Табиғи сулардың химиялық құрамы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Судың химиялық және физикалық қасиеті. Табиғи сулардың химиялық құрамы.
1. 1 Судың химиялық және физикалық қасиеті . . . 5
1. 2 Табиғи сулардың химиялық құрамы . . . 7
1. 3 Су сапасының көрсеткіші . . . 8
2 Табиғи сулардың ластануы және оны тазалау.
2. 1 Ластану түрлері . . . 11
2. 2 Ағын суларды тазалау әдісі . . . 17
3 Ақмола облысының су ресурстарының физика-географиялық сипаты.
3. 1 Су ресурстарының физика-географиялық сипаты . . . 19
3. 2 Қопа көлінің физика-географиялық сипаты . . . 22
3. 3 Қопа көлінің экологиялық мәселелері . . . 26
4 Зерттелген орыны мен уақыты
4. 1 Қопа көлінің жалпы мінездемесі . . . 30
4. 2 Қолданылған әдістемелердің сипаттамасы . . . 35
5 Зерттеу жымысы
5. 1 Қопа көлі суының физикалық және химиялық көрсеткіштері . . . 39
5. 2 Қопа көлінің әр нүктеден алынған суының химиялық көрсеткіштері . . . 42
5. 3 Қопа көлі суының биоиндикациялық анализдау . . . 42
Қорытынды . . . 46
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Гидросфера - бұл Жер бетінің сулы қабаты, оған мұхиттар мен теңіздер, көлдер, өзендер, суқоймалары, батпақтар және беткі мен жер асты сулары, мұздықтар тағы қарлы қабаттар жатады. Соның өзінде гидросфераның 97% теңіз сулары құрайды, тек 3% -- түшы су. Шамамен 79% тұшшы су мұздықтар мен кар қабаттарында орналасқан, 20% тұшшы су жер асты сулары құрайды, тек жер бетіндегі өзен, көлдер, теңіздер булануы арқасында судың 1% суайналымына қатысады. Тұшшы су атмосфералық ылғалдың құрамына кіреді[9] .
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі -су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.
Су -түсі, исі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық қасиеті бар. Жер бетінің 77, 5 процентін( мұздары, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларын өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңберіндегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.
Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі, ұзындығы 428км. ені 235км. суының көлемі 1000км3, ең терең жері 67м. болатын. Қазіргі көлемі жөнінде нақтылы мәлімет жоқ. Теңізге құйылатын өзен суы 76км -ден 42км -ге дейін азайып, өнімді көп беретін, суы саяз, балықтар уылдырық шашатын шығыс және оңтүстік жағалау құрғап, істен шыққан соң, теңіз жануарларына үлкен нұсқан келуде. Аралдың қазіргі қайғылы жағдайы дүние жүзін алаңдатып отыр.
Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430км. ., теңіздің ең терең жері 1025м. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар. өсімдіктері негізінен көкжасыл балдырлар. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Жануарлар дүниесінен бекіре тұқымдас балықтарды, майшабақтарды, көк серкені, сазанды, табанды, ит балықтарды кездестіруге болады .
Су - қоршаған ортаның маңызды элементінің бірі, ол халықтың денсаулығы мен санитарлық жағдайын анықтайтын маңызды сатысы. Жер бетіндегі барлық тірі жұйелер, соның ішінде адамда, кұрамында су бар. Жер бетіндегі өсімдіктер 85 - 95% судан тұрады, ол әр тірі клетканың ең маңызды элементы болып табылады. Су барлық тін мен ішкі мүшелер құрамына кіреді, ересек адамның ағзазында шамамен 60% су болады. Негізгі судың бөлігі клеткаларда жиналған (70% - клетканың ішіндегі су, ал 30% - клеткадан тыс су) . Қанның 90% судан тұрады. 12 - 15 литр су жоғалту ағзаны өлімге жолықтыруы мүмкін. Адам ағзасындағы биохимиялық реация суда өтеді, өйткені көп органикалық қосылыстар суда жақсы ериді. Одан басқа су ағзаның терморегуляциясы (булану) мен токсикалық заттарды (тер, нәжіс)
шығаруға көмектеседі[24] .
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қопа көлінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу және суқойманың экологиялық жағдайына биоиндикациялық бағалау беру.
Зерттеу міндеттеріне мыналар кірді:
1 Қопа көлі суының физикалық көрсеткіштерін лабораториялық зерттеулер негізінде бағалау.
2 Қопа көлі суының химиялық көрсеткіштерін лабораториялық зерттеулер негізінде бағалау.
3 Қопа көлінің ластануын анықтауға биоиндикациялық анализ жүргізу.
Әдебиетке шолу
1 Судың химиялық және физикалық қасиеті. Табиғи судың химиялық құрамы.
1 . 1 Судың химиялық және физикалық қасиеті
Су - Жер бетіндегі ең бірегей және қызық зат. Жер бетінде өтіп жатқан ұдерістерге ең маңызды рөл ойнайтын, табиғатта көп кездесетін қосылыстардың бірі. Суға Жер бетіндегі ең маңызды тарихи геологиялық рөл тиісті және Жерде өмірдің пайда болуы тағы физикалық және химиялық ортаның қалыптасуы мен климат пен ауа райдын тұрақтануы. Судың молекулалары жұлдыз аралық кеңістікте табылған, ол комета құрамына кіреді және т. б.
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі -су.
Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады.
Су -түсі, исі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық қасиеті бар.
Су - жай химиялық қосылыс, ол 11, 11% сутегі және 88, 89% (салмағы бойынша) оттегіден тұрады. Химиялық таза су түссіз, иіссіз және дәмсіз болады[13] .
Судың қасиеті
Су - салғырт еріткіш. Ол ерітетін көпшілік техникалық қосылыстардың әсерінен химиялық қасиеті өзгермейді. Бұл біздің планетамыздағы барлық тірі организмдер үшін өте маңызды, ойткені олардың тіндеріне аз өзгерген тұрде қоректік заттар су арқылы түседі. Табиғи жағдайда су әр қашан әр түрлі мөлшерде әр түрлі қоспалар болады. Мысалы жаңа жауған жаңбырдың судың өзінен ондаған миллиграм әр түрлі еріген заттар, әр литр көлеміне алуға болады. Абсолютті таза суды ешкім ешқаш әлі күнге дейін агрегатты күйде алып көрмеген; химиялық таза суды, айтарлықтай мөлшерде ерітінді заттардан арылған суды өте ұзақ және қажырлы тазарту ақасында лабораторияларда немесе арнайы өндірістік құрылғыларда алынады.
Табиғи жағдайларда су өзінің «химиялық тазалығын» сақтай алмайды. Әр кезде ол әр затпен араласып отырады, сондықтан да оны табиғатта судың таза күйі табылмайды. Тұшшы суда негізінен ерітінді заттар 1 г/л асады. Теңіз суында тұздардың мөлшері шамамен бір литре бір неше бірліктен ондаған грамм арасында ауытқып тұрады.
Теңіз суының негізгі құрамында 89% хлоридтерден түрады (басым бөлігі натри хлориді, калий және калций), 10% сульфаттарға тиесілі (натрий, калий, магний) және 1% - карбонаттарға (натрий, калций) т. б. тұздар. Ал тұшшы су керісінше 80% -ға дейін кабонаттардан (натрий және калций) тұрады, шамамен 13% сульфаттардан (натрий, калий, магний) және 7% хлоридттардан (натрий, кальций) тұрады.
Су газдарды жақсы ерітеді (аса төмен температурада да), негізгі ерітетін газдары оттегі, азот, көміртег диоксиді және күкіртсутегі. Кей кезде суда оттегінің мөлшері 6мг/л жетеді. Нарзан тіпті минералды сулардың құрамында жалпы газдың болу шамасы 0, 1% дейін құрайды. Табиғи суларда қарашірінді заттар болады, олар өсімдіктер мен жануарлар дың тіндерінің толық шірімеген қалдықтарының күрделі химиялық қосылыстары және тағы да ақуыз, спирт, қант тіпті қосылыстар.
Су жоғары жылусыйымдылығына ие. Судың жылусыймдылығы бірлікпен өлшенеді. Құмның жылусыймдылығы, мысалы 0, 2, ал темір тек 0, 107 судың жылусыймдылығын құрайды. Судың жылусыймдылық қасиеті, үлкен жылу энергиясының қорын жинауы Жердің жағалауындағы аумақтардағы температураның тербелістерін қалыпты ұстауға септігін тигізеді. Су біздің планетамыздағы температураны қалыпты ұстаушы ретінде болады.
Су беткі жоғары керіліске ие - 72, 7 эрг/см 2 (20 ° С та) . Бұндай қатнаста суйықтықтар түрлерінің арасында су тек мырышқа жол береді. Осындай судың қасиеті, сутегінің Н 2 О әр молекуласымен қосылысында. Ерекше көрнекілігі көп заттардың үстінгі қабаттарына жабысуындагы жоғарғы керілісі. Орнатылған, саз, құм, шөлмек, тін, қағаз және т. б. оңай суланады, өйткені олардың құрамында әр кезде оттегі атомы болады. Бұл факт табиғи сулануды ашуда шешуші тусінікке ие болды.
Сулану және беткі керіліс бір құбылысқа жатады, ол құбылыс капиллярлық деп аталады: жіңішке каналдар арқылы көтерілгенде оны көтеріліс күші көбейеді.
Капеллярларда су таңқаларлық қасиетке ие. Б. В. Дерягин орнатқан, капиллярдағы су, судың буынан конденсацияланған 0° С қатпайды, және ондаған градус төмендеген кездеде қатпайтын қасиетке ие. Судың молекулалары жоғарғы термиялық төзімділігімен ерекшеленеді, схема бойынша дестукцмяланғанда.
2H 2 O ⇔ 2H 2 + O 2 + 2 • 245, 6 кДж.
Су реакциялаушы зат: ол қышқылдатқыш пен қатар қалпына келтіруші қасиеті бар. Судың күшті қалпына келтірушілер әсерінен су қышқылдық қасиетке енеді: ол суықта сілтілер мен жерсілті металдарды кышқылдатады, ал жоғарғы температурада - темір, көміртегі, т. б.
Күшті қышқылдатқыштар әсерінен (фтор, хлор, электір токі) су қалпына келтіруші қасиетін ие болады. Мысалы, фтормен әрекетесу реакциясын келесі түрде көрсетуге болады: 2F 2 +2H 2 O ⇔ 2H 2 F 2 +O 2 .
1. 2 Табиғи сулардың химиялық құрамы
Топырақта органикалық заттардың қышқылдану процесінде оттегіні ысырап етеді және көміртегі шығарады, сол үшін суды топырақ арқылы фильтірлеген кезде топырақ құрамында оттегінің мөлшері көбейеді, ол табиғи сулардың кальци карбонаты, магний және темірге бай болады. Суда еріген қышқыл тұздардың мнандай түрлері пайда болады, мысалы:
CaCO 3 + H 2 O + CO 2 → Ca(HCO 3 ) 2
Биокарбонаттар барлық суларда әр түрлі мөлшерде болады. Химиялық құрамының пайда болуына үлкен септігін тигізетін топырақтың қыртыс-қабаты, ол арқылы су фильтірленеді және кейбір минералдарды ерітеді. Суды ерекше интенсивті байытатын тұнбалы жыныстар болып табылады, олар, әк, доломиттер, мергели, гипс, тасты тұз және т. б. Өз орнында топырақ пен жыныс табиғи сулардан кей бір иондарды абсорбтайтын қасиеті бар (мысалы, Ca 2+ , Mg 2+ ), басқа иондардың эквовалентті санымен оларды орын ауыстырады ( Na + , K + ) .
Топырақасты сулармен хлоридттер мен сульфаттар, натрии мен магнии және кальци хлориді оңай ериді. Силикатты, алюминсиликатты жыныстар (граниттер, кватцтық жыныстар және т. б. ), құрамында көміртегі бар және органикалық қышқылдар суда ерімейді.
Хлор ионы барлық табиғи суқоймаларында болады, және оның мөлшері кең ауқымда өзгеріп отырады. Сульфат ионы да барлық жерде бар. Суда еріген сульфат ионының негізгі көзі гипс болып табылады. Сульфат ионы өзендер мен көлдерге қарағанда жер асты суларында мөлшері көп болады. Табиғи суқоймаларда ең көп кездесетін метал сілті ионы ол натри ионы, оның ионының мысалы күштіминералданған теңіз бен мұхит сулары.
Кальци мен магни ионы азминералданған суларда бірінші орын алады. Кальци ионының негізгі көзі әк тастар, ал магнидікі - доломиттер (MgCO 3 , CaCO 3 ) . Сульфаттар мен карбонаттар жақсы ерігіштік қасиетіне байланысты табиғи суларда кальци ионына қарағанда көп концентрацияда кездеседі.
Сутегі иондары табиғи суларда болуы көмір қышқылымен байланысты. Көбінесе табиғи сулардың рН 6, 5 - 8, 5 шамасында болады. Жер бетіндегі сулардың құрамында көмірқышқыл рН шамасы жер асты суларына қарағанда мөлшері төмен.
Табиғи суларда азот қосылыстардың болуы амония иондары, нитридтті, нитрадтты иондары мен жанурлардың органикалық қосылыстары және өсімдіктерге байланысты. Амония иодары су қоймаларына өндірістік ағын суларымен де түседі.
Темірдің қосылыстары табиғи суларда өте жиі кездеседі, темірдің ерітіндіге өтуіне оттегі немесе қышқыл әсер етеді, мысалы, пирит жыныстарда көп кездесетін элементтермен қышқылданғанда, темір күкірқышқылына айналады, ал көмір қышқылымен әсерінен - темір корбонаты.
Иондық заттар типінен басқа табиғи сулардың құрамыда газдар мен органикалық және ірідисперстік заттар бар. Табиғи суларда көп таралған газдар, оттегі мен көмырқышқыл газы. Оттегінің суға түсу көзі атмосфера болса, көмірқышқыл газының көзі - жер асты қыртысында өтетін биохимиялық процестер мен атмосфера көмірқышқыл газы.
Органикалық заттардың ішінен басқа жерден түскен, гумусты топырақты сумен шаю барысындағы гуминді заттарды атап өткен жөн. Олардың көп бөлігі калоидтты күйде болады. Ал су қоймаларда органикалық заттар суға үздісіз түсуі, судағы әр-түрлі организімдер өлу барысында жүреді. Солардың тең жартысы суда қалқыған күйде қалса, тең жартысы су түбіне түсіп ыдырау басталады.
Грубодисперсті приместерге тән, табиғи сулардың лайқалығы, суларда минералды және органикалық заттардың болуы, ол заттар жер бетін жауын-шашын, өзендер тасуы, ж. т көктемде сумен түседі.
1. 3 Су сапасының көрсеткіштері
Табиғи сулар құрамының әр-түрлілігі, су қоймалардың пайда болу процесіне, оны қорғауна байланысты. Суды физикалық, химиялық және микробиологиялық қасиеттері арқылы анықтайды.
Физикалық қасиеттері
Судың температурасы - ең тұрақты температура жер асты суларына тән. Заңға сәйкес, 5-10 °C. Суқоймалардың температурасы жыл мезгіліне, ауа-райына, ағын сулардың құйылуына және т. б. факторларға байланысты.
Өлшенген заттар тізімі - өлшемі 100мкм нен 1мм дейінгі бөлшектерден тұрады. Олардың негізгі ерекшеліктері, судан бөлінуі, ауырлық күші арқылы су түбіне тұнбаланады. Өлшенетін заттарды анықтау үшін суды қағаз фильтір арқылы өткізіеді. Өлшенетін заттардың судағы санын фильтірдің салмағының өсуі арқылы анықтайды. Судағы өлшенетін заттардың анық мөлшерін өлшеу арқылы анықтау үшін көп уақыт қажет, сондықтан судағы өлшенетін заттардың экспесс-анализдар алу үшін судың мөлдірлігі мен лайқалығы арқылы анықтайды.
Мөлдірлігі - судың столбты максималды биіктіктен сызығы 1мм тұратын крест немесе белгілі көлемдегі шрифт арқылы анықталады. Мөлдірлік сантиметр «шрифт» немесе «крест» арқылы анықталады.
Лайқалығы -нефелометр-калориметр, мутномер арқылы лабораториялық жағдайда немесе фотометриялық жол арқылы анықталады. Анықталады (мг/л) . Жер асты суларына қарағанда, жер бетіндегі сулардың айырмашылығы өлшенетін, коллоидтты заттардың саны мен сапасының әр түрлілігі көп болуында. Өлшенетін заттардың болуына куат алу жағдайлары, ағыс жйелігі және жағалауларды сумен шайылу дәрежесіне байланысты. өлшенетін бөлшектерге байланысты жер бетіндегі сулардың лайқалығы мыналарға бөлінеді, аз лайқаланған - 50 мг/л дейін, орташа лайқаланған - 50 ден 250 мг/л дейін, лайқаланған - 250 ден - 2500 мг/л дейін, қатты лайқаланған - 2500 мг/л астам.
Судың түсі - табиғи таза сулар негізінен түссіз немесе көкшіл түске ие. Топырақ пен шымтезектерді шаю барысында органикалық заттармен ластанған су сары немесе өоңыр түске ие болады. Бұл органикалық заттарды атын жалпы бір аттың астына жинап, оны қарашірік деп атайды. Табиғи суларға негізінен түс беретін органикалық каллоидтты қосылыстар. Жер асты суларының түсі темір закисі, күкірт қосылыстары, марганец және т. б. қосылыстардың болуына тәуелді. Кейде су өзіне тән емес түске енеді, оған себепші суқоймаларға тазартылмаған ағын сулардың түсуі. Судың түстілігі платина-кобальттық градус шкаласы бойынша өлшенеді, оны анықтау үшін тексерілетін су мен эталондық еріткішті салыстырады. Табиғи сулар түсі бойынша шамалы түсті, түстілігі 35 градға дейін және түсті - 35 градтан астам.
Судың дәмі және иісі - жер беткі сулардың органолептикалық қасиеттері биологиялық шығу тегінен бастау алады, олар, тіршілік ететін және өлген өсімдіктер, плесті саңырауқұлақтар, бактериялар, осылардың барысында судың түстенуі. Су қоймаларын шаруашылық, өндірістік ағын сулармен латануы, ол судың құрамында ароматикалық сутектің, спирттің, фенолдың, альднгидттердің және т. б. органикалық заттардың болуы судың органолептикалық қасиетін нашарлата түседі. Судың иісі мен дәмі тығыз байланыста болады. Заң ретінде, судың иісін өзгертетін заттар суға да дәм береді. Қышқыл дәмді органикалық қышқылдар береді: алма, щавель, құмырсқа, шарап, және т. б. қышқылдар. Тәтті және ашшы дәмнің болуы, суда төменмолекулярлы органикалық қосылыстардың бар болуы. Ең көп таралған жер асты суларының органолептикалық қасиетінің нашарлану себептері, суда күкірсутегі, темір, марганец, сульфат және хлорид жоғары концентрациялары болуы. Мысалы суда темірдің 1 мг/л астам болса су жағымсыз иіс пен дәмге ие болады. Тұзды дәм көп жағдайда тұздардың еруімен байланысты.
Табиғатта су ешқашан таза химиялық қосылыстардан түрінде кездеспейді. Әмбебап қасиетке ие, ол қалыптасу кезінен бастап өзнің жолда кездескен барлық элементтерді ерітіп өз құрамына қосып келеді, оның құрамында қосылыстардың мөлшері оның қалыптасуына байланысты. Су өзіне топырақ пен атмосферадан көмірқышқылды сіңіріп өзінің жолында кездескен минералды тұздарды еріту қасиетіне ие болады. Жыныстар арқылы өткенде су соларға тән қасиетке ие болады. Мысалы, әк жыныстарынан өткенде су әкті болса, доломит жыныстарынан өткенде - магнилы болады. Ал тасты тұз бен гипстен өткенде су күкірқышқыл мен хлорид тұздарына қанығып, минералды суға айналады.
Судың химиялық қасиеттері келесі көрсеткіштермен сипатталады: активті реакция, каттылғы, қышқалдануы, еріген тұздардың құрамы.
Судың активті реакциясын сутегтің ионды концентрациясы арқылы анықтайды. Негізінен ол рН арқылы көрсетіледі. рН=7 болса орта нейтралды; егер рН<7 орта қышқыл, рН>7 болса орта сілтілі.
Судың қаттылығы құрамында кальци мен магни тұздарының болуымен анықталады. Ол миллиграм-эквивалент литрге (мг·экв/л) . заңы бойынша есептеледі. Жер асты сулар жоғарғы қаттылыққа ие, ал жер бетіндегі сулардың қаттылығы - относителді жоғар емес (3-6 мг·экв/л) . Қатты су құрамында көп минералыды тұздар бар, оның мысалы ыдыстардың жиектерінде, шайнектерде және т. б. агрегаттарда қатқан тастар - тасты тұздар. Қатты су, сутасмалдаушы жұйеге жарамсыз. Бұндай суда шай жақсы демделмейді, сабын жақсы ерімейді, жеміс-жидектер тіпті піспейді. Жұмсақ судың қаттылығы 10 мг·экв/л аспау қажет.
Қышқылдану судың құрамында органикалық қосылыстардың барлығын көрсетеді және ол су көздерін өндіріс ағын суларымен ластануын да анықтайды. Құдықтар үшін өндірістік ағын сулар, құрамында ақуыз, майлар, эфирлер, көміртегтер, органикалық қышқылдар, спирттер, фенолдар, мұнай, т. б. бар болғанда ерекше қауып-қатер туғызады.
Суда еріген тұздардың болуы (мг/л) тығыз (құрғақ) тұнбаның болуынан анықталады. Жердің беткі қабатындағы сулар жер асты суларына қарағанда тұнба аз болады, былайша айтқанда еріген тұздардың мөлшері аз. Ауыз судың минералдану шегі 1000 мг/л болып өз уақытында органолептикалық сипаты бойынша бекітілген. Судың құраменда егер тұздың мөлшері көп болса онда судың дәмі тұз татып немесе ашы дәмі болады. Суда олардың молшері дәм сезілгенше жіберіледі, олардың рұқсат етілген мөлшерлері мынадай: 350 мг/л хлоридттер үшін және 500 мг/л сульфаттар үшін. Организның адаптациялық реакциясы үшін ең томенгі судың минералдануы 100 мг/л болса, ал оптималды 200-400 мг/л болып табылады. Және айта кетері судың құрамында кальцидың мөлшері 25 мг/л төмен болмау керек, ал магни үшін 10 мг/л ден.
Судағы бактериялогиялық ластану дәрежесін бактерия санын санау арқылы анықтаймыз, онда 1 куб. см суда 100 болу керек. Жер бетіндегі су көздері ағын және жауын сулары, жануарлар әкелген бактериямен ластанады. Жер асты сулары негізінен бактериямен ластанбаған болып табылады
Оларды патогенді (ауыру тудыратын) және сапрофитті бактерия деп ажыратады. Судың патогенді бактерияларымен ластануын бағалау үшін ондағы ішек таяқшаларының мөлшерін анықтайды. Бактериялық ластануды коли-титр және коли-индекс әдісі арқылы анықтайды. Коли-титр бұл судың көлемі, ондағы ішек таяқшасының бір данасы 300г суда кездесу керек. Коли-индекс 1литр суда ішек таяқшасынын саны 3ге жету керек.
2 Табиғи сулардың ластануы
2. 1 Ластану түрлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz