Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы


Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының рекреациялық аймақтарының экологиялық сипат
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Әдеби шолу
1. 1 Рекреациялық география . . . 4
1. 2 Туризм классификациясы . . . 5
1. 3 Рекреациялық ресурстар . . . 15
1. 4 Минералды сулары және ішкі су көздері . . . 20
1. 5. Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық объектілерінің
даму тарихы . . . 24
II. Зерттеудің объектісі мен әдістері
2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық географиялық сипаттамасы . . . 33
2. 2 Топырағы . . . 33
2. 3 Климаты . . . 34
2. 4 Гидрологиясы . . . 35
III Нәтижелерді талқылау
3. 1 Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының
рекрециялық аймақтарының атмосфералық ауаның сапасы . . . 40
3. 2 Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының
рекрециялық аймақтарының әр турлі қалдықтармен ластануы . . . 44
3. 3 Гидроминералдық база жане табиғи емдик ресурстар . . . 47
3. 4 Оңтүстік Қазақстан облсы Сарыағаш ауданының туризм
индустриясының дамуы . . . 51
Қорытынды . . . 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 63
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Ал бұл тақырыптың өзектілігі демалыс аймақтарын Республикадағы демалыс аймақтары деңгейінде қарастыру. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш курорты еліміздегі басқа курорттар сияқты өте жоғары деңгейлі курорттардың бірі. Ал облысымызда көптеген жерлерде минералды, табиғи ыстық сулар табылған, ал оларға санаторийлер салу мемлекет тарапынан әлі жақсы қарастырылмауда. Жекеменшікке өтіп кету салдарынан көптеген демалыс объектілері жойылып кетуде. Емдік-сауықтыру аудандарына мемлекет тарапынан кешенді көмек көрсетлуі тиіс.
Жұмыстың жаңашылдығы . Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Рекреациялық аудандарның емдік сауықтыру жұмыстарындағы
Потенциялын арттыру және туризмді дамыту үшін атқтаруға тиіс нақты
Жобалар мен ұсыныстар енгізілген.
Жұмыстың . Оңтүстік Қазақстан
облысының емдік - сауықтыру орындарының қызмет көрсету, инфрақұрылым салаларын дамыта отырып, халық игілігіне жарату. Облыстың рекреациялық аудандарына туристік бағыттар ұйымдастыру және туристік жобалар жасау.
Жұмысының мақсаты . Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық аймақтарына жататын объектілер Батыс Тянь-Шань сілемдерінің арасына орналасқан. Туристік рекреациялық объектілерге «Ақ мешіт», «Біркөлік», «Ақсу», «Манкент», «Сарыағаш» сияқты шипажайлар мен демалыс үйлері мен Машат шатқалында орналасқан туристік базаларды, Сайрам шыңының етегінде орналасқан Әлтеке туристік базаларын атап көрсетуге болады. Бұдан басқа облысымызда көптеген демалыс орындары туризмнің дамуына өз үлесін қосуда. Мұндай туристік рекреациялық объектілер жалпы облыс көлемінде емес көбінесе Республика көлемінде қарастырылуда. Бұл жұмыстың мақсаты мұндай объектілердің қазіргі кездегі пайдалану мәселелері, бұған мемлекет қандай дәрежеде қарауда?
Жұмысының міндеті. Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру орындарын дамыту мәселелеріне теориялық негіздеме жасау; Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру орындарының әлемдік деңгейге жету барысында қазіргі даму жағдайына сипаттама беру; Оңтүстік Қазақстан облысында дамытудың әлеуметтік-экономиканың алғы шарттарын қарастыру.
1 Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының рекрециялық аймақтарының атмосфералық ауаның сапасы зерттеу;
2 Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының рекрециялық аймақтарының әр турлі қалдықтармен ластануы анықтау;
3 Курорт аумағының радиациялық радиацялық жағдайын зерттеу;
4 Қатты тұрмыстық қалдықтардың қалыптасуын анықтау;
5 Сарыағаш ауданының минералды су ресурстарының жағдайын зерттеу;
6 Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының туризм инфрақұрылыс объектісінің әрі қарай құрылуы мен дамуын анықтау.
1 Әдеби шолу
1. 1 Рекреациялық география
Рекреациялық географияның пайда болуында мен дамуында алғашқы қадамын Преображенский жасады. Ол рекреациялық жүйесін «өзінің қызметіне байланысты әлеуметтік және объективті құрылымы» деп қарастырды [1, 16] .
Сондықтан рекреациялық географияның пәні-территориялық рекреациялық жүйелерді қарастыру болып табылады. Рекреациялық географияда әлеуметтік сипаты бар адамның қызметі қарастырылады. Бірақ сонымен бірге рекряциялық география «шекаралас ғылым» ретінде анықталады, өйткені оның негізі географиямен, экономикамен және мәдениеттанумен байланысты.
Рекреациялық географияда зерттемелердің үш негізгі әдістерін қарастыруға болады:
1. Ортаның негізіндегі әдісі (физикалық-географиялық бағыттары зерттеледі және қарастырылады) ;
2. Қызметтік әдіс (адамдардың мінез-құлықтары мен қызметтері қарастырылады) :
3. Субъективті әдіс (адамдардың тану қабілеттігі мен оның ерекшеліктері зерттеледі) .
Соңғы жылдары жоғары аталған әдістерге қарама-қайшы келетін көзқарастар кездеседі. Сондықтан рекреациялық географияның пәнің мен объектісін анықтағанда келесі тезистерді ескеру керек:
1. Географиялық таным - әмбебап бола алмайды, ол негізіненәлеуметтік-мәдени құрылымдармен байланысты болады. Оның нәтижесінде, жеке әлеуметтік-мәдени құрылымдардың шегінде рекряциялық географияның пәні мен объектісі туралы басқа көзқарас туындайды және құрылады;
2. Географиялық таным- әмбебап бола алмайды, өйткені ол өзінің логикалық тұжырымдардан мен әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардан
тұрады. Сондықтан рекреациялық география ғылыми танудың барлық құрылымдарда бола алмайды. Ол дамудың немесе дамымағандығының және сонымен бірге басқа әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардың көрсеткіші емес, ол тек ғана рекряциялық география саласындағы танудың және білудің қажеттілік көрсеткіші болып табылады [7] .
Аталған екі тезистің маңызы рекреациялық географияны түсінуде ерекше орын алады. Рекреациялық географияның түсінігі универсалды, яғни әмбебап бола алмайды. Рекреациялық география- жеке әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдағы пайда болған жағдай болып табылады.
Әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымның белгілі бір эволюциялық деңгейде рекряциялық география саласындағы танудың мен білудің қажеттілгі пайда болуы мүмкін [6] .
Осының бәрін ескере, рекреациялық географияның зерттеу объектісіне әр түрлі әлеуметтік-мәдени ұйымдастырылымдардағы рекреациялық объектілері мен субъектілері жатады.
1. 2 Туризм классификациясы
Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді [8] әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады:
1. Мақсатына қарай;
2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;
3. Қозғалу түрі бойынша;
4. Орналасу жолына байланысты;
5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т. б.
Бірақ, шешуші рольді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен классификациядан айырмашылығы - туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:
1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;
2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке талғамы, материалдық жағдайы;
3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;
4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т. б.
Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді жіктеуге, түрлерге бөлуге болады [9] . Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:
1) емдеу;
2) спорттық - сауықтыру;
3) танымдық.
Демалысты дұрыс ұйымдастыру оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттың және сауықтырудың маңызы зор. Онсыз жұмыс істейтін адамның қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру мүмкін емес.
Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:
1. Ішкі (ұлттық) ;
2. Халықаралық (шетелдік) .
Ішкі туризм - азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.
Халықаралық туризм - өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар. Шетелдік туризм - шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі.
Бұлай бөліну халықаралық туризмнің 2 басқа түрімен тығыз байланысты - кіру және шығу. Бұлар туристтік ағымының бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристтік саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристтің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Бір турист бірден шығуда және кіруде турист бола алады.
Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристтік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі туризм - ішкі және келетін турисстік ағымдарды қамтиды.
Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристтік құжаттарды толтырмайды.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шыныда да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристтік инфрақұрылымының базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристтік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндік тұғызады.
Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсатына қарай бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікір-таластар тудыруда. Көп авторлар оның басты мәселесін бр ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалу мен көңіл көтеру мақсатындағы саяхат (рекреациялық туризм) туризмнің дамуындағы ең негізгі бағыт болып саналады. Оның еншісіне дүниежүзілік туризмнің 70 % -ы келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді, шоп-тур және т. б. Көптеген зерттеушілер туристтік қозғалыстың дамуында басты рольді танымдық туризмге береді.
Соңғы уақыттарда жеке сапарлар дамуда немесе этникалық туризм - туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабларының тұған жеріне қыдыруы: олар дүниежүзілік туристтік ағымының 10 % құрайды.
Іскерлік туризм - бұл саяхат, жұмыс мақсатымен ақшалай кіріссіз іс-сапарларға бару. Мұндай сапарамен съезге, ғылыми конгресске, конференцияға, сипозиумға; өндірістік семинарда бас қосуға; жәрменке, көрме және халықаралық салондарға қатысуға барады және тағы басқалар. Іскерлік туризм - бұл болашақтағы мол және тиімділігі жоғары туризмнің бір саласы.
Туризм түрі жағынан әр түрлібелгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм:
1) ұйымдастырылған (жоспарлы) ;
2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық) ;
3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.
Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат - ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристтер туристтік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе жанұяның (5 адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін [9] .
Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық - сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалысмта болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.
Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристтік кешендерде кең тараған [10] .
Су астындағы аңдарды сүретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сүрет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмнің ішіндегі ең қымбат түрі - аң аулау туризмі.
Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар - туризмнің бұқаралық түрі болып табылады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.
Туристтік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристтік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік - ондай туристтік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.
Туристтік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризм; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі.
Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типті; б) қонақ үй типті емес.
Туристтік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді: а) рекреациялық; б) экскурсиялық; в) арнайы туризм. Рекреациялық туризмге - емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсаты мен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат.
Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90 % құрайды [11] .
Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі-бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында - Нью-Йорк порты. Круиздік туризмммен айналысатын елдер - Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.
Алғашында барлық туристтік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін кіріс туристтік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынуғшыларға ғана емес, туристтік мекемелрге де өте тиімді. Сонымен, әлеуметтік туризм - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланылатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.
Экологиялық туризм (экотуризм) - жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер:
- экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;
- туризм индусриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;
- басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;
- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі - экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;
- бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежежде болуы.
Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристтік ағымдарды әртүрлі мақсаттармен қамти береді.
Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұмылмандардың ең басты қасиетті «хаджа» орталығы - Сауб аравиясындағы Мекке қаласы, Құдайға табынушы католиктер Папа Римскийге Ватиканға барады. Туристтік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.
Сонымен, туризм жіктелуінің ғылыми және тәжіребиелік маңызы бар, ол білгенінді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді [11] .
Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.
Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Маркетингтiк-талдамалы зерттеулер орталығы және "J. E. Austin Associates Inc. " америкалық консалтингтiк компания "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуеттi болашағы бар секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау" жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты елдiң экономикалық өсiмi үшiн әлеуетi бар Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес салаларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады. Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және әртараптылығын арттырудың индустриалдық негiзiн құру үшiн шикiзаттық емес жетi басым саланың iшiнде алғашқылардың бiрi болып туризм айқындалды.
Сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстанның бәсекелiк артықшылығы бiрегей мәдениетiнде (мәдени-танымдық туризм), бай табиғи әлеуетiнде (экологиялық туризм), өсiп келе жатқан iскерлiк белсендiлiгiнде (iскерлiк туризм), сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты демалыстың белсендi түрлерiмен шұғылдану мүмкiндiгiнде.
Италия, АҚШ, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi мен Түркиядағы туристiк орталықтар дамуының тәжiрибесi айтарлықтай.
Аталған елдердiң туризм индустриясын дамыту негiзiнде туристiк сала инфрақұрылымын, көлiктi және қызмет көрсетулер салаларын дамыту жатты.
Туристiк орталықтардың белсендi дамуы Италияда (Рим, Венеция), Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), AҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды.
Осы әлемдiк туристiк орталықтар туризмi инфрақұрылымының негiзiн қазiргi заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристiк орталықтардың дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық жағдайлардың рөлi маңызды болды.
Осы өңiрлердiң туризм индустриясының тиiмдi дамуына мемлекеттiң бизнестiң кәсiпкерлiк бастамаларына қолдау көрсетуi, сондай-ақ туризм инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттiк-жеке әрiптестiк ықпал еттi.
Шетелдердiң мысалы көрсеткендей, ұлттық парктерге келетiн туристер (мысалы, Кенияда, Америкада, Қытайда) онда жыл сайын 1 млн. -ға дейiн АҚШ долларын қалдырып кетедi. Қорықтарға, ұлттық парктерге тауарларды сату және ақылы қызмет көрсетулер есебiнен өз бетiнше ақша табуға рұқсат берiлген. Ұлттық парктер табатын қаржылық қаражат оларды дамытуға, сондай-ақ қорғау мен қалпына келтiру ic-шараларын жүргiзуге жұмсалады.
Осыдан шыға отырып, "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысымен Алматы қаласы мен Алматы облысында "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлдi.
Туристiк кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi туристiк индустрияны одан әрi дамыту стратегиясын айқындау мақсатында Қазақстан өңiрлерiнiң туристiк әлеуетiне маркетингтiк зерттеулер жүргiзу үшiн 65 млн. теңге көлемiнде қаржылай қаражат бөлдi. Аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн стратегиялар әзiрлеуде және туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына туристiк өнiмдi жылжытуда көшбасылық орынды иеленушi "International consulting group оn tourism "IРК" (бұдан әрi - "IРК International") компаниясы тартылды.
Жүргiзiлген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелiк артықшылықтары мен ұзақ мерзiмге арналған кластерлiк бастамалар ескерiле отырып, елдiң туристiк индустриясын дамыту стратегиясы жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалды, бiрқатар жобаларды iске асыру көзделдi, олардың бiрi осы Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу болып табылады.
Жоғарыда аталған Жоспарды iске асыру шеңберiнде мынадай жұмыстар жүргiзiлдi:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz