Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған:

[1]. 2007 жыл 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы;

[2]. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев- Астана: Ақорда № 319 – ІІІ ҚРЗ
2007ж. шілденің 27-сі.

[3]. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары. Негізгі ережелері. Алматы: РОНД, 2002.

[4].Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету

жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған Балапан бағдарламасы.

Анықтамалар

Қабілет – оқушылардың жеке қасиеттерінің мәселесі.

Шығармашылық — бұл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда,
тіршіліктің көзі.

Шығармашыл тұлға болу дегеніміз — дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның
болмысқа көзқарасын айқындауы.

Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективті бейнелерін
қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде көрінетін, дәл мағынасында тек адамға
ғана тән жан қуаты.

Тұлға —балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу-тәрбис үрдісінде тиімді
дамиды.

Шабыт — қиял мен ойдың біріккен жұмысы.

Шығармашылық дегеніміз — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға
ұмтылуы, ізденуі.

Шығармашылық құзыреттілік – музыка, өнер және тағы басқа да әрекеттің
нәтижелі түрлері туралы білім негізіне алғашқы қызығушылықтың оянуы.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы.
ҚР БМЖМС – Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарттары
ЖОБ – жалпы орта білім.

Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Белгілеулер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...7

1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
теориялық негіздері

1.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
ғылыми педагогикалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...11
1.2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
..20

2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын түрлерін 
қолдану  арқылы  дамыту

2.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .26
2.2 Ойын түрлерін  қолдану барысында балалардың шығармашылық қабілетін
театр  түрлерін  қолдану  арқылы  дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 Мектепке дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруда шығармашылық іс-
әрекетке баулу және жүргізген зерттеу жұмыстары мен нәтижелері ... ... .39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..58

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2008-жылғы Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты
Қазақстан халқына жолдауында: Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал
ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі
білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық
және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен
қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған
ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен
шығармауымыз керек деп атап көрсетті. [2]
Демек, аталған жолдауда стратегиялық міндеттердің бірі білім, ғылым
беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай
мектепке дейінгі балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін
дамытуға арналған сапалы білім беруді талап етеді. Ендеше, мектепке
дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, кеңейтуде, танымдық
белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор
деген сөз.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу мәртебесі-қазақ елінің мәртебесі. Өйткені,
балаларға білім мен тәрбие беріліп, осы өмірге бейімдеп қана қоймай, жалпы
адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сақтап қалу бүгінгі мектепке дейінгі
мекемелердің өзекті мәселесі болып отыр. Демек, мектепке дейінгі
балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда басты назар аударуымыз
қажет.
Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп,
қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан
мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда тәрбиешіге
берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын
қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі
қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен
сабақтастыруға тиіс.
Осыған орай, қазіргі кезеңде мектепке дейінгі балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуда белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру-
мектепке дейінгі мекемедегі оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып
табылады.
Еліміздегі педагогика және психология саласындағы ғалымдардың,
мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі-балалардың
дүниетанымдық үрдісінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда жеке
тұлғаның дамуы. Өзіндік жұмыс, өз бетімен білім, білік
дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді
жолдары
Тұрғынбаева Б.А, Құдайбергенова К.С, Т С. Сабыров, Н. Д. Хмель, М.А.
Құдайқұлов, Р.К. Төлеубекова, М.С. Молдабекова т.б ғылыми еңбектерінде
қарастырылған.

Бүгінгі таңда Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамытудағы мәселесі арнайы толық зерттелген емес. Еліміздің әлемдік
білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай мектепке дейінгі
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда, білім беру сапасын
жақсартуды жүзеге асыруда, балалардың шығармашылығын қалыптастыру мәселесі
әлі де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, мектепке дейінгі балалардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда теориялық және әдістемелік зерттеу
қажеттігі туындап отыр. [3]
Қазіргі ғылыми мәселелердің шешілу ахуалы
Қазақстанда шығармашылық қабілетін дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын
жүргізген психолог – ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников,
Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б.
Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады. Бұл проблеманың кейбір қырлары
көне замандардан бастау алған.[4] Оның маңыздылығы жөнінде көптеген
педагогтар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Н.Г.Чернышевский, А.Дистервег,
В.Г.Белинский т.б., психологтар С.Л.Рубинштейн, Г.И.Щукина, Л.И.Божович,
А.Н.Леонтьев, қазақ ғұлама ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Қүнанбаев,
А.Байтұрсынов, т.б. өз еңбектерінде айтып өткен.[5] Осыған орай, ана
тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде мектепке дейінгі балалардың
шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жеткіліксіз қарастырылуы, менің
дипломдық зерттеу тақырыбымды Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық
қабілетін қалыптастыру жолдары деп таңдауыма себепші болды.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
белсенділігін, іс-әрекетін, ойын түрлері арқылы қалыптастыруды ұйымдастыру.

Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамытуды ұйымдастыруда теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін
қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру жолдары.
Зерттеу міндеттері: жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге
асыру үшін төмендегідей міндеттерді анықтауымыз керек:
1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптасыру
проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың
перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
моделін құру.
3. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуда ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық
негізде талдау жасап, оқу- тәлімдік мәні айқындалса және ол әдістемелік
тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде белсенділік деңгейі көтеріліп,
дербестігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сипаттамалар бір жүйеге
келтірілді және негізгі ұғымдары мен бағыттары айқындалды.
2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды.
3. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды
қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру, балабақшада тәрбиешілерге
әдістемелік бағдарлама жасалынды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: болып философияның
дүниетанымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, дүниетанымның
диалектикалық теориясы; қоғам, мектепке дейінгі ұйым, жеке тұлғаның өзара
байланысы, тұлғалық-бағдар теориясы, әлеуметтік орта теориясы, іс-әрекет
және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар, негізге алына отырып,
мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда
қалыптастырудың әдістемесі жасалынды;
- Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды
қалыптастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;
-Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың
теориялық тұжырымдамалары, әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері
балабақша тәрбиешілерінің қызметінде, педагог кадрлардың осы саладан білім,
іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу
әдістерін қолдану; Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту іс-әрекеттерін бақылау; шығармашылық жұмыстары т.б. Тәрбиешілермен
пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық
тұрғыда саралау; арнайы курстар өткізу және талдау; әдістемелік жүйенің
мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы
тексеру; тәжірибелік – эксперимент жұмысының мәліметтерін нақты
статистикалық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеу базасы: Көкшетау қаласы, №21 Ақбота балабақшасы,
Гулдер ересек тобы.
Диплом жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
теориялық негіздері

1. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың
ғылыми педагогикалық мәселелері

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді
дағдыларды меңгеретін, кайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс
істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін
жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине балалардың шығармашылық
әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы балалардың
шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едәуір
зерттелген.
Балалар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру
қажеттігі туралы 80-жылдарыақ И.Я.Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық
заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. [6]
В.В. Давыдов жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке
тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және кабілеттілігіне
байланысты деп есептеген.[7] Б. Д. Эльконин шығар-машылыққа мынадай
анықтама береді: Шығармашылық — бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздык, жаңадан
жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің
сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын.
дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз
қозғауға болады.[8]
Әрине мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның
мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық, балалардың шығармашылық мүмкіндіктері
В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған.
Бір нәрсені жасауға тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп
жасына дейін де қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері оның
әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі қиял, елес болып есептеледі.
Мектепке дейінгі мекемеде шығармашылық қабілеттіліктер оқу әрекетінде
көрінеді, даму өнімі - оқуға құштарлық, ынталылық естияр топтарда бала
оку әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды.
В.В.Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді.
Баланың шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В.В.Давыдов өзінің Дамыта
оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте ғалым тұлғаны еркін
шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның
еркіндікке деген қозғалысы деп есептейді.[9] Бұл жағдайда баланың әрекет
үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты
қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.
Ал соңғы жылдары қарастырып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырында
көрінді. В.И.Слободников бала өміріндегі басты оқиға - өзіндік менін ашу,
адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін-өзі өмірбаянының
жасаушысы ретінде сезіну деп есептейді.
Бұл мағынада баланың шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын
қалыптастыруға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға
бағытталған.
Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В.И.Слободников келесі психология-
педагогикалық талапты ескертеді: Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы,
бала мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа
әдістерінің пайда болуы. [11]
Негізгі мектепке дейінгі мекеменің бүгінгі білім берудегі мақсаты -
балада өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға
жағдай жасау. Яғни педагогикалық әрекет балалардың белгілі бір нәтижеге
әкеп тірейтін әрекетіне бағытталуы қажет.
Шығармашылық әрекет баланың өз жеке шығармашылық бағытын таңдау
қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған
жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет баланың жеке білім
траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Бұл факторларды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып оқу-тәрбие
үрдісін ұйымдастыруды ескерген жөн. Мысал ретінде Ю.Г. Юдиннің ұсы-ныстарын
келтіруге болады. Баланың шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын
және оларға сәйкес қалыптасатын кабілеттіліктерін Ю.Г. Юдина мына түрде
қарастырады:
1.Баланың шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі:
балалардың жылдық балабақшалық топтар арасында көрмеге қорытынды жұмыс
тапсыру. т.б.
2.Баланың шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа
ситуацияға байланысты білім икемділіктерін қолдана білу, таныс
объектілердің жаңа функцияларын көре білу шешімдердің баламасын таба
білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба
білу.
3.Топтағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және баланың
қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы балалардың
шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық
атмосферасы болып есептеледі. Кейбір балалар үшін эмоциялық
қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал
кейбір балалар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық
жұмыстарына бағыт береді.
4.Балалардың жаңа бір нәрсені ашуы: бала өзін белгілі бір
жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі
қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет баланы
өзіне тарта, баули түседі.[12]
Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшалар да
болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттіктерінің белгілері.
Осы орайда А.Н. Лук өз еңбегінде "адамның шығармашылығын дамыту мен
қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты"деген пікір айтады.

Ол шығармашылық қабілеттер-дің белгілері ретінде:
- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;
- тасымалдай білу;
- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;
- әрекетті бағалауды айтады.
Сондай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін
қажетті жағдайдың болуы керектігін және қорқыныш жалқаулық, өзін-өзі
бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қай-шылықтармен
күресу қажет екендігін айтады.
Бала шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті
мәселесінің бірі - оның қалыптасуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында
баланың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық
үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық
үрдісті А.Н. Лук бес кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4. Интуиция оянуы, Инсайт.
5. Нәтижені жан-жақты тексеру.[13]
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А. Тұрғынбаева өз диссер-тациясында
шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарқ етуі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.[14]
Шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық қасиеттер
қалыптасады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-
қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік,
шығармашылық елес орын алады.
Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық танымдық ой-қиялды қалып-тастырса
еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп жаңа істерге
қанаттандырады. Баланың эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет бары-сында
көрінеді. Ә.Ә.Сағымбаев ғалым-психологтардың еңбектеріне сүйене отырып,
өзінің кандидаттық диссертациясында балалардың шығармашылық іс-әрекетін
қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:
- әлеуметтік жағдайдың болмауы;
- отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы;
Педагогикалық:
- тәрбиешінің баланың белсенділігін қолдамауы;
- бағалаудағы әділетсіздік;
- әдістемелік көмекші құралдардың болмауы.
Психологиялық:
- ойлау, қиялдың төмендігі;
- өз күшіне сенбеуі:
- жалқаулығы.
Физиологиялық:
- денсаулығының нашарлығы. [15]
Сондықтан оқыту әрекетінде тәрбиеші мен баланың тығыз байланысы болуы
тәрбиеші бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін бала бойындағы табиғи
мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы шығармашылық жағдай
жасауы, баланың өз тарапынан белсенділік дербестік көрсетуі, өзіне деген
сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
Біздің ойымызша балалардың шығармашылық әрекетінің пайда болуының
шарттарын мына түрде көрсетуге болады:
а) пәнге үйретудің ашықтығы, бұл шарт балаларға өз әрекетін таңдауға
және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;
ә) топтағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық көп
мазмұндылық шығармашылық әрекеттің де жан-жақты болуына әсер етеді;
б) баланың тәрбиешімен бірлесе отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке
бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың
кезеңдерінің орындалу жүрісі баланың жеке бағдарын құру құралдары болып
саналады.
Балалардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге
асыру үстінде құру қазіргі мектепке дейінгі мекеменің мақсатына сәйкес
келеді. Білім берудің классикалық жүйесінде оқу бағдарламалары бала
әрекетінің репродуктивті (білімді есте сақтау, жаттау, жаңғырту т.б.
жұмыстар) әдістеріне негізделген.
Жақсы үлгеретін балалардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстармен
кездескенде тығырыққа тіреліп қалады. Сондықтан балаларды әрекеттің өнімді
шығармашылық әдістеріне үйрету қажет. Бұл тұрғыдан алғанда балалардың
шығармашылық әрекетін дамыту ғылыми-педагогикалық проблема ретінде өз
шешімдерін іздестіре беруді қажет етеді.
1.Шығармашылық ұғымының сипаттамасы, бөліктері "Шығарма-шылық" сөзінің
төркіні "шығару", "ойлап табу" дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу,
сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте
"шығармашылық — қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы
жаңалық ашатын іс-әрекет" деп түсіндіріледі.
Көрнекті психолог Л.Выготский "шығармашылық," деп жаңадан ашатын
әрекетті атаған. [16] Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі
Я.Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар қояды.
Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір
бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады.
Соңғы жылдары "шығармашылық" сөзімен, "жаңалықпен" қатар "бастамашылдық,
белсенділік" ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, темендегідей
қорытындыға келдік: шығармашылық - өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол
адамға ғана тән.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп
қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар
орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны
көп айтылуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол
барлық адамдарға бірдей деуге болмайды. Ал қоғамдағы жаңару үрдістері әр
адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.
Шығармашылық — бұл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен
айтқанда, тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарында, жеке адамның, ақыл-
санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи
үрдістері үздіксіз жүріп, белгілі бір жүйемен дамиды.
Ішкі шығармашылық үрдістерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы
факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын өзіне
байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген құлшынысы оның әз даралығын, өз
қабілеттерін іске асыруына жол ашады. Шығармашылықтың мәнін аша оты-рып
оның "әрекет" ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды.
Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал
шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай
дамиды.
Зерттеушілер шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтама береді. Мысалы,
И.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға
тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды
белгілейді. [6]
А.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегеңдікке балайды,
идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін
атайды.
1. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау
арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлауға ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы,
икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі жатқызылады.
2. Шығармашыл тұлға - біртұтас жүйе. Қазіргі таңдағы әлеуметтік,
экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға
тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр.
Өмір талабына сай тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз
жүргізілу қажеттілігіңде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның кішкентай
кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени
құңдылықтарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік
институттар ену керек.
Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы - ішкі және
сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама-
қайшылықты үрдіс.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және
тәрбиесіне тығыз байланысты. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның
табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады.
Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби
шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп,
дамиды, коғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды.

Тұлға — балалық кезеңде шығармашылық бағыт оқу-тәрбие үрдісінде тиімді
дамиды. Нәтижесінде баланың білімі, белгілі бір қабілеттері артады. Ол әр
алуан жолмен, әсіресе, эстетикалық тәрбие құралдары арқылы жүзеге асады.
Эстетикалық тәрбие педагогикалық үрдіс ретінде оқушының болмысқа және
өнерге көзқарасын қалыптастырады. Болмыс пен өнер адам өмірінде үлкен рөл
атқарады.
Сонымен, шығармашыл тұлға болу дегеніміз — дүниені тану және жаңарту
арқылы тұлғаның болмысқа көзқарасын айқындауы.
3. Қиял және шығармашылық. Қиял — сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының субъективті бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп бейнелеуде
көрінетін, дәл мағынасында тек адамға ғана тән жан қуаты...
Әр адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке
басының өзіндік ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсат - міндетіне
байланысты. Сондай-ақ, қиялдың мазмұны мен түрі кісінің жас ерекшеліктері
мен білім, өмір тәжірибесіне де тәуелді.
Адам қиялы еңбек, іс-әрекет үстінде туып, дамып отырады. Қиял актив
(белсенді), пассив (енжар) болып шектеледі. Енжар қиялдың ең төменгі шегі —
түс көру. Белсенді қиял — қайта жасау, шығармашылық (өнер, ғылым, техника,
т.б).
Адамның өмір жолы, жеке басының дамуы, даралығы, іс-әрекеті, өмір
салты қиялдың дәрежесіне елеулі түрде тәуелді.
4. Шабыт және шығармашылық. Жаңа нәрсе ойлап шығаруда (машина,
күріштің жаңа түрі, жыр, роман т.б.) адамның барлық, қабілеттері, қуат-
жігері бірдей шарықтап, самғап көтерілуін шабыт дейді. Шабыт - мәселенің
шешімін табуы, ойдың тууы, жанның эстетикалық ләззат алуы.
Шабыт — қиял мен ойдың біріккен жұмысы. Шығармашылық - өте зор,
тұрақты, жігерлі еңбек нәтижесі. Бұл тұрғыдан қарасақ шабыт жайлы П.И.
Чайковский "Шабыт — тек іздеген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға
жуымайды"десе, Гибсеннің "Өмірі мазмұнды кісінің шығармашылығы да мазмұнды"-
деген нақылдарын ескерсек адам өмірінің мазмұндылығы оның шығармашылығына
тікелей байланыстылығын көруге болады. [13]
Ал ұлы Абай: "Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады " деп шығармашылыққа бастар жолдың ең
әуелі адамгершілік қасиет екендігін көрсетеді. Сондай-ақ шығармашылық
қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайыңда ғалымдар тереңнен ой толғайды.
[17]Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын,
қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген.[18] Бала шығармашылығына бағыт-
бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген — М.Жұмабаев. [19]
Оқыта отырып, баланың қабілеттерін дамыту мәселесін көрнекті
педагогтар Ш. Амонашвили, И. Волков, О. Газман еңбектерінде қарастырады.
Елімізде бала шығармашылығына баса назар аударған ғалымдар:
Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Чернов
факультатив, үйірме жұмыстары арқылы қабілетті шығармашылық деңгейге көтеру
жолдарын қарастырса, Қ.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы –
балаларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, ал
М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын
айқындайды.
Қабілет жайында жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай
келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан
табиғи психологиялық жағынан ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.
Философияда шығармашылықтың негізі - қабілеттерді тұлғаның бел-гілі
бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар
қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып
отыратынын атайды. [20]
Қабілет ұғымына берілетін анықтамалар: қабілеттер - адамның білім
алуға қажетті психологиялық ерекшеліктері. Қабілеттер іс - әрекеттің
белгілі бір түрін нәтижелі орындаудан көрінетін адамның жеке қасиеттерінің
жиынтығы.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.Лейтес
қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін
психологиялық, қасиет деген анықтама берді. Қабілеттер жайындағы ой-
пікірді түйіндей келе, төмендегідей тұжырым жасаймыз.
Қабілеттер мәселесі - балалардың жеке қасиеттерінің мәселесі.
Қабілеттердің туа бітетін нышандары болады, олар өмір сүру барысында да-мып
отырады. Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады, ол әрекеттен
байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.
Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділіктен байқалады. Академик Т.Тәжібаев "Бала кезде ерекше көзге
түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші" деп жазады. Ал
Н.Лейтес "бейімділік — ұмтылу, ал қабілет — мүмкіндіктер " дейді. [21]
Қабілет тұлғаға тән қасиеттердің бірі болса, онда "тұлға" немесе "жеке
бас" ұғымының мәніне ерекше тоқталу керек. "Тұлға" (латынша-регsonа)
-ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш актерлар сахнада жүретін бет
пердені атаған. Бүгінгі күні ол әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты
адамды білдіреді.
"Тұлға " — қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа"-деп жазды А.Леонтьев. Ал Э.Ильенковтың
айтуынша, "тұлғалар — қоршаған ортаға да, өздеріне де өзгеріс енгізе
алатын адамдар "- деп балалардың шығармашылығын дамытуда тұлға ретінде
анықтама береді. [22]
Балалардың шығармашылық қабілетін танып білу, дамыту үшін:
1) балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру
керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту
жұмыстары көмектеседі;
2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың
жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.
Психологтар қабілеттің екі түрлі деңгейін анықтайды:
а) репродуктивті іс - әрекетті, білімді берілген үлгіде қабылдауы;
ә) шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.[23]
В.Андреев орта және жоғары оқу орнында шығармашылық тұлға тәрбиелеу
мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің диалектикасын дәлелдейді. Өзін-өзі
шығармашылықпен тәрбиелеу педагогикасын—инновациялық курс-ын жасап
шығарды.[24]
Адамтану ғылымында педагогикалық акмеологияға ерекше мән беріледі.
Акмеология адамның шығармашылық іс-әрекетінің даму заңдылықтарын,
шығармашылық қуатының жүзеге асуын, кәсіптік шеберліктің шыңына жету
үрдістерін зерттейді.
Ғалымдардың айтуынша, әрбір адамның шығармашылық іскерліктің шыңы әр
алуан. Адам, ең алдымен, мамандық таңдайды, кәсіби іс-әрекетке көшеді,
кәсіби шеберлікті меңгереді. Сонымен әр адам жеке мүмкіндігіне қарай кәсіби
шеберлігінің шыңына жетеді.
Әрбір іскер мұғалім баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ты-рысады.
Шығармашылық қабілет өзіне деген сенімділігін арттырады.
Біз, көбінесе, балалардың өз қабілетін толық көрсетпейтінін білеміз.
Әр адам өзін жетілдіру үшін өзіне-өзі қанағаттанбай, жоғары талап қойып
отыруының үлкен мәні бар. Шығармашылық қасиет уақытты бағалауға
ұмтылдырады. Уақыт — тұлғаның негізгі байлығы. Бұл ретте тәрбиешілер
тарапынан шығармашылықты алып қарастыратын болсақ педагогикалық ше-
берліктің құрамына мыналар жатады:
- мәдениетті адам ретінде тәрбиешінің жеке қасиеттерінің жоғары деңгейде
дамуы;
- кәсіби-педагогикалық іскерлік;
- ынтымақтасу педагогикасын, қазіргі оқыту мен тәрбиелеу технологиясын
меңгеру;
- педагогикалық шығармашылық, өзін-өзі дамыту, жүзеге асыру;
- жоғары педагогикалық нәтижелерге жету.[25]
Сонымен қатар шешімін таппаған мәселелер бар. Олар төмендегілер.
1.Неге біреулер шығармашылықтың шыңына жете алады, ал біреулер жете
алмайды?
2.Шеберлік шыңына, кәсіби-шығармашылыққа жетудің ең тиімді жолы
қаңдай?
3.Адамның шығармашылық қабілетінің жетілуінің қандай нақты мүм-
кіндіктері бар?
Бұл мәселені шешу үшін қазіргі кезде жетілген диагностикалық әдістеме
қалыптаспаған. Сондықтан педагогтар зерттеушілік жолына түсіп, кәсіби
шығармашылық шеберлікке қадам басуы қажет.
Шығармашылық пен өнер - егіз ұғымдар. Сондықтан, шығарма-шылықтың
қозғаушы күші - әр алуан өнердің түрі болып табылады. К.Ушинский "Адамды
жан-жақты дамыту эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асады. Өнер адамды өмірді
жете білуге, тануға көмектеседі, әсер етеді "десе, Л.Толстой "Талант деп
аталатын ерекше қасиет басқалар көре, аңғара алмайтын құбылыстарды көре
алады"'дейді. [26]
Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу - ол жаңа мазмұн жасау. Адам
өнер арқылы сұлулықты сезінуге, өмірде де, өнерде де сұлулықты жасауға
үйренеді.
Озық педагогика әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола
алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне
алатынын дәлелдейді.

2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың
ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының негізгі мін-
деттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін
дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап,
оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға
бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы норма-тивті-
құқықтық, құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі
ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығар-машылық мүмкіндігін,
шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді
игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде
дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. [1]
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беретін мекеменің функционалдық
қызметінің басым бағыттары балалардың ғылымдар жүйесінің негіздерін
меңгеріп, олардың бойында тұлға аралық және этникалық қатынастар
мәдениетін, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын
анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді.
Соның ең бастысы - сапалы білім және саналы тәрбие беру барысында
балалардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамыту.
Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық, дамуына лайықты үлес қоса алады. Ендеше өскелең
ұрпақ тәрбиеші берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін
қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай,
оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруы
тиіс.
Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты.
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі
кезеңінен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға
көп көңіл бөлуді міндеттейді [26].
XXI ғасырдағы қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық
өзгерістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңа үрдістері туғызған
реформалар негізінен мектепке дейінгі бөлімге көбірек назар аударуды қажет
етіп отыр.
XX ғасырдың басында отандық педагогтар білім алушының шығармашылық
потенциалына қаншалықты әсер ететіні туралы мәселелерді бірнеше рет
көтерді. Я.Зеленкевичтің, В.В.Розановтың жұмыстарында оқытуды даралау мен
дифференциялау қағидаларының негізінде білім беру үдерісін жаңаша
ұйымдастыру керектігін айтып өткен.
Ғалымдардың айтуынша "шығармашылық қабілет" түсінігіне еніп тұрған бар
қасиеттер кешенін бір мезгілде қамту мүмкін емес.
12 жылдық білім беру жүйесі арқылы жеке тұлғаның шығармашылық,
белсенділігін көтеру және білім алушының шығармашылығын қапыптастыру
мәселесін біртұтас педагогикалық процесс тұрғысынан қарау қажет деп
санаймыз.
Себебі оқыту барысында адамның дамуы қазіргі білім берудің басты
мақсаты ретінде қарастырыла келе, білім беру процесін ұйымдастыруды ерекше
гуманизациялау, дамыту бағытының басымдылығы тұрғысынан қарау керектігін
айқындадық.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы білім беру саласының жан-жақты
дамытылуы тек білімде. Олай болса, сапалы білім беру мақсатында жұмыс
жүргізуі үшін балабақша әкімшілігі мынадай негізгі мәселелерді шешуі тиіс:
- балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайту;
- оқу-ағарту саласының барлық буындары үшін конкурстық негізде оқытудың
әсерлі әдістемелік жүйесін қалыптастыру, оқу мазмұнының мемлекеттік
стандартына сәйкес оқулықтармен, оқу құралдарымен, әдістемелік
нұсқаулармен, көмекші құралдармен жеткілікті қамтамасыз ету;
- балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау;
- жаңа талапқа жауап беретін білімді, білікті кадрларды тәрбиелеу.
Қазіргі кезде педагогқа қойылатын белгілі бір талаптар белгіленген,
олардың орындалуы білім беру мекемесі тәрбиешінің алдында тұрған
міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселесі өзара субъектілік
ықпалдастық, пен гумандылық қатынас негіздерін әзірлеу кезінде шешілуі
мүмкін. Аталған тұжырымдамалық негіздемелердің жүзеге асырылуы оқу-тәрбие
процесіндегі өзара ықпалдастық формалары мен әдістерін іріктеу есебінен
оқыту мен тәрбиелеудің процессуалдық құрамды бөлігін гуманизациялауды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.[27]
Жоғарыда айтылғандай, оқу-тәрбие процесіндегі ұйымдастырудың
біртұтастық ,тәсілін қамтамасыз ету қажет. Гуманизациялау процесін жүзеге
асырып жатқан балабақшаларда бұл неден байқалады?
Біріншіден, педагогикалық ұжым деңгейінде әрбір педагогтың ортақ
мақсатқа жұмыс істеуінен - ықпал етуі емес, ортақ мақсатқа жетуді
қамтамасыз етуінен көрінеді.
Екіншіден, әрбір сабақта, сабақтар жүйесінде және топтан тыс шараларда
әрбір белгілі бір сабақ үрдісінде жұмыс істейтіндей етіп оқыту-дың,
дамытудың және тәрбиелеудің міндеттерін кешенді шешуде көрініс табады.
Үшіншіден, тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің, білім беру мен өз
бетімен білім алудың бірлігінен байқалады.
Төртіншіден, тек жай ғана бірлескен қызмет емес, тәрбиеші мен
балалардың өзара белсенді қызметі (педагогикалық өзара ықпалдастық) болуы
тиіс. Педагогикалық процестің тұтастығы осы барлық функцияларды табысты
жүзеге асырғанда ғана туындайды.
Сонымен, біртұтас оқу-тәрбие үдерісінің жүйесін пайдалану тұтастықтың
бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге және адамның, біртұтас да-ралық
қасиеттердің негізгі салаларының дамуын басымдылықпен анық-тайтын жоғары
дәрежеге бағытталған педагогикалық процесті жобалауға мүмкіндік береді.
Өмір талабына сай жеке тұлға тәрбиелеудің ерекшелігі оның үздіксіз
жүргізілу қажеттілігінде. Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның
кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүріп отырады.
Үздіксіз білім беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени
құндылықтарды бағалай алатын жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған
әлеуметтік институттар да енуі қажет.
Адам жеке тұлға болып тумайды, ол біртіндеп қалыптасады. Адамның дамуы
- ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен қалыптасатын күрделі, ұзақ
мерзімді, қарама-қайшылықты үрдіс.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторларға: тегі, ортасы және
тәрбиесіне тығыз байланысты өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның
табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады.[28]
Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби
шеберлікпен жүргізуіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп,
дамиды, қоғамда болып жатқан іс-әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды.
Жеке тұлға біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін-өзі дамытып
отырады.
Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі - жеке тұлғаны біртұтас жүйе
ретінде тәрбиелеу. Жеке тұлға сана иесі. Шығармашыл адам - жасампаз тұлға.
өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.
Ғалым К. Платонов жеке тұлғаның төрт құрылымын былайша айқындайды.
Әлеуметтік жағдайына сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың
көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерек-шеліктеріне
байланысты болмысты бейнелеуі, өмірден үйренген қасиет-терінен көрі туа
біткен қасиеттері басым болып табылатын биопсихикалық құрылым.
Сонымен, зерттеушілердің басым көпшілігінің пікірі жеке тұлғаның
барлық психикалық қасиеттері өзінің даму барысыңда адамның нейро-
эндокриндік жүйесінің морфологиялық және функционалдық ерекше-ліктеріне сай
қалыптасады, адамның дене құрылысының саулығы мен еңбек сүйгіштігі -
тұлғаның ең мәнді белгілері, сонымен қатар баланың бойының өсу қарқыны,
дене жарақаты, т.б. өзін әр алуан сезінуіне әсер етіп, психикалық дамуына
жанамалай әсер етеді дегенге сайып келеді.
Біз жеке тұлғаны толыққанды жүйе деп қарастырсақ, оның психикалық
қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық
тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Жеке тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр
алуан және қарама-қайшылықтардың жиынтығы болып табылады.
Жеке тұлға оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да
байланысты әсерленіп, ашылып отырады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен
іс-әрекет те алуан түрлі болады. Жеке тұлға іс-әрекеті, өзіне және
айналасына қарым-қатынасы арқылы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру
арқылы қалыптасады.
Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік
құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагоги-калық,
басшылық етудің маңызы зор.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып жалпы дамыту,
еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жеке қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұштау,
тұлғалыққа бағыттау.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды, себебі,
шығармашылық бала дамуының қалыпты жағдайы. Алаңда шығар-машылыққа
бейіндеулік бірте-бірте жоғала бастайды, ол балаға да,қоғамға да кері
әсерін тигізеді.
Шығармашылықпен тұрақты және саналы айналысатын және өз мүмкіндігін
жүзеге асыра алатын адам өмір талабына, өзгермелі еңбек шартына, өзін-өзі
тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге тез бейімделеді.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық, мақсаттарын
жүзеге асыру барысында өз жолын өзі ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз
алға жылжып отырады.
Шығармашылық бағыт төртінші бөлікке кіреді. Тұлғаның қапыптасуы
алдыңғы үш бөлікті дамытады, жан-жақты дамыған әлеуметтік жеке тұлғаны
қалыптастырады.
Ал шығармашылық бағыттағы адамның қажеттілігі, қызығуы, идеалдары
мақсаттарын жүйелейді, айқындап отырады. Шығармашыл жеке тұлға шығармашылық
іс-әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамып
отырады [29].
Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін жеке тұлға ретінде сезінуі
мен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шы-ғармашылық бағыттың
дамуына денсаулығына, психикалық қызметінің дамуы, негізгі шарты
әлеуметтік даму жағдайы негіз болады.
Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс
жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын
адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-
әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
Баланың шығармашылық іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке
тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде анықтау
сипатын білу қажеттілік болып табылады.
Шығармашылық іс-әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор
ретінде де қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне-
өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және
сыртқы түйсік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен
әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер
қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой-пікірде болған деп
білеміз.
Түркі жұртының асыл перзенттерінің бірі - Жүсіп Баласағұн "...Ақыл -
шырақ, қара күнді ашатын, Білім - жарық, нұрын саған шашатын ..." дей келе,
өзінің "Құтты білік" (Құдату білік) атты еңбегінде жаратушының адамға ақыл,
білім, өнер, ес бергенін айтады. Білімді адамның білікті болатынын айта
келіп, ақылдың талай түйінді шешетінін, адамның ақыл-парасаты бар-лық
нәрсеге қабілетгі екенін сипаттап, жан-жақты дамыған адам үлгісін
елестетеді.
Әл-Фараби адамның пайда болысымен, оның бойында ең алдымен бітетін
нәрсе, күш (яғни қабілет), ол осы күш арқылы қоректенетінің, қоректендіруші
күш - бір үстем күштен және қызмет етуші күштерден (жүрек, ми, бауыр,
көкбауыр, т.б.) құралатын сипаттаған. Әйгілі ойшыл қабілеттер өзінен-өзі
табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайтынын, оларды бағдарлау,
бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керектігіне тоқталған.Сезім арқылы қабылдай
алмайтын адамдар білімнен де құр алақан қалатынын хабардар етеді.
Абай өзінің қара сөздерінде (7-сөзі) "жан қуаты" ұғымы сыртқы
объективті өмір шындығын бес сезім арқылы сезімдік танудан соң, ойлау
процесі ретінде қаралуы логикалық танымға сәйкес келетінін айқындаған.
Танып білу бірден болатын процес емес екендігін де ескертеді. Абай танымы
бойынша өнер, ғылым, білім, ақыл атаулы рухани құбылыстардың бәрі де жан
қуаты арқылы сыртқы болмыстан туындайтын заңды құбылыстар екендігін
сипаттай келе, адам тән қуатымен дәулет, байлық жиса, жан қуатымен - рухани
қажеттілікті өтеу үшін ғылым, өнер, ақыл табуы тән екендігін мазмұндаған.
[30]
Сондықтан да жан қуаттарын жетілдіру қажеттігін айтып өткен. Абай
халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты
зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсетіп,
қазіргі уақытта білімді меңгерудегі іс-әрекеттер туралы өз ойын
төмендегідей тұжырымдаған:
- ықылас қоя тыңдау;
- тыңдағанды бірнеше рет ойда қайталау;
- ой кеселдерінен сақ болу.
XX ғасырдың 80-жылдарының басында орындалған жеке тұлға мәселесін
зерттеулерге талдау жасаумен, жеке тұлға деген ұғым жөніндегі
көзқарастардағы ортақ жәйттер және олардағы айырмашылықтар айқындал-ған.
Жеке тұлға жөніндегі ортақ жәйттерді ол мынадай қағидалармен сипатталады:
- жеке тұлға - "адам" деген ұғымға қарағанда аясы тарлау ұғым;
- адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ тәрбие нәтижесінде жеке тұлғаға
айналады. Жеке тұлғаның қалыптасу үрдісі филогенезде де, онтогенезде де
әлеуметтік үрдіс;
- жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық, қатынастардың
субъектісі;
Жеке тұлға деген ұғым жөніндегі түрлі көзқарастарға жасалған талдауды
қорытындылай келе, С. Мұқанов жеке тұлға адамның дербес құрылымдық
компонент ретіндегі әлдебір оқшауланған жағы емес, әлеуметтік тұрғыдан
алғанда адамның қасиеттерінің бүкіл жиынтығы мен тұтас алғандағы нақты
адамның пішімі екенін, жеке тұлғада тұтас тұлға ретіндегі адамның қырлары
жоғалып кетпейтін, тек осы тұрғыдан алғанда арнайы көрініс табатынын атап
көрсетеді. .[31]
"Шығармашылық" ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы орта білімді
дамыту тұжырымдамасында: "Шығармашылық бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі
тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дүрыс ой түюі,
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын түрлерін 
қолдану  арқылы  дамыту

2.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

Балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды
түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап
кетсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, топтағы балалардың іс-әрекетін
бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық
бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Балабақшадағы оқу процесі балалардың ізденімпаздығын, танымдық
белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет.
Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, баланың өзіндік жұмысы,
дербес іс-әрекеті тәрбиешінің басшылығымен қатар, олардың ізденімпаздығын,
белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған
байланысты кейбір педагогтар мен психологтар балалардың өзіндік
жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет
жасауына байланысты деп пікір айтады.[32]
Балалардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-
тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Балалардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда топтан тыс
жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ай, пәндік апталықтар мен
ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар пәндік үйірмелердің маңызы зор. Барлық
жұмыстарда балалардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Балалардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық
бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, балабақшадағы пәндік
сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығарамашылық
ертеңгіліктер балалардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге
ықпал етеді.
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес,
оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған
жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен
табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы
еңбек қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі
және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр топтағы әр балаға байланысты
тәрбиеші өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ішкі әрекет - сыртқы әрекеттің интериоризациясы
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
«Балабақшада сюжетті-ролдік ойындарды қолданудың маңызы»
Пәндер