Табиғаты керемет таулы аймақта орналасқан және туристік маршрут бойындағы демалысқа ыңғайлы кішігірім қонақ үйлер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қонақ үй-мейрамхана кешендерін бірқатар зерттеушілер бизнестің өзгеше түрі деп қарастырған. Қонақ үй-мейрамхана кешені - қарапайым анализ жасауға келмейтін әдістер мен технологиялардың және жеке өнімдердің бизнесі.

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды.

Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады.

Қонақ үй-мейрамхана кешенін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сапа деңгейін жоғарылату керек. Алдымен бұл салада қызмет атқаратын қызметкерлер бұл өнімнің ерекшелігін ескерулері керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді алдын-ала дәмін татып, ұстап көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй-мейрамхана саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет жағдайына және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады. Және төртінші, қызметтерді сақтауға келмейді.

Қонақ үй-мейрамхана қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй-мейрамхана кәсіпорнының өнімі бір уақытта өндіріліп - тұтынылатындығында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу - шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй-мейрамхана бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды.

Қонақ үй-мейрамхана қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй-мейрамхана секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік қонақтарды туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық қонақ үй-мейрамхана саласын әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған - ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық.

Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың шетел тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады.

Отандық қонақжайлық индустрияның қызмет етуі мен ұйымдастыруындағы шешілмеген мәселелер осы саладағы тақырыпты таңдау, зерттеу, мақсаты мен міндетін анықтауға алып келді.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі оның ұлттық экономика үшін приоритетті маңыздылығы бар қонақ үй-мейрамхана бизнесін ұйымдастырудың маңызды аспектілері мәселелерін анықтауға арналған. Елімізде қонақ үй-мейрамхана кешенін дамыту, қонақ үй және мейрамханалардағы сапа деңгейін жоғарылату және қазіргі жағдайдағы бәсекелес ортада бәсекеге қабілетті болу.

Мәселенің зерттелу деңгейі . Диплом жұмысына В. В. Богалдин-Малых, П. Шматько, Н. И. Кабушкин, Г. А. Бондаренко, М. Н. Забаева, Дж. Р. Уокер, А. Д. Чудновский, Ю. Ф. Волков, А. Л. Лесник тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Диплодық жұмыс мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қонақ үй-мейрамхана кешенін ұйымдастыру, қонақ үй-мейрамхана кешенінің қызмет шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру жолдарын айқындау, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан қонақ үй-мейрамхана кешенінің имиджін тартымды туробъект ретінде қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері . Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

  • қонақ үй-мейрамхана кешенінің мәні мен жіктелуін анықтау;
  • қонақ үй дамуы мен қалыптасуын зерттеу;
  • мейрамхананың дамуы мен қалыптасу тарихын зерттеу және талдау;
  • шетелдегі қонақ үй-мейрамхана кешендерінің даму жағдайын талдап, өзімізге үлгі алу;
  • Қазақстан Республикасындағы қонақ үй-мейрамхана кешендерінің даму жағдайына анализ жасау;
  • қонақ үй-мейрамхана кешенінің жалпы сипаты мен ұйымдастырушылық құрылымын талдау;
  • «Достық» қонақ үй-мейрамхана кешенінің қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасындағы қонақ үй-мейрамхана кешендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын анықтау;
  • қонақ үй-мейрамхана кешені қызметінің сапалық тиімділігін көтеру жолдарын көрсету;
  • қонақ үй-мейрамхана кешенінде жаңа өнім өндіру жолдарын айқындау.

Зерттеу нысаны - Көкшетау қаласындағы «Достық» қонақ үй-мейрамхана кешені

Зерттеу пәні - қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандағы қонақ үй - мейрамхана кешенін ұйымдастыру танылды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері . Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, ҚР және туризм министрлігінің статистикалық мәліметтері, газет-журнал мақалалары, кәсіпорынның жалпы мәліметтері алынды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және түрлі әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеу жұмыстың ақпараттық базасы ретінде ҚР Үкіметінің және Президентінің жарлықтары, ҚР заңдары мен нормативті актілері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, ҚР халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің мәліметтері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қонақ үй-мейрамхана кешен қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

  • қонақ үй-мейрамхана кешенінің жұмысын жақсарту алғышарттары анықталды;
  • теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй-мейрамхана ерекшеліктері талданып, қорытылды;
  • шетелдік тәжірибе мысалға алынып қонақ үй-мейрамхана кешендерінің жобалары жасалды;
  • қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспеде жалпы диплом жұмысына қысқаша шолу жазылған. Диплом жұмысының мақсаты, міндеттері, теориялық әдістемелік негіздері айқындалған.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде қонақ үй-мейрамхана кешенінің теориялық негізі, кешендердің мәні мен маңызы, жіктелуі, қонақ үй-мейрамхана кешендерінің қалыптасуы мен даму тарихы, шетелдегі қонақ үй-мейрамхана кешендерінің ерекшеліктері, ерекше қонақ үйлер маңызы, қонақ үйлердің қызмет көрсету барысындағы мәселелер қарастырылды.

Диплом жұмысының екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы қонақ үй-мейрамхана кешендерінің даму жағдайы, отанымыздағы қонақ үйлердің сатистикалық мәліметтері, «Достық» қонақ үйінің экономикалық қаржылық жағдайына талдау жасалды. Бұдан бөлек, кәсіпорынға жалпы сипаттама беріліп, барлық бөлімдегі қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сай атқаратын жұмыстары атап көрсетілді.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы қонақ үй-мейрамханалық кешеннің бәсекеге қабілеттілігі және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары, қонақ үй-мейрамханалық кешен жұмысын жақсартуға бағытталған шаралар бағдарламалары, сапа деңгейін жоғарылату және алға жылжыту жолдары мен тәсілдері баяндалды, шетелдік тәжірибені мысалға ала отырып Қазақстан Республикасында ұйымдастыруға болатын қонақ үй-мейрамханалық кешендер жобалары сипатталынған және Қазақстан Республикасындағы қонақ үй-мейрамхана кешендерінің даму перспективасының болжамы жасалған.

Диплом жұмысының қорытындысында жалпы диплом жобасын зерттеп, талдағаннан кейін анықталған жағымды және жағымсыз жақтар, қонақ үй-мейрамхана саласын дамыту жолдары, нәтижелер, қорытынды баяндалған.

Жалпы жұмыс көлемі - 86 бет. 17 - кесте мен 11- суреттен тұрады.

1 Қонақ үй - мейрамхана кешенінің теориялық негіздері

  1. Қонақ үй - мейрамхана кешенінің мәні мен жіктелуі

Туристік қонақ үй - мейрамхана кешені - тұтынушыларға орналастыру, тамақтандыру және қосымша қызметтер ұсынатын кәсіпорын. Бұл кәсіпорында орналастыру және тамақтандыру қызметтері (кешен қалыптастырушы қызметтер) тең дәрежеде маңызды болып табылады [2] .

Қонақ үй-мейрамхана кешендерін бірқатар зерттеушілер бизнестің өзгеше түрі деп қарастырған. Қонақ үй-мейрамханалық кешен - қарапайым анализ жасауға келмейтін әдістер мен технологиялардың және жеке өнімдердің бизнесі.

Қонақты жайғастыру, оған тағам өнімдерін ұсыну - қонақ үй-мейрамханалық кешеннің ең басты қызметі. Бірақ қазіргі таңда қонақтар қызмет көрсетудің басқа да түрлерін қажет етеді. Ыңғайлы бөлме, мейрамхана, барлардағы сусындар мен тағамдардан бөлек, қонақ телефонға, киім тазалау мен жууға, ойын-сауықтық қызметтер, сауна, монша, бассейн, жаттығу залына деген сұраныс жасауға мүмкіндік алады. Осы замандық қонақ үйлерден газет-журнал, сувенирлер сатып алып, шаштараз қызметін пайдаланып, саяхат жасау үшін театр және ұшақ билетіне тіркелуге болады [3] .

Сондықтан қонақ үй-мейрамханалық кешен қонақтардың барлық сұраныстары мен талап, тілектерін орындау мақсатында жасалған. Қонақ үй-мейрамханалық кешен имиджіне ішкі және сыртқы көрінісі, қонақтардың тамақтануына және демалуына байланысты қолайлы атмосфераны жатқызамыз.

Ал қонақ үй-мейрамханалық кешендегі баға оның орналасқан жеріне, жайлылығына, қызмет көрсетуіне, қонақтар сұранысын толықтай қанағаттандыруына тікелей байланысты. Орналастыру қызметінің мазмұны: біріншіден қолдануға тек арнайы қонақ үй бөлмелері беріледі, екіншіден қызмет көрсетуді тек қана қонақ үй қызметкерлері атқарады; мысалы: қонақтарды қабылдау мен тіркеуді портье, ал нөмірлерді жинау мен қалпына келтіруді үй қызметшісі атқарады. Қонақ үй бөлмелері орналастыру қызметінің негізгі элементі болып табылады. Олар келген қонақтардық ұйықтауына, демалуына, жұмыс істеуіне арналған.

Қонақтарға тамақ беру қызметі түрлі процестерді өзіне қосады: өндірістік (тамақ дайындау), саудалық (дайын тамақтарды, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату), сервистік (қонақ үй нөмірлерінде, бар, кафе, мейрамханалада қонақтарға даяшылардың қызмет көсетуі) [2] .

Туристік қонақ үй - мейрамханалық кешеніне алуан түрлі қосымша қызметтерге ие болу тән:

дүкендер (сувенирлі, азық-түліктік), сауда автоматтары;

ойын-сауық инфрақұрылымы (дискотека, казино, түнгі клуб, ойын автоматтар залы, бильярд) ;

экскурсиялық қызметтер, гид-аудармашылар қызметтері;

театр, цирк, концерттерге және тағы басқаларға билет сатуды ұйымдастыру;

көліктік қызметтер (барлық көлік түрлеріне билет брондау, қонақтардың өтініші бойынша автокөлікке тапсырыс беру, такси шақырту, автоқөліктерді жалға беру) ;

гүл сатып алу және жеткізу;

сувенирлер, ашық хат және тағы басқа баспа өнімдерін сату;

тұрмыстық қызмет (аяқ киімді жөндеу және тазалау; киімді үтіктеу және жөндеу; киім жуу және химиялық тазарту қызметтері; бағалы және құнды заттарды сақтау; жүкті шығару, салу, қарсы алу және нөмірге дейін жеткізіп беру; мәдени-тұрмыстық заттарды жалға беру - теледидарлар, ыдыс-аяқ, спорт жабдықтарын және тағы басқа; сағат, тұрмыстық техника, радиоаппаратураларды жөндеу; шаштараз қызметі, маникюр және массаж кабинеті және тағы басқа тұрмыстық қызметтер) ;

сән салоны қызметі;

сауна, монша, бассейн, жаттығу залы;

сөйлесу залын жалға алу, конференц-залдар;

бизнес орталық қызметтері;

басқа қызметтер.

Сервис сұраныс принципі (қонақ қалауы) бойынша ғана емес ұсыныс принципі (қонақ үй кешені жаңа қызметтер ұсынып, тұтынушы олардан таңдауы) бойынша да құрылады. Бірақ атқарушы тұтынушының келісімінсіз ақылы қосымша қызметтерді ұсынуға құқылы емес. Тұтынушы келісім-шартта қарастырылмаған қызметтерден бас тартуға құқылы. Сонымен қатар бір қызметтерді ұсынғанда екінші қызметтерді ұсынуды міндетті етуге тыйым салынады.

Қызмет ұсынушы кәсіпорындар қол жетімді жерде, көбінесе кешеннің бірінші қабатында орналасуы қажет. Қызметтерді қай жерде және қай уақытта алуға болатындығы туралы ақпараттар вестибюлде, кешеннің әр қабатында, нөмірлерде болуы керек және бұл уақыт қонақтарға ыңғайлы болуы қажет.

Қызмет көрсетуші персонал қандай да бір қызмет көрсеткенде сыпайылық, әдептілік, биязылық көрсетуі керек. Қызмет көрсетілгенде оның саны ғана емес, сонымен қатар сапасы да маңызды болып табылады. Сондықтан көптеген туристік кешендерде кетіп бара жатқан қонақтардан кішігірім сұрау парағын толтыруды сұрайды. Бұл парақтар кілтпен бірге қабылдау және орналастыру бөліміне тапсырылады. Содан кейін оларды жарнама және маркетинг бөлімі зерттейді [4] .

Туристік қонақ үй - мейрамханалық кешенінің қызметіне деген сұраныс маусымдық сипатта болады. Қонақ үй қызметінің нарығына сұраныс ауытқуы тән: сұраныс жыл уақытына (туристердің көбі жаз айларында демалуды қалайды), апта күндеріне (іскер туристер жұмыс күндері орналасады) байланысты болып келеді. Бұл кешен жұмысына тікелей ықпал етеді.

Қонақ үй - мейрамханалық кешенінің ең басты екі қызметі бұл - орналастыру және тамақтандыру болып табылады. Сонымен қатар олардың бір-біріне деген қатынас дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл сурет 1. 1-де көрсетілген [2] .

Сурет 1. 1. Әр түрлі қонақ үйлердегі орналастыру және тамақтандыру қызметтерінің қатынасы

Ескерту: сурет автормен құрастырылған

Сонымен, туристік қонақ үй - мейрамханалық кешені бірден орналастыру, тамақтандыру және ойын-сауықтық қызметтерді ұсынады. Бұл, әрине, тұтынушыларға өте ыңғайлы әрі жайлы. Сонымен қатар қосымша қызметтер тізімі әрқашан айбатты болып келеді және бұл қонақ үй - мейрамханалық кешенінің ерекшелігі болып табылады.

Туристік қонақ үй - мейрамханалық кешеніндегі мейрамханарға тоқтала кетсек. Мейрамхана (орыс тілінде ресторан, француз тілінде restauer - аударғанда көңіл-күйін қалпына келтіру, тамақтандыру деген мағынаны береді) - қонақтарға түрлі тағамдарды, сусындарды, кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ фирмалық және даярлануы күрделі тағамдардың ауқымды мәзірін ұсынатын тамақтандыру мекемесі болып табылады [4] .

Қонақ үй - мейрамханалық кешенінде келесі үш тамақтандыру қызметтері ұсынылады. Бұл сурет 1. 2-де көрсетілген.

  1. Толық пансион, яғни үш реттік тамақтандыру (таңғы ас, түскі ас және кешкі ас) - Full Board (FB) ;
  2. Жартылай пансион, яғни екі реттік тамақтандыру (таңғы ас қосылған түскі ас немесе кешкі ас) - Half-Board (HB) ;
  3. Тек таңғы ас, яғни бір реттік тамақтандыру - Bed and Breakfast (BB) ;

Ерекше тамақтану жағдайлары клубтық демалыс жүйесінде қызмет жасайтын қонақ үйлерде болады (үш мезгіл тамақтанудан бөлек, күні бойы тегін тіске басарлар, алкоголь және басқа сусындар ұсынылады) - All inclusive (бәрі қосылған) .

Барлық мейрамханаларда таңғы астарға үлкен назар аударылады және де келесі талаптар қойылады:

  1. Таңғы ас берілетін орын таза және желдетілген болуы тиіс;
  2. Ерте уақытқа қарамастан қызметкерлер сергек болып, белсенділік көрсетуі тиіс;
  3. Қызмет процесі үздіксіз болуы тиіс.

Таңғы астың келесі түрлері болады:

  1. Континенталды таңғы ас;
  2. Кеңейтілген таңғы ас;
  3. Ағылшын таңғы асы;
  4. Шампан қосылған таңғы ас;
  5. Кеш таңғы ас.

Қонақ үй кешендерінің құрамында бірнеше мейрамханалар болуы мүмкін. Көптеген таңдаулы қонақ үйлердің құрамында екі мейрамхана болады. Олардың бірі жоғары дәрежедегі фирмалық болса, екіншісінің ұсынатын тағамдары мен сусындарының бағасы төмендеу болады. Қонақ үйлердегі мейрамханалар қонақ үй меймандарымен қатар қала тұрғындарына да қызмет етеді. Мейрамханалық бизнес - қонақтарды арнайы орында тамақпен, сусынмен қамтамасыз ететін, гигиена және заң талаптарына сай қызмет көрсетуді ұйымдастыру болып табылады [2] .

Сурет 1. 2. Тамақтандыру түрлері

Ескерту: сурет автормен құрастырылған

Мейрамхана дербес түрде немесе қонақ үй құрамында қонақтардың гастрономиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тамақ түрлерін дайындап ұсынады. Бұл қызмет түрінің экономикалық мақсаты пайда табу. Қонақтардың демалысы мен көңіл-күйін көтеруді ұйымдастыру мейрамхананың негізгі міндеттерінің бірі. Адам өмірінде демалу және көңіл көтеру маңызды да қажетті. Қонақ мейрамханадағы көңіл-күйді табалдырықтан аттай сала сезінеді. Қонақтың мейрамханада қалуы, тапсырыс беруі немесе отыру ұзақтығы оны қалай қарсы алғанға байланысты. Алғашқы қонақтарды қарсы алу кезінде қажетті көңіл-күйді орнату өте маңызды. Мейрамханаға бірінші рет келген қонақтар бос қонақжайда отырғанды ұнатпайды. Бос қонақжай көбіне көңілсіздік туғызады. Сондықтан кейбір шетелдік мейрамханалар бос қонақжайда отыратын арнайы адамдар жалдайды. Көбіне көңіл-күй сипатын қонақтарды күтетін даяшылар қамтамасыз етеді. Егер даяшылар қонақты көңілді қарсы алып, дәмді тағамдар жеп, көңіл көтеріп, демалатындығына сендіре алса, онда ол еш күмәнсіз шақыруды қабыл алады.

Тамақ өнеркәсіп жұмысының мақсаты-қонақтардың тамақтану процесінде жақсы әсер қалдыру. Тамақтану процесі кезінде сөйлесу және тәрбие беру процестермен қатар, жүріп тұруы жиі кездеседі. Тамақтану саласында қызмет көрсету - «қонақжайлылық» түсінігінің басты құрастырушы элементі болып табылады. Қонақты күту, сыйлау, оған қызмет көрсету, адамзат тарихындағы әрбір қоғамдық формацияға тән, сонау ата-бабаларымыздың салт-дәстүрінен келе жатыр.

Тұтынушылардың талғамдарын ескере отырып, дамыған елдерде мейрамханалық қызмет көрсету концепциясын кеңінен қолдана бастады. Яғни, ол мынандай формула: «сапа + қалыпты баға + жайлы жер + мейрамханалық қызмет көрсету». Бұл стратегияны қолдануда өте таң қаларлық дұрыс нәтижеге жетуге болады [7] .

Туристік қонақ үй - мейрамханалық кешенінің жіктелуі.

Қазіргі қонақ үй кешенін жіктеу жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоциациясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.

Қонақ үй кешенін жіктеу әр елдерде әр түрлі категорияларға бөлініп, отызға жуық атауға ие. Біртекті жіктеуге келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді. Оларға мемлекеттердің тарихы, мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді [2] .

Қонақ үй кәсіпорындары түрлі критериялары бойынша жіктелінеді. Олардың ішінде ең көп қолданылатындары сурет 1. 3-те бейнеленген.

Қонақ үйлердің орналасуы бойынша мынандай болуы мүмкін:

  1. қалада орналасқан (орталықта, шет маңайында) . Орталықтағы қонақ үйлер болып іскерлік бағыттағы барлық қонақ үйлер, люкс отелдер, орта классты қонақ үйлер саналады;
  2. теңіз жағалауындағы орналасқан. Бұл жағдайда теңізге дейінгі аралық маңызды болып есептеледі (100, 150, 200, 250, 300 метр) ;
  3. тауда орналасқан. Табиғаты керемет таулы аймақта орналасқан және туристік маршрут бойындағы демалысқа ыңғайлы кішігірім қонақ үйлер. Бұл жерде қонақтардың жазғы және қысқы демалысына қажетті жабдықтар бар, мысалы, альпинистік және тау шаңғылы инвентарь және т. б.

Қонақ үйдің жұмыс ұзақтығына байланысты келесіге бөлінеді:

  1. тәулік бойы жұмыс істеушілер;
  2. екі маусымда жұмыс істеушілер;
  3. бір маусымдық.

Қонақтардың келу ұзақтығына байланысты қонақ үйлер келесідей бөлінеді:

  • ұзақ мерзімге келу;
  • қысқа мерзімге келу.

Баға сатысына қарай қонақ үйлер бөлінеді. Бұл кесте 1. 1-де көрсетілген:

Кесте 1. 1 Баға сатысына сәйкес қонақ үйлердің жіктелінуі

Р/с: Р/с
Қонақ үй түрі:

Қонақ үй түрі

Сәйкес баға сатысы: Сәйкес баға сатысы
Р/с: 1
Қонақ үй түрі:

Бюджетті

Сәйкес баға сатысы: 25-35 АҚШ $
Р/с: 2
Қонақ үй түрі:

Экономды

Сәйкес баға сатысы: 35-55 АҚШ $
Р/с: 3
Қонақ үй түрі:

Орта

Сәйкес баға сатысы: 55-95 АҚШ $
Р/с: 4
Қонақ үй түрі:

Бірінші класты

Сәйкес баға сатысы: 95-195 АҚШ $
Р/с: 5
Қонақ үй түрі:

Апартаменттер

Сәйкес баға сатысы: 65-125 АҚШ $
Р/с: 6
Қонақ үй түрі:

Фешенебельді

Сәйкес баға сатысы: 125-425 АҚШ $
Р/с: Ескерту: кесте қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды [2]

Кестеден көріп отырғанымыздай қонақ үйлер бағасына қарай бірнеше түрге бөлінеді: бюджетті қонақ үйлер экономды қонақ үйлерге қарағанда арзандау келеді, бірінші класты қонақ үй орта қласқа қарағанда сәл қымбаттырақ. Сонымен бағасына қарай ең арзаны бұл бюджетті қонақ үй, ал ең қымбаты фешенебельді қонақ үй.

Сурет 1. 3. Қонақ үйдің критериялар бойынша жіктелуі

Ескерту: сурет автормен құрастырылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Weekend турлары
Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы
Велосипед туризмінің теориялық негіздері
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне
Халықаралық қонақ үйлер тізбектері
Экскурсия маршрутын құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz