Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары


Коммерциялық банктердің қызметтері және оларды дамыту жолдары
Мазмұны
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың қаңтар айынан бастап банк жүйесінде өзгерістер басталды, яғни республикада банк жүйесінің тұрақтылығы айқындалды. Мұның өзіне Ұлттық Банк талаптары және банктер арасындағы бәсекелестік негіз болды. Ұлттық Банктің негізгі міндеті - барлық банктердің сапалық қызметін көтеру және әлемдік стандартқа сай топтар құру.
Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер болғандықтан, масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала-башқалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктердің төлем жүргізуге мүмкіндіктерінің болмауын кәсіпорындарға ұзақ мерзімге төмен пайзбен несие бере алмауынан қаржы жүйесінде бірқатар келеңсіздіктер туындатып қоймай, өндірістердің құлдырауына әкелді. Экономиканың құлдырауы коммерциялық банктерге өзгеріс әкелді.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік ұйым болып табылады және экономиканың «мәнсіз бөлігі»ретінде қызмет атқарады. Нәтижесінде банк ісін ұйымдастыру еліміздің банктерінің дәстүрін және тәжірибесін жоғалтты. Бүгінгі таңдағы мақсат, нарықтық экономиканы құра отырып, біз банк ісін ұйымдастыра отырып әлемдік деңгейге шығуымыз қажет.
Банктер нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі, олардың қызметі мен операцияларының дамуы нарықтық механизмін нақты құруға жағдай болып табылады. Сонымен қатар, банктер өндірістің материалдық және материалдық емес сфераларының даму бағыттары қоғамның бір сатыдан басқа сатыға көшу қозғалысын реттейді.
Банктер арқылы эканомиканың әр түрлі салаларынан капиталдың көбеюі жүзеге асып, өндірістің үдерісі үздіксіз дамиды. Екінші деңгейлі банктердің қызметі мен операцияларының дамуы мен жетілдірілуі Қазақстан экканомикасына үлкен септігін тигізеді.
Банктің негізгі кіріс көзін несие операциялары жатады. Бірқатар банктерге ссудалық операциялар 70 пайызға жуық кіріс әкелді. Банктердің несие функциялары олардың қызмет көрсететін аймақтарының экономикалық хал-ахуалына байланысты, өйткені банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың өсуі мен осы аймақтарда жұмыс орындарының артуы мен олардың экономикалық өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Экономикалық тұрақсыздық салдарынан Қазақстандық коммерциялық банктер несиені қысқа мерзімге ғана береді.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын зерттеу және отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын зерттеуге Ғ. С. Сейітқасымов Ғ. С., Мақыш С. Б., Ильясов К. К., Зейнельгабдин А. Б., Мельников В. Д., Рафалович Л. А., Долан Э. Дж., Шарипов К. А., Худяков А. И., Юрченко Т. В., Лаврушина О. И., Ефимова Л. Г. сияқты беделді экономистер зор үлес қосқан.
Дипломдық жұмыста зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерін талдау арқылы болашақтағы даму бағыттарын анықтау.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер қойылады:
- Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің дамуының теоретикалық аспектілері мен әлеуметтік бағытын анықтау;
- банктік қызмет көрсету мен банк өнімдерінің теоретикалық мәнін
ашып көрсету;
- банктік қызметтерінің халықаралық тәжірибесі мен оны Қазақстанда пайдаланудың мүмкін болатын перспективаларын қарастыру;
- Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің әлеуметтік-экономикалық дамудағы ролін көрсету;
- коммерциялық банктердің даму проблемаларын талдау және дүниежүзілік қаржы нарығына шығу мүмкіншіліктерін анықтау;
- коммерциялық банктердің даму бағытын жетілдіру жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «АТФ Банк» АҚ.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктіктер жүйесінің қызметтерінің даму бағыттары мен проблемалары.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық материалдары, банк ісіне арналған оқулықтар мен әдістемелік материалдар, баспасөз бетінде жарияланған мақалалар қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы:
- банктік қызметтер мен операцияларының қағидалары мен әдістері сияқты экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды;
- банктік қызметтер мен операцияларын ұйымдастыру факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді;
- банктік қызметтер мен операцияларын ұйымдастыруға кедергі болып отырған негізгі факторлар және олрмен күресудің іс-шаралары анықталды;
- банктік қызметтер мен операцияларын ұйымдастыруды тәжірибелік жетілдіру бойынша ұсыныстар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің ұсынылатын қызметтер мен операциялардың теориялық негіздері жайында көрсетілген.
Екінші бөлімде «АТФ Банк» АҚ мысалында коммерциялық банктердің қызметтеріне талдау жасалды.
Үшінші бөлімде екінші деңгейлі банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары және проблемалары мен даму болашағы қарастырылды.
Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 Коммерциялық банктердің ұсынылатын қызметтер мен операциялардың теориялық негіздері
1. 1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі және оның құрылымы
Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес, олардың мәні одан да зор болып келеді. Олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес салаларының даму бағыттары қоғамның бір саладан басқа салаға көшу қозғалысын реттейді. Осы тұрғыдан банктік жүйенің даму үрдісін байқауға болады.
Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуымен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим және антикалық Грецияда ақша рөлін мал атқарған кезде, ешқандай банктер туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай операцияларды орындаумен байланысты пайда болғаны жөнінде толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да эканомикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: «Егерде тиын домалақ болса-ол айналуы керек». Оның айналымы банк арқылы жылдамтылады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, банктер феодализм кезінде пайда болды, ал басқа ғалымдардың ойы бойынша ақша және несие қатынастары құлиеленушілік қоғам болған кезде де өз орнын алған еді .
«Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank»-орындық, «айырбас орындығы»-айырбас орны дегенді білдіреді.
Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал фоедализмге өту кезінде тауар-ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж. айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні-екі клиенттің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж. ) және Гамбургте (1618ж. ) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің арнайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталисттің қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталисттік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркәсіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын артырды. Жалдамалы еңбекке көшу халық табысының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болды, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі» [4] . Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді:
1. Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің-жоғары деңгейдегі банк.
2. Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.
Екінші деңгейлі банктер - клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк.
3. Банктік операциялардың бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
Ипотекалық банктер-жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және тағы басқалары. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.
Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттілігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады [1, 2, 3, 4] :
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Лицензия алу үшін мемелекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
Біріншіден, ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау; Екіншіден, жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа эканомиканың институционалдық, құқықтық және нормативтік негіздері қалыптасқан, ұлттық қаржылық институттар мен тұрақты екі деңгейлі банк жүйесі құрылған. Мемлекет басшымыздың айтуы бойынша біздің мемлекетіміздегі бизнесмендердің жинаған қаражаттарын басқа шетел банктерінде сақтауын доғарып, қаражаттарын біздің мемлекеттегі банктерге сақтап, өз эканомикамыздың қажеттіліктеріне жұмсау керек дейді.
Бұл мәселе бір жағынан, ТМД елдерінің арасында Қазақстан көлеңкелі эканомика деңгейі бойынша алдыңғы қатарда болып келеді, екінші жағынан, халықты өз мемлекетіміздегі банктік жүйеге сендіріп және сенімдерін ақтау. ТМД-ның соңғы мемлекетаралық статстикалық мәліметтері бойынша Қазақстанның көлеңкелі эканомикасының үлесі 30%-ке жетеді, Арменияда-29%, Ресейде-22%, Украинада-20%, Белоруссияда-9%, Молдавияда-15%, Киргизияда-9, 5%, Азербайджанда-20%, Грузияда-26%, Туркменияда-16%, Өзбекстанда-28%.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының банктік жүйеге сенімі артуда, мұндай өзгеріс банктік жүйеге ақшаның түсуіне әкеледі. Сондықтан да, қазіргі жағдайды 5-6 жыл бұрынғы бантердің жағдайымен салыстыруға болмайды. Қазақстандық банктер көп кезеңдерден өтіп, тек қана саны жағынан ғана емес, сапасы жағынан да көптеген өзгерістерін байқатты.
Қаржылық нарықта екінші деңгейлі банктерден басқа республиканың Ұлттық банкісі қызмет етеді. Ұлттық банк жыл сайын әрбір жеке екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағынан нашарлауын болдырмау үшін олардың қызметтерін терең тексеріп, талдау жасап отырады. Қаржылық-несиелік жүйенің қызметін жақсарту үшін Ұлттық банк көптеген шаралар қолданып, дұрыс оперативтік шешімдер қабылдайды.
Екінші деңгейлі банктердің тиімді қызмет етуі тек қана оларға ғана байланысты емес, сонымен қатар олар қызмет ететін микро және макроэканомикалық салаға да байланысты. Сондықтан да бұл жерде ұлттық эканомиканың мәселелері мен нарықтық эканомикаға көшу барысындағы мәселелердің болуы банктік жүйеге әсер етпеуі де мүмкін емес еді. Банктердегі төмен несие қабілеттілігінің негізгі мәселелері болып, нарықтық тәуекелдердің жоғарғы деңгейі мен төмен деңгейлі төлеу қабілеттілігі [5, 8, 12] .
Қазіргі Қазақстандық нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк - акциясының 50%-нің астамы төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк. Мемлекетаралық банк- халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі-Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекеттің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері. Ұлттық банк лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқысы бар банк емес заңды тұлғалар.
Ал банк емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде депозиттер қабылдауға құқығы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларында «банк» деген сөзді, ия болмаса депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізуге немесе банк ісіне аудит қолдануға тиым салынады. Бұл тиым Ұлттық Банкке, банктердің филиалдары мен өкілдіктеріне, халық аралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды. Ұлттық Банктің лицензиясыз жүзеге асырылған банктік операциялар жарамсыз деп табылады [16, 17] .
Егер банк мемлекеттік банк болмаса және банкпен мемлекет өзара міндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бір-бірінің міндеттемелеріне жауапты емес.
Ұлттық Банк рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерінде банктерін аша алады, ал өздірінің өкілеттілігін ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен аша алады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары негізінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілділігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк- жарғылық қордың 50%-нен астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Банк құрушы заңды немесе жеке тұлға Ұлттық Банкке банк ашуға рұқсат алу үшін өтініш беруі керек. Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
1. жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттары, құрылтай шарты, жарғысы, жарғыны қабылдаған және банктердің бекіткен хабарламасы;
2. құрылтайшылар туралы мағлұматтар (Ұлттық Банктердің белгіленген тізімі бойынша), құрылтайшы-заңды тұлғалардың соңғы екі жылдағы бухгалтерлік балансы, құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық фирманың (аудитордың) қорытындысы;
3. егер құрылтайшылардың біреуі немесе одан көбі Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда: сол мемлекеттің мемлекеттік немесе қадағалау қызметінің Қазақстан Республикасының резидент-банкісінің жарғылық қорына қатысуға берген жазбаша рұқсаты.
Ұлттық Банк-банк ашуға рұқсат беру үшін қажетті басқа да қосымша құжаттарды сұрап алуы мүмкін.
Банк құрылтайшылар шарты негізінде құрылып, өзінің жарғысына сай қызмет атқарады. Банк құру туралы құрылтайшылар шартында шаруашылық серіктестіктері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек [18] :
1) құрылтайшылар туралы мәліметтер, оның ішінде олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы және тұрған мекені, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуден өткізгендігі туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін-аты, азаматтығы, туған жері және жеке басын куәләндыратын құжаттағы белгілер;
2) акцияның мөлшері, санаты және көрсетілген құны туралы мәліметтер.
Банктің жарғысында шаруашылық серіктестері туралы заңда қарастырылған мәліметтерден басқа міндетті түрде төмендегі анықтамалар болуы керек:
1) банктің толық және қысқартылған фирмалық атауы;
2) банктің ұйымдастыру-құқықтық формасы мен меншік формасы туралы белгілер;
3) банктің қорларын құру және пайдалану қағидалары;
4) банктердің басқару мекемелерінің қаулы қабылдау тәртібі, оған қоса акционерлердің көпшілік даусы қажет сұрақтарының тізімі.
Біріккен, шетел және еншілес банкті ашу үшін рұқсатты жоғарыда келтірілген құжаттармен қоса құрылтайшылары заңды тұлға табылатын болса, келесі құжаттар тапсырылуы керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz