Мемлекет бюджетінің шығыстарын талдау


Мазмұны
Кіріспе
1 Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1. 1 Бюджет ұғымы және оның экономикалық маңызы
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
1. 3 Мемлекеттік бюджетің кірістері мен шығыстарының жоспары
2 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы мемлекеттік бюджеттің рөлін талдау (Ақмола облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаменті мысалында)
2. 1 Мемлекеттік бюджет кірістерінің динамикасы
2. 2 Мемлекет бюджетінің шығыстарын талдау
2. 3 Ақмола облысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бюджеттің рөлі
3 Елдің әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары және оны жетілдіру жолдары
3. 1 Бюджет тапшылығының пайда болу себептері және оны қаржыландыру жолдары
3. 2 Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастардың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның денгейі, валюталық курс және басқа да макраэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму механизмін жүзеге асыру барысында мемлекеттік бюджет соңғы орын алмайды. Өйткені мемлекеттік бюджет қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол бюджетті, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Бюджет - жалпы категория қаржылардан айырмашылығы бар жеке экономикалық категория. Ол қаржылардан басқа деңгейдегі абстракциямен әр түрлі дәрежедегі қаржылық байланыстармен ерекшеленеді. Мемлекет шапшаң дамитын салаларды, әлеуметтік мәдени шараларды іске асыру үшін, жалпы қоғамдық масштабтағы шараларды өткізу үшін, қорғаныс сұрақтарын шешу үшін, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін орталықтанған құралдарға мұқтаж. Сонымен мемлекеттік бюджеттің болуы кеңейтілген қайта өндірудің мұқтаждықтарына мемлекеттік табиғатымен функцияларына байланысты. Мемлекеттік бюджетке қойылған көптеген міндеттер мен мақсаттарды орындауға ат салысатын, аймақтық деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айналысатыны жергілікті бюджет.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірынғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материялды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
2011 жылы ақпан айының 4-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2012 жылы қаңтар айының 1-ші жұлдызында қолдануға енгізілді.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген “Мемлекеттiк бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерiлместен, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры болып табылады” [1, 6-бап] .
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатысушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмi iздестiрiлуде. Міне, осының бәрін біз республикалық бюджетінен іздеу саламыз.
Дипломдық жұмыста Қ. Р. Президентінің Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауы, қалалық әкімшіліктің жыл сайынғы есептік мәліметтері, Мемлекеттік бюджет Өтебаев Б. С оқулығы, Қазақстан Республикасының бюджет кодексі, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтері және де т. б. мәліметтер қолданылған.
Қазіргі уақытта экономикалық қамтамассыздандыру, Қазақстанның Республикасының бюджет түсімін арттыру қызметі жөніндегі зерттеулер мен ұсыныстарға деген қажеттілік ұлғая түсуде. Ақмола облысының бюджеті экономика секторларының саласында алатын орны зор, өйткені ол осы сектормен тікелей байланыста. Жалпы ол облыстың экономика жағдайын анықтайтын негізгі көрсеткіш болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі болып келеді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық дамуындағы бюджеттің рөлін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді шешумен нақтыланады:
- Бюджеттің теориялық негіздерін зерттеу;
- Ақмола облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаменті
мысалында талдау жүргізіп, қорытынды мәселелерді қарастыру;
- Қазақстан Республикасының 2010-2012 жылдар аралығындағы Ақмола
облысы бюджетінің орындалуын талдау;
- Әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен оның жетілдіру
жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы болып табылады.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің бюджет және экономиканы саласын басқару жүйесінде орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде Экономика және бюджетті жоспарлау жүйесі және әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламалары, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ әлеуметтік - экономикалық мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Зерттеу процессінде жүйелік талдау, салыстыру, жалпылау, компьютерлік бағдарламалау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымына кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар жатады. Жұмыс 74 беттен, 11 кесте, 21 сурет, 11қосымша, 29 қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.
1 Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
1. 1 Бюджет ұғымы және оның экономикалық маңызы
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері белгіленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды[2, 234б]
Жаңа шарттарға сәйкес мемлекеттік органдарға қойылатын талап өздерінің бюджеттік өтінімдерін бұрынғыдай шығындар тұрғысынан негіздеу емес, өздерінің қызметтерінің қорытындысынан көрсету. Бюджеттік бағдарлама «тапсырма - шығын - тікелей қорытынды (көрсетілген бюджеттік қызметтер көлемі) » байланысын айқын көрсетуі керек. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар қызметтер деңгейінде қалыптасады және мемлекеттік органдардың жоспарлы шығындарының байланысын, сапа көрсеткіштерін және көрсетілетін қызмет саны мен оның стратегиялық мақсаттарын көрсетуі керек. Осылайша мемлекеттік органдардың қызметі формальді түрде өз функцияларын іске асыру мен бюджеттік қаражатты игеруден азаматтарға, заңды тұлғаларға, Үкіметке, Парламентке сапалы қызмет көрсетуге және соңғы нәтижеге қол жеткізуге қайта бағытталады.
2007 жылдың 26 желтоқсанында Үкімет Қаулысымен №1297 «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама» бекітілді. Бұл тұжырымдама Қазақстандағы нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуді енгізудің негізгі принциптері мен бағыттарын қарастырады. Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу жағдайында мемлекеттік органдардың бюджеттік міндеттерді орындауда жауапкершілігі күшейеді, мемлекеттік бюджеттік қаржыларды бөлуде қабылданған шешімдердің негізделуі жоғарылайды, олардың қабылдаған бюджеттік шешімдерінің анықтығы жоғарылайды[3, 136б]
Мемлекеттік шығындарды басқарудағы түбегейлі жаңа бағыттарына өтудегі алғашқы қадамдарын жасап отырған Қазақстан үшін мемлекеттік басқару, соның ішінде шығындарды басқару мен бюджеттеудің жаңа технологияларын игеруде алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені оқып-білу пайдалы болмақ. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Нидерланды, Швеция сияқты елдер нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу технологияларын табысты қолдануда.
Соның ішінде осы бюджеттеу технологиясын меңгерместен бұрын біз, бюджет ұғымының мәнін қарастырып өтсек, АҚШ - та бюджет ұғымы кең тараған. Сонымен қатар бұл елде әр-бір азамат өзінің күнделікті бюджетін қарастырумен және оны саналы түрде есептеп, қалыптастыру жүйесін көрсетіп келеді. Осы теория негізінде профессор М. Н Крейнина бюджет ұғымын былайша түсіндірді: '' Мемлекеттің қаражат қорын құру, жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастары''. Сонымен қатар М. Н Крейнина бюджетті 5 салаға бөліп қарастырды. 1) Бағдарламалық-мақсаттық бюджет(Performance Budget - PB) ;
2) Жоспарлау - бағдарламалау жүйесі (Planning - Programming - Budgeting System) ; 3) Мақсаттар бойынша басқару (Management by Objectives - MBO) ; 4) Бюджетті нөлден бастап жоспарлау (Zero-Based Budgeting - ZBB) ; 5) Нәтижелерге негізделген бюджеттеу (Performance-Base Budgeting - PBB) . Ал орыс ғалымы М. А. Федотова бюджет ұғымына мынадай анықтама берді: ''Экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады ''.
Жаңа Зеландия бюджеттік жүйесінің реформасы басқа дамыған елдерде жүргізілген ұқсас қайта құрылулар ішіндегі неғұрлым радикалдардың бірі саналады. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу 1989 жылы мемлекеттік қаржы туралы Жаңа Зеландия Заңында бекітілген. Жаңа Зеландия министрліктер мен департаменттер арасында сауда жүйесіне ұқсас келісім-шарттар жүйесін қолданады, мұнда департаменттің мақсатына жетуі үшін қажетті жұмыстар тізімі, сонымен қатар нәтижелерді өлшеудің көрсеткіштері және реті, құны мен мерзімі, марапаттау, міндеттемелерді орындамаған жағдайға санкциялар, есеп беру ережесі айқындалған. Бюджет қаражаты нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін міндеттемелерді іске асырудың келісілген құнына сәйкес бөлінеді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақыттылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды [4, 383б] .
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорында - бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі - мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет -бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді.
Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялық үкіметтердің барлық дәрежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттік бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс қаражаттар орталық және жергілікті үкімет қарамағында болады және олар, әрқайсысы белгілі қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Мысал ретінде ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар арнаулы (мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік субсидиялар есебінен құрылады[5, 120-126б]
Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің мүмкіндігін кеңейтеді.
Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандырылу дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.
Біртұтастық мемлекетте біріңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының, бюджет жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастырылуының бірыңғайлығын, оның әлеуметтік экономикалық болжаммен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюджеттің біртұтастығы принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді бақылау орнату.
Толықтық принципі үкіметтің барлық қаржы операцияларының, барлық жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырылып, мемлекеттің барлық түсімдері мен шығындарын әрбір бапта ескерілетінін білдіреді. Қазіргі уақытта бұл принцип іс жүзінде қолданылмайды. Өйткені бюджетті арнайы шығыстармен былықтыру жөнсіз деп саналады, сондықтан соңғы кезде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың дербес бюджеті бөліп шығарылады.
Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүреді /зейнетақы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру және т. б. /. Бұдан басқа «ҚР бюджет жүйесі туралы» заңына сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құрылады. Оны мемлекеттік үкімет пен басқарудың жоғары органдары қарап, бекітеді.
Нақтылық принципі бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін, бекітілген сомалардың сәйкес келуін қарастырады. Мұнда нақты болу болжамдары, бағдарламалары көрсеткіштеріне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің негіздемелеріне қарай анықталады.
Жариялылық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді жұртшылыққа бюджеттің құрамы және құрылымы мен, тапшылық көлемімен және жабудың әдістерімен /шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, заемдар және басқалар/ таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын білдіреді[6, 314б]
Бюджеттік саясат бағыттары жөніндегі бапта түпкілікті мақсаттар, мақсатты топтар мен белгіленген мақсаттарды іске асырудың кестесі көрсетіледі. Егер мақсаттың соңғы мақсаттық нәтижесін белгілеу мүмкін емес болған жағдайда бұл мақсаттар тікелей нәтижелер сәйкес келетін міндеттер сипатына ие болады (яғни, бюджеттік қызмет көрсету бойынша) .
Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы деуге болады және тиімді де икемді жұмсай білу экономикадағы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Ол арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар бюджет, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
1. 2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
Мемлекеттік бюджет құрылымы, алдымен сол елдің мемлекеттік құрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жүйесі екі қабаттан тұратын құрылым түрін алады - мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федералдық мемлекеттік құрылымы бар елдерге (АҚШ, ФРГ) арабуын болады - штаттардың, жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетіе нақты материалдық - заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдалынатын ақшаның ағында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік -мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қажеттілітерді үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны.
Мемлекетік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік - экономикалық процестерді реттеу механизмның жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) .
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
- республикалық бюджет; жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлысының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан -федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет [7, 275б] .
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өталетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Республикалық бюджет жалпы мемлекеттік салықтар есебінен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (1 суретке қараңыз) .
Сурет 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалаңың, астананың бюджеті;
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz