Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Мазмұндама - оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы ... ... ..16
2.2. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. Диктант және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Қазақ тілінің жазба жұмыстары деп аталады Курстық жұмысымды зертттеу барысында қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін ажыратып, жаңғырту, жаңа тхнологиядан іздену - тіл дамыту жұмысының басты мақсаты болып саналады. Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, екі тарау, алты бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмысымның бірінші тарауы: Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың маызы. Бұнда оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні негізге алынды. Бақылау, лездеме жұмыстары арқылы оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі ретінде қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі деп аталады. Бұл бөлімде мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі терең ұғынылды. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы деп аталатын үшінші бөлімде - Дәстүрлі оқытудағы барлық жазба жұмысының басты мақсаты - балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып жан-жақты қарастырылды.
Курстық жұмысымның екінші тарауы - Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері деп аталады. Бұл тарауда үш бөлім үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде Мазмұндама - оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы қарастырылған. Бұнда мазмұндама арқылы балының өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі қарастырылып, мазмұндама жүргізу мақсатына қарай, тәсіліне қарай және жеткізу тәсіліне қарай түрлері жан-жақты терең ашылды. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері деп аталатын екінші бөлімде - сөз үйрету арқылы сөздің мағынасын білдіру, сөзді таңдай білуге, әр шығарманың әр бөлімне лайықты сөз қолданысын меңгеруге және ойтатау арқылы сөзден идея тудыру, идеяны түсіндіру, идея мен тақырыпты ұғыну арқылы, шығарма жазуға дайындаудың әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылды. Үшінші бөлім Диктант және оның түрлері деп аталады. Бұл соңғы бөлімде оқушының ізденіс, қызығушылығын қалыптастыру арқылы зиятерлігін арттыру. Сонымен қатар диктанттың түрлері: сөздік диктант, есте сақтау диктанты, көру диктанты, терме диктант, шығармашылық диктант, бақылау диктанттары қарастырылып, диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптары терең жан-жақты зерттеліп ашылды.
Курстық жұмысты зерттеу барысында Қазақ тілі мен әдебиетінің майталман маманы Құсаиын Айтқалиевтың жазба жұмыстарын жүргізу тәжірибесін және М.Калинин тағыда басқ ғалымдардың айтқан пікірін қарастырып, бірнеше кітаптар мен журналдарды пайдаландым.

І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту.
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы.

Оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні бар.
Бұл жұмыстардың құндылығы жоғары, өйткені оны өте жиі жүргізуге болады. Алайда жаңа материалды игеру жоспарына кедергі келтірмеу керек. Бұл жұмыстың нәтижелілігі сол, оқушы біліміндегі олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Негізінен, мұндай жұмыстарда формулаларды, ереже немесе теоремаларды игеру және бекіту деңгейін жүргізген абзал. Мұның нәтижесінде оқушылар теориялық материалдарды дер кезінде оқып үйренеді және үй тапсырмаларын жүйелі орындауға дағдыланады.
Осындай лездеме-жұмыс қазақ тілі пәнінің қай бөлімін өткізгенде де жүргізіледі. Сондықтан оқушылар бұған қай мезгілде де дайын болуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, лездеме-жұмыстар кезінде оқушылардың басым бөлігі жақсы және үздік бағалар алады.
Лездеме-жұмыстар оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі болып табылады. Егер мұғалім мұндай жұмыстарды жеткілікті әрі жедел жүзеге асырған жағдайда үлгірмеушілікке жол бермейді.
Енді біз осы жұмысты ұйымдастыру мәселесіне қысқаша тоқтала кетейік. Тәжірибе дәлелдегендей, лездеме-жұмыстар сабақтың соңында оған қалдырылған 8-20 минут аралығында жүргізілгені тиімді. Жұмыс екі нұсқада беріледі. Лездеме-жұмысты бастамас бұрын оқушылардан парта үстінде ештеңе қалдырмауы сұралады, содан соң ғана мәтіндері жазылған карточкалар мен дәптерлер таратылады. Біздегі жұмыс мәтіндері сыныптар және тақырыптар бойынша нөмірленген және әрбір нөмір 20 дананы құрайды. Бұл тұтас сыныпта екі нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға таратылған дәптерлерде бірінші нұсқа немесе екінші нұсқа деген жазу болады. Бұл оқушы дәптерде жазылған нұсқаны орындауға міндеттейді.
Оқушы дәптерді алған соң оны ашпай партасына қояды. Тек оқушылардың жұмысқа әзірлігі тексерілгеннен соң олар дәптерлерін ашып ай, күнін және жұмыс тақырыптарын жазуға кіріседі. Лездеме-жұмыстарды әр оқушы әр түрлі жылдамдықта орындайды. Бірақ біз тапсырманы орындаған оқушының жұмысын сол мезетте алып сыныптан босатуды дұрыс деп санамаймыз. Біріншіден, тапсырма орындаған оқушы өз жұмысын бірнеше рет қайта тексеруге үйренеді, екіншіден, сабақ кезінде тысқа шығып кеткен оқушының әрекеті көптеген мектептердің ішкі тәртіп ережесіне қарама-қайшы келеді. Сондықтан біз қоңырау соғылысымен барлық оқушылардың жұмысын бір мезгілде аяқталуын дұрыс санаймыз. Бұл, сөз жоқ, жұмыс мазмұны және уақыт бойынша оқушыларды бірдей жағдайға теңестіреді.
Жасыратыны жоқ, кейбір оқушылар бақылау жұмыстарын өз білігімен тез орындайды да, сыныптан шығып кетеді. Біздің байқағанымыз: көп жағдайда сондай оқушылар кездейсоқ қателер жіберіп алады, бұл өз кезегінде жұмыс сапасын төмендетеді. Ендеше жоғарыда келтірілген талаптар жұмысты орындау барысында ондай келеңсіздіктерге жол бермейді.
Бақылау жұмысын орындап бітірген оқушы қалғандарына кедергі келтіреді не көмектеседі деп қауіптенуге негіз жоқ. Біздің пікірімізше, оқушыларға үлкен сенім артқан жөн, мұндай талаптар жиынтығы бүкіл сыныпқа қолайлы әсерін тигізеді. Өйткені лездеме-жұмыстар мазмұнының өзі басы артық қосымша қағаздарды қолданудың тиімсіздігін көрсетіп отыр.
Мұғалімдер оқушылардың математикадан әріп белгілерін меңгеру кезінде көптеген қиындықтарға кезігетіндіктерін алға тартады. Бұл қиындықтарды белгілі дәрежеде жеңуге болады. Ол үшін мұғалім математикалық бақылау жаттығуларын жүйелі түрде өткізіп отыруы қажет. Ондай жұмыстарды атқарғанда мынандай мақсаттар алға қойылуы тиіс:
оқушыларға әріп белгілерін пайдалануды үйрету;
сөздік мәтіннен әріп белгілеріне саналы түрде өтуге баулу;
оқушылар санасына іс-әрекет және көп тараған алгебралық көріністерді бекіту.
Математикалық диктанттар өткізу әдістемесінің қазақ тілі бойынша диктант жазу әдістемесінен айырмашылығы шамалы. Бастапқыда оқушылар диктант мәтінін толық тыңдап алады, одан соң мұғалім әрбір сөйлемді бөлек айтады, ал оқушылар тиісті формуланы жазып көрсетеді, ал қалған оқушылар өз жазғандарын сонымен салыстыра тексеріп, қателері болса түзетеді.
Математикалық диктант бақылау жұмыстары сипатына ие. Мұғалім диктант соңынан дәптерлерді жинап алады және сабақтан соң тексереді. Жұмыстың бұл түрін сабақтың қай кезеңінде де өткізуге болады, ол үшін сабақтың соңындағы 10-15 минут жеткілікті. Мұндай диктанттар 4-сынып оқушылары үшін аса пайдалы. Жоғары сынып оқушылары арасында да мәтінді күрделендіре отырып өткізуден бас тартпау керек.

1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі.
Мұғалім бір жағынан, бойындағы бар білгенін береді, ал екінші жағынан, халықтың өміріндегі, ғылымындағы таңдаулы атаулының бәрін суша сіміріп, өн бойына дарытады да, осы таңдаулыны қайтадан балаға береді деп М.Калинин айтқандай, саналы өмірінде білгенін шәкірттеріне үйретіп, өзі де үйренуден, білімін жетілдіруден, озат тәжірибесін әріптестерімен бөлісуден жалықпайтын, соның нәтижесі ретінде халық құрметіне бөленген біртуар ұстаз- КСРО халық мұғалімі, Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім, Еңбек Қызыл Ту орденінің, Еңбектің ерлігі үшін медалінің иегері Айтқалиев Құсиын Айтқалиұлы.
Ұстаздың өз еңбегіне деген сүйіспеншілігін оның әр сабағына деген дайындығынан, ізденісінен көреміз. Ол әр сабаққа дайындалар алдында өзінен-өзі Осы тақырып оқушылар өмірінің қай жерінен кездесуі мүмкін, оны қалай пайдаға асыра алады, ол үшін мен не істеуім керек? деген сұрақ қоя отырып, соған жауап беруге, соны меңгерту әдістерін іздестіруге керекті материалдар мен көрнекіліктер жинайды.
Құсайын оқушылардың газет-журнал беттеріндегі жаңалықтармен, тәрбиелік мәні бар материалдармен танысуына баса назар аударып, басшылық беріп отырады. Ол үшін өзі сабақ беретін сынып оқушыларына газет-журнал материалдарына арнап дәптер ашқызған. Сол дәптерге әрбір оқушы өздері оқыған баспасөз беттеріндегі керекті деген мақалалар мен суреттерді қиып алып жинастырады, тақырып бойынша топтастырады. Әдебиет сабағында белгілі бір материалды өткен кезде оқушылардың шығармамен тақырыптас немесе мазмұны жағынан ұқсас материалдары бойынша сөйлеуге мүмкіндік беріп отырады. Өз бетімен жұмыстың осы түрі арқылы мұғалімнің оқушылардан сыныптан тыс оқуына, тілін дамытуына, сабақтың тәрбиелік мәніне баса назар аударатыны көрінеді.
Құсайын Айтқалиев оқушылардың бесінші сыныптан бастап алған әдеби теориялық білімдерін сыныптан сыныпқа көшкен сайын кеңіте түсіп, он бірінші сыныпта бағдарлама материалына сәйкес қайтадан жүйелеп, әр шығарма тұсында бекітіп отырады. Көлемді шығарманы оқыту үстінде оқушының әдебиет теориясы туралы білімін өмірлік қажетіне жаратып, толық білмейтін ережелерді естеріне түсіріп, білімдерін бекіте түседі. Сөйтіп, оқушыны әдебиеттің маңызына, адамды адамгершілік мұраттарға тәрбиелейтін құдіретті күшіне көз жүгірттіріп қоймай, қоғамның дамуына ықпал етуге үйретеді. Сонымен қатар, әдебиеттің эмоциялық табиғатына оқушы назарын аударады. Баланың ой қиялын, сезімін оятумен қатар шығарма кейіпкерімен бірге қуана да, ренжи де білуге және жақсыны үйреніп, жаманнан жирене алатын оқушы санасын қалыптастыруға көңіл бөледі.
Мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмысы. Ұстаздың әдебиет сабағында оқушылардың жазба жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыру тәжірибесі де жас мамандарға үлкен көмек болары сөзсіз.
Оқушылардың өз ой- пікірлерін кең және еркін білдіретін шығарма жазуға дайындық сатысы ол - мазмұндама жазу. Мұғалім V-VIII сыныптар аралығында мазмұндама жаздырғанда, мәтінді оқушыларға оқытып, оған жоспар құрғызады. Жоспар жасау арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттырып, олардың өз пікірін ашық та анық айтуға үйретеді. Бір мәтіндегі бір-бірімен байланысты ойлардың өзара жігін таба білуге дағдыландырылады. Бұл жұмыстар оқушының жазғалы отырған мәтінде толық әрі жан-жақты түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды өз ойларын жүйелеп жазуға үйретеді. Мазмұндама жазғанда мынадай жұмыстар қатаң сақталады.
Кіріспе (тақырып бойынша жалпы түсінік, шолу, автор жайлы бірер сөз).
Мәтінді оқу, талдау (алдымен мұғалімнің бағыт-бағдар беруі, оқушылардың мазмұндамаға байланысты әңгімесі, мәтіндегі негізгі ойға талдау жасау, мазмұнды ашуға тікелей қатысты тірек сөздерге түсінік беру, мағыналық жағынан талдауды қажет ететін сөздер, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге тоқталу, т.б.).
Қорыту (жоспар жасау, жеке білімдерді жинақтау, бір оқушыға мәтіннің мазмұнын әңгімелету, туындының ой түйіні өрілген тұсын баса көрсетіп, жоспарға енгізу, жеке білімдердің мазмұндық ерекшеліктерін оқушының анықтауына бағыт беру).
Қайталау (балалардың түсінбеген тұстарына тоқтау, мәтінді тұтас немесе қиын тұстарын қайталау).
Мұғалім өз тәжірибесінде мазмұндама жазуды бағдарламалық материалдардың ішіндегі таныс мәтіндерден бастайды. Мұндай жағдайда шәкірт шығарманың әрбір бөлімін бұрынғыдан да гөрі тереңірек меңгереді. Екіншіден, өздеріне таныс мәтінді сауатты әрі сапалы жазуға төселеді. Мазмұндама жазар алдында ұстаз балалармен дайындық жұмыстарын жүргізеді. Шығарманың бірнеше тараудан тұратынын ескертеді. Сондықтан әр тарауды жеке-жеке оқып, мазмұнын түсініп, талдап, жоспар жасап, ат қойдырады. Содан соң мәтінді түгел оқытып, жинақтап, түсініктерін ауызша айтқызады. Осы бөлімдердің біреуі бойынша келесі сабақта мазмұндама жазатындарын ескертеді. Балалар үйлерінде өз беттерінше мазмұндама жазу үшін жеке-жеке тақырып таңдайды. Мазмұндаманы сыныпта жазғанда балалардың дайындап келген бірнеше тақырыпшасы бойынша жазудың үлгісін көрсетеді. Алдымен оқушының жеке ойы тыңдалады, оны мұғалім өз ойымен байытып, ортақ пікірге келеді.

1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы.
Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың бір саласында жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты- балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді.
Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан іздену- тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.
Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін ұсынуға болады: сөздік диктанттың жаңа түрі; модельге негізделген диктант; өзің біл диктанты; бестік диктанты.
Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылыққа, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру.
Шығармашылық диктанттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы; даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну; оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерін ұсыну.
Диктант жазар алдында шығармашылық байқау жариялауға болады. Байқау оқушыларды ынталандырады, олардың назарын бір мақсатқа жұмылдырады.
Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген бұл сөздік диктанттың әдістемесін нақты мысалдармен түсіндіруге болады.

I кесте. Сөздік диктанттың I түрі
Мұғалім оқитын сөздер Оқушылар тауып жазатын оның мағынасы

Көксерек Аңшылар ауылға әкелген қасқырдың бөлтірігі
Құрмаш Көксеректі бауырына басып, аялап өсірген бала

Сөздік диктанттың II түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.
II кесте. Сөздік диктанттың II түрі

Мағынасы Сөздер

Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты. Көксерек
Бөлтірікті өсірген бала. Құрмаш
Көксеректі бастан теуіп еңіреген адам Құрмаштың әкесі

Мұндай диктанттарды қазақ тілінің қай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.
Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылды емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.
Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Мысалы, 6-сыныпта оқып жатқан Мағжан Жұмабаевтың Мен кім ? өлеңінің негізінде жазғызуға болады. Көп нүктенің орнына оқушылар керекті сөзді тауып жазады, яғни Мағжанның өзіне берген бағасын еске түсіре отырып жазады. Екінші кезеңде мұғалім алдарына ұсынған модель-сызбаны толтырып, диктантты ары қарай жалғастырады.
Үлгі:
Арыстанмын

Күнмін

Мен кім? Жолбарыспын

Тұлпармын
Бұлтпын

Екінші кезеңде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиеттен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.
Сөздік диктанттың бұл түрі мына кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде тапсырмалар беріледі, мақсат түсіндіріледі. Екінші кезеңде оқушылар керекті сөздерді теріп жазады, өлеңнің түпнұсқасындағы сөздерді дәл жазу арқылы ақын Менінің моделін толтырады. Үшінші кезеңде қазақ тілі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Моделдеріндегі есімдіктерді, зат есімдерді тауып, тұлғасына қарай талдайды. Талдау түрлері мұғалім қалауына қарай басқаша да болады. Төртінші кезеңде оқушы өзіне Мен кім? деген сұрақ қоя отырып, Мағжан ізімен деген тапсырма орындайды. Онда олар өздеріне өздері баға беріп, өз Менін толтырады. Бесінші кезеңде осы соңғы тапсырманы Сен кімсің? деген сұрақ арқылы, бір-біріне баға беру арқылы жалғастырады. Осы жұмыстардың үлгісі төмендегідей болады.
Мағжанның Мені
Мен кім?- Арыстанмын
-Жолбарыспын
Оқушының өз Мені
Мен кім?- Жас тұлпармын
Жас қыранмын т.с.с
Бір-біріне берген баға:
Сен кімсің? - Үлгілі баласың т.с.с.
Соңғы бесінші кезеңдегі тапсырмалардың білімділік мәнімен қатар тәрбиелік мәні де зор. Ол әділдікке, турашылдыққа, өз-өздерін бағалай білуге әсер етеді. Сөздік диктанттарда да оның тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлген жөн.
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болды. Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді. Үшіншіден, өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетлдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады. Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, түзету жасауға тиімді болып келеді. Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды. Бұл үрдіс бесінші, алтыншы кезеңдерде жүзеге асады. Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі- Өзің тап. Өзің тап диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдыда жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, түзету жұмысын жүргізеді.
Өзің тап диктанты арқылы тіл дамыту үрдісін жүзеге асыру әдіс-тәсілдерін төмендегі жолдармен жүргізуге болады.
6-сынып. Қазақ тілі: Көсемше.
Әдебиет: Д.Исабеков Ата үміті.
Берілген тапсырмалар.
1. Көсемшелерді қайталаңдар.
2. Д.Исабековтің Ата үмітінің мазмұны мен бас кейіпкерлерін еске түсіріңдер.
3. Алдыңда үзінді жатыр. Асты сызылған көсемшелердің Ата үмітіндегі түпнұсқасын табыңдар.
4. Диктантты жазып болған соң мәтіндегі 2 көсемшеге, түпнұсқадағы 2 көсемшенің жасалу жолына талдау жасаңдар.
Түн жарымы ауды. Немересі ойлап жатып-ақ қалғып кетіпті. Жас ұлғайған сайын ұйқы үркек бола ма, ертеңге де керек адамбыз, дем алайын деп қанша көз жұмса да, Тоқаңның кірпігі айқаспай-ақ қойды. Әрі Омаштың осы кезге дейін қайтып оралмауы ойын сан-саққа шашыратып, көңіліне әлдеқалай бір күдік пен қорқыныш туғызды. Бұ пәтшағар қайда жүр? Әне бір тентек суды жұтып-жұтып қазан арыққа түсіп кетті ме екен? Жеті түнде мас боп келсе, апшымызды тарыдай шашыратып, немеремнің жүрегінің отын алады-ау. Аспаннан түскен әзірейілдей боп қайдан ғана сап ете түсіп еді, бар болғыр. Ала сиырды үш мезгіл тұқыртып арқандау мұң боп жүргенде, адырда ұйықтап, дермене ору не теңім еді. Е, Алла, әйтеуір, арты қайырлы болса болғаны да!.
Өзің тап диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды: оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; сөздік қорының баюына ықпал етті; пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды.
Бестік диктанты. Шағын шығармашылық диктанттардың бірі- Бестік диктанты.
Оның моделі төмендегідей:
1 2 3 4 5
Сөз - сөйлем- сұрақ- жауап- жазу.
Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады. Мысалы, 6-сыныпта М.Әуезовтің Абай жолы романынан Біржан сал Абай аулында деген үзінді берілген. Оқушылар алдын ала диктантты жазудың әдістерін меңгеруі керек. Сол себептен де мұғалім түсінік жұмысын жүргізеді. Әдебиеттен өтіп жатқан шығарманы қайталап оқып, қайталауды тапсырады. Дайындық кезеңі үйде орындалады. Ал сабақта мұғалім диктанттың тақырыбын жазады. Оның моделі әр оқушыға таратылады, модельден ауытқуға болмайды, оның қатары қатаң сақталады.
Диктантты жүргізу әдістемесі.
Мұғалім Сөз дегенде, бала Біржан деуі мүмкін немесе Абай деуі мүмкін.
Мұғалім Сөйлем дегенде оқушылар Біржан Абай аулында немесе Біржан Абай аулында қонақта отыр деуі мүмкін. Енді сұрақ қойылады.
Сұрақ: - Біржан Абай аулына неге келген?
Өнерімен үлгі беруге келген немесе Абай оның әнін тыңдауға шақырған деген сияқты жауаптар айтылуы мүмкін.
3 кесте. Диктант жүру барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті.
Мұғалім сұрағы Оқушы жаубы Оқушы жазған диктант мәтіні
Сөз Біржан
Сөйлем Біржан Абай аулында Біржан Абай аулына өнер шашуға келді.
Сұрақ: неге келді?
Жауап Өнер шашуға келді
Түзету жұмыстарынан кейін дайын болған мәтінді мұғалім қайталап оқып жазғызады. Осы үлгіде диктант ары қарай жалғасады.
Бестік диктанттың өзіндік ерекшелігі сол- мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс-әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.
Бестік диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушылардың алдында жатады. Мұғалім сұрақтарына оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді.

ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері.
2.1. Мазмұндама - оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы.
Мектептерде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы сауаттылығын есепке алуда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін диктант, оның түрлері
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Қазақ тілі сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының түрлерін үйрету жолындағы мәселелерге тоқталу, ашып көрсету
Қазақ әдебиетінде жүргізілетін шығармашылық жазба жұмыстары
Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныптағы сын жұмыстар оларды жүргізу әдістемесі
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Пәндер