Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Кіріспе . . . . . 5

1. Дамыта оқыту - оқушылардың танымдық-шығармашылығын дамытудың негізі

1. 1. Бастауыш мектепте дамыту оқытуды қолдану мәселесі . . . 9

1. 2. Бастауыш бiлiм - үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы сатысы . . . 13

1. 3 Дамыта оқыта отырып оқушылардың құзіреттілігін дамыту . . . 17

2. Дамыта оқытуда бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың жолдар ы

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру . . . 25

2. 1. 1. Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттырудағы рөлі . . . 46

2. 2. Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту . . . 54

2. 3. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту . . . 61

2. 4. Дамыта оқытудың тәсілдері мен әдістерін сабақта пайдалану . . . 67

Қорытынды . . . 75

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 76

Қосымшалар . . . 78

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер жасалған:

- Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары; Негізгі ережелері. Алматы: РОНД, 2002.

- Қазақстан Республикасыныңі «Білім туралы Заңы» / Егеменді Қазақстан/ 1999ж. 11 маусым.

- Қазақстан Республикасының Білім министрінің «Тәлім тәрбие тұжырымдыамасы» Алматы, 1993.

- Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

- Қазақстан халқына жолдауы; Н. Ә. Назарбаев

- Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

  • Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы. Жалпы орта білім. Алматы: РОНД, 2003, 32 -бет.

- Қазақ тілі. математика, дүниетану, ана тілі пәндерінде жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған бағдарламалар. Алматы:Атамұра, 2008ж.

Анықтамалар

Дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалар қолданылды:

Дамыта оқыту - мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары баланың заңдылықтарына тікелей негізделген оқыту.

Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі.

Қызығу - танымдық іс- әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып- үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Танымдық қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Шығармашылық әрекет - тың өнім, нәтиже туғызуға бағытталған әрекет. Психодиагностикалау дегеніміз-оқушылардың қабілеттерін таным үрдістерін дамыту, жеке бас ерекшеліктерін зерттеу мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігін айқындау.

Ойлау- баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі.

Логикалық ойлау - дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Таным белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта- ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі

Оқу- таным қызметінінің тиімділігін бақылау әдістері.

Ойлану -дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу .

Ойлаудың дамуы дегеніміз-оның мазмұны мен формасының өзгеруі, ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады.

Таным белсенділігі - оқушының оқуға, білуге деген ынта- ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Оқушы шығармашылығын дамыту - білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.

Оқытудың негізгі мотиві - таным мотиві, өйткені таным арқылы оқу балаға құлшыныс және тұрақты қызығу әкеледі

Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты - жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі - әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.

Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылды. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан-2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде көрсетілді [1] . Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында [2] және «Қазақстан Респуб-ликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» [3] білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған. Мұндай мақсатқа жетуде жалпы білім беру жүйесі, оның ішінде үздіксіз білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы - бастауыш мектеп үлкен орын алады.

Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында» [4] айқын көрсетіліп, әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп, оларға әрбір пәннің мақсатын қайта қарауға бағыт береді.

Білім - қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу - қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.

Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын-ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу - жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.

Осы мақсат дәстүрлі оқыту жүйесіндегі пассив объекті мен жаңа педагогикалық жүйелердегі белсенді субъектінің арасындағы басты айырмашылықты көрсетеді.

Қазіргі кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізудің уақыт пен тиімділігін көрсетіп жүрген бірнеше педагогикалық технологияның ішінде дамыта оқыту жүйесінің өзіндік орны анықталған.

Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясының ерекше атауға себеп болатын көптеген қыры бар. Оларды әдіснамалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан тану арқылы ғана дамыта оқыту әдістемесін бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісіне енгізіп, одан көздеген нәтижелер алуға болады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» бойынша білім, ең алдымен, нәтижеге негізделуі керектігі көрсетілген.

Нақты оқу-танымдық әрекет туралы айтар болсақ, баланың әрекеті пәндік, яғни заттық сипатта қандай да бір теориялық білім негізінде ғана толыққанды болады. Бұл тұрғыда В. В. Давыдовтың тұжырымдары мен зерттеулеріне талдау жасай отырып, Г. К. Селевконың дамыта оқытудағы оқушының теориялық танымдық әрекетіне тән көрсеткен белгілері сараланды.

Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П. П. Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса, Д. Н. Богоявленская мен Н. А. Менчинская - оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу. В. В. Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады.

Л. С. Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні -оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов, Л. В. Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде - ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды

Бастауыш сынып оқушысының ақыл-ойын дамытуға арналған теориялық әдістерді қолдану, сол арқылы ойлауы мен тілін дамыту өте күрделі болғанмен, оның нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік механизмдері Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. М. Мұқанов, Г. К. Селевко т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп, қазақ ғалымдары С. Р. Рахметова, Ф. Ш. Оразбаева, Қ. Қадашева, К. Жақсылықова, Н. Ж. Құрманова сынды т. б. көптеген ғалымдардың зерттеулерінде көрініс тапты. Аталған ғылыми еңбектердің жетістіктерін пайдалана отырып, біз өз жұмысымызда Л. С. Выготскийден бастау алып, беріде А. Н. Леонтьевтің идеяларына сүйенетін В. В. Давыдовтың қарастырған дамыта оқыту теориясы, дамыта оқыту идеясы негізінде көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан альтернативті сыныптар мен мектептердің («Мәдениеттер диалог мектебі», «Жас мектебі») тәжірибесін, қазақ тілі әдістемесіндегі Н. Ж. Құрманованың дамыта оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері туралы айтқан қағидаларын атауға болады.

Кейінгі уақытта біздің елімізде де қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Атап айтар болсақ, Ж. А. Қараев, Ж. У. Қобдиковалардың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі», Қ. А. Әбдіғалиева, Н. Н. Нұрахметов және т. б., М. Р. Көпжасаровалардың «Шоғырландырып-қарқынды оқыту», М. М. Жанпейісова, З. Бейсенбаева, Қ. Ж Бұзаубақовалардың «Модульдік», Н. Ж. Құрманованың «Дамыта оқыту», Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологияларын жатқызуға болады.

Немістің педагогі А. Дистервег «Дамыта оқыту» деп баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты дайындап өзі айтып береді, ал «Жақсы» мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, - деген. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Выготский, М. Я. Лернер, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.

Зерттеу объектісі: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технологиясын қолдану

Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технологиясын пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың теориялық негіздерін анықтау;

2. Педагогикалық тәжірибе арқылы бастауыш сыныптарда оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу және әдістемесін жасау;

3. Дамыта оқыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технологиясы тиімді пайдаланылса, онда бастауыш мектептегі білімнің сапасы артып, келешектегі даму бағыттары айқындалады, сондай-ақ қазіргі қоғам талабына сай жан-жақты дамыған білімді ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туындар еді.

Зерттеу әдістері: зерттеудің болжамын тексеру мен міндеттерін шешу мақсатында философиялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, эксперимент жүргізу (сауалнама, тест жұмысы, тәжірибе сабақтары) және тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін статистикалық (сандық) өңдеу, қорытындылау.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі

Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың педагогикалық, теориялық негіздері айқындалды;

Зерттеудің жаңалығы

Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, маңыздылығы көрсетіліп, әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні: зерттеу материалдарын педагогикалық мамандықта оқитын студенттер мен бастауыш сынып мұғалімдері пайдалануға болады.

Зерттеудің базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп.

1. Дамыта оқыту - оқушылардың танымдық-шығармашылығын дамытудың негізі

1. 1. Бастауыш мектепте дамыту оқытуды қолдану мәселесі

Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П. П. Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса, Д. Н. Богоявленская мен Н. А. Менчинская - оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу. В. В. Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады.

Сонымен тұлға дамуының, сондай-ақ оны өзінің дамытуының негізгі тетігі қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Өзін-өзі дамыту үдерісі тұлғаның барлық аясын қамтиды және әр ретте жаңа деңгейге көтеріліп отырады. Сөйтіп, оның «өзімінің» жетілуіне әкеледі. Өзін-өзі дамыту - субъект-субъект бағытындағы ерекше шығармашылық әрекет деген ғылыми тұжырым жасауға болады.

Л. С. Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні -оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов, Л. В. Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде - ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.

Ойлау - таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі- затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі - ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.

Дамыта оқытуда теориялық білім абстрактылықтан нақтылыққа өту әдісі арқылы жинақталады. Ол - диалектикалық логиканың негізгі зерттеу әдісі. Яғни ойлаудың теориялық немесе эмпирикалық мазмұны анықталады. Ал ол теориялық ойлаудағы абстрактылықтан нақтылыққа өту үдерісінің сипатына байланысты болады.

Теориялық ойлау барысында білім әрі жүйе, әрі тұтастық ретінде танылады. Яки кез келген теориялық білім үшін таным объектісін жүйелік тұрғыдан тану маңызды болып есептеледі. Ол жүйе теориялық ойлаудың талдау және жинақтау, топтастыру, индукция және дедукция, эксперимент, модельдеу секілді әдістері арқылы танылады.

Синтаксисті дамыта оқыту барысында білім тұтас жүйе ретінде ұсынылады, сол арқылы оқушылар синтаксисті құраушы элементтер ретіндегі әрбір ұғымның арасындағы осындай жүйелік қатынастар мен байланыстарды анықтай білуге үйренеді. Синтаксис туралы тұтас, жалпы ұғымды құрайтын жекелеген ұғымдарды ажырата білуге, олармен жұмыс істеуге үйренеді.

Бастауыш сынып оқушысының ақыл-ойын дамытуға арналған теориялық әдістерді қолдану, сол арқылы ойлауы мен тілін дамыту өте күрделі болғанмен, оның нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік механизмдері Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, М. М. Мұқанов, Г. К. Селевко т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп, қазақ ғалымдары С. Р. Рахметова, Ф. Ш. Оразбаева, Қ. Қадашева, К. Жақсылықова, Н. Ж. Құрманова сынды т. б. көптеген ғалымдардың зерттеулерінде көрініс тапты. Аталған ғылыми еңбектердің жетістіктерін пайдалана отырып, біз өз жұмысымызда Л. С. Выготскийден бастау алып, беріде А. Н. Леонтьевтің идеяларына сүйенетін В. В. Давыдовтың қарастырған дамыта оқыту теориясы, дамыта оқыту идеясы негізінде көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан альтернативті сыныптар мен мектептердің («Мәдениеттер диалог мектебі», «Жас мектебі») тәжірибесін, қазақ тілі әдістемесіндегі Н. Ж. Құрманованың дамыта оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері туралы айтқан қағидаларын тірек еттік. Дамыта оқыту қағидалары нақты оқыту технологияларында терең қарастырылып, қазақ тілін оқытуда кеңінен қолданыла бастаса да, бастауыш мектептегі қазақ тілі синтаксисін оқытуда алғаш рет сөз болып отыр. Бұл бастауыш сынып оқушысы үшін қазақ тілін ана тілі ретінде жаңа қырынан тануына мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту - шынайы өмірдегі, болмыстағы дамудың заңдылықтарын негіз етіп алатын үдеріс деп қарастыра келе, дамыта оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланды.

Дамыта оқыту жүйесі көздеген мақсаттарға жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді, сонымен қатар баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсіп, білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Дамыта оқытудың ерекше белгілері: ұғымдардың арақатынасы: меңгеру, дамыту, оқыту (В. В. Давыдов бойынша), дамыта оқытудың негізгі сипаттамалары, дамыта оқыту проблемалары, дамыта оқытудың тарихи аспектілері, Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов бойынша дамыта оқыту жүйесі, Л. В. Занковтың дамыта оқытудың дидактикалық жүйесі, дәстүрлі оқыту мен Л. В. Занковтың дамыта оқыту дидактикалық жүйесінің ұстанымдарын салыстыру, П. Я. Гальпериннің ақыл-ой операцияларын сатылы қалыптастыру теориясы , әрекеттің бағдарлы негізінің типтері модельдер мен сурет түрінде берілді.

Кейінгі уақытта біздің елімізде де қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Атап айтар болсақ, Ж. А. Қараев, Ж. У. Қобдиковалардың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі», Қ. А. Әбдіғалиева, Н. Н. Нұрахметов және т. б., М. Р. Көпжасаровалардың «Шоғырландырып-қарқынды оқыту», М. М. Жанпейісова, З. Бейсенбаева, Қ. Ж Бұзаубақовалардың «Модульдік», Н. Ж. Құрманованың «Дамыта оқыту», Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологияларын жатқызуға болады.

Дамыта оқыту деп (В. Давыдов, В. Репкиннің, Элькониннің трактовкасы бойынша) мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастыру формалары баланың заңдылықтарына тікелей негізделген оқытуды айтады.

В. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді.

Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттерін пайдалансақ, . оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл. )

«Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен. Оқушылар бойында «шығармашылық әрекет тәжірибелерін» қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары - ақ И. Я. Лернер жазған болатын. Қазақстанда шығрармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог - ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников, Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б. Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады. «Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді. » Ж. Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам психологиясы тек іс - әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын тұжырым деп есептейміз. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі-орыс ғалымы В. П. Беспалько.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылықты арттырудың теориялық мәселелері
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Дамыта оқыту негізінде бастауыш оқушыларының шығармашылығын жетілдіру жолдары
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Психикалық дамытуға бағытталған тұжырымдамалар
Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Шығармашылық әңгіме оқыту маңызы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz