Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
5
:
Кіріспе:
5:
: 1
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы және Ақмола облысында туризмнің дамуы
5:
: 1. 1
Кіріспе: Қазақстандағы туризмнің қазіргі кезеңдегі жағдайы және даму мәселелері
5: 6
: 1. 2
Кіріспе: Қазақстанның туристік өнімң және оның мүмкіндігі
5: 8
: 1. 3
Кіріспе: Қазақстанның туристік келбетін қалыптастыру
5: 10
: 1. 4
Кіріспе: Ақмола облысындағы туризмнің дамуы
5: 11
:
Кіріспе:
5:
: 2
Кіріспе: Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманның туризмнің жай-күйІН
5:
: 2. 1
Кіріспе: Туристік кластер құру және оны дамыту жөніндегі шараларды іске асыру
5: 18
: 2. 2
Кіріспе: Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйі
5: 20
: 2. 3
Кіріспе: Туризм инфрақұрылымы
5: 21
: 2. 4
Кіріспе: Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5: 24
:
Кіріспе:
5:
: 3
Кіріспе: Балалар спорттық-сауықтыру туризмін дамыту жобасы
5:
: 3. 1
Кіріспе: Оқушыларды тәрбиелеудегі туризмнің орны
5: 33
: 3. 2
Кіріспе: Оқушылардың бұқаралық туристік жарыстары
5: 33
: 3. 3
Кіріспе: Клубты қызмет ету жоспары
5: 40
: 3. 3. 1
Кіріспе: Туристік саяхатты ұйымдастыру
5: 43
:
Кіріспе:
5:
:
Кіріспе: Қорытынды
5: 54
:
Кіріспе:
5:
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер
5: 56
:
Кіріспе:
5:
:
Кіріспе: Қосымшалар
5:

Кіріспе

Туризм әлемдік экономикада басты ролдердің біреуін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымның хабарлауынша ол әлемдік барлық өнімінің оныншы бөлігін, он бір пайыздан артық халықаралық инвестицияны, әлемдік өндңрісте әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы туристік индустрия халықаралық сауданың жоғары табысты және ықшам дамушы сегменті болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі әлемдік табыстың 8 пайызы экспорттан және 37 пайызы қызмет ету секторынан құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімінен және автомобиль экспортынан түскен табыстан кейң үшінші орынға ие. Мұндай позитивті беталыс жаА мыңжылдықта да сақталады деген ойдамыз. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің орнын табуға бірегей мүмкіндігін бар. Әлемдік тәжірибеде өзінің тұрақты тұру орнын кез келген мақсатпен уақытша және өз еркімен 24 сағаттан артық ауыстырып журген адамдарды туристерге жатқызады. Бірақ ол адамдар уақытша тұрған жерде қызмет етпеуі тиісті.

Қазіргі заманғы туризм еңбек ететіндерге жыл сайын төленетін демалыстың берілуімен басталды, осыған орай адамның демалыс пен бос уақытқа деген құқығы мойындалды. Бұл жеке адамдардың дамуының, адамдар мен халықтардың арасындағы өзара түсінушіліктің себепкер шарты болып табылады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның, туризм бойынша арнайы халықаралық ұйымдардың талдауы бойынша туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет.

Қазіргі заманғы туризм - бұл әлемдік экономиканың төмен түсуін білмейтін саласы. Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің беретін пайдасы орта есеппен әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна көмір, немесе 15, немесе 2 тонна жоғары сапалы бидай тонна мұнай шығарғанмен тең. Бұның өзінде шикізатты сыртқа шығару елдің қуат беруін азайтады, ал туристік индустрия жаңғырмалы қорлар арқылы қызмет етеді.

Шетел экономистерінің санауынша 100 мың турист орта есеппен қалада 2 сағат өтікізсе 350 мың доллардан кем жұмсамайды, немесе әрбір турист 1 сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Ендеше шикізатты сату бұл экономикалық тұйық, ал туризмнің дамуы ұзақ экономикалық тиімді болашақ.

1 Қазақстан Республикасындағы туризмнiң дамуы

1. 1 Қазақстандағы туризмнiң қазiргi кезеңдегi жағдайы және даму мәселелерi

Туризм елдiң толықтай аудандарының экономикасына белсендi түрде әсер етiп отыр. Туризм саласында шаруашылық субъектiлерiн құрастыру және жұмысқа салу жол көлiгi, сауда, коммуналды-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетумен тығыз байланысты. Осылайша туризм өндiрiсi басқа да көптеген экономикалық секторларға қарағанда мултипликатордың күштi әсерiне ие десе болады.

Туризм - демалыс, көңiл көтеру, спорт және мәдениет пен табиғат қатынасымен тығыз байланысты қызмет, ол алдын ала жоспарланады және женкелей және ұжымдық жетiлдiру құралы ретiнде тәжiрибеден өтедi. Ол жағдайда ол өзiндiк бiлiм алу, толеранттық және халықтар мен мәдениеттiң арасындағы айырмашылықты танудың таптырмас факторына айналады.

Туризмнiң жедел әрi әркездiк өсуiн, қоршаған ортаға, экономиканың бар секторына және қоғамның әл-ауқатына күрделi әсерiн ескере отырып Үкiмет Қазақстан дамуының ұзақ мерзiмдi бағдарламасында туристiк саланы басты деп анықтап отыр.

Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарты ретiнде бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi үшiншi мыңжылдықта бастауын алған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуын алуымызға болады.

Қазақстан тәуелсiздiгiн алған уақытқа дейiн экономиканың басқа да салалары әспеттi туризм орталықпен қатаң реттелiп отыратын болған. ССРО - дағы негiзгi туристiк қызмет аймақтары - Кавказ, Қырым, Балтық жағалауы, Ресей мен Орта Азияның тарихи орталықтары. Сонымен қатар Қазақстандағы көптеген сәулеттiк, археологиялық, мәдени ескертікiштердiң және табиғи көрiктi жерлер iс жүзiнде жарнамаланбады және сұраныссыз қалып отырды. Қазақстандағы туризм кеңес кезеңiнде мәдени-ағарту iстiң бiр көрiнiс ретiнде ғана алынып отырды, ол идеологиялық қызметтi атқарды, оның басты ролiне қарамастан қалдықты принцип негiзiнде қаржыландырылды және оның экономикалық маңызы болмады десек те болады. Қазақстандағы туризм өндiрiсiнiң дамымауының бiр себебi ретiнде мемлекеттiк деңгейде оған бағытты түрде экономика саласы ретiнде назар бөлiнбеуi деп түсiндiре аламыз. Кешендi болжайға, ұзақ мерзiмдi жоспарлауға, туризмнiң аймақтық ұйымдастырылуына және мемлекеттiк емес туристiк құрылымдаға тiптен назар аударылмады. Саланың дамуына кедергi болған тағы бiр себеп туризмнен түскен табыстың басым көпшiлiгi жергiлiктi бюджетіке түсiп отырғанына қарамастан туристiк қызметтi жергiлiктi басқару ұйымдары басты қызмет деп қарамады.

Қазақстан егемендiк алғаннан соң туристiк қызметтi реттеудiң негiзi қаланды, Қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту қолға алынды.

Туризм саласының халықаралық қатынасқа дамуындағы басты бiр кезең ретiнде Қазақстаннның 1993 жылы Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның мiндеттi мүшелiгiне енуiн, туризм саласында ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiм шарт жасасуды алуға болады. Қазақстанды бай туристiк негiзi бар ел деп танып болашағы мол елдердiң бiрiнен санап, шетелдiк мемлекет үкiметтерi келiсiм шарт жасады.

Қазақстан елiнiң туристерi жиi баратын елдер: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Бiздiң республикаға көбiнесе Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Пакистан, Польша, Түркия елдерiнен туристер келедi.

Туристiк қызметтi сараптау көрсетiп отырғандай, көптеген туристiк фирмалар туристердiң шығуымен айналысады екен, бiрiншi кезектi қаржы қаражат Қазақстаннан басқа елдерге көшiп жатыр. Тауарларды шет елдерден көтерме бағамен сатып алып, оны әрi қарай елiмiзде сату үшiн туристiк сапарға шығу бүгiнгi күнi әлi өзектiлiгiн жойған жоқ, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристiк қызметтiң көрсеткiшi болып отыр. Экономикалық дағдарыс кезiнде ол туристiк қызметіке деген мол сұранысты туғызды, соның нәтижесiнде туристiк фирмалар көбейдi, оның басым көпшiлiгi тәжiрибелерiне жоқтығынан арадағы делдалдық қызметпен ғана шектелiп отырды. Алып-сатарлық бизнес Қазақстан нарығының төртен бiр бизнесiн тауармен қанықтырып отыр, негiзiнен алғанда сату саласында 150 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазақстандағы сыртқытауарлық айналымының жыл сайынғы Алып сатарлықң сауданың аумағы шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрап отыр.

Сонымен қатар шоп-туризмнiң келеісiз жағы да бар, бастысы елдiң бюджетi. Шоп-туризмнiң көтерiлуi туристiк қызмет көрсету деңгейiнiң өсуiне еш әсер етпедi.

Барлық өркениеттi ел туристiк ағымды өзiне тартуға тырысады, себебi туристiк қызмет мемлекеттiк бюджеттiң табыс бөлiгiнiң маңызды түрi болып табылады. Сондықтан Қазақстан шетелдiк туристердi тартуға бар күш жiгерiн жұмсауы қажет. Осы мақсатта туристiк ұйым қызметтерi қайта қарастыру қажет, олардың басым көпшiлiгiн келу туризмiне бағыттауымыз қажет, ал ол бiрiншi кезекте көлiктiң жағдайына, орналастыруға, кадрлық қамтамасыз етілуге байланысты.

Көлiк. Бүгiнгi таңда Қазақстанның халықаралық авиажелiлерi Германия, Үндiстан, Бiрiккен Араб Әмiрлiгi, Түркия, Корея Республикасы, Венгрия, Израиль, Қытай, Тайланд елдерiмен қатынайды. Авиатасымалдаулар ұлттық тасымалдаушы Эйр-Қазақстан және басқа да авиакомпаниялармен iске асырылады. Көптеген туристер сервис және қызметтiң сенімдiлiгi тұрғысына шетелдiк тасымалдаушыларды таңдайды, ол өз кезегiнде елiмiздiң тасымалдаушыларының авиарейстеріндегi жолаушылар санын күрт азайтады. Сонымен бiрге авиабилеттер құнының тым қымбаттығы да Қазақстан турөнiмдерiнiң құнын қымбаттатады, соған сәйкес халықаралық нарықта бiз бәсекелестiк қабiлетiмiзден айырыламыз.

Автокөлiк шоп-туризмде шекаралас елдерге және экскурсиялық бағыттарды жүзеге асыруда қолданылады. Алайда оның дамуы негiзiнен жолға және көлiктерге сәйкес техникалық қызмет көрсету мүмкiндiгiне байланысты. Республиканың автобус паркiнiң жағдайы өте нашар, сонымен бiрге өздерiнiң ыңғайлы автобустары да жоқтың қасы, ол туристерге жоғары деңгейдегi қызметтi қамтамасыз ете алмайды.

Негiзiгi темiр жол тасымалдаушысы Қазақстан темiр жолың Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 14 бағыт бойынша жолаушы тасымалдайды. Қазақстанның темiр жолдарымен Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжiкстан, Түркменстан елдерiнiң транзиттiк жолаушы поездары өтедi.

Болашақта қоғамдық экологиялық таза туристiк көлiктерiнiң дамуына басты назар аударылуы қажет.

1. 2 Қазақстан туристiк өнiмi және оның мүмкiндiгi

Туризм халық шаруашылығының саласы өнiмi ретiнде нарықтық категорияның сұранысы мен ұсынысына сай болуы шарт. Осы орайда шетелдiк тұтынушыға бағытталған халықаралық нарық пен Қазақстандық азаматтарға арналған iшкi нарықтың арасын ашып алуымыз тиiс.

Халықаралық туристiк нарық бүгiнгi күнi қыруар миллиондық айналымы бар үлкен механизм және бәсекелес күресiмен күрделенген, сондықтан бастапқы мақсаты Қазақстан ерекшелiгiне ғана тән және сұранысы болатын туристiк өнiмдi анықтап алу қажет. Осыдан Қазақстандық турөнiмiнiң нарықтың қай жағында болашағы мол енкендiгi анықталады.

БСБ ұсыныстарын ескере отырып келтiрiлген сараптама негiзiнде және бар тәжiрибеден Қазақстандық турөнiмнiң екi базалық компонентi барын атауға болады: Жiбек жолындағы мәдени туризм (қажылық және дәстүрлi) және сонымен тығыз байланысты эко-шытырман туризмi (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, альпинизм, аңшылық, балық аулау) . Осыған орай эко-шытырмандық туризмге қолайлы қорлары бар Жiбек жолы маршруты өтетiн аймақтарды атап өтуге болады: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облысы.

Сонымен қатар туризмдi ұйымдастыру тұрғысынан ландшафтының әсемдiлiгi, аймақтардың игерiлгендiгi, құрылғандар және құрылуына бағыт бар мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi басты бағыттағы объектiлерге жатқызуға болады, олардың iшiндегiлерi: Iле Алатауың МҰТП, Алтын-Емел МҰТП (Алматы облысы), Ақсу-Жабағылың МҰТП (Оңтүстiк Қазақстан облысы), Баянауыл МҰТП (Павлодар облысы), Қарқаралың МҰТП (Қарағанды облысы), Бурабай және Көкшетау МҰТП Шучье-Бурабай курорт аймағындағы, Қорғалжын Мемлекеттiк табиғи қорың (Ақмола облысы) .

Орталық-Азия аймағындағы туризмнiң ерекшелiгiн ескере отыру қажет. Жiбек жолы және шытырман туризмнiң негiзгi басым көпшiлiгi барлық көрсетiлген аймақ бойы жылжып қозғалып отыруға бағытталған: Қазақстан Синьцзян-ұйғыр автономды округы (Қытай), Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан.

Осылайша Қазақстандық туристiк өнiм кешендi Орталық-Азиялық турөнiм шеңберiнде ғана әсерлi түрде жүзеге аса алатындығы көрiп отырмыз. Одан мынадай тұжырым шығарамыз:

1. Туристiк өнiмнiң институционалды сәттерi үкiметаралық деңгейде келiсiлуi тиiс;

2. Қазақстандық туристiк өнiм аймақ бойынша көршiлес елдердiң туристiк өнiмiнен бiрде бiр кем болмауы керек.

Қазақстандық туризмнiң өзiндiк ерекшелiгi деп оның маусымдық сипатын алуға болады, ол үшiн маусымнан тыс кезеңдерге қандай да бiр басқа шаралар ұйымдастырып, туризмнiң балама түрлерiн дамыту қажет.

Жоғарыдағы сегменттерге тән инфрақұрылым қандай да бiр талаптардан тұрады. Бұл өзiнше қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат емес бiр орында шамамаен 2-3 күндей болуын ескерген, экологиялық таза аудандарда орналасқан туристiк маршруттардағы (шамамен 25-100 орындық) орналастыру объектiлерi (стационарлық не уақытша) қажет.

Қазақстан бизнес-туризм тұрғысынан қандай да бiр болашағынан мол үмiт күттiредi. Ол алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай және табиғи-шикiзаттық қорлар Қазақстанға бизнеске және халықаралық конвенцияға қатысу үшiн келетiн бизнес-туристердiң көбеюiне мүмкiндiк бередi. Жоғарыда аталған орталықтардың инфрақұрылымдары халықаралық стандартқа сай болып келген. Алматы қаласы республиканың стратегиялық есiгi (әуелiк, автокөлiктiк және темiр жолдық) болып табылады және негiзгi басым көпшiлiк көшулер осы қала арқылы жүзеге асады. Түрлiше форумдарды өтікiзуге қажеттi ғимараттар мен мейрамханалардан басқа қалада демалыс және көңiл көтеруге қажеттiнiң бәрi бар, қала маңындағы 500 шақырым жерде тамаша демалыс орындары көптеп саналады. Астана да стратегиялық аймаққа айналып жатыр. Қалаға деген күннен күнге өсiп жатқан қызығушылық қала бойында халықаралық және iшкi туризмнiң қарқынды дамуына қызмет етедi.

Туристiк өнiмнiң басты бөлiгi әрине көлiк. Қазақстанға туристердi тасымалдаудың құралы ретiнде авиақатынауды аламыз. Сондықтан елiмiздiң авиатасымалдаушы нарығын күшейту және дамыту маңызды сұрақ болып отыр. Маршруттары бар жақтарға бәсекелестiк жасау мақсатымен ұлттық авиажелiлердi ашу қажет.

Республика көлемiнiң ауқымдылығы ескерiле отырылып, автобустық және темiр жол торабының маңызын да ескерген жөн, себебi туризм нарығының басым көпшiлiгiн құрайтын женкелеген туристер автобус пен поездерде өздiгiнен жылжығанды ұнатады.

Iшкi туристiк нарық туристiк тұрғыдан дамыған елдердiң көпшiлiгiнде 30 - дан 50 пайызға дейiн мемлекеттiк iшкi табысын әкеледi. Осы тұрғыдан Қазақстанның болашағы мол. Сонымен бiрге қазiргi кезде iшкi туризм ұйымдастырылмаған, науқанды енкендiгiн де атап кету керек. Олардың iшiнде әрине кейбiр женкелеген курорттар, санаторийлер және туристiк базалар жатпайды. Туризмнiң осы түрiне жеткiлiктi мөлшерде көңiл бөлiнбегендiгiнен мемлекеттiк бюджет орасан зор соманы алмай отыр, инфрақұрылым бұзылып жатыр, табиғи, мәдени және тарихи ескертікiштердiң экологиялық жағдайына орны толмас зақым келтiрiлiп жатыр.

1. 3 Қазақстанның туристiк келбетiн қалыптастыру

Қазақстан әлемде туристiк бағыт ретiнде әлi таныла қойған жоқ, алайда оның жерi қытай мен Еуропаның байланыстырушы дәненкер ретiнде баяғыдан белгiлi, себебi бiрнеше ғасыр бойы Жiбек жолының тарихи куәгерi болған.

Қазақстанның тартымды туристiк келбетiн құру кең ауқымды шараларды өтікiзумен байланысты. Негiзгi имидждiк, келбеттiк шаралардың iшiнен Қазақстанның халықаралық туристiк көрмелерге, жәрменкелерге және конференцияларға қатысуын, соның iшiнде IСБ саласы бойынша өтікiзiлетiн шараларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасы территориясында осындай шараларды ұйымдастыруды бөлiп алуға болады. Конгрестiк туризмдi дамыту маңызды, ол Қазақстанның Еуразиядағы қоғамдық және мәдени құбылыстарының орталығына айналуына әсер етедi.

Туризмдегi халықаралық ынтымақтастық Ұлы Жiбек жолы бойынша ЮНЕСКО және IСБ әзiрлеген және ұйымдастырған жобалар арқылы жүзеге асады, ол кезде шетелдiк мемлекеттермен екi жақты және көп жақты келiсiм шарттар жасалады.

Туристiк келбеттi қалыптастыруда республика өңiрiнде және одан да шет елдерде туристiк ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру маңызды қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерiнде туристiк ұйымдармен тәжiрибе алмасуы мүмкiндiктерiн қолдануға басты назар аудару қажет. Елдiң туристiк потенциалын жарнамалауда ұлттық автотасымалдаушы және басқа да көлiктiк кәсiпорындар көмек көрсете алады.

Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық және аудиовизуалды жарнамалық материалдарды басып шығару және белсендi түрдi тарату қажет. Қазақстанға туристердi тартуда өлкелiк басылымдар, жарнамалық-баспалық қызметтер, соның iшiнде туристiк фирмалар мен қонақүйлер де көмек етедi. Жаңашыл ақпараттық технологияларды қолдануға, әсiресе Интернет желiсiнде Қазақстан туристiк фирмалары туралы WEB-сайттар жасауға баса көңiл бөлу керек.

Туристiк ағымдарға басшылық жасап отыратын елдердiң туристiк агенттерi мен өкiлдерiне арналған Қазақстан туралы таныстыру жолдарын ұйымдастыру, ақпараттық құралдар арқылы жарнамалаудың көмекгi де таптырмас.

Жағымды да әсем туристiк келбеттi қалыптастыруда Қазақстанда халықаралық деңгейдегi түрлiше мәдени, спорттық және туристiк шараларды ұйымдастырудың да орны айрықша.

Қазақстанның туристiк келбетiн қалыптастыруда шет ел азаматтары үшiн елге кiру, шығу және республика көлемiнде жүрiп-тұруды жеңiлдету, визалық және кедендiк шараларды жүргiзуде ортақ компьютерлiк есепке алу жүйесiн енгiзудiң маңызы өте зор.

Қонақжай Республиканың келбетiн қалыптастыруға туристер жиi келетiн елдi мекендерде ақпараттық таблодағы жазулар латын транскрипциасында жазылуын да қадағалау қажет.

1. 4 Ақмола облысында туризмнiң дамуы

Ақмола облысында 2008-2011 жылдары туризмдi дамытуға қатысты кешендi бағдарлама даярланды, ол 2008 жылдың 12 сәуiрiнде облыстық мәслихатта С-16-7 нөмiрiмен бекiтiлдi. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралың заңына сай туризм саласы 2001 жылдың 13 маусымындағы ҚРЗ 211-II сай Қазақстан Республикасындағы экономика саласының басты бөлiгi деп анықталды.

Туризм саласы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының туристік қызметі жөніндең заңына сәйкес № 211-II ЗРК 2001 жылдың 13 маусымынан экономиканың саласы ретінде анықталды.

Қазіргі уақытта облыста туризм саласының дамуының көптеген шешілмеген мәселелер бар. Ең алдымен ол туризм саласындағы және онымен сыбайлас салалардың нашар менеджментің, сонымен қатар туристік инфрақұрылым объекттерінің тозуы.

Ақмола облысы әкімінің №95 2001 жылдың 3 мамырынан Ақмола облысында туризмді дамыту шараларың шешімң бойынша Ақмола облысының туризм және спорт басқармасында туризм бөлімі құрылды. Сонымен қатар жоғарыда аталған шешімге орай 2009 жылдың 15 қаңтарында облыстық жас туристер стансасы құрылды. Одан бұрын 2008 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласының жас туристер стансасы қайта қалпына келтірілді.

Ақмола облысының орайлы имиджң қалыптастыру тиісті деңгейде орындалып жатқан жоқ. Жарнамалық-ақпараттық қызметі газет бетінде шығумен ғана шектеледі. Бңздің аймақтың туристік мүмкіндіктерін жариялайтын бейнефильмдер, плакаттар, буклеттер аз шығарылады.

Облыстық орталығымызға келетін туристерге туристік объекттер мен орталықтар белгңленген карталар мен схемалар, жолсілтемелер ұсынылмайды.

Аймақаралық туристік жәрменкелер өтікізілмейдң. Аймақтың туристік менкемелері шетелдік халықаралық туристік жәрменкелерге қатыспайды. Бірақ кейбір аудандарда оқу орындарында туристік үйірмелер қызметі қайта қалпына келтірілуде.

Ақбидай облыстық спартакиадада жыл сайын 120 қатысушылардан артық қатысатын спорттық туризмнен жарыстар өтікізіледі. Спорттық туризмнен материалды-техникалық базасы толықтырылуда. Зеренді, Сандықтау, Щучье аудандарының жас туристер стансасы туристік саймандармен жинақталуда. Сандықтау ауданының балалар үйінде істалкері атты туристік клуб, Балкашино ауылында Дружба атты мәдени-туристік кешен құрылды. Туризмнің арнайы түрлерін (экологиялық, балалар және жасөспірімдер, спорттық-сауықтыру) дамыту үшін арнайы жоғары дәрежелі мамандарды дайындау керек. Сонымен қатар университет жанында студенттер қатарынан туристер клубын құруды ұсынамын. Осы клубтың мүшелері спорттық туризмнен және бағдарлаудан арнайы дайындық өтуң қажет. Олар категориялық походтарды өтіп, олардың ережесін растайтын куәлік алулары керек. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылдың 17 ақпанындағы 344 Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша шаралар туралың Жарлығына сай 2009-2011 жылдарға туристiк саланы дамыту республикалық бағдарламасы әзiрлендi, ол 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009-2011 жылдары туристiк саланы дамыту бағдарламасы жайлың 1445 қаулысымен бекiтiлдi. Бiздiң облыс алдындағы Республикалық бағдарламаны орындай және iс-шаралар жоспарына сай 2008-2011 жылдары туризм дамыту кешендi облыстық бағдарламасын қайтадан қарастыру қажет, себебi туризм саласы Қазақстан Республикасындағы экономика саласы ретiнде анықталып отыр. Облыстағы туризмнiң қазiргi кездегi жағдайын сараптау.

Қазiргi кезде облыстағы туристiк саланы дамытуға қатысты бiршама мәселелер қалыптасып отыр. Қаланың қалыптасуына кедергi ететiн бiрнеше объективтi фактор бар. Бiрiншiден, менеджменттiң әлсiздiгi, ол туристiк салада ғана емес, оснымен аралас салаларда да жеткiлiксiз, сонымен бiрге туристiк инфрақұрылым объектiлерi iстен шығып отыр.

Ақмола облысы әкiмiнiң 2001 жылдың 3 мамырындағы 95 Ақмола облысындағы туризмдi дамыту бойынша шаралар жайында атты шешiмiнiң 3 тармағында облыстық туризм және спорт басқармасында туризм бөлiмi ашылды, жоғарыда аталған шешiмнiң 13 тармағына сай және облыс әкiмiнiң 2009 жылдың 15 қаңтарындағы а-1/7 қаулысымен облыстық жас туристер стансасы құрылып, ал ертеректе 2008 жылдың қыркүйегiнде Көкшетау қаласындағы жас туристердiң стансасы iске қосылған болатын.

Көкшетау және Бурабай МҰТП туризм бөлiмi құрылды, Көкшетау және Щучинск қаласы әкiмдерiнiң жанында туризм және спорт бөлiмiнде бiр маманнан жұмыс жасайды, алайда басқа аудандарда туризм саласын басқару құрылымы жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері
Халықаралық туризм аймақтық дамытудың факторы ретінде
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасындағы туризм саласы
Халықаралық туризмнің георафиясының әртарапты жағдайы
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz