Мемлелеттік мекемелер қаржыларының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:

1 Мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің теориялық негізі

1. 1 Мемлекеттік бюджет мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың құралы ретінде

1. 2 Мемлелеттік мекемелер қаржыларының ерекшеліктері

1. 3 Мемлекеттік мекемелерді қайта құру және оны қаржыландыру көздері

3: 6
Кіріспе:

13

18

Кіріспе:

2 Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жүйесін талдау (Бурабай ауданы Щучинск қаласының қаржы бөлімі мысалында)

2. 1 Ақмола облысы және Щучинск қаласы бойынша кірістер мен салық түсімдерін талдау

2. 2 Щучинск қаласының қаржы бөлімі басқармасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруын және оны бақылауды талдау

3:

25

33

Кіріспе:

3 Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жүйесін бақылау және оны жетілдіру жолдары

3. 1 Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі

3. 2 Бюджет процесінде мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды жетілдіру және ондағы қаржылық есептің автоматты жүйесінің рөлі

3. 3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудағы қаржылық бақылауды жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері

3:

46

50

53

Кіріспе: Қорытынды
3: 58
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 60

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.

Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Мемлекеттік активтер - бұл бюджеттiк ұйымға жататын, оның iшiнде жалға берiлген, барлық активтердiң қолдағы саны және жылжуы есептелiнедi.

Мемлекеттік активтердiң бухгалтерлiк есебi есептiк тiркемелерде активтер түсiмiнiң, олардың бюджеттiк ұйым iшiнде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсiмделуiн және уақытында көрсетiлуiн, сондай-ақ әрбiр объектiнiң (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.

Мемлекеттік активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер бөлiктерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтiрiлмеуi мүмкiн емес, басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнiм беретiн мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге активтер.

Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан басталады, ал бақылау - тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.

Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.

Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы - экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама - қайшы көзқарастардан туындайды.

Экономиканың ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты көрсетеді.

Қаржының айқындылығы - нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:

  • біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны «тығыз» қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
  • екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың, топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.

Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін «мемлекет қалтасы» жағдайына жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.

Тақырыпты зерттеу дәрежесі - мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және тәжірибелік сұрақтары А. Д. Үмбеталиев, Т. Н. Крамаренко, В. Д. Мельникова, К. К. Ильясова, М. Т. Оспанова, Т. Ф. Юткина, В. Т. Черника, А. С. Дарибекова еңбектерінде қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер орындалды:

- мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің экономидағы алатын орны;

- мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің құрамы және құрылымы;

- мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудегі мемлекеттік бюджет шығыстары;

- мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру қорлары және нысандары.

Дипломдық жұмыстың объектісі - Ақмола обылысы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының аудандық қаржы бөлімі.

Практикалық маңыздылығы - дипломдық жұмысты жазған кезде құрастырылған аналитикалық кестелер мен талдау болашақта мемлекеттік мекемелерде «Қаржы бөлімінің» қызметкерлерімен аналитикалық жұмыста қолдана алады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік актілер және заңнамалар, ҚР статистикалық агентствосының ақпараты, Щучинск қаласының қаржы басқармасының мәліметтері қолданылды.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік, функционалды талдау әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылды.

Бірінші бөлімде мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің теориялық негізі жайында жазылған.

Жұмыстың екінші бөлімінде Бурабай ауданы Щучинск қаласының қаржы бөлімі мысалында мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жүйесін талдау қарастырылған.

Үшінші бөлімде мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жүйесін бақылау және оны жетілдіру жолдары ұсынылған.

Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Мемлекеттік мекемелерді қаржымен қамтамасыз етудің теориялық негізі

1. 1 Мемлекеттік бюджет мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың құралы ретінде

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры [1, 24 бет] .

Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді.

Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.

Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.

Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:

жиынтық қоғамдық өнімнің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық қажеттерді өтеумен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады;

құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс қаржысы мен құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөліске салуға арналған;

қоғамдық өнімнің тауар формасындағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлісіп, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндірістен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астасып жатады [2, 124 бет] .

Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорында - бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.

Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.

Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары- мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс [3, 102 бет] .

Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.

Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке /жеке кәсіпорындар шеңберінде/ және қоғамдық /бүкіл халық шаруашылығы ауқымында/ қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.

Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұтымды құрауда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстары мен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалануда аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.

Мемлекеттік бюджет -бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады [4, 64 бет] .

Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді

Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердің арасында бюджет табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялық үкіметтердің барлық дәрежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлар мақсатты міндет атқаратын және мемлекеттік бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс қаражаттар орталық және жергілікті үкімет қарамағында болады және олар, әрқайсысы белгілі қажеттер үшін құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Мысал ретінде ҚР зейнетақы қорын атап өтуге болады. Бюджеттен тыс қорлар арнаулы (мақсатты) салықтар, заемдар, бюджеттік субсидиялар есебінен құрылады.

Бюджеттен тыс қорлар бюджетті, сондықтан парламенттік бақылауды айналып үкіметтің экономикаға кірісуінің мүмкіндігін кеңейтеді.

Мемлекеттік бюджет біртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптеріне негізделеді.

Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық-экономикалық орталықтандырылу дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.

Біртұтастық мемлекетте біріңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде, қаржы құжаттарының, бюджет жіктемесінің бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен ұйымдастырылуының бірыңғайлығын, оның әлеуметтік экономикалық болжаммен өзара байланысын қамтамасыз етеді. Бюджеттің біртұтастығы принципінің міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрменді бақылау орнату.

Толықтық принципі үкіметтің барлық қаржы операцияларының, барлық жиналатын кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырылып, мемлекеттің барлық түсімдері мен шығындарын әрбір бапта ескерілетінін білдіреді. Қазіргі уақытта бұл принцип іс жүзінде қолданылмайды. Өйткені бюджетті арнайы шығыстармен былықтыру жөнсіз деп саналады, сондықтан соңғы кезде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың дербес бюджеті бөліп шығарылады.

Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүреді /зейнетақы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру және т. б. /. Бұдан басқа «ҚР бюджет жүйесі туралы» заңына сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құрылады. Оны мемлекеттік үкімет пен басқарудың жоғары органдары қарап, бекітеді.

Нақтылық принципі бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет, ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуін, бекітілген сомалардың сәйкес келуін қарастырады. Мұнда нақты болу болжамдары, бағдарламалары көрсеткіштеріне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің негіздемелеріне қарай анықталады.

Жариялылық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтерді жұртшылыққа бюджеттің құрамы және құрылымы мен, тапшылық көлемімен және жабудың әдістерімен /шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, заемдар және басқалар/ таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын білдіреді [14, 92 бет] .

Мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы деуге болады және тиімді де икемді жұмсай білу экономикадағы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Ол арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға болады. Сонымен қатар бюджет, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.

Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.

Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған [5, 54 бет] .

Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы (сурет 1) ұсынылған.

Сурет 1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі [1]

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.

Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.

Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.

Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі қалыптасуы
Кәсіпкерлік мекемелердің қаржысын ұйымдастыру
Экономиканы мемлекеттік басқарудағы қазынашылық жүйені дамыту (Қазынашылық Комитетінің бөлімшелерінің материалдары бойынша)
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Депозит нарығының мәні, депозит нарығың мағынасы мен рөлі
Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы
Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz