Салық жүйесінің біртұтастық қағидасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5

1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
9

1.1 Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің қалыптасуының
Тарихы
9
1.2 Қазіргі салықтық жүйенің сипаттамасы
17
1.3 Қазақстан Республикасының арнайы салық режимдері
33

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТКЕ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІҢ СОҢҒЫ 2008-2010
ЖЫЛҒЫ КІРІСІН ТАЛДАУ 38
2.1 Жалпы мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуын анықтау
38
2.2 Республикалық бюджетке салықтық түсімдердің соңғы жылдардағы түсімдерін
анықтап, оның экономикаға әсер етуін анықтау
47
2.3 Жергілікті бюджетке салықтық кірістердің түсуін анықтап, оның
атқарылуына қандай себептер әсер еткенін анықтау
55

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ
ДАМУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСНІҢ САЛЫҚТЫҚ
КІРІСТЕРДІҢ АТҚАРЫЛУЫНА ТИГІЗЕТІН ЫҚПАЛЫ 64
3.1 Қазіргі салық жүйесін одан әрі дамыту бағыттары
64
3.2 Жаңа Салық Кодексінің салықтық кірістердің атқарылуына тигізген
ықпалы
72

ҚОРЫТЫНДЫ
75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
78

ҚОСЫМШАЛАР 81

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Салық алу – ертеден қалыптасқан қызмет
және мемлекеттің өмір сүруінің, экономикалық және әлеуметтік гүлдену
жолында қоғамның дамуының негізгі шарты. Салық, біз білетіндей, қоғамның
таптарға бөлінуіне және мемлекеттің пайда болуына байланысты пайда болды.
Салықтық жүйенің негізгі қағидаттардың бірі конституцияға және салық
салудың жалпы қағидаттарына сәйкес заң органдармен қабылданған салық заңын
бекітудің заңдық формадағы қағидаты. Салықтық кодекс салық төлеушіге дұрыс
салықты төлеуге көмектесетін нормативтік құқықтық акт болып табылады. Салық
қоғамдық сипатта болуда. Қоғамның қандайда болмасын қоғамдық – экономикалық
жағдайының дамуы мынадай қоғамдық қызығушылықтарды қамтамасыз ету
қажеттілігіне байланысты:
- халықты әлеуметтік қамсыздандыру;
- елдің қорғаныс қабілеттілігін қамсыздандыру;
- ірі ауқымды ғылыми зерттеулер өткізу;
- ойдағыдай жалпы мемлекеттік резерв құру;
- 2030 – стратегияда кепілденген, міндеттердің орындалуын қамтамасыз
ету.
Салық төлеушінің осы тәжірбиелік әрекеттерге төлеуінің дайындығын
қамтамасыз ету үшін әртүрлі және мемлекеттің ірі масштабты мерекелеріне
жұмсаған ресурстар туралы ақпаратқа еркін кіру құқығын енгізу керек. Бұл
тұрғындардың салық мәдениетіне тәрбиеленуіне әкеледі.
Қазақстанның салық жүйесі жеткілікті тиімді болу керек, кәсіпкерліктің
дамуына оң ықпал ету үшін президент Назарбаев“Шағын бизнес мемлекеттің
стратегиялық курсын өзкізудің маңызды құралы болып табылады” деген.
Кәсіпкерлікті қолдау біздің елде басымдық бағытта мемлекеттің дамуымен
анықталады.
Салық жүйесі тұрақты болу керек. Салықтық заңдылыққа үнемі енгізілетін
түзетулер, салықтық жүйенің заңды күші бар салықтық құқықтық қатынастарға
барлық субьектілердің келіспеушілік білдіру бюджетік жетіспеушілік
мәселелерінің бар болуы. Қазіргі салықтық жүйенің қоғамның және саяси даму
жағдайын толық шамада болмауын куәландырады.
Салықты қолдану басқарудың, кәсіпкерліктің және кәсіпорынның
коммерциялық қызығушылармен мемлекеттің қызығушыларының өзара байланыстарын
қамтамасыз етудің экономикалық әдісінің бірі болып табылады.
Салық арқылы мемлекеттік және жергілікті бюджеттік банктер жоғарыда
тұрған ұйымдармен, барлық меншік формасындағы кәсіпкерлермен,
кәсіпорындармен өзара қатынаста болуды анықтайды. Салық арқылы сыртқы
экономикалық іс-әрекет реттеледі, атап айтқанда Шетелдік инвестицияларды
тарту арқылы кәсіпорынның шаруашылық есеп айырысу кірісі мен пайдасы
қалыптасады. Салық есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша шығындарда
қаржыландырылады. Салық салу жүйесі адамдар арасында кірісті соңғы бөлуді
анықтайды (1(.
Салық салу механизмі қандайда болмасын экономикалық жүйеде ең күрделі
құбылыстың бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып
келеді. Оның тиімділігінен әлеуметтік және экономикалық саясаттың сәттілігі
анықталады.
Біздің республикамыздың салықтық механизмі қазіргі уақытта аралық
жағдайда болуда. Оның мазмұны мемлекеттік реттеудің әкімшілік-бөлушілік
сипатын білдірмейді, және де ол экономиканы тікелей, жанама реттеудің
тиімді құралы болған жоқ.
Салық салу позитивтілігін қамтамасыз ету – күрделі міндет, оны шешу
көбіне объективті және субъективті факторларға байланысты. Салық салу
қоғамның экономикалық және саяси нығайуын көрсететін көрініс болып
табылады.
Салық салу жүйесінің дұрыс құрылуы барлық халық шаруашылығының тиімді
қызмет етуіне әсер етеді. Қандай да болмасын елдің экономикалық жағдайы
салықтық саясатты қалыптастыру үшін қажетті шарттарды қалыптастырады.
Бүгінгі күнде Қазақстанның салықтық жүйесі үнемі жетілдіру жағдайында
болуда, әртүрлі деңгейдегі бюджеттің кірістік базаларын қалыптастыруда және
әлеуметтік – экономикалық процесстерді реттеуде салықтың маңызды рөлін
ескере отырып, 2009 жылы Президент жарлығын қабылдау қажеттілігі пайда
болды, осыған байланысты салықтық жүйенің базалық негізі ретінде “Салықтар
және бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының
заңы қабылданды.
Салықтық заңдылықтарына көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізу
негізінен, экономиканың динамикалық дамуына және жаңа шаруашылық –
экономикалық өзара қатынастың пайда болуына байланысты. Қазақстан
Республикасының экономикасының тұрақты дамуына үлкен ықпалын тигізетін
салықтар мен төлемдердің бюджетке төленетін кірістерінің артуы, салық
төлеушілер мен салық органдарының тығыз байланысы, өзара қарым-қатынасы,
салық жүйесінің дұрыс бағытта дамуы бүгінгі таңда өзекті мәселе.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық жүйесінің
заңдылықтарына енгізіліп жатқан өзгертулер мен толықтыруларға талдау жасай
отырып, салықтардың бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету үшін ұсыныстар
әзірлеу.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
1.Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің қалыптасуының тарихын;
2.Қазақстандағы қазіргі салық жүйесінің ерекшеліктерін;
3.Салықтық түсімдердің құрылымын;
4.Бюджетке соңғы үш жылда жанама салықтық түсімдердің түсуін көрсетіп,
талдау жасауды;
5.Талдау нәтижесінде жанама салықтық түсімдердің түсуі өсіп немесе
кеміп жатқандығын және оған қандай жағдайлар әсер еткендігін;
6.Салықтардың толық түсуін және салық жүйесінің одан әрі дұрыс бағытта
дамуын қамтамасыз ету үшін қандай мәселелерді шешу қажеттігін.
Зерттеу объектісі ретінде Ақмола облысының Салық Департаменті
қарастырылды.
Зерттеу пәні - салық жүйесінің дұрыс дамуын және бюджетке түсімдердің
түсуінің артуын зерттеу үрдісінде пайда болған ұйымдастырушылық –
экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дипломдық жұмыста келесідей әдістер қолданылды: талдау, салыстыру,
баланстық, түгендеу, калькульяциялау, жалпылау, статистикалық, экономикалық-
математикалық әдістер және эксперттік бағалау әдістері.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде Салық
және бюджетке төленетін басқа ба міндетті төлемдер туралы ҚР Кодексі, 2009-
2011 жылдарға арналған ҚР Бюджеттік жоспары, Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.
Құдабергенов, А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек, Т.Н. Крамаренко, А.М.,
Қомбарова. Сейдахметова Ф.С., Аймаков Б., Нурумов А.А., Садыкова Р. және
т.б. шетелдік және отандық ғалымдардың салық мәселесіне арналған ғылыми
еңбектері қолданылды.
Бұл ғалымдардың жұмыстарында салықтық жоспарлау, салықтық қызметтің
қалыптасуы, Қазақстандағы салықтық жүйенің дамуын қамтамасыз етудің
ұйымдастырушылық – экономикалық аспектілері қарастырылған. Бірақта толық
шамада салықтық жүйенің дамуын қамтамасыз етудің сұрақтары дайындалмаған.
Соңғы жылдары салық жүйесін жетілдіру мақсатында көптеген өзгерістер
мен түзетулер енгізіліп, назар аудару күшейе бастады. Бұл тақырып бойынша
көптеген жұмыстар заңнамаларды оңтайлатуға, салықты төлеуде кездесетін
кемшіліктерді жоюға арналған.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы келесілермен сипатталады:
-Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының
теориялық аспектілері қарастырылған;
-Қазақстан Республикасында бюджетке салықтық түсімдердің кірісін соңғы
2008-2010ж.ж.талдау кешенді зерттелген;
-бюджетке салықтық кірістердің түсуін зерттеліп, оның атқарылуына ықпал
ететін факторлар анықталған;
-Жаңа Салық Кодексінің салықтық кірістердің атқарылуына тигізген ықпалы
көрсетілген.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы нақты бюджетке салықтың түсуін талдау және
оның нәтижелері бойынша қорытынды көрсеткіштерді қолдану мүмкіншілігімен
анықталады. Жұмыстың нәтижелері бойынша күн санап салықтық түсімдердің
атқарылуының оң бағытын көре аламыз. Зерттеудің қорытындылары мен
ұсыныстарын нақты қолдану деңгейіне жеткізілген және салықтық жүйені одан
әрі оң бағытта дамуын артыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мәтіннің үш бөлімінен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімімен және қосымшадан құралған.
Кіріспе бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеттері,
объектісі, пәні, әдістері, теориялық және әдіснамалық негіздері, ғылыми
жаңашылдығы, тәжірибелік маңызы және жұмыстың құрылымы жазылған.
Бірінші бөлімде салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.
Екінші бөлімде ҚР бюджетке жанама салықтық түсімдердің кірісін соңғы
2008-2010ж.ж. талдау.
Үшінші бөлімде ҚР салық жүйесінің даму жолдары және жаңа Салық
Кодексінің салықтық кірістердің атқарылуына тигізетін ықпалы қарастырылған.
Қорытындыда дипломдық жұмыста келтірілген ұсыныстардың түйіні жазылған.

1 САЛЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің қалыптасуының тарихы

Мемлекеттің бірден-бір қызметтерінің бірі салық салу және салықты алу
болып табылады. Салықтар мемлекеттің негізгі табыс көзінің бірі ғана емес,
сонымен қатар қоғам өмірінің барлық - әлеуметтік, мәдени, ғылыми-
техникалық, сыртқы саясаттық және т.б. салаларына әсер ететін экономиканы
басқару жүйесінің әдісі болып саналады.
Мемлекетпен алынатын міндетті алымдар ретіндегі салықтар өте ертеден
қалыптасқан. Ең көне салық формасы құрбандық шалу деп есептеуге болады,
бірақ әр уақытта ерікті сипатта болмаған. Одан кейін мемлекетпен алынатын
светская десятина дейтін салық пайда болды.
Шыңғыс хан империясында барлық тұрғындар өзінің табысынан 10% салықты
міндетті түрде төлеуі керек болған жайыт қызықты. Негізгі салық шығу
ханның баскактарымен алынды. Одан кейін орыс князьдары өздері дань жинап,
Ордаға апарып отырды. Шығу көлемі әйгілі князьдар мен Орда хандары арасында
келісіммен анықтала басталды (2(.
Қазақстан тарихында көптеген қайғылы оқиғалар болды. Мемлекеттік
эксперитенттер елдің экономикасын құлдыратты, миллиондаған адамдардың
қайтыс болуына алып келді. 60-жылдардың басында СССР да Халық басына
шаққанда өнімді өндіру бойынша Американы қуып жетеміз және басып
озамыз!деген лозунг жарияланды. Осыған байланысты тұрғындар ауқымды
салықтар төледі, өзінің жеке үйіне шектеді, ауыл шаруашылығы құлап,
өндірістік дағдарыс басталды. Ашаршылық қаупіне кенеліп, елдің жаңа
басқарушылары салықтарды төмендетіп, шаруа қожалықтарына шектеуді жойды.
СССР құлауынан кейін, Қазақстан тәуелсіз, әрі егеменді мемлекет болды,
егер мемлекет болса, салықта бар деп есептеледі. Ал салықтар өз саясаттары
мен әлеуметтік-экономикалық қызметтерін орындау үшін негізгі, көбіне жалғыз
қаражат көзі болып табылады. Қазақстан үшін мемлекеттік тәуелсіздікті
алысымен өзінің жеке салық жүйесін құру сол сәтте бірден бір бірінші
дәрежелі және бірінші кезекті стратегиялық міндеттер болуы таңқаларлық
жағдай емес. Бұл орындалмаған тарихтық міндет 1991жылдың аяғында тиімді
шешілді, мұнда Қазақстан Республикасының Жоғары Советі салық салу сұрақтары
бойынша 14 заң қабылдады, оның ішіндегі Қазақстан Республикасының салық
жүйесі туралы Заңда базалық мән болды.
Мәні бойынша бірінші қазақстандық салықтық заңнаманың нормалары өзінің
көптеген жағдайларында СССР территориясында қызмет еткен салық салу
тәртібін сақтады, экономикалық көз қараспен сол кезде расталған әрі
логикалы болды: нарықтық қалыптасу әлі бастама жағдайында болды, ал
шаруашылық субъектілердің көбісі мемлекеттік меншікте қала берді. Сондықтан
оларға алдында болған салық салу жүйесі үйреншікті болды. Екінші жағынан,
1991жылы Қазақстанның өзі халықаралық салық салу тәжірибесін қолданумен осы
салада тамырымен қайтақалыптастыру жүргізуге дайын болмағандығын айтпауға
болмайды.
Қазақстанның бірінші салықтық заңнамасы оның салық жүйесінің құрамында
16 жалпы мемлекеттік, 10 міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен
алымдар, 17 жергілікті салықтар мен алымдар болуымен танылады (3(.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет
болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне
көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға
қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен
көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясатын сараптай отырып, өзіміздің
ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты
–бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының басты мақсаты –салық жүйесін құру және оның тиімді
қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды
бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалып, қазіргі
кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі реформалаудың төрт кезеңінен
өтті.
Бірініші кезеңде 1991жылы 9 шілдедегі Қазақ ҚСР Президентінің ҚазКСР
мемлекеттік салық қызметін құру туралы Жарғылығымен ҚазҚСР –нің басты
мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27
жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті
қабылданды.
1991жылдың 25желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы Заңында салық жүйесін
құрудың жалпы принциптері, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу
тәртібі, әр деңгейге бюджетке есепке жатқызылуы, сондай ақ салық
төлеушілердің құқығы мен міндеттері, олардың осы төлемдерді толық және
уақытылы бюджетке ауларылуына жауапкершілігі анықталған. Осы Заңға сәйкес
салықтар үлкен үш топқа бөлінді:
-Жалпы мемлекеттік;
-Міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
-Жергілікті салықтар мен алымдар (4(.
Жалпы мемлекеттік салықтарға:
1)қосылған құн салығы;
2)жеке табыс салығы;
3)акциздер;
4)экспорт пен импортқа салынатын салық;
5)Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық;
6)Кеден тарифі мен баж салығы;
7)жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы (қол
қойылған бонус, коммерциялық табу бонусы, роялти, үстем пайда салығы);
8)Тіркелген (ренталық) төлем;
9)Көлік құралдарына салынатын салық;
10)Автортранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық;
11)Автортранспорт құралдарының ҚР аумағына кіру салығы;
12)Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (5(.
ҚР азаматтарынан, шетел және азаматтығы жоқ азаматтардан алынатын табыс
салығы;
1)Мемлекеттік баж салығы;
2)Табиғи ресурстарды пайдалануға салынатын салық;
3)Колхозшылар еңбегін төлеу қорына салынатын салықтар жатады.
Міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар:
1)жер салығы;
2)жеке тұлғаның мүлік салығы;
3)Орман табысы;
4)Суға төленетін төлем;
5)Табыстарға салынатын салық;
6)Кәсіпкерлік әрекетті тіркеу үшін алынатын алым;
7)Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан
алынатын алым;
8)Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қою үшін алынатын алым;
9)Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен аударылатын мүлік салығы;
10)Елтаңбалық алым.
Жергілікті салықтар мен алымдар
1)Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына
салынатын салық:
2)Курорттық алым;
3)Азаматтардан алынатын мақсатты алым;
4)Жарнамаға салынатын салық;
5)Автокөлік құралдарын, есептеу техникасы және жеке компьютерлерді
қайта сатуға салынатын салық;
6)Автокөлікті аялдауға қойғаны үшін алынатын алым;
7)Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым;
8)Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым;
9)Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым;
10)Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым
(6(.
Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған
мәмілелерден алынатын алым:
1)Аукциондық сатудан алынатын алым;
2)Кинотеле түсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым;
3)Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз (ордер) үшін алынатын алым;
4)Ит иелерінен алынатын алым;
5)Спиртті ішімдіктермен сауда саттық жасау құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым (7(.
Жергілікті аукционда өткізу және лотереялар ойнату құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым.
Көріп отырғанымыздай, салық жүйесі көптеген әртүрлі салықтардан,
алымдардан және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құралған,
өте күрделі жүйе. Бюджетке төленетін төлемдердің көптігі салық
төлеушілердің көптеген қателіктер жіберуін тудырды және салық органдарының
тарапынан бақылау жасауын қиындатты.
Жаңа салық жүйесінің қалыптасуы әлеуметтік және психологиялық қолайсыз
жағдайларда өтті. Экономиканың дағдарысы кезінде түпкілікті ойластырылған
салық жүйесінің қажеттілігі жағдайында ҚР да жаңа салық жүйесінің
қалыптасуы басталды. Салық заңдарында көптеген түпкілікті анықталмаған
жағдайлар болды, тәжірибе Қазақстанда болмаған терең теориялық
зерттемелердің қажеттілігін көрсетті. Ол жылдардағы салық жүйесі жаңа
әлеуметтік экономикалық қоғамның құрылымына сәйкес Қазақстандағы салық
қатынастарының жаңадан қалыптасу процесі болып табылады. Радикалдық
қоғамдық өзгерістер кезінде осындай күрделі салық жүйесі оперативтік
басқару және жылдам сезіну құралы бола алады.
Екінші кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында
салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің
салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте бірте халықаралық стандарт салық
салу қағидаларына сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24
сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің заңды күші бар Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы шықты. Бұл өз
қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Осы жарлыққа сәйкес сол уақытқа дейін
қызмет еткен салық жүйесі бірыңғайланып, төлемдердің көпшілігі алынып
тасталды. Салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі
мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
1)Қосылған құн салығы;
2)Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
3)Акциздер;
4)Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық;
5)Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы (қол
қойылған бонус, коммерциялық табу бонусы, роялти, үстем пайда салығы).
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1)Жер салығы;
2)Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық Курорттық аймақта
өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық;
3)Көлік құралдарына салынатын салық;
4)Кәсіпкерлікпен қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды
тіркегені үшін алынатын алым;
5)Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым;
6)Аукциондардан алынатын алым.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан
Республикасының 1999жылғы 16шілдедегі 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін
алды.
Осы кезде Қазақстан Республикасында салықтар, алымдар және басқа да
міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:
1)Қосылған құн салығы;
2)Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
3)Акциздер;
4)Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық;
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы (қол
қойылған бонус, коммерциялық табу бонусы, роялти, үстем пайда салығы)
1)әлеуметтік салық;
2)Автокөлік құралдарының ҚР аумағы бойынша жүргені үшін алынатын
алымдар;
3)жер салығы;
4)Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
5)Көлік құралдарына салынатын салық;
6) бірыңғай жер салығы;
7)Кәсіпкерлікпен қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды
тіркегені үшін алынатын алым;
8)Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығын беру үшін алынатын
лицензиялық алым (8(.
Аукциондардан алынатын алым
1)Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығын
бергені үшін алынатын алым;
2)Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін
төленетін төлем;
3)Заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық
атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны
үшін алынатын алым;
4)заңды (мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен
коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) және жеке тұлғалардың Қазақстан,
Республика, Ұлттық деген сөздерді өз фирмалық атауларында, қызмет
көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;
5)Жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары
белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.
Қазақстан Республикасы Президентінің Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы Жарғылығы көптеген өзгерістерді басынан
кешірді, тіпті алдыңғысы соңғысымен қарама қайшылықта болып жатты. Бұл
Қазақстан Республикасының ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, қателер мен
сынау жолдарын басынан өткізе отырып өзінің Салық Кодексін құруға әрекет
жасағандығымен түсіндіріледі. Осы заңның кейінгі өзгерістері мен
толықтырулары ескеріле отырып, кейін Қазақстан Республикасының Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңы болып
аталып, 2002 жылдың 1қаңтарына дейін қызмет етті.
Үшінші кезеңде 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа
Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар.
2005 жылы акциз салығына қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға, газ
конденсатына рента салығы қосылды.
Салықтың түрлері:
1)қорпорациялық табыс салығы;
2)жеке табыс салығы;
3)қосылған құн салығы;
4)акциздер.
4-1 экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығыжер
қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы;
1)әлеуметтік салық;
2)Жер салығы;
3)Көлік құралдарына салынатын салық;
4)Мүлік салығы;
5)Ойын сауық салығы (9(.
2002жылы алымның 13түрі болды. 2003 жылдан бастап елтаңбалық алым
алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: жылжымалы
мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым және кеменің немесе жасалып
жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін және туындылар мен
сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін
алымдары қосылды.
Алымдардың түрлері.
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркегені үшін алым;
2. Жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмәлелерді
мемлекеттік тіркегені үшін алым;
3-1. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы бойынша жүргені үшін алынатын
алымдар (2005 жылы 1 қаңтарда);
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым;
5. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
үшін алым;
6-1. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу үшін алым (2005 жылы 1 қаңтарда);
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін алым;
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым;
8-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (2006 жылы 1 қаңтардан);
9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы бойынша жүргені үшін алынатын
алымдар бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым;
10. Аукциондардан алынатын алым;
11. Елтаңбалық алым;
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығын беру үшін алынатын
лицензиялық алым;
13.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік
спектірін пайдалануға рұқсат беру үшін алым (10(.
Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді.
Радиожиілік спектірін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде
қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы
төлейді.
Төлемақының түрлері:
1) жер учаскілерін пайдалану үшін;
2) жер бетіндегі көздердің су ресурстарын (жер үсті көздерінен)
пайдалану үшін;
3) қоршаған ортаны ластағаны үшін;
4) аңдар әлемін пайдаланған үшін;
5) орманды пайдаланғаны үшін;
6) ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;
7) радио жиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
7-1) қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін
төлемақы (2005 жылы 1 қаңтарда)
8) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
9) сыртқы (көрнекі) жарнаманы пайдалану үшін мемлекеттік баж.
Кедендік төлемдер:
1)кедендік баждар;
2)кеден алымдары;
3)алдын – ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы;
4)алымдар (11(.
Осы уақыт аралығында экономика, экономикалық қатынастардың құрылымы,
меншіктену құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қаржы
қатынастары, тіпті адамдардың менталиттері қатты өзгерді. Бір тараптан,
мемлекет салық саясатының міндеттерін, қызметін және мақсатын терең
сезінді, екіншіден, көптеген экономикалық қатынастар өзгерді және қызмет
ететін заңдармен қамтылмай қалды.
Төртінші кезең 2008 жылы 10 желтоқсанда жаңа Салық кодексі
қабылданып, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан
Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 10 -нан 11-ге ұлғайды.
экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы қосылды.
Салықтың түрлері:
1. қорпорациялық табыс салығы;
2. жеке табыс салығы;
3. қосылған құн салығы;
4. акциздер;
5. экспортқа рента салығы;
6. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы;
7. әлеуметтік салық;
8. Көлік құралдарына салынатын салық;
9. Жер салығы;
10. Мүлік салығы;
11. Ойын сауық салығы;
12. Тіркелген салық;
13. Бірыңғайланған жер салығы;
14. Бюджетке басқа да міндетті төлемдер;
15. Мемлекеттік баж.
Алымдардың түрлері:
1. тіркегені үшін алымдар
2. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы бойынша жүргені үшін алынатын
алымдар;
3. Жеке қызмет түрлерімен айналысқаны үшін лицензиялық алым;
4. радио жиілік спектрін телевизиялық және радиохабарламалық
ұйымдардың пайдалануына рұқсат бергені үшін алым.
Төлемақының түрлері:
1. жер учаскілерін пайдалану үшін;
2. жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдалану үшін;
3. қоршаған ортаны ластағаны үшін;
4. аңдар әлемін пайдаланған үшін;
5. орманды пайдаланғаны үшін;
6. ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін;
7. радио жиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
8. қалааралық және халықаралық телефон байланысын, ұялы телефон
байланысын бергені үшін;
9. кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
10. сыртқы (көрнекі) жарнаманы пайдалану үшін (12(.

1.2 Қазіргі салықтық жүйенің сипаттамасы

Салықтар - мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және мерзімде
алынатын міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте
жинақталатын ұлттық табыстың бөлігін білдіреді.
Салықтар қаржының маңызды категорияларының бірі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және оның өмір сүруінің негізі
болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандары мен
әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіліктеріне қарай өзгеріп,
жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар – ақша қатынастарының
жүйесінде жетті.
Салық жүйесінде тарихи түрде салықтық жүктемені бөлудің екі қағидасы
қалыптасқан (салық ауыртпалығы):
1) пайда қағидасы (жағдайларын жақсарту);
2) құрбандық ету қағидасы (төлеу қабілеттілігі).
Бірінші жағдайда әртүрлі субъектілер пропорционалдық салықпен салынуы
керек, үкімет ұсынған қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсетулерге көп
мөлшерде ие болғандар осы тауарлар мен қызметтерді қаржыландыру үшін
қажетті салықтарды төлеуі керек. Бұл қағиданы пайдалану мынандай салаларға:
қорғаныс, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру жүйесі және басқа да мемлекеттік
қызметтер түрлері үшін қиынға соғады. Бұл қағиданы кедейлер, жұмыссыздар
үшін қайырымдылық жәрдемақыларды қаржыландыру жағдайларында пайдалану
мүмкін емес.
Екінші қағидаға сәйкес, субъектілерге мынадай түрде салық салынуы
керек: нақты табысқа байланысты салық ауыртпалығы қойылуы керек. Осы қағида
былай дейді: жеке тұлғадар, кәсіпкерлер және ең жоғары табысты кәсіпорындар
аз табысты ұйымдарға қарағанда ең жоғары салықты төлейді– абсолюттік
жағынан да, салыстырмалы түрде алғанда да. Бұл қағиданың мәні ұсыныстан
шығады, яғни табыстың әрбір қосымша бөлігі қанағаттандырудың барлық аз
істелуіне әкеледі. Бұлай болатын себебі, шаруашылықтандыру субъектілернің
ақша қаражатын жұмсауы бірдей емес: алынған табыстың бірінші бөліктері
уақыттың кезкелген кезеңінде бірінші кезектегі қажеттілік тауарлары мен
қызмет көрсетулеріне жұмсалатын болады, яғни аз ғана мөлшердегі пайда
немесе қанағаттандырушылық әкелетін тауарлар мен қызмет көрсетулерге
қолданылады. Табыстың соңғы бөліктері өз мөлшерде қажет болатын тауарлар
мен қызмет көрсетулерге жұмсалады. Бұл, кедейлерге салық салу жолымен
алынған ақшалар байлардан алынғанға қарағанда үлкен құрбандықты құрайды
дегерді білдіреді. Осылайша, салық төлеуге әкелетін табыстарды алу кезінде
шығынды теңгерімділеу үшін олардан алынатын табыстар шамасына сәйкес бөліп
таратылу мүмкіндігі қарастырылады (13(.
Алынатын игіліктер мен төлем төлеуді салықтандыру қағидаларын пайдалану
салықтық мөлшерлемелердің белгіленуіне және оларды табыстың өсуі мөлшері
бойынша өзгеруіне әкеледі.
Салықтарды зерделі түрде ұйымдастырудың классикалық қағидаларын кезінде
экономист А.Смит ұсынған болатын:
а) салық әрбір салық төлеушінің табысымен сәйкестікте алынуы керек
(әділеттілік қағидасы);
б) салық көлемі және төлеу мерзімдері алдын ала және нақты анықталуы
керек (айқындылық қағидасы);
в) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым ыңғайлы уақытта және әдіспен
алынуы керек (ыңғайлылық қағидасы);
г) салықтарды алу шығындары минималды болуы керек (үнемділік қағидасы).
Осы қағидаларды пайдалану салықтандыруды дұрыс жолға салды, осы процесс
А. Смитке мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді, ...салық, оны
төлеушілер үшін құлдықтың белгісі емес, ол бостандықтың белгісі.
Салық жүйесінің дамуына орай қағидалар нақтыланды, толықтырылды және
төмендегідей болып жүйеленді:
1) Салық салудың міндеттілік қағидасы. Салық төлеушілер салық заңдарына
сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде
орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізгі
борышы, парызы болып саналады.
2) Салық салудың айқындық қағидасы. Қазақстан Республикасының
салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық
төлеуші үшін айқын болуы тиіс.
Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының,
орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық
заңдарында белгіленген.
3) Салық әділдік қағидасы. Қазақстан Республикасының салық салу жалпыға
бірдей және міндетті болып келеді. Кез–келген салық төлеуші үшін салық салу
жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін
беруге тыйым салады. Әділдік қағидасы екі тұрғыда қарастырылады:
а) көлденең тепе теңдікке жету, салық төлеушілердің барлық
шығындарының, олар қалай табылатындығына және жұмсалатындығына байланыссыз,
біркелкі тең жағдайларда салықтануын талап етеді;
ә) заң алдында табыстарының әртүрлі деңгейі бар салық төлеушілердің
міндеттері бойынша тура тепе теңдікті сақтау.
4) Салық жүйесінің біртұтастық қағидасы. Қазақстан Республикасының
салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық
төлеушілерге қатысты бірдей болуы керек.
5) Салық заңдарының жариялылық қағидасы. Салық салу мәселелерін
реттейтін нормативтік – құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде
жарық көруі тиіс (14(.
Бұл қағидалардың қолданылуы салық салудағы сора–қылықтарды жойып, салық
салу жүйесін ретке келтірді.
Салық түрлерінің мемлекеттегі ерекшелігі болып әр түрлі қоғамдық
қажеттіліктері үшін бейнесіз пайдалануы болып табылады.
Салықтардың мәні оның атқаратын қызметіне тікелей қатысты. Ескере
кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салық түгелімен қосалқы санат
болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салық қызметтерін қаржының
бөліп тарату қызметінің бөлігі ретінде қарастыруға болады:
1) Қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз ететін салықтың
казыналық (фискалдық) қызметі тарихи түрде бірінші болып табылады. Мемлекет
өз қазынасын толтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге
нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін
белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі – түрлі субъектілер табысының бір
бөлігін мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы
мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті
артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджет саясаты жүзеге асырылады.
2) Салықтың келесі атқаратын қызметінің бірі - қайта бөлу. Бюджетке
түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына
сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай және өз уақытында жұмсалуына
қарастырып, қадағалау жасайды. Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке
салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы
ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Салықтардың қайта бөлу қызметінің
көмегімен бюджетке ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы
мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары
арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе–теңдікті ұстап
тұрады. Бұл қызметтегі қызмет ету ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың
үлесімен анықталады; ол ұлттық кірістің мемлекеттендіру деңгейін
көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы -19.7 пайыз; 1998 жылы – 16.6 пайыз; 1999
жылы – 17.4 пайыз; 2003 жылы – 22.6 пайызды құрады;
3) Салықтардың үшінші реттеуші қызметі - мемлекеттің экономикалық
қызметінің кеңейтуімен байланысты пайда болады. Ол мақсатты бағытталған
түрде қабылданатын бағдарламаларға ұлттық шаруашылыққа сәйкес ұлттық
шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Осы орайда, салық нысандарын таңдау,
ставканы өзгерту, жеңілдіктер мен төмендету әдістерін өзгерту
пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамның қайта өндірісінің құрылымы мен
пропорциясына, жинақтау және тұтыну көлеміне әсер етеді. Мемлекет
экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың
кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажетті жағдайда тежеп
отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады.
Кез келген қызмет түріне бақылау жасау керек. Ал енді салық түсімдеріне
бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын
есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады. Салықтардың бақылау
қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары
мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
4) Салықтардың ынталандыру қызметі-экономикалық даму, техникалық жаңару
бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық және т.б.
жұмыстардың өткізілуіне әр түрлі ынта-жігер туғызады.
5) Бақылау қызметі- салық салу процессінде салық төлеушілер қызметі
бақыланады (заңды және жеке тұлғалардың кіріс есебі, олардың қаржылық
–шаруашылық қызметі).
Салық қызметінің міндеті – бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап
беретін бірден бір мемлекеттік орган. Көптеген экономикалық әдебиеттерде
салықтардың ынталандырмайтын, тұрақтандырушы, шектеу сияқты бірнеше
қызметтері атап көрсетілген.
Салық жүйесі. Мемлекетке алынатын барлық салық түрлерінің жиынтығы,
олардың құрылуының әдістері мен нысандары, салық қызметі органдары
мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі - көптеген салық түрлері, салық төлеушілер, салық жинау
әдістері, салықтық жеңілдіктерінің болуына байланысты күрделі модель болып
келеді (15(.
Әр мемлекекттің салық жүйесі өзара байланысты салықтар мен салықты алу
әдістерінің жиынтығынан тұрады. Ол салықтың әрбір түрін бюджетке төлеу және
есептеу тәртіптері туралы ережелер мен заңдар тізімінен тұратын салықтық
заңнамалардың болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін, одан кейін толық
тәуелсіздігін алуы қысқа мерзімде қоғамдық талаптарға сай келетін өзінің
салықтық жүйесін құруды талап етті. Осындай салық жүйесінің бастауы салық
сұрақтары жөнінде заңнамалық актілердің пакетін қабылдау жолымен жүзеге
асты. Орнатылған салық салу тәртібі СССР соңғы жылдарында болған тәртіптен
көп ерекшеленбеді, бұл кәдімгі жайыт, өткені сол жылдары республиканың
экономикасы мәнді жандануды басынан өткізген жоқ, әрі нарықтық қатынастың
дамуы жаңа туылу жағдайында болды.
Сейдахметов Ф.С. салықтық жүйенің кез келген жаңалығы салықтық жүйеде
болатын анықсыздық пен шатасушылықты болдырмауға және ашықтылық беруге
бағытталуы керек деп есептейді, сондықтан осы салада қайта құрудың
түсіндіру процессін тәжірибеде салықтық есептесудің оптималдығы мен дұрыс
қабылдау мүмкіндіктерін меңгеруге бағыттау қажет.
Автор салықтық жүйеге келесі анықтаманы беруде (грек тілінен systema -
жалпы, бөлшектерден тұратын, жиынтық) – бұл мемлекет пен салық
төлеушілердің қызығушылықтарын қамтамасыз ету мақсатымен, бір бірімен өзара
байланыста тұрған салықтар жиынтығынан құралған белгілі бір жиынтық немесе
бір бүтін (16(.
Бұл жүйенің құрамына жатады:
- салықтық қатынасты қадағалайтын заңнамалық және нормативтк база
(Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР Заңы,
Салықтық кодекс, үкімдер, ережелер, хаттар, салықты төлеу туралы үлгілер
және т.б.);
- салықты және басқа да міндетті төлемдерді құру және алу әдістері,
олардың әртүрлілігі, салық салу қағидалары, салық элементтері;
- салықтық бақылауды жүргізу формалары мен түрлері (салықтық
есептілікті камералық бақылау, салық төлеушілердің мониторингі, құжаттық
және рейдтік салықтық тексерулер және т.б.);
- салықты және басқа да міндетті төлемдерді алу қызметі болып табылатын
ұйымдар, көбіне ҚР қаржы Министрлігі, салық органдары, қаржы полициясы.
Салық жүйесінің категориясын меңгеру үшін себептердің бірі ҚР
территориясының әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінуі, бұл жергілікті
немесе орындаушы мемлекеттік органдарға салықтық төлемдердің мақсатты
түсуін қарастырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген кәсіпорындар диверсифицирленген,
яғни бірнеше салада қызмет етеді және көп мамандандырылған болып ортақ
сипаты бар, яғни оларды бір уақытта өңдеуші өнеркәсіпке, саудаға, қызмет
көрсету немесе ауыл шаруашылығына жатқызуға болады.
Бұл субъектінің қызмет түріне, төлем мен салық салу объектісіне
байланысты әртүрлі ұйымдар үшін салықты төлеу ерекшеліктерін білуді
түсіндіреді (17(.
Мұндай жағдайдың өзектілігі салық салу бойынша сәйкес келетін салалық
нормативтік құжаттардың болмауымен де байланысты, өйткені әрбір салада
қызмет жасауының өзіндік ерекшелігі бар.
Орындалатын қызметінің көптүрлілігіне байланысты салықтар мен
алымдардың бөлшектеп топталуын келесі кестеден көруге болады.

Кесте 1. Салықтардың классификациялық белгілері

Белгі Салық түрі Қысқаша сипаттама
Мемлекет пен тікелей - табыс немесе мүлікке ( табысқа,
субъектінің пайдаға, мүлікке және жерге салынатын
өзара салық) салынады
қарым–қатынастар
ына байланысты
жанама - тауар, қызметтер бағалары арқылы
(қосылған құнға салынатын салық, акциздер,
кедендік баждар) алынады.
Төлеу формасына заттай - жер қойнауын пайдаланушылар салығына
байланысты жататын өнімдерді бөлудегі үлесі
ақшалай - ақшалай түрде төленетін салық
Субъектілер заңды - субъектісі заңды тұлға болатын
бойынша тұлғалардан корпоративті табыс салығы, сонымен қатар
алатын резиденттер және резидент еместер, тұрақты
мекемелер
жеке - жеке тұлғалардың төлейтін жеке салығы
тұлғалардан
алатын
Территориялық жалпы - мемлекеттің табысы болып саналатын салық
деңгейіне мемлекеттік
байланысты

1-ші кестенің жалғасы

жергілікті - жергілікті бюджеттің табыс көзі болып
саналатын салық және әкімшілік –
территориялық құрылғылар мен заңнамалық
талаптарға байланысты
Қолдану сипатынаЖалпы - қазыналық рөл атқарады, яғни бюджетке
байланысты сипаттағы түсіп, жалпы белгіленген тәртіппен
салықтар қолданылады.
Мақсатты - нақты шараларды қаржыландыру үшін
салықтар тағайындалады
Бюджетті реттеу Бекітілген - бюджеттің белгілі бір түріне табыс көзі
құралы ретінде ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген
салықтар
Қадағалаушы - жыл сайын бюджетті бекіту процессінде
баланстау мақсатында жоғарыда тұрған
бюджеттен төменгі бюджетке аударылатын
салықтар
Ескерту: Оспанов М.Т. Салықтық реформа және салықтық қатынастарды
гармонизациялау

Бірінші сипаты бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар табыс немесе мүлікке (табысқа, пайдаға, мүлікке және
жерге салынатын салық) салынады.
Жанама салықтар - тауар, қызметтер бағалары арқылы (қосылған құнға
салынатын салық, акциздер, кедендік баждар) алынады. Салық сомаларының иесі
тауар және қызметтерді өткізгесін мемлекетке тапсырылады.
Әлемнің көптеген елдерінде салық жүйесінің қалыптасу тәжірибесі
экономика тұрақсыз болғанда салықтық табыс құрылымында жанама салық орын
алады, ал тұрақты дамуда тікелей салыққа назар жүктелетіндігін
куәландырады.
Тікелей және жанама салықтардың оптималды қатынасы өзекті мәселе.
Салық салу объектісін есепке алу және бағалануы бойынша салық алудың
төрт тәсілі бар: кадастрлық, деклорация бойынша, төлем көзіне байланысты,
патент бойынша.
Кадарстрлық әдіске сәйкес салық салу және есепке алу қамтамасыз ету
объектілерінің тізімі негізінде, оның табыс әкелу нормасын (әсер мүліктік)
көрсете отырып, нақты табысын ескермей жүзеге асырылады.
Салық төлеуші деклорацияда табыс көлемін, керекті жеңілдіктерді,
шегерімдерді ескере отырып, салық сомасын есептейді.
Төлем көзіне байланысты салықты табысты алған жердегі бухгалтерия
есептеп, төлетеді.
Патент негізінде салық әр түрлі қызметтен табыс алуға байлынысты
бөлінеді. Бұл бойынша салық төлемін анықтау және ескеру өте қиын.
Салықтық есептін екі әдісі пайдаланылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шығындар жұмыстарды жүргізу кезінен
бастап, қызметтерді, мүліктерді қабылдау және ол бойынша төлеу жүргізеді.
Төлеу уақытынан тәуелсіз есептелетін есептеу әдісі бойынша табыстар мен
шығыстар жұмыс жүргізу уақытынан есептелінеді. Екінші әдіс салық қызметтері
үшін қолайлы және оны Қазақстанның барлық салық төлеушілері қолданады.
Оның төлеушілер үшін кемшілігі - салық төлемдерін жеткізу уақытында
болмаған жағдайдың өзінде төленіп, айналым қаржыларының оқшаулануына әкеліп
соғады (18(.
Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі салық және басқа міндетті төлемдер
түрлері айтарлықтай дифференцияланған. Салық қатынастарын реттейтін
құқықтық нормалар Қазақстан Республиксының Салық Кодексінде және сәйкес
ережелерде көрсетілген.
Мемлекеттік салық қызмет органдары Қазақстанда Қаржы Министрлігімен
және облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қала аудандарындағы,
сонымен қатар, қаржы полициясымен көрсетілген. Салық қызметі салықтар мен
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы республика заңдарының
орындалуына бақылау жасайды.
Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін, яғни салық түрлерінің нақты
атаулары, сонымен қатар оларды пайдаланудың әдістері, тәртібі, іс-әрекет
әдістерін құру мен жұмыс істеуіне байланысты сипатталады.
Салық салу элементтеріне мыналар жатады;
- салық субъектісі;
- салық объектісі;
- салық көзі;
- салық мөлшері;
- салық ставкасы;
- салықтық жеңілдіктер;
- салық кезеңі;
- салықты есептеу тәртібі;
-салық есептілігі;
- салық төлеу тәртібі.
Жанама салықтың орынды қолдануы, бағаны белгілеу үдерісіне және тұтыну
құрылымына оң әсер етуі мүмкін. Салық төлеушілер үшін табысқа тікелей
салынатын салықтын өсуіне қарағанда, олардың шығынына салынатын салықтың
өсуі қолайлырақ. Сатудан алынатын салық, қосылған құнға салынатын салық,
акциздер тәрізді тұтынуға салынатын салықтарын пайдалану қолайлырақ.
Себебі:
- одан бас тарту қиынырақ;
- экономикалық бұрмалаушылық аз кездеседі;
- еңбекке деген ынтаны азырақ қысқартады;
- тапшылықтың, сонымен қосаалмастырушы тауарлардың болмауы;
салдарынан, тұтынушыларға таңдау құқығын береді.
Мемлекеттік бюджет табысына жанама салықтан түсетін түсім 34 пайызды
құрайды. Тұтыну салығына инфляциялық және регрессивті сипатқа ие және
өсудің өзіндік кемшіліктері тән. Егерде бағаның өсуімен қатар, бюджеттің
шығыны өссе, онда осы салықтан түсетін түсім, бағаның өсуімен бірге
ұлғаяды. Бұл әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат
алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне автоматты түрде инфляцияға қарсы
механизм енгізіледі. 1992 жылы енгізілген жанама салықтың бір түрі -
қосылған құнға салынатын салық. Ол мемлекеттік бюджетке түскен жалпы
түсімнің 33 пайызын құрайды.
Салық төлеуші бағаны көтеру арқылы салық төлеу жауапкершілігін
тұтынушыға аударады. Салық объектісі Қосылған құн болып табылады, ол
материалдық шығынсыз өнімді білдіреді; қосымша өнімде кешенді шығындар
қосылуы мүмкін, мысалы, жанама шығындары және басқа да шығындар. Салық
туралы және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, қосылған құн салығы деп тауар айналымы мен
өндіріс үдерісіне қосылған, өткізу бойынша салық салынатын айналымының,
сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар импорты бойынша
құнның бір бөлігін бюджетке аударуды айтамыз. Айналым бойынша бюджетке
төленуге тиісті қосылған құн салығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕФОРМАЛАУ ҮРДІСІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті: реттеу, жоспарлау және жобалау
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Салық бақылауын жүргізудің әдістері және салық тексерулері
Қазақстан республикасының салық жүйесі және оны басқару
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және мемлекеттік бюджетті жоспарлау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті
Мемлекеттік бюджет - экономиканы мемлекеттік басқарудын құралы ретінде
Мемлекттік бюджет
Пәндер