловскі Ресеймен ұштасып жатыр. Ал, Ақтау, Атырау әлеуетті портты қалалар.

Қарағанды бұрыннан тарихи өнеркәсіпті орталық. Қоймалардың тұрғындарға тауарларларын сақтау үшін керектігі бәріне түсінікті жәйт. Әзірге өз арендаторларым бойынша айтарым, бізде сауда фирмалары басым: негізінен шетелдік, алматылық, астаналық филиалдар. Сондықтан қоймаға сұраныс көп емес. Бірақ, егер өндірісті модернизациялау бойынша бағдарламалар өмірге тезірек енетін болса, бізде жаңа компаниялар пайда болады, қоймалық ғимараттарға сұраныс та көбейеді. Дегенмен, өнеркәсіпке пайдаланылатын өнеркәсіпті тауарлар мен заттарды сақтау жағынан ілгері жылжу болады.

Астана мен Алматыдан басқа қазірде құрылыстары жүріп жатқан қоймалық жылжымайтын мүлік үлкен облыс орталықтарында, мысалы, Қарағандыда, Шымкентте, Жамбылда дамиды. Жібек жолы жобасы нақтыланған дәл арнамен жүреді. Бұл бағыттағы барлық іс жан-жақты дамитын, өсетін болады. Қарағанды да осы жолдың бойында тәрізді. Ал, егер Қызылорданы алып қарасақ, сыртта қалып қояды.

Егер Астана туралы айтар болсақ, 60 мың шаршы метрдей болатын үлкен қоймалық терминалдарды екі компания салып жатыр. Сонымен 2014 жылға қарай қазіргімен салыстырғанда, астанада қоймалық ғимараттарды салу 20 пайызға көп болады.

Ауылшаруашылық өнімдерін көтерме бағамен сатуды, қоймалық ғимараттар құрылысын, көкөніс сақтаушы орнын, сонымен қатар сауда-логистикалық орталықтардың құрылысын инвестициялық преференция ұсынымының тізіміне енгізу керек, өйткені, оларды жүзеге асыруға орасан зор көп шығын кетеді, бірақ, керісінше, өтемділігі төмен. Бұған қосарымыз, ішкі сауда саласы тауарларды көтерме-бөлшек желісіне өткізгенде, төлемақыны төмендетуге мүмкіндік беретін бүтін жүйені жан-жақты қалыптастырады. Жібек жолы бағдарламасының жасалуымен және Қазақстанға халықаралық көлік-логистикалық хаб мәртебесінің берілуімен сауда маңызды рөл атқарады және әлемдік көліктік жүк ағынының тетігі болып табылады.
Қойма салудағы назар аударарлық мәселелер
Орналасу орны. Қала шетіндегі немесе көлік емін-еркін бара алатын жолға жақын объекті.
Жолдар. Жол жағдайы қоймалық аймақты айтпағанда, қаланың нашарлау аудандарындағы сападан айырмашылығы жоқ. Егер оған барып-тұру қиын болса, тіпті тәуір ғимарат та өзінің мағынасын, маңызын жоғалтады.
Қойма алдындағы аймақ. Тұраққа немесе көліктің айналуына мүм-кіндіктер бар ма?
Ғимараттың сыртқы пішіні. Қоймалар дұрыс пішінді болу керек. Ғимараттың қисық-қисық болып бітуі тауарларды алып-салып ауыстыруға кедергі болады.
Өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі болуы керек.
Ғимараттың жағдайы. Ылғал жайлап кетпеу үшін төбеде тесіктің, еденде немесе қабырғада жарықшақтың жоқтығын жан-жақты тексеру керек.
Қойманың инженерлік жүйесінің жағдайы.
Аренданың құны. Қоймалық ғимараттың арендасына баға жататынын анықтау қажет. Арендаторда қосымша міндеттемелер бола ма, сервиске кіре ме, күзет, коммуналдық қызмет төлемі қосыла ма, аймаққа кіру тегін бе, тегін емес пе?
Аренда шарты. Ең дұрысы алдын ала оны заңгерге көрсету керек, сосын қол қою қажет.
Құрылыс проблемалары
Қоймалық ғимаратты басқа бір нәрсенің астына орналастыру күрделі. Сондықтан жеке кәсіпкер қойма құрылысының сұранысқа ие болатынын не болмайтынын білмей тұрып, тәуекелге барады. Мысалы, дағдарыс жылдарында А класындағы қоймалар Алматыда да босап қалды. Бизнесмендер шығынды қысқартты, оларға төмен дәрежедегі ғимараттарға көшуге тура келді. Бірақ, жеке кәсіпкерлерді тек экономикалық тәуекелшілдік қорқытпайды. Олар қоймалық жылжымайтын мүлік енгізудің үш негізгі проблемасын атайды.

1. Теміржол тармағы

Бұл әрбір ірі қоймалық орталықтың арманында болу керек. Бірақ, спикерлердің айтуынша, теміржолдар елімізде аз салынады. Демек, қоймалық жылжымайтын мүлікпен шұғылданатындардың оны өз күштерімен тартуына тура келеді. Шамамен тұйықтаманың 1 шақырымдық құрылыс құны (материалдар және жұмысшылар) екі миллион теңгеден басталады екен. Бірақ, бұл нағыз азаптың жартысы ғана.

Тауар тиелген вагондар өз қоймасына дейін бірнеше шақырымды жүріп өтеді. Жекешелендіру кезінде теміржол участкелерін көптеген жеке фирмалар сатып алды.

Қазір де мұндай компанияларда ұзындығы бір шақырым, тіпті кейде 500 метр болатын тұйықтамадан басқа ештеңе жоқ. Олар бұнда ақша табады ғой. Баға әрқилы болады: вагонға 3 мыңнан 20 мың теңгеге дейін алады. Біздікі болмаса да, маневрлік вагон үшін де қыршиды. Яғни, ол да теміржолға әсер етеді екен.

2. Электр қуаттылығы

Бұнсыз кез келген қазіргі заманғы қойма жай қобдиша болып қалады: электр қызу жүйесі, автоматтық басқару жүйесін, күзетті, жарықты және желдеткішті қамтамасыз етеді.

Заң бойынша жаңа объектінің қуаттылығын қосу тегін жүргізіледі. Бірақ, олар әзірге бізде жетіспейді. Мұндай кезде амалсыз басқаша жолға түсуге тура келеді, сонда ғана қосуға рұқсат алынады, мүмкін, бәрі жақсы болады. Дегенмен, енді ол тегін емес ақшаға, әр түрлі бағаға істеледі. Бір киловатқа 75-100 мың теңгеден айналады. А класындағы үлкен қойма үшін шамамен 1 мегаватт энергия талап етіледі. Демек, рұқсат алудың өзіне 75-тен 100 миллион теңгеге дейін құю керек.

Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.

Қазіргі кездегі қоймалау саласы бойынша Қазақстандағы көшбасшы компаниялар
Осындай кәсіпорындардың бірі High Tech Logistic БК ЖШС, кәсіпорын осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логистикалық әдістерді қолдану негізінде экспедиторлық кәсіпорынның қызметін жетілдіру
Операция арасындағы қойма және аралық қойма
Қауіпті жүктерді тасымалдау
Аутсорсингке берілетін Логистикалық қызмет түрлерінің спектрі
Компанияның логистикалық әлеуетін арттыру шаралары
Дайын өнімді өткізудің негізгі жүйелері
Бөлшектік дүкендер
80 орынға арналған дәмхананы жобалау
Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері
Access –те жұмыс істеу
Пәндер