Дене әрекеті дамуының алғы шартының деңгейі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектепке дейінгі дене тəрбиесінің психо-физиологиялық жəне педагогикалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Бала бақша тəрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының көлемі, гигиена, жəне спорттық режим ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3. Бала тəрбиесіндегі спорт жаттығуларының алар орны ... ... ... ... ... ... ... ..1 7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған əдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Курс жұмысынң өзектілігі: Кіші мектеп жасының физиологиялық даму сипаттамасы бүгінгі күннің көкейкесті тақырыптарының бірі болып табылады. Себебі, кіші мектеп жасы - балаға спорттық тәрбие жағынан әсер етудің сензитивті кезеңі. Дене тәрбиесі тұрғысынан әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекет түрі ауысады, бала ойыннан оқу әрекетімен айналысады. Достық қарым-қатынастар пайда болады. Жақсы оқитын балалар басшы-лидер болады. Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті - оқу болып табылатыны жайлы және іс-әрекет теориясының психологиялық негізгі мінездемесі туралы психологиялық зерттеулер бойынша талдаулар зерттеу жұмысындағы проблемаларды шешуде маңызы зор болды.
Курс жұмысының зерттеу объектісі: Кіші мектеп жасындағы балаларда спорттық іс-әрекеті;
Курс жұмысының мақсаты:
* Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау;
* Дене әрекетінің құрылымын теориялық тұрғыдан дәлелдеуді жүйелеу;
* Дене әрекеті арқылы кіші мектеп жасындағы балалар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтау;
Курс жұмысының міндеттері:
* Спорттық іс-әрекет қоғамдық - тарихи категория екенін анықтау;
* Жеке іс-әрекет қоғамдық іс-әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастыру;
Зерттеу болжамы: Кіші мектеп жасының негізгі іс-әрекеті - дене қозғалысы болып табылатыны жайлы және іс-әрекет теориясының психологиялық негізгі мінездемесі туралы психологиялық зерттеулер бойынша жасалған талдаулар мен негізгі теориялық тұжырымдарды мектеп психологтары мен оқытушылар тәжірибе жүзінде қолдануға болады, оң нәтиже береді.
Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие екенін дәлелденді. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтермен байланыстырылып, бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылданғандықтан психологтың кәсіби ережелері талданды. Кіші мектеп жасы - балаға психологиялық-педагогикалық әсер етудің сензитивті кезеңі екені нақтыланды. Педагогикалық әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді деген тұжырым жасап, жүйеледік.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми- теориялық әдістер, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Курс жұмысының практикалық маңыздылығы: Психологиялық зерттеулер бойынша жасалған талдаулар мен негізгі теориялық тұжырымдарды мектеп психологтары мен оқытушылар тәжірибе жүзінде қолдануға болады,

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің психо-физиологиялық және
Мектепке дейінгі балалардың дене іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтермен байланыстырылды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылданған, яғни бұл жөнінде Ф.Тейлер, Д.Джильберт еңбектерінде көрініс тапқан [1].
Кіші мектеп жасы - балаға психологиялық-педагогикалық әсер етудің сензитивті кезеңі. Педагогикалық әсер ету жеке тұлға мен оның интеллектуалдық қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекет түрі ауысады, бала ойыннан оқу әрекетімен айналысады. Достық қарым-қатынастар пайда болады. Жақсы оқитын балалар басшы-лидер болады. Алайда, бұл қатынастар эмоционалды көңіл-күйі жиі, тез ауысады. Оқу негізгі іс-әрекет болып табылғанымен, әлі де болса, бала ойынға назарын көп аударады. Э.Эриксон тұжырымдамасы бойынша, 6 мен 12 жаста бала еңбек пен ортаға қарым-қатынасы мен еңбекке деген сүйіспеншілік сезімдері мен жауапкершілікті сезінеді. Баланың оқуға деген психологиялық дайындығының компоненттері:
1. Тұлғалық дайындық.
o Аффективті-қажеттілік деңгейінің аймағы. Оған танымдық қызығушылықтар енеді. Әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде өзінің ерекше орнын алуға ұмтылу, оқушы деген атқа ие болуға тырысу.
o Оқушының ішкі позициясы - баланың оқуға дайындығының көрсеткіші.
o Ырықты аймақтың дамуы: ырықты зейін, ырықты ес үлгі бойынша әрекет ету.
2. Интеллектуалды дайындық.
o Қоршаған ортамен бағыт-бағдар ұстану аймағы, білімнің қорлануы.
o Қабылдау мен көрнекі-бейнелі ойлаудың даму деңгейлері. Жалпылау, қорыту деңгейлері - заттар мен құбылыстарды қорыту мен дифференциациялау.
o Сөйлеу аймағының дамуы (соның ішінде фонематикалық есту)
3. Қимыл-қозғалыс дайындығы.
o Ұсақ моторика.
o Ірі қимыл-қозғалыстар (қол, аяқ, барлық дене бітімі).
4. Дене әрекеті дамуының алғы шартының деңгейі.
o Ересек адамның айтқанын мұқият тыңдау және оны орындау.
o Тапсырманы өз бетімен орындау.
o Қосымша алаңдататын факторларға назар аудармай, тапсырманы орындауға бейімделу.
Бала мектеп адаптациясын басынан өткізеді. Бала мектепке келгеннен кейін баланың өмір сүру шарты көптеген өзгерістерге түседі. Балаға алғашқы күннен бастап-ақ оқушы рөлінде көптеген қиындықтар кездеседі. Оған: мектеп өміріндегі жаңа құрылым, жаңа күн тәртібі мен режиміне үйрену, ұжымдағы қарым-қатынастар, отбасында жаңа үйлесімді қарым-қатынастар мен мұғаліммен қарым-қатынасқа түсе білу т.б. Жағымды жағдайда баланың оқу жағдаятын меңгеру кезеңі 2 айға созылады [2]. Ата-аналар балаларының оқушы боламын деген мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оқу жағдаяты мен оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды меңгерулеріне көмектесу керек:
o Бала өздігінен жаңа жағдайды меңгеріп кетеді деу қате пікір, сонымен бірге балада өзбеттілік, тапсырманы шешуде көрінетін сапаларды да тұншықтыруға болмайды.
Ата-ананың көмегі баланың оқуға деген қызығушылығын қолдаудан да көрінуі мүмкін.
o Конфоризм көрінісі барлығын да мұғалім осылай айтқан деп орындау баланың жаңа тәртіп пен норманы мойындайтындығын көрсетеді.
o Мектеп бағдарламасы мен мұғалімнің жеткіліксіздігі туралы уайымды болдырмау керек.
o Баланың қарым-қатынас жасау барысында эмоционалды құндылықтар мен қобалжуға назар аудару керек: Бүгін саған мұғалім кейіген жоқ па? - тыңдай білу құндылығы, Сыныпта тағы да кімдер 5 алды - мәртебе құндылығын, Терезеден жел соққан жоқ па? - шаруашылық және өзіне-өзі жағдай жасай білу, жауапкершілік құндылығын арттырады.
Ал, кіші мектеп жасының психикалық даму сипаттамасын берер болсақ, өзгеріс дамудың барлық деңгейлерінде жүзеге асады. Баланың дене және психологиялық жағынан бекіту одан әрі дамиды. Дене дамуы психикалық даму ырғағынан артта қалса да, бала дене дамуынан алдыға жылжиды. Сүйектену толығымен аяқталғандықтан әр түрлі деформацияға бала бейім болады да, бұл кезеңде дене бітіміне баса назар аудару керек. Бұлшық еті әлсіз 9-11 жаста саусақ моторикасы жетіледі, 11-12 жаста білезік моторикасы жетіледі. Ми клеткаларының дифференциациясы одан әрі жүреді. 6-8 жаста алдыңғы мидың бөлігінің өзгеруі болады. 8 жаста мидың салмағы ересек адамның миының салмағының 90 % жетеді. Маңдай бөлігі ойлау мен санаға жауап береді, мидың жарты шарының латерамцациясы айқын болады. Осы уақытта бала когнитивті даму стадиясына өтеді деген тұжырымды Ж.Пиаже айтады [3].
Инженерлік психологияның дамуымен іс-әрекетті тұрақталған алгоритмдер сипатындағы құбылыс деп тану кең өріс алды. Осыған орай элементтер жөніндегі түсінік те және олардың әрекет орындау әдістерімен байланысы туралы көзқарас та басқаша болды. Әлбетте, әрекетті алгоритм құрылым сияқты тану іс-әрекеттің орындалу барысын талдауда өте қажет, ал бірақ осы әрекеттің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни субъективтік мазмұны мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.
Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемі де деңгейлі, ұдайы даму - өзгерістегі құбылыс. Ал осы құбылысты әрқилы ғылыми тұжырымдарға негізделген теориялық бағыттар, әдетте, жеке элементтерге бөліп, оларды өзара байланыссыз зерттеуде. Мысалы, бір тұжырым бойынша іс-әрекет - бір ізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе, екіншісі - іс-әрекеттің сеп - түрткілік қырына үлкен мән береді, ал үшінші бірі - іс-әрекетті реттеп барушы мехонизмдерді көп талдауға көп назар аударады. Іс-әрекетті онымен қоса жүретін физиологиялық процестермен де байланыстыры талдау концепциясы да жоқ емес. Әлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бәрінің де өзіндік маңыздылығы орасан, әрбір өте құнды нәтижеге жеткізіп, бірін-бірі толықтырып барады. Бірақ олардың әрқайсысы өз алдына әмбебап сипатқа ие емес [4].
Сонымен, іс-әрекетті адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып, объект күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсаттың болуынан әр қандай белсенділікті іс-әрекет деп санауға болады. Ал іс - әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі - сеп - түрткі, іс - әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті белгісі [5].
Жеке адамның әрекеті еңбек еңбек іс-әрекеттің қандай да бір көрінісі ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбек іс-әрекетінде іс-әрекет әрдайым белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді. Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы - адамның басқа жануарлар дүниесінен ажыралу белгісі. Бірақ мақсат қаншама маңызды болғанымен, оның бір өзі әрекеттің толық мәнін таныта алмапйды . Іс - әрекет бағдпрланған мақсат өзінің біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетісем дегенше адам бір - біріне байланысты, ізбе - із келетін әлденеше жеке міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер - операция деп аталады. Әрқандай мақсат көздеген іс-әрекет орындалу барысының әр мезетіне орай іске асып отыратын осы операциялардан құралады. Адам іс - әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекеттің әрбір элементі - әрекет деп аталады. Затқа бағдарланған осы әрекет қимылдар (манипуляция) бірікпесінен жасалады. Олар - алу, орын ауыстыру, босату. Сапалық жағынан қимылдар әлді - әлсіз, дәл - жансақ, жылдам - шабан, епті - епсіз, бағдарлы - бағдарсыз болуы мүмкін [6.15].
Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Сонымен әрқандай заттық әрекет белгілі қимылдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал бұл қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуына қатысатын қимылдар өздігінен не бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға қарай қатынасына қарай іске араластырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да бұрып жебереді.
Адам қимылының шын мәні мен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен саналы әрекетке тікелей байланысты.
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы (жүйесі) белгіленген мақсатқа орай басқарылады және реттеледі. Дәл осы орындалатын әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат тұрғысынан бағаланады, қажет болса оған түзетулер ендіріледі. Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі орындалатын әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында іс- әрекеттің болашақтағы нәтижелік бейнесі не әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет бейнесі әрекеттің нақты нәтижесімен салыстырылады [7.12].
Әр жаңа іске кірісуге адам ісінің орындалу тәсілдерін білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін әрекетті де, оның элементтерін де ойланып, саналы барластырылып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай отырып, адам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш жігерін жұмсамай - ақ орындау мүмкіншілігіне жетіседі.
Саналы әрекеттің орындалу барысында кейбір қимыл элементтердің сана аймағынан шығып,өздігінен орындалуы әрекеттің автоматтануы деп аталады.
Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті бірліктерінің автоматты түрде орындалуы дағды атамасын алған. Әңгіме әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның қалыпты іс-әрекеті сана басқарумен болатыны белгілі. Бір міндетке тиісті әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп, енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағытталады [8.16].
Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.
Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып , дағды қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді:
а) әрекет орындалуы - майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә) әрекетке сезімдік бақылау - қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды;
б) әрекетті санамен реттеп бару - зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі кейбір есеп - қисаптық санаға байланысты шешімдер бірлікті әрі ықшам қабылданады. Келесі қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнай жоспарсыз - ақ орындалады.
Спорттық дағды қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие. Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып, екіншісіне қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы іріктеліп, әрекеттің тұтастай орындалуы немесе оның күрделі бөліктері арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді.Ал әр жағдайдағы нақты әдістер саны мен түрлі бекуі тиіс дағды әрекеті мен сол әрекетті игеруші адамның ерекшеліктеріне байланысты [9].
Дағды әрекет мазмұнына орай әр түрлі болады:
-Қимыл - әрекеттік дағды (спортсмендер әрекеттерінің бекуі;
-Сезімдік (түр-түс тану, балалардың алғашқы әріп тануы ж.т.б.);
-Интеллектуалды дағдылар (есеп, оқу, жаттау ж.т.б).
Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік - қимыл дағдысы (жазу, сурет салу, сызу); сезімдік - ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс істеу) [10].
Әр жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде пайда болады. Олардың бірі жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы жеке дағды көшу деген ұғымдар қалыптасқан. Интерференция - бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыға тежеу береді немесе оның тиімділігін кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларының енді қалыптасқан жылдамдатуы дағдылардың көшуі деп аталады. Дағды көшуі - бұрынғы әрекеттер мен енді орнығатын қимылдар арасында ортақ ұқсастық болудан. Әрқандай жаңа әрекеттерді игеруде адам бұрынғы тәжірибесіне сүйенеді, сондықтан оның қалыпты ептілері жаңа дағдыларды жеңіл әрі жылдам қабылдауынажәрдем береді. Ал егер жаттығу қимылдары ұзақ мерзім қайталанып, орындалып бармаса, дағдылар бірте-бірте жойыла бастайды. Осыдан қызмет бабы автоматтанған әрекеттерге тәуелді мамандар (ұшқыштар, гимнастар т.б.) өз кәсіби кейпін тұрақты ұстау үшін арнайы қимыл әрекеттерді ұдайы орындап жүруі өте қажетті [11].
Спрорттық дағдылардан тыс, іс-әрекеттің қажетті бірлігі - есептілік. Есептілік - бұл білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа жағдайлар немесе жаңа объектермен қатынасқа келе, адам өзінің бұрыннан игерген білімдері мен дағдыларын іске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу-көшпеуі ептілікке байланысты.
Ептіліктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебі олар әрекеттің түрлі баламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Психологияда есептіліктің келесі түрлері анықталады: а) танымдық ә) жалпы еңбектік б)құрама техникалық в) ұйымдастыру - технологиялық г) қызметтік -бақылау деп Е.А. Милерян қарастырады [12].

2.2. Бала бақша тәрбиеленушілеріне арналған спорт жұмыстарының
көлемі, гигиена, және спорттық режим
Дене бітімінің дамуы.Алғашқы екі жылға тән болып келетін дене бітім дамуының шапшаң қарқыны үшінші жасқа аяқ басуы қанда баяулайды. Бір жыл ішінде бала орта есеппен 2 кг салмақ қосып, бойы 7-8 см. өседі. Баланың үш жастағы бой шама-сы 93-94 см. болып келсе, салмағы 14,2-14,6 кг арасында болады. Дене пропорциялары да өзгеріп (бойы негізінен аяқтардың ұзындығы есебінен өседі), балалар сымбаттана түседі. Сүйектері қатайып, бүкіл органдар-дың қызмет атқаруы жетіледі, мұның өзі баланы дене куаты жағынан неғұрлым тәзімді етеді. Алайда үш жастағы бала, екі жастағыға қарағанда, недәуір шымыр болғанымен, әлі де болса ауруға шалдыққыш келеді [13].
Орталық нерв жүйесінің қызметі жетіле түседі, бұл жұмысқа кабілетті-ліктің өсуінен байқалады: балалар іс-әрекеттің бір түрімен 20 минутке-дейін шұғылдана алады. Бала тіпті бір жерін ауыртып калғанның өзінде де жыламай, шыдамдық жасай алады. Балалар мекемесіне екі жасқа толғаннан кейін келген сәбилер күн режиміне, жалпы емір тәртібіне бір-шама тез үйренеді.
Үш жас- бойда бар қимыл-қозғалыс сапасының белсенді түрде жеті-ле бастайтын кезеңі. Қол мен саусақтардың- қимылы мейлінше үйлесімді бола түседі. Балалар тамақты өз беттерімен, жинақы ішіп-жеп, қарын-дашты түзу ұстап, түймелерін өздері ағытып, түймелей алатын болады. Жүрісті жетілдіру - қол мен аяқтың кимыл үйлесімін дамыту болып табылады. Балалар жүріп келе жатып заттармен күрделі кимылдар жа-сап, велосипедпен жүре алады. Бала өз қимылын сыртқы жағдайлармен байланыстырады, мысалы, музыка ырғағына қарай қимылын өзгертеді. Жүгіну, өрмелеу, лақтыру сиякты.қимыл түрлері де жетіледі [15.48].
Сәби көп қозғалады, қозғалмай ұзақ отыра алмайды, бірақ бір қалыпты козғалыстан тез шаршайды. Ойындар мен жаттығу түрлерін таңдаған-да балалардың жас ерекшеліктерін, атап айтқанда, сүйегінің жұмсақтығы мен икемділігін, бұлшық еттерінің әлі жетілмегенін, тез шаршайтындығын ескерген жен. Кейбір қимылдар балаға зиянды. Оларға (ата-аналары көбіне-көп рұқсат ететін) қолдарына асылып тұруға, биіктен секіруді ұсынуға, бір қимылды ұзак қайталауын талап етуге болмайды. Үлкен кісілер балаларды мұндай қимылдан неғұрлым тыныш ойынға дер кезінде ауыстырып отыруға тиіс [16].
Балалардың қимылдарын дамыту үшін тәрбиеші әр түрлі амалдар колданады. Олардың ішінде жуындыру, киіндіру, тамақтандыру сиякты режимдік процестер де бар. Осындай процестер кезінде, баланың орын-дауына тура келетін әр түрлі күрделі қимылдарды үнемі де жиі қайталап отыру оны неғұрлым икемді ете түседі.
Қимылды дамытудың тиімді құралы ойын әрекеті болып табылады. Ойын кезінде балалар әр алуан қимылдар жасайды: қандай да бір жануарды бейнелеп төрт аяқтап еңбектейді, бірін-бірі қуады және т. б. Серуен кезінде оларға жиі түрлі кедергілерден өтуге тура келеді.
Қимылдарды дамытуда дене тәрбиесі сағаттарында балалар тұрып, отырып, жатып орындайтын жалпы шынықтыру жаттығуларының маңызы зор.
Балалар ойнайтын бөлмеде олардың еркінжүгіруі, доп және басқа да қимылды ойындарды ойнауы үшін орын жеткілікті болуға тиіс. Олардың пайдалануында қимылды дамытуға көмектесетін ойыншықтар: үлкендігі әр түрлі доптар, үш дөңгелекті велосипедтер, сан алуан қол арбалар мен автомобильдер болуға тиіс. Балалар ойнайтын учаскеде арнаулы жаб-дықтар: алтытаған, қажетті ені бар тақтайлар болуға тиіс.
Балалар бақшасындағы тәрбие программасы үш жастағы балалар-дың дамуында мына төмендегідей басты жолдарды белгілейді:
* үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағыт алуы, дербестікті білдірудің қарапайым формалары;
* көрнекті-әрекеттік ойлауды одан әрі дамыту және айналадағылар ту-ралы тілдік пікірлесудің қарапайым түрлерінің пайда болуы;
* балалар арасында жасалатын жаңа қатынас формаларының жасалуы,
* жалғыз ойнаудан және қатар ойнаудан бірлесіп ойнайтын ойын әрекетінің қарапайым формаларына біртіндеп ауысу.
Коменскийдің көптеген қағидалары - дене тәрбиесі туралы, тіл мен ойлау қабілетін дамыту туралы, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу ту-ралы дүние жүзілік педагогиканы дамыту ісіне қосылған маңызды үлес болды. Я. А. Коменскийдін, бұдан үш жарым ғасыр бұрын дерлік жазыл-ған Ана мектебі атты көрнекті еңбегі мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасаудағы бірінші және тамаша талаптанушылық болды, ол кішкентай балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олармен ойластырылған және-ұйымдастырылған жұмыс жүргізуге негіз қалады [18].
Ерте жас шағының екінші тобында жұмысты жоспарлау. Ерте жас шағының бірінші тобы сияқты, екінші топка аРналған перспективалық жоспар да балаларға денетәрбиесін беруге, олардың денсаулығын нығайтуға, нерв-психикасын дамытуға бағытталған белгілі міндеттер мен жүмыс мазмұнын қамтиды. Жоспарлаған кезде сәбилердің жасына байланысты жаңа мумкіндіктер ескеріледі.
Дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлаған кезде басты назар не-гізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, өрмелеу) дамытуға аударылады. Таңер-теңгі гимнастика және қимыл дамыту жөнінде арнаулы сабақтар, шынық-тыратын жаттығулар, сондай-ак балаларда мәдени-гигиеналық және өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын оқу сағаттары жоспарланады.
Баланың жалпы нерв-психикасын дамытуға бағытталған жұмыс перс-пективалық жоспарда Балалар бақшасындағы тәрбие программасына сәйкес былай нақтыланады: а) айналадағыны бағдарлай білуді және сөйлеуді дамыту; б) заттармен әрекет жасауды дамыту; в) баланың өз беті-мен істейтін іс-әрекеті ретінде ойынды дамыту; г) өз қатарларымен және ересектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру [19].
Жоспарға қосымша 1-1,5 айға арнап ерте жас шағының бірінші тобы үшін көрсетілгендей. оку кестесі жасалады. Күн ұзағына өткізілетін оқу сағаттарының саны үшке дейін қысқартылады да, ұзақтығы артады.
Перспективалық жоспар мен оқу кестесі негізінде тәрбиеші күнделікті жұмыс жоспарын жасайды.
Күнделікті жоспардьщ үлгі схемасы.
Та4қертең. Ата-аналармен жұмыстын мазмұны көрсетіледі (баланың жағдайы туралы әңгіме, оны тәрбиелеу жөнінде ақыл-кеңестер т. т.).
Режимдік процесс кезінде балалармен жеке-жеке жүргізілетін жұмыс жоспарланады (мәдени-гигиеналық дағдылар, тәуелсіздікке тәрбиелеу, тілін, қимы-лын дамыту т. т.).
Сабақтар. Оку сағаттары кесте бойынша жоспарланады. Программалық міндеттер, пайдаланылатын материал керсетіледі. Күн ұзағына ояу кезде сағат 14-ке дейін 2 оқу сағаты (40-50 минут үзіліспен), сағат 16-дан кейін 3-оқу сағаты өткізіледі.
Келесі шағын топпен сабақ өткізген кезде балалардың өз бетімен істейтін іс-әрекетін ұйымдастыру өз алдына ерекше бөлім болып жоспарланады. Оқу сағат-тары көп мәрте кайталанады.
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуі. Балалардың рйыншықтармен, суреттер-мен (стол, үстінде ойналатын қағазға басылған ойындары) ойын әрекеттерін ба-йыту, құммен, сумен ойнайтын ойындар, кітаптар, суреттер қарау, қайталап ба-қылаулар, қиын емес еңбек тапсырмаларын орындау жоспарланады.
Серуен. Балалармен бірге жасалатын бақылаулардың мазмұны, қимыл ойын-дарын өткізу, моториканы дамыту женінде жеке-дара жұмыс жүргізу, құрылые материалдарымен балалардың ез бетімен ойнауын, ойыншықтармен сюжетті ойындар ұйымдастыру жоспарланады. Ойыншықтар мен ойын материалдарының жинағы белгіленеді.
Кеш. Әдетте 3-ші оқу сағаты ойын сипатында өткізіледі. Негізгі уақыт бала-лармен жеке-дара жұмыс жүргізуге - ойындарға, тілді дамыту жөніндегі жеке оқу сағаттарына бөлінеді. Кешкі серуен кезінде балалардың өз бетімен ойнайты ойындарына басшылық жүзеге асырылады.
Дене тәрбиесінің маңызы Жеткіншек ұрпақтардың дене тәрбиесінің маңыздылығы Ұлт саулығы Нұр Отан партиясы бағдарламасында былай деп атап көрсетілген: Партия дене жағынан мықты жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуді ең ерте балалық шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі деп санайды.
Мектепке дейінгі шакта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүиек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезедде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады [20,18].
Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
К. маркстің капиталистік қоғамда жұмысшы табын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуы
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
Тұлға дамуындағы диагностикалау
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Пәндер