Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама


Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3 АНЫҚТАМАЛАР . . . 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5
КІРІСПЕ . . . 6
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелеудің педагогикалық- психологиялық жағынан дайындау мәселелері . . . 11
1. 2 Мектепалды балалардың ақыл - ойын тәрбиелеудің маңызы . . . 24
1. 3 Білім берудің басты құралы ретінде ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері . . . 28
2. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ДАЙЫНДАУДА - ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ
2. 1 Ойын - бала үшін негізгі іс-әрекет ретінде және ойын әдістерінің маңызы . . . 37
2. 2 Балалардың интеллектуалдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы дамыту . . . 49
2. 3 Баланы мектепте психологиялық дайындауда интеллектуалдық ойындардың маңызы мен рөлін анықтаудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58
ҚОСЫМША
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1] . 2007 жыл 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
ҚР МЖМБС 5. 04. 019 - 2008 «Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер»;
[2] . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 23. 12. 2005ж. № 779 бұйрығымен бекітілген 050101 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орнына енгізілді.
[3] . Осы стандартта Қазақстан Республикасының 27. 07. 2007ж. № 319-III «Білім туралы» заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02. 09. 1999ж. № 1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын әзірлеу, бекіту және іске қосу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысының нормалары іске асырылған
АНЫҚТАМАЛАР
Қабылдау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида тұтастай бейнеленуі.
Ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.
Іс - әрекет - адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысың қозғалысты жүйесі.
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстардың қатынас жасаудан туындаған, әр қилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістер.
Мінез - жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатыныасында тұрақьы қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қабілет - белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуі, яғни адам қасиеттерің синтезі.
Талант - бір әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі.
Қарым-қатынас - адамның рухани, қоғамдық, тұлғалық жағынан көрінудуң маңызды ортасы, түсіністікке қол жеткізу құралы.
Тіл - бұл қоғамдық тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе.
Сана - аламның барша психикалық қызметіне ортақ өасиетін бейнелеудің ерекше формасы.
Педагогикалық психология - оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді.
Сөйлеу - тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді атайды.
Зейін - психикалық әрекеттің айналадағы заттармен құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖБМС - Қазақстан Республикасы білім берудің міндетті жалпы білім мемлекеттік стандарты
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев биылғы жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауында «осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту» үкімет алдындағы келелі мәселенің бірі екендігін ашып айтты. Осыған орай білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндеттерін анықтап көрсетіп берді. [1]
Бұның өзі білім саласындағы ең бір өзекті мәселе жеке тұлғаны дамыту, оның жан-жақты білімді, құзіреттілік қасиеттерді бойына сіңірген азаматтарды қалыптастыруды мұғалімдер алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсатты орындаудың әдіснамалық жағын жүзеге асыру ұстаздардың асыл мұраты болмақ.
Бұл мақсат мүдені жүзеге асырудың бір жолы ақпараттық технология десек, мұнда қазіргі заманғы оқытудың техникалық құралдарының, оқу үрдісіндегі әртүрлі көрнекі құралдардың маңызы зор.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің басты нысаны - әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәніне ерекше назар аударылғаны баршамызға мәлім. [2]
Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін калыптастыру үшін мұғалім өскелең оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен
оқыту қажет. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік үғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» - деп атап көрсеткен. [3]
Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі балалардың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгертуге тура келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті болып табылады. Мектепке дейінгі шақтан баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығынан аттап, білім алуға ден қоюы - оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан 2030 стратегиясына, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасынада мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі талап ететін білімді, жылдан жылға көлемі артып келе жатырған ақпаратты меңгеруде оқушылардың осы білімді игеруге деген қызығушылығының, оқуға мотивациясының алатын орны ерекше. Әсіресе, білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналатын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың оқуға мотивациясын қалыптастыру оқыту үрдісінің нәтижелі, жемісті жүргізілуінің басты шарттарының бірі. Бұл қазіргі қоғам жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық мотивтерін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді, құралдарды, білім беру технологияларын және оны қалыптастырудың т. б. педагогикалық-психологиялық шарттарын іздестіруді талап етеді. Ең алғашқы рет «мотивация» сөзін А. Шопенгауэр «Четыре принципа досточной причины» мақаласында қолданды. Қазіргі таңда мотив, мотивация психологиялық құбылыс әр түрлі түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол балалардың жеке басын ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиесін ұтымды ұйымдастырып, нәтижесі жалғастырылып келе жатыр. Білім беру тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын, және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады. Бұл құжатта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатын, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру, мектепалды даярлығының мазмұнын қайта қарау, мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген.
Осыған байланысты баланың мектепке педагогикалық - психологиялық дайындығы адамның барлық негізгі құрылымына сәйкес бір уақытта қалыптасады.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мекемелерде мектеп жасына дейінгі балаларды міндетті мектепалды даярлаудың ережесіндегі негізгі міндеттер мыналар:
- Баланы мектепке даярлау;
- Баланың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
- Баланың интеллектуалдық және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық;
- Оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын түзету;
- Балалардың толық мәнді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. [4]
Қазіргі ғылыми мәселелердің шешілу ахуалы
Атақты психолог ғалымдары Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. С. Запорожец, Л. Д. Венгер, Д. Б. Эльконин, Е. И. Игнатьева, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер, Е. Е. Кравцова, Ғ. М. Құсайынов, А. Тамаев, А. Е. Дайрабаева т. б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса, балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.
Соңғы жылдары Республикамызда мектепке дейінгі жастағы ойын әрекеттерін оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерді жетілдіру жайында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді, мәселен, И. Н. Нұғыманов, С. Қ. Баймұхамедиев, З. Алдабергенова, Г. К. Нұрғалиева, А. Е. Абылкасымова, Т. С. Сабыров, Г. Е. Алимухамбетова.
Жоғарыда айтылып өткендей, қазіргі кезде балалардың әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде психологиялық іс-әрекеттерінің төмендеуі өзекті мәселеге айналып отырғандығы белгілі. Еліміздің көптеген балабақшаларында, мектептерде аталған мәселенің шешілу жолдарын қарастыруда. Сондықтан да осы аталған мәселенің шешілуіне өз үлесімді қосу мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі педагогикалық -психологиялық ерекшеліктері» деп алдым.
Зеттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі педагогикалық -психологиялық үдерісі.
Зеттеу пәні : мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі педагогикалық -психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру жолдары.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін интеллектуалдық қызығушылықтарын ойын әрекеті арқылы дайындау жолдары.
Зерттеу міндеттері: жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз керек деп таптық.
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің психологиялық жағынан анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын әрекетін дамытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету;
- мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы дайындау жолдарын анықтау.
Зерттеу болжамы: егер, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде психологиялық, интеллектуалдық қызығушылықтарын ойын әрекеті арқылы тиімді жолдары қарастырылатын болса, онда олардың психикалық процестері жедел де, жақсы дамитын еді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы; мектепке дейінгі, жеке тұлғаның өзара байланысы, әлеуметтік орта теориясы, іс-әрекет және қабілеттілік туралы психологиялық тұжырымдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы :
теориялық-әдіснамалық әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі психологиялық ерекшеліктері нақтыланды;
мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде ойын әрекетін дамытудың психологиялық ерекшеліктерінің үлгісі әзірленді;
мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырудағы көрсеткіштері айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Біріншіден, осы проблема бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз бола алады, екіншіден, зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін балабақшаларда, мектептерде әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.
Тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеудің қорытындылары негізінде дайындалып, үлгі сабақ жоспарлары мен дидактикалық материалдарды, тәрбиешілердің оқу-тәрбие жұмыстарында, ата-аналарға балаларын мектепке даярлау барысында қолдануға, педагогикалық колледждерде болашақ тәрбиешілерді дайындауда басшылыққа алатын құрал ретінде ұсынамыз.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; оқу үрдісін бақылау, әңгіме жүргізу, эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеу базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің мектепалды даярлық топтары.
Диплом жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикалық-психологиялық, ерекшеліктерін зерттеу мәселелері
- Мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикалық - психологиялық жағынан дайындау мәселелері.
Йирассек - Керн тесті
Мақсаты : баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қлыптасқнын және үйлесімдлігінін анықтау. Бұл әдістемені әр баламен жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады:ойға сүйене отырып, ер адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшріп салу. Бұл тестің тиімді жағы - балалардың мектепке оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағдар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталады. Сөзімізді мысалмен дәлелдей кететін болсақ:
- тапсырма. «Ер адамның суретін салу» әдістемесі.
Орындау ережесі :
«Сендер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіңдер.
Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші . Енді ер адамның суреті алыңдар»
Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерлерді ойына түсіріп,
сол қиялын бейнелеу бойынша салады.
Бағалау шкаласы:
Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ - қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шаша, бет мүшелері толық көрсетілген, үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртұтас салынса, 1 балл деп бағаланады.
Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ - қолы салынған, бірақ шашы, мойны, қолының бір саусағы жетпесе 2 балл.
Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ - қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, саусақтары салынбаған болса 3 балл.
Өте қарапайым, дене мен басы жобаланған сурет - 4 балл.
Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың белгісі бар суретке - 5 балл.
2 - тапсырма. «Әріптерді көшіріп салу».
Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратылып беріледі. Оның бетінде алты әріптен тұратын сөз жазылған. Балаларға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі. «Мына парақта әріптер жазылған, оны дәл осылай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма».
Бағалау шкаласы:
Көшіріп салған әріптер үлгіге өте ұқсас, әрптердің үлкендігі үлгіден екі еседен аспайды, бірінші әріп басқалардан үлкенірек болып салынған және олар горизанталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бұл жұмысқа - 1 балл қойылады.
Үлгі анық көшірілген, әріптер өлшемі мен горизанталдық орналасуы нашар - 2 балл.
Көшіру барысында сөзді үш - төртке боліп жазған, төрт әріпке дейін түсінуге болса - 3 балл.
Үлгіге тым болмаса екі әріп ұқсаған, көшірме бір қатарға түсірілген деп айтуға болады - 4 балл.
Шимайлар - 5 балл.
- тапсырма. «Бір топ нүктелерді көшіріп салу»әдістемесі.
Балаға бір топ нүктелер (саны 20 - дан аспау керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі : «Мына параққа қара. Оның бетіне нүктелер салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал».
Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүктені қатардан кішкене шетке шыққан - 1 балл.
Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі - үш нүкте қатардан шығып кеткен - 2 балл.
Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кеңдігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, кеңістікте 180 градусқа дейін бұрылған - 3 балл.
Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады - 4 балл.
Шимайлар - 5 балл.
Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң парақтарды жинап алып, бағалап шығамын. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған балдарын бір - біріне қосып, жалпы балын шығарамын. Нәтижесіне қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, жақсы, жоғары деп бағаланады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығын көруге болады.
Білім беру барысында менің педагог - психолог ретінде мақсатым, баланы дамытуда жұмыс бөліктерін дұрыс та, сапалы ұйымдастыра алуым қажет. Бұл менің кішкентай болса да еңбегім мектеп педагог- психологінің тәрбие барысына қатысушы, отбасымен жұмыс жасаушы, кеңесші - түзетуші деген рөлді ескере отырып, мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп балаларымен жұмыс жасаудың тиімді әдіс - тәсілдерін көрсеткім келеді.
Осы әдістемелер арқылы балалардың мектепке дайындығын, таным процестерінің даму деңгейін, ақыл - ой қабілеттерін жетілу барысын анықтауға болады.
Керн- Йирасектің мектепке дайындығын анықтайтын тесті баланы жан - жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Диагносткалық тапсырмалар қысқа мерзімді уақытта жүзеге асатындықтан бірнеше оқушының бірігіп орындауына ыңғайлы.
Гудинаф - Харристің тесті, Ганс Айзенктің сөздік тестін пайдалану баланың ақыл - ойын анықтауға және логикалық, эвристикалық ойлау, қиял процестерін дамытуға тиімді. Бұл тестердің тағы бір ерекшелігі психодиогностикалық, психопрофилактикалық түзету және басқа да бағыттардағы іс - шараларды атқаруға, педагог - психологтің жұмыс бағыты мен жұмыс бөліктерін ұймдастыра алуына бағыт береді.
Керн - Йирасектің баланың мектепке дайындығын анықтау тесті .
Бұл тест балалардың мектепке дайындығын анықтауға арналған. Тест төрт тармақтан тұрады.
1. Қай жануар үлкен ат па, әлде ит пе?
Ат - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.
2. Күндіз жарық, ал түнде . . .
Қараңы - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.
3. Аспан көгілдір, ал шөп . . .
Жасыл - 0 балл, дұрыс емес жауап - 4 балл.
4. Шие, алма, алмұрт, жүзім - бұл . . .
Жемістер - 1 балл, дұрыс емес жауап - 1 балл.
Бұл тапсырмалар баланың ойлау деңгейін псходиогностикасын жасауға арналған.
Топ - топқа бөлу әдістемесі
Бұл әдістеменің нұсқасы алдыңғы әдістеме сияқты 4-5 жас аралығындағы баланың ойлау қабілетінің сапасын, деңгейін білуге арналған. Бұл әдістеменің мақсаты - баланың елестету, логикалық ойлауына баға беру. Балаға суреттерді көрсетіп, мына тапсырманы орындауға шақырамыз. «Мына суреттерге жақсылап қарап, салынған фигураларды топ - топқа бөліп қой. Әр топқа бір - бріне ұқсайтын фигураларды біріктір. Фигуралардың атын атап және оны неге бір топқа біріктіргеніңді түсіндіріп бер.
Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Қорытынды : 10- балл - бала берілген фигуралардың бәрін әр топқа 2 минут аралығында бөліп қойғанда қойылады. Бұл фигуралар : үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, ромб, қызыл фигуралар, көк, сары, үлкен және кіші фигуралар.
Ескерту; Жіктелімі жағынан бір фигура әр топқа кіруі мүмкін.
8-9 балл - бала берілген фигураларды 2- ден 2, 5 минут аралығында жинады.
6-7 балл - 2, 5 - 3 аралығында тапсырма орындалды.
4-5 балл - 3 минут аралығында бала тек 5- тен 7 -топқа дейін фигураларды атай алады.
2-3 балл - бала 2-ден 3 топтың фигураларын атады.
0-1 балл - 3 минут ішінде бала бір - ақ топты жинақтай алды.
Даму деңгейінің бағасы:
-10 - балл - өте жоғары;
- 8-9 - балл - жоғары ;
- 6-7 - балл - орташа;
- 4-5 - балл - орташа;
- 2-3 балл - төмен;
- 0-1 балл - өте төмен.
Адамның сана- сезімінің құрлысына, физиологиялық қажеттілігіне, іс-әрекетінің мотивациясына, ілім ретінде қарап тоқтала кететін болсақ, баланың даму деңгейін анықтау үшін «М отивация» терминін қолана отырып, зерттелген деректерге сүйеніп, қарастырып көрейік.
Рационалистік позиция бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ ерекше тіршілік иесі. Ол әсіресе ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді. Яғни, олардың пікірлерінше тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы, оның ақыл-ойы, санасы және ерік-жігер.
Иррационализм ілім ретінде негізінен жануарларға бағытталады. Онда жануарлардың мінез-құлқы адамдармен салыстырғанда санасыз, биологиялық күштердің, ағза қажеттіліктерінің ықпалымен басқарылады деп түсіндіріледі.
Адам іс-әрекетінің мотивациясы жөніндегі алғашқы психологиялық теория ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған адам мінез-құлқын рационалистік негізде түсіндіретін, жануарлар мінез-құлқын иррационалистік негізде түсіндіретін автоматтылық теориясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz