Мектеп психологының отбасымен жұмыс түрлері
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1 Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктерінің теориялық
негіздері
1. Отбасы туралы зерттеген ғалымдардың еңбектеріне
шолу ... ... ... ... ... ... 11
2. Отбасы жүйесі- баланың тұлғалық дамуы мен қалыптасуының негізі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Қазіргі кездегі жағдайда мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу
бағыттары мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 22
2 Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу әдістемесі
2.1 Мектеп психологының отбасымен жұмыс
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
2.2 Отбасын әлеуметтік-психологиялық анықтау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .. 84
2.3 Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 89
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 98
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..100
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған
1 Неке және отбасы туралы ҚР заңы.- А; Жеті жарғы, 1999
2 Назарбаев Н.А. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттің
саясаттың басты мақсаты. Қр Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қазақстан
халқына жолдауы. – Астана: Елорда
Анықтамалар
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге
алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүдіктік және мүліктік емес жеке
құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен
дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы (Отбасы туралы Заңы).
Отбасы - өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту
мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы.
Отбасы тәрбиесі - нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының
ықпалы арқылы берілетін тәрбие білім беру жүйесі.
Отбасы-кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық
байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық, материалдық,
тұрмыстық жауапкершілігі бар.(педагогикалық энциклопедия сөздігінен)
Отбасы тәрбиесі - туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға
үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші (Қазақша энциклопедия сөздігі).
Отбасының функциясы – барлық мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырумен
байланысты болатын отбасының өмірлік әрекетінің сферасы.
Білім берудегі психологиялық қызмет - психологияның ғылыми, қолданбалы,
тәжірибелік, ұйымдастырушылық тәрізді төрт тұрғысынан қамтитын кіріктірмелі
құбылыс.
Психологиялық қызмет міндеттері - педагогикалық ұжымды, ата-аналарды
әлемдік деңгейдегі педагогика, психология ғылымдарының жаңа
жетістіктерімен, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы, нәтижелері туралы,
баланың психикалық жағынан өзгерістерді анықтай білу, олардың жас және дара
ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыру
Психологиялық ағарту - педагогикалық ұжымның, оқушылардың және ата-
аналардың психологиялық біліммен алғашқы танысуы.
Психологиялық алдын-алу — баланың психикалық және тұлғалық дамуындағы болуы
мүмкін келеңсіздіктердің алдын-алуға бағытталған жұмыстар.
Психологиялық түзету - балалық шақтағы тұлғаның қалыптасу үрдісіне және
оның жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға педагог- психологтардың,
дефектологтардың, логопедтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың
және басқа да мамандардың біріккен іс-әрекеті негізінде белсенді әсер ету.
Психологиялық диагностика - оқушыларды, тәрбиеленушілерді терең
психологиялық-педагогикалық зерттеу, тұлғаның жеке ерекшеліктері мен
икемділіктерін, оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі баланың потенциалдық
мүмкіндіктерін, кәсіби өз-өзін анықтауын, сонымен қатар оқуындағы,
дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептері мен
механизмдерін анықтау болып табылады
Белгілер мен қысқартулар
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖБМС – Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім
мемлекеттік стандарты
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егемендік алып, дербес мемлекет
ретіндегі даму қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктерімен
тәрбиелеуді қажет етеді. Тәуелсіз қазақ елі үшін бүгінгі күні ұрпақтың дені
сау, жүйкесі таза саналы болғаны абзал. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып
қалыптасуы осыларға байланысты. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті,
білімді болуы ең алдымен ата-анадан, отбасы ошақ қасынан басталады. Отбасы
- адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестік.
Бұл адам әулиетін дамыту, бала әкеліп, өсіру отбасы мүшелерінің тіршілігіне
қажетті жағдай жасауға тиіс. Отбасы берекесі, ондағы ахуал оның
мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді. Сондықтан да ата-бабаларымыз
отбасын құруда әдеп сақтап, берекесін кетірмеуге өте ұқыптылықпен қараған.
Қазақстан Республикасының заңында отбасына мынадай анықтама берген:
“Отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге
алудың өзге не нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке

дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасы қарым-қатынастарына
физиологиялық, психологиялық, әдет-ғұрып және мүліктік аспектілері жатады”
[1].
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп
дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Себебі, ата-ананың балаға деген
тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең, бесігіңді
түзе – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-
бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны
Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын
мемлекет, Мен – президент, сен – премьер,- дегені бар. Шынында, отбасы – ол
да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі,
сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын
рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған
ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді.
Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының
ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа
тәрбиелеген. Отан-отбасынан басталады деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған
мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты
міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-
тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік,
болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі,
көрген өнегесіне байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің,
Анасына қарап, қызын ал, - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан
өткізгендіктен айтқан. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-
қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше
шешен: Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім, - деп, жаны жай
тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде
балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ.
Кавказ халықтарында Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер
жігітке - өз үйі – деген тамаша нақыл бар. Адалдық пен мейірімділік,
жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың
көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар
– жанұя мектебінің ұстаздары болады. Отбасының беріктігі қоғамның
жағдайымен даму қарқындылығымен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы деп отбасының міндеті ашық көрсетілген. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты
жолдауында: "Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың
келер ұрпақтар алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын,
әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері
алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз" деп қазіргі
жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық білім қызметі белсенділігінің
маңызын жоғары бағалаған [2]. Сонымен қатар мемлекетімізде отбасы, балаға
байланысты 45-тен астам нормативтік құжаттар қабылданған. Олар: 1989 жылы
қабылданған Балалар құқығы туралы Конвенция, отбасы құқықтары "Неке және
отбасы туралы заңдар, 1992 жылғы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау
көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық, 2007 жылғы "Неке және отбасы жайлы
кодексі".т.б.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы. Отбасы мәселерін зерттеуге
келсек, жанұя мәселерін зерттеген ТМД елдерінің ғалымдары Ю.А.Ковалев [35],
Э. Г. Эйдемилер [32], Ю.П. Азаров, В.Сатир, И.В.Гребенников, Ю.И.Семенов,
А.Е.Личко, С.Д.Лаптенюк, А.М.Нечаева т.б.
Ал, Қазақстанда отбасы мәселелері Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев,
Қ.Жарықбаев, С.Бабаев, К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, Л.Лысенко,
Ж.Әбиев, Р.Төлеубекова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына
әсері Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар
атап көрсеткен. А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова балаға отбасы жылулығының ықпалын
атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және
сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запарожец, А.Д.Кошелева,
Е.И.Негнивицкая және т.б. белгілеген.
Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы
сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын
Ю.П.Азарова, И.В.Гребиннеков,Т.А.Маркова, А.Г.Харчев т.б. белгілеген.
Баланың тәрбиесінде байқалатын қазіргі заман деффектілерін М.И.Буянов
ажырасудың бала психикасына ықпалын З.Матейчик, Х.Фигдор, т.б. белгілеген.
Екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс әсерін Е.П.Арнаутова,
А.И.Захарова, Е.И.Кульчитцкая т.б, жалғыз бала тәрбиесі туралы А.П.Усова,
егіздер тәрбиесін Р.Скиннер, К.Витек т.б. зерттеген. Бала психикасының
қалыптасуына ананың әсері психотерапевт А.И.Захарова, психолог
Д.Б.Эльконин, А.Я.Варга т.б. зерттеген. Ғалымдар ерлі-зайыптылықтың қарым-
қатынасын қаншалықты терең зерттесе де, соншалықты дау-жанжалсыз отбасының
жоқтығына нақты көз жеткізген. Әсіресе жас ерлі-зайыптылар кез-келген айтыс-
тартыс жағдайларын драмаластырып және сол жағдайдан шығудың бірден-бір жолы
ажырасу деп ойлады.
Қазіргі уақытта өкінішке орай, жағдайсыз отбасылардың саны артуда.
Мұндай отбасылардың пайда болу себептері: ата-аналардың ішімдікке салынуы,
нашақорлық, зорлық - зомбылықтың артуы т.б. Осындай отбасындағы мәселелер
психология саласында көкейкесті болып отыр. Психологиялық білім мен
мәдениеттің төмендігінен көптеген отбасы әлсіздік танытып, жағдайға қарай
жауапкершілік алуға күш жігері жетпей жатыр.
Сол себептен, дипломдық жұмыстың тақырыбын Мектеп психологының отбасымен
жұмыс істеу ерекшеліктері деп алдық.
Зерттеудiң мақсаты: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу бағыттарын,
жолдарын, ерекшеліктерін анықтап көрсету.
Зерттеудің объектісі: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу үрдісі.
Зерттеудің пәні: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу ерекшеліктері,
жолдары.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- Зерттеу проблемасына байланысты ғылыми-теориялық, әдістемелік,
әдіснамалық әдебиеттерді оқып, саралау;
- Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктерін
айқындау;
- Мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу бағыттары, жолдарын
көрсету;
Ғылыми болжам: Егер де, мектеп психологі отбасымен тығыз, жүйелі,
сауатты бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастырып өткізсе, онда отбасында
психологиялық сауаттылық деңгейі артып, ата-ана мен бала арасында үйлесімді
қолдау жақсарып, баланың оқуы, тәрбиесі, жалпы өмір сүру деңгейі жақсарар
еді.
Зерттеудiң әдiстерi: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-
педагогикалық еңбектерге талдау жасау, бақылау, әңгiме, сауалнамалар
жүргiзу, тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы мен оқу-әдiстемелiк құралдарын зерттеп,
қорыту,жүргiзiлген iс-тәжiрибенi сараптау, эксперимент нәтижесiне баға
беру.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: материалистік диалектиканың
теориясы мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар; философия,
педагогика және психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері,
жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға, отбасылық қарым-
қатынастың аймағы туралы психологиялық тұжырымдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
• Мектеп психологінің отбасымен жұмыс істеу ерекшелігінің теориялық
аспектілері анықталып, отбасы, мектеп психологі, мектеп
психологінің жұмыс бағыттары ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды;
• Мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу бағыттары, жолдары
айқындалды;
• Отбасының әлеуметтік психологиялық жағдайын диагностикалау жолдарын
анықталып, ата-аналарға психологиялық кеңес берудің әдістемелік үлгілері
жасалды.
Зерттеудің практикалық мәні: Мектеп психологінің отбасымен жұмыс жүргізу
ерекшеліктерін, жолдарын көрсету арқылы болашақ педагог психологтарға
әдістемелік көмек ретінде құнды.
Зерттеу көздері: ғылыми-зерттеу тақырыбына байланысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық еңбектер, ресми материалдар мен құжаттар,
мерзімдік басылым ақпараттары, оқу әдістемелік әдебиеттер, бағдарламалар,
мектептердің іс-тәжірибе жұмыстары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2(екі) тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Щучье қаласы "Мирас" мектеп-
гимназиясының 8 сынып оқушылары.
1 МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отбасы туралы зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу
Адамды адам ететін орта және тәлім тәрбие десек, сәбидің тұлғалық
ерекшеліктерінің қалыптасуында отбасының, құрдас құрбының, яғни әлеуметтік
орта ықпалының елеулі екенін естен шығармауымыз керек.
Ұрпақты дана да, тәрбиелі етіп тәрбиелеу үшін оның тұлғалық
ерекшелігін қалыптастыру қажет. Ал тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің
қалыптасуындағы негізгі фактор бұл отбасы.

Отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге

физиологиялық, психологиялық, әдет-ғұрып және мүліктік аспектілері жатады.
Жалпы отбасын екі тұрғыда қарастыруға болады:
1. Әлеуметтік топ - әлеуметтікпсихологиялық (эмоционалды-
психологиялық); Мұнда жұбайлар арасында тұлғалық ерекшеліктерге
негізделген және отбасыішілік қатынастың ерекшеліктеріне қатысты
қақтығыстар болады.
2. Әлеуметтік институт – топтық қарым-қатынастың әлеуметтік тұрғыдан
қарастырылуы (инструменталды); Жұбайлардың қарым-қатынасына әсер
ететін ортаның объективті-субъективті әсерлер, ал күнделікті өмірде
сыртқы және ішкі себептерін ажырату қиынға соғады.
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың халық
педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектерінде,
Ж.Баласағұни, С.Сарай шығармаларында, хандық дәуіріндегі ақын жырау
мұраларында Ы.Алтынсарин еңбектерінде, А. Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев мұраларынан да елеулі орын алғанымен, әлі толық
зерттеле қойган жоқ. Кейінгі кездерде отбасы тәрбиесіне қатысты
Х.Арғынбаев, Г.А.Уманов, К.А.Оразбекова, Ж.Қоянбаев, З.Әбілова, С.Ғаббасов,
І.Р.Хамитова, А.Ш.Икрамова т.б. еңбектері бар.
1994 жылды БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік
қауымдастықтың бұл мәселеге мән беруін көздеген еді. Осы шараның нәтижесі
ретінде қазіргі күні Қазақстанда Отбасы және демография, Отбасын
әлеуметтік қамсыздандыру қоры, Ана және бала денсаулығы секілді ұйымдар
қызмет етуде. Атаулары көрсетіп тұрғандай бұл ұйымдардың әр қайсысының өз
функциясы бар болғанымен, олар ата-аналардың педагогикалық сауатын ашу,
отбасы тәрбиесінің шарттары мен қаруландыру мәселесін шешпейді. Баланың
отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикасына әсері
Т.В.Лодкина, А.И.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар атап
көрсеткен. А.Н.Леонтьев, С.А.Козлова балаға отбасы жылулығының ықпалын атап
өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және сөз
түрінде бейнелеуінің маңызын А.В.Запарожец, А.Д.Кошелева, Е.И.Негнивицкая
және т.б. белгілеген. Отбасы тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір
адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы
жақындатуының маңызын Ю.П.Азарова, И.В.Гребиннеков,Т.А.Маркова, А.Г.Харчев
т.б. белгілеген [4,5].

ажырасу деп ойлады [6].
Батыс елдерінде XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап отбасы жүйесінің
ықпалы кең көлемде қарастылып, таныла бастады. (К.Бернард,Р.Хилл,М.
Андольфи,Р.Корралс).
Отбасы теориясын алғаш ұсынған Людвиг Фон Берталанфи (1968):
Отбасы дегеніміз қарапайым мөлшердегі отбасы мүшелері ғана емес,
барлығының белгілі өзара қатынастағы торабы. Отбасы жағдайын түсіну үшін
ондағы мүшелердің әрқайсысын жеке талдауға қоса, отбасы жүйесін бүтіндеу
талдай қажеттігі туындайды.
Отбасы адамның эмоциялы, уайымы, көзқарасы, қатынасымен байланысты
емес, ол феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымы, тарихы уақыт
талабына сай өзгеруі және бір отбасының өмірлік циклінің логикалық
түсіндірілуі.
Отбасы психотерапиясында нобельдік сыйлықтың иегері Вирджиния Сатир
отбасы деген түсінікке бірнеше кілтті сөздерді ұсынған: отбасы қуаты,
отбасы қызметі, отбасы шекарасы. Оның тұжырымдамасы бойынша отбасы әсері
төмендегідей.
Отбасы біз одан өсіп шықтық, ол күнделікті мінез құлқымыз бен ұстанымыздан
көрінеді.
Отбасы жүйе, ол тепе теңдікке негізделген, отбасын мүшелеріне берілген,
тыйым салынған рөлдер (жеке қажеттіліктерге байланысты отбасы мүшелерінде
қақтығыс туындайды).
Отбасы өзіндік бағалау мінез-құлықта қорғану пайда болады.
Отбасы күш, жеке белсенді өмір сүруге жетелейді
Отбасы процесс, тұлғаны жетілдіруге мүмкіндік береді.
Отбасы өзгеру, ол бірнеше кезеңнен тұрады.
Отбасы неке негізінде қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара
көмек көрсету, жауапкершілікке алу және тұрмыстық жалпылықта байланысады.
(Э.Г.Эйдимиллер,В.В.Юстицкий, 1990) [7].
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды
тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүдіктік және мүліктік емес
жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту
мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы (Отбасы туралы Заңы).
Неке – ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке
қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген
тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек
пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ (Отбасы туралы Заңы).
Л.Д.Столяренко отбасы, отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтамалар
берген:
Отбасы-өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі
таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы.
Отбасы тәрбиесі-нақты отбасы жағдайында ата-ананың басқа туыстарының

Отбасы-кішігірім әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік,
туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық,
материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар. (педагогикалық энциклопедия
сөздігінен)
Отбасы тәрбиесі-туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары
балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күші (Қазақша энциклопедия сөздігі).
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, Баланың бас ұстазы – ата-
ана. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Әкеден ақыл, анадан
мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының
әдепті, білімді болып өсуін тікелей ата-ананың үлгі-өнегесіне, беделіне
байланысты.
Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы. Отбасындағы үлкендердің баламен қарым-
қатынсаы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің алғашқы үлгісі,
салаутты өмір сүру дағдысы қалыптаса бастайды. Ата-ананың негізгі
тәрбиесінен бастау алған өзінің туып өскен ортасынан дарыған жағымды
қасиеттер ұясынан ұшқанда бала бойына ізгілік боп дариды. Бұл халқымыздың
Баланы жастан деген сөзінің мазмұнының тереңде екенін аңғартады.
Отбасы тәрбиесінің айнасы – бала. Үлкенді сыйлау, отбасы мүшелерінің
өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші – көлемдермен түсінікті болу сөйлеу
мәнері т.б. жақсы қасиеттерді ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап
бойына сіңірсе, тәрбиенің нәтижелі болары сөзсіз. Әр отбасы кішкене тәрбие
мектебі болуға тиіс.
Балалардың дұрыс қалыптасуы оның отбасындағы сүйіспеншілік,
кішіпейілділік, сыйласымдық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық т.б.
адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.
Отбасы құрылым отбасы мүшелері құрамынан, туыстық түрлер мен рөлдерден
тұрады. Әдебиеттерде: отбасы рөлдерін кешенділеу, отбасы құрылымында
қожалық ету мен тұлғааралық коммуникациядан көріну, деп түсінік
береді.(А.И.Антонов 1998; В.М.Метков 1996) [8].
Отбасы құрылымы негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. (В.Сатир,
1992). Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт
етулері болады. Нуклерарды (ядролық) отбасы екі ұрпақтық байланыстағы ерлі
зайыпты және олардың балалары; кеңейтілген отбасы үш ұрпақ жалғастығы: ата
ана бір жағының, ерлі зайыпты, олардың балалары; бүтін емес отбасы екі
адамнан тұруы немесе бір ата ананың бірге тұрмауы; аралас отбасы жесір әйел
немесе ажырасқан баласымен бірге қосылуы.
Американдық белгілі психотерапевт С.Минухин отбасылық құрылым
түрлерін кезеңдік даму заңдылығына әсер ететін күрделі құрылым, ол бірнеше
индивидтен тұртын ішкі жүйені құрайды деп, жеке құрылым бөліктеріне ерлі
зайыптылар, ата аналар, аға қарындас жүйелерін жатқызды.
Отбасы құрылымының жұмыс моделін ұсынғандар С.Минухин, Б.Монтальво,
Б.Герни, Б.Розман, М.Вольтерс, С.Гринштейн болды.
Отбасының құрылым жүйесі екі түрде қолданылады:
1.Генетикалық жүйе.
2.Бірін бірі толықтыратын рөлдік жүйе.
Генетикалық жүйеде отбасылық құрылымның қолданылуы, ең алдымен
отбасы ішіндегі иерархиясын анықтайды. иерархия деген сөз грек тілінен
аударғанда киелі және билік дегенді білдіреді. Бұнда билік пен
бағынушылық, қарым - қатынас туралы айтылады.
Бірін бірі толықтыратын рөлдік жүйе. Ағылшын тілінен толықтыру,
жинақтау, ал рөл дегеніміз адамдардың басқа адаммен қарым қатынасқа
түсудегі адам мінез құлқының нақты бір тәсілі.
Отбасының классикалық жеке түрлері: патриархалды немесе дәстүрлі,
балаға орталықталынған немесе қазіргі заманғы, ерлі зайыптылар немесе
қазіргі шектелген отбасы, аналық немесе бүтін емемс отбасы. Бұл отбасы
түрлері қазіргі таңда кең көлемде жүзеге асуда.
С.И.Голодтың пікірінше, отбасы құрылымдық екі өрісте
қарастырылады: ерлі зайыптылар қатынас және ата-ана мен бала қатынасы.
Сондай-ақ, дәстүрден тыс отбасы немесе жекелікке жатпайтын отбасы: некеден
тыс отбасы (бүтін емес немесе жалғыз аналық), альтернативті отбасы стилі.
Бұл дәстүрлі отбасындағы дағдарысты және отбасы неке институтының
эволюциялық дамуын көрсетеді.
Кейінгі зерттеулерде Л.И.Постовалова мынадай отбасы топтамасын
ұсынды: үйлесімді – үйлесімсіз, топтасқан – шашыраңқы, корпоративті
-альтуристі, икемді - консервативті, ашық - жабық, бұйрықты - демокритиялы.
Отбасының типтерінің ішінен қазіргі заманда жиі кездесетіні нуклеарлық
және толық емес отбасы. Толық емес отбасы әр түрлі жағдайлардан болуы
мүмкін. Егер бала анасының тәрбиесін алса, онда ана жұмыспен қатар балаға
сүйіспеншілікпен қарап, оған білімімен қатар тәрбие беруі тиіс. Бірақ,
әкесіз қандай тәрбие? Әкесіз қалған балалар қиын болып өседі. Мінез - құлқы
басқаша болып қалыптасады. Ашушаң, қияңқы болып келеді. Сондықтан ата -
анасы сүйіп қосылғасын бір-бірін тыңдап, қарым-қатынасы жақсы, өздерінің
борышын атқара алатын, беделді болуы керек.
Моральдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті
көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін
сезінбегендіктен, олар ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды.
Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайырымдылықты
сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер
өз қамқорлығына алады. Олар бұзақылар тобы, нашақорлар, жезөкшелер т.б.
әлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Баланың алғашқы адами құндылықтары, әрине, отбасында қалыптасады.
Халық даналығы Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер, Не ексең
соны орасың десе, ұлы Абай тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой
демектің бәрі – ақымақшылық деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов
әрбір баланың мінез - құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінен үлгі
алу барысында қалыптасады деп тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай
ұстауды, адагершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық,
үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе
жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін - бірі сыйлау, қамқоршы
болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол
ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан
алғанда мүмкін емес [9].
1.2 Отбасы жүйесі - баланың тұлғалық дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады,
белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.
Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар:
күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен
тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ
диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-
ана диадасы –баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі
шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс
теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін
болады.
Р. Хиллдің көзқарасынша,отбасы жүйесі келесідей белгілерден тұрады:
1. Отбасы мүшелері бір-біріне тәуелді өмір сүреді, егер біреуінің мінез
құлқы өзгерсе, онда ол барлығына да бірдей әсер ететін болады.
2. Отбасы біршама тығыз, шектеле орналасқан бірлік.
3. Отбасы сыртқы факторға байланысты міндеттерді атқаратын және ішкі
қажеттілікті қанағаттана өтейтін бірлік болып табылады.
Сондықтан отбасы жүйесі фундаментальді түсінікте гомеостаз дегенді
білдіреді. Гомеостаз деп жүйедегі тұрақтылық бұзылған кезде оны қалпына
келтіріп, әр кезде тұрақтылық пен тепе-теңдікті ұстап тұруды айтады.
Отбасы гомеостазы отбасы жағдайы мен қорғану сезіміндегі тұрақтылықты
болжау жүйесі. Айтылған ойлардың басын қоссақ, отбасы дегеніміз қоғамдағы
жоғары тәртіпті бүтіндей жүйемен, басқа да ашық жүйелермен өзара әрекеті
белсенді, өзгеру мен эволюциялық даму жүйесі.
Отбасы жүйесін біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады,
себебі, оның өз алдына құрылымы мен қасиеті бар. Оған енетін белгілер:
• өзара тәуелділік: жүйеде жеке элементтедің өзара әсері;
• холизм: жүйедегі жеке элементтер біріге отырып, бүтіндік сипатқа еніп,
алғашқы жекелік сипаттан жаңа қасиетті меңгереді;
• құрылымдық ұйымдастыру: құрылымдық элементтердің алғашқы басымдылық
шамасына отбасы құрылымы, рөлдері,отбасы ішілік қатынас бірлігі кіреді;
• арнайы ішкі процестер (циркулярлы,спираль тәрізді, үздіксіздігі);
• динамикалы немесе дамуға қабілеттілігі;
• өзіндік ұйымдастыру қабілеті: бүтіндік сипатта қалу талпынысы, отбасы
ішілік күштің болуы;
• гомеостаз және даму диалектикасы.
Отбасы кешенді әлеуметтік мәселе бола отырып, түрлі факторлар
әсерінен, тұжырымдар мен түрлі ықпалдарды талдаудан тұрады.Отбасы
құрылымының психологиялық моделін төрт деңгейде қарастырсақ: жекелік
(отбасы мүшелерін жекелей); микрожүйе (нуклеарды отбасы); макрожүйе
(кеңейтілген отбасы); мегажүйе (отбасы және әлеуметтік орта)
Кесте 1
Отбасы құрылымының психологиялық моделі
Отбасының құрылым деңгейі
жекелік (отбасымикрожүйе макрожүйе мегажүйе (отбасы
мүшелерін (нуклеарды отбасы)(кеңейтілген отбасы)және әлеуметтік
жекелей) орта)
Отбасының құрылым көрсеткіштері
Когнитивті аспект
Отбасы мүшесі Отбасы Отбасы әлеуметтік орта
ретінде өзін иерархиясының тарихы,отбасылық талаптары мен
ұқсастыру, жекекөрінуі, жағдайлар, нормалар нормаларына сай
шекарасы, отбасындағы ішкі мен ережелер отбасы
және сыртқы
шекара,
Кестенің жалғасы
отбасында жеке ақпарат айналымы мүшелерінің
мифтік жалпылануы дәреже мен бедел
ұстанымы
Эмоционалды аспект
Некеге және Эмоционалды Эмоционалды стилде Қоғамда өз
қатынасқа коммуникациялық топтасуы отбасы жағдай
қанағаттану, стилде топтасуы бойынша
отбасы қызметінің қанағаттануы
жалпылануы
Мінез құлықтық аспект
Индивид отбасы Өзара әрекеті салт Отбасы мүшелерінің Әлеуметтік
мүшесі ретінде дәстүрі, рөлдік кеңейтілген өзара бейімделу отбасы
өзін көрсетуі, қатынасты бөле алуы. қатынасты институтрамен
отбасына иерархиялы бөлуі бірге
бейімделуі. қатынастары
Отбасы тек жеке тұлғаның өмірінде ғана емес, барлық қоғамның
өмірінде үлкен роль атқарады. Отбасының негізгі мінездемесі оның функциясы,
тұрақтылығы және динамикасы [9,5-12 беттер].
Отбасының функциясы – барлық мүшелерінің қажеттіліктерін
қанағаттандырумен байланысты болатын отбасының өмірлік әрекетінің сферасы.
Отбасы функциясы тек биологиялық фабрика рөлінде емес адам
қоғамда құндылыққа жеткенде ғана тұлғалық қасиетке ие болатын қызмет.
Соловьев: Қаншама қажеттілік болса сонша отбасының функциясы болады.
1. Отбасының тәрбиелік функциясы аналық және әкелік қажеттіліктерді
қанағаттандыруда, балалармен олардың тәрбиесімен, өздік жетілуіне
қатынасуға болады қоғамға қарағанда ол өскелең ұрпақты әлеуметтендіріп
қоғамның жаңа мүшелерін дайындайды.
2. Шаруашылық-тұрмыстық функциясы отбасының әлеуметтік және материалдық
қажеттіліктерін қанағаттандырумен сипатталады (тамақ, баспана) және
олардың денсаулығын сақтау.
3. Отбасының эмоционалды функциясы – оның мүшелерінің сыйлауға, шыныны
айтуға, эмоционалдық қолдауға, психологиялық қорғауға қанағаттандыру
сонымен қатар, қоғам мүшелерінің эмоциялық тұрақтылығын, олардың
психологиялық саулығын сақтауға әсер етеді.
4. Қоғамдық рухани (мәдени) функциясы – отбасы мүшелерінің дене және
психикалық шаршауларын қалпына келтіру мен отбасы құрылымын саөтап қалуға
бағытталған. Бос уақытын бірге өткізу, өзара рухани баюды қанағаттандыру.
5. Алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы – отбасының әлеуметтік нормаларын
орындау, әсіресе, өзінің тәртібін әлеуметтік нормаларға сай құра алмайтын
адамға байланысты.
6. Отбасының жыныстық –эмоционалды– геодонистік функциясы – қазіргі таңда
ерекше орында, себебі жыныстық жағы еркектер мен әйелдерге бірдей,
еркіндік тепе– теңдік мәнге ие болады.
7. Отбасының психотерапевтік функциясы үлкен мәнге ие, себебі соңғы кезде
ерлі–зайыптылардың өзара қатынасы екі механизмнен тұрады: отбасы ішілік
әрекетте өаланған қысымнан эмоционалды босаңсу. Эмоционалды босаңсу–
психологиялық демалыс, ерлі– зайыптыларда қанағаттану сезімін,
эмоционалды жағымды күй қалыптастырады. Егер отбасында тұрақты өзара
түсіністік пен жағымды қатынас болса, онда ол психологиялы сақтану орны
болмақ. Отбасы қызметі–соңғы кездегі талдауға жүгінсек неке құндылыққа,
қанағаттануға, психологиялық факторға айналуда, –дейді зертеушілер
(А.Г.Харчев,Н.Н.Обозов және т.б.)
Уақыт өте келе отбасының функциясы өзгереді. Кейбіреуі жоғалып,
кейбіреуі әлеуметтік жағдайға байланысты жаңарады. Жаңа қоғамда
эмоционалды, тәрбиелік, рухани функциялардың маңызы өсті. Неке көбіне үй
ішілік материалдық байланыспен емес, эмоциялық байланысқа негізделген
бірлестік болып табылады.
Жаңа өмірде отбасы, тәрбиелік және репродуктивті сияқты дәстүрлі
функцияларды ғана емес, сонымен қатар босансу, эмоциялық жайлылықты
тудыратын психологиялық қорғаныш функциясын да атқарады. Ол әсіресе жас
жұбайларға керек, себебі психологиялық жайлылық, отбасылық өмірдің жақсы
жалғасуына себепші болады [10].
Психологтардың мәліметтеріне қарағанда отбасының бақыты үшін көп
керек емес, атап айтқанда:
• басқаға бағытталу (оны түсіне білу, көңіл бөлу, оның қызығушылықтарын,
тілегін, талғамын ескеру);
• қалыпты, шиеленіссіз қарым-қатынас;
• сенім және жағымды әсер ету;
• бір-бірін түсіну;
• қалыпты жыныстық өмір;
• үйдің болуы (отбасындағы проблемелардан демала алатын жерлердің
болуы.
Отбасындағы қарым-қатынасы - адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі
сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәлім
қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім
әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілдікең
ауқымды эмоция аспектілерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше
рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында
келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс,
қарама-қайшылық тұрғысындағы мәлім үрдісі іске асады.
Отбасында бала тұлғасына әсер ететін фактілерді ғалымдар үш бөліп
көрсетеді. Олар:
1. Отбасының әлеуметтік ортамен, қоғамдық өмірмен араласу деңгейі.
2. Отбасындағы ішкі және сыртқы іс-әрекет. Негізінен бұл отбасындағы
еңбек, адамның әлеуметтенуінің басты қаруы. Әсіресе бұл қаладан
қарағанда ауылда басымырақ.
3. Отбасындағы тәрбиедегі ата-ананың балаға деген мақсат көздеген
педагогикалық ықпалы.
С.В.Ковалевтің пікірі бойынша осы үш фактор ішіндегі балаға күшті
ықпал ететін фактор ата-ананың ықпалы. Осы жайлы А.С.Макаренко Ата-аналар
кітабы деген кітабында Сіздің жүріс-тұрысыңыз бала тәрбиесінде ең маңызды
нәрсе. Сіз баланы онымен сөйлескенде, ақыл айтқанда, бұйрық бергенде ғана
тәрбиелеп қана қоймайсыз, сіз оны өміріңіздің әр сәтінде тәрбиелеп
отырасыз. Сіздің киінгеніңіз, сөйлегеніңіз, басқа адамдар жайлы
сөйлескеніңіз, достарыңызбен қарым-қатынас жасауыңыз, күлгеніңіз, тіпті
газет оқығаныңыз – осының бәрі бала үшін өте маңызды. Сіздің үйде және
түздегі нашар қылықтарыңыз баланың болашағына үлкен әсерін тигізеді, - деп
айтқан.
Қазіргі ғалымдар отбасында қарым-қатынасты ерлі-зайыптылар арасындағы
қарым-қатынас, әке-шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас,
үш буын арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.
Отбасындағы қарым-қатынас түрлерін С.В.Ковалев, И.В.Гребенников
мынадай түрлерге бөледі:
1. Ынтымақтастық қарым-қатынас. Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне қолдау
көрсетуі, бір-біріне көмектесуі, бір-бірін қошеметтеуі.
2. Талас – басқаларды басқаруға ұмтылу.
3. Конфрантация – бұл ерлі-зайыптылардың көз-қарастарының әртүрлілігі, яғни
бір-біріне қарама-қарсы болуы. Әсіресе бұл бала тәрбиесінде көп көрінеді.
4. Приоритет – отбасының барлық мүшелеріне тиімді, тең қатынас.
5. Өшігу, қарсы тұру – бұл қарым-қатынас түріне ерлі-зайыптылардың бір-
біріне көмек көрсетпеуі, қолдамауы, керісінше бір-біріне қарсы тұруы
жатады.
6. Достық қарым-қатынас. Мұндай қарым-қатынастағы ерлі-зайыптылардың көз –
қарастары, қызығушылықтары бір болады.
7. Бірлесіп тіршілік ету– бұл қарым-қатынастың түрінде отбасының әр мүшесі
бір-бірінің жұмыстарына араласпай, әрбіреуі өз беттерінше өмір сүреді.
Өкінішке орай, жоғарыда айтылған қарым-қатынас түрлерінің кез-келгені
әр отбасында кездеседі. Осы айтылғандардың ең жақсысы, ең үлгілі, ең
қолайлысы ынтымақтастық, достық, приоритеттік қарым-қатынастар. Осындай
қарым-қатынастағы отбасында баланың дамуы мен тәрбиесі бір қалыпты және
қиындықсыз өтеді.
А.Е.Личко отбасында ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынасты
дұрыс және дұрыс емес тәрбие деп екіге бөліп көрсетеді.
Дұрыс емес қарым-қатынас түрлеріне шектен тыс қадағалау, күң ретінде
тәрбиелеу, қатыгез тәрбие, ұрып-соғу, жоғары моральдық жауапкершілікте
тәрбиелеу жатады.
1. Шектен тыс қорғаштау – бұл балаға өзіндік әрекет жасауға ерік
берілмейді, баланың барлық уақытын, недей жұмыспен айналысатындығын ата-
анасы алдын ала жоспарлап, ойластырып қояды.
Мұндай қарым-қатынаста өскен бала өз бетінше шешім қабылдай алмайтын,
өз күшіне сенімсіз, жасқаншақ болып өседі.
2.Күң (золушка) ретінде тәрбиелеу – мұндай қарым-қатынаста бала әкесі мен
шешесінің оны жақсы көрмейтіндігін, олар үшін ауыртпашылық екендігін
сезінеді. Бірақ сырт көзге олай көорінбеуі мүмкін.
Мұндай қарым-қатынаста тәрбиеленген бала, кез-келген бақытсыздықты,
күйенішті жүрегіне жақын алатын болады және де бүкіл әлемге ашулы болып
өседі.
1. Қатыгез тәрбие - кез-келген кішкентай олқылыққа баланы өте қатты
жазалау. Сондықтан бала қорқынышта өмір сүреді.
Мұндай қатынаста өскен бала ашушаң, қатыгез, биімделгіш болып өсуі
мүмкін.
2. Жоғары моральды жауапкершілік жағдайдағы тәрбие - бұл қатынас
түрінде баладан кішкентайынан үлкен жауапкершілікті талап етеді,
немесе баланың жасына сай келмейтін, үлкен жауапкершілікті керек
ететін жұмыс түрлерін баланың мойнына жүктейді.
Мұндай қарым-қатынаста өскен балада әрқашан туған-туысқандары үшін
қорқыныш сезімі болады мұндай қарым-қатынас баланың мінезін бұзады және
басқа адамдармен, достарымен қарым-қатынас жасауға қиналады.
3. Ұрықсат етілмейтін, балаға кері әсерін тигізетін қарым-қатынастың
тағы бір түрі – ұрып-соғу. Мұндай қатынаста өскен балалардың
көпшілігінде сабаққа деген көңіл соқпаушылық, балалар ұжымына тез
жұғысып, бейімделе алмаушылық байқалады.
Отбасында мұндай жағымсыз қарым-қатынастардың болу себебі ата-ананың
педагогикалық білімінің тайыздылығынан, күннен күнге төмендеп бара жатқан
отбасылық тәрбие мәдениетінен. Әрине бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз
педагогикалық мәдениетін ғана кіналап қоймай, халықтық тәрбие үрдісінен
алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстүрінің келеңсіз
бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн [11].
Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың ең қолайлысы, жағымды ата-
ананың баланы түсіне білуі, баланы өзімен тең адам ретінде, дос ретінде
санауы, балаға сенім білдіруі, балаға зекірмей оны тыңдай білуі, бірлесіп
шешім қабылдай алуы. Бұл үйлесімді отбасының сипаты. Кейбір ата-аналар
балалармен достық, сенімділік қарым-қатынас құрай алмайды. Сондықтан ата-
аналар жиналысының қажетті функциясының бірі ата-аналарды тәрбиенің әртүрлі
жолдарымен таныстыру.
Сондай-ақ, А.Я.Варга мен В.В.Столин ата-ананың балаға қарым-қатынасын
анықтайтын тест сауалнамасында қарым-қатынасты бес түрге бөледі.
Олар:
1. Қажетті-қажетсіздер
2. Кооперация
3. Симбиоз
4. Авторитарлық гиперсоциализация
5. Кішкентай жолы болмағыш
Бұл тест – сауалнамасы психодиагностикалық құрал ретінде қолданылады
және ата - анасымен қарым - қатынасын, баланың мінезі мен тұлғасын, оның
қылықтарын түсіне білуге көмектеседі.
Баланың тұлғалық сапаларының қалыптасуы жүзеге асатын ең алғашқы
әлеуметтік институт – бұл оның отбасы. Осы жерде бала жақын туыстарымен
қарым-қатынасқа түсу барысында жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажыратуды
үйреніп, өз халқының мәдениетін, сөз өнерін меңгереді. Әрине, бұл
айтылғандардың барлығы отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы
ұйымдастырылған екі жақты байланыс, өзара түсіністік арқылы жүзеге асады.
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың педагогикалық сауатсыздығы бала
тәрбиесінде тұрпайы сезімдерді ұялатып, нашар мінездің қалыптасуына негіз
болады.
Қарым - қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не
болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері
педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның
психикалық ахуалына, сезімі, ой - санасына, қылық-жорығы, жүріс тұрысына
тікелей, жанама сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орны алмасып
отырады. Мәселен, бірде ересектер балаға ықпал етсе, енді бірде балалар
ересетерге әсер етіп отырады. Отбасы қарым - қатынасында ата - ана балаға
ықпал етудегі мақсатын, өзінің талаптарын, оған түрткі беріп отырған ішкі
(мотивтері) түрткілерін қанағаттандыру үшін және мұны тікелей, кейде жанама
түрде іске асыруға тырысады. Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты
әдет, дағдыларды меңгерту, іскерлікке баулу, ұқыптылыққа, ерінбеуге т.б.
дағды мен әдет қалыптастыру.
Қарым-қатынас арқылы ықпал етудің қай түрін не тәсілін алып қарасақ
та, ол алдымен балаланың психикасына әсер ету, сол арқылы жүрегіне, адал
дүниесі мен санасына жол тауып қалаған пікірді, іс - әрекет түрінде
орындауды көруге болады [12].
Кесте 2
Ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін топтасыру
Әдістер Мазмұндық көрсеткіштер Нәтижелері
Кестенің жалғасы
Кестенің Нандыру,сендіру, иландыру, Өзіне сенім артады.
жалғасыЫқпал етуақыл-кеңес, іс-әрекетін, қуаттау,
арқылы баланың нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу,
өзіне сенімін дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ
нығайту. ескерту, баламен санасу, пікірлес
болу т.б.
Ықпал ету арқылы Тартыншақ, қорқақ,
тежеу. Ата-ананың балаға өз дегенін ырықсыз, жігерсіз,
күштеп істетуі, қақпайлау, пиғылынжалтақ, өтірік, қулық.
Ықпал ету арқылыкөрсету, санаспау т.б.
қуаныш сезімін Көңілі өсіп марқаяды,
ояту. Орынды мақтау, мадақтау, көңілін батылдық өзіне сенімі,
көтеру, демалысын ұйымдастыру, өмірге құштарлығы
Теріс әрекетке керекті деңгейде қажетін өтеу т.б.қабілеттері ашылады.
түрткі болатын Қырсықты, өзімшіл,
әдістер. Баланың ырқына көну, артықша рақымсыз, ұқыпсыз,
еркелету, балаға мән бермеу, жалқау, қатыгез,
бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зорлықшыл, озбыр, т.б.
ұрысу, орынсыз кінәләу, алдау,
мазақ ету, нашар үлгі көрсету т.б.
Ата-ана беделін көтеру үшін сүйіспеншілік, қарым - қатынас және
сонымен қатар педагогикалық әдептілік сезімі де үлкен рөл атқарады.

бағыттары мен ерекшеліктері
Психологиялық қызмет деген ұғым – осы заманғы жантану ғылымының алға
қойған зәру мәселелердің бірі.
АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Югославия, Франция сияқты
кейбір елдердің білім жүйесінде практикалық психология басты орынды
иеленсе, Қазақстанда енді ғана аяқ басып келеді және әлі де болса
психологиялық зерттеулердің нақты жүргізілуін қажетсінеді. Елімізде соңғы
жылдары білім саласында психологиялық орталықтардың аяғынан қаз тұрып
қызмет көрсете бастауы аз да болса көңілге демеу болғандай. Елімізде
психологиялық қызметті ұйымдастыру білім беру жүйесінде де жақсы жолға
қойылып келеді. оған дәлел – жекелеген балалар мекемелерінде психолог
штатының ашылуы, аудандық, қалалық, облыстық білім басқармаларында
психологиялық кеңестің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орындарының психология
кафедраларында психологиялық ағарту жұмыстарының жандандырылуы. Дегенмен
көңіл алаңдатар мәселелер де жетерлік. Олар: мектепте психологиялық қызмет
көрсету жөнінде құқықтық құжаттардың заңдастырылмауы мен бекітілмеуі, яғни
әлі де жоба күйінде қалуы, психологтың негізгі қызметіне жете мән берілмеу,
жұмыс кабинетінің болмауы, қазақ тілінде әдістемелік құралдардың жетіспеуі
т.б. Қазіргі білім жүйесін қайта құру мен оны ұйымдастырудың басты
жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз
мүмкіндігін пайдалы істерде қолдана білу, нақтырақ айтсақ әлемдік
бәсекелестіктің күрделі және ауыр процесінде табыстарға жету үшін
халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі бірінші орынға қойылған.
Мектептегі мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушіліктен туатын мектептік
мазасыздану, кейбір отбасында жиі болып тұратын ұрыс-керіс, жанжалдар
баланың психикалық саулығына жағымсыз жағынан әсерін тигізеді. Мектеп
оқушыларының көпшілігін мектептен тыс өмір қызықтырады, олардың кейбірі өз
орнын жағымсыз компаниялардан табады. Қазіргі кезеңде мектептерде көптеген
негативті көріністердің байқалуы оқушылардың сабақ үлгерімі мен тәртіп
деңгейінің төмендеуі, мектептегі әлеуметтік - психологиялық климаттың дұрыс
болмауы, жеткіншектер мен жастардың қоғамда жат мінездерді жиі көрсетуі,
құқық бұзуға бейім тұру жас мемлекетіміздің аяғынан нық басуына ықпалын
тигізбей өтуі мүмкін емес.
Психология ғылымының тәжірибелік саласы жас болғандықтан, осы бағытта
жұмыс жасайтын қызметкерлердің ден әлі де жеткілікті түрде тәжірибе
жинақтап үлгермеген жас мамандар мен бұрынғы пән мұғалімдері. Мамандық
мәртебесі кәсіптік шеберлікке байланысты қалыптасады. Алайда кәсіптік
іскерлікті шыңдайтын түрлі ақпарат көздерін мемлекеттік тілде тасымаладау
ісінің қиындығына орай жас мамандардың бойындағы ынта-ықыласы басылып
қалады. Оқу - тәрбие мекемелеріндегі педагог - психологтар мектепте
психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру, жұмыс жоспарын құру т.б.
қажетті құжаттарды жүргізіп, оларды қолдану барысында қиындықтарды жиі
кездестіруде.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуында оқу мен тәрбие процесінің
психологиялық білімдері жеткіліксіз болғандықтан бүгінгі таңда бұл мақсатты
іске асыру мектептер үшін қиынға түсуде.
Психологпен бірге білімнің барлық құрылымына көмек көрсетудің ізгілік
формасы келеді. Психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен
психологиялық көмек көрсету жоғары кәсіби дайындықты, білімділікті талап
етеді. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың және білім
жүйесінде ақпараттар ағымының қарқынды дамуы мен бәсекелестіктің артуына
психолог мамандарының белсенділігі мен біліктілігі, білімі арасындағы
сәйкестіктің болу заман талабы деп түсіну керек.
Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды
екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен
әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттары күрделі мәселе болып
саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда
және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке
адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-
мүдделерін көздейді.
Бұрыннан қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас, әдептілік, имандылық
бағытындағы кейбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz