Ойын сабақ технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ: ОҚУШЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 «Педагогикалық технология» туралы түсінік. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясының мақсаты мен міндеттері, негізгі ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясының тәсілдері . . . 19

ІІ. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ: ОҚУШЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

2. 1 Сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясы арқылы оқушының логикалық ойлауын қалыптастырудың жолдары . . . 30

2. 2 Сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясының сабақта қолданылуы мен тиімділігі . . . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДЛАНЫЛҒАН ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» [1, 2] деген елбасы Н. Назарбаев. Шынымен де, көтерген жүгіміздің салмағы ауыр, еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі білімді ұрпақтың бейнесінен көрінеді. Осы орайдан келгенде, қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат - жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық ененін байқаймыз. Яғни, ағартушылық салада жүрген жандарға жүктелген аса үлкен міндет болып табылады. Өйткені, бүгінгі күні мұғалім сабақ процесіндегі басты тұлға болып табылады. Ол өз ісімен өзгеге жетекші, өз сабағымен өзгелерге үлгі болады. Сондықтан оның теориялық білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде болғаны абзал. Осыған орай мұғалім сабақ барысында түрлі әдістерді ұтымды пайдаланып, олардың білігі мен практикалық дағдысын қалыптастырып, оқушыларға білім бере отырып, белсенділігін оятып отырғаны дұрыс.

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт - оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі - тұман » , - деп білімнің, оқудың, ғылымның маңызын айқын көрсеткен.

Ал енді осы ойымызды Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылған оймен жалғастырсақ: « . . . жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп атап көрсетіледі [1, 3] . бұл дегеніміз, біздер, мұғалімдер кез келген өзгеріске дайын, мүмкіндігімізше барлық жаңа техологиялардан хабардар болуымыз керек.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.

Сабақтарда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын мектеп іс-тәжірибесінде, одан қалды күнделікті өмірде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми конференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Зерттеудің мақсаты. Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды:

  • Педагогикалық технологияларға тоқталу;
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ұтымды жолдарын көрсету;
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының оқытудағы ерекшеліктерін ескеру;
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

Зерттеу нысаны. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, оның стратегиялары мен ерекшеліктері, меңгерудің ұтымды жолдары.

Зерттеу пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  • сын тұрғысына ойлау технологиясының түрлі стратегияларына негізделген сабақ жоспарлары құрылды;
  • Сабақ үдерісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыруда қолданылатын әдістердің тиімділігі анықталды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеуде қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған еңбектер, жаңа технологиялар жайлы әдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдары негізге алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы. Сын тұрғысына ойлауда қолданылатын әдістер түрлері жинақталды; оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды.

Дипломдық жұмыстың практикалық негізі. Зерттеуде психология, педагогика, лингвистика, қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектері мен оқулықтар, оқу құралдары негізгі нысанаға алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми-практикалық негіздері берілген. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдістер мәселесіне арналады. Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденді.

І СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ: ОҚУШЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 «Педагогикалық технология» туралы түсінік

Бүкіл әлемдік білім беру аясына кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келеді. Ендіше, жалпы технологиялар туралы айтулы ғалымдар қандай ойда екен, ұстанымдары мен негізгі қағидалары неге негізделген, осылардан бастайық.

Атап айтқанда, В. В. Ворнов педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт деп түсіндіреді . Әлбетте, бұл пікірмен келісуге болады. Себебі, тиімді оқыту жүйесі белгілі бір технологияға незілделеді де, сол технологияның негізінде сабақтың нәтижесі көріне бастайды.

Ал В. М. Шепель болса, технология өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, өзгеруі дейді. [2, 37] . Технология жайлы бұл ғалымның пікіріне жүгінсек, негізгі күш мұғалімге түсетінін аңғарамыз. Өйткені кез-келген технологияны шебер пайдалану, ептілікпен, іскерлікпен нәтижесіне қол жеткізу, сол көрсеткіштерге жету жолында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану сөзсіз, мұғалімнің шеберлігі екені анық.

М. Чошанов технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі [3, 51] . деп есептесе, Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым - қатынасының өзегуі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы деген ой-қортындыға келеді [4, 15] .

Педагогикалық технология ұғымына берілген анықтамалардың өзі түрліше тұжырымдалады . Г. Селевконың «Современные образовательные технологии» кітабында олардың бірнешеуі келтірілген [5, 25] . Мысалы, В. Беспалько « Педагогикалық технология - бұл мазмұнды, оқу үрдісін жүзеге асыру техникасы» [6, 71] десе, И. Волковтың пікірінше, «Педагогикалық технология - бұл жоспарланған оқыту нәтижелеріне қол жеткізу үрдісін сипаттау» болып табылады[7, 26] . В. Монаховтың ойынша, «Педагогикалық технология - бұл оқушы мен мұғалім үшін қолайлы жағдайлар туғыза отырып оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және жүргізу бойынша бірлескен педагогикалық әрекеттің жан-жақты ойластырылған моделі[8, 81] . М. Кларин болса « Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін қолданылатын барлық тұлғалық, инструменттік және әдіснамалық құралдардың жүйелі және қызмет ету тәртібін білдіреді» дейді [9, 22] . А. Сластенин және Н. Тихонова пікірінше, « Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттің жетістігіне кепілдік беретін қатаң ғылыми жобалау және дәл елестету» [10, 25-26] .

Осы аталғандарды ескере келгендегі біздің байқағанымыз педагогикалық технологиялар жайында қанша ой айтылса да, бір-бірлеріне қайшы келіп жатқан тұстары жоқ. Демек, технология жайлы қай ұғымды алсақ та мағыналары жақын, мақсатқа жету жолдары ғана әр түрлі. Мектеп мұғалімі, аталған пікірлердің әрқайсысын пайдалана отырып оқыту үрдісін жүргізуіне болады. Осы орайда қазақ елінің айтулы ағартушысы, Ахмет Байтұрсынұлының мына сөздері есіме оралады. «Әдіс-тәсілдің жаманы жоқ, ең жаманы мұғалімнің өзі жаңа әдіс-тәсіл ойлап таба алмауы» - деген ғалым ағамыздың мағыналы ойы жоғарыда айтылған пікірлердің бәрін бір арнаға тоғыстырғандай.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, ісәректіне игі мұғалімдердің интелектуалдық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс - тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу тәрбие үрдісінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік.

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шындығына келгенде «Технология» ұғымы латын сөздерінен - «техне» - өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» - ғылым дегенді білдіреді. Технология ғылыми жетістіктерді негіздеудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің жинақталған көрінісі ретінде анықталады [2, 53] .

Ал педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау - сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.

Педагогикалық әдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және де біз сөз еткелі отырған дәстүрлі оқыту технологиялары, бағдарламаластырылған, проблемді оқыту технологиялары, солармен қатар авторлық технологиялар және т. б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән мағыналарына аса назар аудармай келді. Ал бүгінгі күнде «педагогикалық технология» оқу мен тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекетінің бірізді жүйесі ретенде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыртырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына келіп болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамында адамдарды, идеяларды құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім берудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі түрлі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы. Осы орайда аталған пікірді негізге алатын ғалымдарды да атай кетейік. В. Б Беспалько, В. В Данилов, В. К Дьяченко және т. б. Екіншісі - тәжірбиемен жүзеге келуі. Бұл пікірді Е. Н Ильин, С. Н Лысенкова, В. Ф Шаталов сынды ғалымдар негізге алады [11, 132] .

Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек. Коменский заманына бастап оқуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады.

Енді қазіргі білім беру жүйесіндегі осы педагогикалық технологиялардың қандай түрлері бар, және олар айырмашылықтары неде, қандай тәсілдер арқылы жүзеге асады, осы сұрақтар төңірегінде ой толғайық.

Қай мектепте болсын кеңінен қолданылатын оқытудың дәстүрлі технологиясынан бастайық. Аталған технология оқыту технологияларының ең ежелгі түрі. Кейде оны қайта жасау, репродуктивті технология деп те атайды. Бұл техноголия білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамассыз етеді. Көне технология екендігіне қарамастан орта мектептерде көп тараған. Оның мәні: жаңаны игерту - бекітіу - қадағалау - бағалау сұлбасы(схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Осыған орай, оқу-оқытудың басты әдістері ретінде:

  • Көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру;
  • Оқушының жетекші іс-әрекеттері түрлеріне - тыңдау мен есте қалдыру;
  • Басты талап және тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне - игерілгенді қалтқысыз қайталап жаңғырту ептілігі алынуы;

Аталғандардың барлығын ескеріп келгенде, орынды бір сұрақ туады.

Осы технологияда мұғалімнің орны қандай? Мұғалімнің іс-әрекетіне не жатады дегенге тоқталсақ. Яғни, дәстүрлі орындалатын іс-әрекеттер. Мұғалімнің қызметтері - түсіндіру, ірекеттерді көрсету, оқушылар орындаған тапсырмаларды бағалау, реттеу, түзету.

Сонымен бірге, дәстүрлі технология біршама кемшіліктерге жол береді - оқу процесін дараландыру мен жіктеуге қолайсыз, ең маңыздысы оқушының ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем [11, 134] .

Енді осы аталған технологияны менің зерттеу жұмысыммен байланыстырайық. Өздеріңіз аңғарып отырғандарыңыздай, бұл технология мұғалімнің немесе оқушының дайын іс-әрекеттеріне негізделген десек те болады. Яғни, күнделікті мұғалімге де, оқушыға да таныс, бір қалыпты жүзеге асатын іс-әрекеттер. Әлбетте, мұғалімнің сабақты түсіндіргені, талдап, саралап беретіні оқушы үшін қажетті дүние, алайда, оқушы үнемі ұстазына сенім артатын болса, өздігінен қорытынды немесе қажетті дұрыс шешім шығара алмаса, жеке тұлға ретінде өзіндік көзқарасы қалыптасып кетуі екі талай. Білім көші ешқашанда бір қоында тұрақтап қалған емес. Заман талабына сай, уақыт өткен сайын, ілгері жылжып, жаңа технологялармен толысып, көбейіп көшіп отырады. Осы технологияда мұғалым негізгі рол атқаратындықтан, оқушының жеке жұмыс істеуі, өз бетімен жұмыс істеуі, белгілі бір тақырып төңірегінде өз пікірін ақтап шыға алуы сияқты түсініктер назардан тыс қалып отыр.

Ал, менің таңдап алып отырған сын тұрғысынан ойлау технологиясында оқушы керісінше өзі ойланып, өз бетімен дұрыс шешім шығаруға дағдыланады. Сын тұрғысынан ойлау - бұл берілген тақырыпқа, я болмаса белгілі бір пікірге міндетті түрде қарсы шығу, оны даттау немесе жақтау деген сөз емес, керісінше, алынып отырған тақырыпты я болмаса мәселені сыныпта неше оқушы отырса, солардың әрқайсысының ой елегіген өткізіп, әркімге өз ойын айтуға, және сол айтып отырған ойын дәлелдеуге мүмкіндік беру, тапқыптың сан түрлі шешімін тауып, дұрыс қорытындыға келу. Демек, дәстрлі сабақтарда мұғалім дұрыс деп айтқан, ал соны оқушылар ойланбастан құптап әкететін әрекеттерден алшақтау деп түсінген дұрыс деп ойлаймын.

Кезекте дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т. б.

Мектеп тәжірбиесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымал технология. Аталған технологияны Л. С Выготский, Л. В Занков, Д. Б Эльконин және тағы басқада ғалымдар терең зерттеген. Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес болашағына бағытталуы керек. Зерттеу нәтижелерінде оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденген. Бұл үшін оқуды жоғары денгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді [11, 135] .

Бұл тек аталған кедергілерде ғана емес, күнделікті сабақ барысында да назардан тыс қалмау керек. Оқыту процесін әр мұғалім әр түрлі жүзеге асыратынын ескерсек, дамыта оқыту технологиясының қатып қалған принцптерімен шектеліп қана қоймай, әр мұғалім өздігінше түрлендіріп отыратындығы сөзсіз. Және бұл дұрыс та. Себебі, оқушы берілген тапсырманың қиындығына қарамастан шешімін табуға үнемі ұмтылып отыруы қажет. Алайда, оқулықта берілген материал, есеп не жазбаша тапсырмалар дейгейі қиындағы жағынан бірдей болғанымен, сыныпта отырған оқушылардың білім деңгейі әр түрлі екенін ескеру керек. Тапсырмалар қиыннан оңайына қарай емес, керісінше оңайынан қиынына қарай көтеріліп отырғаны абзал. Оқушы миы үнемі қозғалыста болғаны дұрыс, сонда ғана актив іс-әрекеттер жүзеге асады. Дамыта оқыту, яғни оқыта отырып дамыту. Бұл екі күрделі ұғымның қатар жүріп, ортақ жүзеге асуы. Екеуін екідара қарастыруға болмайды. Оқушы алған материалымен шектеліп қана қоймай, сол алған білімін күнделікті тұрмыста өз керегіне жарата білуі дамыта оқыту технологиясының жемісі.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім - тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Міне, дамыту оқыту технологиясына шағын шолу жасадық. Ондағы мақсат, алда айтылатын технологиялармен салыстыру, бір-бірінің ұқсастықтарын табу және тиімділігіне тоқталу.

Бағдарламаластырылған оқу технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесін басқару жүйесін жақсарту. Аталған технологияны П. Я Гальперин, Л. Н Ланда, А. М Матюшкин және тағы басқа ғалымдар негізге алады. Алайда БОТ бастауын берген Н. Краудер, Б. Скиннер, С. Пресси сияқты американдық психологтар мен дидактар.

БОТ - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламаластырылған оқулық, ерекше оқу машинасы, ЭВМ және тағы басқа көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы. Бұл технология әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі және т. б. ) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ-ның өзіне тән сипат белгілері мынындай:

  • Оқу материалдарының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге

жіктелуі;

  • Әр бөлшекте игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау

нұсқаулары жүйесінің берілуі;

  • Әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
  • Қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуымен оқушы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.Белсенді оқыту әдістемелеріне мысал арқылы талдау
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Дамыта отырып оқыту әдістемесі
Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Алматы облысы М.Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде «Тұрақты ток машиналарының құрылысы және жұмыс істеу принципі» тақырыбына оқыту әдістемесін жасау
Қысқа мерзімді сабақ жоспарына жалпы шолу
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz