Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Парақорлықтың қылмыстық құқықтық - аспектілері

1. 1 Парақорлық қылмысының генезисі . . . 6

1. 2 Парақорлық түсінігі және құқықтық реттеуі . . . 9

1. 3 Қазақстан заңдылығында парақорлықтың алатын орны . . . 20

2 Парақорлықтың криминологиялық аспектілері

2. 1 Парақорлықтың динамикасы мен жағдайы . . . 34

2. 2 Парақорлықтың әлеуметтік сипаттамасы . . . 43

2. 3 Жоғары оқу орындарындағы парақорлық жағдайы . . . 52

Қорытынды . . . 56

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 58

Қосымшалар . . . 61

Кіріспе

Қазақстан құқықтық мемлекетті құру барысында, көптеген қиын іс-әрекеттер орындауды талап етті, соның ішінде міндетті түрде экономикалық, саясат, әлеуметтік негіздерінің өзгертуімен байланысты болды. Бір жағынан азаматтық қоғам институттардың дамымағандығы, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қатынастардың құрылу процесінің дамуын елеулі түрде тежесе, екінші жақтан бұл құбылыс мемлекеттік құрылымдарына ерекше жауапкершілік жүктейді. Осындай құрылымдар қоғам дамуының тұрақтылығын қамсыздандыруы тиіс. Мұндай жағдайларда қызметтің сапасы, мамандылығы және мемлекет шенеуніктер қызметінің заңдылығы ең басты таллптарының бірі болып табылады.

2011 жылдың 29 қаңтарда болған Президенттің халыққа жолдауында «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау» туралы айтылды. Бұнда құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді. Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр. Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған. Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар. Жемқорлық - бұл лауазымды тұлғалардың параға сатылуы, сатылғыштығы және сыйақыны алумен байланысты болатын қызметтік сипат. Бұл құбылыс қоғам ахуалын дұрыс жолға түсуіне және ұлттық қауіпсіздікке елеулі кедергі келтіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы туралы» 2010 жылдың 20 қыркүйек № 949 жарлығында айтылып кеткендей билік органдарындағы жемқорлық - азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін шектейді, мемлекет аппаратының беделін түсіреді, заңдылық қағидасын бұрмалайды, экономикалық реформаларды жүргізуге бөгет жасайды.

Қазақстанда терең тарихи тамырлары бар жемқорлықтың ең қауіпті және өте кең таралған формасы - парақорлық болып саналады. Ол мемлекет механизімінің барлық салаларына терең еніп қалған құбылыс. Азаматтар алдында бір жағынан билік органдарына сенімсіздік қасиетін тудыртса, екінші жақтан өзінің тұрмыстық, жеке, кәсіпкерлік және өзге де жағдайларын шешумен байланысты парақорлыққа шыдамды қатынасты тудыртып, бұл құбылысқа қоғамның қарсы тұру мүмкіншілігі мен адамгершілігне кері әсер етеді.

Мемлекетіміздің бірден-бір проблемасы болып саналатын, парақорлық пен жемқорлық, ғылыми қоғамдастықты әр уақытта көңіл аудартады. Көзделген қылмысты саралау проблемаларын және алдын алу шараларын анықтап зерттеген келесі отандық заңгерлерді атап кетуге болады: Рогов И. И., Ағыбаев А. Н., Алауханов Е. О., Нәрікбаев М. С., Бычкова С. Ф. Сыдықова Л. Ш. және тағы басқалар. Осы авторлардың құжаттамаларында қазіргі парақорлықты зерттеу ілімдері және бұл құбылыспен күресудің негіздері көрсетілген.

Қазір парақорлыққа қарсы көптеген жарлықтар, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер қабылданып жатқанмен олар актуалды сұрақтарды шешпейді. Мысалы «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР-ның Заңы жемқорлықтың жалпы сұрақтарын, парақорлықтың экономика мен ұйымдасқан қылмыстылықпен қарым-қатынасын және тұлғаларды жекелей лауазымды топтарға жатқызылуын қамтиды. Сол уақытта лауазымды қылмыстардың объектісін дамытуымен, қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың субъектілік жүйесін, парақорлық үшін жауаптылық проблемалары дифференциациясы және парақорлықтың криминологиялық сипаттамасы соның ішінде, оның статистикалық көрсеткіштер, тұлғаның жеке сипаттамасы және профилактикалық шаралардың болу мүмкінділігі зерттеуден тыс қалады.

Біз білетініміздей парақорлық мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс санатына жатады. Лауазымды түлға өзінің құзыретіне жататын іс-әрекетін жасағаны (немесе жасамағаны) үшін әр түрлі нысанда материалдық құндылықтарды алуы. «Біздің отандық қылмыстық құқығымызда парақорлық түсінігі яғни, пара беру, пара алу, парақорлыққа делдал болу үш түрде берілген». Парақорлықтың қауіптілігі сонда ол билікті түсіріп, халықтың алдында беделін төмендетеді.

Дипломдық зерттеудің объектісі болып өзіміздің теориялық деңгеймен байланысты қылмыстық-құқықтық заңдылықты және криминологиялық ілімді зерттеп, анықтау және кемістіктер орын алғанда оларды көрсету болып табылады. Бізбен объект шегінде зерттеу пәні қарастырылатын болады. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311, 312, 313-баптар нормативтік нұсқамалар ретінде қарастырылып, сот органдарының тәжірибесі, елдегі парақорлық қылмысының статистикалық көрсеткіштері көрсетіледі.

Дипломдық жұмысымның мақсаты әлеуметтік-құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

1. оның жалпы түсінігінің маңыздылығы мен объеқтісін анықтау;

2. парақорлыққа қатысты Қазақстанның қылмыстық зандылығының дамуын зерттеу;

3. әлеуметтік маңыздылығын анықтау;

4. статистико-криминологиялық сипаттамасын беріп, соған қатысты есеп беру;

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында дипломдық жұмысымның құрылымы анықталды. Бұл құрылым кіріспеден, қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектіге түсінік беретін бес параграфтан, оны біріктіретін екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда парақорлық пен жемқорлық генезисі қарастырылып, парақорлықтың пайда болуының қайнар көзі туралы айтылған. Сонымен қатар парақорлық түсінігі мен анықтамасы ашылған және Қазақстан заңдылығында алатын орны және тиімді қолданылуы айтылып кеткен, бүған қоса сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы бағдарламасына нақты түсініктеме берілген.

Екінші тарауда парақорлықпен байланысты қейбір құқық қорғау органдарының динамикасы мен санағы туралы айтылған. Оның кескіні «қосымшаларда» көрсетілген. Сонымен қатар теориялық және тәжірибелік қызығушылықты тудыратын парақорлықпен күресу проблемасының криминологиялық және әлеуметтік аспектілері көрсетілген. Әлеуметтік сұрау негізінде, яғни жемқорлық субъектісіне қатысты туындаған кейбір өзекті проблемалардың көрінісі анықталған.

Қорытындыда, зерттеудің нәтижелері, автордың пікірлері мен қортындылары келтіріледі, көзделген зұлымдықпен күресу үшін тиімді әдістер және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту сұрақтары қарастырылды.

1 Парақорлықтың қылмыстық құқықтық - аспектілері

1. 1 Парақорлық қылмысының генезисі

«Парақорлық» деген пәленің етек алып кеткені рас. Басында «Осыған душар еткен, дәу де болса, нарық шығар» деп ойладық. «Бақсақ - бақа екен» демекші, бұл дерт баяғыдан келе жатыр екен. Бірақ қазақтар оның атын пара демейтін. Асылы параны қазақтың қанына жұқтырған көршілес орыс ағайын болса керек. Парақорлық құбылысымен тарих өте ертеден танысқан. Аристотельдің өзі айтқандай: «Билік басында ең маңыздылығы - лауазымды тұлғалардың пайдакүнемдік мақсатын істей алмау үшін заң мен басқада тәртіптер арқылы істерді дұрыс шешу қажеттілігі». [5, 56] Парақорлық туралы көне заманғы римдік 12 кестеде, [6, 12] Көне Русьта митрополит Кирилл «пара- сыйлықты» (мздоимство) ішімділік пен сиқырлы істер жасау қылмыстар түрлерімен қоса айыптады. «Өлім жазасына да «бас имеген» парақорлық» демекші мәселен, пара алғаны үшін ең алғаш көпшілік алдында жаза қолдануды Иван Грозный жасапты. Ол ішіне ақша толтырылған қуырылған қазды алғаны үшін дьяктың алдымен аяғын, сосын қолын кесіп, ең соңынан барып басын алған екен.

Ш. Монтескье анықтаған: « . . . көптеген ғасырлар тәжірибесі арқасында, әрбір билігі бар адам оны бұзуға бейімделген және ол бұл бағытпен соңғы шегіне жетпегенше дейін тоқтамайды». [7, 49] Парақорлық көрінісі тоталитарлық мемлекеттермен қоса демократиялық режимі бар, сонымен қатар экономикасы мен саясаты онша дамымаған елдерде де кездеседі. Парақорлық көрінісі кездеспейтін бірде - бір ел жоқ екені баршаға мәлім.

Адамзат парақорлық құбылысымен ең бірінші рет көне заманнан бастап қазіргі уақытқа дейін күресіп жатқаны баршаға мәлім. Мысалға алсақ, парақорлық туралы ескертулер көне Вавилон клинопистерінде кездеседі. Біздің заманымызға дейін үшінші мың жылдықтардың ортасына жататын шифрленген мәтін бойынша шумерлік Урукагин ханның алдында шенеуніктер мен соттардың заңсыз сый ақыны алудың алдын алу проблемасы қарастырылды[8, 27] . Осындай сұрақтармен Египет хандары күрес жүргізген. Археологоиялық зерттеулер арқасында көне құжаттар табылды, оның ішінде Христос туылғанға дейін 597-538 ж. ж. вавилондардың еврейлерді құлшылыққа алғанда Иерусалимде жаппай жемқорлық құбылыстары болып жатқаны туралы айтылған. Парақорлық мәтіні библияда да кездеседі. Көптеген авторлар ол туралы жаманшылық және зияншылықпен айтқан. Мысалы, библияның бір кітабында Сирахов әкенің өз баласын дұрыс жолға қою сөздері айтылған: «Біреудің айтқанына мән бермей өз айтылған сөзіңе ие бол . . . Алушылыққа сенің қолың ешқашанда бейім болмасын . . . Жамандық істеме, сонда ғана жамандық сені тиіспейді; өтіріктен алшақ бол, сонда ол сені жеңе алмайды . . . » Библиялық қоғамға сол уақыттың өзінде - ақ парақорлықтың фактілері өте таныс болғанын байқаймыз. [9, 39]

Антикалық дәуірде де парақорлықтың көрінісі және өркендеуі орын алды. Оның бұзушылық әсері Римдік империяның құлдырауына әкеп соқты. Кейінгі батыс - еуропалық кезеңнің тарихында жемқорлық қатынастары көптеп орын алып жатты. Оның қоғам істерінің өмірінде болғаны туралы тарихи құжаттарда ғана емес, сонымен қатар көптеген көркем әдебиеттерінде

де көп кездеседі, мысалы Чосердің («Кентерберийлік оқиғалар»), Шекспирдің («Венециалдық саудагер», «Көз бе көз»), Дантенің («Тозақ» және «Тазалаушылық») еңбектерінде орын алды. Осылай Данте парақорларды тозақтың ең қараңғы және төменгі шеңберлеріне орналастырған. Тарихпен айтылған автордың парақорлықты жек көруішлігі саясаттың әсерінен болған, өйткені Данте Итальяндық республиканың күйреуіне және қас саясаткерлердің алға шығуы пара-сыйлықтың арқасында болған деп есептейді.

Көптеген батыс ойшылдары парақорлық құбылысына көп көңіл аударған. Оның қайнарларын Николло Макиавелли де зерттеген. Былай қарасақ оның бұл проблемаға сол уақытта көз қарасы қазіргі күнге дейін актуалды болып есептеледі. Үлгі ретінде ол парақорлықты құрт ауруымен (чахотка) салыстырған және бұл туралы былай деп айтқан: «ең басында оны ажырату қиын болғанымен, оны емдеу жеңіл болады, ал ол ұзақтанып кетсе, оны ажырату жеңіл болғанымен, оны емдеу қиынға соғады». [10, 88] Былай қарасақ жай айтылған сөз, бірақ қазіргі жемқорлықтың Қазақстанда және бүкіл әлемге таралуына нағыз баға береді. Ресейде пара-ақы (лихоимство) күрт таралғандықтан бірінші Петр 1713 жылдың 25 тамызында лихоимдерді заңдылыққа бағындыру үшін өлім жазасына кесу туралы Жарғы қабылдады. [11, 47] Бірінші Николай императорына жазылған 1827 жылдың тамызына жататын «Бұл қылмыстылықты жою үшін пара-ақы (лихоимство) туралы заң және алдын алу ережелер Жоғарғы бекітілген Комитеті қарастыру үшін құжатты» берген. Бұл құжатта жемқорлық қатынастарының таралуының себептері қарастырылып, жемқорлық сипатын жіктеп және бұл құбылыспен қарсы шығу шаралары көрсетіліп жазылған. Жекелей түрде алсақ, мұнда былай айтылған: «ашық жүректі адамдарың аздығы», «олардың алуға биімділігі», шенеуніктер жалақыларының төменділігі әсерінен «өзін дұрыс күте алмай, сонымен қатар өмірлік игіліктерді жүзеге асыра алмауына, өз балаларын дұрыс білімге бейімдей алмауына әкеп соғады және олар тек қызметтің кішкене берген көмегіне және қызын ұзатып жатқанда ғана кішкене сый ақыға ие болатындығы» туралы айтылған. Бұл билік басында отырған тұлғаға пара-ақыға жол беруіне әкеп соғады. [12, 64] Олар әр түрлі болады: сыйлықтар, уәделер, өз қызметін көрсету, соттардың әрбір ұнаған затын білу үшін таныстарды іздеп соларды іске қосады, егер өзін сатып алуға үлгере алмаса онда оның туыстарын жақындарын сатып алуға бейім болады. Шенеуніктердің арасында болып жатқан парақорлық іс-әрекеттері тарихи құжаттамада ғана емес сонымен бірге орыстың ұлы жазушыларының Ы. В. Гогольдің, М. Е. Салтыков-Щедриннің, И. И. Лажечниковтың, А. В. Сухово-Кобылинаның, А. П. Чеховтың шығармашылығында да көптеп кездеседі.

I Николай да құпия полицияға өз қол астындағы 58 губернатордың қайсысы пара алатынын анықтауды тапсырыпты. Сонда 58 губернатордың 56-сы парақор болып шыққан. Алайда патшаны таң қалдырғаны алатын 56-сы емес, алмайтын 2-уі екен. Оның бірі киевтік Фундуклей, ал екіншісі - Радищев. Өйткені алғашқысы өте бай адам, екіншісі атақты «Петербургтан Москваға саяхаттың» авторы Радищевтің баласы болатын.

Ал енді Петрден кейін парақорлық үшін өлім жазасын 200 жылдан кейін барып В. Ленин қайта енгізді. Біраз парақорларды қан қақсатқанымен, жалпы алғандағы жағдайды жөндей алмады. Бұдан бес жыл өткесін, яғни, 1927 жылы өлім жазасы алынып тасталды. Кейін Хрущевтың заманында 1962 жылы парақорлық үшін өлім жазасы қайта енгізілді. Бірақ бұл жай ғана көзбояушылық еді. Шын мәнінде парақорлық, жемқорлықпен күресте өлім жазасы ештеңені де шеше алмайды. Керісінше, бұл шара қылмыстың құпиялана түсуіне ерекше ықпал етті.

Бұдан шенеунік не рухани дүниесі бай, өмірдің өткіншілігін, ақшаның, халықтың көз жасынан жырылып алынған ақшаның опа бермейтінін түсінетін адам болғанда ғана, қанағатшыл болғанда ғана алмайды деген де қорытынды шығаруға болар еді. Алайда ондай адам қазіргі қоғамда салыстырмалы түрде адамнан гөрі періштеге көбірек ұқсас болар еді. Ал пенденің періште-ғұмыр кешуі өте азапты іс.

И. В. Сталин билік жүрігізіп жатқанның өзінде-ақ жемқорлық тапшылығы жойыла қойған жоқ, бірақ сталиндік социализм моделі жемқорлықтың аз болғандығын айтады. Бірақ саясат және экономикалық террордың негізінде болған тоталитаризм басқада елдерде (классикалық мысал ретінде гитлерлік Германия) жемқорлық құбылысы аз болғанын ұмытпауымыз керек. " Социализм дәуірі аяғында парақорлықтың кең алқапқа жайылуы туралы сот процестердің құжаттамасы мен 1970-1980 ж. ж. болған ақпараты ғана емес, сонымен қатар 1990 жылы болған зерттеулер куәландырады. Мұның негізінде ең көп алатын олар шаруашылық субъектілердің материалдық-техникалық қамсыздандыруды және қаржы қызметін атқарушы құрылымдар, ішкі экономикалық қатынастар, тауар бөлу аясындағы қадағалау мен ұйымдастыру бөлімшелері және халыққа әлеуметтік көмек көрсету ұйымдары болған.

Осының барлығы жемқорлықтың қоғамдық қатынастарға кіруіне жәрдем жасалып жатты. Бұл соңында қанша қылмыстық жауаптылық көзделгенмен паралар ашық алынып жатты. 1999-2009 ж. ж. зерттеулеріне жүгінсек, соңғы 12-15 жылдарда парақорлық үшін жалпы мың тұлғаның ішінен тек біреуі ғана сотталған (1980 ж. аяғы 1990 ж. басындағымен салыстырғанда жиырма пайыз төмен) . [13, 91] Бұл маңызы бойынша формальды болмаса да, парақорлық қылмыстылықта декриминализацияланып жатқанын байқаймыз.

Пара деген пәленің құдіреттілігі сонда, құдайға анық істердің өзі көзіңді бақырайтып қойып, қалталының пайдасына шешіліп жатады. Ал сорлайтын сол баяғы қара халық. Айтайық дегеніміз, біздің елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес дұрыс жүрмей жатыр деген пікір емес. Тек оның нәтижесіздігі ғана тілге тиек бола алады. Себебі, жоғарыда атап өткеніміздей, бұл індеттің тарихы қалың, тамыры терең. Оны түп-тамырымен жою мүмкін емес. Тек сәл саябырлатуға болады. Оның шаралары біздің елімізде жасалып та жатыр, бірақ нәтижелері шамалы. Сол үшін қазірден бастап-ақ барлық мүмкіншіліктерді қолданып бұл құбылыстың кішіреуіне және соңында мұны шыдамды әлеуметтік деңгейге жеткізу үшін бар күшін салу керекпіз.

  1. Парақорлық түсінігі және құқықтық реттеуі

Пара беру, пара алу және параға делдал болу - жемқорлықтың өте кең тараған түрлері болып табылады. Мұндай қылмыстар биліктердің және басқармалардың дұрыс қалыпты қызметін бұзып, олардың беделін түсіріп және лауазымды тұлғаларды сатып алғанның арқасында өз проблемаларын шешіп, тілегенін алып, өзін және басқа да тұлғаларды жауаптылықтан сақтап қалу мүмкіндігі бар екендігін халыққа көрсетеді, яғни мұны халық біліп осы мүмкіншіліктерді қолданады. Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс. Бұл қылмыстың мағынасы, яғни лауазымды тұлға, өзінің лауазымды қызметімен байланысты істелген қызметі үшін ұйымдардан немесе басқа да түлғалардан заңсыз материалдық сый ақы алуы. Парақорлық латенттік тобына жатады. [14, 97] Қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның парақорлыққа деген көзқарасы әртүрлі. Осы құбылыстың пайда болу туралы және мемлекет пен қоғам институтына әсер ету деңгейінің тұжырымдамасы әртүрлі, мұның себебі, парақорлықты заңгерлер ғана емес, экономистер, әлеуметтанушылар және саясаткерлермен де зерттелетіні анық. Осыдан біз кең әртүрлілікті байқап отырмыз. Онымен қоса парақорлық түсінігі қоғам тәжірибесінің негізінде тұрмыс салтта да қалыптасқан. Бірақ мұндай әр алуандық нақты универсалды парақорлыққа деген түсінікті қалыптастыру үшін қиындық туғызады және тиімді қарсы іс - әрекет механизм дамытуын объективті түрде шектейді.

Қазіргі заңдылықта парақорлық жемқорлық түсінігімен тығыз

байланыста. Жемқорлық бұл өте ерте кездерден туылып және қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде өз тіршілігін жалғастырып келе жатқан қиын әлеуметтік құбылыс.

Жемқорлық (латын т. соrruрtіо) сатылу дегенді білдіреді; сонымен қатар қоғамдық және саясат қызметкерлердің, мемлекеттік шенеуніктер мен лауазымды тұлғалардың сатылуы.

Ғылыми, оқу және қоғамдық жариялық әдебиеттерде жемқорлық анықтамасы әр түрлі мағынада беріледі.

Мысалы жоғары оқу орындарының «Қылымыстық құқық» оқулығында, кең түрде қарағанда, парақорлық - жария аппарат басқармасын зақымдап, биліктің ыдырауымен байланысты. Қасақана өз мемлекеттік міндетін, өзінің қызметтік жағдайын, алып жатқан лауазым мәртебесін және беделін пайдалана отырып өзін немесе мүдделі топты пайдакүнемдік мақсатта байыту.

Парақорлық субъектісі болып бір жағынан лауазымды түлғалар болса, екінші жағынан жеке сектордың заңды және заңсыз өкілдері болып табылады. Жемқорлық қылмысты зерттеуші атақты Максимов СВ. Былай деп түсінеді: парақорлық мемлеқеттік қызметке ие болған, мемлекеттік немесе кәсіпкерліктің, ұйымның немесе мемлекеттік емес ұйымның қызметкері парақорлық актісін атқарған үшін жауаптылыққа тартылу қабілеттілігі бар, және сот шешімі негізінде парақорлық құқық бұзушылық жасаған үшін жазаланатын тұлға болып танылады.

Парақорлық (ҚР ҚК 311, 312, 313-баптары) мемлекетке, билікке мемелекеттік қызмет мүддесіне және жергілікті өзін - өзі басқару органдар қызметіне қарсы жемқорлық сипаты бар, сонымен қатар ең қауіпті қылмыстар санатына жататынын білеміз.

Барлық бекітілген және заңмен қорғалатын қоғамдық және шаруашылық қатынастар жемқорлың объектісі болып саналады.

Пара алу қылмыс құрамының топтық объектісі биліктің дұрыс және заңды қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 311-бабында көзделгендей мұнда мемлекеттік қызмет органдар беделі мен қызметіне қол сұғылады және бұл қол сұғушылық түрінің түрлік объектісін құрады. Мемелекеттік қызмет мүддесіне басқарма жүйесінің қызметі, мекемелер және сонымен бірге «Казақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтер жатады. Қызметтік және атқару жүйесіне Қазақстан Республикасының Үкіметін, Әділет министрлігін, сонымен бірге басқа да министрліктерді, ведомство аралық ұйымдарды, комитеттерді, мемлекеттік қызмет әкімшіліктерді, кәсіпкерліктерді және кәсіпорындарды жатқызуға болады.

Қылмыстық кодекстің 13 тарауы «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа» арналған. [20, 71] 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше «Лауазымды қылмыстар» деген тарау бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік - экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қызметтері мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де үйымдар жүйесінде істелетіні айқындадды. Осыған орай бұрынғы кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар болып жеке 2 тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымда адамдардың қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пара алудың обьективті және субъктивті мазмұнын анықтау
Парақорлық қарсы күрестің қылмыстық құқықтық қырлары
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Парақорлық қылмыстар
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Пара берудегі қылмыстық жауаптылық
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz