Педагогикалық мәдениеттің компоненттері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
Анықтамалар мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4
Белгілер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..6

1 Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері

1.1 Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің теориялық негізіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11

1.2 Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері, функциялары және
құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

1.3 Этика және әдеп - жақсы қарым-қатынас мәдениетінің
кілті ... ... ... ... ... ... .38

2 Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің
жетілдірудің негізгі жолдары

1. Оқушы тұлғасын дамытуда педагогикалық қарым-қатынас ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

2.2 Мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін диагностикалау
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67

2.3. Эксперименттік іс-тәжірибе
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... ... ... ..70

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...85

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...87

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1] Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Егемен Қазақстан.
– 18.06.2010,9-10б.

[2] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Алматы 2005.

[3] Астана қаласында, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-ІІІ
ҚРЗ қабылданған Білім беру Заңы .

[4] Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы орта білім. Алматы: РОНД, 2002.
– 368 б

Анықтамалар

“Мәдениет” термині латын тілінің “cultura” сөзінен аударғанда жерді өңдеу
дегенді білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады.
Кең мағынада мәдениет дегеніміз қоғамның, шығармашылық күштердің және адам
қабілеттерінің дамуының тарихи белгілі бір деңгейі, ол адам өмірінің және
іс-әрекетін ұйымдастыру формасы мен типі түрінде, материалдық және рухани
құндылықтар түрінде көрініс табады.
Тар мағынада мәдениет дегеніміз бұл адамның рухани өмірінің бір саласы, ол
кәсіби және басқа іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі.
Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда
білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең
тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи
процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет
тәсілдері болып табылады.
Қарым-қатынас адам өмірінің рухани және материалдық формаларының сан
алуандығын сипаттайды және тұлға өміріндегі ең маңызды қажеттілік болып
табылады.
Қарым-қатынас мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр
адамның білім, тәрбие және әлуметтену деңгейін көрсететін, мінез-құлық
мәдениетінің құрамдас бір бөлігі.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға
бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын
педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара әсер ету процесі.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас-бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің
әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат
алмасу, тәрбиелеушіге әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара
қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті адамдардың өзара қарым-қатынасын
олардың бірге педагогикалық қызмет етуі барысында сипаттайды және қарым-
қатынас мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарала алады.
Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV ғасырда Аристотель
енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.
Әдеп дегеніміз адамдармен қарым-қатынас барысында, әңгімелесу кезінде
шамадан тыс аспау.
Педагогикалық мораль – ұрпақтан ұрпаққа адамгершілік тәжірибені берудегі
қоғамдық қажеттіліктермен негізделген, педагогикалық ортада адамгершілік іс-
әрекеттер мен адамгершілік қатынастарды реттеуші адамгершілік нормалар мен
ережелер жиынтығы
Қарым-қатынас стилі дегенді біз мұғалім пен оқушылардың әлеуметтік-
психологиялық өзара әрекетіндегі дербес – психологиялық ерекшеліктері деп
түсінеміз.

Белгілер мен қысқартулар
ҚР – Қазақстан Республикасы

ҚР БМЖМС - Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары

ЖОБ – жалпы орта білім

ББД – білім, білік, дағдылар

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын
ерекше атап, білім беру жүйесін реформалауда жан-жақты қолдау көрсетуінің
нәтижесінде білім саласының қарқынды дамуына мүмкіндік туды. Қазақстандық
білім беруді жаңғыртуды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың
ұйымдастырушылық негізі болып отыр. Мемлекеттік бағдарламада үлкен
арақашықтық секілді кедергіні жеңетін, ақпаратты көпшілік тұрғындарға
қолжетімді ететін, ал білім беруді жылдам және тиімді ететін қазіргі
заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануды баса көрсеткен
болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – білім беруді дамыту
жағдайында педагогикалық мамандарды дайындау, біліктілікті арттыруды
қамтамасыз ету және осы жүйе құрылымдарының өзара әрекетінің тиімділігін
арттыру. [1]
Бүгінгі өмір талабы сапалы, әрі терең білім беру жолдарын әлемдік
дәрежеде ұйымдастыруды қажет ететіні бәрімізге мәлім жағдай. Осы аса
жауапты жұмысты іске асыруда орасан еңбек атқаратын қауым – педагог кадрлар-
ұлағатты ұстаздар болып табылады. Дана халқымыз:Ұстазы жақсының – ұстамы
жақсы десе, ұлы ақынымыз Абай: Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес
далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген бұлжымас
тағылымды анықтама берген.
Ал мектепте білім мен тәрбие берудің сапасын қамтамасыз ететін, оны іске
асыратын басты тұлға – мұғалім. Болашақ ұрпаққа бәсекеге қабілетті деңгейде
білім беруге кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне
білген, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын меңгерген
мұғалім ғана жете алады. Бүгінгі күні мұғалім жан-жақты, дүниетанымдық
көзқарастары кең жаңа формация ұстазы бола алады. Оқытуда, тәрбиеде және
бала тұлғасын қалыптастырудағы тұлғалық бағдардың өзектілігіне байланысты
мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі қазіргі
педагогикалық- психологиялық ғылымдардың кеңінен қарастырып отырған
мәселелерінің бірі.
Қазіргі ғылыми мәселелердің шешілу ахуалы. Қарым-қатынас мәселелерімен
белгілі ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоций
және тағы басқалары айналысқан. Қазіргі таңда зерттеушілер педагогикалық
қарым-қатынас үрдісінің әр түрлі негіздерін қарастыруда. Бұл мәселенің
негіздерінде В.С.Библердің, М.М.Бахтиннің, М.С.Коганның, Ж. М. Абдилдіннің,
Ш.Қасабековтың еңбектері арналған. Педагогикалық қарым-
қатынас жайлы ғылыми жұмыс жасаған ғалымдарды атап өтсек: Б.Н.Мясищев,
А.А.Леонтьев, Н.В.Кузьмина, В.Н.Панферов, В.А.Кан-Калик, А.Н.Мудрик,
А.Н.Лутошина, Б.Д.Парыгин, Г.М.Андреева. А.А.Бодолев., А.А.Брудный,
И.А.Зимняя т.б. Бірақ қазіргі кезде осы аталған түрлі зерттеулер бағыттары
арасында жеке тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімнің білімін, іскерлігін,
шеберлігін, оның педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі көп
қарастырылуда. Қарым-қатынас туралы түсінік оның құрылымы туралы алғаш
ұсынған 1970 жылы Б.Д.Парыгин болды. Педагогикалық іс-әрекет қарым-
қатынасыныз мүмкін емес, - деп айтқан А.В.Мудрик. Қарым-қатынас – білім
мен мәдениеттің бөлігі, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттық
дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Қазіргі заман
мұғалімінің әлеуметтік тұлға бейнесінің қалыптасуы педагогикалық қарым-
қатынас мәдениеті проблемасына келіп тіреледі. Дүниені танудың алғашқы түрі
ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәденитепен анықталады. Білім беру жүйесінің
маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің
мәдениеттанымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен
мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулерде
мұғалім мамандығының жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның
мәдениеттілігінде деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы педагогикалық білім алу емес, қазіргі
мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар
пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне
байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға.
Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін
қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек екенін есептейді.
Бесіншіден, әр болашақ мұғалімді даярлау мақсатында алдымен танымдық
дайындығын көтеру үшін жалпы мәдениет деген не?деген сұраққа жауап бере
алуы керек. Мәдениет – жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім.
А.Здравомыслов, А.Ядов,О.Дробницкий мәдениет - тұлғаның іс-әрекетін
қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе, мәдениет –
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді В.Приранов,
Ю.Ефимов, И.Громов, А.Арнольдов, Н.Чавчадзе білдірген. Ал мәдениет –
қоғамдық өмірдің әлеуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық
қырын көрсетеді деген ойды. В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильясова
айтады. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын күш. Белгілі американ
психолог- гуманисі А.Маслоу: Мәдениет біздің психологиялық және
биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде
қарау керек дейді. Мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Б.Ананьев Өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттері
десе, Ә.Алдамұратов Іс-әрекет деп адамның белгілі бір мұқтаждығын
қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары дейді. Сондай-ақ, оқу үрдісін
әрекет тұрғысынан зерттеушілер (П.Гальперин, Ф.Талызина, А.Маркова,
Г.Щукина) оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көздеген нәтижеге
жетуі тек қана оқу мотивтерінің дұрыс тәрбиелеуімен байланысты болатынын
тұжырымдайды. Мұғалімнің шеберлігін арттыру мәселесі де қай кезде болсын
педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер
еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен
түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздеев, С.Иванов, А.Моисеев,
М.Рубинштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н.Александров,
В.Ильин, И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина және т.б. зертттеулерінде
кеңірек орын алған. Мұғалім оқушы бойында қазіргі заман мәдениетіне сай
мінез қалыптастыруына жауапты. Өзіне деген сенімділік, беделдік жеке
тұлғада сонымен қатар, мұғалімде міндетті түрде
болуы керек. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – міндетті түрде
мәдениет ұғымымен тығыз байланысты. Қарым-қатынас мәдениеті адамзаттың
ғасырлар бойы қалыптасқан ережелерін сақтауға негізделеді. Қарым-қатынас
мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр адамның білім,
тәрбие және әлуметтену деңгейін көрсететін, мінез-құлық мәдениетінің
құрамдас бір бөлігі. Адамдармен қарым-қатынас бұл ғылым және мәдениет. XX
ғасырдың басында А.Байтұрсынов Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы
керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру
деп жазды. Осы пікірлердегі ортақ идея – мұғалім мен жеке тұлға арасындағы
қарым-қатынастың ізгіленуі, үндестікте болуы. Қазіргі күрделі заманда әр
тұлғаның өзін-өзі тануы, өзін-өзі көрсетуі, өзіне - өзі сенуі, өзін-өзі
анықтауы, өзін-өзі іске асыруы, өзін-өзі реттеуі, ұйымдастыруы аса маңызды
және бүгіні ұстаздар қауымына байланысты. Сол себептен мынадай ұстанымдарды
басшылыққа алған орынды.
Бірінші – тәрбиенің табиғилық сипатын ұдайы назарда ұстау. Мұның мәні –
жеке тұлғаға табиғаттың бөлшегі, туындысы ретінде қарау. Тәрбиелеу
барысында баланың денсаулық жағдайы, жан тұрғысынан даму ерекшеліктері
есепке алынады;
Екінші – тәрбиелеудің мәдениеттік сипаты, білім және мәдениет тұлғаны
толыққанды жетілдіруге негіз болады. Мектепте, тағы басқа мекемелерде шын
мәнінідегі жоғары мәдени стандарттарға сай қарым-қатынас орнауы тиіс;
Үшінші – жеке тұлғаның даралық сипатын есепке алатын амалдарды орындау
арқылы оның ішкі жан дүниесінде жағымды өзгерістерді қозғалысқа келтіріп
отыру тиімді;
Төртінші – тәрбиеге құндылық, мағыналық бағыт беріп, әрбір оқушының өз
өмірі мен оқуының мағынасын түсінуіне жағдай туғызу;
Бесінші – жеке тұлға болмысының өзінің мүмкіндігіне сай дамуға, жетілуге
талпынысын қолдау керек;
Алтыншы – баланың әрбір іс -әрекетін мүмкіндігінше қолдап, жігер беріп,
оның күшіне деген сенімін нығайтып отыру керек;
Осы көрсетілген ұстанымдар жалпы қоғам өмірінде кеңінен дами бастаған
ізгілікті ұстаным мен толеранттық қарым-қатынастан заңды туындайды. Сонымен
қатар, қоғам мұғалім болмысында түбегейлі өзгерістер болғандығын қалайды:
1.Мұғалім тек нұсқауды немесе белгіленген бағдарламаны іске асырумен
шектеліп қоймайды.
2. Мұғалім іс –әрекетінің деңгейі, коммуникативтік іскерлігі жоғарылайды.
Коммуникативтік іскерлік – бұл мұғалімнің педагогикалық үрдістің
барысында адамдармен қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу
техникасы, қимыл бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік
іскерлікті тәрбиелеу үшін адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуі керек.
Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын, сөйлескен адамға,
ұжымға түсіндіре білуге және түсіне білуге үйрену қажет. Үшіншіден,
адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бет-бұрыс жасау
сияқты мүмкіндіктерді басқара білу, таба білу керек. Мұғалімнің
педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің нәтижелі болуы мәселесіне белгілі
психологтар А.А Бодолева, Б.Ф.Ломова, Е.С.Кузьмина, В.В.Знаков өз
еңбектерін арнаған. Жылдан-жылға қарыштап алға дамыған қоғамымызда қарым-
қатынас және мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің рөлі өсіп
келе жатқындығы және қоғамға қажет екендігі даусыз. Сол себептен, осы
мәселелердің өзектілігі дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуға негіз болып,
дипломдық жұмыстың тақырыбын Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына сай ғылыми-психологиялық әдіснамалық әдебиеттерді
оқып, талдап саралау.
2. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың
маңыздылығын ашу.
3. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас түрлерін, функцияларын, құралдарын,
стильдерін анықтау.
4. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің жетілдіру жолдарын
көрсету.
Зерттеу обьектісі: Педагогикалық ұжым.
Зерттеу пәні: Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру жолдары
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де, мұғалімнің бойында кәсіптік-
педагогикалық қарым-қатынас мәдениетіне қажетті:
- мұғалімнің асқан мейірімділігі;
- ақыл-ойының тереңдігі;
- өзіне сын көзбен қарайтындығы;
- өзін-өзі тәрбиелеуі;
- сөйлеу мәдениеті, байқағыштығы, әділдігі;
- өмірге деген құштарлығы және т.б қасиеттерін жетілдіріп отырса, онда
жеке тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас
мәдениеті үлгі-өнеге боларлық сипат алар еді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: материалистік
диалектикалық теориясы мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы
қағидалар; философия, педагогика және психология ғылымдарының педагогикалық
қарым қатынас мәдениеті туралы ілімдері, мәдениет, этика және әдеп туралы
психологиялық тұжырымдар, қағидалары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың теориялық негіздері анықталып, "қарым- қатынас",
педагогикалық қарым-қатынас, " кәсіби педагогикалық қарым-
қатынас",кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетіұғымдарының мәні
мен мазмұны анықталды. Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас түрлері,
функциялары, құралдары, стильдері анықталып, қалыптастыру үлгісі жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
жолдары ұсынылды. Зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік
нұсқаулар, ұсыныстар жасалды;
Зертттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, бақылау,
тест, сауалнама, тренинг.
Зерттеу базасы: Зеренді ауданы Ортақ орта мектебі.

1 Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері

1. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің
теориялық негізіне сипаттама, зерттелу жайы

Бүгінгі таңда еліміздің егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет
салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы, қоғамымыздағы өзгерістер
адамгершілік құндылықтары, оның ішінде қарым-қатынас, педагогикалық қарым-
қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет
етеді. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас проблемаларының шиеленісіп
отырған шағында адамның адамға деген қатынасын ізгілендіру, оны жоғары
мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді. (1(. Өзара
қарым-қатынасқа түсу - адамдар өміріндегі қажетті шарттардың бірі. Онсыз
адамның бірде-бір психикалық функцияларының, үрдістерінің, психикалық
қасиеттерінің, түптеп келгенде тұлғасының дұрыс қалыптаспайтындығы баршаға
мәлім. Қатынас, қарым-қатынас жасау, өзара түсінісу мәселесі -педагогика,
психология және әлеуметтану ғылымдарының басты мәселелерінің бірі.
Грек философы Эпиктеттің "Адамдарды көбіне болып жатқан жаңалықтар
емес, олардың жаңалықтарды қалай қабылдайтыны мазалайды" деген қағидасы
бар. Осы қағидамен келісер болсақ, қарым-қатынас көбіне адамдардың ортаны
қалай қабылдайтыны мен олар туралы орта не ойлайтындығына байланысты
болмақ. Осы пікірді Платон, философтар: Н.Кант, Г.В.Гегель, З.Фрейд,
прагматиктер: В.Джеймс, Б.Рассел және т.б. ғалымдар өз еңбектерінде
дәлелдеген болатын. Олай болса, қарым-қатынас - бөгде адамды қабылдау, яғни
екінші бір индивидтің ішкі белгілерін анықтау, өзімен салыстыру, оның ішкі
дүниесі мен мінез-кұлқын түсінуге тырысу. Қарым-қатынас туралы түсінік және
оның құрылымы туралы алғаш ұсынған 1970 жылы Б.Д.Парыгин болды. Ол қарым-
қатынастың негізгі өлшемдерін атап өтті: Бұлар:
1.Психикалық контакт (тұлғаның бірін бірі қабылдауы).
2. Хабар алмасу, вербальды және вербальды қарым-қатынас.
3. Өзара әсер, өзара бірлескен іс-әрекет. Қарым-қатынас жалпы қоғамның да
және әрбір адамның да менің сипаттайтын бір жазықтығында жатыр, себебі
қоғамның бір бөлігі қарым-қатынастағы адам болады. Демек, әрбір жеке
индивидтің дамуы онымен қарым-қатынаста болатын басқа да индивидтердің
дамуына тәуелді болады. Жеке тұлға, жалпы қоғамдық қатынастардың жиынтығы
болғандықтан, қарым-қатынасынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан да, өзін-
өзі және өзінің айнала қоршаған ортаға, адамдарға қатынасын түсіну
нәтижесінде, адам басқа адамдармен қарым-қатынаста болып, өзінің менің
түсінеді. Демек, қарым-қатынастың өлшемдері коммуникативтік қызметте жүзеге
асады. [2]

1-кесте
Б.Д. Парыгин бойынша қарым-қатынастың негізгі өлшемдері:

ХХ ғасырдың 70-жылдары Т.Н.Мальковский қарым-қатынастың коммуникативті
аспектісін, А.В.Мудрик мектептің өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші
әсерлерін, В.В. Течет ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының
ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық қарым-
қатынасты ғылымның жаңа саласы деп көрсетті.
Педагогикалық қарым-қатынас “педагогикалық шеберлік” пәнінің аясында
оқытылды.
ХХ ғасырдың 80 жылдары А.А.Леонтьев, Н.А.Березевина, Я.Л.Коломинский,
С.В.Кондратьев, В.А.Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас ұғымын
қарастырды.
В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың психологиялық мазмұнын, құрылымын, стилін,
кезеңдерін анықтады.
Қарым-қатынасты әлеуметтік жағынан қарастырғанда: топтар арасындағы,
топтар мен ұйымдардағы әріптестер, әрекет субъектілері арасындағы ақпарат
алмасуын; қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін;
бірлескен міндеттерді шешу үрдісіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен
түсінуін топтастырады. Әлеуметтік орта және ішкі топтардағы тұлғааралық
қатынастар мен ішкі қатынастар жүйесіндегі адамдардың бірлескен өмірлік
әрекеттері қарым-қатынас үрдісін туындатады. Әлеуметтік қатынастар -
әлеуметтік класстардың: жұмыс беруші мен жұмысшы; экономикалық
құрылымдардың (сатушы мен тұтынушы); иерархиялық формальды ұйымдардың
(облыстық және аудандық білім беру департаменттері) және т.с.с. қарым-
қатынасы ретінде көрініс береді. Тұлғарааралық қатынастар іскерлік және
эмоционалды бағалаудың негізінде құрылады, сонымен қатар адамдардың бір-
біріне таңдау білдіруі де маңызды болып табылады. Яғни қатынастың қай түрі
болмасын, әр уақытта қарым-қатынас үрдісінсіз жүзеге аспайды. Қарым-
қатынастан тысқары адамзат қоғамын елестетуге де болмас еді. Қарым-қатынас
үрдісі қоғамда индивидтердің бірігуінің тәсілі болуымен қатар, олардың
тұлғалық және кәсіби тұрғыда өсуінің жолы болып табылады. Қарым-қатынас
адам өмірінің рухани және материалдық формаларының сан алуандығын
сипаттайды және тұлға өміріндегі ең маңызды қажеттілік болып табылады.
Поляк психологы С.Мелибруда өз еңбегінде: "Өзара қарым-қатынастың
маңыздылығы, біз демалып жүрген ауадан ешбір кем емес екендігі ешкімге
кұпия емес" деп жазады. (4(. Ал француз халқының ұлы жазушысы Антуан де
Сент-Экзюпери: "Нағыз байлық, бұл - адамның қарым-қатынасы" деген қағидасын
ортаға салады. Қарым-қатынас қажеттілігі материалдық жағдайларды өндірудегі
бірлескен әрекет қажеттілігінен туындайды. Ал рухани өмір аумағында
тұлғаның әлеуметтік тәжірибені жинақтау қажеттілігі негізгі орынды алады.
Дегенмен екі формасында да басқа адамдармен бірлеспей (түйіспей) қарым-
қатынастың жүзеге асуы мүмкін емес екендігін төмендегі 2- кестеден көруге
болады:

Қарым-қатынас қажетттілігі 2-кесте.
Қарым-қатынас қажетттілігі

Материалдық
Рухани аумақта
аумақта

Бірлескен
Тұлғаның әлеуметтік
әрекет
тәжірибесі

Тек басқа адамдармен бірлестікте, өзара әрекеттесуде жүзеге асады
Қарым-қатынас мәселесін талқылауда ғалымдар "қарым-қатынас" ұғымының
мәнін ашуға көп көңіл бөледі. Көп жағдайда қарым-қатынасты адам әрекетінің
бір түрі ретінде, яғни "қарым-қатынас әрекеті", "коммуникативтік әрекет"
деп қарастырып жүр. Сонымен қатар қарым-қатынасты үрдіс ретінде
қарастыратын да жағдайлар ғылымда көптеп кездеседі. Мысалы, А.С.Золотнякова
"Қарым-қатынас - әлеуметтік және тұлғаға бағытталған үрдіс, мұнда жеке
тұлғалық қатынастармен қатар, құқықтық құндылық шарттары жүзеге асады" деп
анықтама берді (5(. Оның ойынша, қарым-қатынас әлеуметтік үрдіс болып
табылады және сол арқылы қоғам индивидке әсер ете алады. Яғни, қарым-
қатынас коммуникативтік-реттеуіш үрдіс ретінде түсіндіріліп, үрдісте тек
әлеуметтік құндылық мөлшері беріліп қана қоймай, индивид пен әлеуметтік
жүйенің сол құндылықтарды игеруін реттеп отыруы сипатталады. Ғалым
А.А.Бодалев өз кезегінде қарым-қатынасты адамдардың өзара әрекеттесуі
ретінде қарастырады, оның мазмұнын түрлі коммуникациялық кұралдардың
көмегімен ақпарат алмасу кұрайды деп көрсетеді. Бұл пікірге Н.И.Конюховтың
берген анықтамасы жақын келеді. Ол: "Қарым-қатынас - белгі беру кұралдары
арқылы субъектілердің өзара әрекеттесуі, қарым-қатынас әрекет мұқтаждарына
байланысты туындайды және нақты өзгерістерге, мінез-құлыққа, серіктестің
тұлғалық-мағыналы біліміне бағытталады",-дейді (6(. Қарым-қатынасқа мүлдем
басқа анықтама беруші ғалым А.А.Леонтьев. Оның пікірінше, қарым-қатынас
әлеуметтік феномен түрінде қарастырылуы және оған адамның кез-келген
әрекетінің шарты ретінде қарау қажет, яғни: Қарым-қатынас- мақсатқа
бағытталған және ын таландырылған үрдістердің жүйесі, ол қоғамдық
және жеке психологиялық қатынастарды ұжымдық әрекетте арнайы құралдар,
соның ішінде- тіл арқылы жүзеге асуын қамтамасыз етеді. (7(. Аталмыш
көзқарасты В.Н. Панферев өз еңбектерінде ұстанды. Оның айтуы бойынша, кез-
келген әрекет қарым-қатынасынсыз жүзеге аспайды, яғни қарым-қатынасты
индивидтердің өзара әрекеттесуі деп түсіндіреді. Атап айтсақ,
Қ.Жарықбаевтың, Т.Тәжібаевтың, Ә.Алдамұратовтың, А.Құдиярованың
еңбектерінен қарым-қатынас және іс-әрекет туралы ой-пікірлерді кездестіруге
болады. Қазақстандық А.Құдиярова өз еңбегінде қарым-қатынас түсінігін -
ортақтасу ұғымымен алмастырады және адамның тұлға болып қалыптасуының алғы
шарты ретінде қарым-қатынас үрдісін басты орынға қояды. Қ.Жарықбаев қарым-
қатынасты іс-әрекетпен байланыстыра отырып, төмендегідей анықтама берді:
Қарым-қатынас – адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-
тіршіліктің негізгі арқауы - деген. Сөз сөйлеу ұғымдарына қарағанда оның
аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлеу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол
айналасымен түрлі ым-ишара, белгі, таңба арқылы да бір-біріне мағлұмат бере
алады. Тіпті қас –қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау, т.б. толып
жатқан атрибуттар да қарым-қатынастың негізгі қызметін атқарады. Адам
өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен реттестіру үшін
басқамен қарым-қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың ана тілінің
грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады, қарым-
қатынастың негізгі түрі сөйлеумен бірге оның басқа да түрлері бар екендігі
(ымдау, жылау, қас-қағу, беттегі, денедегі әр түрлі қозғалыстар( . Қарым-
қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып табылады.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтену үрдісі жүреді., соның
нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындау
және дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам қарым-қатынас үрдісінде
жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын
қоғамға енеді.
В.А.Кан-Калик қарым-қатынастың кезеңдерін төмендегідей анықтады.
1) Болашақта болатын қарым-қатынасты модельдеу (болжау кезеңі);
2) Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы кезеңі) –
“коммуникативті шабуыл”
3) Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
4) Өткен қарым-қатынасты талдау және келесі педагогикалық міндеттерді
шешу үшін оны модельдеу.
Қарым-қатынас өз кезегінде негізгі үш қызметті атқарады. Бұл қызметтер
мұғалімнің оқушылармен, педагогикалық ұжыммен қарым-қатынасын жақсартуға
мүмкіндігін береді.

Қарым-қатынастың негізгі қызметтері
3- кесте.

Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту,
ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына
байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара
әсер ету процесі.
Педагогикалық қарым-қатынас бұл педагог пен оқушылардың өзара
әрекеттесуінің әлеуметттік нормативті формасы.
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
- Байланыс орната алмау:
- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және
өзгерте алмау;
- Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас-бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің
әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат
алмасу, тәрбиелеушіге әсер жасау,коммуникативті құралдар көмегімен өзара
қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Ал, қарым-қатынас мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын
әр адамның білім, тәрбие және әлеуметтену деңгейін көрсететін, мінез-құлық
мәдениетінің құрамдас бөлігі. Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас жасау
мәдениетінің мәнін анықтау қарым-қатынас мәдениеті түсінігіне талдау
жасауды және мәдениет, қарым-қатынас жасау мәдениеті және
педагогикалық қарым-қатынас жасау мәдениеті түсініктерінің өзара
байланысын талап етеді.
“Мәдениет” термині латын тілінің “cultura” сөзінен аударғанда жерді
өңдеу дегенді білдіреді. Кейін бұл ұғым кең мағынада қолданыла бастады.
Кең мағынада мәдениет дегеніміз қоғамның, шығармашылық күштердің және адам
қабілеттерінің дамуының тарихи белгілі бір деңгейі, ол адам өмірінің және
іс-әрекетін ұйымдастыру формасы мен типі түрінде, материалдық және рухани
құндылықтар түрінде көрініс табады.
Тар мағынада мәдениет дегеніміз бұл адамның рухани өмірінің бір саласы, ол
кәсіби және басқа іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі.
Мәдениеттің мәні өмірлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәсілдерімен
анықталады.
Педагогикалық мәдениет – жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда
білім беру мен тәрбиелеудің рухани және материалдық құндылықтары кең
тұрғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіру, ұрпақтар ауысуы тарихи
процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет
тәсілдері болып табылады.(Е.В.Бондаревская, С.В.Кульнеевич)
Мұғалімнің жалпы базалық мәдениеттінің мазмұнына жатады:
- ақыл-ой және дене еңбегі мәдеиеті;
- өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу,
- өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті;
- тұрмыс мәдениеті;
- қарым-қатынас және демалыс мәдениеті
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері
Педагогикалық мәдениет педагогикалық теорияларды және практиканы, қазіргі
заманғаы педагогикалық технологияларды, педагогикалық іс-әрекеттегі
тұлғаның шығармашылық өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде
қарастырылады
Қарым-қатынас мәдениеті түсінігі мәдениет түсінігіне қатысы
жағынан түрлі болып келеді, өйткені қарым-қатынас жасауда қоғамдық
байланыстар мен адамдардың қарым-қатынастары көрінеді. Қарым-қатынас
мәдениетін тәрбиелеуде белгілі ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн.,
Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоции өз еңбектерінде үлес қосты. Бұл ретте қарым-
қатынас тек әлеуметтік қарым-қатынас болудың бастауы болып қана емес,
сонымен қатар жалпы алғанда, мәдениет бейбітшілігі болады. Педагогикалық
қарым-қатынас мәдениеті адамдардың өзара қарым-қатынасын олардың бірге
педагогикалық қызмет етуі барысында сипаттайды және қарым-қатынас
мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарала алады. Кескіндеме түрінде
талданып отырған түсініктердің өзара байланысы 4-суретте көрсетілген.

4- кесте.
Мәдениет құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің орны.

Педагогика ғылымында мұғалімдер даярлығындағы педагогикалық
мәдениетті қалыптастыру мәселесі алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны
зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен педагогикалық іс-
әрекеттегі мәдениеттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин,
И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын
алған. Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары (
О.Абдуллина, Б.Айтмамбетов, А.Молдажанова, В.Сластенин, А.Щербаков. Н.Хмель
арқасында қызу жүргізілуде. Педагогикалық мәдениеттің теориялық негіздерін
зерттеуші В.А.Сластенин педагогикалық мәдениетті Адамгершілік бағыт,
педагогикалық шығармашылық ойлау, жаңа іс-әрекетке қабілеттілік, жоғары
қоғамдық жауапкершілік сияқты тұлға сипаттаммасы мен жеке тәжірибе, білім
мен ойлау үйлесімділігі, сана-сезім, қарым-қатынас, мінез-құлық жиынтығының
тұтас жүзеге асырылуы - деп айтады.
Қ.А.Байкова, Л.К.Гребенкина өз еңбектерінде: Педагогикалық мәдениет-
педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыра білетін, педагогикалық ойлай
үйлесімділігі, білімі, сезімі және кәсіби шығармашылық іс-әрекеті жоғары
дамыған педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданушы адамның кәсіби мәдениеті
дей отыра, педагогикалық мәдениеттің басты компоненттеріне педагогикалық
ойлау, рухани адамгершілік және мінез-құлық, педагогикалық қарым-қатынас,
сыртқы түр мәдениетін кіргізеді. Педагогикалық мәдениеттің маңызды
компоненттерінің бірі педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде
мұғалім тұлғасының жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр [8].
Педагогикалық бағыттағы мәдениет дегеніміз – адамдардың бірлескен ғылыми,
моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-
қатынастың жиынтығы адам тұлғасына бағытталған өзін-өзі танып білу немесе
рухани белгісі. (9(. Мәдениеттің қалыптасуына В.С.Библер ерекше мән берді.
Оның пікірінше, мәдениет – адамдардың қарым-қатынасы мен бір кезеңдегі
болмысы, санасының, ойлауының формасы, қайта жаратылу жолдары. Жоғарыда
көрсетілгендей, қарым-қатынас проблемасын шешуде білім жеткіліксіз,
сондықтанан да жеке тұлғада адаммен адамның үйлесімді қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Себебі қарым-қатынас
мәдениеті –білімді белсенділікке, нақты іс-әрекетке бағыттайтын құрал болып
саналады. М.С.Коган қарым-қатынас мәдениетін рухани және қатынастық
материалдық құндылықтар байлығы, адамзат санасының,тұрмысы, өткені мен
бүгіні деп түсіндіреді.[10]. Қарым-қатынас мәдениеті жалпы мәдениеттің бір
бөлігі болып саналады. Өйткені ол тұлғаның ортақ әлеуметтік қасиетін
көрсетеді және педагогикалық қарым-қатынас әрекетінің нәтижесі мен процесін
біріктіреді.Қарым-қатынас мәдениеті ғылыми дәреже ретінде соңғы жылдары
ғана өз үйлесімін тапты. Осы уақытқа дейін ол педагогикалық теория және
тәжірибеде тиісті орын алған жоқ. Қарым-қатынас мәдениеті әр адамға әсер
ете отырып, өзінің мамандығы бойнша қарым-қатынас жасайтын қазіргі заман
мамандарының қажетті белгісі болып саналады. Педагогикалық қарым-қатынас
оқу-тәрбие үрдісінде оқушы тұлғасына әсер етуші құрал ретінде қызмет етеді.
Педагогикалық қарым-қатынас - өзіндік ақпарат алмасуы бар, коммуникативтік
құралдардың көмегі арқылы өзра қатынастар мен тәрбие құралдарын жүзеге
асырушы біртұтас жүйе болып келеді. Мәдениеттаным бағытында қарым-қатынас
мәдениеті бір жағынан дәлелдеуді қажет етпейтін қисынды ұғым десе,
екіншіден көп мағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез-құлқы, тұрмысы мен
салты деп жіктеледі. (10(.
Жоғарыдағы анықтамаларды негізге ала отырып, қарым- қатынас
мәдениеті ұғымын төмендегідей тұжырымдауға болады: қарым-қатынас мәдениеті
дегеніміз – адамның мазмұнды, сапалы жақтарын жақындастыруға бағытталған
адамгершілік, саналылық әрекеттері. Қарым- қатынастың жалпы мәні адамның
мақсатына байланысты біріншіден, басқа адамдарды тану, сол адамдардың әсері
арқылы өзін-өзі тану, бағалау болып табылады;екіншіден, басқамен өз
әрекеттерін таңдауда мақсатты, саналы, белсенді жан иесі ретінде көрінеді.
Сонымен, қорыта айтатын болсақ, қарым-қатынастың жоғарыда көрсетілген
ерекшеліктері – іс-әрекеттегі мәдениеттілік белгілері, ал іс-әрекет –
адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының ең алғашқы сатысы. Тұлғалық
әрекетті меңгеру барысында ғана қарм-қатынастың алғашқы элементтері
байқалады. Қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және
түсіну үшін адамдарға және өзіне өзара әрекет субьектісі ретіндегі
қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.Қарым-қатынас дағдысы кәсіптік,
педагогикалық қызметке , қоғамдағы белсенділік деңгейіне тікелей байланысты
және ол әркімнің жеке іс-әрекеті. Мұның бәрі жеке тұлғаны тәрбиелеуде қарым-
қатынас мәдениетінің маңыздылығын көрсетеді.
Іс-әрекеттің мазмұнын талдау мен оның түрлерінің педагогикалық процесс
компоненттерімен өзара әрекеті маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Педагог балалар ұжымын қалыптастыруда әрекеттің әр түрлі құралдарын орынды
қолдана білуі, атап айтқанда, еркін қарым-қатынасты, ойын мен еңбек
түрлерін, қоғамдық ұйымдардағы, өнердегі, табиғаттың іс-әрекетті, барлық
жағдайларда ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда балалар арасындағы қарым-
қатынасты дұрыс қолдана алуы керек.
Қарым-қатынасты: мінез-құлықты өзгерту мен келісу мақсатында қоғамдық
қатынастарды жүзеге асыру процесінде адамдардың өзара әрекеті, ол іс-
әрекеттің белгілі бір құралы арқылы саналы түрде жүреді деп қарастыру
қарым-қатынастың барлық қоғамдық тұрмыс аумағынан асып кететінін
көрсетеді. Қарым-қатынас қоғаммен қатар, әрбір адамның мәнді сипаттамалары
арасында жатыр, яғни қарым-қатынастағы адам – қоғамның элементі. Осылайша,
әрбір индивидтің дамуы қарым-қатынастағы басқа индивидтердің дамуына сай
болады.
Жеке тұлға барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретінде қарым-
қатынастан тыс қалыптаса алмайды. Сондықтан да адам өз-өзін тани отырып,
өзінің қоршаған ортаға, басқа адамдарға қарым-қатынасында Мен қасиетін
тани алады. Осыған орай, қарым-қатынас коммуникативті функцияны жүзеге
асыру болып табылады.
Өскелең ұрпақ үшін жеке тұлғаны қалыптастыру шартты түрдегі кіші
топтардың (отбасы, мектепке дейінгі мекеме) қарым-қатынастарынан басталады.
Осыдан бастап баланың үлкендермен сөйлесу, өзара байланысты жүзеге асыру,
өзіне назар аударта алу және т.б. қабілеттері қалыптаса бастайды.
Зерттеушілердің қиын балалардың пайда болу себептеріне қарым-қатынас
тапшылығын жатқызатыны бекер емес.
М.А.Березовиннің, Я.Л.Коломинскийдің, А.В.Киричуктың, А.В.Мудриктің
және т.б. зерттеулері көрсеткендей, педагог балалар ұжымына өте жақсы әсер
ете алады, кіші топтардағы байланыс психологиялық жағынан сенімді,
мейірімді болып, қарым-қатынастың табыстылығына әкеледі. Қарым-қатынас
адамдардың өзара әрекеті ретінде нтымақтастықты ұйымдастыруға, әрекетті
келістіруге бағытталған. Бұның өзі, Л.П.Буев, Б.Ф.Ломов және т.б. айтуынша,
қарым-қатынастың арқауын құрайтын іс-әрекет мазмұнымен байланыты. Міне,
сондықтан да шартты топтардың іс-әрекетінің қорытындысына жетудегі мақсат,
міндет, әдістерді түсіну ұжымның басты белгісі болып табылады.
Қоғамның көзқарасынша, ұжымның мазмұнды және құнды іс-әрекеті әр
индивид үшін қарым-қатынастың маңыздылығын көтереді.
Қарым-қатынастың әлеуметік ролін талдау жеке тұлғаны қалыптастыруда
педагогикалық процесс мүмкіндіктерінің педагогтың қарым-қатынасты басқаруда
қандай тиімді әсерлермен қамтамасыз етілетіне байланысты. Педагог қарым-
қатынасты басқара отырып, педагогикалық процестің тәрбие механизмдеріне
белсенді әсер ете алады. Тәрбие механизмдерінің ерекшелігі – (педагогикалық
процеске қатысушылардың өзара қатынастары) педагогтан қарым-қатынастың
жоғары кәсіби техникасы талап етілетіндігінде. Іс-әрекеттің басқа түрлеріне
қарамастан (оқу, ойын, еңбек және т.б.), педагогикалық процесте балалардың
өзара әрекетті қалайтын өзара жеке бас қатынасының жүйесінен көрінеді.
Балаға басқа балалармен қарым-қатынас қажет болса да, ол оны ұйымдастыра
алмайды. Сондықтан оларға педагогикалық қарым-қатынас техникасын білетін
және оны практикада қолдана алатын педагог қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз не? Біз кез келген топқа
келгенде, балалардың назарын өзімізге аудару үшін белгілі бір әрекет жасау
қажеттігін сеземіз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – балалардың қызығушылығын
тудыру үшін өзін дұрыс көрсету. Психологияда ол өзін сыйға тарту деп
аталады. Қарым-қатынас мектепке дейінгі ұйымның табалдырығынан басталады,
ол мақсатқа бағытталған процесс, ол тек біздің жеке ниеттерімізге ғана
байланысты емес, оқыту және тәрбие логикасымен анықталады. Осы жағдайдың
өзінен әртүрлі көзқарастар мақсатқа бағытталынып, қарым-қатынастың
вербальды (дыбыстап айтылатын) және вербальды емес (дыбыссыз) құралдарын
таңдау қажеттілігі туады. Әрі қарай біздің ұзаққа созылмайтын әсерлердің
нәтижесінде балалар тобындағы өзгерістерді сезіну қажеттілігі туындайды.
Осылайша қарым-қатынас кәсіби қарым-қатынасқа ауысады. Басқаша
айтқанда, педагогтар кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасап, педагогикалық
қарым-қатынас техникасын педагогикалық технологияның бір бөлігі ретінде
көре білуі қажет.
Педагогикалық процесте балалармен өзара қарым-қатынас алғашқы қарым-
қатынас болып табылатынын айтады. Оларда педагогтың оқу-тәрбиені күшейтуі
негізінде қарым-қатынастың барлық күрделі құрылымдары жатыр. Міне,
сондықтан да әлеуметтік-психологиялық іргетасы тұрақты болуы шарт.
Педагогикалық қарым-қатынас мақсатпен және жорамалдаумен қатар құрылуы
қажет. Бұл педагогикалық процестің маңызды соңғы категориясы.
Егер тәжірибені талдай келсек, онда назарымызды педагогикалық әрекетте
әрқашан туындайтын әртүрлі педагогикалық жағдаяттардағы қарым-қатынас
маңыздылығына аударамыз.
Балалармен қарым-қатынас процесінде педагогикалық қарым-қатынас
функциялары қалай жүзеге асырылатынын талдайық.
Қарым-қатынас тұтастай жүзеге асырылу керек: ақпарат алмасу, өзара
қатынастарды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасын тану және өзара әсерді
ұйымдастыру. Егер бұл функциялардың ішінен қарым-қатынас процесінде біреуі
таңдалса, қарым-қатынастың біртұтас жүйесі бұзылады, қарым-қатынас
механизмінде іркілістер пайда болады.
Мынадай педагогикалық ережені есте сақтайық: егер біз балалармен бірге
жұмыс істегенде табысқа жеткіміз келсе, онда біртұтас, үздіксіз
педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруды ойлану керек.
Педагогикалық қарым-қатынаста іскерлік және жеке бас қатынасының
деңгейлері өзара әрекет етеді. Егер бұл жүзеге асырылмаса, өзара әрекет
жемісті болмайды.
Тәрбиешіде педагогикалық процестегі қарым-қатынастың ролі тым жоғары
емес пе деген сұрақ туындауы мүмкін. Біз олай ойламаймыз. Қазіргі өмір мен
ондағы баланың өмірі өте күрделі. Егер бұл бала бұрын рұқсат арқылы
істесе, ал енді біз ынтымақтастыққа ынталануымыз керек. Баламен
ынтымақтастық орнатуда нақты талаптар қойылады: а) сенімділік (балалармен
қарым-қатынаста бұл үндестілік болуын тексеріңіз); ә) диалогтық (баланы
тәрбие әсерлерінің объект-субъектісі ретінде тыңдай білу керек); б) өзара
түсіністік (ол ынтымақтастықтың психологиялық негізі болып табылады); в)
нақты психологиялық байланыс (іскер және жеке бас байланыстары негізінде
туындайды); г) жеке әсерден бас тартып, өзара әсерге көшу қабілеті.
Балалармен педагогикалық қарым-қатынас – шығармашылық процесс, ол
өмірге көптеген күтпеген өзара әрекет жағдаяттарын келтіреді. Баламен кез
келген өзара әрекет шығармашылық міндетті шешу болып табылады. Ал оның әр
түрлері бар.
Оқу ақпаратын ұйымдастыру процесіндегі тәрбиеші шығармашылығын және
оның балалармен қаорым-қатынас аспектісін алайық. Бұл монолог сенімді
диалог болуы мүмкін. Қарым-қатынастың нақты жүйесінде оқу ақпаратын беру
тәсілі үлкен маңызға ие. Психолог К.П.Волков Психологи о педагогических
проблемах деген кітабында баланың тәрбиешіге қоятын келесі талаптарын атап
көрсетеді:
- шарттастық, психикасы әр түрлі балалармен қарым-қатынасқа тез
және оңай түсе алу;
- басқарудың демократиялық стилі;
- түсінушілік, шыдамдылық, қызығушылық, эрудиция, сезгіштік- бір
сөзбен айтқанда, адамның жанын тәрбиешіге аша алу.
Тәрбиешінің шығармашылығындағы қарым-қатынастың тағы бір сәтін көрейік.
Ол – балаға өте дәлдікпен әсер ете алу іскерлігі. Міне, осында педагогтың
жеке тұлғасы жақсы көрінеді.
Белгілі бір тәсілдің бір тәрбиешіде жақсы қорытынды берсе, екіншісінде
ондай әсер етпейтіні бізге белгілі. Педагогикалық қарым-қатынас процесінде
педагогтың жеке тұлғалық қасиеттері, шығармашылығы жақсы көрінеді. Педагог
жаман адам болмауы керек деп айтатыны да сондықтан. Ол өз пәнін жақсы білсе
де, кәсіби педагог бола алмайды. Педагог қарым-қатынаста белсенді болуы
керек. Қарым-қатынас осыдан тиімді болады.
Педагогикалық қарым-қатынасты практикалық түрде ұйымдастыруда өзара
әрекеттің жалпы логикасы мен технологиясы қандай болатынын білу өте
маңызды. Бұл туралы нақты түрде айтып кету қажет. Коммуникация
технологиясының компоненттері өте көп. В.А.Кан-Калик бойынша, қарым-
қатынастың бірнеше стадиялары бар.
Сонымен, біздің балалармен қарым-қатынасымыз әр түрлі жағдайларға
бағдарланудан басталады, ал оның өзі барлық жүйені анықтап, нақтылауға
көмектеседі. Ол өте тез өтеді: біз топқа кіргенде бірнеше секунд ішінде
көзімізбен шолып шығамыз. Бұл уақытта: а) коммуникативті есте (жадыда) бұл
ұжыммен алдындағы қарым-қатынасымыз жаңғыртылады; ә) бұрынғы болған
әрекеттердің негізінде жаңа жағдаят бекітіледі; б) алдағы қарым-қатынастың
стилі, жүйесі, ерекшелігі нақтыланады. Бұл саты қажетті сөзді,
интонацияны, мінез-құлықты анықтай алады. Кейбір кезде алғашқы рет жұмыс
істейтін педагог осы бағдарлаушы кезеңнен аттап өтіп, қорытындысында қарым-
қатынасқа мақсатты түрде араласа алмайды.
Екінші саты маңызды коммуникативті міндетті шешумен байланысты – қарым-
қатынас объектісінің (балалардың) назарын өзіне аударту. Алдағы өзара
әрекеттің психологиялық негіздерін, жоспарланған әдістерін, оқытудың
ұйымдастырушы формаларын құру қажет.
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру процесінде үшінші саты
маңызды роль атқарады, ол коммуникацияның ізденушілік кезеңі болып
табылады. Педагог жаңа материалды бермес бұрын, топты, аудиторияны көзбен
шола отырып, қарым-қатынасқа іштей дайындайды. Бұл кезең жарысқа шығу
алдындағы сипатта, педагог алдыңғы сатылардағы қарым-қатынас жағдайлары мен
күтпеген коммуникативті міндеттерді нақтылап, табысты қарым-қатынасты
бастауға аудиторияның даярлық деңгейін білуге тырысады.
Бұл кезең - өтпелі кезең, қарым-қатынастың даярлық кезеңінен әрекеттік
кезеңіне дейінгі төртінші және бесінші сатыны қамтиды. Үшінші сатыда
тездетіліп қорытынды түзетулер жүргізіліп, алдын ала ойластырылған қарым-
қатынастың тәсілдері бекітіледі.
Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынаста тәрбиешінің балаларды түсіну
мәселесі маңызды роль атқарады. Бұл мәселе педагогикалық іс-әрекетке
қарағанда ағымды сипатта. Біріншіден, тәрбиешінің балаларды дұрыс түсінуі
педагогтың шығармашылық жұмысын қамтамасыз етеді. Екіншіден, баланы түсінуі
ұжымның табысты қалыптасуы мен өзара. Жеке бас қатынастарының орнығуына
әкеледі.Үшіншіден, дұрыс түсінушілктен оқу-тәрбие іс-әрекеті табысты болуы
мүмкін. Оқу-тәрбие процесіндегі өзара түсіністіктің әлеуметтік-
психологиялық маңызы осындай.
Педагогикалық қарым-қатынастың төртінші сатысы (вербальды қарым-
қатынас) – тәрбиешінің оқу материалын түсіндіруі. Педагог, мысалы, жаңа
мәліметтерді бергенде, сөз болып отырған мәселені бейнелі түрде көрсетеді.
Бұл процесс өте күрделі. Бұл міндетті шешуде К.С.Станиславский маңызды
педагогикалық міндетті айтады: объект тек естіп, түсініп қана қоймай,
сонымен қатар іштей көре білуі қажет.
Мәнерлі, анық сөйлеу, анықтамалардың нақтылығы, түсіндірілетін
материалды көзбен көре алу қабілеті – кез келген мамандықтағы педагогқа
қажет. Мұның өзін барлық тәрбиешілер қолдана алмайды, оны қолдану
педагогикалық қарым-қатынас тиімділігін арттырады. Танымдық ақпаратты бала
өздігінен кітаптан ала алады, ал бұл материалды бейнелеу арқылы көрсету
педагогтың қолынан ғана келеді. Бұл бейнелерді құрудағы үлкен роль
тәрбиешінің ойлауы мен педагогикалық қиялында.
Педагог сөзі белсенді, сезім мен санаға әсер ететіндей, ойлауды, қиялды
дамытатындай, ізденушілік әрекетке қажеттілік туындататындай болуы қажет.
Педагогикалық қарым-қатынастың бұл кезеңінде педагогтың жеке қатынасы
анық көрінуі тиіс.
Педагогикалық қарым-қатынастың бесінші сатысы – кері байланыс, ол
жоспарда мазмұнды және эмоционалды түрде жүзеге асырылады. Кері байланыс –
кез келген қарым-қатынас процесінің маңызды компоненті, ал педагогикалық іс-
әрекетте ол кәсіби сипатта болады. Кері байланыс оқу материалын түсіну
деңгейін, өзара әрекет атмосферасын, психологиялық ахуалды, балалардың
көңіл-күйін, олардың өзара әрекетке даярлығын анықтауға көмектеседі. Қарым-
қатынастағы кері байланыс балалармен жемісті әрекетті ұйымдастыруға қажет.
Қарым-қатынастың эмоционалды жағы материалды қабылдау деңгейі мен өзара
әректтің танымдық-адамгершілік атмосферасын құрайды. А.АБодалев қызмет
ететін кері байланысты жетекші, тәрбиеші, мұғалім жұмысының негізгі
жағдайларының бірі дейді. Белгілі бір себептен кері байланыс механизмінде
іркіліс болса, өзара әрекеттегі адам барлық қозғалыстарды реттей алмай,
оларды байланыссыз талдап, дұрыс қорытындыламайды, оларға дұрыс жауап бере
алмайды. Адамдар арасындағы байланыс бұзылып, өзара әрекет қиындайды. Кері
байланыс қарым-қатынастың алғашқы минутынан бастап жүйелі түрде жүзеге
асырылады. Қарым-қатынастағы кері байланыс педагог пен балалар
шығармашылығында түзетушілік функция атқарады.
Біз талдаған қарым-қатынастың сатылары педагогикалық процесте өзара
әрекеттің әр түрлі кезеңдерінде қайталанып отырады. Іс жүзінде
педагогикалық қарым-қатынастың кез келген актісінің құрылымын құрайды.
Қарым-қатынастың барлық сатылары өзара әрекеттің жалпы коммуникативті
құрылымын құрайды деп айтуға болады. Өзара әрекеттің коммуникативті
құрылымы қарым-қатынас сатыларының қозғалысынан тұрады.
Балалармен жұмыс істегенде қарым-қатынастың бірізділігін сақтау қажет.
Ол педагогикалық өзара әрекетте қате жібермей, оны дұрыс құруға
көмектеседі. Бұл сатылар бойынша педагогикалық қарым-қатынас саты ларының
негіздерін үйрену де өте жеңіл, алдымен әр сатыны жеке-жеке түсініп, одан
кейін, оларды біріктіріп, тұтас күйінде жүзеге асыру қажет.
Қарым-қатынастың педагогикалық техникасында ең маңыздысы – педагогтың
жеке тұлғасы.
Қарым-қатынас әрқашан педагог үшін субъект ретінде көп факторлы процесс
түрінде қарастырылуы қажет. Бұл факторларды қарым-қатынасқа байланысты екі
үлкен топқа бөлуге болады: жеке бас қатынасының факторы және операциондық
фактор. Бұл екі топ бір-бірімен өте тығыз қатысты және бір-біріне
байланысты. Жеке бас факторы – адамның жеке тұлға ретіндегі қасиеті,
операциондық фактор – адамдармен байланыс қандай тәсіл, құрал көмегімен
жүзеге асырылуы.
Қарым-қатынасты жеке бас факторлары: сырт келбеті, киімі, тәжірибесі,
білімі, эмоциясының көрінуі - өзіне байланысты қасиеттері қарым-қатынастың
дамуында маңызды орын алады.
Қарым –қатынас шеберлігіне үйренуде педагог өз-өзін жақсы білуі керек.
Ежелгі философтардың Өз-өзіңді тани біл деген тезисі адамдардың қарым-
қатынас құпиясын білудегі өзекті мәселесі болып қалуда. Өзіңнің жеке бастық
саналарыңды ғана біліп қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен қарым-
қатынасқа түсу ерекшеліктеріне қажетті ерекшеліктерді дамыту керек. Тек
өзінің жеке бастық сапаларын есепке алып және жүзеге асыра отырып, педагог
қарым-қатынас өнеріне үйренеді, өзара қатынастардың құралдары мен
формаларының ерекшеліктерін таңдау мүмкіндіктеріне ие болады. Жеке бас
ерекшеліктері. Білім, іскерлік, дағды, қабілет, талант, тәжірибе – осының
бәрі адамның өзіне байланысты. Педагогтың кәсіби іс-әрекетінде бұл
ерекшеліктерді есепке алу басқа адамдармен жемісті қарым-қатыгнас
қалыптастыруға көмектеседі.
Мынадай маңызды психологиялық заңдылықты есте сақтау қажет. Басқа
адамды қабылдау оның сыртқы келбетіне көз тастаудан тұрады, яғни әдеміге,
ашық түске реакциясы пайда болады: ішкі тартымдылық, қызығушылық тудыру,
құмарлық жадамды жынысына, жас ерекшелігіне қарамастан, сыртқы кейіпке
қарай бағыттап, оны өз танысымен, жақынымен салыстырады. Егер педагог
балалардың қабылдауының біртұтастығын бұзғысы келмесе, өзінің сыртқы
келбетіне көз тастап, балаларға үлгі болып, бойынан тазалық, ұқыптылық
таныту керек.
Бірақ бұл жерде мынадай шараны сақтауға болады, киім адамды қысып тұруы
немесе, керісінше, бос тұруы мүмкін (дұрыс таңдалған костюм киген адам өзін
сенімді ұстайды), бұның өзі балалардың зейініне әсер етеді. Шынымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық мәдениетін дамыту бойынша ғалымдардың теориялық зерттеулері
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этностық - мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
Педагогикалық қарым-қатынастар
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
Пәндер