Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 1. 1 Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы . . .
3: 6
Кіріспе . . .: 1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері . . .
3: 22
Кіріспе . . .: 1. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны . . .
3: 24
Кіріспе . . .: 1. 4 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық дарындылығы жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролі . . .
3: 27
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 35
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 38
Кіріспе . . .:
3:
Кіріспе . . .:
3:

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш мектептің негізгі міндеті - «Баланың жеке басын бастапқы дамытуды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту», - деп көрсетілген. Осы міндетті шешудің жолы оқушыларды шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Белгілі ғалым А. Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», - деген [3] .

Оқушының шығармашылық қабілетін педагогикалық және психологиялық тұрғысынан жан-жақты зерттеулер көптеп жүргізілген. Өйткені, қоғамның тәжірибесі шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психологиялық-педагогикалық ойлардың осы мәселеге назар аударуына мәжбүр етті.

Оқыта отырып, баланың шығармашылығын, қабілеттерін дамыту мәселесі Ш. А. Амонашвили, Б. М. Теплов, К. К. Платонов, А. Н. Лук, Б. Т. Ананьев, Н. С. Лейтес, Г. А. Давыдова және т. б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М. Ә. Құдайқұлов, Г. К. Нұрғалиева, Б. А. Тұрғынбаева, А. Б. Мырзабаев, Л. Г. Дирксен, К. К. Жумадирова және т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Жоғарыда аталған еңбектерді талдай келе, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарына олардың арнайы тоқталмағанын байқадық. Осыдан келіп мектепте оқушының тұлғасын объект ретінде емес, субъект деп қарау, оның шығармашылығын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту, яғни өзіндік іс-әрекет оқу процесін шығармашылық іс-әрекетке енгізу негізінде ұйымдастырудың нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды ролін ғылыми негіздеу тақырыбымыздың өзектілігін арттыра түсті.

Біз көтеріп отырған проблема жөнінде жоғарыда аталған зерттеулерге ғылыми-теориялық талдаулар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жете қарастырылмаған.

Демек, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың қажеттілігі мен оның мектептегі бастауыш сыныптар жағдайында кешенді түрде іске асыру мүмкіндіктерінің жүйеленбегендігінің арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіруді біздің зерттеуімізде мақсат еттік. Үшінші сынып оқушыларының бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ғылыми негіздеп, теориялық тұжырымға сүйене отырып, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке енгізу жолдарына қолайлы жағдай туғызу, оның тиімділігін дәлелдеу қажет деп санадық.

Осыдан бүгінгі таңда үшінші сынып бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу қажеттілігі біздің зерттеуіміздің маңыздылығын айқындайды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын анықтау.

Зерттеу нысанасы: бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарының әдістемелік жүйесі.

Зерттеудің болжамы: егер үшінші сынып оқушыларының оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын қарастырсақ, онда оқушылардың білім деңгейі артады, өйткені олар өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруға белсенділік көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері:

1. Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасына талдау жасау;

2. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздерін айқындау;

3. Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытуда білім-тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұнын сипаттау;

4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын жұмысын ұйымдастырудағы мұғалімнің ролін қарастыру;

5. Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерінен оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға үйрету жолдарын көрсетіп, айқындау;

6. Эксперимент жұмысының нәтижесі мен қорытындысын талдау.

Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі шығармашылық теориясы, тұлға қажеттілігін қанағаттандыру арқылы оқушының шығармашылық дарындылығын дамытуға қатысты тұлғалық, танымдық теориялар.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі:

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары педагогиканың ғылыми негізінде зерттеу нысаны, өзіндік ерекшелігі бар жеке саласы ретінде анықтауға талпыныс жасалды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижелері бастауыш сыныпта пәндерді оқытудағы мәселелерге өз дәрежесінде үлес қоса алады деп санаймыз.

Зерттеудің әдістері: проблемаға байланысты философиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; педагогикалық іc-тәжірибелермен танысып, ғылыми тұрғыда сұрыптап, талдау; оқушылар мен, мұғалімдер мен әңгімелесу; топтық және жеке әңгімелесулер.

Зерттеудің кезеңдерi: бірінші кезеңде (2009-2010жж) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық-педагогикалық негіз зерттелді, патриоттық тәрбие беру бойынша деректер жинақталды.

Екінші кезеңде (2010-2011жж) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп, сұрыптаудан өткізілді, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен әдістемесі анықталып, білім беру мекемелерінде іс жүзінде жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде (2011-2012жж) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланды, педагогикалық құнды ой-пікірлер сараланып, жүйеге келтірілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасалды, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды.

Зерттеу базасы: Өскемен қаласы, №16 қазақ орта мектебі.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері

  1. Шығармашылық дарындылық ұғымының ғылыми әдебиеттердегі сипаттамасы

Өркениеттік қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбиелеу, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамытуды, кәсіби біліктілігі мен іскерлігін талап етеді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқына көтерілуі ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етіп отыр.

Қазақстан Республикасының [2] президенті Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер − бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет өте ауыр», − деген болатын.

Осыдан келіп, қазіргі заманғы мектеп алдындағы өте күрделі мақсатты бәріміз де мойындаймыз. Ол − шығармашылыққа бейім тұлғаны дамыту, яғни мектеп ортасындағы мұғалім мен оқушының өзара үйлесімді шығармашылық іс−әрекеті.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекеті ғылыми-педагогикалық проблема ретінде едеуір зерттелген. Оқушылар бойында "шығармашылық әрекет тәжірибесін" қалыптастыру қажеттігі туралы 80-жылдары-ақ И. Я. Лернер жазған болатын. Қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.

Әрине мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де зерттелген. Айталық окушьлардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі "киял, елес" болып есептеледі. Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Даму өнімі - "оқуға құштарлық, ынталылық". Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке дара субъектісі ретінде дами бастайды. В. ВДавыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В. В. Давыдов өзінің "Дамыта оқыту теориясы" еңбегінде көрсеткен [6] . Бұл еңбекте В. В. Давыдов тұлғаны "еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы" деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстіңде жеке тұлға болып қалыптасуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.

Шығармашылық - адам ісі, әрекеттерінің бір түрі [7] . Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға да байланысты. Тек шығармашылық қана адамға мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын мектептің алар орны ерекше. Өйткені білім беру мекемелері:

1) оқушылардың парасаттылық, рухани, табиғи нанымдарын дамытуға, өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосу;

2) жеке адамның сенімдерін дамытуға үйрету;

3) бір адамның еркін шығармашылық ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасауы тиіс.

«Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет [8] .

Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өзіне−өзі, өзінің шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзімен-өзі жойылуға қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілеген, қабілеттерін дамыту, сол арқылы толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - білімнің басты мақсаты болып табылады», − деп Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту Тұжырымдамасы жобасында айтылған.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні [9] (этимологиясы) «шығару», «ойлап табу», «іздену» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Көрнекті психолог Л. Выготский: [9] «Шығармашылық» деп − жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе парасаттылық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық сапаға көтереді [10] .

Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде, әр түрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе - ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдыретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет»-деген [12] .

В. В. Давыдов [19] «тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» деп есептеген. Б. Д. Эльконин [20] шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Мұнда басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктері де зерттелген. Мысалы, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бқл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - «оқуға құштарлық, ынталылық». Жасөспірімділік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов [20] шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Оқушының шығармашылық тұлға болып дамуын В. В. Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте В. В. Давыдов тұлғаны «еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы» деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде тұлға болып дамуы оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.

Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігінің танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю. Н. Кулиткин, А. В. Даринский, тағы басқа атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.

Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект - субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін - өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі - шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің «кәсіби дамуының жақын аймағын» ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.

Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады (А. Бергсон, В. И. Вернадский, т. б. ) . Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттілктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деграцияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми - теориялық еңбектерге талдау жасауға тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам - қайталанбас, біртуар адам. (В. А. Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық «ішкі» «өзін - өзі жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.

Соңғы жылдары қарастырылып отырылған мәселенің зерттелуі жаңа қырынан көрінуде. В. И. Слободчиков [21] оқушы өміріндегі басты оқиға «өзіндік Менін ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзін өз өмірбаянының жасаушысы ретінде сезіну» деп есептейді. Бұл мағынада оқушының шығармашылық әрекеті өзінің жеке қарым-қатынасын дамытуға және өзін осы қатынастың өнімі ретінде қарастыруға бағытталған. Бұл мәселе дұрыс шешімін табуы үшін В. И. Слободчиков келесі психология-педагогикалық талапты ескертеді: «Сәйкес ортаның, ересек адамның болуы, оқушы мен ересек адамның ынтымақтастығының нәтижесінде өзара әрекеттің жаңа әдістерінің пайда болуы». Шығармашылық әрекет бұл жерде ересек адам мен жасөспірімнің кездесуі, бірлескен іс-амал нәтижесінде олардың қатынастарының дамуы, қорытындысында жасөспірімнің ересек адамдармен өзара әрекеттерінің белгілі бір әдістерін иемденетін әрекет түрі болып табылады. Яғни, ересек адаммен бірлесе отырып, қоршаған ортаны өзгерту, өзін жасай, сомдай білу негізгі мектеп оқушыларының шығармашылық әрекетінің моделінің бір бөлігі болып табылады.

Бүгінгі білім берудегі мектептің негізгі мақсаты - оқушыда өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет оқушының жеке білім траекториясын дамытуға бағытталған.

Оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі сипаттамаларын және оларға сәйкес дамитын қабілеттіліктерін Ю. Г. Юдина [22] мына түрде қарастырады:

«1. Оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі: оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы жыл соңындағы шығармашылық емтихан, жылдық мектептік көрмеге қорытынды жұмыс тапсыру, т. б.

2. Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы: жаңа жағдаятқа байланысты білім, икемділіктерін қолдана білу, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре білу, шешімдердің баламасын таба білу, мәселенің белгілі шешіміне қоса шешімнің жаңа, тың әдістерін таба білу.

3. Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдердің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Кейбір оқушылар үшін эмоциялық қызығушылық белгілі бір пәнді меңгеруге деген негіз болып табылады. Ал кейбір оқушылар үшін эмоциялық көңіл-күй олардың болашақ шығармашылық жұмыстарына бағыт береді.

4. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі».

Бұл аталған шығармашылық әрекет сипаттамаларына басқа қосымшаларда болуы мүмкін. Мысалы, ғалымдардың шығармашылық қабілеттердің белгілері. Осыған байланысты А. Н. Лук өз еңбегінде «адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» деген өз пікірін айтады. Ол шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

- нерв жүйесін (ақпаратты) код арқылы жіберу;

- тасымалдай білу;

- ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі;

- әрекетті бағалауды айтады.

Соңдай-ақ ғалым шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту үшін қажетті жағдайдың болуы керекгігін және қорқыныш, жалқаулык, өзін-өзі бағаламау сияқты психикалық кедергілерден тұратын қарама-қайшылықтармен күресу қажет екендігін айтады.

Оқушы шығармашылығының ғылыми-педагогикалық проблема ретіндегі өзекті мәселенің бірі - оның дамуының кезеңдері. Өйткені оқыту барысында оқушының шығармашылығын дамыту мәселесі шығармашылық процестің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап етеді. Шығармашылық процесті А. Н. Лук [23] бес кезеңге бөледі:

1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.

3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.

4. Интуиция оянуы. Инсаит.

5. Нәтижені жан-жақты тексеру.

Ал, француз математигі Ш. Адамар [24] шығармашылық процесті төрт кезеңге бөледі:

1. Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.

3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б. А. Тұрғанбаева [25] өз диссертациясында шығрамашылық процестің кезеңдерін төмендегіше топтастырады:

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.

3. Шешімнің жарқ етуі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі сапалық қасиеттер дамиды. Мысалы, алғашқы қезеңдерде жаңалықты сезіну, қарама-қайшылықтарға деген ілтипат, келесі сәттерде шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Егер де белгісіздік кезеңінде табандылық, танымдық ой-қиялды дамытса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге қанаттандырады. Оқушының эмоционалдық қызығушылығы іс-әрекет барысында көрінеді.

Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И. Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа нысан, жаңа шешім табуды белгілейді [26] .

А. Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілеті, идеяларды іске асыру, болжай білу қабілеттерін айтады [27] .

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке - оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Дарынды балалар сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz