Тәрбие жөніндегі пед


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Джусупова Айнур Жанайдарқызы

Халықтық педагогиканың озық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қолдану жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050102 ─ «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Көкшетау - 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі

м. а. Крамаренко Борис Васильевич

(қолы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халықтық педагогиканың озық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қолдану жолдары

Мамандығы: 050102 ─ «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

Орындаған: А. Ж Джусупова

Жетекші: Академиялық доцент Ж. К. Мукутова

Көкшетау - 2011

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 4-б.

Анықтамалар мен қысқартулар . . . 5-6б.

Кіріспе . . . 7-11б

1. Халықтық педагогика идеяларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары

1. 1 Атақты ғұламалардың, педагогтардың, халықтық педагогикадағы көзқарастары мен еңбектері . . . 12-28б

1. 2 Халықтық педагогиканың дамуындағы ұлттық ғылыми-тәлімдік бағдарламалар мен оқу құралдары . . . 29-38б

1. 3 Халықтық педагогиканың озық үлгілерінің тәрбиелік мәні . . . 39- 47 б

2. Халықтық педагогиканың үлгілерін бастауыш мектепте

тәжірибеде қолдану жолдары

2. 1Оқушылардың ұлттық тәрбие жайындағы білімдерін диагностикалау . 48-59 б

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие, ұлттық дүниетаным қалыптастыру жолдары, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған кеңестер, ұсыныстар . . . 60-75б

Қорытынды . . . 76-77б

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78-79 б

Қосымшалар . . .

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:

[1] . Қазақстан Республикасының білім беру заңы. //27 шілде, 2007 ж.

[2] Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие

тұжырымдамасы. // Білімдегі жаңалықтар, №1, 2010, 11-20б.

[3] . Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2011, 29 қаңтар.

[ 4] . ] . « Қазақстан -2030» бағдарламасы

[ 5] . Қазақстан Республикасындағы этникалық -мәдени Білім Тұжырымдамасы //1996жыл 4-5б

Анықтамалар

Тәрбие -қоғам талаптарына сай жеке адамиың дүниеге ғылыми материалистік козқарасын, мінез-құлықтық, эстетикалық және т. б. қасиеттерді қалыптастыруды, қоғамның белсенді мүшесін етіп даярлауды көздейтін арнайы мақсат қойып ұйымдастырылған педагогикалық процесс.

Дәстүр ­ өзінің өміршеңдігімен, тұрақтылығымен біршама сипатталатын және қоғамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі элементі

Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның ұлттық мінез құлқының, ұлттық санасының, ұлттық намысының және дүниетанымының Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін және Ұлттық салт дәстүрлерін меңгеруі арқылы қалыптасуын айтамыз.

Ұлттық сана -ұлттан ұлтты айыратын, тарихи себептердің ықпалымен қалыптасқан субъективті құбылыс.

Ұлттық білім - білім мазмұнындағы ұлттық дүниетаным.

Ұлттық намыс -өз ұлтының «Мен» дегізерлік қасиеттерін қызғыштай қорғайтын, ұлтты іргелі, жоғары деңгейге көтерудің аңсайтын да қолдайтын ісімен де, күшімен ұлттық намыс туын көтеріп, қара басын, керек болса, мәңгілікке жолдайтын қарекет.

Ұлттық дүниетаным - ұлттық болмыс көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық, діни наным- сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени рухани көзқарастар жүйесі.

Этникалық-мәдени білім - бұл ана тілі мен төл мәдениетті әлемдік мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени сәйкестілігін сақтауға бағытталған білім.

Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.

Халықтық педагогика -ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім- тәрбие мектебі

Қысқартулар.

ҚР -Қазақстан Республикасы

ПМУ- Педагогикалық Мемлекеттік Университет

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазіргі кезде тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына аяқ басқан, әлемге атымызды танытып, жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесі маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі кездегі келеңсіз жағдайларды (оқушы жастардың тәрбиесіндегі кемшіліктер, өз ұлттық тілдерін, салт -дәстүрлерін, тарихты жетелікті меңгермеу, жас жанұялардың ұлттық тәлім- тәрбиені бала тәрбиесінде сирек қолдану, білім беру саласында ұлттық дүниетанымға айтарлықтай көңіл бөлмеу, отбасы мен бала арасындағы түсінбеушілік т. б. ) шешу жолдары- бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.

Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық ұлттық-этикалық дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық ұлттық тәрбие үлгілерінен қаланған гуманистік идеялар, адамгершіліктің басты құндылықтарымен байланысты болады және адамзат моралінің негіздерін мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық тәрбиені халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі білім беру жүйесі үшін аса маңызды. Бұның, әсіресе болашақ мұғалімдер үшін пайдасы зор. Олай дейтініміз, оқушылардың ұлттық мәдени деңгейінің дұрыс қалыптасуы мұғалімнің тұлғалық адамгершілікті моральдық-этикалық қасиеттеріне, осы бағытта меңгерген тарихи-теориялық, практикалық, білім, іскерлік, дағды деңгейіне байланысты айқындалады. Нәтижесінде бұның бәрі, қазақ халқының халықтық тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін зерделеуге бағыттайды.

Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан - жақты тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі - ұлттық тәрбие. Ұлттық игіліктерді құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі

Елбасының бұл жайлы «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді.

Ұлттық тәрбие - рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Осыған орай Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Білім беру туралы» Заңының «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасының шын берілген адал патриот азамат даярлау, . . . олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде тәрбиеленген, халық, Отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын терең сезінген . . . Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып, оны игеруге кепілді азамат болуы керек» делінген. [1]

Сол сияқты үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, ұлттық дүниетаным, біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. [2]

Ал Президент халыққа арнаған Жолдауында Мемлекетке қажетті басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән берді. Себебі, «білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады » дейді. [3 ]

Және де еліміздің оқу-ағарту ісінде басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыт Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей . . . « . . . қазақстандық патриотизмге негізделуі керек». Ал қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтауға, дәстүр мен мәдениеттің ұлттық көркеюіне ат салысуға, Қазақстанда тұратын түрлі өзге ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуге, олардың өзара саяси-экономикалық және мәдени байланысын күшейтуге, осы байланыстың пәрменді насихатшысы мемлекеттік тіл- қазақ тілінің жетіліп көркеюіне негізделуі керек. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында ата-баба дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету көзделген. Келер ұрпақ нағыз патриот болып өсуі тиіс. [4]

Ұлттық тәрбие мәселесінің өзектілігін Қазақстан Республикасындағы этникалық -мәдени Білім Тұжырымдамасында да айқындап көрсетеді. Онда: «Қазақстан Республикасы демократиялық реформаларға, адамның қандай ұлтқа жататынына қарамастан, оның құқықтары мен бостандығын тануға, этникалық немесе нәсілдік белгісіне қарап кемсітушілікке жол бермеуге бағыт ұстап отыр. Конституциямен бекітілген ұлттардың тең құқықтылығы жеке адам құқықтарының басымдығы принципінен бастау алып, этносаралық тұрақтылықтың сақталуына, қазақстандық патриотизмнің тамыр жаюына, халықтың этникалық қайта түрленуіне бағытталады. Сондықтан этникалық теріс түсініктер мен тайталас, этникалық артықшылық идеялары мемлекеттік мүдделерге қайшылық ретінде бағаланады.

Мемлекеттік интеграция - этникалық -мәдени білім берудің іргелі және стратегиялық мақсаты. Егер жекелеген халық этникалық сәйкестілікке біршама қысқа мерзімде жете алатын болса, мемлекеттік интеграцияға қол жеткізу - мемлекеттегі барлық этностардың күш-жігерін қажет ететін ұзақ процесс. Сайып келгенде, мемлекеттіліктің нақ өзі Қазақстанды мекендеген халықтардың этникалық сәйкестілік мүмкіндігінің негізгі шарты болып табылады. [5]

Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді. Егер әр халық жас ұрпағын өзінің ұлттық рухымен тәрбиелемесе, онда ол елдің болашағы бұлыңғыр болмақтығын бүгінде ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді. Өйткені ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі буынға сол бай мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары сөзсіз.

Осы мұраны дарытушы, оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беруші - мұғалім. Бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына оқушыларды ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру талап етіледі. Бүгінгі заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерінің анықталуы бойынша мектептің бастауыш сыныбындағы кезеңі баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңі.

Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол - жасөспірімдерді отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім үлгісі осыдан бастау алып, жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және орнықты түрде қалыптастыру болмақ

Халық педагогикасының тәрбиедегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы антикалық дәуірде Аристотель, кейін Әбу Насыр Әл Фараби, ұлы педагогтар (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоции, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Блонский және т. б. ) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген.

Халық педагогикасы, этнопедагогика саласында орындалған зерттеу жұмыстары жақын шетелдердерде де, Қазақстанда да баршылық. Оның бірі халық педагогикасы мен этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, мазмұнын (Г. Н. Волков, Г. СВиноградов, А. И. Ханбиков, Я. Ф. Хинтибидзе, Л. Христова, Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, және т. б. ) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдардың, ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларын (Т. Әлсатов, И. Халитова, А. Айтпаева, К. Қалиева және т. б. ) зерделейді, енді бірі халық педагогикасы мен этнопедагогикадағы тәрбиенің мүмкіндіктерін тәрбие бағыттарына қарай (адамгершілік, эстетикалық, еңбек, музыкалық, патриоттық және т. б. ) (С. Ұзақбаева, Р. Жанабаева, Ұ. Әбдіғапбарова және т. б. ) зерттейді., Қ. Бөлеев, Р. Дүйсембінова, Г. Бахтиярова, Ш. Құлманова, Т. Сламбекова және т. б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.

Зерттеу тақырыбы : « Халық педагогикасының озық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде қолдану жолдары»

Зерттеудің мақсаты : бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

- оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін талдап, саралау;

- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктерін анықтау, диагностикалау;

-бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау.

- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау;

- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу нысаны : жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні : бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер мектептің бастауыш сатысында оқушыларға ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері, деңгейлері айқындалып, соның негізінде тәрбиені жетілдіру үлгісі жасалса, педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады,

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері :халықтың рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы, олардың берік бірлестігіндегі рөлін, ежелгі мұраға көзқарасын, қазақ этнопедагогикасынын және оның жүйеленген компоненттерін зерттеуге бірыңғай көзқарасты білдіретін этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этномәдениеттік, педагогикалық тұжырымдамалар;

- этнопедагогика бойынша тарихи-педагогикалық зерттеулердің тұжырымдамалық идеялары (Г. Н. Волков, С. Қалиев, Қ. Бөлеев, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, К. А. Оразбекова, т. б. ) ;

- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж. Ж. Наурызбай) ;

Зерттеу әдістері : зерттеу барысында төменгідей әдістер қолданылады. Философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау, сауалнама, ойын-сайыстар мен танымдық тестік сұрақтар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы : Заман талабына сай оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздері ашып көрсетілді;

  • бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері анықталды;

- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісі жасалды;

- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны, әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;

- педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы - біздің басты міндетіміз-дәстүрлі қазақы тәрбиеміздің қалыптасқан өмірлік үрдістерін қазіргі заман ағымына үндестіріп, қазіргі заман азаматының рухани болмысын қалыптастыру.

Зерттеу мәселесі қазіргі кезде С. Ұзақбаева, Р. Жанабаева, Ұ. Әбдіғапбарова, Қ. Бөлеев, Р. Дүйсембінова, Г. Бахтиярова, Ш. Құлманова, Т. Сламбекова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдары қарастырылады.

Әр мектеп тәрбие беру мәселесіне байланысты өз бағыттарын ұстанады. Мысалы: №3 мектеп «Атамекен» бағдарламасы, аралас мектептерде «Жұлдыз»бағдарламасы, № 13 мектепте экология бағыты ұстанылады.

Зерттеудiң практикалық маңыздылығы :

- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру бағдарламасы жасалды;

- бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы жасалды;

- ұлттық тәлім беруде ата- аналарға арналған ұсыныстар көрсетілді

Зерттеу жұмысының құрылымы . Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша схемадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу базасы : Көкшетау қаласының №21 орта мектебінің 4«қ» сыныбының 19 оқушыcы

1. Халықтық педагогика идеяларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары

1. 1 Атақты ғұламалардың, педагогтардың халықтық педагогикадағы

көзқарастары мен еңбектері.

Бүгінгі таңда ата-бабаларымыз көне ғасыр қойнауынан сақтап келген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мол тәжірибелері негізінде мектеп оқушыларына ұлттық тәлім-тәрбие беру мүмкіндігі туып отыр. Жас жеткіншектерге осы кезге дейін жинақталған озық педагогикалық технологиялар мен тәжірибелер негізінде жан-жақты тәрбие беру қажеттігі - Үкімет құжаттарында, Елбасымыз Н. Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында және осы мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізіп жатқан көрнекті ғалымдар еңбектерінде, ұрпақ тағдырына алаңдаушылығын білдірген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің талап-тілектері мен әдеби мұраларында айтылып-жазылуда.

Әлемдегі аса аумақты құбылыстардың бірі - жаһандану дәуірінің білім жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан кезеңінде - адамзат ұрпағының тағдырына деген алаңдаушылығы мен жауапкершілік сезімдері толастаған емес. Жер бетінде бақытты ғұмыр кешіп жатқан олар - бабалары мирас етіп қалдырған рухани-мәдени қазналарын қастерлеп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне жаратып келе жатқаны шындық.

Ұлт болашағы - жас ұрпақтың қамын әуел бастан ойлаған әр этнос - өне бойындағы барлық асыл қасиеттерді ұрпағының санасына сіңіріп, өркениет мәдениетіне теңдесі жоқ рухани қазынасын сақтай білді.

Ұлттық педагогика мұраларын пайдалана отырып, жас ұрпаққа кешенді тұрғыда сапалы білім, саналы тәрбие берудің тарихи-әлеуметтік маңызды-лығының жоғары екенін - бүгінгі таңдағы педагогикалық жетістіктер айғақтап отыр. Ұлт педагогикасының көпсалалы ғылым жүйесі екенін ескерсек, оның әр саласы, соның ішінде - ұлттық тәлім-тәрбие саласы үлкен ізденістерді қажет ететіні анық. [1]

Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бойынша кейінгі жылдары іргелі зерттеулер жүргізіліп ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазірде соңғы педагогикалық тәжірибелер, сондай-ақ психологиялық-дидактикалық және қолданбалы педагогикалық озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие мәселесін одан ары ғылыми негіздеп, қайта жаңғырту мен дамыту бүгінде өмір талабы болып отыр. Ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын мектептегі оқушылар ұжымдарының іс-әрекеттерінде барынша пайдалану - қазіргі кездегі педагогикалық талаптардың бірі. Оның үстіне жетекші ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйенген, көпсалалы аталмыш жетістіктердің мектеп практикасына араласуы, оқушылардың қоғамдық пікірлері мен жеке көзқарастарын өзекті мәселе ретінде қарастырып, күрделі проблемалар қатарына жатқызған ғылыми еңбектер мен педагогикалық тәжірибелер молынан жинақталып келеді.

Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі жайы сөз қозғағанда, тәрбие теориясы жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер мен тұжырымдарға басты назар аударған жөн.

Антикалық дәуірде Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит және басқа ғұламалар балалардың танымдық кеңістігінің дамуына білім мен тәрбие құралдарының аса қажет екенін ерекше атаған.

Қазақ этнопедагогикасының практикалық негіздері ұлттық тәжірибелерден туындайды. «Баланы тәрбиелеуде біз халық тәрбиесіне сүйенеміз», - дейді ертедегі грек философы Аристотель. [2]

Ұлы Дала пайғамбарлары атанған Заратуштра, Көрұғлы, Анақарыс пен Қорқыттың, Әбу Насыр Әл Фараби мен Қайқауыс бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі жөніне айтқан нақылдары күні бүгінге дейін халық жадында сақтаулы.

Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың «адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керектігі» жөнінде нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда. Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық құндылықтарының мол екені рас. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер Антологиясында Әл Фарабидың педагогикалық мұраларының бірінші беттен табылуы-ғұлама ғибратының бүгінгі жастар үшін қаншалықты құнды, қаншалықты қажет екенін аңғартса керек. [3]

Фараби мұрасы жөніне Ә. Садуақасов өз зерттеуінде мынадай тұжырымға келеді: «. . Әл Фараби бақытқа жету жолының кепілі алдымен адамгершілікке тәрбиелену екенін айтады. Адамның жан-жақты жетілуінің тиімі тетігі оның адамгершілік және интеллекттуалдық қасиеттерін тәрбиелеуде екендігіне баса назар аударған. Әсіресе, бақытқа жету үшін, арман шыңына өрмелеген жасөспірім үшін бұл басты қағида екендігін ескертеді. Әл Фараби педагогикалық қызметте білімберу мен әрбиелеуің бірлігін қуаттайды. Сонымен қатар олардың педагогикалық айла тәсілі тұрғысында ерекшеліктері мен айрмашылықтары бар екендігіне көңіл аударады. . », -делінген [4] .

Тәрбие жөніндегі Фараби тағылымы оның ғылыми еңбектерінде былай деп көрсетіледі: «. . Есть и такие люди, которые по своей природе наделены чем-то одним, но при сильном принуждении и они изменяют свой природный нрав. Все эти естественнные свойства нуждаются в воспитании, основанном на воле и воспитании посредством вещей, которые предназначены к тому, чтобы довести их до наивысших или близких к наивысшим совершенствам. Могут иметь мето какого-то рода превосходные, отличные свойства, которыми пренебрегают, не развивают и не воспитывают их по средством предназначенных для этого вещей, в результате чего проишествии времени они теряют свою силу . . . » [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру
Мектеп директорының қызметтік міндеттері
Менеджмент психологиясы
М. Әлімбаевтыц педагогикалық көзқарастары
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі
Республикасының Заңы тілі
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz