Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Абильмажинова Гульнара Жанахметовна
(Студенттің аты-жөні)
Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудағы отбасының рөлі
(Тақырыбы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 050103 Педагогика және психология
(мамандық коды және атауы)
Көкшетау 2012
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Тақырыбы: Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының
рөлі

Орындады: ________________ Абильмажинова Г.Ж
(қолы)
(аты-жөні)
Жетекші ________________ Оразбаева. К.О
(қолы)
(аты-жөні)
Қорғауға жіберілді
Кафедра
меңгерушісі м.а. ________________ Молдабекова С.К.
(қолы)
(аты-жөні)
Көкшетау 2012
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар мен белгілеулер
КІРІСПЕ
3
1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық
мәселелері
8
1.2 Оқушыларға қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының
рөлі мен қызметі
20
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Оқушылардың отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі әдіс-
тәсілдері
39
Оқушылардың отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы
тәжірбиелік эксперименттік жұмыс нәтижесі
51
ҚОРЫТЫНДЫ
64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
66
ҚОСЫМША
68
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қай заманда да, қай елде болса да отбасының
адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің
күшімен салыстыруға болмайды.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең
қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен
бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға
кіріседі.
Алайда, қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың
қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының
бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп
отыр. Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ -
бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және
тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың
сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана
өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.
Қазақстан Республикасының Конституциясына көрсетілгендейБалаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы деп отбасының міндеті ашық көрсетілген. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
жолдауында: Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі жанұяның
әлеуметтік, мәдени, қоғамдық білім қызметі белсенділігінің маңызын жоғары
бағалаған.[1] Сонымен қатар мемлекетімізде отбасы, балаға байланысты 45-тен
астам нормативтік құжаттар қабылданған.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстандықтардың өсіп- өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
атты халыққа жолдауында: Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі
ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін
арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен
немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз- деп
қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің
маңызын жоғары бағалап, Республикадағы жанұялардың алдына қомақты міндеттер
жүктеді. Олар:1989жылы қабылданған Балалар құқығы туралы
Конвенция,отбасы құқықтары[2.]
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір сапалы
азаматтың ісі. Сондықтан жас ұрпаққа азаматтық, патриоттық тәрбие беру
үлкен де абыройлы іс. Отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлттық қарым-қатынас
мәдениетіне тәрбиелеу мен тығыз байланысты. Ол туралы Президент
Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде деген еңбегінде
тағыда басқа жолдауларында сөзге тиек етеді.
2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан Білім тұжырымдамасы
үздіксіз білім беру жүйесінің алғашкы сатысы балабақшадан бастап, мектеп
аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде
шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың
педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз
балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да
баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. [3] Отбасы және отбасындағы қатынастар
психологиясы саласында ата-аналар мен балалардың қатынасы мәселесі
ерекше зерттеу нысанына айналды. Аталмыш мәселелер бойынша зерттеулер,
олардың қорытындылары жеке концепцияларды құрайды. Шетелдік психологияда
ананың балаға қатынасы түрлерін зерттеген С.Броди және Л.Ковар
еңбектерін; ата-ананың тәрбиелеу стильдерін сипаттарын жіктеген Д.Боумрин
зерттеулерін атап өтуге болады. Поляк зерттеушісі М. Земсканың әке –
шешенің балаларға қатынасы мен оның баланың тұлғалық сипаттарының
қалыптасуына ықпалын зерттеуі ерекше мәнге ие болады. алыптасуына ықпалын
зерттеуі ерекше мәнге ие болады[55.]
Ресейдегі отбасы психологиясына қатысты зерттеулерді бірнеше негізгі
бағыуттарға жіктеуге болады:
1.Ата – ана бағдарларын (А.С.Спиваковская, Т.В.Архиреева, В.В. Столин,
А.Я.Варга, Е.А.Савина, О.Б.Чарова, Г.Г.Филиппова) және отбасындағы
тәрбиелеу стильдерін зерттеу (С.В.Ковалев, В.В.Воронов, Е.А.Костицина,
Е.Т.Соколова, Э.Вильданова); [31]
2.Дұрыс емес тәрбиелеу түрлерін зерттеу (В.И. Гарбузов, А.С.
Спикаковская, А.Е. Личко, Э.Г. Эльдемиллер); [32]
3.Ата – аналар мен балалардың өзара қатынасының әр түрлі аспектілерін
зерттеу (О.В. Илларионова, В.В. Столин, А.В. Петровский, М.В. Полевая);
4.Ата – аналар мен балалардың өзра қатынасындағы бұзылуларды және
олардың тұлғалық дамуына әсерін зерттеу А. Захар А.С. Спикаковская ,Е.О.
Смирнова, Т.А. Кошкарова, Н. Штирман, Э.Г. Эйдемиллер ).[32]
Қазақстандық ғалымдардың еңбектері отбасындағы қатынастар педагогикасы
мәселелерін, балалар мен ата – аналардың дау – жанжал жағдайларындағы мінез
– құлқы, өртүрлі отбасындағы қарым – қатынас ерекшеліктерін қамтиды. С.М.
Илюсизова, У.И. Ауталипова, М. Габдуллин, С. Кубеноев, Х.Т.
ШерьяздановаА.[12]
Көрініп тұрғандай, отбасындвғы қатынас мәселелеріне ғылыми зерттеу
қызығушылығы өсіп келеді, сонымен қатар, отбасы өміріне көптеген сыртқы,
әлеуметтік - экономикалық факторлар орасан зор ықпалын тигізеді. Отбасы қай
кезде болмасын жан-жанты қызығушылықты тудырған құбылыс. Қоғам үшін осы
әлеуметтік институттың ерекшеліктерін, зерттеу мәлеметтерін іс жүзінде
қолдану аса маңызды мәселе болып табылады. Жеке адамдардың өміріндегі
маңызымен қатар, отбасы елеулі қоғамдық рөлі де орындайды. Жанұя бала
дамуындағы, әлеуметтік ортасына сәйкес өмірге балаларды дайындаудағы өте
маңызды орынға ие; баланың қалыпты тұлғалық дамуына негіз болатын
білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды алғашқы меңгеру ортасы. Ал,
қоғамның алдында, өз кезегнде, жанұялық тәрбие, леудің маңызын өсіре отыра
қоғамдық тәрбиелеуді байланыстыру міндеті тұр. Тәрбиелеу және жанұядағы
үйлесімді қатынастар қоғам мақсаттарына үндес болуы керек, сондықтан әр
түрлқажеттілігі туады.
Шетелдік психологиясында жағымды және жағымсыз ата-аналық позицияларды
белгілейді. Поляк зерттеушісі М. Земска осыған орай ата-ананың жағымды
позициялары мен баланың қалыпты тұлғалық дамуымен және мінез- құлығының
қалыптасуы арасындағы байланыс механизмдерін және жағымсыз ата-аналық
позициялар мен балалардағы мінез- құлықтың бұзулары арындағы байлныстарды
қарастырады. Осы проблеманы зерттеу барысында ғалым ата-ананың балаға
жағымсыз және жағымды бағдарларынан тұратын күрделі позицияларды жіктейді.
Негізгі үлгілері ретінде М. Земска белгіледі:
1) Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни
жақындықтың болмауы - бала мен ата - анасы арасындағы эмоционалды қалыпты
қатынас ата - ана зейіннің тек балаға шоғырлануы;
2) Ата - ананың балаға қатысты басымдылығы, үстемділігі - ата - ана
мен баланың ішкі өзаратәуелсіздігі - ата - ананың балаға қатысты шектен тыс
көнгіштігі;
М.Земски көрсеткен ата - аналық бағдарларды талдау келесі
ерекшліктерді көрсетті. Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды
алшақтық, яғни жақындыұтың болмау кезінде ата - ананың баламен қарым -
қатынасы жеткілікті мөлшерде болмайды, демек, баладан әке - шешелердің
психикалық қашықтығы байқалды. Әдетте, эмоционалды жақындығы жоқ ата -
аналар баланы қолдау тәсілін емес, балаға қарсы қатынасты ұсынады [3].
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар
айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А.,
Петерина С.В., Лисина М.И. және т.б. қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ.Т.,
Ауталипова Ұ.И., Елеусізова С.М., Оразбекова К.К. және т.б. қарым-қатынас
мәселелерін сөз етеді. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-
катынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы
анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір
талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен
оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының
жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады [11].
Қазіргі ғылыми мәселелердің шешілу ахуалы.Отбасын мәселерін зерттеуге
келсек,жанұя мәселерін зерттеген ТМД елдерінің ғалымдары
Ю.А.Ковалев,Э.Г.Эйдемиллер,Ю.П.Азар ов,В.Сатир,И.В.Гребенников,Ю.И.Семе нов,А.
Е.Личко,С.Д.Лаптенюк,А.М.Нечаева т.б.
Ж.Б.Қоянбаев,Қ.Жарықбаев,С.Бабаев,К .Бейсенбаева,М.Тажин,Б.Аяғанова,Л.Л ысенко
,Ж.Әбиев,Р.Төлеубекова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Баланың отбасынан
қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсеріТ.ВЛодкина,А.И.
Захаров,В.С.Мухина,З.Матейчик,Е.О.С мирновалар атап
көрсеткен. А.Н.Леоньтев,С.А.Козлов балаға отбасы жылулығының ықпалын атап
өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп,түйсінуі және сөз
түрінде бейнеленуінің маңызын А.В.Запорожец,А.Д.Кошелева,Е.И.Негн ивицкая
және т.б белгіленген.
Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар
арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын, ата-ана мен баланы жақындатуының
маңызын Ю.П.Азарова,И.В.Гребенников,Т.А.Мар кова,А.Г.Харчев т.белгілеген.
Баланың тәрбиесінде байқалатын қазіргі заман деффектілерін М.И.Буянов
ажырасудың бала психикасына ықпалын З. Матейчик, Х.Фигдор т.б
белгілеген.Екінші некенің бала тәрбиесіне, жалғыз бала тәрбиесі туралы
А.П.Усова,егіздер тәрбиесін Р.Скиннер, К.Витек т.б зерттеген.
Ғалымдар ерлі-зайыптылықтың қарым-қатынасын қаншалықты терең зерттесе де,
соншалықты дау-жанжалсыз отбасының жоқтығына нақты көз жеткізген.Әсіресе
жас ерлі-зайыптылар кез-келген айтыс-тартыс жағдайларын драмастылып және
сол жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ажырасу деп ойлады.
Қазіргі уақытта өкінішке
орай,жағдайсыз отбасылардың саны артуда. Мұндай отбасылардың пайда болу
себептері:әлеуметтік жағдайлар, жұмыссыздық, ажырасудың көбеюі, ішімдікке
салыну, нашақорлық, тастанды балалардың көбеюі, толық емес отбасылардың
санының артуы, жезөкшелік, түрлі ауруларға шалдығу, қаңғырып кету, халықтың
жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы - бұлардың барлығы тек отбасының ғана
емес, қоғамның, мемлекетіміздің толғандыратын мәселелері.
Бүгінгі таңда Республикамызда жастардың тәрбиесі осалдап барады. Бұның
негізгі себептері төмендегідей болып отыр:
-ерлі-зайыптылардың арасындағы ар тазалығы мен тән тазалығының
бұзылуы;
- жастарға ата-аналардың, үлкендердің дұрыс кеңес бере алмауы;
- жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулар ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ)
санының күрт өсуі;
-ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбеушілік пен дау-дамайлардың
туындауы;
- жастардың нашақорлық пен маскүнемдікке салынуы;
- кәмелетке толмағандар арасында, тұрмысқа шықпай жүкті болуы;
- жастар арасында аборт санының өсуі;
- ерлі-зайыптылар арасындағы бір-біріне деген сенімсіздік;
- кәмелетке толмаған жастардың арасында жезөкшеліктің артуы, және
т.б. осындай проблемаларды назардан тыс қалдырмай, тез арада шешімін табуды
қажет етіп отыр. Жоғарыда атап өтілген проблемалардың алдын алу мен
болдырмау жолдарындағы жыныстық тәрбие беру мәселесін дұрыс жолға қоюды
талап етеді.
Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына
сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны
отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі
аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.
Бұл қарама-қайшылыктардың шешімін табу бізге диплом жұмысымыздың
тақырыбын Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының
рөлі деп айкындауға мүмкіндік берді. Зерттеудің
мақсаты. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі
мен қызметін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ,отбасымен
жүргізілетін жұмыстарды талдау,жүргізілетін жұмыстың жетілу жолдарын
көрсету.
Зерттеудің міндеттері :
1.Қарым-қатынас мәдениеті ұғымының мәнін ашу.
2.Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің отбасындағы тәрбиелік ықпалын
айқындау, қызмет сапасын көтеру арқылы оқушының өмір сүру ортасын жақсарту.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.
Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын, оның үй еңбегіне қатысуы,
оқу әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады
3.Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық
психологиялық тұстарына сипаттама беру. 4.Оқушылардың
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда отбасы рөлінің тәрбиелік ықпалын
арттырудың педагогикалық шарттарын айқындап,әдіс тәсілдерін ұсыну.
Зерттеудің пәні. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің
қалыптастырудың жолдары.
Зерттеу нысаны. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы
отбасының рөлі.
Зерттеу болжамы.
Егер:
- отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
теориялық тұрғыда негізделсе;
- қарым-қатынас мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері нақты
айқындалса;
- ата-аналарды отбасы тәрбиесі жағдайында оқушылардың қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесімен қамтамасыз
етілсе;
-отбасы тәрбиесі жағдайында оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруды жетілдіру үшін мектеп тарапынан бірлескен әрекеттер жүйелі
ұйымдастырылса.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында сұрақ-жауап, тест, сұхбат т.б.
әдістердегі қарым-қатынас мәдениетіне қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық
талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, эксперимент әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі
тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Диплом алды тәжірибе.Солтүстік Қазақстан облысы.Айыртау
ауданы.Саумалкөл №3 қазақ орта мектебі.
Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері
және басқа да ғылыми аппарат айқындалады.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып,
негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін калыптастырудың теориялық
мәселелері
Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар
арасындағы қарым-қатынас,орта буын мен аға буын арасындағы қарым-
қатынас,әке–шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.
Зерттеуіміздің негізгі мәселесі болып отырған қарым-қатынас мәдениеті
ұғымына тоқталмас бұрын, мәдениет сөзінің мағынасын ашып өтейік.
Философиялык сөздікте мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың
барлық салаларындагы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығының қызметі.
Мәдениет - қоғамдық-экономикалық формациялардың алмасуына байланысты
дамитын тарихи құбылыс, - делінген[9].
Ал Р.Қоянбаевтың Қысқаша педагогикалық сөздігінде мәдениет ұғымына
мынадай анықтама берілген: Мәдениет - адамды жасампаз, белсенді тұлға
ретінде қалы птастыруға ықпал жасайтын қоғамдық-тарихи барыстың мазмұны,
адамзат тарихында жасалған және дамытылған материалдық және рухани
құндылықтар жиынтығы. Мәдениеттің шын болмысы - адамдардың тікелей іс-
әрекеттік қарым-қатынасында қалыптасатын және көрінетін, іс-әрекетінің
тәсілдерінде, құрал-саймандарында және еңбек нәтижелерінде жүзеге асатын
олардың қайталанбас жасампаз өзіндік қабілеттерінде[5]. Ал енді
қарым-қатынас мәдениеті ұғымына тоқталсақ, қарым-қатынас мәдениеті
адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерін сақтауға
негізделеді. Ондай ережелерді әдеп деп атаймыз. Әдеп - бұл адамдар
арасындагы сыпайы болу, олқы қылыктардан аулақ болу, осы аталган әдептілік
белгілерін бала бойында дарытатын ең бірінші кезектегі адам - ата-ана
екендігі белгілі.
Адам өзінің материалды және рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында
еңбек әрекетімен айналысып, өзін қоршаған адамдармен жеткілікті дәрежеде
қарым-қатынас жасамайынша дұрыс өмір сүре алмайды. Қоғам, жеке адам, қарым-
қатынас және әрекет әр уақытта бірлікте. Бұл тіршіліктің заңды белгілері.
Сәби жарық дүниеге келген алғашқы сәттерінен бастап-ақ отбасының
мейірімді, парасатты жаны - анасы, баска да өзінің айналасындағы адамдармен
түрлі қарым-қатынасқа түсе бастайды. Ал, қарым-қатынас адам баласының
тіршілік етуінің негізгі шарты ғана емес, оның психикасының дұрыс
қалыптасып дамуының факторы және аса қажетті кұралы болып табылады.
Өйткені, қарым-қатынас дегеніміз - өзара пікір алмасу, келісім не өзара
түсіністік, не болмаса қақтығыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі
болып табылады.
Отбасындағы қарым-қатынас арқылы ата-ана баласын өмірге бейімдеп,
өзінің де өзгелердің де дербестігін түсінуге үйретеді. Кез-келген
отбасындағы ең негізгі мәселелердің бірі - үйдегі тәртіп. Тәртіп ата-ана
мен баланың күнделікті қарым-қатынасының тұтастай бөлшегі. Ата-ана
баласының ақыл-ойын, қабілетін дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен баласын
жақсы, толық түсіне білуі керек.
Жеке адам қалыптасуының негізгі факторы болып табылатын қарым-қатынас
баланың интеллектісінің дұрыс, жеткілікті дамуына өте үлкен әсер етеді.
Көптеген педагогикалық, психологиялық ғылыми деректер бізге қарым-қатынас
әр кезде әрекетпен тікелей байланыста жүретінін көрсетеді. Қарым-
қатынас адамзат тарихымен адамдардың күнделікті байланысының қажетті
әріптесі.
Ал психологиялық сөздікте Қарым-қатынас - біріккен іс-әрекет қажеттілігін
туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп
жоспарлы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-
бірін қабылдауы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауда аса қажетті
шарттардың бірі - сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға
қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың қарым-
қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне
асыра білу мәдениеттілігіне байланысты. Бұдан қарым-қатынас жасаудың үнемі
екі жақты үрдіс екенін түсінеміз. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал
етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, ой-пайымдары дамиды. Адамның
өзгелермен тілдесіп, қарым-қатынас жасай білуі - жалпы адами қасиеттердің
аса қажет түрінің бірі деп есептейміз.[]
Зерттеуші С. Елеусізова Қарым-қатынас психологиясы деген еңбегінде
қарым-қатынас үғымына мынадай анықтама берген: Қарым-қатынас - адамның
тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс-салтында күнделікті
қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Қарым-қатынас дегеніміз
-ғылым, әрі өнер. Бұл шығармашылық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл
табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-
ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мүқтаждығы.
Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген
қамқорлыгы мен жанашырлық сезімі, мәдени көзқарасы қалыптасады[7,9].
Қарым-қатынас мәдениеті адамның бойындағы кісілік қасиеттерге жатады. Ал
кісілік қасиеттердің бүгінгі қазақстандық философтар еңбектерінде де
көрініс тапқан. Солардың бірі Д. Кішібеков өзінің философиялық зертеуінде
кісілік қасиеттердің үш дәрежеде болатынын айтады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсілінен,
ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық
өкілдеріне ортақ, жалпы адамзаттық қасиеттер тән. Олардың қатарына қуану,
қайғыру, балажандық, ананы сүю, арамдык-зұлымдықтарға, әділетсіздікке теріс
қараушылық, махаббат, жек көрушілік, әділдікті жақтау т.б.жатады.
2. Ер адамның физиологиялық ерекшелігінен жоғары жүйке жүйесінің
қызметінен туатын және оның тек өз басына тән психологиялық ерекшеліктері.
Бұлар оның мінез-құлқына, қимылы мен жүріс-тұрысында, сөйлеу ыңғайында,
адамдармен қарым-қатынасында болады.
3. Адам белгілі бір елде, тарихи дәуірде, белгілі бір дәрежеге жеткен
материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі.
Осылардың бәрі қосылып адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады
және адамның мәдениет дәрежесін құрайды деп түйіндейді[13].
С.В. Петерина қарым-қатынас мәдениеті - баланың қоғамдық орындарда,
тұрмыста әдептілік көрсету, сөз қорын дұрыс қолдану, жағымды қатынас жасау
деп түсіндіреді[11].
Т. Ахметов баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін ата-
аналарға қажетті белгілі ережелерді ескеруді ұсынады:
-ата-аналарға әдебиет таңдауда бала жасын ескеру;
-тамашаланған теледидар бағдарламаларын баламен бірлесе талқылау;
-қарым-қатынаста баланың қимыл-қозғалысына, жүріс-тұрысына назар
аудару,
-ата-ана, үлкендерге құрмет көрсету,
-қарым-қатынаста ата-ана өзіндік сөйлеу тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл
бөлу сияқты мәселелерді атап өтеді [12].
Осылайша, жоғарыда көрсетілген теориялық жағдайлар, ғылыми зерттеулер
негізінде, біз, қарым-қатынас мәдениетіне өзімізше анықтама беруге
тырыстық. Сонымен, карым-қатынас мәдениеті - бұл қоғамдық қажеттіліктер
негізінде туатын әр адамның білім, тәрбие және әлеуметтану деңгейін
көрсететін, мінез-құлық мәдениетінің құрамдас бөлігі.
Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев горизонтальды адамгершілік-
психологиялық және вертикальды шаруашылық-тұрмыстық сфералар деп
қарастырады.[55]
Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал горизонтальды қатынасқа
байланысты болып келеді. Отбасындағы микроклимат ересек адамдардың
тәртібіне байланысты болып келеді. Қазіргі психологияда қатынастардың
төмендегідей түрлері белгіленген. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі,
бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. Паритет – тең қатынас
бір біріне зиян келтірмейтін. Жарыс –бір бірінен асып түсуді көздейді.
Конкуренция – билікке таласу. Антагонизм - өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу,
конфрантация - түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді Ең жақсы қатынас
түрі ынтымақтастық.
Бұл қатынас түрлері ата-аналармен балалар арасындағы қатынас
түрлеріне ықпал жасайды.
Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата аналармен
балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека,
"араласпау" және ынтымақтастық.
Диктат деген қатынас ата - аналардың талабын, бұйрығын зорлық
көрсетуін бірінші орынға қойады. Талап қоюды құрмет көрсетумен
ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С.
Макаренко.
Опека диктатқа қарама қарсы- қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық
көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да
бала тәрбиесіне зиянды.
"Араласпау"- бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында
эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске
аспайды. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік,
баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.
Жанашырлық стильде бала өзімен -өзі болады, ата- аналардың қолдары
тимегендіктен. Жазалауды, мадақтауды қолданбайды, балаға сүйіспеншілікпен
қарап, оларға қолдау көрсетіп, жақсы үлгі- өнеге көрсетеді.
Босқа қоя беру стилінде баланың іс әрекетін ешкім
қадағаламайды,баланың қызығушылығына, қажеттілігіне көңіл аудара қоймайды,
жұрттың көзінше тәртіп сақтауды талап етеді. Балаға еркіндік беріледі.
Жарысу стилінде ата-аналар өз балаларының бойынан басқаларға
ұқсамайтын ерекшеліктерді іздейді. Балалардың бойында адамгершілік
қасиеттердің болуына мән бермей, тек олар басқалардан артық, ерекше
көрінуін қалайды.
Ақылмен ойластыру стилінде балаға бостандық беріледі, бала өзі
іздену, талпыну, қателісу арқылы тәжірибе жинақтайды. Шыдамдылықпен баланың
барлық сұрақтарына жауап береді, оларға құрмет көрсету, олар мен санасу
арқылы қарым-қатынас жасайды.
Ескерту жасау стилінде ата-аналар балаларының өз бетімен әрекет
жасауларын қаламайды, балалар белсенділік танытпайды. Балаларға шексіз
махаббат көрсетіледі, олардың айтқандарын үнемі орындауға тырысып отырады.
Қатал қадағалау стилінде ата-аналар өз балаларына еркіндік бермейді,
барлық әрекеттерін қадағалап отырады. Жиі жазалайды, өте сирек мадақтайды.
Үйлесімді стиль жоғарыда көрсетілген стильдердің ең жақсы деген
жақтарын жинақтаған стиль. Балалар ата-аналардың үлгі- өнегесіне еліктейді,
олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасалады.
А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас
барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасады деген пікірді айтып,
оларды екіге бөледі. Дұрыс тәрбие түрлеріне шынайы махаббат, сенімділік,
мейірімділік, шамасына қарай талап қою, жиі-жиі жақсы қарым-қатынаста
болу,баланың өміріне,дамуына жауапкершілікпен қарау. Дұрыс емес тәрбие
түрлеріне шектен тыс қадағалау,күң ретінде тәрбиелеу, қатігез тәрбие, ұрып-
соғу, жоғары моральдық жауапкершілікте тәрбиелеуді жатқызады.[40]
1.Шектен тыс қорғаштау-бұл балаға өзіндік әрекет жасауға ерік
бермейді, баланың барлық уақытын ата-ана алдын- ала жоспарлап,ойластырып
қояды. Мұндай жағдайда өскен бала өз бетінше шешім қабылдай алмай, өз
күшіне сенімсіз, жасқаншақ болып өседі.
2.Күң (золушка) ретінде тәрбиелеу-мұндай қарым-қатынаста бала әкесі
мен шешесінің жақсы көрмейтіндігін, олар үшін ауыртпашылық екендігін
сезеді. Мұндай қарым –қатынаста тәрбиеленген бала, кез келген
бақытсыздықты, күйінішті жүрегіне жақын алатын болады және бүкіл әлемге
ашулы болып келеді.
3. Қатігез тәрбие-кез-келген кішкентай олқылыққа баланы өте қатты
жазалау.Сондықтан бала қорқынышты өмір сүреді.Мұндай қатынаста өскен бала
ашушаң, қатігез болып өсуі мүмкін.
4. Жоғары моральды жауапкершілік жағдайдағы тәрбие-бұл қатынас түрінде
баладан кішкентайынан үлкен жауапкершілікті талап етеді, немесе баланың
жасына сай келмейтін жұмыс түрлерін баланың мойнына жүктейді. Мұндай қарым-
қатынаста өскен балада әрқашан туғандары үшін қорқыныш сезімде болады.
5. Балаға кері әсерін тигізетін қарым-қатынастың тағы бір түрі-зорлық-
зомбылық “ұрып-соғу”.Мұндай қатынаста өскен баланың көпшілігінде сабаққа
деген көңіл соқпаушылық, ұжымға тез жұғысып, бейімделе алмаушылық
байқалады, қатігез болып өседі.
Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-
зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар
туындайды.
- Зорлық-зомбылық бұл –адамға күш көрсету, адамды өзінің еркіне
бағындыру.Шын мәнінде зорлық-зомбылық механизмі адамдарды белгілі бір іс-
әрекетке мәжбүр ету, не болмаса тікелей күш көрсету. Кейбір ата-аналар
балаларын ауыр жұмыстарға салып, оларды ұрлыққа, өтірік айтуға,
қатігездікке мәжбүрлейді.
- Физикалық зорлық- баланың денсаулығына зақым келтіру. (ұрып,соғу)
Оның зардабынан балада жылауықтық, агрессивтік, жануарларға қатігездік,
суицидке бейімділігі туындайды.
- Сексуалдық зорлық-баланың еркінсіз жыныстық қатынасқа түсіу .
Баланың мінез-құлқы мен денсаулығына кері әсері:түнгі қорқыныштар,
депрессия, өзін-өзі төмен бағалау,өз жасына сай емес сексуалдық білімнің
болуы.
Психикалық (эмоционалдық) зорлық-баланың жеке тұлға болып дамуын
тоқтататын тұрақты психикалық іс-әрекет.
Психикалық зорлықтың нәтижесінде балада физикалық,ойлау қабілетінің
кешеуілдеуі, жүйке тигі, энурез, неше түрлі сомантикалық аурулар, қобалжу
сезімінің жоғарылауы, қарым-қатынас жасай алмаушылық,үлгермеушілік,
агрессивтікке әкеліп соғады.
Баланың өзіне деген қажеттілігін аңғармау-балаға деген қарапайым
қамқорлықтың жоқтығынан эмоционалдық қалып бұзылады да, денсаулығы мен
дамуына зиянын тигізеді. Отбасында осындай зорлық түрлерін болдырмау үшін
мектеп ұжымы ата -аналармен тығыз байланыста бола отырып , оларға қажетті
көмек көрсетіп отырулары тиіс.
Баланың физикалық қажеттілігінен басқа оның өсіп-өнуіне, дамуына
сүйіспеншілік соншалықты қажет. Кейбір балалардың отбасында мәпелеп, жақсы
өсіруге бейімдейді, бірақ эмоционалды жағынан балаға тиісті назар
аударылмағандықтан бала қатты күйзеледі. Солардың салдарынан балада
жағымсыз эмоциялар пайда болады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар
туғызады.
Эмоция (сезімнің шарпуы)-сезімнің тікелей қатынастағы уақытша
көрінісі. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі
кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген
терминмен белгілейді.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды
эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі
өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады.
Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Екінші тобы жағымсыз
эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу,
үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады.
Егер отбасында ата-ана мен баланың бір-біріне деген мейірімділік,
сүйіспеншілік сезімдері болмаса, онда, практикалық психологтардың
пайымдауынша, жагымсыз эмоциялар баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп,
иммундық жүйесіне де көп зақым келтіреді. Мысалы, адам қауіптену сезімінде
болған кезде қанға кортизол гормоны басым болады, ал қуанышты, көтеріңкі
көңіл-күйде болса эндофрин гормондары көбейеді. Кортизол ағзадағы өзге
гормондарға басымдылық көрсететін болғандықтан, ағзаның толыққанды жұмыс
істеуге мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан да оқушылардың денсаулығының
нашарлап, жылдан жылға бірнеше аурумен қатар ауыратын балалардың санының
өсіп келе жатқанына таңдануға болмайды. Американдық психолог Элизабет
Холлдың пайымдауынша жағымсыз эмоция рак ауруларының дамуына белгілі әсерін
тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей,жағымсыз эмоцияларды көп қабылдаушылар
немесе өз ашу-ызасын ішінде көп сақтаушылар болашақ рак ауруларының
құрбандары.
Баланың бойында қарым-қатынас қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететін
факторлар отбасы, мектеп, орта (жолдастары, ауладағы, көшедегі әсерлер
т.б.), көпшілік хабар құралдары (газет-журналдар) және т.б. болып табылады.
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру туралы еңбектердің нәтижесі аталған
қасиеттерді қалыптастыруда отбасының ролі ерекше. Өйткені, бала отбасы
мүшелері арасындагы ең жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі
болып, үлгі-өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге
достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана
және басқа ересектер өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-
әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-ана ұнамсыз жайларға тіпті
уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс, өйткені күйкі көріністің
ықпалы лезде тамыр жайып, баланың бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал.
Ата-бабаларымыз ұрпағын ер-жігітке кедергі болатын жалқаулық, аңқаулық,
жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден
аулақ болуға тәрбиелеген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған
жерімізді, елімізді, Отанымызды, тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты
адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.
Айталык, 2003 жылы жарық көрген Қысқаша педагогикалық сөздікте
қарым-қатынас ұғымына мынадай анықтама берілген: Қарым-қатынас адамдардың
өзара қатысуы, олардың әрқайсысының өмір сүруі мен дамуының басты шарты
және тәсілі. Адам дүниеге келісімен өзінің өмір сүру қабілетін дамытуға
қатысы барлармен бірге тарихты басынан кешіреді. Тек қарым-қатынас
барысында ғана адам өз басына, өз іс-әрекетіне мән беріп, баға бере қарайды
[5].
Ата-ана баласымен қарым-қатынасқа түскенде қарым-қатынастың түрлерін
қолданады. Көптеген ғылыми деректерден біз қарым-қатынастың демократиялы
және авторитарлы түрі барын білеміз.
Демократиялы қарым-қатынас - ата-ана мен баланың арасындагы өзара
достық, жолдастық көріністерден жасалған қатынас. Бұл қатынас балада
эмоцианалды көңіл-күй тудырып, саналы іс-әрекетке итермелейді. Бала ата-
анасы жағынан эмоцианалды дұрыс қарым-қатынасты барлық қажеттеліктерден де
басым керек етеді. Ата-ана осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін баласымен
кішкене кезінен бастап мейірімді, жылы қатынас жүргізуі тиіс. Ол баланың
келешекте мәдениетті болып қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Демократиялық
қарым-қатынаста тәрбиеленген бала кез келген ортада өзін дұрыс ұстауға
тырысады.
Авторитарлы қарым-қатынас - кішкентайлардың үлкендерге сөзсіз бағынып,
тәуелді болуымен тікелей байланысты жүреді. Үлкендер бұл жағдайда
тәртіптілікті, баланың ата-анасына толық бағынышты болуы деп түсініп,
баласына психологиялық қысым жасағанын байқамай да қалады.
Авторитарлы қарым-қатынас барысында бала көбінесе ата-анасына
сескеніп, қорқады. Нәтижесінде бала өз тәртібін дұрыс меңгере алмайды.
Осындай қарым-қатынаста тәрбиеленген бала балабақшада, мектепте, басқа да
қоғамдық орталарда өзін бірқалыпты ұстай алмайды, қарапайым мәселелерді
шешуде қиналады. Өз әрекеттеріне әділ баға беруде кателеседі. Мектепке
дейінгі жастағы бала мен ата-ананың жасаған авторитарлы қарым-қатынасы бала
ойлауының дамыуына да өз әсерін тигізбей қоймайды.
Зерттеуші-ғалым А. Капенованың пікірінше, қазақ отбасында ата-ана мен
бала арасындағы тәрбие жұмысында қарым-қатынастың авторитарлы түрі басымдық
танытады[8]. Әр ата-ана өз баласына деген сезімін өзінше жеткізуі мүмкін.
Қандай жағдайда болмасын, ата-ана баламен жағымды қатынас жасап, оны
қолдап отыруы керек. Өйткені, отбасында ата-ана ықпалымен
жүргізілген дұрыс қарым-қатынас барысында балада өзін қоршаған табиғатқа,
қоғамға, адамдарға деген таза көзқарас қалыптасады. Біздің ойымызша, ата-
ана баласымен жоғарыда аталған қарым-қатынастың белгілі бір түрін ғана
қолданбай олардың екеуін қатарластыра, байланыстыра қолданғаны дұрыс, бұл
жагдайда тәрбиеленген балада белгілі тәртіп ережелері қалыптастып,
коммуникация дағдылары, яғни кез келген адаммен жеңіл, қиындықсыз қарым-
қатынасқа түсу қабілеті пайда болады.
Ертеректе туыстық, отбасылық қатынастар адамда бала кезден
қалыптастырылған болатын. Қазақ отбасында ойын ойнау, көркем өнермен
шұғылдану, еңбекке қатыстыру аркылы ересек адаммен баланың қарым-қатынасы
нығайған. Жалпы, отбасында бала мен қарым-қатынас орнатуда ата мен әже, әке
мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білуі керек. Олардың әркайсысының бала
өмірінде алатын орны ерекше. Айталық, ата бауырында өсіп, қарым-қатынаста
болған бала ерте ер жетіп, тиянақты, саналы болып өссе, әжесінен тәрбие
алып, оның ертегі, әңгімесін тыңдап өскен бала бауырмал, сезімтал, үлкенді
сыйлағыш келеді. Дегенмен, әке шешенің арасындағы ұрыс-керіс баланың
қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осы тұрғыда Ж. Қоянбаев кейбір
отбасындағы тәрбиенің қиындығы мынада деп түсіндіреді: Әке мен шеше
өздерінің кемшіліктерімен күреспейді, кайта оны жуып-шаяды, солай бола
тұрса да балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Мұндай жағдай балаларды
дұрыс жолдан тайғызып, оларды екі жүзділікке итермелейді деп
түсіндіреді[10,35]. Шындығында да бала отбасында жақын туыстарымен қарым-
қатынаска түсу барысында жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды
үйреніп, өз халқының мәдениетін, сөз өнерін меңгереді. Әрине, бұл
айтылғандардың барлығы отбасындағы ата-ана мен бала арасында
ұйымдастырылған екі жакты байланыс, өзара түсіністік арқылы ғана жүзеге
асады. Бала үлкендердің махаббаты мен қамқорлығынсыз жеке тұлға болып
қалыптасуда түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Бала жасы қаншалықты кіші
болған сайын олар үшін әлеуметтік оқшаулау соншалықты ауырға соғады.
Жұмыс барысында талданып, зерттелген қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыру көрсеткіштеріне сүйене отырып, балалардың қарым-қатынас
мәдениетінің қалыптасу өлшемдері мен көрсеткіштерін белгіледік (1-кесте).
Тәрбиенің негізгі салаларының бірі - ақыл-ой тәрбиесі үлкендердің
балаға саналы ықпал етуімен, айналадагы әлем, табиғат жайлы қарапайым білім
беруімен анықталады. Қазіргі кезде бала өзінің көп уақытын отбасынан
тысқары жерлер - балабақша, мектепте, құрбылары арасында өткізеді. Сол
күнделікі тіршілік барысында неше қилы байланыстар мен қарым-қатынастар
жасайды. Алуан түрлі адамдармен ұшырасады, сөйлеседі, пікір алысады,
тәжірибе жинақтайды. Бірімен бірі ұласып жатқан өмір ағымында ол өзі де
байқай бермейтін әр түрлі әдеп дағдыларын танытады. Кей жағдайларда
әдептілік талаптары деңгейінен төмендеу болатыны сезіледі. Ол, әрине, көп
жағдайда: әдептіліктің жастан бойға сіңбегендігіне, оны ережелерін сақтап,
дағдыланбағанына, отбасында бұл мәселеге жөнді көңіл бөлінбегендігіне
байланысты. Адам мәдениеті неғұрлым жоғары болса, оның айналасындағыларға
қарым-қатынас мәдениеті қарапайым, сыпайы бола түседі.
Қарым-қатынас – қоғамның мәнді иесі ретіндегі адамның маңызды рухани
қажеттілігі. Адамның қарым-қатынасты қажетсінуі оның қоғамдық сипаттағы
тұрмысымен, іс-әрекетте өзара әрекет етуді қажет етумен сабақатасады. Кез
келген бірлескен іс-әрекет, ең алдымен еңбек іс-әрекеті оны орындаушылар
арасында тиісті байланыс пен өзара түсіністік болмаса жүзеге аспайды. Қарым-
қатынас бұл адамдар арасындағы түрліше байланыстар, ол байланыстар
бірлескен өмір қажеттілігі, қарым-қатынастың ерекшелігі оның іс-әрекетпен
тығыз ажырамас байланыстылығында. Қарым-қатынас мазмұны болып, адамдардың
өзара әрекеттестігін тудыратын ақпарат болады. Ол жаңа білімді хабарлау
болуы мүмкін, мұғалімнің ұғымдары, гипотеза т.б. түсіндіруі болады. Қарым-
қатынас іскерлік пен дағды, шеберлікті игерудің білімі мен бөлшегін беру
тәсілі де болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас байланысы, қарым-қатынас мәдениеті,
қарым-қатынас әдебі, қарым-қатынас тәрбиесі, қарым-қатынас жиілігі, қарым-
қатынас өркениеттілігі тағы сол сияқты, әрбір адамға етене таныс сөздерді
үйреншікті, қалыптасып қалған бар әдет ретінде күнделікті өмір ағымы
барысында айтыпта, естіп те жүреміз. Алайда сөздердің мағынасына, яғни
олардың функционалдық мазмұнына мән бере бермейміз.
Қарым-қатынас мәдениеті – адамдар арасындағы өзара тығыз
байланыстылықты қамтамасыз етуге соның негізінде іс-әрекеттер жүйесін
үлестіріп, реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамытып, әркімнің
өмірден лайықты орыннын табуға мүмкіндік туғызу. Адам өмірі тәжірибесінен
алып қарағанда және қарым-қатынас туралы анықтамаға сүйенсек, жалпы қарым-
қатынас көп салалы адам қызметінің бір түріне жатады екен. Оған талас жоқ.
Ал адам баласына ежелден ақ белгілі болған мәселе қызметтің қайсы бір түрін
алып қарамайақ, оның мақсат мүддеге сай жүзеге асырылуы әйтеуір бір
құралдың пайдалануына байланысты екендігінде. Ендеше адамдар арасындағы
байланыстың қандай бір түрін алып қарасақта оның да жүзеге асып мүмкіндік
жасайтын құрал болады. Ол құралға: жанды сөз, бет-әлпет, жүз
өзгерісі, ым-ишара, костюмдер жатады. Яғни сөзбен адам бейнесіндегі
кинетикалық қозғалыстар синтезі қарым-қатынас құралдары. Ғалымдардың
еңбегіне және күнделікті тұрмыстағы тәжірибеге, құбылыстарға сүйенсек қарым-
қатынасты қалаушы осы құралдар биологиялық алғы шарттарға да негізделіп,
соларға да сүйенеді. Сол себепті де қарым-қатынас құраладры мәдениетті
жасаушы да тасымалдаушы да болып табылады. Яғни олар адам баласының қызметі
барысында ойлап тапқан, қолдан жасап шығарған нақтылы жемісі. Адам
баласының саналы іс-әрекетіндегі әр түрлі қолданылатын амалдары, адамдар
арасындағы өзара ықпалдастықтардың, әсер жасаудың өтілуіне алғы шартты,
мүмкіндіктерді қалайтын болғандықтан сол мәдени қарым-қатынас - деп айту
күмән туғызбайды. Жоғарыдағы ойымызды жүйелеп айтатын болсақ белгілі бір
құралдар арқылы (сөз, ым-ишара, т.б.) нақтылыққа – асатын яғни адамдардың
ғана арасында болатын саналы байланыс процесін қалайтын яғни қамтамасыз
ететін адам баласына ғана тән қолданыстағы ерекше бір тәсілдегі іс-
әрекеттерді мәдени қарым-қатынас - деп айтуымызға болады. Әрбір адамның
қарым –қатынас мәдениеті, оның дара тұлға ретінде қалыптасуы өткен белгілі
бір әлеуметтік топтың мәдениетін меңгерген жағдайда ғана орнығады.
Адам әлеуметтену барысында тілді үйренеді, мінез-құлық үлгілерін,
қарым-қатынас нормалары мен ережелерін меңгереді, мәдениет сырын таниды.
Бұларды меңгеру дегеніміз адамның олардың пайдасы туралы мәліметтерді
білумен ғана шектелмей өз игілігіне де айналдыруы екен. Сайып келгенде
адам сөйлеуді үйреніп, басқа адамдарды түсіне бастайды, олардың іс-
әрекеттерін аңғарады, өзінің жеке басты мінез-құлықтарын қалыптастырады
және реттейді, ішкі байлық жүйесін жасайды. Қарым-қатынастың мәдениет
формалары жеке адамның игілігіне асу үшін кемінде екі процестің өтуі шарт.
Олар: біріншіден, қарым-қатынастың мәдени құралдарымен танысу; екіншіден,
осы құралдарды өз деңгейінде игеру мақсатында адамдардың белсенді өзара
ықпалдастықта болуы және оларды қолдануды үйрену, қарым-қатынастың жаңа
амалдарын іздеу, оны өздерінің жасауы.
Мәдени қарым-қатынасты меңгеру процесі адам өмірінің алғашқы
жылдарында, яғни сәбидің дауыс және басқа тілді белсенді меңгеріп, мінез-
құлық ережелерін үйрену барысында-ақ жүреді. Оқымыстылардың айтуынша дәл
осы процесс кезінде комуникативті мінез-құлық формалары мен рөлдік
ойындардың маңызы өте зор. Қарым-қатынас жолдары мен амалдарын белсенді
игеру кейінгі жылдарда да жалғасады.
Қоғам өмірінде қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуде дінде елеулі рөл
атқаратын киелі діни кітапты уағыздарында адам баласының күнәдан-айыптан
сақтанудың, іс-әрекеттердегі үлгілі тәртіпті орнатудың, жалпы адам баласын
құрметтеудің адамгершілікке толы өсиеттері сан мыңдап кездеседі. Діни
уағыздарда әр түрлі кездесетін сәт, жағдайлар, орай адамдардың жынысына,
жас ерекшелік белгілеріне қарай мінез-құлық формаларын реттілікке келтіру
жолдары жазылғанда дінді мойындайтындардың барлығына да оларды орындау
міндеті екендігі көрсетілген.
Қарым-қатынас мәдениеттілігіне тәрбиелеудің жоғарыды көрсетілген
формаларынан басқа нақтылы өмірдегі ситуацияларға қатысты басқада формалары
бар болған, барда.
Қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс бола отырып, адамның бүкіл өмірінің
аумағын, іс-әрекетін қамтиды. Қарым-қатынас мүшелерінің контигентіне,
санына байланысты келесі қарым-қатынас түрлеріне бөлуге болады:
тұлғааралық, тұлғалық-топтық, топаралық қарым-қатынас.
Тұлғааралық қарым-қатынас кезінде барлық мүшелер бір-бірімен тікелей
байланыс орнатады, әрі қарым-қатынаста болады. Қарым-қатынас ерекшелігі
топтар жүзеге асыратын іс-әрекеттің мақсат, мазмұны арқылы анықталады.
Тұлғалық-топтық қарым-қатынас - бір жақты жеке адам, ал бір жақты-топ
бейнеленгенде ғана пайда болады. Мысалы: оқытушының сыныппен, жетекшінің
ұжыммен, оратордың аудиториямен қарым-қатынасы.
Топаралық қарым-қатынас кезінде әрбір топ өз бағдарын ұстанады,
мақсаттарына жетуге ұмтылады немесе екі топ та белгілі бір сұрақ бойынша
келісімге келуге, яғни консенсусқа жетуге ұмтылады.
Қарым-қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең еніп бара жатқан
құбылыс. Оның мән-мазмұнының өте-мөте сан алуан екендігіне күмән жоқ. Қарым-
қатынас тіршілік атаулының (оның ішінде адам өмірі ерекше). Қалыптылығын
сақтауды қамтудан бастап, адамдардың мән-мазмұнды табиғатындағы толымды
өмір сүру жолын жетілдіру, оның амалдарын табу, таңдау, өңдеу, оларды өмір
салты құралдарына айналдыру мақсатындағы саналы байланысын, өткені мен
бүгінгіні және болашақтық сабақтастылығын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас
жеке көңіл күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдай алмау,
жекеленген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, халықтардың,
ұрпақтардың мақсаты өзара ықпалдастығын орнатып,жүзеге асыратын негізгі
құрал. Осы айтылған ой-пікірлердің өзі қарым-қатынасқа берілер сипаттар мен
анықтамалар мүмкіндігінің толассыз болатындығын, оның әлі де беймәлім
тұстары мен мәндері қарсыларының ашыла беретінін көрсетіп отыр. Біздің
негізгі мақсатымыз осы қарым-қатынас туралы берілген сипаттамалар мен
анықтамалар ішінен мәні жоғары деп саналатын яғни қалыпты жағдайда сондай
көзқарас орныққан, атап айтқанда қарым-қатынас қызмет түрі деп санайтын
мәселеге ерекше тоқталып, орнын ажырата көрсету болып отыр. Сонымен қарым-
қатынас қызмет түрі. Өйткені ол да қызметтің басқа түрлері сияқты белгілі
бір мақсатқа жүгініңкі, нормаға тәуелді. Ендеше оның берер нәтижесі бар.
Белгілі бір жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді деген сөз. Қарым-
қатынастың мақсаты әрбір жеке адамның немесе тұтас алып қарағанда қоғамның
бірлескен қызметіне түзетулер ендіру мен жоспарлау жатады. Яғни қарым-
қатынас басқа коммуникативті емес қызметтерді қамтиды. Олай болған жағдайда
қарым-қатынас нақтылы өндірімді қызмет түріне жатады. Яғни қызметтің бұл
түрі материалдық және рухани игілігі бар өзгешелігі болумен сипатталады.
Адамның жан-дүниесіне игі әсер жасау жағдайын адамның жеке басты
рухани жетімділігі қалайды. Яғни әрбір адамның психологиялық кемелдігі
басқа адамның ішкі жан сарайына деген нақты мейірімділік көзқараспен, оның
потенциалын толықтай іске қосылуына адал ниетпен қарау жәен жәрдем беру
әрекетімен көрінеді. Егерде қарым-қатынас мақсаты адамның ішкі жан-сарайына
игі әсер жасауды міндетке алса, онда қарым-қатынастың іскерлік және
өнегелілік нәтижелік жақтарына қойылатын талаптар тығыз байланыста болады.
Адамның рухани өсуі үшін тек тілеулейік ниетпен шектелмей, оның мәселелерін
көре білу, әрі шешімін тауып беруге жәрдем беру керек. Мысалды еске алайық.
Шағынған адамның көңіл-күйіне досының формалары көзқарас танытуы байланысқа
жеміс бермейді дедік.
Бірақ шын пейілдегі бірге қамығуда, қатынастың ойдағыдай қалуына
жеткізе алмайды. Мұның себебі мынада: Айталық өзін жәбірленуші санаған
адамның әрекетінде дұрыстық жоқ ісі теріс, ал ол өз қателігін мойындағысы
келмейді. Ал жәбірленушіні қарсы алған досы, оның қөңілінен шығып, оның
іс-әрекетін дұрысқа шығарса, досының көңіл-күйі көтеріліп жуасиды. Бір
қарағанда байланыс мақсатына жеткендей көрінеді. Ал шын мәнінде жәбірленген
адам үшін байланыс пайда әкелген жоқ. Мұндайда болған жағдайды асықпай
байыптап, қателік кімнен болғанын ақылғы салып, дұрыс басу айтып, жіберген
қателігіне досының көзін жеткізіп, алда осындай қателіктен сақтану жолына
кеңес айтса онда байланыс жемісті өтті-деп есептеуге болады.
Алайда баса айтушының өзі тек шын көңілменен сәттілік тілейтін
тілеугөй, тілеуқор кісі ғана болмай, үлкен психологиялық білімдар адам
болғаны абзал. Досының қателігін бетіне бірден басып айтып салу байланысқа
теріс ықпал жасауы мүмкін. Яғни, дос жылатып айтады, дұшпан күліп айтадыға
абай болуы керек. Байыпты талдау ғана нәтижеге жеткізеді. Кінәні дүрсе қоя
бетке басу қарсы кісіге қорғануға итермелейді. Сөйтіп өз позициясынан
қайтпай екі жақтыда сыңар көңіл-күй орнығады.
Бұл мәселені талдауда белгілі орыс оқымыстысы В.А.Ядов үлкен
жетістіктерге жеткен. Ғалым тұжырымы мінез-құлықты диспозициялық реттеу,
яғни белгілі жерге орналастыру деп аталады. Осы концепсияға байланысты
субьект мінез-құлығына психологиялық реттілік жасау жеке адамның
диспозициялық-ұстаным жүйесі негізінде анықталынады. Диспозициялық құрылу
сатылы жағдайда қалыптасады. Сатының төменгі деңгейінде элементарлы бағыт-
бағдар көрсетілсе, екінші деңгейде әлеуметтік бағдар берілуі тиіс екен.[40]
Үшінші деңгейде адам өмірі мақсатындағы құндылық бағдар жүйесі
құрылады және осы мақсаттарға қол жеткізу құралы жасалады. Яғни қарым-
қатынас процесін реттеу үш деңгейде өтілуі шарт. Ресейдегі отбасы
психологиясына қатысты зерттеулерді бірнеше негізгі бағыуттарға жіктеуге
болады:

1. Қарым-қатынас процесіне қандай көзқараспен қарауымыз керек.
Мұнда өмірдің талабына сай қойылған міндеттерді шешу мақсатында қарым-
қатынас процестерін белсенді түрде пайдалану бағдарын ұстану
ықтималдылығымен білінеді. Бұл жерде қойылған мақсатқа жеткізетін тиімді
құрал ретінде қарым-қатынастың рөл атқара алатындығы туралы түсініктің
орнығуы іске асады. Сондай-ақ преспектикаға оң эмоционалды көзқарас
танытудан айналадағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz