Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп пен отбасының бірлескен қызметін ұйымдастыру жолдары

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 2

Анықтамалар мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4-5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-9

І. Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-
әрекетінің ғылыми теориялық негіздері

1. Мектеп және отбасы арасындағы ынтымақтастықты зерттеген
ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-31 1.2.
Мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның бала
тәрбиесі мен ата-аналардың мәдениетін көтерудегі
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 32-49
1.3. Сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі ата-аналармен
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .50-61

ІІ. Педагогикалық ұжым мен сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-
аналармен ынтымақтастығы

2.1. Педагогикалық ұжым мен ата-аналардың бірлесіп атқарған
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61-76

2.2. Эксперименттік тәжірибелік жұмыс нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77-81

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82-83

Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..84-85

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған:

[1]. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және
әл-ауқатының артуы. Алматы, 2002
[2]. Қазақстан Республикасының білім беру заңы. 27 шілде, 2007 ж.
[3]. Қазақстанда жетім балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесінің

құқықтық негіздері. – Алматы: Ұлт тағлымы, 2005. – № 4.
[4]. Бала құқығы туралы Конвенция 20 қараша, 1989 ж.
[5]. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж.
[6]. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие

тұжырымдамасы. Білім және ғылым Министрінің 2009 ж. 16 қараша

.

.

Анықтамалар

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш
құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі
адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала
дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.
Жанұя – педагогикалық-психологиялық тұрғыда – ата-ана мен балалар
арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да жанұя мүшелерінің қарым-
қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Тәрбие - қоғам талаптарына сай жеке адамиың дүниеге ғылыми
материалистік козқарасын, мінез-құлықтық, эстетикалық және т.б.қасиеттерді
қалыптастыруды, қоғамның белсенді мүшесін етіп даярлауды көздейтін арнайы
мақсат қойып ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
Педагог – тәрбие ісіндегі шешуші тұлға. Қоғамның бұл маңызды
әлеуметтік рөлінің ықпалында педагогке әрқашан көтеріңкі талап қойылады.
Бүгін терең білімді, гуманист-интелигент, жастардың сенімді және шын досы,
нағыз кәсіби маман қажет. Мектеп, балалар ішкі еркіндігі бай, жаңаша
ойлайтын, адамға жақсылық жасауға бейім, алдымен, баланы жоғары құндылық,
бірегей жеке тұлға ретінде қарайтын педагогты қажетсінеді.
Ата-ананың педагогикалық мәдениеті–ол адамның жалпы мәдениетінің
бір компоненті, ғасырлар бойы бала тәрбиесі жайлы жинақталған білім мен
тәжірибе. Отбасындағы бала тәрбиесі ата-аналарының педагогикалық мәдениет
деңгейіне тікелей байланысты.
Ата-аналар жиналысы- педагогтың басшылығымен ата-аналарымен
бірлесіп өтетін балалар тәрбиесіне қатысты түрлі проблемаларды шешу
мақсатында біріккен отырыс.
Дәріс- бұл тәрбие проблемаларының жиынтығын алатын психологиялық-
педагогикалық білім беру түрі.
Конференция- бала тәрбиесіне қатысты білімнің кеңейтілуін,
бекітілуін қарастыратын психологиялық-педагогикалық білім беру түрі.
Практикум- бұл бала тәрбиесінде ата-аналардың педагогикалық
икемділікті қалайтын, туындаған педагогикалық жағдаяттарды тиімді шешуге
мүмкіндік беретін, ата-аналардың өзіндік педагогикалық ойлау қабілеттерін
жетілдіруге арналған жаттығулар түрі.
Ынтымақтастық - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-
әрекет.
Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің,
мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі
Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат
алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін
қамтиды.
Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция
спектрлерін қамтиды.

Қысқартулар.

БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
КСРО – Кеңес Социолистік Республикалық Одағы
СЭС- Санитарно-эпидемиологическая станция

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі:
Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық
бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз жергілікті деңгейде
де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа
жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын
мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз
адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің
алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге
тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-
аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда -
еліміз үшін алаңдамауға да болады. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен
денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына
түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен
жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге
тиіспіз," - деп атап көрсетті. [1]
“Білім туралы” заңда мектеп пен отбасының және жұртшылықтың
жеткіншек ұрпаққа білім, тәрбие беру ісін бірлесіп жүзеге асыратындығы атап
айтылады. [2]
Сонымен қатар салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы демекші,
қазіргі заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп
отыр. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан,
қоғамды өркениеттілікке  жеткізу,  ең  алдымен,  әр  отбасындағы  өмірді 
дұрыс үйымдастырудан басталмақ.  Оған дәлел,  1989  жылы Біріккен Ұлттар
Ұйымында қабылданған, кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған "Баланың
құқығы туралы Конвенция" бола алады. Онда "Бала толық және үйлесімді  
дамуы   үшін,   ол   мейірім   мен   өзара   түсіністігі   бар,
қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі
қажет. Сондай-ақ бала әлі дене, ақыл-ой жағынан толыққанды
жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де, туылғаннан кейін де ерекше
мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлыққа  мұқтаж" деп
көрсетілген. [3]
Баланың өмірдегі бастапқы қадамдары мектептен басталады.
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас
ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы
өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз
бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес, сондықтан оның іс-әрекеті
отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және
біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды,
сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие
жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп
балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және
қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестірудің, біріктірудің
орталығы.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін
қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда
қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып
істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата- аналар
комитеті тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай
отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін,
даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға
деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін
орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы
тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби
білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28
тарауында мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет
көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс деп ерекше аталып кеткен. [4]
Бұл  құжатта  әрбір  ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде
қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін
айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын, талантын, дене
және ақыл-ой қабілетін дамыту, адам құқығын құрметтеу, өз ата-анасын
сыйлауға, оның мәдени тұрмыс-салтын, тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық
байлықтарын бағалауға тәрбиелеу, еркін  қоғамда ынтымақтастық, 
түсіністік,  ұлтаралық  қарым-қатынаста достық   рухында   саналы   өмір  
сүруге   дайындау,   қоршаған   ортаға жанашырлықты тәрбиелеу керектігін
ұсынып, заман талабы бойынша бүгінгі отбасына  үлкен  жауапкершілік  пен 
жоғары  парасаттылық  жүктеледі. Оқушының  жеке тұлғалық қалыптасуына 
отбасы  тәрбиесінің  ықпалы философиялық,     әлеуметтанушылық,    
психологиялық,     педагогикалық зерттеулерде    ерекше    көңіл  
бөліп,    отбасы мен мектептің бірлесіп жұмыс істеуін   жалпы    теориялық
педагогикалық,   психологиялық  негізін   жасауда  көп   үлес   косқандар:
Шетел педагогтары: В.А.Сухомлинский К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко. ТМД
елдерінің ғалымдары: Дереклеева Н.И., Бухвалев В.А., Цабыбин С.А.
Қазақстанда: Қ.М.Нұрғалиев, Д.Б.Қоянбаев секілді педагогтардың
еңбектерінде қарастырылған.
Сонымен қатар қазіргі заманда көптеген кездесетін және мектеп пен
отбасының бірлесуін талап ететін проблемалар:
1. Отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік
өмірге жастарды даярлауды жетілдіру.
2. Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу басым проблема
болып отыр. Көпшілікті алаңдатып отырған Суицид деп аталатын осы дерттің
мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай.
3. Тағы бір мәселе әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және
әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда.
4. Сондай-ақ әке-шешенің ішімдікке салынуы бала тәрбиесіне үлкен әсер
тигізеді.
Осы мәселелерді шешу үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Конвенцияда, сондай-ақ БӘӘ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20
қарашасында қабылданған Бала құқығының декларациясы; Адам құқықтарының
жалпы декларациясы және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР
Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдық
тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР
Констинуциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет
қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және
міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз
ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс [5]
Осы проблемаларды алдын-алып болдырмауда педагогикалық ұжымның ата-
аналармен ықпалы зор.
Зерттеу тақырыбы: Мектеп пен отбасының бірлескен қызметін ұйымдастыру
жолдары.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі кемшіліктерді болдырмау үшін мектеп пен
отбасының ынтымақтастық қажеттіліктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1) отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-
әрекетінің ғылыми теориялық негіздерін зерттеу;
2) №3 Красный Яр орта мектебінде отбасы мен мектептің байланыс деңгейін
анықтау. Мектептің құжаттарымен танысу, әңгімелесу, отбасы байланыс
деңгейін анықтау
3) отбасылық қарым-қатынаста ата-ана ықпалын арттырудың педагогикалық
шарттарын тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.
4) ата-аналардың тәрбиелік ықпалының педагогикалық мәдениет жетілдіру.
5) мектеп пен ата-аналар қарым-қатынасын жақсарту мақсатында ұсыныс
жасау.
Зерттеу объектісі – педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен
әрекет жасау жүйесі.
Зерттеу пәні – Мектеп пен отбасы байланысын нығайту мақсатында
бірлесіп жасайтын жұмыс түрлері: конференция, ашық есік күні, ата-аналар
жиналысы
Зерттеу болжамы: егер, ата-аналар мен педагогикалық ұжым арасында
бірлескен іс-әрекеті жүйелі тұрғыдан үнемі ұйымдастырып жүргізетін болса,
онда ол ата-аналардың педагогикалық мәдениеті көтеруге үлкен ықпалын
тигізеді және бала проблемалары азаяр еді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып – отандық және
шетелдік педагогика-психология ғылымындағы ата-ананың балаға тәлім-
тәрбиелік ықпалына қатысты ізгілікті философиялық тұжырымдар;
Отбасы қарым-қатынасы жайлы В.А.Сухомлинский, А.Адлер тәрбиелеу
моделі, Р.В.Овчарова, Т.Гордон моделі, Б.Скиннер моделі және т.б. сынды
ғалымдардың ой-пікірлері мен ережелері.
Зерттеу әдістері – ғылыми-педагогикалық, педагогикалық психологиялық
еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, №3 Красный Яр орта
мектебінің құжаттары, мектептің жұмыс жоспары, ата-аналар және ұстаздармен
әңгіме, сұхбат, сауалнама және тест;
Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Қазіргі кезде республика бойынша хабарлама
күнделік жүйесі іске қосылды. Аталмыш бағдарлама кез-келген уақытта
интернет арқылы баланың оқу үлгерімін бақылауға септеседі. Үш тариф бойынша
жұмыс істейтін жүйе тұтынушыға төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді.
СМС-күнделік арқылы ата-аналар баласының бағасы туралы ғана емес,
тәртібі мен мектепте болып жатқан іс-шаралар жөнінде де уақтылы хабардар
болып отырады. Журналға түскен баға мен үй тапсырмасы операторларға дер
кезінде жетіп, әрі қарай ата-анасына СМС күйінде жетеді. Бағдарлама
жетекшілері ата-аналардың 90 пайызының аталмыш бағдарламаны қолдап
отырғанын айтады. Алдағы уақытта еліміздегі мектептер мен ЖОО-ның барлығы
СМС-күнделік жүйесіне қосылады деп күтілуде.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы - зерттеу мәселесі бойынша
әдебиеттер жоқтың қасы, тек ТМД елдерінің ғалымдары: В.А.Бухвалев,
Дереклеева Н.И., Цабыбин С.А. Қазақстанда: Қ.М.Нұрғалиев, Д.Б.Қоянбаев
секілді педагогтардың еңбектерінде қарастырылған. Негізінде мектеппен
отбасының ынтымақтастығын заман талаптарына сай формалды емес түрде
ұйымдастыру қажет. Мысалы, электорндық почта, СМС күнделіктері т.б. түрде
байланыс жасау.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу мәселесі бойынша теориялық тұрғыдан зерделей отыра , ата
аналар мен мектеп арасында ынтымақтастық қарым - қатынас орнату жолдарын
заман талаптарына сай ұйымдастыру қажеттілігіне байланысты жасалған
ұсыныстар.
Тәжірибелік база: №3 Красный Яр орта мектебінің 4 асынып оқушылары.
Оқушы саны – 13.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: Кіріспе, I – тарау. II – тарау. Мектеп пен
отбасының бірлескен қызметін ұйымдастыру жолдарын анықтау.

І тарау. Отбасы тәрбиесі және педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен іс-
әрекетінің ғылыми теориялық негіздері

1. Мектеп және отбасы арасындағы ынтымақтастықты зерттеген ғалымдар
Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын,
отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды
жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық
дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады.
Ажырасу статистикасы республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп
отыр. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған
отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың
ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты,
мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін,
бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының
тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Білім жүйесі  жалпы білім беретін
мектеп деңгейінде белгілі пәндерді ұйымдастырып,   отбасы және некенің
бірлігін сақтауға мақсатты түрде көмектесуі қажет.
Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу басым проблема
болып отыр. Көпшілікті алаңдатып отырған Суицид деп аталатын осы дерттің
мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. Былтырғы жылдың өзінде
республикамыз бойынша осы суицид мәселесіне қатысты балалар арасында 575
жағдай орын алды. Оның 2009, 2010 жылдары Көкшетау қаласы бойынша 2 рет
болған оқиға. Қазіргі танда Ақмола облысы арасындағы суицидтің шын
мәнінде өршіп тұрған мәселе екендігіне көз жеткізіп отыр.
Соңғы уақытта өз-өзіне қол жұмсаған қыз-бозбалалардың көбейіп кеткені
мәселені тереңнен талдап, тығырықтан шығудың жолдарын іздеуге мәжбүрлеп
отыр. Өйткені суицид туралы айтқанда, ең алдымен статистика ауызға алынып,
кім кінәлі? деген сұраққа жауап ізделінеді. Бірақ та мәселенің мән-жайына
барып, себеп-салдарын анықтап, шешу жолдарын қарастыру көбіне-көп қалыс
қалуда. Ал Аман-саулық қоғамдық қоры өткізген жиынға жиналған мамандар
суицид - жетім қалған жанның (душа) күйзелісі дейді.
Өрімдей жас өзіне қол жұмсағанда ата-ана - мектепті, мектеп - ата-ананы
кінәлауға бейім. Немесе балаға дұрыс білім бермеген, тәрбиесіне көңіл
бөлмеген, оқушыға қысым жасаған - мектеп мұғалімдері болып жатады. Бірақ
ешқайсысы да өзіне үңіліп, кінәні өзінен іздемейді, себебіне үңілмейді. Ал
себебі әр түрлі болуы мүмкін. Отбасындағы кикілжіңнен бастап, адам
психикасының бұзылуына дейін. Неге? деген сұраққа жауап іздеген кезде, ең
бірінші - материалдық жағдайдың нашарлығынан деп ойлаймыз. Алайда осы
мәселемен талай жылдан бері айналысып жүрген мамандар материалдық
жетіспеушілік - суицидке апаратын ең соңғы себеп екендігін айтады.
Мұндай қадамға итермелеген ең бірінші себеп - отбасындағы түсініспеушілік
болған. Бұдан басқа факторлар бар әрине, дегенмен ата-ана мен баланың
арасындағы түсініспеушілік бірінші орында. Сондай-ақ әке-шешенің ішімдікке
салынуы да әсер етеді. Отбасында баланы қалай тәрбиелейтіні де маңызды.
Егер баланы өте қатты ұстаса немесе бетінен қақпай, өз еркімен жіберсе де,
мұндай тәрбие жолдары өз-өзімен үйлесім таппаған тұлғаны қалыптастырады.
Екі жағдайда да бала суицидке бейім болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана ең
бірінші баласын қалай тәрбиелеп жатқанына мән беру керек. Суицидке
бейімділік - өмір бойы сақталатын қасиет. Ондай адам қиын жағдайларда
өмірімен қош айтысып кетуі мүмкін. Жанұядағы жағдайдан басқа, тұлғааралық
қақтығыстар, жауапсыз махаббат та суицидке әкеледі.
Тағы бір мәселе әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және
әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған
байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі,
сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек
арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік
педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті
болып отыр.
Әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен
сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе
Қазақстан Республикасының Қазақстан-2030 даму стартегиясына сай жетім
балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде
қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар
тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды
тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.
Айталық, жетім балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және
олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін Е.М.Рыбиновский
Д.Янхольц, И.В.Дубровина, А.Г.Рузская, И.М.Бгажнова, С.А.Беличева,
Ю.В.Василькова және т.б. ғалымдар қарастырды. Н.Н.Толстых және О.Ажнина
отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленетін жасөспірімдердің психикалық
дамуындағы ерекшеліктерін қарастырған. М.В.Осорина жетім баланың жеке
дамуын және даму барысындағы өзгерістер байланысын анықтаса, В.С.Мухин
балалар үйіндегі жетім балалардың мінез-құлқындағы ауытқушылықтың негізгі
себептерін зерттеген.
Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан
қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар
тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап
айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-
тәрбиелеушілік.
Қазақстан Республикасында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды кәмелетке толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ
кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына қабылдануына,
жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген
негіздерде түрлі жеңілдіктер көрсетіледі.
Мектептің, отбасының және мемлекетіміздің достық және ынтымақтасу
идеясы мемлекетіміздің көптеген құжаттарында жазылған. Өйткені, қоғамның
объективтік даму қозғалысына сәйкес мектептің, отбасының және жұртшылықтың
ынтымақтастығы- балалар мен жастардың тәрбие процесін жеделдетудің негізгі
жолдарының бірі болады.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері
алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын әдістер де өзгеше
екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет,
дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертетіні бар.
Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық
мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізді болса да баланың дамып
қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен.
Бұлай болуының басты себебі – отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас
сипатында екені тағы белгілі. Алайда Кеңес одағы кезіндегі идеологияға
байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше,
оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол
себепті Кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала
жоспарланатын – ясли, балабақша, бастуыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта
оқу орындары, жоғары мектеп т.б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу,
оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
Қазіргі заманда отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән
беріліп отыр.
Ата-аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі
бір білімдер мен қабілеттіліктер қажет.
Сондықтан оқу орындары ата- аналардың білімдерін жетілдіріп отыруға
көмек көрсетулері керек.
Бұл жұмысқа педагогикалық ұжыммен қатар психолог,дәрігер, логопед,
т.б.мамандарды қатыстыруға болады.
Қазіргі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы педагогикадан, психологиядан,
генетика, физиология, коррекциялық педагогикадан білімдерін жетілдіріп
отыру маңызды іс.
Педагогикалық мәдениет–ол адамның жалпы мәдениетінің бір компоненті,
ғасырлар бойы бала тәрбиесі жайлы жинақталған білім мен тәжірибе.
Отбасындағы бала тәрбиесі ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейіне
тікелей байланысты .
Педагогикалық мәдениет құрылымына жатады: бала тәрбиесіне
жауапкершілікпен қарау, баланың дамуы, тәрбиесі, білім беру туралы
білімдері, балалардың отбасындағы өмірін ұйымдастыру жайлы іскерліктері,
білім беру мекемелерімен тұрақты байланыс жасап отыру.
Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін
көтерудің бүгінгі күнгі бірдей-бір ошағы-мектеп. Бұл ең алдымен, ата-
аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай
насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен, психологтан терең білімділікті
қажет етеді.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі Чехтың ұлы педагогы Ян Амос
Коменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын
бөліп қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы Ана мектебі деп
көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсініктерін отбасында
алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты
талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бала тәрбиесін
бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар
тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін
ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-
сөзінде: Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем
деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса,
кімнен көресің? деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың тәрбиелік мақсат-баланы
тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып
тәрбиелеу- деп айтуы балалар тәрбиесіне қатысты ата-аналар алдында үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді.
Мектеп - балалар үшін де, ата-аналар үшін де ұйтқы болатын
орын. Ондай дәрежеге жету үшін мектептерде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс
бір сарынды, жаттанды жұмыстар болмауға тиіс.
Мектептерде тікелей ата-ананың білімін жетілдіру мақсатында
өткізілетін жұмыс түрлері өте аз қарастырылатынын мойындауымыз керек. Олай
болса, ата-аналарға педагогикалық білімдерін көтеруге көмекке келетін
ортаның бірі-мектеп. Сондықтан мектеп өз жұмысында жақсы нәтижеге жету үшін
ата-аналармен бірлесіп өз жұмысын ынтымақтастық негізінде құрғаны абзал.
Дегенмен бүгінгі отбасылардың қабілеттер мен мүмкіндіктері бірдей
болмай отыр.

Д.Б.Қоянбаевтың тұжырымдауы
Кесте 1

Отбасы тәрбиесін жетілдіруді мектеп пен отбасы ынтымақтастығын
тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:
- тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы
тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру;
- мектеп отбасындағы педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната
отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік
жасау;
- мұғалім мен оқушыларың және ата-аналардың белсенділігін
мен шығармашылығын арттыруды демократияландыру.
Медресе мен мұғалiмдердiң әсерлерінен тыс балаға басқа факторлардың
ықпалы болуы мүмкiн. Ж.Аймаутовтың айтуынша мектеп пен жанұя әрекеттестік
сұрақтарымен шұғылдана келе – Табиғаттың жеке сапалары, қоршаған орта,
құрдастары, бауырлары, олардың сенімі, тілі т.б - деген тұжырымға келген.
Қазақстандық ұстаз-зерттеушiлердiң арасында жанұядағы балалардың тәрбиенi
процесстiң интенсификациясының негiзгi жолдарына көрсететiн Д.Б.Қоянбаевты
атауға болады.
Ынтымақтастық - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет.
Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске
қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған
оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін
және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап,
күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа
деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды,
адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете
түсінеді.
К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский,
А.С.Макаренко, Ж..Ж.Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн идеяларының
негізінде ынтымақтастық педагогика туындады.

Ынтымақтастық педагогиканың бағыттары
Кесте 2

Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды мұғалім - оқушы
алады. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект,
мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-
бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
1. Балаға ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің
орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты
– жеке тұлғаның толық және азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді
ояту. Тұлғаға оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау,
педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі және жариялылығы нәтиже
бермейтін әдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру
ізгілік жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді.
2. Дидактикалық белсенді және дамытушы кешен. Баланы қалай және неге
оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны
жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-
білік дағдылары және ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция
вариативтілік жағымды жағдай тудырады.
Оқу үрдісін формасы мен әдістерін жетілдіру бірқатар педагог
жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек
сигналдары, Р.Штейнердің озат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала
тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В.А.Сухомлинскийдің
сыныптағы зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту,
И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттері сияқты
дидактикалық идеяларында ашылады.
3. Тәрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы
қазіргі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына сәйкес: білім мектебін
тәрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің
орталығына қою, жалпы адамдық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің ізгілік
бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени
дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеологиясы білім беру
мазмұнын айқындайды.
4. Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы тәрбие
құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып отыр. Жеке тұлғаны
қалыптастыратын әлеуметтік институтқа мектеп, жанұя және әлеуметтік орта
жатады. Нәтижесі тәрбие беретін осы үш бастаудың әрекетімен анықталады.
Сондықтан да алдыңғы қатарға құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен
ынтымақтастық қойылған. [7]

В.А.Бухвалев ынтымақтастық педагогикасының ұстанымдарын айқындады, ол
дидактикалық материалдарды құрастырудың, өсіп келе жатқан тұлғаның
адамгершілік және шығармашылық қасиеттерін тәрбиелеу мазмұнының, сабақта,
сабақтан тыс және мектептің жалпы тұтас педагогикалық үрдісінде
ынтымақтастық орнатудың жаңа әдістемесін жасады. В.А.Бухвалев ынтымақтастық
педагогикасының ұстанымдары деп төмендегілерді:
-педагогикалық үрдістің адамгершілік және шығармашылық бағыттылығы;
-жариялылыққа негізделген қарым-қатынас;
-шығармашылық әрекетке деген мотивацияны дамыту;
-өз бетімен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу білігін дамыту;
-шығармашылық әрекет әдістерінін, жетекші рөлін көрсетеді.
Ол тәрбиенің мазмұндық негізін тұлғаның адамгершілік және шығармашылық
қасиеттері құрылымының тығыз байланысында қарастырады. Оны келесі кестеден
көруге болады.  

Кесте 3
Тұлғаның адамгершілік қасиеттері

Рс  Адамгершілік қасиет  Адамгершілік қасиет  тәрбиелеу
құрылымы бойынша  жұмыстың мәні
1 Тұлғаның жасаушылық Оқушыларда шығармашылық әрекетке 
бағыттылығы қызығушылық пен интеллектуалдық білік
дамыту.
Тек қана оқу тапсырмаларын ғана емес
практикалық мәнді тапсырмаларды да
үнемі орындау.
Балалар табыс сезімін бастан кешіретін
жағдаят туғызу.
2 Жеке және  қоғамдық Балаларды пайдалы әрекеттің
пайдалы әрекет практикалық қажеттігін көре білуге
үйрету.
3 Мақсатқа жетудің көп Балаларды өзінің өмірде табысқа жетуін
нұсқалылығын көру жоспарлауға және жоспарды жүзеге асыру
нұсқаларын көруге (тапсырмалар
жүйесін, құру, шешудің түрлі жолдарын
табуға және әр түрлі амал әдістерді
пайдаланып, орындауға үйрету) 
4 Жеке міндеттерін орындау 1 – сыныпқа келгеннен бастап, өз
әрекетін жоспарлауға және жоспарланған
нәрсені орындауға үйрету. Бірте-бірте
бір күн, апта бойы тапсырманы
орындауға өзін-өзі үйрету. Ең соңында
8-9 сыныпқа келгенде өмірде табысқа
жетуін жоспарлауға үйрету.
5 Пайдалы балама әрекетті Балаларды қойылған мақсатпен, өзінің
мойындау және қолдау және басқаның істерінің нәтижесін,
көрсету. алынған нәтижемен жұмсалған уақыт
қатынасын, сондай ақ таңдаған жолының
қиындығын салыстыруға үйрету.
Кез-келген әрекеттің тиімділігінің
өлшемі: жоғары нәтиже, салыстырмалы
түрде орындалуының қарапайымдылығы,
материал, уақыт шығынының мейілінше
аздығы болып саналады.
6 Сыни талдаудың Баланың авторды емес, идеяны салмақты
салмақтылығы сынау білігін дамытуына жағдай туғызу.
Ол үшін: мектеп түлегінің сын пәнін
білуі; таным әдістері мен логиканың
категорияларын меңгеруі; сыналатын
идеядағы жағымдыны, жаңалықты көре
білу қабілеттілігі, қатені түзеу
жолдарын , авторға көмектесуге үйрету.

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің, окыту және тәрбие
жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер
мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық, процесті жоғары
ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар
ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, қағидаларын қолданып,
жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманнын талаптарын
қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл - экспериментшіл
мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек
десе бірін-бірінен бөлмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған
қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір –
бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды
ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл
пікірлердің мазмұны Учительская газета беттерінде жарияланды. Осы
газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт рет
кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан 1986 ).
"Ынтымақтастық педагогика" – екінші кездесуінде (17 қазан 1987 ж).
"Тұлғаны демократияландыру", үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988 ж.)
"Жаңарту әдістемесі", төртінші кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), "Жаңа
мектепке кіреміз", тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне
сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үдемелі педагогикалық
пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы, балалар,
мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық
тәрбие орындаушылық және шығармашылық
қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін - өзі талдауға үйрету,
тұлғаның дамуы, тірек, идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа
мектеп және ғылым үздіксіз білім және тағы басқа.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының
нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп
өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы
екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды
іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы
ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен
талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті
жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді
орыңдағымыз келсе — онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты
сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды
жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, - дейді
бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер
ынталылық, нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал
экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет
етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашьлығы бар жаңа педагогика
керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі
көзқарастарға келген — олар. мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа,
оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады,
артта қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы
тәрбиелеуге, оқытуға болмайды — бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі.
Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан
мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені
олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады.
Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы — құлық
педагогикасы, даму педагогикасы.
Іс жүзінде бұлардың үшеуінде, біртекті құбылыс, мұғалімдер мен
тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым – қатынасы,
істегі ынтымақтастығы.
Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму
барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның
қалыптасуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты
себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден
мұғалімдер мен ата – аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқыту
материалдардың мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың
дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш
компоненттеріне (білім, іскерлік, дағды) сүйену тағы басқа. Осының
салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды. Жаңашыл
мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші
орынға қою керек. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік
жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл
– ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет.
Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан
айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру
қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы – бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі
тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің,
мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес
пе? Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның
әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл
педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат
педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен
бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық
процесте жаңа иедяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы және оларды оқу-тәрбие
процесінде қолдану. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп
зор рөл атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп
дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты — жастарды әр жақты жарасымды
етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік
тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның
үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек,
таным, қоғам, үйелмен және бос уақытты пайдалану т.б. орындау үшін жастарды
ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап
алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-
өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік
жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға
негізделді. Олар —
—Тәрбие мақсатының реализм идеясы;
—Ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы;
— Тәрбие бағыттарының дербес идеясы;
— Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
— Өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;
- Бала күшінің жартысы;
— Қиын мақсаттық идеясы;
1) Сүйеніш идеясы;
— Ірі блоктар идеясы;
- ата-аналармен ынтымақтастық;
- Мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- Өзін-өзі сыйлау идеясы;
- Өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т.т.
Экспериментшіл-мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды мұғалім
жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орындарында
қолданылып келеді. Идеялардың біразы Жалпы орта білім беретін
тұжырымдамада және Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде
баяндалған. Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды
қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсатта - адамдарды қабілетіне
және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік
құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық
мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге
өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси,
демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экология мәдениеті,
көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.
Ересек адамдар мен балалардың іс-әрекетінің бірлесу идеясы
"Ынтымақтастық педагогикасы" қағидасынан туады, өйткені ол мұғалім мен
балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың
шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі
тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын
қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға —
бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор
ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор.
Бірыңғай тәрбие ұжымы — бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі,
мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және
елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде
тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық іс — бұл
біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы,
шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық
міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін,
құралдарын қарастырады.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні
адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық
тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін
нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.
 Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға
үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-
әрекеті жайында ойлануға үйретеді.
Ата-аналар мен мұғалім ынтымақтастығы. Мектепте, үйелменде балалар
ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика
жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен
жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы
бойынша ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға
болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау.
Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді,
күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп
мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше
(бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы
қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп,
зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі,
еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық
педагогиканың қағидасы.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің
әрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі
мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және
директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық
педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын
шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез-келген мұғалімнің
ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір
айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер
кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының
жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша
жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша
әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру
кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды
бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер
арасына да болдырмау керек.
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие
әдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден,
мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара
ынтымақтасу.
Өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа,
тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар
аударылды. Демек оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп
жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай
балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне-өзі
көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның
өз құнын кемітуі - бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа
ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және
қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауіп
немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі
құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол өзінің
шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-желпі жетістіктермен
қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепте өзінің құқын қорғамайды,
шыдамшылыққа көнеді.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктерді
экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі
құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы - бұл сөзсіз тұлғаны
демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі
құрметтей білуге үйрету - сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі.
Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес,
тек баланың абыройын шын құрмет ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен өзін-
өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-
өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дєл
мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл тұлғаның өзін-
өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне
көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік.
Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-
өзі реттеуі.
Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда
зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі
реттеуден бездіреді. Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу
жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй
жұмысын оқыту процесінен шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз
жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар
т.б.), реттеуге мүмкіндік береді, И.Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері
іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің
оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл - ынтаны, қабілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің ынтымақтастығы
Ынтымқтастық педагогика жайлы ұғым
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары
Қ.Р. жоғарғы мектептің оқытушысы. Жеке тұлғаның қалыптасу үлгісі
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары, оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану
Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары
Ынтымақтастық педагогика
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Қазақстанда педагогика және әлеуметтік педагогика тарихына үлес қосқан тұлғалар
Пәндер