Еркін экономикалық аймақтар түрі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2-1. Еркін экономикалық аймақтардың халықаралық экономикада алатын орны
2-2. Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық құрылымы.
2-3. Еркін экономикалық аймақтардың қызметінің ерекшеліктері
2-4. Еркін экономикалық аймақтар түрі. Өнеркәсіптік өндірістік аймақтар.
2-5. Қызмет көрсету аймақтары және технопарктер
2-6. Қазақстандағы еркін еркін экономикалық аймақтар
2-7. Оффшорлық бизнес
2-8.Делевар, Нидерландтық Антиль, Багам аралдары мен Панама оффшорлық зоналарына сипаттама
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ерекше экономикалық аймақ немесе Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) -- ерекше заңды дәрежесі бар, шетелдік кәсіпкерлерге жеңілдік берілген шектелген аумақ. белгілі бір аймақ территориясының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету үшін шетелдік инвестицияны, озық технология мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылатын, нақты айқындалған әкімшілік шекарасы және ерекше заңды режимі бар еркін территория. ЕЭА-ның шаруашылық мәселелерін шешуде кеңейтілген дербестігі болады, онда басқарудың ерекше тәртібі орнатылады, шетелдік және отандық кәсіпкерлердің экон. қызметі үшін жеңілдіктер жасалады. ЕЭА кейде мемлекеттің жалпы кедендік шеңберінен шығарылады. Сыртқы экон. қызметінің, кәсібінің, берілген еркіндіктің және шаруашылық жағынан мамандануының сипатына қарай еркін сауда аймақтары: экспорттық-өнеркәсіптік аймақ, технол. аймақ және кешенді аймақ болып ажыратылады. Еркін сауда аймағының негізгі мақсаты сауданы дамыту болып табылады. Сондықтан тауарларды сыртқа шығарып, шеттен әкелуге кеден салығынан босату, саудаға шек қоюшылықты алып тастау, тауарларды қоймада сақтауға және олардың жергілікті рынокқа бейімделуіне барлық жағдай жасау көзделген. Экспорттық-өнеркәсіптік аймақтар экспорттық өнімдерді шығаруды дамыту үшін құрылады. Олардың территориясында тиісті өнімдер шығаратын кәсіпорындар үшін кедендік баж салығы мен басқа да салықтар бойынша жеңілдіктер беретін еркін кедендік режим қабылданады. Технологиялық аймақтарда зерттеу, жобалау және ғыл.-өндірістік фирмалар шоғырланады, олар салық және қаржы жағынан жеңілдіктердің бірыңғай жүйесін пайдаланады және тех., қаржылық және қаржылық емес сипаттағы әр түрлі қызмет атқарады. Кешенді аймақтар жекелей әкімш. құрылымдардың территорияларында шаруашылық қызметке ерекше жеңілдіктер беру тәртібімен құрылады.
20 ғ-дың 90-жылдарының ортасына қарай әлемде 1200-ге жуық әр түрлі еркін (арнаулы) экон. аймақ болды, оның ішінде: 400-і еркін сауда аймағы, 400-і ғыл.-өнеркәсіптік парк, 300-ден астамы экспорттық өндірістік аймақ және шамамен 100 шақтысы еркін мақсаттағы аймақтар (офшорлық аумақтар, экология-экон. аймақтар, туристік орталықтар және т.б.). Мыс., Қытай Халық Республикасында жүргізілген әлеум.-экон. реформаларда арнаулы экон. аймақтар маңызды рөл атқарды. 1997 ж. Қытайда бес арнаулы экон. аймақ, 50-ге жуық ашық қалалар, ондаған еркін сауда, жаңа техника мен жоғары технологияны меңгеру, туризмді дамыту аудандары ел экономикасының серпінді өркендеуіне себепші болды.

Еркін экономикалық аймақтардың халықаралық экономикада алатын орны
Еркін экономикалық аймақтарды ұйымдастыру ашық экономика принциптерін қолдауды білдіреді. Олардың шаруашылық жүргізу мүмкіндіктері сыртқы экономикалық ерекшеліктердің еркіндігі мен белсенділігіне байланысты.
Еркін экономикалық аймақтардың баж, салық және инвестицияға байланысты ахуалы шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы.Басқаша айтқанда еркін экономикалық аймақтар дүниежүзілік шаруашылықтағы уақытша бес капиталдарға құрған топ сияқты десек те болады.
Еркін экономикалық аймақтарды құруды, әдетте төмендегі үш мәселені шешумен байланыстырады:
1) Өндіріс өнімдерін экспорттауды ынталандыру, сол арқылы валюталық қаражат табу;
2) Халықты жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату;
3) Шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін сынақтан өткізіп қолдану.
Қандай бір мемлекет болмасын өз экономикасын шетел капиталына айқара ашпайды, сондықтан қолайлы инвестициялық ахуалды елдің бір бөлігін де ғана еркін экономикалық аймақ ретінде жасауды жөн көреді.
Еркін экономикалық аймақтың экономикадан алатын орны зор. Еркін экономикалық аймақтардың халықаралық экономикадағы орны. Қажетті өндіріс салалары мен шаруашылық объектілерін қолдау үшін арнаулы шаралар жүйесін жасайды. Олардың қатарына, мысалы, артта қалған аудандарды дамыту бағытында қолайлы инвестициялық ахуал жасау шаралары жатады.
ХХ ғасырдың II жартысындағы әлемдік шаруашылықтың аса көзге көрінер құбылысы Еркін экономикалық аймақтар болып табылады.Еркін экономикалық аймақтар көптеген мемлекеттерде кеңінен таралды. 90 жылдың орта шенінде әлемде 4 мыңнан астам түрі еркін экономикалық аймақтар қалыптасты (кедендік аймақтардан технопарктерге дейін, еркін сауда аймақтардан оффшорлы аймақтарға дейін).
Еркін экономикалық аймақтарды не үшін құрады? Неге олар әлемге кеңінен таралды?Еркін экономикалық аймақтарды құру керекті мәселе ретінде оны бақылаушыларға ашық экономиканы балағаттау үшін қажет.
Еркін экономикалық аймақтың сыртқы әлемге деген көзқарасы жоғары дәрежелде, ал кедендік, салықтық және инвесторлық бағдарлама сыртқы және ішкі инвесторларға тиімді болып келеді.Бұрын дамымай қалған елді мекендерді динамикалық дамитын елдерге айналдыру мақсатында дамушы елдерде еркін экономикалық аймақтар құрылған.
Еркін экономикалық аймақтар құрудың себептері мен мақсаттары әрбір нақты жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдер де еркін экономикалық аймақтар кіші және орта бизнесті жандандыру мақсатында құрылады. Ол үшін кіші және орта кәсіпкерлерге едәуір шаруашылық жүргізу еркіндігімен қатар, қаржы жеңілдіктері де беріледі.
Кейбір дамушы елдерде осы мақсатта құрылған еркін экономикалық аймақтардың оңды әсері артта қалған аудандарды жедел жетілдіріп отыр. Дегенмен, дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру барысында дамыған мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес, көбінесе шетел капиталына сүйенеді.
Еркін экономикалық аймақтардың ішіндегі біздің елді алатын болсақ, халықты жұмыспен қамту басқармасы есебіндегі жұмыссыздардың саны 2000 жылдың тамыз айының соңына адам болып отыр, оның тек ауылдық жердегілері жеті жарым мыңнан астам адам бар. Экономикалық қызметтің барлық түрімен шұғылданған ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардағы қызметкерлерге жалақысының жалпы қоры екі мыңыншы жылдың қаңтар шілдесінде тоғыз мың бес жүз алпыс жеті милион теңге болды,бұл осының алдындағы жылдың осы мезгіліне жүз отыз төрт пайызын құрады.
Экономикалық тұтыну секторында екі мыңыншы жылдың тамыз айында тауарлардың және қызмет көрсетудің бағасы мен тарифтері мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылдың желтоқсанына қарағанда төот бүтін оннан бес пайызға,ал халыққа ақылы қызмет көрсету пайызға өсті.Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға оның алдыңғы жылмен салыстырғанда өсті. Үстіміздегі жылдың есепті мезгілінде көліктің барлық түрлерімен көлік ұйымдарына жатпайтын мекмелер және коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдағанжүктердің көлемін есепке алғанда.
Еркін экономикалық аймақтың халықаралық экономикадан алатын орны үлкен маңызға ие болады. Оның алғышарттары жоғарыда аталып өтілгендей. Дамушы елдер арасындағы еркін экономикалық аймақтардың құрылуындағы шетел инвестицияларының алатын орны ерекшеленіп атап өткен жөн.

Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық құрылымы.
Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық - функционалдық құрылымы әр алуан. Оларды құруда негізінен елі түрлі аумақтық (территориялық) және функционалдық әдістер қолданылады. Бірінші әдіс бойынша барлық резидент - кәсіпорындар өздерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақта жеңілдіктер алады.
Резидент - бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке немесе заңды тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін экономикалық аймақтағы іскерліктің белгілі бір түріне жеңілдіктер береді.
Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтан Қытайда кеңінен тараған. Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасады. Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін (салықсыз) баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың бірінші буынына жатады. Оларды, әдетте еркін баж территориялары деп атайды. Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуден босатылады.
Еркін сауда аймақтары да дүние жүзінде кеңінен тараған. Мұндай аймақтар АҚШ-та жақсы дамыған. Бұл аймақтар АҚШ территориясының шектеулі бір бөліктерінде заңды жеңілдіктерді пайдаланып, өз шаруашылық қызметтерін жүргізеді.Қабылданған заң бойынша әрбір төрт қалада ең кем дегенде бір сыртқы сауда еркін аймақ құрылуы мүмкін.
АҚШ-тағы еркін сауда аймақтары жалпы міндетті және еркін міндетті болып екіге бөлінеді.
Жалпы міндетті аймақтар аздаған территорияға (бірнеше шаршы метр) араласады да ұлттық баж салығы ауқымынан бөлектенеді. Ол жерлерде әкелінген тауарларды жинастыру және өңдеу жұмыстары атқарылады.Еркін аймақтар жалпы міндеттегі аймақтар шеңберіне сыймайтын істермен шұғылданады. Оларда ірі территориялардың қатысуымен экспортталатын және импорттың орнын басатын бөлімдер босатылады.
Кейбір дамушы елдерде осындай мақсатта құрылған еркін экономикалық аймақтардың оңды әсері артта қалған аудандарды жедел жетілдіріп отыр. Дегенмен, дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру барысында дамыған мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес,көбінесе шетел капиталына сүйенеді.
Еркін экономикалық аймақтың халықаралық экономикадан алатын орны үлкен маңызға ие болады. Оның алғы шарттары жоғарыда айтылып өткендей. Дамушы елдер арасындағы еркін экономикалық аймақтардың құрылуында шетел инвестицияларының алатын орны ерекше. Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жетістіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасты.
Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың бірінші буынына жатады.Оларды , әдетте еркін баж территориялары деп атайды.Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуден босатылады. Еркін сауда айммақтары да дүние жүзінде кеңіне тараған. Мұндай аймақтар АҚШта жақсы дамыған. Бұл аймақтар территориясының шектеулі бір бөліктерінде заңды жеңілдіктерді пайда болды.
Еркін экономикалық аймақтардың әлем экономикасында тәжірибе ретінде орны өте орасан. Қазіргі таңда еркін экономикалық аймақтардың экономикаға тигізер әсері мол. Әлем тәжірибесі көрсеткендей бұл мәселе кез келген елдің экономикасына тиімді болып есептелінеді.
Еркін экономикалық аймақтардың қызметінің ерекшеліктері
Еркін экономикалық аймақтардың дүниежүзілік іс-тәжірибесін талдап, олардың жетістіктері мен ортақ белгілерін және даму ерекшеліктерін көрсету маңызды мәселе.Еркін экономикалық аймақтардың дамыған елдердегі іс-тәжірибесін алып қарастырсақ, олардың бастапқы даму жоспарларының барынша жоғарғы деңгейі мен аймақтарды басқарудың мейлінше икемділігін байқар едік. Дүниежүзілік шаруашылықтың динамикалық дамуы, еркін экономикалық аймақтардың өрістеуіне күшті әсер етеді. Сондықтан, байқалған өзгерістерге сай іс-әрекет жасау - уақыт талабы.
Еркін экономикалық аймақтарды құрудың әлеуметтік-экономикалық пайдасы айтарлықтай мол. Мысалы, көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, халықаралық сауда айырбасының жандануы, сыртқы сауда тиімділігінің орнауы т. б. Дамыған елдердегі еркін экономикалық аймақтардың маңызды ерекшелігіне олардың тек дүниежүзілік рыногында ғана емес, елдің ішкі рыногында да тиімді жұмыс істеуі жатады.
Дамушы елдердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің бірқатар ортақ белгілері бар. Ең алдымен бұл елдерде экспорттық - өндірістік аймақтар кезінен тараған. Ол түсінікті де. Дамушы елдердің мүдделері экспорт үшін тауар өндіруді дамыту, елге шетелдік капиталды, үздік ғылыми - технологиялық жетістіктерді қазіргі техникалық ақпаратты келтіру шеңберінде жатыр.
Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық жүргізудің ерекше тәртібі шетел іскерлері үшін бірқатар жеңілдіктер береді. Мұның өзі халық аралық бәсекеде еркін экономикалық аймақтардың салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланудан туындайды.
Еркін экономикалық аймақтардың қызметі барысында сауда-өндірістік диверсификациясы басталып, кешенді даму процестері қарқын алады. Диверсификация - шаруашылық әрекеттерінің жаңа сфераларда (өріске) тарады.
Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық жүргізудің ерекше тәртібі шетел іскерлері үшін бірқатар жеңілдіктер береді. Мұның өзі халық аралық бәсекеде еркін экономикалық аймақтардың салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланудан туындайды.
Еркін экономикалық аймақтың халықаралық экономикадан алатын орны үлкен маңызға ие болады. Оның алғы шартттары жоғарыда айтылып өткендей. Дамушы елдер арасындағы еркін экономикалық аймақтардың құрылуында шетел инвестицияларының алатын орны ерекше. Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жетістіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасты.
Еркін экономикалық аймақтар дуние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп отыр. 90-жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ аймақтары, технопарктер, еркін сауда аймақтары тағы басқалар жатады. Бұлар еркін экономикалық аймақтардың екінші буынына жатады. Олар сауда аймақтарының өрістеуі нәтижесінде тек қана тауар емес, капиталдардың да кемуіне байланысты болады. Капиталды келтіру тек сауданы ғана емес, сондай-ақ өндірістік қызметті де жандандырады.
Еркін экономикалық аймақ термині халықаралық аймақтық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған аймақтарда қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатпайды. Мемлекет тек қана жүріп жатқан экономикалық процестерге араласу дәрежесін қысқартады.
Бірқатар дамушы елдер үшін еркін экономикалық аймақтар территориясының оңашалығы, ондағы өмір сүру деңгейі мен өндірістік мүмкіндіктердің шоғырлануы жағынан еркін экономикалық аймақ болып табылады. Еркін экономикалық аймақтарды құрудың әлеуметтік - экономикалық пайдасы айтарлықтай мол. Мысалы, көптеген жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, халықаралық сауда айырбасының жандануы, сыртқы сауда тиімділігінің орнауы т. б. Дамыған елдердегі еркін экономикалық аймақтардың маңызды ерекшелігіне олардың тек дүниежүзілік рыногында ғана емес, елдің ішкі рыногында да тиімді жұмыс істеуі жатады. Қазіргі ғылыми-техникалық революция алғашқы орынға жаңа және жоғары технологияларды жасайтын өндірістің ғылыми сыйымды салалары жабдықталған еркін экономикалық аймақтарды қояды.

Еркін экономикалық аймақтар түрі. Өнеркәсіптік өндірістік аймақтар.
Бұлар еркін экономикалық аймақтардың екінші буынына жатады. Олар сауда аймақтарының өрістеуі нәтижесінде тек қана тауар емес, капиталдардың да кемуіне байланысты болады. Капиталды келтіру тек сауданы ғана емес, сондай-ақ өндірістік қызметті де жандандырады.
Өнеркәсіптік - өндірістік аймақтарда баж тәртібі бар, экспортқа шығаратын өнімдерді өндіретін территорияларға орналасады. Бұл аймақтар едәуір салық және қаржы жеңілдіктерімен пайдаланады. Экспорттық өндірістік аймақтар еркін экономикалық аймақтардың бұл түрі дамушы елдерде кеңінен тараған. Кейбір дамушы елдерде осындай мақсатта құрылған еркін экономикалық аймақтардың оңды әсері артта қалған аудандарды жедел жетілдіріп отыр. Дегенмен,дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру барысында дамыған мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес,көбінесе шетел капиталына сүйенеді. Еркін экономикалық аймақтың халықаралық экономикадан алатын орны үлкен маңызға ие болады. Оның алғы шартттары жоғарыда айтылып өткендей. Дамушы елдер арасындағы еркін экономикалық аймақтардың құрылуында шетел инвестицияларының алатын орны ерекше. Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жетістіктерді пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасты.
АҚШ-та өндірістік аймақтар қалалық және аудандық кіші және орта бизнесті жандандыру бағыттарында туындаған. Осы аймақтар аудандардың алға басуының орталығы болып табылды. Заңдық статус бойынша АҚШ - тағы өндірістік аймақтар 3 типке бөлінеді - федералдық,штаттық және жергілікті.Осы немесе басқа да құрылып жатқан аймақтар,басқару органдарының шешіміне байланысты федералдық, штаттық және жергілікті дәрежеде өтеді. АҚШ-тың қала сыртындағы аудандарда және 700 қалада барлық дәрежедегі 1400-ден астам өндірістік аймақтар бар. Өндірістік аймақтар негізінен ішкі экономикалық ахуалды шешуге жергілікті капитал мен жұмыс қолдарына негізделгенін еске сала кеткен жөн. Экспорттық - өндірістік аймақтардың пайда болуы дамушы елдердің объективті экономикалық мұқтаждықтарына байланысты. 60-жылдардың орта шенінде дамушы елдерде шетел капиталының көмегімен өнеркәсіп өкілдерін экспорттауды және жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін экспорттық-өндірістік аймақтар көптеп құрыла бастады. Републикада бұрын - соңды болып көрмеген өндіріс игерілу үстінде. 1998 жылғы ақпанда Тыныс АҚ суық және ыстық су шығынының есебін алатын құралдар шығаруды бастады. 1998 жылғы 28 мамырда түрлі-түсті теледидар шығаратын LG Electronics Алматы Қазақстан жаңа зауыты ашылды.

Қызмет көрсету аймақтары және технопарктер
Бұлардың қатарына оффшорлық аймақтар және салық айлақтары (налоговые гавани) жатады. Аталған аймақтар өзінің тартымды валюта қаржылық және фиксальдік саясатымен, банк және коммерциялық қызметтер құпиялылығының жоғары деңгейі мен мемлекеттік реттеудің әділдігімен іскерлер үшін қолайлы болып отыр. Оффшорлық аймаққа тіркелген және сол арқылы салық төлеу т. б. жеңілдіктерге үміткер компанияларға негізгі талап - оффшорлық орталық орналасқан елдің резиденті (өкілі) болмақ және оның территориясынан пайда іздемеу болып отыр.
Салық аймақтарының оффшорлық аймақтардан айырмашылығы, олар салық жеңілдіктерін қызметтің барлық түріне немесе белгіленген түрлеріне асады. Қазір дүние жүзінде 300-ден астам оффшорлық орталықтар жұмыс істейді. Еркінэкономикалық аймақтар дуние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп отыр. 90-жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде төрт мыңнан астам әр түрлі еркін экономикалық аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ аймақтары, технопарктер, еркін сауда аймақтары тағы басқалар жатады. Бұлар еркін экономикалық аймақтардың екінші буынына жатады. Олар сауда аймақтарының өрістеуі нәтижесінде тек қана тауар емес, капиталдардың да кемуіне байланысты болады. Капиталды келтіру тек сауданы ғана емес, сондай-ақ өндірістік қызметті де жандандырады.
Еркін экономикалық аймақтар дегеніміз - ерекше жеңілдіктер мен ынталандыру жүйелерін пайдаланатын ұлттық экономикалық кеңістіктің бір бөлігі. Қандай бір нысанда болмасын еркін экономикалық аймақтың ерекшелігі - ол оңашаланған географиялық территория. Еркін экономикалық аймақ термині алықаралық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған аймақтарда қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатылады.
Еркін экономикалық аймақ термині халықаралық аймақтық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін экономикалық аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған аймақтарда қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық және шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатпайды. Осындай еркін экономикалық аймақтардың үшінші буынына жатады. Мұндай аймақтар мемлекеттің еркін қолдауымен ірі ғылыми орталықтардың жанынан құрылады. Бұл аймақтарда ұлттық және шетелдік ғылыми - зерттеу, жобалау, ғылыми- өндірістік фирмалар жұмыс істейді. Олар салық және қаржы жеңілдіктерін бірдей пайдаланады. Жаңа техниканы енгізу аймақтары кеңінен тараған елдердің қатарына АҚШ, Жапония, Қытай жатады.
АҚШ-та оларды технопарктер, Жапонияда - технополистер, Қытайда - жаңа және жоғары технологияларды дамыту аймақтары деп атайды. Еркін сауда және кәсіпкерлік аймақтарға қарағанда технопарктерді құру үшін бұл екі өндірістік органдарға сияқты рұқсат қажет емес. Оларды құру үшін белгілі бір лайықты орта қажет, ол ортада мына қасиеттер болуы қажет: географиялық, экономикалық, ғылыми және социалдық факторлар. Соңғы жылдардың ішінде кейбір штаттар өздеріне осындай ортаны, басқа жолдармен құрғысы келгендер болды.
Қазіргі жағдайда технопарктер АҚШ-тың әлемдік рынокта бәсекелестігін жоғарылату үшін және де ұлттық базалардың жоғары технологиялық өндірістің дамуында үлкен роль ойнайтынын айта кетпеуге болмайды.
Парктердің басыңқы бөлігі мемлекттің тарапынан ешқандай да мүмкіндіктерге ие болмайды. Олардың жұмыс мезгілі дәл жоғары технолоогиялық өндірістің фирмаларыныңкіндей.
АҚШ-та технопарктің 2 түрі бар: Біреуі кездейсоқ пайда болған технопарктер, яғни белгілі бір тұлғалардың немесе жеке мекеменің сұранысы бойынша; Екіншісі, бөлек бір штаттың нұсқауы бойынша құрылған. Парктердің осы екінші түрі қазіргі уақытқа дейін құрылып келеді, бірақ атағы шыққан және қарқынды әсер ететін технопарктер бірінші рүріне жатады. Соның арасында: Сан - та - Кларадағы (Калифорния) Станфорд университетінің жанындағы Силиконовая долина технопаркі; Массачусетс технологиялық институтыны мен Гарвард университетінің жанында орналасқан Бостонский маршрут 128; Парк - треугольник Солтүстік Каролина, ол ауданның орталығында, онда 3 университет - Унивеситет Дюка, Солтүстік Каролина университеті және Солтүстік Каролинаның штатының университеті. Осы 3 технопарк дәл осындай орталықтарды АҚШ - тың тек басқа аудандарында ғана емес, сондай - ақ шетелдерде де құрмақ мақсаты бар.
Мұндай аймақтар мемлекеттің еркін қолдауымен ірі ғылыми орталықтардың жанынан құрылады. Бұл аймақтарда ұлттық және шетелдік ғылыми-зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар жұмыс істейді. Олар салық және қаржы жеңілдіктерін бірдей пайдаланады.
Түрлі бағалауларға қатысты, қазіргі шақта АҚШ- та 80 - нен 150 - ге дейін технопарктер саналған. Бірақ олардың нақтылы формалары мен басқару процестері бірдей емес, технопарктер университеттің іскерлік бастамаларында, акционерлік қоғамдарда, ассоциацияларда жеке меншігі болып саналады.
Технопарктерді қаржыландыру түрі көздерден алынады: фондтардан, университеттерден немесе қайырымдылық қорлардан, министерстволардан, фирмалардан, сондайақ жеке құралдардан. Кейбір технопарктер табысты болып келеді де, ал енді біреулері табысты емес мекемелер болып саналады.
Жаңа техниканы енгізу аймақтары кеңінен тараған елдердің қатарына АҚШ, Жапония, Қытай жатады. АҚШ-та оларды технопарктер, Жапонияда - технополистер, Қытайда - жаңа және жоғары технологияларды дамыту аймақтары деп атайды.
Қазақстандағы еркін еркін экономикалық аймақтар
Қазақстанда ең алғаш еркін экономикалық аймақтар 1991 жылы: Жезқазғандағы Жайрем - Атасу; Талдықорған облысындағы Алакөл мен Жаркент; Талдықорғандағы Талдықорғанвнештранс мекемесі; Қостанай облысындағы Лисаков пен Алматы қаласындағы Атакент еркін сауда аймағы. Тағы бірқатар облыстар (Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау) еркін экономикалық аймақ деп жарияланған.
Алайда еркін экономикалық аймақтарды құрудағы бірінші тәжірибе көзегеніне жетпеді, өйткені қаржы, салық және т.б. мәселесін шешуде айтарлықтай сенімділік болмады. Қайта бастау алып жатқан еркін экономикалық аймақтар Қазақстан Республикасының шектеулі территориясын алып отыр. Еркін экономикалық аймақты аудандардың дамуын жеделдету үшін, әлемдік шаруашылық байланыстарына республиканың экономикасын кіргізу, жаңа шығарылған өндірістің түрлерін игеру, инвесторларды қызықтыру, басқарудың жаңа түрлерін игеру және шаруашылықтандыру, сондай-ақ әлеуметтік ахуалдарды шешу мақсатында құрады.
Лисаковский еркін экономикалық аймағының экономикалық өсуінің көрсеткіштері аймақтағы экономикасының қалыпты жағдайын куәландырады. Жұмыс істеп жатқан мекемелер сол қалпында сақталып, ондаған жаңа жеңіл және тамақ өнеркәсіптері пайда болды. Соғае байланысты өндіріліп жатқан өнімдердің алуан түрі пайда болды.
Ақмолалық еркін экономикалық аймақтың алғашқы жылдарындағы жұмысы құрылымдық мекемелерді жандандыру мен сауықтырудан байқауға болады. Ай сайын шығарылып жатқан өнімнің ұлғаю көлемі 1.5 - 2 % болады.
Экономикалық және әлеуметтік қор құралдарының дамуы еркін экономикалық аймақтардың іске асыру бағдарламасына бағытталған, жаңа астананың ұлғаюы мен қайта құрылуы мақсатына негізделген.
Қызылорда қаласына еркін экономикалық аймақ статусын беру мерекелік іс-шараларды шындауға, жаңа өндірісті игеруге, кіші және орта бизнеске көмек көрсету, инвесторларды қызықтыруда үлкен роль ойнады.
"Қорғас-Шығыс қақпалары" еркін экономикалық аймағы 2016 жылдың қырқүйегінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ұлттық қордан "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында бөлінетін бюджеттің қалыптасуы мен жұмсалуын бақылайтын мәжіліс комиссиясының отырысында "Самұрық-Қазына" қорының басқарма директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді.
Оның мәліметінше, "Самұрық-Қазына" индустриалды инфрақұрылымның екі жобасын іске асырмақ. Біріншісі: құны 83,3 млрд теңге болатын, 2014-2016 жылдарға жоспарланған "Қорғас-Шығыс қақпалары" ЕЭА (еркін экономикалық аймақ) инфрақұрылымының құрылысы, екіншісі - "Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопарк" ЕЭА инфрақұрылымының құрылысы. Құны 215,5 млрд теңге, 2014-2018 жылдарға жоспарланған.
"Қорғас-Шығыс қақпалары" ЕЭА-ның жалпы құны 83,3 млрд теңге, олардың ішінде 36,8 млрд теңгесі республикалық бюджетке тиесілі, 46,5 млрд теңге ҚТЖ-ның өз қаржысы. 2020 жылы ЕЭА толық қуаттылығын орындамаған уақытта да жүк өңдеу көлемі жылына 4,4 млн тоннаны құрайды. Инфрақұрылым құрылысы кезінде 939 жұмыс орны құрылады, ЕЭА жұмысын бастағанда 10 мың жұмыс орны болады деп жоспарланып отыр. ЕЭА құрғақ порттан, логистикалық және индустриалды аймақтан тұрады", -деп түсіндірді Н.Рахметов.
Ал екінші жобаға республикалық бюджеттен 201,9 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Олар инфрақұрылымға жұмсалады. Өзге 13,6 млрд теңге операторды қамтамасыз етуге арналған ағымдағы шығындары жұмсалады.
Тараз химия паркі еркін экономикалық аймағы (ЕЭА) нысандары құрылысының бірінші кезегі 70%-ға аяқталды. Бұл туралы Самұрық-Қазына АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Тараз химия паркі ЕЭА жобасын Біріккен химиялық компания ЖШС іске асырып жатыр. Парк аумағында метанол, аммиак (сондай-ақ, олардың өнімдері - кешенді және азотты тыңайтқыштар, отынға арналған қоспалар, ағаш өңдеуге арналған түрлі шайырлар), күйдіргіш сода, өнеркәсіптік химиялық реагенттер, глифосат, гербицид және т.б. шығаратын ірі және орта салмақты химиялық өндірістер ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ЕЭА аумағында глифосат (гербицид) пен хлорлы фосфат өндіру кешенінің құрылысы басталды. Бұл жоба импортты алмастыруға бағытталған және елдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін экономикалық аймақтар
Еркін экономикалық аймақтардың түрлері
Еркін экономикалық аймақтар мәні
Еркін экономикалық аймақтардың теориялық аспектісі
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Еркін сауда аймақтары
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Арнайы экономикалық аймақ
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ
Пәндер