Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері

  1. Екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларының қалыптасуы мен дамуы5
  2. Халық салымдарын банк секторларына тартудың бағдарламалары16

1. 3 Банктің пассив операцияларындағы депозиттерді тарту және қайтару есебі 22

2 Қазақстан Республикасы бойынша екінші деңгейлі банктердің депозиттік қоржындары бойынша талдау (“Альянс Банк” АҚ-ның мысалында)

2. 1 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің депозиттік қоржындары бойынша рейтингтерін бағалау 27

2. 2 Ақмола облысындағы екінші деңгейлі банктердің депозиттік қоржындары бойынша рейтингі жасап талдау 32

2. 3 “Альянс Банк” АҚ-ның қаржылық жағдайын және депозиттік қоржындарының динамикасы 35

3 Коммерциялық банктердің депозиттік қоржындарын рационалды басқару жолдары

3. 1 Депозиттік қоржындарды кепілдендірудің шетелдік тәжірбиесі 53

3. 2 Депозиттік қоржындарды басқару мен кепілдендірудің жаңа шарттары 57

3. 3 Коммерциялық банктердің депозиттерін рационалды басқаруға ұсыныстар 61

Қорытынды 64

Пайдаланылған әдебеиттер 66

Кіріспе

Коммерциялық банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Ал пассивті операциялардың ең неігізгісі депозиттік операциялар болып табылады.

Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. Коммерциялық бантерге пайда табу үшін, банк өтімділігін сақтау үшін қаражат тарту үшін өзінің жарғыда жасалынған мақсаттары мен міндеттеріне сай депозиттік саясат стратегиясын жасау керек

Кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы депозиттерді инвестициялауға тиімді ауысуымен тығыз байланысты. Дамыған және жеткілікті тұрақты экономикаларда көптеген әдістердің көлемінде әрбір азамат өзінің депозитін орналастыра алады.

Әрбір жағдайда банк барлық дәрежелі клиенттермен депозиттік салым туралы келісімшарт жасайды, онда екі жақтың міндеттері мен құқықтары, депозиттерді орналастыру мен пайыздарды төлеудің шарттары бекітіледі.

Дүниежүзілік тәжірбиемен салыстырғанда Қазақстанның коммерциялық банкерінене тартылған қаражаттың жалпы көлемінде тұрғындардың депозиттік үлесі Жапония мен АҚШ-та, Батыс еуропа мемлекеттеріне қарғанда өте төмен, яғни 20 пайыз жуығын ғана құрады. Республикамыздың тұрғындары отандық банктік жүйесінің тиімділігін және сенімділігін жоғалтты. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің бөлшектенген клиенттерінің депозиттік қоржындарына кері әсер етуі кәсіпорындардың және мекеме тұрғындарының еңбекақы төлеумен шығындар, соныменқатар өңдірістің төмендеуімен байланысты мемлекетте тапшылықтың нәижесін көрсетеді. Бұл факторлар әрине тартылған депозиттердің көлеміне әсерін тигізуі мүмкін.

Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының және Ақмола облысындағы коммерциялық банктердің рейтингілері жасалып талданды. Тәжірибие өту мекемесіне келетін болсақ Альянс Банкі Қазақстан Республикасының қаржы нарығында белсенді әрекет етіп келе жатқан, жеке және заңды тұлғаларға барлық банктік қызмет түрлерін көрсететін, алдыңғы қатарлы он банктің қатарына енетін банктердің бірі болып табылады. Біз “Альянс Банк” АҚ-ның қаржылық жағдайын және депозиттік қоржыны мен депозиттік өнімдерін қарастырамыз.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - бәрімізге мәлім коммерциялық банкердің депозиттік қоржындары төмен болса, басқа операцияларды жүргізу қиынға соғады. 2008 жылы басталған әлемдік дағдарыс коммерциялық банктердің салымдары күрт төмендегенің білеміз. Көптеген мемлекеттер, соның ішінде біздің елде коммерциялық банктердің қоржындары құлап банк секторына қиындық тудырса, бұл жалпы ел экономикасына кері әсерін тигізеді деп атап өткен. Сол себепті дипломдық жұмысты өзекті деп санаймыз.

Дипломдық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің және “Альянс Банк” АҚ-ның депозиттік қоржындары.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еліміздегі коммерциялық банктердің депозиттік қоржындарынын мысалында рейтингін жасау және “Альянс Банк” АҚ-ның депозиттік өнімдерін талдау.

Дипломдық жұмыстың маңызды мәселесі - мекеменің және депозиттік нарықтың дамуын басқарудың негізгі әдістемелік мәселесі. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шарттары, “Альянс Банк” АҚ-ның қаржылық құжатының көрсеткіштері, интернет мәліметтері, сонымен қатар қазақстандық және шетел авторлардың ғылыми еңбектері болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі талаптарына сай депозиттік операциялардың жаңа түрлерін қалыптастыру мен зерттеу және жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.

Диплом ұмысының негізгі міндеті - депозиттік операцияның теориялық негіздерін зерттеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - есеп кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің депозиттік операциялары мен депозиттік нарығының теориялық негізі сипаттаған.

Жұмыстың екінші тарауында екінші деңгейлі банктерде депозиттік операцияларды жүзеге асыруын “Альянс Банк” АҚ-ның мысалында талдау жасалған.

Жұмыстың үшінші тарауында коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру жолдары және депозиттік нарықты талдауды жетілдіру жолдарын қарастырған.

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері

  1. Екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларының қалыптасуы мен дамуы

Депозиттік нарықтың қалыптасуы - коммерциялық банктердің алғашқы дәсүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал- банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі- біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет істеуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал- банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады [1] .

Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. . Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;

- депозиттік операциялар әрекет ету керек;

- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;

- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану;

Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында сақтандырылатын депозиттер саиылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттары бар көптеген банктер олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.

Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операциялары жатады. Бұл операциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.

Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі- жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтау және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен житнақталады[2] .

Екінші деңгейлі банктер өз қызметінде бір жағынан шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандырады. Банктің пассивтік операцияларының негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Осының есебінен банк өзінің маржасын алады.

Банк ресурстары - банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Бұл жердегі барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

- депозиттік қаражаттар;

- депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банктің арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит - жеке және заңды тұлғалардың банкке белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен салған қаражаттары болып табылады.

Қазіргі кезде депозиттердің әр түрі кездеседі. Бәсекелестік жағдайында бұл банктерге клиенттердің қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда салымдардың үлкен үш тобын бөлуге болады:

  • талап етуге дейінгі салымдар;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдары.

Талап етуге дейінгі салымдар салым иелерінің бастапқы талап етуінде қолма-қол берілуге тиісті. Қазақстан Республикасында талап етуіне дейінгі салымдарға келесілер жатады:

- мемлекеттің, акционерлік қоғамдардың және әр түрлі шағын кәсіпорындардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі салымдар бойынша банк клиенттен сол шотты пайдаланғаны үшін комиссиондық немесе пайыздық ақы алады, алайда банктер осы шоттарда қаражаттардың сақталғаны үшін не ең төменгі мөлшерде пайыз төлейді, немесе тіпті төлемеуі мүмкін. Бірақ, банк бұл шоттардағы қаражаттарды кез келген уақытта ешқандай шектеусіз береді. Талап етуіне дейінгі салымдар бойынша коммерциялық банктер Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді депозиттерге келетін болсақ, бұл салым түрі банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақшалай қаражаттары болып табылады. Яғни, мерзімді депозитті мерзімі өткеннен кейін немесе алдын-ала хабарлаудан кейін алуға болады. Бұл депозиттердің талап етуіне дейінгі салымдарға қарағанда ерекшелігі- оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді. Мерзімді депозиттер есеп айырысу үшін пайдаланылмайды және оларға ешқандай есеп айырысу құжаты толтырылмайды.

Депозиттерді тарту мақсатында банктер салымшылар арасында ұтыстар ойнатады. Бұл депозиттерді тартудың ең жақсы әдісі болып табылады.

Салымдардың тағы бір түріне жинақ салымдары жатады. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Жалпы, мерзімді депозиттер мен жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Елімізде жинақ салымдары тек жеке тұлғаларға ашылатын болса, шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға және іскер фирмаларға ашыла береді [3] .

Қазіргі кезде жеке тұлғалардың салған салымдарының барлық түрі Қазақстан Республикасыныдағы жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қорымен кепілдендіріледі. Екінші деңгейлі банктердің барлығы осы Қорға мүше болуға тиісті. Бұл қордың өзінің белгіленген шарттары бар және ол бойынша банк жабылған жағдайда сол банкке қаражатын салған әр жеке тұлғаға 400 000 теңге мөлшерінде салымы қайтарылады. Ал, кепілдендірілетін салымға жатуы үшін депозит сомасы 7 000 000 теңгеден аспауы керек. Сонымен қатар, Қор депозиттерге төленетін пайыздардың шекті мөлшерін тағайындайды. Қорға мүше болған әрбір банк осы тағайындалған пайыздық мөлшерлемеден жоғары мөлшерлеме белгілемеуге тиісті.

Депозиттік операциялардың дамуы жалпы банктік жүйенің дамуына қарай жүреді. Депозиттердің пайыздық мөлшерлемесін төмендеті арқылы несиелік ресурстарды да арзандатуға мүмкіндік туады. Бұл жалпы экономикалық жағдайға тікелей ықпалын тигізеді. Яғни, экономиканың дамуы жағдайында депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі біртіндеп түседі. Сол уақытта ресурстарды жинақтау мақсатында банктер депозиттерді салу шарттарын жақсартып, оларды неғұрлым тартымды етеді. Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру Қоры пайыздық мөлшерлемелерді реттеп, соған байланысты банктер өз мөлшерлемелерін белгілейді. Сонымен қатар, банктің беделі де депозиттердің тартылуына тікелей ықпал етеді.

Жалпы, қазіргі кезде банк ресурстары нарығының құрылуында және дамуында көптеген ерекшеліктер бар. Банктер өз қызметінің тұрақтылығын сақтау үшін өтімді қылуға тырысады. Оның қамтамасыз етілуі банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасында тепе- теңдіктің сақталуын талап етеді [4] .

Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.

Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі - экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.

Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдалануы мүмкін.

Қажет уақытында талап етілетін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді: кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айрысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк- корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.

Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма- қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады [5] .

Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.

Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін) ; төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді.

Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп көрсететін формасы- бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала хабарлап) .

Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:

- депозиттің мерзімі;

- салымшылардың категориясы.

Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің, шетелдік салымшылардың шоттары (2, 3, 4 сызбалар) .

Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс - бұд пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ондай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.

Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып - клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын жетілдіруі жатады.

Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.

Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді.

Депозиттік - қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес [6] .

Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттерді қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz