Спортшылардың психологиялық дайындықтары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Спорттағы әлеуметтік-психологиялық аспектілер …… . . . . . . 5
1. 1 Спортшылардың психологиялық дайындықтары . . . 5
1. 2 Жаттықтырушы-спортшы жүйесіндегі өзара қарым-қатынас ерекшелігі 9
1. 3 Эффектілік кәсіптік байланыстың психологиялық құраушысы . . . 11
1. 4 Психологтың спортшылармен ұйымдастыру жұмысы . . . 14
1. 5 Спорттағы бейiмделудің теориялық әлеуметтiк-
психологиялық аспектiлері . . . 18
1. 6 Әлеуметтік - психологиялық климат . . . 24
1. 7 Зерттеу мәселесінің теоритикалық аспектілері . . . 36
2 Зерттеу нәтижелерін ұйымдастыру және талдау . . . 45
2. 1 Зерттеуді ұйымдастыру және әдістер . . . 45
2. 2 Зерттеу нәтижелерін талдау . . . 45
2. 3 Жаттықтырушы мен спортшы арасындағы педагогикалық
қарым- қатынасты ұйымдастыру . . . 50
2. 4 Спорт психологиясы . . . 53
Қорытынды . . . 62
Тәжірбиелік ұсыныс . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе
Кез келген елдің өмірінде спорт маңызды рөл атқарады. Бұл мәдени дамудың негізгі бөлімі, физикалық көрсеткіш және нақты нық сеніммен айтқанда ұлттың адамгершілік саулығы. Бірақ спорттағы нәтижелі сапалық көрсеткішке жету үшін дамытылған күш, материалдық инвестиция және бүкіл қоғамнан нақты сәйкестік қатынас мемлекттен бастап қарапайым азаматтарды қоса алғанда қолдауы қажет. Қазіргі бәсеке заманында барлық деңгейдегі спорттық жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу, спорттық қондырғылардың жеткілікті көлемде болуы, білікті мамандарсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Жарыстың әр деңгейдегі сатыларында жақсы нәтижеге жету үшін, спортшының іс - қимылымен психологиялық дайындығын қамтамасыз етуде жаттықтырушының ролі басты болып табылады. Қазіргі кездегі біздің қоғамдағы жаттықтырушының міндеті -бұл тек қана спортшылардың спорттағы жетістіктері ғана емес, жан - жақты дамыған тәрбиелі, білімді де белсенді жоғары мәдениетті, өзін - өзі жүзеге асыра алатын қоғамдық биімділігі бар жастарды тәрбиелеу.
Әлеуметтік - психологияның негізгі міндеттерінің бірі болып дене шынықтырудың спорттағы аумағында түзету және оңтайлы ету жүйесі жатады, жетілдіру қабілеті және дағды керек мынадай санаттағы адамдарға, әсіресе кәсіптік байланыстағы қатынас көбінесе жаттықтырушыға байланысты. Ең біріншіден, ол өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге адамгершілік мәдениетін белгілі арнайы білімдері арқылы, дағдымен, әдетпен, дене шынықтыру аумағында және спортта үйрете білуі тиіс. Өйтпегенде спортшының дұрыс тәртібімен және спортық жетістіктерге мүмкін емес.
Екіншіден, ол спортшыны жеке тұлға ретінде дамытудан айыруға болмайды. Қазіргі заманға сай оқытудың және тәрбиелеудің негізіне инновациялық әдістерді кіріктірген гуманитарлық педагогика жатады, білімді беру технологиясымен, қызметтес педагогика және бағалы қатынас психологиясы. Осындай жарасымдылықпен тұлғаны қарау жүйені біртұтастылыққа, басқа тұлғалармен қатынасқа негіздейді.
Берілген жұмыстың мақсаты ретінде әлеуметтік - психологиялық талдауы спортшыны психологиялық дайындау мәселесі болып табылады және спорттағы әлеуметтік - психологиялық эффектіні анықтаудағы жеке тұлғалық түйсікті үйрену жолымен спортшының өзара байланысын бағалау.
Зерттеудің міндеттері:
- Спортшылардың қоғамдағы әлеуметтік - психологиялық бейімделуіндегі теориялық және практикалық аспектілерін үйрету.
- Спортшының жарыстарға психологиялық дайындығының мазмұнын аша білу.
- Жас спортшыларды дайындауда әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуде спортшылар арасында «психологиялық - климатты» қалыптастыру үшін әлеуметтік - педагогикалық жағдай жасау, оның жеке басының жан - жақты қалыптасуын және күш жігерінің артуын қамтамасыз ету( күресу мысалдарында) .
Осы берілген жұмысты зерттеу мақсатына актуальді психологиылық бағытталған күресушіні дайындау, ал зерттеу пәні ретінде күресушінің әлеуметтік - психологилық қалыптасуының дайындығы жатады.
Мәселелердің өзектілігі: ғылыми зерттеулердің есептеуі бойынша Қазақстанда қазіргі заманғы спорттың даму деңгейі спортшыны дайындау өзекті мәселелердің бірі екендігі анықталған.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы мынада: алынған зерттеулердің қорытындысы жарыстарға дайындауда кепілдеме беру ретінде және жеке тұлғалардың спортағы өзара қарым - қатнасында болуын көрсетеді.
Зерттеу обьектісі: Зерттеуге 16 мен 26 жас аралығындағы күрес алатын, физикалық дамыған, созылмалы ауруларсыз, барлық саны - 20 адам қатысты.
1 Спорттағы әлеуметтік-психологиялық аспектілер
1. 1 Спортшылардың психологиялық дайындықтары
Көп күндік ауыр турнирде ынталы табысқа жету үшін, кей жағдайда әртүрлі кездесулерде, көбінесе қауіпті қарсыластар болғанда спортшыдан үлкен техникалық тәсілдерді дұрыс қолдана білуін, дене шынықтыру жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білуі үшін жан - жақты психологиялық дайындықты талап етеді.
Күресуші спортшыдан психологиялық дайындық ең алдымен, мамандандырылған түйсік дәрежесін жетілдіруде: арақашықтық сезімін және соққы алу уақытын, бағыт көрсетуші әсер ету жылдамдығы, қарсыласының іс - әрекетін білу, тактикалық ойлау, зейін көңіл қоя білу және де екіншіден спортшының психологиялық жағдайымен санаса білу.
Спортшының ең психологиялық дайындығын мынадан байқауға болады: жоғары деңгейдегі сипатталған сапаларын дамыту және психологиялық дайындық деп аталатын қабілетін бақылау. Оны сипаттайындар: өзіне деген сенімділік, күресте алдына қойған мақсатына жету үшін бар күш-жігерін жұмсай білу, айтарлықтай психологиялық тұрақтылықты көрсетуі.
Спецификалық психикалық процесстерде даму деңгейін көрсету спортшының күрестегі іс-әрекетіне, көбінесе спортшының табиғи дарындылығының табысты жетілдіруде, арнайы жаттығуларды орындау барысында қалыптасады.
Спецификалық психикалық функцияны жетілдірілмеген даму деңгейі немесе нашар компенсацияның басқа көрсеткіштері, мысалы - іс-әрекеттің бәсеңдеуі, үлкен қозғалыс жылдамдығымен немесе жақсы сезіммен арақашықтықты сезінбеу және нәтиженің толық дайындығына, спортшының өзіне сенімсіздігі немесе психикалық тұрақсыздығына байланысты.
Психикалық табандылық - бұл спортшының жаттығыулардың қиын түрлерінде және жарыстардағы көңіл күйінің эмоциональды оң жақтарында жұмысқа қабілеттілігі және психикалық сапасы нағыз күресте керек, қандай да болсын фактордың әсеріне қарамастан, жағымсыз эмоциональды көңіл күйдің кезінде және психикалық күйзелісте өзін ұстай білу [1] .
А. Ц. Пуни сонымен қатар психологиялық табандылықың құрамына жоғары дамыған танымдықты, жігерлі көңіл күй функцияларын кіргізеді. «Спортшының жарыстарға дайындығы өзінің күшіне сенуінен, жеңістерге жету және өзін көрсете білуге ұмтылуынан оптимальды көңіл күйде оянуынан, кедергілерге табандылықпен, өзінің тәртібін дұрыс басқара білуінен қалыптасады деп есептейді».
Г. М. Гагаева спортшының дайындығық көңіл күйін басқаша қырынан көрсетеді. Оның түсінігінше бұл жағдай тек қана эмоциональды жігерлікпен қайсарлықты және ағза жүйесінің ең жақсы қолайлы афферентік және эфферентік деңгейімен сипатталады деп есептейді [2] .
Спортшының жарыстарға психологиялық дайындығы оның жарыстарда сәтті мүмкіндігінің болуымен түсіндіріледі. Психологиялық дайындықта өзіне сенімділік үлкен роль атқарады, жігерлік және т. б өлшемге және формализацияға берімейді, сондықтан олар қосымша зерттеудегі берілген әділдік болып табылады.
Көптеген психологтар спортта спортшының психологиялық дайындығының мәнін жарыстардың өзіне әр жағдайда экстремальді жағдай жасай білуімен және дер кезінде қолайлы жағдай жасай білуі, шиеленіс жағдайында іс - қимыл әрекеттерінің бірігіуін, үздіксіз бақылаумен өзінің тәртібіне басшылық жасай білуімен ерекшеленеді.
Жарыс алдындағы дайындық кезінде жалпы қоғамдық дайындық кезеңдермен және жалпы психологиялық дайындық акценттері біртіндеп істеледі, ал арнайы дайындық кезені - бұл осы жарысқа арнайы психологиялық дайындық болып табылады.
Жаттықтырушының негізгі міндеттері - спортшыларды жетістіктерге жетуге ұмтылдыру, бұл спортшының психологиялық дайындығының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұған жету үшін спортшы да жеке басының, спорттың нәтижелеріне қызығушылығы оған өнерді бағалайтындай, терең қызығушылығын оятуға тәрбиелеу қажет.
Жағымсыз сезімдерді болдырмау мақсатында спортшы күрестерде өзін тұрақты ұстай білуге дағдыланып, өзіне күш түсірмей максимальды жүктемелер мен шаршауды болдырмауға тырысып, салмағын сақтай отырып, шектеулі тамақ пен сусынды тұрақты қолдана білуге ұмтылыуы қажет.
Спорттың қай түрі болмасын мәренің алдында жағымсыз сезімдерді кештіреді - бұл мәренің алдындағы күйзеліс және енжарлық, бұл спортшының осы жағдайда өзінің күшіне сенімсіздік тудыру мен сипатталады, оларда алдағы жарыстан жетістіктерге жету сенімсіздігі пайда болады.
Спорттағы «психологиялық кедергілерге» жататындар:
- жеңілістің алдындағы қорқыныш (ол мүмкіндігінше асқынған өзімшілдік, меңмендік, өзінің жеке ойлауымен команданы немесе ұжымды жеңіліске ұшырату қаупі, жақын адамдары мен жаттықтырушының нашар көрсеткіштері, дұрыс бағаламау сезімдері) ;
- қарсыластың алдындағы қорқыныш, оның мықты жақтарының немесе оның жетістіктері жайлы ақпараттың дұрыс еместігі, немесе сенімсіздігі немесе өзінің мүмкіндігінің дұрыс бағаланбауы;
- күресте бірден ұтылу қаупі немесе қарсыластың сыртқы көрінісінің күштілігі;
- жоғарғы темпті күрестің күштілігіне шыдамау қаупі;
- жаңа жарақат немесе қайтадан алу қаупі;
- әділдіктің дұрыс болмауы, қарсыласына субьективті қатынас көрсету;
- осы күнге дейін көп спортшылардың арасынан өздеріне деген сенімсіздіктің жайылуы.
Осындай ойлар мен осыған ұқсас күйдің әсерінен спортшы шегінен асқан ашушандық қозған және солғын, енжарлық күйге түседі.
Мәре алдындағы қалтырау жағдайында тұрған спортшы күшті қобалжығандықтан күрес алдындағы өз жағдайын дұрыс түсіне алмайды, тек қана өзінің шығу жоспарымен ғана шектеледі. Осы күресте жеңу үміті тек қана әр түрлі сақтанумен, яғни қорғануға ауысады. Сондықтан спортшының назары төмендеп, есі кейбір жарыс алдында бұзылып, өзін дұрыс ұстай алмай шектен тыс дірілдеп, ашуға булығып өз орнында отыра алмай, айғайласып тұрпайы мінез көрсетіп, дауласады.
Б. И. Рысевтің зерттеу қорытындылары бойынша мәре алдындағы жағымсыз қалтырауға және мәрелік енжарлыққа мыналар жатады: дем алу мен жүректің соғуы, қан қысымының жоғарылауы, жаттығудан кейінгі 5 минут үзілісте қайрадан өз қалпына түседі де, кейбір жағдайларда қолайлы жасырын қозғалыс кезеңінде іс әрекетінде берілген жағдайда тербелмелі болып көрініп, өте жылдам аралықта қолайлы өзгерістердегідей ауытқиды. Алаңға шығар алдында жүрек қағысының соғысы, қан қысымырың артуы мен тыныс алу 5 минуттық демалудан кейін жоғарлау немесе төмендеу жағына қарай өзгереді [3] . Осы қиыншылықтардан мүмкіндігінше шыға білу үшінбүкіл ерік жігерін жетілдіруі қажет. Нақтылы жарыстарға психологиялық дайындық педагогтік - психологиялық іс - шараның жүйесіне жетумен, комплексті түрде бағытталған жүйені қолдана білумен сипатталады.
Спортшыларды жарыстарға даярлау барысында олардың психикалық хал-ахуалын жетілдіріп, қалыптастыру мақсатында физикалық-техникалық мүмкіншіліктерін ұлғайту қажет.
Адамды белгілі бір іс-әрекеттерге дайындау - бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысу дағдысын қалыптастыру үрдісі деген сөз. Осы дайындықтың ішінде бірқатар компоненттерді атап айтсақ: олар - бұлшықеттік, функционалдық, операциялық, психологиялық, т. б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағдайларда мақсатқа жету кезеңдерінде құнды бағыт-бағдарлар қажет. Спортшының іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Психологиялық дайындық - бұл спортшының бойындағы жарыс алдындағы және жарыста жақсы нәтиже көрсету үшін, педагогикалық-психологиялық жағынан әсер етудің бір жүйесі.
Психикалық дайындық: біріншіден, спортшы бойындағы барлық физикалық-техникалық дайындықтарды барлық мүмкіншілігін пайдалануға, екіншіден, жарыс алдындағы және жарыс кезіндегі қалыптасқан келеңсіз жағдайларға (өз күшіне сенбеу, жеңіліс қауіпінен қорқу, ұйқының бұзылуы, т. б) бой бермеуге көмектеседі.
Жарыста жоғары нәтиже көрсету, бұл спортшылардың физикалық-техникалық мүмкіндігінің жоғары деңгейімен қатар, психологиялық дайындығына да байланысты екені дәлелденген.
Шындығында, спортшыға өзінің физикалық, техникалық және тактикалық жетістіктерін көрсету үшін және бойындағы қосымша мүмкіндіктерге жол ашу үшін спортшыға психологиялық тұрғыдан дайындық керек.
Жарыстың психологиялық ерекшеліктері, заңдылықтары, себептері және жарыс алды қалыптасқан жағдай - спортшының психикасына үлкен жауапкершілік жүктейді. Спортшы бойындағы жылдар бойғы жаттығулар нәтижесінде қалыптасқан күшін, жігерін жарыста немесе жарыстан санаулы уақыт бұрын жоғалтуы мүмкін.
Сондықтан, спортшыны міндетті түрде «психологиялық» тұрғыдан дайындау - жеңістің алғы шарты.
Адамның психикасы және бойындағы ерекше қасиеттері уақыт өте келе білініп, біртіндеп қалыптасады. Спортшыларды психологиялық тұрғыдан дайындаудың тиімді жолы оны жарыстарға, спорттық бәсекелерге ұдайы қатыстыру. Жарыстарға қатысу арқылы, спортшы жоғары көрсеткіштерге жетеді және өз бойындағы спорттық жетістіктерді шыңдап, мақсатына ұмтылуға сенімділік пайда болады.
Психологиялық дайындықты екі топқа бөлуге болады:
1) Жалпы психологиялық дайындық
2) Нақты бір жарысқа психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық процесінің негізгі мақсаты - спортшының психикалық көңіл-күйін жасау болып табылады: 1) ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға; 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізіледі. Бұл жалпы психологиялық ахуал кезеңіне ұласады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады. Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін [4] .
Жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру бұл дайындықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың мақсаты нақты қойылады. Ол спортшы бойында жаттығу немесе жарыстың табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау болып табылады. Спорттық мінез - бұл спорттық жарыстарда, жоғары нәтижеге жету үшін дайындық барысында қалыптасатын адамға тән қасиет.
Спортшының психологиялық тұрғыдан дайындығын білдіретін негізгі көрсеткіштері:
- Кез келген жағдайда сабырлылық таныта білуі;
- Оның өзіне және өз күшіне сенуі;
- Бойында жеңіске деген құштарлықтың болуы.
Жас спортшылардың психологиялық дайындығы жарыс барысында шынайы байқалады. Ресми кездесулер бұл бапкердің өз командасының психологиялық, тактикалық дайындығын пысықтауы, байқауы ретінде көрініс табады. Кезекті кездесулерде спортшылар өздерінің жетістіктерімен бірге, өз кемшіліктерін біледі. Осындай кездесулерде, спортшыларға қажетті психологиялық қасиет қалыптасады және ол одан әрі шыңдала түседі.
Әрбір спортшы өз бойындағы психологиялық кемшіліктерді біліп, онымен күресуі керек. Осы кемшіліктерді жеңе отырып, спортта жетістіктерге жетуге болады. Кей жағдайларда, жарыста жеңіле тұра, психологиялық тұрғыдан жеңіске жетуге болады. Спортшыларларды психологиялық дайындау спортшылардың жалпы дайындығы, жарысқа дайындығы, өзінің жүйкелік-психологиялық жүйесін басқаруды үйренуі болып табылады. Оның дайындығының негізгі белгілері:
1) Спортқа деген қызығушылық.
2) Дайындық тәртібін бұлжытпай орындау.
3) Бапкер және ұжым алдындағы жауапкершілікті сезіну.
4) Жарыста дайындық кезінде белгіленген межеге жету.
5) Еңбек қорлық пен ұқыптылық, ыждаһаттық.
Жүйке-психикасының қалпына келуін басқару арқылы спортшы көңіл-күйін қалпына келтіре алады. Жүйкелік-психиканы әріптестерімен әзілдесу, өз ойын басқа нәрсеге бұру және т. б. әрекеттер жасау арқылы қалпына келтіруге болады.
Бүкіл дайындық барысында, спортшыға педагогикалық-психикалық әсер етудің түрлерін, әдістерін қадағалап, жетілдіріп отыру керек [5] .
Сонымен спортшыны псиологиялық тұрғыдан жарысқа дайындау барысында, бойындағы жарысқа деген құштарлығын арттырып, жеңіске жетелейтін жол көрсету керек.
Жарыста бәсекелестер күші тең болған жағдайда психологиялық жағынан дайын спортшы ғана жеңіске жетеді. Себебі, ол өзінің техникалық, тактикалық, теориялық дайындықтарын жоғары дәрежеде, сапалы түрде көрсете алады.
Техникалық дайындық спортшы бойында жылдар бойғы үздіксіз әрі сапалы жаттығулардың нәтижесінде қалыптасып, жарыстарда шыңдалады.
1. 2 Жаттықтырушы-спортшы» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас ерекшелігі
Спортшы болу өте ауыр . Тәуелсiздiкте диуана пайда болған қажеттiлiктi физиологиялық жылжуларда пубертат босатылған бас салған қуат, үлкен өмiрде болашақ жетiстiктердiң толық сарылыстары, спортшы спорттық әлемнiң ол үшiн iздестiру кезiнде меншiктi жол жаңа ауыр талай сыннан сүрiнбей өтедi.
Кедергісіз жол болмайтынын ескере білсек, онда жаттықтырушыға жас жеткіншектердің туғызатын таңырқаушылығы мен қорқыныш сезімдерін оңай түсінуге болады.
Спортшылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жаттықтырушы қамқорлық сезіммен жеке тұлғаның спорттағы жетістіктерін дамытуға және аша білуге жағдай жасай білуі қажет. Жаттықтырушы әрқашанда спортшының көңіл - күйінің бірден ауытқуын, алғашқы кездерде таңданыс тудыратын әуесқойлығын, эксцентрлік тәртібін жаңадан пайда болған сөздерді қолдануын, тіпті сәтсіз бастауында түсіне білуі қажет.
Спорт клубы, стадион, зал - спортшының мығым тәртіптерін қалыптастыратын негізгі лайықты орындар, және жаттықтырушыны сәтсіздіктен сақтандыра білетін негізгі бір себеп, ол осы спорт мекемелерінің әкімшіліктері әрқашанда тәртіптеріне талап қойғыштығы. Ал біреудің сыртынан бақылап біз білетіндей адамдық құндылықтарды жоя отырып, зат ретінде қарауға алып келетіндей жағдай. Кез келген жас спортшылар адамгершілік қасиеттері мол, жақсы ортада тәрбиеленген, спорт мектебінің «спортшылар» элементтерінің жиынтығына айналып кетеді.
Жас спортшыларды тығырыққа тіреу, қаталдық заңымен қарау белгілі ортада ғана шектеу, оларда қарсылық сезімдерін тудыра бастайды. Жасөспірімдер бақылауға қарсы тұруға икемді болады, әсіресе жаттықтыру залында. Біздің көбіміз «берілмейтін» баскесерлерді, шиеленіс іздеушілерді бала кезінен қыңыр, тыңдамайтын балалардың бар екенін жақсы білеміз. Сондықтан да өмір заңы бойынша олар есімізде өмір бойына сақталып қалады. Біз олардың аттарын да жақсы есте сақтаймыз, ал тәртіпті, жуас баланы еске түсіру оларға қарағанда қиындау болады. Әрине бізге «тентектерді» еске сақтау оңайырақ болып көрінеді. Біз олардың шексіз бақылауымызға қарсы тұра білген әрбір іс - қимылдарын, әдіс - тәсілдеріне дейін еске сақтай аламыз. Жаттықтыру кезінде тәртіпке шақыру үшін жаттықтырушылардың әрбір әдіс - тәсілдерін, тыныштықты сақтау үшін өткір көздерін, тез ескертпелерін, жазаларын, ата - анасын шақыртамын деп қорқытуларын, оқшаулауды( спорт мектебінен қуып жіберу, уақытша жаттығудан шығарып жіберулерін және т. б. ) ескертпелерін есте сақтаймыз.
Осы қабылдаулардың бәрі негативті және бұйрықты мінезді жүктейді. Бұлардың барлығы ескішілдікті жақтауға, сондықтан ешқандай шығармашылық емес қосымша көңіл күйден жалықтыруға болмайды. Олар өздерін тәрбиенің құлы ретінде сезінбеуі тиіс. Араласу - арқылы тәрбиеліміз, тәрбиелеу - арқылы араласамыз.
«Жаттықтырушы - спортшы» қатынасы мынаны анықтайды: іс - әрекеттің міндеттері, жаттықтырушының бағалау және талап қоя білу жүйесімен, жаттықтырушының ойымен спортшының өзара қарым - қатынасының түсінушілігінде.
Расында да, жаттықтырушы берілген спорттың түріне лайықты икемі бар оқушыны таңдап алады. Ондай балалар жаттықтырушының барлық жоспары мен ойларын, тұжырымдамалары мен көзқарастарын, талап - тілектерін іс жүзінде дәлелдей білетіндер, яғни қоғамда жоғары дәрежеге жету мәртебесін қанағаттандыра алатындар болып табылады. Жаттықтырушының өзіне оқушыларды қабылдауында мыналарды ескеруі қажет: оның жынысын, жасын, спорттағы шеберлік деңгейін және т. б.
Спортшының жаттықтырушыға деген қатынасы да өз ерекшелігімен ерекшелінеді. Соның ішінде ең негізгі басты себепке спортшының жас ерекшелігі болып айқындалады. Психологтардың пайымдауынша, спортқа ең алғаш қадам басқан жасөспірімге оның жаттықтырушысының өз кәсібін жетік меңгергендігін бағалау қиынға соғады. Осы жағдайда спортшы ең алдымен жаттықтырушының қандай тұлға екенін бірден аңғара бастайды: өзінің жаттықтырушысы кішіпейіл ме әлде қатыгез адамба, балаларды жақсы көре ме, өте қатал ма әлде қалжыңды түсіне ме, беделі бар ма жоқ па және т. б.
Бұдан әрі қарай спортшының жаттықтырушыға тәуелділігі: мотивация, жүйенің мақсатты бағытталуы - оған жаттықтырушының өзі жаттығу үстінде пайда болатын факторларын айтуға болады. Бұдан яғни, келесі кезеңдерде оқушылардың өз жаттықтырушысына қарым - қатынасы бірден өзінің іс - қимыл нәтижелеріне байланысты болады. Сонымен қатар спортшылардың жаттықтырушыға көзқарасы оның қарамағындағыларға қалай қарайтынымен де қалыптасады. Спортшыларға өзінің жаттықтырушысына деген көзқарас жоғары болуы керек. Жаттықтырушының спортшыға көзқарасынан көбінесе жаттықтырушының бағалауы оқушылардың ойлауымен сәйкес келмейді, оларға қалай қарауымен. Спортшының жаттықтырушыға байланысы көбінесе еңбек өтілімен талданады.
Ең алғашқы жаттықтырушысына деген қатынасы көп жылдарға дейін ұмытылмайтынын көрсетеді. Ол спортшыларда ең алғашқы жылдардағы өзгеріссіз қалады.
Көптеген спортшылардың пайымдауы бойынша спортшылардың жетістіктерге жете алмауы жаттықтырушының кәсіптік деңгейінің төмен болуынан деп пайымдайды. Бірақ көптеген жағдайлардан белгілі болғандай бірінші разрядтағы спортшы өзінің жаттықтырушысына деген ықыласын ілтипатпен арттыра отырып, оны жоғары дәрежелі кәсібіне сай маман ретінде бағалайды.
Осыдан келіп жаттықтырушы мен спортшы арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын ең басты фактор болып оқушыларының спорттағы талап - тілектерін, яғни мұқтаждықтарына қанағаттандыра алатын жаттықтырушының жағдай жасауы болып табылады. Психологтардың зерттеу көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, «жаттықтырушы - спортшы» қарым - қатынас жүйесіндегі спортшыға ең ауыр тиетіні (70% жағдайы) бір жаттықтырушыдан екіншісіне ауысуы болып табылады, бұл жағдай спорттағы кәсіптік деңгейін көтерумен байланысты болып табылсада.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz