Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы


Толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары
Мамандығы 050103 Педагогика және психология
Орындады: Ибраева Ұ. Ш.
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші Мұқытова Ж. Қ.
(қолы) (аты-жөні)
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі м. а. Молдабекова С. К.
(қолы) (аты-жөні)
Көкшетау 2012
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
[1] Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2009ж. 21 ақпан.
[2] Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы Конвенция» //1995ж
[3] БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының «Бала құқығы туралы» //1989 ж, 20 қараша.
[4] Қазақстан Республикасының Конституциясы
[5] Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЖОБ - жалпы орта білім
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
1. МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА ОЛАРДЫҢ АТА - АНАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Толық емес отбасындағы балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы.
1. 2. Мектеп психологының толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары
2. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ
2. 1. Толық емес отбасындағы қарым - қатынасты диагностикалау жолдары
2. 2. Толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілген жұмыстар
2. 3. Педагог психологтың ата - аналарға, мұғалімдерге кеңесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: ХХ - ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер көптеген мәселелердің туындауына әкеліп соқтырады. барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық неке тұрақтылығынан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030″ стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз, » - деп атап көрсетті [1] .
Қазақ отбасының құрылымы мен некелік қатынастарын зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Тәуелсіздік алған Қазақстанда өтпелі нарықтық қатынастардың ауыр кезеңін бастан кешірген неке және отбасы жағдайы тарихи-этнографиялық және этносоциологиялық зерттеулерді қажет етеді. Қазақстанның болашақта тұрақты дамуы үшін неке және отбасы жағдайы тұрақты болуы қажет.
Отбасы және некеге байланысты қызығушылықтың тууы отбасының өміршеңдігіне байланысты. Бала туылуына, яғни демографияға қатысты неке тұрақтылығы және неке құрылымының жақсару мәселесі мемлекеттік маңызға ие болып отыр. Оған дәлел, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның үкіметпен бірлесе отырып жасаған қазіргі гендерлік саясат жөніндегі стратегияның жобасында келесідей айтылған айтуынша: «Бұл мәселенің шешіміне еліміздің экономикалық өсу мақсаты тұрғысынан мән беру керек. Қоғамда неке және отбасылық қарым-қатынастарды ардақтау көзқарасын қалыптастырып, бұл құндылықтарды өскелең ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіру қажет. Отбасының, әйелдер мен балалардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың дәл осындай тетігі бұрынғы Кеңестің кеңістік аумағында жоқ деуге болады».
Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады.
Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы БҰҰ-да қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «Баланың құқығы туралы Конвенция» бола алады. Онда «Бала толық және үйлесімді дамуы үшін, ол мейірім мен өзара түсіністігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа мұқтаж» деп көрсетілген [2] .
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабына сәйкес "Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады" [3] .
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы отбасы-неке қатынастарын белгiлейдi және реттейдi. Олардың басты қағидаттары - отбасындағы ерлi-зайыптылардың құқықтарының теңдiгi, балаларды отбасында тәрбиелеудiң басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабiлетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып табылады [4] .
Батыс елдеріне қарағанда ТМД мемлекеттерінде ажырасуға көзқарас басқаша. Соған қарамастан жер шары баланы қорғауға алып отыр. Оған 1924 жылғы Женева Декларациясы, 1959 жылы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығы, 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығына байланысты толықтырулары дәлел [5] .
Халық санағының деректерiне тоқталатын болсақ, (1999 ж. ) Қазақстанда 3, 5 млн. отбасы бар. Отбасының орташа шамасы - 4 адам. Некеде әйелдердiң 56 %-ы және еркектердiң 62 %-ы тұрды. 2005 жылдың басына қарай республикадағы халықтың жалпы саны 15074, 8 мың адамды құрады, соның iшiнде әйелдер - 7817, 9 мың адам (51, 9 %) .
1 млн. адам (9, 1 %) жесiр болып табылады, әрi олардың арасындағы әйелдер саны еркектерге қарағанда 6 есе көп, негiзiнен үлкен және егде жас есебiнен.
Заманның өзгеруіне байланысты қазіргі таңда біздің елімізде ажырасу көбейіп отыр. 700 мыңға жуық адам (6, 4 %) - ажырасқан және айырыласқан азаматтар, мұндағы әйелдердiң саны да еркектерге қарағанда екi есе дерлiк артық. Бір ата-анадан және балалардан тұратын толық емес отбасылар негізінен аналарға тән болып табылады. Ажырасу деңгейі 1 жылына әйел адамдар 1 рет, ал ер адамдар 22%-ды құрайды [6] .
2006 жылғы халық санағына сәйкес басшысы әйелдер болып табылатын толық емес отбасылар 91%-ды құрады, ал қазіргі таңда, 2012 жылы 84% құрайды. Яғни, отбасындағы балалар тәрбиесіне әкелердің ықпалы көбеюде.
445 мың үй шаруашылығы немесе 11 %-ы балалары бар аналардан ғана тұрады, оның iшiнде үштен екiсiне жуығы - жасы кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер.
Аналар арасындағы қайтыс болу көрсеткiшiнiң 2000 жылғы 60, 9-дан 2004 жылғы 100 мың тiрi туған нәрестеге шаққанда 36, 9 оқиғаға дейiн төмендегенi байқалады. Алайда бұл Еуропалық қоғамдастықтағы орташа деңгейге қарағанда 4 есе жоғары және Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының айқындамасы бойынша шектi деңгейден 3 есе жоғары [7] .
Осындай негізде, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеуден бас тартудың санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала тууы көбейіп, толық емес отбасының туындауына әкеліп соқтырады.
Толық емес отбасы - бұл бір ғана ата - ана мен балалардан құралған отбасы. Қалалық жерде, ауылды жерге қарағанда, толық емес отбасы саны көбірек. Қазақстанның толық емес отбасысында әрбір 7-ші бала тәрбиеленеді.
1995 жылы - 11, 4%, 2005 жылы - 15, 1%, 2011 жылы - 18, 6% -ға тең толық емес отбасы көрсеткіші байқалды [8] .
Бiр ата-анадан және балалардан тұратын толық емес отбасылар негiзiнен аналарға тән болып табылады. 1999 жылғы халық санағына сәйкес басшысы әйелдер болып табылатын толық емес отбасылар 91%-ды құрады.
850 мыңға жуық адам немесе халықтың 6%-ы отбасынан тыс өмiр сүредi.
Отбасындағы балалар тәрбиесiне әкелердiң ықпалы азайды.
Ажырасу саны артып келедi, отбасының беделi түсуде, отбасының iшкi өмiрiндегi шиеленiс, әйелдерге қатысты жанжалдар мен зорлық-зомбылық фактiлерi күшейе түсуде [9] .
Қазіргі таңда Қазақстанда 48 000 жасөспірім ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар ретінде тіркеуде тұрады, ал тіркелмегендер саны беймәлім. Дегенмен, қазіргі кезде Қазақстандағы балалар үйіндегі тастанды балалар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған, оған себеп баланы патронатты асырап алу, сәбиі жоқ отбасылардың баланы көптеп асырап алуы және жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік көмектің ұлғаюы.
Қазіргі кездегі ғылыми зертеудің ахуалы:
Қазақ елінің танымал зерттеушілерінің қатарында көптеген еңбек сіңірген ғалымдардың қатарында келесілерді атауға болады: Отбасы құрамы, отбасындағы қатынас пен толық емес отбасы түрлерін О. Б. Наумова зерттеді, С. Көбеев отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән беріп, «Баланы отбасында тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетті, З. Ж. Жаназарова отбасының теориялық-методологиялық мәселелеріне байланысты және отбасының құрамына талдау жасады, Х. А. Арғынбаев ғылыми-маманданған өте жоғарғы деңгейдегі «Қазақ халқындағы семья мен неке» атты монографиясын жазып шығарды, А. Жакипова «Қазақстандағы неке-отбасылық қатынастарының дамуы» атты құнды монографиясында неке-отбасылық құқыққа, ішкі отбасылық қатынасқа, құрылымға көңіл бөлінген [10] .
Өзге ұлт өкілдері қатарындағы ғалымдардың ішінде Ю. А. Евстигнеев Солтүстік Қазақстандағы неке мен отбасы мәселесін зерттеді, Е. А. Личко отбасының құрылымын зерттеп, түрлерін бөліп көрсеткен, Куфтин, В. Соколовский, А. Штуссер, С. И. Руденко, Ф. Фиельструп, И. Д. Старынкевич отбасы мен некеге байланысты ой - пікірлер қалдырды [11] .
1991 жылы республиканың солтүстік (Целиноград, Көкшетау), солтүстік-шығыс (Павлодар, Семей) және оңтүстік (Шымкент, Жамбыл, Алматы) облыстарының 13 ауылдық кеңесінің материалдары бойынша жас ғалым О. Б. Наумова отбасы құрамы, отбасындағы қатынас пен толық емес отбасы түрлерін зерттеуін аяқтады. Автор өзінің диссертациялық жұмысында отбасылық тұрмысқа, отбасы құрамына, отбасылық қарым - қатынасқа ерекше көңіл бөлген.
З. Ж. Жаназарованың «Современная семья в Казахстане и ее проблемы» деп аталатын монографиясында отбасының теориялық-методологиялық мәселелеріне байланысты және отбасының құрамына талдау жасалынды. Некеге отыру мақсаттары, неке тұрақтылығына әсер ететін факторлар, ажырасу себептері, қазіргі отбасылар түрлерін толық қамтыған [12] .
1990 жылдардағы экономикалық тоқырау әсерінен ажырасу, баланың тууы шектеуі орын алды. Аталған жағдайлар Кеңес үкіметі кезіндегі және одан кейінгі отбасы, неке мәселесін салыстыра отырып жазуға мүмкіндік береді. Яғни нәтижесінде толық емес отбасылар санының ұлғаюы байқалады.
Осындай жағдайлар мен қауіп - қатерлердің санын азайту мен балаларға педагогикалық -психологиялық көмек көрсету жолдарын ұсыну біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер дипломдық жұмыс тақырыбын «Толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу тақырыбы: Толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсетудің әдіс - тәсілдерін пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу және педагогикалық эксперименттік жұмыста тиімділігін сынақтан өткізу арқылы әдістемесін жасап, практикаға ендіру жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсетудің жолдарын іздестірудің теориялық негізін анықтау;
- Көмек көрсетудің тиімді әдіс - тәсілдерін пайдаланудың мәнін және негізгі бағыттарын айқындау, педагогикалық - психологиялық шарттарды негіздеу;
- Педагогикалық - психологиялық эксперимент арқылы толық емес отбасындағы балаларға көмек көрсету жолдарының тиімділігін дәлелдеу және әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі: толық емес отбасындағы балалардың тәрбиеленуі
Зерттеу пәні: Толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсетудің әдіс - тәсілдерін, формаларын, жолдарын көрсетіп пайдалану.
Зерттеудің болжамы: толық емес отбасындағы балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары іске асады, егер де:
- Егер де ата - аналардың педагогикалық - психологиялық білімдерін жетілдірсе;
- Педагогикалық - психологиялық диагностика, отбасындағы қатынас, отбасы құрылымына талдау жүргізілсе;
- Көмек көрсетудің тиімді жолдарын іздестірсе, жаңа формаларды, технологияларды қолданса, көмек көрсетудің психологиялық жақтарын күшейтсе;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысына байланысты теориялық материалдар жүйеленді, негізгі ұғымдардың мәні ашылып толықтырылды, педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары ұсынылды, жаднамалар мен оқу - әдістемелік құрал жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Мұғалімдерге және ата - аналарға жаднамалар жасалып, «Отбасының маңызды мәселелері» атты оқу - әдістемелік құралы педагог - психолог үшін көмекші құрал бола алады.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі:
Отбасы құрамы, отбасындағы қатынас пен толық емес отбасы түрлерін О. Б. Наумова зерттеді, С. Көбеев отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән беріп, «Баланы отбасында тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетті, З. Ж. Жаназарова «Современная семья в Казахстане и ее проблемы» деп аталатын монографиясында отбасының теориялық-методологиялық мәселелеріне байланысты және отбасының құрамына талдау жасады. Х. А. Арғынбаев ғылыми-маманданған өте жоғарғы деңгейдегі «Қазақ халқындағы семья мен неке» атты монографиясын жазып шығарды, А. Жакипова «Қазақстандағы неке-отбасылық қатынастарының дамуы» атты құнды монографиясында неке-отбасылық құқыққа, ішкі отбасылық қатынасқа, құрылымға көңіл бөлінген. Ю. А. Евстигнеев Солтүстік Қазақстандағы неке мен отбасы мәселесін зерттеді, Е. А. Личко отбасының құрылымын зерттеп, түрлерін бөліп көрсеткен, Куфтин, В. Соколовский, А. Штуссер, С. И. Руденко, Ф. Фиельструп, И. Д. Старынкевич отбасы мен некеге байланысты ой - пікірлер қалдырды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Толық емес отбасындағы балалардың психологиялық күйлерін анықтау үшін, агрессиясын Басса - Даркидің сауалнамасы, мектептегі қобалжуды Филлипстің мектептегі қобалжуды анықтауға арналған сауалнамасы, күйзеліске тұрақтылық деңгейін анықтауға “Тұлғаның күйзеліске өзіндік тұрақтылығын бағалау” сауалнамалық тестісі, психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін сауалнама Айзенк тестісі сияқты әдістемелер жүргізіліп, ата - аналарға арналған телімелі тесттерден Э. Г. Эйдемиллер мен О. В. Черемисиндердің «Отбасылық социограмма» тестісі мен «Отбасының кинетикалық суреті» атты суретті тестісі қолданылып, педагогикалық ұжым үшін Стоттың бақылау картасы ұсынылып, қолданылды.
Практикалық-тәжірибелік база: Ақмола облысы Бурабай ауданы Первомай ОМ.
1. МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРҒА ОЛАРДЫҢ АТА - АНАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет ретіндегі даму қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктермен тәрбиелеуді қажет етеді. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені сау, жүйкесі таза, саналы болған абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы осыларға байланысты. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошаққасынан басталады. Отбасы адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік. Бұл адам әулиетін дамыту, бала әкеліп, өсіру отбасы мүшелерінің тіршілігіне қажетті жағдай жасауға тиіс. Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жас өспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т. б. қалыптасуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының көкейкесті мәселесі болып отыр.
Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.
Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсендігінің куәсі болдық. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әр түрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай болып отыр.
Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге, балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде.
Отбасы берекесі, ондағы «ахуал» оның мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді. Сондықтан да ата-бабаларымыз отбасын құруда әдеп сақтап, берекесін кетірмеуге өте ұқыптылықпен қараған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды [13] .
Бүгінгі отбасы елдің болашақ азаматының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамның ең маңызды институты екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі, бүгінгі отбасының табысты болғаны, әлеуметтік-экономикалық, моральдық-психологиялық жағдайының жақсаруы ұлт пен мемлекеттің болашағына елеулі әсер етеді.
Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауында әр қазақстандық отбасының әл-ауқатын жақсартуға, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар міндеттелді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын қалалар дамып жатса, халыққа қызмет көрсету жақсарып, тұрғын үй мәселесі шешіліп жатса, бұл игі істер отбасылардың бай, қуатты болуына ықпал ететіні анық.
Отбасы мәселелеріне, оның мәртебесінің өсуіне және қоғамдағы рөлінің ұлғаюына деген көзқарастың жақсаруы қазақстандық отбасының мәртебесі өскендігін білдіреді. Отбасы арқылы бала туу санын арттыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын жақсарту, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін шешуге болады. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде отбасы және неке институтын нығайтуға бағытталған игі істердің мол тәжірибесі бар екендігін айтып өту керек. Бұл бағытта Жамбыл облысында кең ауқымды жұмыстардың озық тәжірибесі бар. Онда бала тәрбиесіндегі маңызды фактордың бірі ретінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған іс-шаралардың Ақсақалдар алқасы арқылы өткізілуінің маңызы зор. Бұл жұмыстардың барлығы біздің өңірлік комиссия тарапынан мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының, ата-ана қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді түрде қатысуымен ұйымдастырылуда.
Алматы облысында құрылған Әжелер комитетінің де жас ұрпаққа берер өнегесі мен ұлағатты істері көп. Білімпаздық пен отаншылдық та, мейірімділік пен ата дәстүрге адалдық та әже берген тәрбиеден бастау алатынын бәріміз де білеміз. Сондықтан әжелер комитеті барлық облыста құрылса, нұр үстіне нұр болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz