Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 8
1. 1 Несиенің қажеттілігі, мәні және экономикадағы ролі 8
1. 2 Несиенің нысандары мен түрлері 15
1. 3 Несиенің қызметтері 27
2 «БТА БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ 28
2. 1 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының экономикалық сипаты 28
2. 2 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының шағын және орта бизнесті
несиелендіру 37
2. 3 «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының шағын және орта бизнеске
несие беру саясаты мен несие беруді ұйымдастыру 40
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ 55
3. 1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті
несиелендірудің мәселелері 55
3. 2 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті
несиелендірудің даму жолдары 60
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 69
ҚОСЫМША 72
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады. Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеу тенденциясы байқалуда. Сонымен қатар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп отыр. Өйткені әдеттегі қысқа мерзімді, айналым капиталының толықтыру мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін тигізеді. Банктер өздерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік талдаудың әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік қабілеттіліктерін анықтауда қолдануы қажет[1] .
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Президент Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті[2] .
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының бiрi болып табылады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн конструктивтiк бизнес-идея, тиiмдi басқару (менеджмент) және қаржының жеткiлiктi болуы шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе жобаның әлеуметтiк мәнiн арттырудың мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Дипломдық жұмысты зерттеу дәрежесі. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеудің Ресей мен Қазақстанның іргелі зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е. Ф., Жуков, О. И. Лаврушин, Қ. Қ. Ілиясов, Ғ. С. Сейітқасымов, У. М Искаков, Н. Н. Хамитов, О. Сәбден, С. Б. Мақыш сияқты ғалымдардың және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
- банктің жалпы қалыптасу тарихымен танысу; бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу; кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік мәселелерін қарастыру; экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау; бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамы.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі - шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
- Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторлары құрастырылды; шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды; республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды; коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу жүргізу барысындағы алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет атқаратын қаржылық институттардың қызмет етуінде қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылды.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық аспектілері қарастырылған.
Екінші тарауда «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының мысалында шағын және орта бизнесті несиелендіруіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері мен даму жолдары қарастырылған.
Жұмысты зерттеу нәтижесінде жоғарыда аталған үш тараудың негізінде қорытынды жасалған.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Несиенің қажеттілігі, мәні және экономикадағы ролі
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т 1 - А 1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уакытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын акша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.
Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай каражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар- жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т. б. туындауы мүмкін.
Ақшалай каражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдык өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және коғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың акша коры және т. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Қаражатқа деген кажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің калыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие катынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір калыпты еместігімен түсіндіріледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің катысушылары - несие беруші мен карызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдык жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның катысушалары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды[3] .
Несие беруші мен карызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге акшалай каражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-катынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын кұру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде каражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдык негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті корларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:
- жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
- несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
- несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алуышының мүдделік танытуы.
Несие объективті кажеттіліктен туындаған және ол коғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын камтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады[4] .
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
- несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несиеде бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзіндікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді[5] .
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.
1 сурет - Несиенің құрылымы
Ескертпе: Деньги. Кредит. Банки [6]
Несиеленген кұн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген кұн козғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:
Н о - Қ ан - Н п . . . Р б . . . Н қ . . . - Б қ ,
мұндағы: Н о -несие орналастыру;
Қ ан - карызға алушының несиені алуы;
Н п - несиенің пайдаланылуы;
Р б - ресурстарды босату;
Н к - несиенің кайтарылуы;
Б қ - банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген кұнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Н о - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қ ан ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін канағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.
Несиені пайдалану (Н п ) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Б р ) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде кұнның пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Н қ ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Н п ) кұнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Н қ ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қ ан сәйкес келуі мүмкін[6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz