Орама материалдар тарихынан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 2

Әдебиеттік шолу

1 Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) қоршаған ортаны

ластау көзі ретінде

1. 1 ҚТҚ көздері және құрамы 7

1. 2 ҚТҚ таптастырылуы 10

1. 2. 1 Таптастыру принциптері 10

1. 2. 2 Физико-химиялық, биологиялық және токсикологиялық

қасиеттеріне байланысты таптастыру 11

  1. Қауіптілік кластары бойынша таптастыру

1. 3 ҚТҚ кәдеге жарату, оның санын және зиянды қасиеттерін

азайту жолдары 12

  1. Қалдықтарды қысқарту 12
  2. Екінші реттік қайта өңдеу 15
  3. Қордалау 19
  4. Қоқыс жағу 21
  5. Қалдықтарды көму 22
  1. Зерттеу объектілері және әдістемесіАқмола облысы туралы жалпы мәліметтер 24Аймақтың топырақ климаттық ерекшеліктері 25Климаттық және метеорологиялық жағдайлар 25Жер бедері және топырақ 26Ақмола облысының экологиялық жағдайы 27Жер ресурстарының қалдықтармен ластануы 27Атмосфералық ауа ластануы 30Су ресурстары жағдайы 33Радиациялық ластану 35Зерттеу әдістемесі. 36

Зерттеу нәтижелері

  1. Көкшетау қаласы мысалында Ақмола облысы бойынша ҚТҚ байланысты қалыптасқан жағдайын талдауҚТҚ түзілу және жиналу динамикасы 39Қауіптілік құрамы мен класы 42ҚТҚ жинау және кәдеге жарату бойынша қалалық коммуналдық шаруашылық бірлестіктер жұмысы 43ҚТҚ кәдеге жарату үшін Көкшетау қалалық полигоны 44Берекесіз қоқыс үйінділері, олардың түзілуінің негізгі себептері, түзілудің алдын алу және тарату бойынша шаралар 46Қоршаған ортаның ластануына ҚТҚ ықпалы 48
  2. Көкшетау қаласында ҚТҚ мәселесін шешу жолдарыҚТҚ жаңа полигонын пайдалануға ендіру 50ҚТҚ полигонына қойылатын негізгі талаптар 51Полигон пайдаланылуының қауіпсіздік шаралары 57ҚТҚ жекелеп жиналу бойынша муниципалды бағдарламаны

Ендіру 58

  1. Экономикалық тиімділік 61
  2. Экологиялық қауіпсіздік65
  3. Еңбек қорғау73

Қорытынды 77

Әдебиеттер тізімі 79

Кіріспе

Жоғары тығыз орналасқан тұрғындары бар елдімекендердің экологиялық жағдайын, онда зиянды кәсіпорын бар - жоғына байланыссыз, ҚТҚ санитарлық тазалау жүйесінің жағдайы анықтайды. ҚТҚ тұрғын үйлер қоқыстары, коммуналдық қызметі қолданатын коммерциялық және өндірістік фирмалар әрекетімен бірге жүретін қалдықтар, бау-бақша және көше қоқыстары және көптеген басқа қалдықтар жатады. Негізінен әр түрлі ескі-құсқыдан тұратын бұл қосылыс металдардан, шыны контейнерлер, макулатурадан, пластиктер мен тағам қалдықтарынан тұрады. Бұл қосылыста қоршаған ортаны ауыр металдармен ластайтын қауіпті қалдықтар мөлшері көп жиналған: батарейкалардағы сынап, флюорисценттік шамдардағы фосфор қарбонаттары және тұрмыстық еріткіштердегі улы химикаттар (сыр бояу құрамындағы) .

ҚТҚ адамдар денсаулығы мен қоршаған табиғи орта жағдайына белгілі қатер төндіреді. ҚТҚ ауру тудыратын микрофлора (іш сүзегі, дизентерия, түбіркүлез және т. б. ) дамуына қолайлы жағдай және сонымен бірге барлық паразиттік микрофауна мен макрофауна дамуына да қолайлы орта болып табылады.

Жүмыстың маңыздылығы . Қоршаған ортаның ҚТҚ ластануы - бұл республикалық масштабта көлемді мәселе. Жыл сайын ҚТҚ құрамы және оның құрама бөлігіндегі заттар тізбесі ұлғайып, күрделенуде, сонымен қатар қалдықтардың жалпы көлемі де өсуде.

Аталған мәселенің зерттелуінің аздығы белгілі бір аймақтың ҚТҚ жою және өңдеудің терең әрі ғылыми негізделген ең тиімді тәсілдерін іздеуді керек етеді. Сондықтан Ақмола облысы Көкшетау қаласында ҚТҚ жою және оның көлемі мен қоршаған ортаға әсерін төмендету бойынша жүргізілетін шаралар мен тәсілдерді жетілдіруге бағытталған зерттеулер маңызды болып табылады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері . Жұмыс мақсаты: қоршаған ортаның ҚТҚ ластануының негізгі себептерін зерттеу, және құрылған жағдайға байланысты ең қолайлы шешімдерді ұсыну.

Қойылатын негізгі міндеттер келесі:

  • Ақмола обысының және Көкшетау қаласының экологиялық жағдайын зерттеу;
  • Көкшетау қаласында ҚТҚ жиналу қарқынын көрсету;
  • ҚТҚ-ң басым компоненттерін және қандай физикалық көрсеткіштерімен ерекшеленетінін анықтау, олардың қауіптілік класын көрсету;
  • Қалалық коммуналдық шаруашылықтың жұмысын талдау;
  • Қоршаған ортаның ҚТҚ ластануының негізгі жолдарын көрсету;
  • Көкшетау қаласында ҚТҚ мәселесін шешу жолдарын ұсыну;
  • Ұсынылған әдістердің экологиялық тиімділігін есептеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

ҚТҚ жинау, сақтау және кәдеге жарату бойынша өткізілетін шаралар негізінде ұсынылады:

  • барлық санитарлы- эпидемиологиялық талаптарға сай, ҚТҚ экологиялық негізділген жаңа полигонын іске қосу;
  • ҚТҚ жекелеп жинау бойынша муниципалдық бағдарлама ендіру көмегімен қайталап қолдану үшін, ҚТҚ құнды құрама бөліктерін бөліп алу сызбанұсқасы;

Жұмыс нәтижесінің іс жүзіндегі маңызы: Көкшетау қаласында ҚТҚ байланысты жағдайдың барысын талдау негізінде, қоршаған ортаның ҚТҚ ластануын және олардың жиналу қарқынын төмендету үшін шаралар жасалды.

Қалалық коммуналдық шаруашылықтар бірлестігіне, Ақмола облысының аймақтық ҚОҚ басқармасына (АОАҚОҚБ), Көкшетау қаласының әкімшілігіне зерттеуден алынған нәтижелерді қолдануға кепілдеме беруге мүмкіндік береді. Қоршаған ортаның ластану және Көкшетау қаласында қолайсыз санитарлы-эпидемиологиялық жағдайдың туу қаупін төмендетуі жағдай жасайтын ҚТҚ жаңа полигонын қолдануға енгізу үшін негізделген талаптар мен шаралар жүйесін ұсыну.

  • қайта өңдеу үшін 20% шамасында шикізат бөліп алуға мүмкіндік беретін, ҚТҚ жиналу қорқынын төмендету үшін жекелеп жинау сызбанусқасын ұсыну.

Қорғауға қойылатын жағдайлар:

  • Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы ҚТҚ жағдайының талдауы;
  • Мәселенің ұсынылған шешім жолдары
  • ұсынылған шаралар тиімділігі

Әдебиеттік шолу

1 ҚТҚ-қоршаған ортаның ластану факторы ретінде

  1. 1. 1 ҚТҚ көздері мен құрамы

ҚТҚ экологиялық мәселесі бүкіл дүниежүзінде ең басты мәселелердің бірі. Бұл әсіресе тығыз орналасқан үлкен қалаларға қатысты, оларда жыл сайын миллиондаған кубометр әр түрлі қоқыстар жиналады.

Түтіндеген қоқыс үйінділері, керексіз ескі заттардың лақтырылуы, толып тұрған қоқыс бактері сияқты көріністер біздің көптеген қала тұрғындарына таныс. Осындай көп қоқысты жою мәселесі әрине экологиялық катарға жатқызылады, ал бір жағынан бұл мәселе күрделі техникалық және экономикалық сұрақтардың шешімімен тығыз байланысты.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың қалалық қоқыстар үйінділері үлкен аудандарды алып жатыр. Сынап немесе басқа ауыр металдар, химиялық қосылыстар (олар жаңбыр және еріген қар суларында еріп, суқоймалар мен жер асты суларына қосылады) сияқты улы заттар қоқыс құрамында болуы мүмкін. Сонымен қатар қоқысқа құрамында радиоактивті заттары бар нәрселер түсуі мүмкін. [2]

Елде ҚТҚ жалпы көлемі жылына 15 млн. т. шамасында бағаланады. Біздің қалаларда бір тұрғынға орта есеппен жылына 2 куб метрге дейін қоқыс мөлшері келеді. Салыстыру үшін, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 0, 3-0, 6 куб метр немесе бізбен салыстырғанда 3-4 есе аз.

Кейбір елдер үшін түрлі қалдықтар көлемі келесі кестеде көрсетілген.

1 - кесте. Тұрмыстық қалдықтар өндірілуі

Мемлекет

Барлығы жылына,

тонна

1 күнде

адам басына келетін қалдық, кг.

Мемлекет: АҚШ (1988)
Барлығы жылына,тонна: 180, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: 1, 82
Мемлекет: АҚШ (2000, болжам)
Барлығы жылына,тонна: 216, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: 2, 00
Мемлекет: КСРО (1989)
Барлығы жылына,тонна: 57, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: 0, 23
Мемлекет: Ресей Федерациясы (1991)
Барлығы жылына,тонна: 26, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: 0, 17
Мемлекет: Батыс Европа
Барлығы жылына,тонна: 123, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: -
Мемлекет: Ұлыбритания
Барлығы жылына,тонна: 18, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: 0, 9
Мемлекет: Қазақстан (2003)
Барлығы жылына,тонна: 15, 000, 000
1 күндеадам басына келетін қалдық, кг.: 1, 3

Тұрлі қалдықтар көлемі мен құрамы әр түрлі және олар ел мен орналасуына ғана байланысты емес, сонымен қатар жыл мезгілі және т. б. факторларға байланысты ( ҚР бойынша орта есеппен ҚТҚ құрамы 1 суретте көрсетілген, ҚТҚ құрамын әр түрлі денгейдегі елдермен салыстыру 2-ші суретте көрсетілген) .

1 сурет. ҚР бойынша қатты түрмыстық қалдықтардың салыстырмалы құрамы

2-сурет. Әр түрлі елдерде қалдықтарды санатына байланысты бөлу

Қағаз бен қатырма қағаз ҚТҚ ең көп бөлігін алады( дамыған елдерде 40 % -ға дейін) . 2ші болып көлеміне қарай Қазақстан және ТМД елдері бойынша органикалық, соның ішінде тамақ қалдықтары, шыны, металл және пластик қалдықтардың жалпы санынан 7-9 % болып келеді .

Шамамен 4 % ағаш, тоқыма бұйымдары, резеңке алады.

1-сурет ҚР ҚТҚ салыстырмалы қурамы

2-сурет Әр түрлі елдерде қалдықтары санатына байланысты бөлу.

ҚР ҚТҚ саны өсуде, ал оның құрамы, әсіресе үлкен қалаларда батыс елдер ҚТҚ құрамына жақындауда, оның ішінде қағаз бен пластик қалдықтарының үлесі көп. [3, 4]

1. 2 ҚТҚ таптастырылуы

Қазақстан Республикасында ҚТҚ физикалық, химиялық және механикалық қасиеттерімен, мөлшерімен ерекшеленетін әр түрлі материалдар мен шіріген онімдерден нан тұратын өрескел механикалық қоспа. Бізде жиналған ҚТҚ, егер одан мән болса, қайта өңдемес бұрын міндетті түрде топтарына қарай жіктеу керек, жіктеуден кейін ғана ҚТҚ әр бір тобын қайта өңдеуге болады .

1. 2. 1 Таптастырудың принциптері

ҚТҚ 1-ші ретті таптастырудың негізі ретінде улылығы бойынша таптастыру жиі алынады, бұл барлық малсандар үшін қажет және өте маңызды. Бірақ, біздің ойымызша, бұндай таптастыру қалдықтардың барлық, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін әрқашан дұрыс, әрі экономикалық ақталған оңтайлы да тиімді шешуге мүмкіндік бере бермейді. Біздің ойымызша, барлық ҚТҚ бастапқы материалының сатылық жағдайы қайта өңдеу технологиясын таңдауды анықтайды.

Сондықтан физико-химиялық, биологиялық, биохимиялық және токсикологиялық қасиеттеріне байланысты ҚТҚ дұрыс әрі оңтайлы таптастыру дұрыс болады .

1. 2. 2 Физико-химиялық, биологиялық, биохимиялық және токсикологиялық қасиеттері бойынша таптастыру

Егер біз ҚТҚ таптастыру ретінде Физико-химиялық, биологиялық, биохимиялық және токсикологиялық қасиеттерін негіз ретінде алсақ, сол арқылы біз қалдықтарды әрі қарай қайта өңдеу әдісін анықтаймыз .

Жіктеуден кейін ( егер жіктеу тиімді болса) ҚТҚ келесі топтарға болу қажет.

А. Табиғи материалды қалдықтар ( ТМҚ )

1. Тағам (шіріген ) қалдықтары

2. Медициналық, емдеу, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, соның ішінде хирургия мен стоматология қалдықтары және де ветеринарлық емдеу мекемелерінің қалдықтары болуы мүмкін.

3. Табиғи материалдардан жасалған полимерлі қалдықтар, соның ішінде ағаш, қатырма, целлюлоза-қағаз, орама материалдар қалдығы.

Б. Өндірістік қалдықтар

  1. Металл қалдықтары
  2. Электр ағымының өңделген химиялық көздерінің қалдықтары
  3. Шыны және шыны ыдыстар сынығы
  4. Синтетикалық химияның полимерлі материалдар қалдығы, сонымен қатар резеңке және резеңке-техникалық бұйымдар, барлық орама материалдар және синтетикалық химия өнімдерінің полимерлі ыдыстары
  5. Радиоактивті қалдықтар. ҚТҚ қайта өңдеу алдында, топтарға жіктелуі қажет, егер жіктеу экологиялық дұрыс болса. Шағын қалалар, поселкелер тұрғын объектілеріне (жеке емдеу, денсаулық жақсарту және т. с. с. мекемелер) топтары бойынша ҚТҚ жіктеу экономикалық тиімді емес, сондықтан осындай ҚТҚ жоғары температуралық қайта өңдеу жөн. 1-ші кезекте құрамында галоидтары (хлор-, бром-, ) бар өнімдер немесе синтетикалық полимерлі омегомерлік немесе мономерлік органикалық химиялық табиғаты бойынша белгісіз өнімдерді кайта өңдегенде ғана, ҚТҚ жоғары температуралы қайта өңдеу орынды . Қауіптілік класы бойынша таптастыру

Біздің елде зиянды заттар 5 қауіптілік класы бойынша сипатталады.

Осыған көму және қайта өңдеуге шығын байланысты болады. Қалдықтардың қауіптілік класы орналастыру, тасымалдау, зарарсыздандыру, қалдықтарды қолданудың қауіпсіз әдістерімен талаптарын анықтау мақсатымен белгіленеді. ТШҚ үшін қалдықтарды қауіптілік класына жатқызу есептік немесе тәжірибелік жолмен іске асады. ТШҚ үшін қалдықтарды қауіптілік класына жатқызудың тәжірибелік жолы осы мақсатта арнайы аккредитацияланған зертханаларда жасалады.

Тәжірибелік әдіс келесі жағдайларда қолданылады [10] :

  • есептік әдіс арқылы анықталған қалдықтарды қауіптіліктің 5 класына жатқызылуын растау;
  • сапалық және сандық құрамын анықтау мүмкін болмағанда, қалдықтарды қауіптілік класына жатқызу;
  • есептік әдіспен ( қалауы бойынша және мүдделі жақтар есебінен) алынған қалдықтарды қауіптілік класына жатқызуды нақтылау.

Пайда болуына байланысты қалдықтар келесі типтерге бөлінеді:

  • заттар ( аллюминий оксиді, күкірт қышқылы, қызыл фосфор және т. б. ) және заттар қосылысы (судайындау қожы, металлургия қалдықтары, анилді бояу өндірісінің осмолы т. б. ) ;
  • материалдар (полиэтилен, фторопласт, тоқыма, қағаз және т. б. ) ;
  • бұйымдар (кірпіш, шамдар, кабель және т. б. )

1. 3 ҚТҚ кәдеге жарату, саны мен зиянды әсерін азайту жолдары

1. 3. 1 Қалдықтарды қысқарту

«Қалдықтарды қысқарту» термині 2-ші ретті шикізат ретінде қолданылуға жарайтын қалдықтар үлесін көбейту және өндірілетін қалдықтардың саны мен зиянды әсерін азайтуға бағытталған жоспарлы шаралар жүйесін білдіреді.

Қалдықтарды қысқарту аз қалдықты технологияны енгізумен байланысты және маңызды экономикалық қорытындылармен шектесуі мүмкін; өндірістік қалдықтарды қысқарту әдістері жеткілікті дамыған тәртіп .

Батыс елдерде қалдықтарды қысқарту бойынша серіктестіктер ертеден бар және олар артық орамаларға қарсы бағытталған, себебі ҚТҚ көп бөлігі орама материалдардан тұрады:

  • қалдықтардың салмағы бойынша 30 % және көлемі бойынша 50 % әр түрлі орама материалдар құрайды
  • орама материалдардың салмағы бойынша 13% және көлемі бойынша 30 %-і пластиктен тұрады; дамыған елдерде қазіргі уақытта пластик қалдықтардың шекті саны әр бір 10 жыл сайын 2 есе өседі.

Сондықтан тауарлардың орамасымен байланыскан қалдықтарды азайту қалдықтарды қысқарту бойынша жұмыстардың ең басты бағыттарын бірі болып саналады. Тауарлардың оралуы тұтынушыларды қалауына көп байланысты және олар ақпарат құралдары, жарнамалар, ақпараттарға т. б. да байланысты. Тұтынушыларға келесі кепілдеме-қоғамдық ұйымдар мен қалалық басқармалардың білім беру және ағартушылық бағдарламаларының мазмұны:

  • Керексіз орамадан бас тарту. Дүкендердегі көптеген заттар тек сатып алушының көңілін аулау үшін ғана оралады, мысалы, Elister pac Kaging - әдемі болған қатты қағазды төсемеге орналастырылып және мөлдір пластикпен жабылған ұсақ заттар.
  • Көп рет қолданылатын өнімдерге артықшылық беру;
  • Минималды орамаға артықшылық беру-жеңіл орамалы тауарлар және көп көлемде сатылатын тауарларды алу.
  • Екінші рет қолдануға немесе қайта өңдеуге болатын орамаға артықшылық беру. 2-ші ретті шикізат ретінде қолданылатын орама материалдардың ішінде алюминий 47%, газдалған суға арналған шөлмектер 17 %, консерві болат банкалар 15%, шыны 11%. (Қазақстанда не Аl, не пластик бүгінгі таңда қайта өңделмейді) .
  • 2 ші ретті қайта өңделген немесе экологиялық зиянсыз материалдардан жасалған орамаларға артықшылық беру. Қазіргі уақытта нені “2- ші ретті қайта өңделген” материал деп санау туралы бірауызды келісім жоқ, яғни 2- ші ретті шикізаттың қандай пайызы оларды құрау керек. Көптеген елдерде тауарлар мен орамаларға қойылатын «жасыл белгілерге» сенген дұрыс.

Қалдықтарды қысқартуға байланысты білім беру бағдарламаларымен қатар экономикалық ынталандыру жақсы әсер етеді, мысалы, қалдықтар санына байланысты қоқысқа төлем төлеу.

Орама материалдар неғұрлым әртүрлі болса, сөғұрлым 2-ші ретті қолдану мен қайта өңдеу бағдарламаларын ұйымдастыру күрделі болады. Сондықтан орамалар әр түрлілігіне шек қойылуы мүмкін. Мысалы, өмір сүру деңғейі жоғары Дания және Норвегия сияқты елдерде сусынға арналған шөлмектердің 20-дан көп емес түрін қолдануға рұқсат етілген.

Бір адамға есептегенде бұрын ҚР батыс елдермен салыстырғанда қалдықтар аз болатын, бірақ батыстық тұтынушылық мәдениеті ендірілуімен байланысты бұл орайда жедел өзгерістер болуда. Супермаркеттерде бір рет қолданылатын тегін пластикалық пакеттер, ”fast-food” мейрамханаларындағы бір рет қолданылатын ыдыстар, сыра мен салқын сусындарға арналған (бір рет қолданатын) алюминий банкалар ( Батыста олар 100 % қайта өңделеді, ал бізде тура қоқысқа жіберіледі) - осы беталыстың бірінші белгілері. ҚР-да қалдықтарды қысқарту бойынша шаралардың мақсаты-тұтыну қалдықтары санының бақылаусыз өсуін болдырмау - бәрінен бұрын экономикалық ынталандыру және білім беру-ағартушылық бағдарламалар арқылы.

Орама материалдар тарихынан.

1809 Николас Апперт тағамды пробкалы тығыны бар шыны ыдыстарда сақтау әдісін ойлап тапты. Жүз жылдан артық орама ретінде шыны, ағаш және қағаз қолданылды.

1929 Алюминий жұқалтыр және целлофан енгізілді. Орама даналап сатуда үлкен рөл атқара бастады.

2 - ші Дүниежүзілік соғыс.

Азық-түлік пен қамтамасыз ету қажеттігі Еуропа американдық экспедиция күштері саудадағы “ұлы шекара“ деп аталған жаңалықтар ағымын туғызды. Өндірістік жекелеп орау, жақсартылған консервілеу және сусындарға арналған бір рет қолданылатын контейнерлер пайда болды.

Соғыстан кейінгі уақыт.

Супермаркеттер мен жылдам тамақтану мейрамханаларының көбеюімен бірге орама өндірісі дамыды .

Бүгінде қолданылатын пластикалық орамалардың үлкен бөлігі анти- экологиялық болып келетінін ескерту керек, яғни құрамында бірнеше материалдар бар: мысалы, шырын сатылатын литрлік пакеттер («асептикалық пакеттер») жұқалтырдан, пластиктен, картоннан; икемді (эластичный - sguezzable) кетчупке арналған шөлмектер жиі пластиктің бірнеше түрінен тұрады. Осындай орама іс жүзінде 2-ші ретті қайта өңдеуге келмейді және қоқыс жағатын пештерде көбінесе жанбайды.

Қалдықтарды қысқартудың 2-ші элементі-ҚТҚ ағымынан детергенттер, улы химикаттар, лакты бояу материалдары, аккумуляторлар және батарейкалар, т. б. сияқты аса қауіпті қалдықтарды бөліп алу. Бұл заттар қарапайым полигондар мен қоқыс жағатын зауыттарға түспеуі керек. Осындай аса қауіпті қалдықтарды тасымалдау, сақтау қымбат жоғары технологияны қолдануды қажет етеді және ереже бойынша, қауіпті қалдықтарды өндіруші немесе ерекше жағдайларда мемлекет немесе сақтандыру серіктестіктері жұмыс ақысын төлейтін, аталған қызметке мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар іске асырады.

Әр дайым қызмет ететін жинау пунктерін ұйымдастыру немесе арнайы қоқыс жинау күндерін өткізу сияқты қауіпті қалдықтарды жинау үшін арнайы шараларды жасау қажет.

1. 3. 2 Екінші реттік қайта өңдеу

ҚТҚ жеткілікті көп компоненттері пайдалы өнімдерге қайта өңделуі мүмкін.

2-кесте. Қатты тұрмыстық қалдықтардағы 2-ші реттік шикізаттар

2-ші реттік шикізат түрлері: 2-ші реттік шикізат түрлері
Құрама бөліктері: Құрама бөліктері
2-ші реттік шикізат түрлері: Қағаз
Құрама бөліктері:

Газеттер

Қатырма

Жоғары сапалы қағаздар

Аралас қағаздар

2-ші реттік шикізат түрлері: Алюминий
Құрама бөліктері:
2-ші реттік шикізат түрлері: Әйнек
Құрама бөліктері:

Мөлдір

Жасыл

Қоңыр

2-ші реттік шикізат түрлері: Ферромагнитті металдар
Құрама бөліктері:
2-ші реттік шикізат түрлері: Пластиктер
Құрама бөліктері: РЕТ НDРЕ
2-ші реттік шикізат түрлері: Аккумуляторлар
Құрама бөліктері:

Қорғасынды аккумуляторлар

Тұрмыстық батарейкалар

Шыны көбінесе ұсақтау және қайта балқыту жолымен қайта өңделеді (бастапқы шыны бір түсті болғаны қолайлы) . Төмен сапалы шыны сынықтары ұсақталғаннан кейін құрылыс материалдарын толтырғыш ретінде қолданылады ( мысалы “ глассфальт”) .

Ресейдің көп қалаларында шыны ыдысты жуу және қайталап қолдану бойынша қәсіпорындар бар. Осы сияқты, әрине, пайдалы практика, мысалы, Данияда бар.

Болат және алюминий банкаларды сәйкес металдарды алу мақсатымен қайта балқытады.

Салқын сусындардың банкаларынан алюминийді балқыту арқылы алу, осы мөлшерде кеннен алюминий алу үшін қажет энергияның тек 5%-н қажет етеді . Бүл «ресайклингтің» ең тиімді түрі болып табылады.

Қағазға пульпа- шикізат дайындау үшін қәдімгі целюллозамен қатар көптеген жылдар бойы әр түрлі қағаз қалдықтары қолданылады. Аралас немесе төмен сапалы қағаз қалдықтарынан дәретхана немесе орама қағаз және қатырма дайындауға болады. Өкінішке орай ҚР тек аз мөлшерде ғана жоғары сапалы қағаз қалдығынан (баспахана қиындылары, ксерокс пен принтерге арналған қолданылған қағаздар, т. б. ) жөғары сапалы қағаз шығару технологиясы дамыған. Қағаз қалдықтары, сонымен қатар құрылыста жылу оқшаулау материалдары үшін және ауыл шаруашылығында фермаларда сабан орнына қолданылуы мүмкін.

Пластикті қайта өңдеу жалпы алғанда қымбат әрі күрделі процесс. Пластиктің кейбір түрлерінен ( мысалы, РЕТ салқын сусындарға арналған 2-3 литрлік мөлдір шөлмектер) сондай қасиетті жоғары сапалы пластик алуға болады, басқалары ( мысалы ПВХ) қайта өңдеуден кейін тек құрылыс материалдары ретінде қолданылуы мүмкін. ҚР пластик қайта өңделмейді.

2-ші ретті қайта өңдеудің әлеуметтік - экономикалық аспектілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасындағы өңдеуші кәсіпорындар
Нарық экономикасына көшудегі ең басты мәселелері
Құрылыс монтаж жұмыстарының әдістерін қабылдау және негіздеу
Мембраналық қондырғыларға жалпы сипаттама
Асинхронды қозғалтқыштың роторы
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Ғұндар аңызы
Жаңа дыбыс оқшаулағыш материалдар
Ротор орамасының тогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz