Қазіргі таңдағы Қазақстандағы инвестициялық климат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2-1. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы инвестициялық климат
2-2. Қазақстанға шетел инвесторларын тарту іс- шаралары
2-3. Қазақстанның инвестициялық саясаты
2-4. Қазақстандағы франчайзинг және ондағы проблемалар мен даму перспективалары
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызады.Соның бір көрінісі Қазақстанда-ғы отандық және шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді жою, саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану саласында құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық соттарды қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын қарастырады. Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатымен мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогты дамыту бойынша көпсатылы жүйе құрылды. Ол өзіне ҚР Президентінің Шетел инвесторлардың кеңесі, инвестициялық климатты жақсарту кеңесі, Премьер-Министрдің орынбасарының жетекшілігінде арнайы жұмыс органы, инвестициялық омбудсменнің принципі бойынша әрекет етуді қосады.2
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы инвестициялық климат
Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің Doing Business 2014 жаңартылған рейтінгінде 50-ші орында тұр. Инвесторды қорғау индикаторы бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһанды индексінде екі жыл қатарынан әлемдегі 185 елдің ішінен 10-шы орынға ие болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2005 жылдан 2013 жылдың 30 қыркүйек аралығында, республика 177,8 млрд. АҚШ долл. тікелей шетел инвестицияларын тартты. Соңғы 5 жыл динамикасының көрсеткіші бойынша, осы аралықта жалпы инвестициялық сомадан 100 млрд. АҚШ долл. тартылды. Сонымен, елде дүниежүзілік қаржы дағдырыс жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып қалып, инвесторлардың сенімін тудырды.
ҚР негізгі бәсекелестік басымдылықтарға Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның тез өсіп келе жатқан нарықтарына географиялық жақын орналасуын жатқызады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы АТА-ны Еуропамен және Таяу Шығыспен қосатын негізгі трансконтинентальді бағыттар өтеді.
Кеден Одағының шеңберінде интеграциялық үдерістер маңызды рөл атқарады. Кеден Одағы ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долл. және 170 млн. жуық халық тұратын бірыңғай тауар нарығын ашады, ол біздің елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіншіліктер туғызады.
Қазіргі кезде, Қазақстанда шетел капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компаниялар жұмыс істеуде, соның ішінде Fortune - 500 тізіміне кіретін (Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, Данон (Франция), ENIAgip, Bonatti, Saipem, Augusta, Westland, Italcement (Италия), GE (АҚШ) компаниялары бар.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатымен мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогты дамыту бойынша көпсатылы жүйе құрылды. Ол өзіне ҚР Президентінің Шетел инвесторлардың кеңесі, инвестициялық климатты жақсарту кеңесі, Премьер-Министрдің орынбасарының жетекшілігінде арнайы жұмыс органы, инвестициялық омбудсменнің принципі бойынша әрекет етуді қосады.
Қазақстан экономика саласында бірнеше стратегиялы бағдарламалық құжаттарды іске асыруда, мысалы индустриалды-инновациялық дамудың жылдамдатылған мемлекеттік бағдарламасы, жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы. 2050 жылға дейін өндірілген энергияның 50% баламалы және жаңартылған энергия көздерімен қамтамасыз етіліп отырады деп болжануда, ЖІӨ-нің қосымша өсуі 3% кем емес болады. Қазақстанда жағымды инвестициялық климат құрылған. Инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған. Ұлттық заңнамалар мен халықаралық-құқықтық база әрдайым жетілдірілуде, инвестициялық жеңілдіктер пакеті ұлғаюда.
ҚР Инвестициялар туралы Заңында инвесторлардың құқықтарының келесідей кепілдіктері бекітілген құқықтық қорғаудың кепілдігі, ұлттандыру және реквизиция болғандағы инвесторлардың құқықтарының кепілдігі (тек қана айрықша жағдайларда рұқсат етіледі).
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау бойынша екіжақты келісімдер жасалды (олар: 47 екіжақты және бір көпжақты (ЕурАзЭҚ).
ҚР Инвестициялар туралы Заңына сәйкес, инвестор басым салаларда инвестицияларды жүзеге асырған кезде келесі жеңілдіктерге ие болады. Материалдар мен шикізаттарды, құрал-саймандарды елге кіргізген кездегі кедендік баж салықтарынан босатылу, мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық және стратегиялық жобалар үшін (жоғары баға қосылған тауарлардың өндірілуі басым салалардың қызметінде, жоғары технологиялық салаларда және ивестиция көлемі 5 млн АЕК-тен кем емес). 7 жылға дейінгі салық жеңілдіктері қарастырылған (жер және мүлік салықтары нөлдік төлеммен); әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардағы өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электроэнергия, жер телімін иеленуге, ғимараттарды иеленуге, құруға кеткен шығындарды өтеу). 10 арнайы экономикалық аймақтардың шеңберінде келесі жеңілдіктер берілген; жер салығы, мүлік салығы, АЭА аймағындағы тауарларға ҚҚС босатылу, жер телімін 10 жылға тегін жалға беру.
АЭА шеңберінде инновациялық технологиялар паркі ИТП жоғарыда көрсетілгендерге қоса келесі жеңілдіктер берген әлеуметтік салық 0% аумақтан тысқарылық принциптері - ИТП қатысушылары АЭА аумағынан тыс жерде болуы мүмкін және ҚҚС-тан басқа салық жеңілдіктермен қолдана алады, бағдарламалық қамтамасыз етудің амортизациялық нормасы - 40% (стандарт - 15%). 1
Қазақстанға шетел инвесторларын тарту іс- шаралары
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді. Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен, құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.
Инвестициясыз ішкі және сыртқы рыноктардағы тауар өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету, қазіргі кездегі капитал жұмсалымдарының болулары мүмкін емес. Рыноктік инфрақұрылымдардың және әлемдік тауар өндірушілердің құрылымдық және сапалық өзгертулерінің процесстері инвестициялаудың есебімен және жолымен жүзеге асырылады. Инвестициялау экономикалық өсуді, аймақтың әлеуметтік жағдайын, халықтың жұмыспен қамтылуын және сонымен қатар елдің экономикасының дамуын анықтайды.
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялаудың тартылуымен тығыз байланысты болып келеді. Шетел инвестициялары Қазақстан Республикасының территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар, интеллектуалды қызметті және тағы басқа мүліктерді, сонымен қатар қызмет пен ақпарат нәтижелеріндегі ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар түрінде шетел капиталын салу болып табылады.3
Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынады. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық климат мемлекетте, аймақта және қалада инвестицияның қызмет жағын анықтайтын заңдық, нормативтік, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени және тағы басқалары бір-бірімен байланысты факторлардың әсерінен қалыптасады. Яғни, инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер (факторлар) арқылы бағалауға болады. Оларға: экономикалық реформаның жағдайы; банк жүйесінің тұрақтылығы; саяси реформаның тұрақтылығы; табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі; инвестициялық қызметтің құқықтық реттелу дәрежесі және халықаралық стандартқа сай жасалған заңдылықтар мен нормативтік актілердің болуы; инфляция қарқыны; сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі; білікті жұмыс күшінің болуы; мемлекеттік нарық потенцалының сипаты (ЖІӨ, халық саны); нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының дамуы және тағы басқалар жатады.
Шетел инвесторлары инвестициялық климаттың бұл көрсеткіштерін бағалап мемлекеттегі инвестициялық климатты жағымды немесе жағымсыз екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды болса, онда инвесторлар инвестиция туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан ұзақ мерзімге бағытталған "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына" сәйкес өзінің динамикалық дамуын жалғастыруда, сонымен қатар біздің алдымызда - Қазақстанды әлемнің бәсеке қабілетті елу елінің қатарына енгізуіміз қажет деген стратегиялық мәселеміз тұр.
Қазақстан еліміздің экономикасына шетел инвесторларын тарту саласы бойынша көптеген нәтижелерге жетті. Қазақстанның экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвесторлардың жалпы түсімінің өсулері 60-65 пайыз көлемін құрайды. Егер 2006 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 10,6 млрд. долларды құраса (2005 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өскенін көрсетеді), ал 2007 жылы Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 17,5 млрд. долларды құрады (2006 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскенін көрсетеді). 2008 жылдың бірінші кварталында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы түсімдері 3,3 млрд. долларды, ал екінші кварталында 3,972 млрд. долларды құрады. Яғни, мұндай жағдайда әлемдік қаржы нарығындағы болып жатқан жағдайларға қарамастан тікелей шетелдік инвестициялардың түсімдерінің тұрақтылығын көруге болады. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария, Рессей елдерінен белсенді түрде құйылуда.
Қазақстан экономикасының саясатының алғашқы даму кезеңдерінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мұнай өнеркәсібіне және оның инфрақұрылымына ірі жобаларды жасауға негізделінді. Жоғарыдағы көрсетілген тікелей шетелді инвестициялардың жалпы түсімдеріннің негізін мұнай газ саласы құрады. 2008 жылдың бірінші кварталында жалпы инвестициялық түсімдердің көлемінің 68 пайызы мұнай жобаларына бағытталынды. Мұнайдың бағасы тұрақтандырылған және оларды төмендетуді тоқтатқан жағдайда мұнай саласы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бұрынғыдай белсенді рөл атқарады. Жалпы елімізде тікелей инвестициялар негізінен мұнай өндіру және өңдеу өндірісіне, түсті және қара металлургия кәсіпорындарына, газ өнеркәсібіне және байланыстарға құюлуда. Инвестицияның көлемі бойынша ірі инвесторлардың бірі АҚШ елі болып келді. Соңғы кездері Қытай мен Рессей елдеріде біздің елімізге өз инвестицияларын салуда. Бірақ, соған қарамастан қазіргі кезде мұнай-газ саласына инвестицияларды тартуда қиыншылықтар туындауда деп айтуға болады.2
Қазақстанның инвестициялық саясаты
Инвестиция саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыстағы тетігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі және соған ұқсас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі болып табылады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді жою, саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану саласында құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық соттарды қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын қарастырады. Сонау 1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай, ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша, ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. Үкімет сыртқы қарыздардан гөрі тікелей инвестицияларға басымдық берді. Мәселен, 1993 жыл мен 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына түскен шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Сөйтіп негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 26,4 пайызға жеткен. Айта кету керек, Қазақстан әлем экономикасы қиыншылықтарға тап болған жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. 4
Экономикалық қайта құрулар мен халықтың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан көшбасшы елдердің үштігіне қосылды . Сөйтіп одан кейінгі жылдары нарық капиталындағы жағдайдың өзгерісі елімізге одан әрі шетелдік инвестицияның құйылуына жол ашты. Осы жылдары шетелдік тікелей инвестицияның оң көрсеткіші 2760 млн. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда, жоғары көрсеткіш екенін байқау қиын емес. Соның ішінде жалпы республикалық инвестицияның тең жарымы шикі мұнай мен газды өндіретін кәсіпорындар үлесіне тиесілі-де, ал аймақтарда Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына біршама үлесін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында салықтық жеңілдік пен артықшылықтар беруге 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды . Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы арқасында Қазақстанға шетелден тікелей түскен инвестиция көлемі 35 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұның 40 пайызы ЕО елдеріне тиесілі еді. Ірі инвесторлар қатарында, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Германия секілді елдер бар. Қазақстан елдегі қолайлы жағдайға байланысты ТМД елдері арасында жан басына шаққанда ең көп шет елдік инвестицияны тартуға білек сыбан кірісті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назабаевтың тікелей қолдауымен тартылған шетелдік капитал елдің нормативтік-құқықтық және институттық негіздің тұрақтылығын одан әрі нығайтуда басты рөл ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан өзі де Грузия мен көршілес Қырғызстанда бірінші инвестор-мемлекет болып табылды. Қазақстанның экономикалық даму саясатының негізгі басымдықтары болып, біріншіден экономиканы әртараптандыру және оның мұнай мен газға тәуелділігін жою, сондай-ақ жоғары құндылықтағы бағалы өнімдерді өндіруге жәрдемдесу дейміз. Екіншіден, сол кездегі саясат бойынша, Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену, үшіншіден, Дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы әлемдік экономикамен интеграциялану. Бұл межелерге қол жеткізу үшін Үкіметке көптеген ірі міндеттерді жүзеге асыру қажет болды. Осының арқасында түрлі жеңілдіктер қарастырылды. 5
Экономиканы әртараптандыруда, яғни мұнайхимиялық саланы, құрылысты, туризм мен көліктік саланы дамытуда жеті кластер белгіленді. Мемлекеттің инвестициялық саясаты экономикадағы теңдікті сақтау үшін басымдық берілген салаларға тікелей инвестицияларды көбірек тартуға ықпал етуге бағытталған. Мәселен, сол кезде басымды салалар болып: ауыл шаруашылығы, өңдеу кәсіпорыны, өндірістік инфрақұрылым, әлеуметтік, мәдениет және туризм салаларының нысандары және Астана қаласының нысандары қамтылды. Солардың ішінде шетелдік кәсіпорындар үшін неғұрлым тартымды секторлар ретінде өңдеу кәсіпорындары (64,3 пайыз) және өндірістік инфрақұрылым (26,6 пайыз) болып табылды. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жетілдіру мен инвестициялық шарттар тәртібін сақтау мониторингі тікелей инвестицияларды тарту аясындағы заңдылықты жетілдіру жөніндегі шаралармен тығыз байланысты жатыр. Бұл Парламенттің қарауына Инвестициялар туралы жаңа заңды дайындауға және енгізуге негіз болды. Соған сәйкес тұтас заң актілері дайындалды. Инвестициялық саясатты -- ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз абзал. Өйткені инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту. Ал инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі көзін ашып, дамытуға әсерін тигізеді. Әлі-де тигізе беретіні анық. Соның негізінде, яғни бүгінде жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі құралдарының бірі -- тікелей инвестициялар тарту болып қала бермек. Бірақ ол үшін, алдымен шетелдердің инвестиция тартудағы тәжірибелерін-де білу керек еді. Бұл орайда көптеген елдердің тәжірибелеріне қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар үңілді. Олардың бәрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ солардың ішінен кейбір елдерді атап өткен жөн. Мәселен, Жапонияның инвестиция тартуға құрылған үлгілерін сөз етуге болады. Оларда шетелдік инвестицияны тартуда 1994 жылы Премьер-министр басқарған Шетелдік инвестициялар жөніндегі кеңестің құрылуы маңызды орын алады. Кеңесу органы болып табылатын Кеңес құрамына шетелдік инвестиция мәселелерін реттейтін негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары енген. Кеңес Жапониядағы шетелдік инвесторлардың қызметі туралы, ақпарат жинақтап, шетелдік инвестиция нарығындағы негізі бағыттар мен жағдайды талдап, материалдарды жинақтап, сосын белгілі бір шешім қабылдау үшін үкіметке ұсынумен айналысады. Аталған кеңестің жанынан сараптамалық комиссия құрылып, оның құрамына, АҚШ сауда-өнеркәсіп палатасының басшылары және Еуропа елдерінің, Азия елдері компанияларының өкілдері, көшбастаушы экономикалық ұйымдардың жетекшілері арнайы шетелдік мүше есебінде енген. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. Өйткені Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі басқа елдерге қарағанда елеулі бірқатар ерекшеліктері бар. 90-шы жылдардың ортасы мен аяғында іске асырылған әлеуметтік-экономикалық даму жобалары ел әлеуетін қалпына келтіруге мүмкіндік бергенімен, Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық жағдайын орнықтыра түсу үшін өңірлік интеграция қарқынын жеделдету қажет болды. Жалпы қолайлы инвестициялық климатты құру жөніндегі мәселелермен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалынды. Ол үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы іскерлік кешенін, сол сияқты институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтас жүйені құру іске асты. Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар пакетін қолданудың әртүрлі үш-деңгейі қолданысқа енгізілді.5
Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін: Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі енгізілді. Арнайы экономикалық аймақтарда іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін -- ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, салық салудың айрықша тәртібі болды. Жеңілдіктер бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға берілді. Бұл орайда шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік іске қосылды. Сөйтіп белгілі шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалды. Жоғарыда айтылған салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар, гранттық негізде инвестициялар бөлігінің өтемақысы, оны кейіннен өңдеу не ірі өндірушілерден шикізаттың осы түрін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында шикізаттың шығу орнын басым тәртіппен ұсыну жүзеге асырылды. Одан әрі ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен ынталандырудың басқа қаржылық және қаржылық емес шаралары ойластырылды. Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың бұл өлшемдері бойынша шешім Үкімет-деңгейінде қабылданатын болды. 6
Әрбір әлеуетті деген инвестормен жеке келіссөздер жүргізілді. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру көптеген маңызды іс-шараларды қамтыды. Соның ішінде, бәрінен бұрын, трансұлттық компаниялардың арасынан әлеуетті мақсатты инвесторлар іздеу және айқындау қажет еді. Бұл орайда әрбір нысаналы инвестормен Жол картасы бойынша жұмысты әзірлеу және іске асыруды қоса алғанда, бизнес ашу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
БІРІККЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУ НЕГІЗІНДЕ
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Инвестициялық жобаның тиімділігі
«Қазақстан Республикасының мұнайгаз секторындағы шетел инвестициялары»
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Агро маркетинг
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Пәндер