витаминдер


Жоспары
Кіріспе
І А Витаминоз
1. Витаминдер туралы түсінік
2. Витаминдердің адам өміріндегі маңызы.
Қортынды
А витаминоз, Гиповитаминоз.
Витаминдер туралы жалпы түсініктеме. (лат вита - өмір + аминдер - құрамында азоты бар химиялық заттар) . Витаминдер - аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферменттердің құрамына кіретіндегі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер тізілуін тоқтатады, яғни зат алмасу процесс бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады, т. б. күрделі өзгерістер туады. Витаминдерді латын әріпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық құрамына сай аталады. Мысалы, аскорбин қышқылы немесе с витамині. Барлық витаминдерді екі топқа бөледі. Майда еритіндер және суда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдерді (В 1-12 , С, Р т. б) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т. б. биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы (Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни анти - оксиданттық қызмет атқарады. Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен, жеген тамақтың құрамында провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангал қышқылы, холин т. б витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің рөлін атқарады. Ұзақ мерзім бойы жылы тамақтың құрамында витаминдер мүлде болмаса, онда а витаминоз, ал жеткіліксіз болса гиповитаминоз мөлшерден артық болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса, адам өліп кетуі де мүмкін. Ал жетпеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады. Өсіп келе жатқан бала организміне өте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің мөлшері жейтін тамақтың құрамында болуы тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған.
Витаминдердің қажет мөлшері.
А витамині (аксерофтал) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінеді А, витамині болады. Балықтың майында, етінде А 2 витамині түрінде кездеседі. А 1 және А 2 - А витаминінің түрлері. А витамині жетпесе, онда баланың өсуі тежеледі, және көздің өткірлігі нашарлайды. Халық арасында «соқыр тауық» деп аталады. Баланың жұқпалы ауруларға төзімділігі төмендейді. Бұлар құрамында балық майы, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.
В 1 витамині (тиамин) . Ас қорыту, жүрек жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Бұл витамин жетіспесе «бери-бери» (аяғын сүйретіп басып) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Индокитайда, Филиппин аралдарында және Жапонияда осындай науқастар болған. Бұл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күртті қабығымен пісірген тағамды жегенде оның болмайтыны белгілі болды. В 1 витамині бидайдың қабығында, ас бұршақта, бауыр, бүйрек жүрек етінде көп болады. В 2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күнің ультар күлгін сәулелер әсерінен оңай тез ериді. Бұл ет тағамдарында көп болады. В 6 витамині зат алмасуына қатысады. Перидоксин жануар текті және өсімдік текті азықта жиі кездеседі. В 1 2 витамині анти анемиялық витамин деп атайды. Себебі оның организмге жетіспеуінен анемия болады, яғни қан аздылық пайда болады. Бұл витаминдерді тағамдармен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішекқарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңіріп, адамға пайдасы болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz