Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

«Көкше» академиясы

Сулейменов Райымбек Сандыбайұлы

«Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В090200- «Туризм»

Көкшетау, 2013

«Көкше» академиясы

_ Әлеуметтік-экономикалық департаменті

«Корғауға жіберілді»

департамент директоры

Мугжанова Г. С.

(тегі, аты-жөні)

«___» 20__ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру

5В090200- «Туризм» мамандығы бойынша

Орындаған: Сулейменов Р. С.

Ғылыми жетекшісі: Нұрғалиева А. Ш

Көкшетау, 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

1. 1 Қонақ үй шаруашылығына сипаттама: қонақ үй ұғымы, мәні . . . 6

1. 2 Қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу және қонақ үй типологиясы . . . 13

1. 3 Қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасының халқаралық тәжрибесі . . . 24

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2. 1 Қазақстандағы және әлемдегі қонақ үй желілерін талдау . . . 28

2. 2 ҚР қонақ үй шаруашылығының экономикалық көрсеткіштері мен . . . 32

2. 3 ҚР қонақ үй шаруашылығының көрсеткіштері . . . 37

3 ҚР ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3. 1 ҚР қонақ үй шаруашылығының негізгі мәселелері мен даму болашағы. . 40

3. 2 Қонақ үй шаруашылығының қызмет көрсету сапасы: рөлі, түсінігі . . . 52

3. 3 Қызмет көрсету сапасын жоғарылату жолдары . . . 76

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81

ҚОСЫМШАЛАР . . . 83

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен коса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ. Қонақ үйдің басты көзі - турист болғандықтан, қонақ үйде көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана қонақ үй саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады.

Қазіргі қонақ үйлік мекеме тұтынушыларға тек жатар орын мен тамақтандыру қызметтерін ғана көрсетіп коймай, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауык, экскурсиялық қызмет, медициналық, спорттық, сұлулық салондары қызметі мен т. б. қызмет түрлерін көрсете алады. Шындығында, қонақ үй мекемелері туризм мен қонақжайлық индустриясы құрылымының басты функцияларын орындауда, себебі, олар тұтынушыларға дайындалған құрама қонақ үйлік өнімді ұсынады, бұл өнімді дайындап, алға жылжытуда туризм мен қонақжайлық индустриясының барлық элементтері мен бөлімшелері қатысады. Осыған байланысты, қонақ үй индустриясын немесе қонақ үй бизнесін туризм мен қонақжайлық индустриясының ең ірі құрама бөлігі ретінде қарастырған жөн.

Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылық-тарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Қонақ үй кәсіпорындары мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен әлдекайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін. Сол себепті, қызмет көрсетуші өзінің мақсатты клиенттерінің талаптары мен ойларын мүмкіндігінше дәл айкындай алуы қажет. Бұл жерде қонақ үй басшылары әркашан қызмет сапасымен басқаруды жаксартып, оның кеңеюіне, ғимараттарды қайта кұруға, жаңа технологияларды ендіруге және т. б. аса көңіл бөліп отыруы тиіс.

Қонақ үй бизнесі жағдайының туристік қызмет нарығының қазіргі талаптарына сәйкес келмеуі тұтастай ел экономикасына кері ықпал көрсетеді. Қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату міндетін шешу олардың шаруашылық қызметін басқарудың жаңа әдістерін дайындауды талап етеді. Сондықтан қазіргі уақытта қонақ үй кәсіпорындарының табыстылық деңгейін және жүктемелігін жоғарлату үшін қызмет етіп жатқан басқару құрылымын өзгерту қажет деп танылды. Осылайша бұл мәселе өзекті болып, дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әкелді.

Мәселені зерттеу дәрежесі. Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі қызмет көрсету аясының ерекше түрі ретінде Р. А. Браймер, С. Медлик, Х. Инграм, Л. С. Бумер, Ф. Котлер, Д. Фуллер, Д. Х. Акик, Л. С. Фентон, Н. А. Фоулер, Дж. Уокер, Г. А. Бондаренко, Ю. Ф. Волков, В. А. Квартальнов, Г. А. Гапаряна, С. С. Скобкина., Рахметов Б. А., Ахметов К. Г. еңбектерінде зерттелген. Қазақстанда қонақ үй бизнесіне мақсатты бағытталған жұмыс Р. А. Раеваның, Н. Г. Юльчеваның, А. Ш. Нұрғалиева және де Г. О. Әбішева еңбектерінде көрінеді. Бірақта Көкшетау каласының қонақ үй шаруашылығын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы толық зерттелмеген. Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесін басқару үрдісін ұйымдастырудың қонақ үй облысында Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының жетіспеушілігі, Қазақстан Республикасында, соның ішінде Көкшетау каласында қонақ үй индустриясын басқару тиімділігін өсіру жолын іздеу облысындағы толық кұнды зерттеулердің болмауы, қазіргі уақытта бұл мәселені өзекті деп аныктай отырып, зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты қонақ үй бизнесінің дамуына және жетілдірілуіне мүмкіндік беретін ұсыныстар дайындау болып табылады. Койылған мақсатка сәйкес келесі негізгі міндеттер койылды:

- қонақ үй шаруашылығының теориялық аспектісі;

- қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қазіргі жағдайы;

- қонақ үй шаруашылығының даму перспективалары.

Зерттеу обьектісі «Санаторий АЛМАЗ» болып табылады.

Зерттеу пәні қонақ үй бизнесінің басқарушылық құрылымын ұйымдастыру барысында қалыптаскан ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар болды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін қонақ үй бизнесін басқару облысындағы отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттер және диплом тақырыбына қатысты кезеңдік басылымдар мәліметтері кұрайды. Материалды өндеу барысында логикалық, салыстырушылық, жүйелік, психологиялық және статистикалық талдаудың әдістері қолданылды.

Зерттеудің нормативті - құқықтық базасын туризмге және туристтік іс - әрекетке қатысты мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалар және ҚР - сының Президенттің, Үкіметтің және туризм аясында реттеушілік іс - әрекетпен айналысатын жергілікті мемлекеттік билік органдардың басқа да іс - жүзіндегі құжаттары кұрады

Зерттеу жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының туризм және қонақ үй бизнесін дамыту стратегиясы департаментінің, Қазақстан бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаментінің, ҚР статистика бойынша Агенттігінің материалдары кұрады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесілерге негізделеді:

- Қазақстанның қонақ үй мекемелерін басқару жүйелері аныкталды және баға берілді;

- Қонақ кәсіпорындарының ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру бойынша жобалық ұсыныстар дайындалды;

- «Бахыт» қонақ үй қызметінің сапасын жаксарту жөнінде неізгі кеңестер ұсынылды;

- Қонақ үйдің қызмет сапасы аудиті мен сапаны бақылау бағдарламасының негізгі амалдары жасалды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың теориялық аспектілері мен ғылыми нәтижелері қонақ үй қызметтері сапасының жоғарлауы және әрі қарай дамуына мүмкіндік беретініне негізделеді, көрсетілетін қызметтер сапасын көтеру мақсатында жеке қонақ үйлерге ұсынылған. Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік зерттеу нәтижелерін «Туризм» және «Қонақ үй бизнесі» мамандығының окытушылары, студенттері қолдана алады.

Дипломның құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.

1 ҚОНАҚ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

1. 1 Қонақ үй шаруашылығына сипаттама: қонақ үй ұғымы, мәні

Қонақ үй шаруашылығы - қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптаскан туризм саласының мультипликативті күрделі шаруашылық кешені. Қонақ үй шаруашылығының негізін қонақ үйдің функционалды түрде жұмыс істеуі мен қызмет көрсетуі кұрайды. Қонақ үй - бұл үйден тыс жерде жүрген адамдарға белгілі бір қызметтер жиынтығын ұсынатын мекеме болып табылады. Оның ең бастылары жатар орын мен ас болып табылады. Әлемдік қонақ үй индустриясының негізгі кезендеріне шолу жасайтын болсак, саяхатка жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашкы қонақ үйлер ( Керуен сарайлар ) б. э. д. 2000 жыл бұрын көне шығыс елднрінде кең таралған. [1]

Ежелгі Греция, ертедегі Рим кезеңнен бастап әртістерге, күбелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: ханны, инны, пошта бекетері және т. б. болып саналған.

Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетін дамутарихы мен тұспа тұс келеді.

Европа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі импералдардың кұлауы. Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіп-шілігіне токырау алып келді.

ХVII - XIX өндірістік революция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді.

XX ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап XX ға -сырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей.

Б. э. д. II -I мыңжылдық аралығында Ассария кезінде керуен сарайлар мен алғашкы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруын арналып салына басталды. Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, ҚРит аралдарындада керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі.

Б. э. д. I мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қалыптаскан: жекеменшік аулалар ( кататорлар ), мемлекет кұзырындағы аулалар ( пандокен ), ұйыктайтын бөлмелер бар таверналар (тамақ ішетін орындар) .

Б. э. д. VI - ғасырдағы - б. э. I - ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жзататын үйлер мен таверналар салынған. Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемлекеттік шенеуіктер, саудагерлер, кезбелер, т. б. болып Рим империясындағы пошта байланысының қалыптасуына байланысты мемлекеттік заңға байланысты 70 - 100 шақырым ат жарыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды. Орта ғасыр (V - VIII ғ) заманында Европа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайы қонақжайлық орындар пайда болды. Қайта өрлеу заманында Европа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді. XIX ғ. Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді. 1930 ж. қонақ үй шаруашылығының «Ұлы күйзеліс» өзіндік ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі де өз септігін тигізді. 1950 - 60 ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы, қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді. Қонақ үйдің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг пайда болуы және курортты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады.

ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптаскан. Солардың ішіндегі ең ірілері «Шератон», «Рамада», «Марриот», «Редиссон» қонақ үй кластарына орай «Апартамент», «Кондоминниум» түрлері пайда болды. 2000ж. жекеменшік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы нарықтық жағдайда өтуде.

Бір жағынан бұл тек жатар орын мен таңертеңгілік асты ұсынатын мекеме болуы мүмкін, екінші бір жағынан - жатар орын мен тұтастай бір тағамдар комплексінің қызметін ұсынатын мекеме болуы мүмкін (ұлттық немесе еуропалық тағамдар дайындайтын мейрамханаларда, пиццирияларда астану, қабаттардағы тамақтандыру сервистерін ұйымдастыру) .

«Қонақ үй, отель» сөзі Англияның Лондон каласында 1760 жылы пәтерлерді бір күнге, аптаға немесе айға жалға бере бастаған мекеменің пайда болуымен байланысты жаңашылдықтың орын алуымен айналымға енді. Ондай жағдай сол жылдары Парижде әдетке айналған болатын. Бұл тұрақтану аулаларда қонақтарды орналастырудан ыңғайлы, тіптен, әдемі әдіске ауысуды білдірді. Басқарушысы, қызметкерлері, қабылдауы мен арнайы киімді персоналы бар қонақ үйлер, негізінен, XIX ғасырдың басында пайда болғанымен, ғасырдың ортасына дейін олардың дамуы салыстырмалы баяу жүрді. Шотландияда жаксы тұрақтану аулаларының болмауы қандай-да дәрежеде онда қонақ үйлердің пайда болуын жеделдетті. XVIII ғасырдың аяғына қарай, мысалы, Эдинбургте саяхатшы комфортабельді және сәнді бөлмелерді жалдай алатын бірнеше қонақ үйлер пайда болды. Сонымен қатар, XVIII-ғасырдың аяғы мен XIX-ғасырдың басында қонақ үйлер Еуропаның басқа бөліктерінде де байқала бастады, осы кезде курортты жерлерде қонақ үй идеясы пайда болды. Қонақ үй - бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша қалыптаскан күрделі шаруашылық кешені. ДТҰ - ның аныктамасы бойынша қонақ үй дегеніміз - белгілібір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы басқа) сондай - ак класска, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру құралы [3] .

Қонақ үйлердің негізгі мақсаты - туристер үшін сапалы қызметтер көрсету, оларға барлық жағдайды жасау аркылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады. Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрыкша қонақ үйлер немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді. Қонақ үй қызметі - бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың калауын қанағаттандыратын қызметтер. Бұл жағдай қонақ тұрғаннан бастап қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификасын аныктайды. Қонақ үй қызметтерінің ерекшеленетіні, оны оңай түрде оқып, бағалай мүмкін емес. Мұндай жағдай қонақ үйге киындық әкеледі.

Қонақтарға қызмет көрсетудідің технологиялық циклдің жүзеге асыруына қонақ үйде негізгі қызметтер қарастырылған:

- брондау;

- қызмет көрсету;

- қабылдау және есептесу бөлмесі;

- номерлер корының эксплуатациялау қызметі.

Бұл қонақ үй қызметінің негізгі минимальды қызметтер түрі.

Түрлі типті және түрлі сиымдылығы бар қонақ үй кәсіпорындарында қызмет саны жоғарыда айтылғандай көп немесе аздау болуы мүмкін. Олардың функциялары түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ірі қонақ үй комплексінің құрамындағы брондау және қызмет көрсету қызметі - өзбетінше құрамдас бөлімі. Кіші және орта кәсіпорындарындағы клиенттерге қызмет көрсету мен брондау функциясы қабылдау және орналастыру қызметінің қызметкерлері атқарады. Сонымен қатар, ол маркетинг, инженер-эксплуатациялық, қаржы-бухгалтерлік, коммерциялық бөлімдеріне де қатысты.

Брондау қызметінің міндеттері келесідей:

- қабылдау мәлімдемесі және оларды өңдеу;

- қажетті құжаттарды құрастыру: күнделікті кесте кұру (апта, ай, квартал, жыл) - номер корының жылжу картасы. [4]

Брондау қызметіндегі қызметкердің мәлімдемені өңдегеннен кейін қонақка растау немесе қабыл алмау жіберіледі. Брондалған орынды үстінен қайта брондау жүйесі ұкыпты ойластырылып, нактылы реттелу керек. Егер қонақ үй алған тапсырыстың міндетін орындай алмаса, ол клиенттерді жоғалтуға тәүекел етеді, сонымен қатар, туристік компаниялармен іскерлік қатынасты үзеді. Кейбір менеджерлердің ойынша, тапсырыс орындай алмай қалғанша, ең жаксысы номерлерді бос калдыру. Бұл менеджер тек орынды бос калдырумен шектеледі. Бірақ көбінесе бұлардың номерлері бос қалып кетеді екен.

Факттің дәлелдеуі бойынша, кепілдемесіз брондаған қонақтар шамамен 20% кұрады, ал 5% тапсырысы кепілденгендер брондалған орынды қолданбайды. Нәтижесінде, нөмірлік қордың 60-70 % компанияның орталықтандырылған брондау жүйесінің бақылауына кірді. Қалған орындар қонақ үйдің өзінде тікелей брондалады. Қонақ үйдегі бұндай жүйенің артықшылығы, ол - клиенттерді тартуға күш салуын жеңілдетеді. Қонақтардың көзқарасы бойынша, қызмет көрсету қажетті орын алады. Себебі, персоналдар клиенттермен тікелей қарым-қатынас жасап, клиенттердің барлық сұранысына қызметін көрсетеді. Қызмет көрсету жұмысын менеджер басқарады. Қонақпен қатынасуына байланысты қонақ үй қызметі екі сатыда орналасады . Бірінші сатыда қонақпен тікелей қатынаста болатын персоналдар қызметі (қатынас қызметі), екінші сатыда - қонақпен қатынасы жоқ персоналдар қызметі (қатынасы жоқ қызмет) . 1 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты ескі, 1 - 2 қабатты. Бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек кана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет түрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналаскан, саханасы бөлек ғимаратта орналаскан, барлығына да ортақ. Бөлмелері жиһаздалиаған, 1 - 2 төсек орны бар, үлкен столы, орындықтары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазыткышы, радиосы жоқ, электор жүйесі ортақ, төсек орын 12 күнге 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй ішінде кезекшілік тек кана күндіз, күнднлікті күзете тін күзеті жоқ. 2 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салыған, 1 - 2 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджасы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсак жиһазбен жабдықталған, тек кана жүк тасуға арналған лифті бар. Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартка сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен біргеорналаскан. Төсек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстыры лады; климаты ыстық елдердегі қонақ үйлерде кондиционерлері бар; 1кол сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындықтар, тоңазыткыш, телевизор, қонақ үй ішіндегі телефон, кала бойынша телефон кезекшіде бар; электр жүйесі ортақ. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналаскан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй ішінде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі. 3 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараты бетоннан немесе кірпішен салынған; 2 - 7 қабатты ғимарат, қонақ үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңғайлы жұмсак ҚРеслолары бар. [5]

Қонақ үйде тәулік бойы бар жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жаксы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген; жылдам лифті ( жүк және адам тасымалдауға ) бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін. Төсек орны бар; электр жүйесі бөлме бойынша барлығына да ортақ. Терезелері ашылады, балкон мен лоджы міндетті түрде емес, қонақ үйдің кабырғалары суреттермен безендірілген, телевизор пультпен; кондиционер, тоңазыткыш, радиоапаратура бар ( тек кана « люкс » нөмірлерінде ) ; қонақ үй бойынша телефон тегін, ал кала бойынша ақылы, дәретхананың ішіне: дәретхана кағазы, орамал ( кол сүртетін және моншалық ) сабын ( күнделікті ауыстырылады ) . Бөлмені күнделікті жинайды, төсек орын күнделікті ауыстырылып отырылады; туристердің жеке кұнды заттарына арналған сейф ұсынылады. Қонақ үйде тәулік бойғы кезекшілік және күзет жүргізіледі. 4 жұлдызды қонақ үйлер - ғимараиты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады. Міндетті түрде сыртқы бетінде қонақ үйдің аты жазылып және демеушілердің жарнамасы болуы шарт. Қонақ үйдің көп қабаттылығы 17 қабатка дейін болуы мүмкін. Қонақ үйде жылдам лифті ( 2 жүк тасымалдауға және 4 - 5 адамдарға арналған ) . Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалған, кабырғалары әдемі дизайынды, гүлдермен әсемделген, жалпы жаксы жарықпен және радио - видео - телеаппарату - раларымен жабдықталған. Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.

Бассейні қонақ үйдің касында и орналаскан және бильярд ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері - үлкен кіреберісі жиһаздармен және толық жиһазбен жабдықталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, тоңазыткыш және төсек асты кілемі бар. Қонақ үй ішінде және кала бойынша телефон соғуға болады. Душы дәретханасымен орналаскан, 2 орамал ( кол сүртетін және моншалық ) беріледі. Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлме күнделікті жинастырылып отырады. Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы жүргізіледі. Буклеттер, визиткалар, кала бойынша проспектілер тегін таратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет түсінігі
Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат
Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар
Қонақ үй бизнесінің қалыптасуы мен дамуы
Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру
Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету
Қонақ үй қызметінің тиімділігін арттыру, қонақ үйдің қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары
Сапаның екінші элементі - қажеттілік
«Қонақ үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру (Room Service)»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz