Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Қазақстан кітапханаларының ақпараттық қоғамдағы орны . . . 6
1. 1 Қазақсатан Республикасының көпшілік кітапханаларының қазіргі жай күйі . . . 6
1. 2 Кітапханалардағы ақпараттық қажеттіліктер және олардың айқындалу жолдары . . . 21
1. 3 Кітапханалардағы ақпараттандыру қызметінің жүзеге асулары . . . 35
2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының кітапханалық қызметтеріндегі жаңа техникаларды пайдалану жолдары . . . 54
2. 1 ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының қызметі . . . 54
2. 2 Мемлекеттік электрондық кітапхана (КазНеб) ……… . . . 60
2. 3 Кітапхананың ақпараттық қоғамдағы орны . . . 68
Қорытынды . . . 80
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 82
Қосымша . . . 83
КІРІСПЕ
Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Қазіргі таңда кітапханаларда алға талпыну өзгерістері болып жатыр. Заман ағымына қарай, білім талабына сай оқырмандардың да сұранысы өзгеруде.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше, болашақ Қазақстанның азаматтарын тәрбиелеудің міндеттері, қоғамның адамгершілік ахуалы бүгінгі мұғалімдер, профессорлар, оқытушылар, кітапханашылар, мәдениет қызметкерлері қауымын рухани даму жолында үздіксіз еңбек етуге үндейді. Елбасы өз Жолдауында көрсеткендей әрбір азамат осы кезге дейін аталар қалдырып кеткен мұраны, еліміздегі барлык құндылықтарды, байлықтарды талмай меңгеруі керек.
XXI ғасырда кітапхананы ақпараттык мекеме ретінде қарай отырып, оның дамуын жаңа автоматтандырылған технологияларды пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Компьтерлер мен Интернет ұсынатын жаңа ақпараттық технологиялар, электронды құжаттар ақпараттық құралдарды, уақыт пен кеңістік өлшемінсіз шексіз кең пайдалануына әкеледі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ақпараттандыру адам өмірінің барлық жағының интелектуалды-гуманистік құрылымы ретінде танылып, ақпаратты мейлінше толығымен пайдалану оның даму ресурсы ретінде адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуының маңызын арттырды.
Уақыт өткен сайын пайдаланушылардың да ақпаратқа деген қажеттілігі тереңдеп, әр түрлі сипатқа ие бола бастады. Ал оны қанағаттандыруда кітапханалардың ақпаратын қызметі ұшан-теңіз. Пайдаланушылардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, ақпаратқа деген сұранысты жоғарылату, кітапханалық қызмет көрсетуді сапалы жүргізу, кітапхананың пайдасын, оның қажеттілігін дәлелдеу, міне осылардың барлығы кітапхананың ақпараттық қоғамда өмірге келуіне септігін тигізді. Осыған байланысты қазіргі заман талабына сай пайдаланушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету, оқырман қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс жүргізу, кітапхана мәртебесін көтеру, кітапханалық технологияны оңтайландыруды теориялық тұрғыда ғана емес практика жүзінде дұрыс бағыт көрсетейік деген мақсатпен диплом жұмысының тақырыбын «Ақпараттық қоғамда кіапхананың дамуы» деп таңдап алуымызға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қажетті ақпараттарды іздеуде көмек көрсету және ақпарат алуды бірнеше операциялар арқылы жүзеге асыру. Дипломдық жұмысыма Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының жаңа ақпараттық технологиясы негізінде қызметтерінің дамуы қарастырылады. Кітапханада шығарылған мәліметтер қоры мен ресурстарын пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жүргізуімен қатар перспективалык міндеттерді жүзеге асыру, кітапхананың оқырмандарға жылдам, толық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қазіргі кезеңдегі жаңа сапалы орталыққа айналуына септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының міндетті. Қазіргі заман талабына сай дамып жатқан технологиялардың кітапхана тынысда тыс қалмауындағы жай күйін ашып көрсету. Болашақ ұрпақтың қажетті құжаттарын қанағаттандыралық кітапханалардың қызметін дамыту.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бұған астана қаласындағы Қазақстан республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы қаралды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Мемлекеттік электрондық кітапханасы (КазНеб) .
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Бұл тақырыбып бойынша отандық зертеушілердің қалам тартып мақалалар жазып жүргендері мәлім, яғни атап айтсақ Балғожина Р. Г., Есиркепова Г. Ж., Бердигалиева Р. А., Таушова Г. З т. б., ал басқа шетелдерден бұл сала бойынша Т. В. Захарчук, Г. Б. Паршукова, Е. В. Иванова, Р. С. Гиляревский, П. Годвин, И. М. Суслов сынды авторлардың еңбектері жарыққа шыққан.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Қоғам дамуымен қатар ақпараттық қоғамда кітапханалардыңда алып жатқан орындары ерекше деп айта аламыз себебі: қазақстан республикасы бойынша емес бүкіл әлем бойынша көптеген конференциялар өтуде.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Бүгінгі таңдағы кітапханалардың стратегиялық басқарушылығы. Ақпараттандырылған заманда күн сайын жаңа ақпаратты тұтынушылар саны артуда. Ғалымдардың пікірінше, қызмет көрсету түрін зерттеу, бұл ортаның даму тенденциясын зерттеп білу. Сондықтан қоғамда күн сайын болып жатқан жаңашылдықты зерттеп отыру керек. Ақпаратты қызметті басқару кітапханалардың жұмыс ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Диплом жұмысының теориялық құндылығы. Бұнда өзімнің жұмысымда алған астана қаласындағы Ұлттық Академиялық кітапханасының пайдаланып жатқан жаңа техникаларды айтуға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Қазақстан кітапханаларының ақпараттық қоғамдағы орны
1. 1 Қазақсатан Республикасының көпшілік кітапханаларының қазіргі жай күйі
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан қоғамы өмірінің ақпараттық кұрамдасын біршама жоғарылатып . . . » және «жергілікті деңгейде ақпараттық техиологияларды пайдалану мүмкіндіктерін ұлғайту керек». Бұл үрдісте адамдарға сапалы ақпараттық ресурстарды кәсіби деңгейде іздеп, сақтап, ұсынатын өңір кітапханаларының рөлі шексіз. Ақпарат пен білім - адамдардың үздіксіз білім алуы мен өмір сапасын жақсарту негізі.
Өздеріңізге де мәлім, XX ғасырдың аяғында ақпарат адамзаттың басты ресурстарының біріне айналды. Пайымдаулардың бірі XXI ғасыр -ақпарат ғасыры. Ақпараттық ресурстар қоғамның барлық саласындағы нәтижелі қызметтің қажетті шарты болып саналады. Ақпараттық ресурстардың саны мен сапасы, оларды XXI ғасыр шегіндегі қолдану денгейі елдің даму дәрежесі мен әлемдік қоғамдастықтағы мәртебесін айқындайтын факторлар болады. Сондықтан қазақстандық әрбір кітапханадағы ақпараттық ресурстарды, оның мөлшеріне қарамастан, құруға жіті назар аударылады. Кітапханалық қорды құру мәселелері қаншалықты сауатты шешілсе, кітапхананың барлық қызметі. оның ақпараттық және әлеуметтік мәдени міндеттерін іске асыру соған байланысты болады. Қазақстан кітапханаларының ақпараттық ресурстарын қалыптастыруда оны актуальдендіру мен кұнды топтамаларын кұруға барлық мүмкіндіктер пайдаланылады. Қазақстан кітапханаларының қорын толықтырудың негізгі көздері - ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік тапсырысы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шығарылған басылымдар, бюджеттік қаражатқа сатып алу тәсілімен кітап сату орындарынан алу, мерзімді басылымдарға жазылу және мәліметтер базасына ену, жеке тұлғалар мен авторлар ұжымынан алынатын сыйлықтар. Еліміздің барлық аймағында шығарылған баспа өнімдерін сақтаудың негізгі орны ретінде еліміздегі Ұлттық кітанханаларға қатысты мемориальдық мүмкініеттерін орындауға талпыныс танытып, ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы) мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының (Астана) қорларына міндетті дананы алуды зандастыру жөніндегі іс-қимыл басталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соған сәйкес 2011 жылдан бастап екі Ұлттық кітапхана басып шығарушылардың Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатындағы редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар басылымның (мәтіндік, ноталық, электрондьқ картографиялық, бейнелеу басылымының) міндетті тегін даналарын алады. Мұны да кітапханалық қоғамдастықтың жетістігіне жатқызуға болады. Бұл шешім еліміздегі әрбір аймақтық кітапханалардың тұрақты міндетті даналарын алуға мүмкіндік беретін құжатты жергілікті атқарушы органдардың қабылдауын талап етуде бізге күш береді. Қорды жинақтаудың жай-жапсары қаржыландыруға байланысты екені бәрімізге аян. Мәселен, 2010 жылы ҚР-дағы көпшілік кітапханалар қоры 1 338, 5 даңа кұжапен толықтырылды, бұл 2009 жылғыдан 87, 5 данаға аз. Өкінішке орай, қазақстандық кітапханалар қорды жаңарту көрсеткіштерінің жақсы деңгейімен мақтана алмайды. ИФЛА стандарты бойынша бұл көрсеткіш жалпы қордың 10%-на тең болуы тиіс. Бізде бұл 2 %-ды ғана кұрайды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бюджеттік қаржыландырудың болмаған кездері де болды (Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы) . Мемлекеттік тапсырыс бағдарламасы соның аясында казақстандық авторлардың кітаптары мен әлемдік классиканың қазақ тіліне аударылған басылымдары жарық көруде, бұл кейбір кітапханалар үшін қорды толықтырудын жалғыз көзі болып саналады. Кітап тарту ету акциясы авторлар, баспагерлер, бизнес-бірлестіктері тарапынан кітапханаларға қолдау көрсетудің кең тараған түрлерінің біріне айналды [9, 19] . Кітапханалар мұндай инновацияларды қолдайды. Тұрақты сыйлық берушілер қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясы. «Еуразия ғалымдары одағы» қоғамдық қоры, «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ, «Нұр Отан» ХДП, Қазақстан Жазушылары одағының аймақтық бөлімдері, «Шеврон» компаниясы, Алматыдағы Гете Институты және тағы басқалар бар. Сыйлық қозғалысын жетілдіру мақсатында еліміздін кітапханалары «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын жүргізе бастады, бұған қоғамдағы меценаттық дәстүрін дамыту да септеседі. Егер қазақстандық кітапханалар қорын салалық құрамы бойынша қарастырар болсақ, онда элі де көп жақсартуды керек етеді. Өзінің негізгі міндеті - білімді тарату мен қамту, оқырмандарына өзекті ақпараттарды ұсынуды атқару барысында - бүгінде кітапханалардың көпшілігі үлкен қиындыққа кезікті. Қысқа ғана мысал: қазіргі уақытта қазақстандық қоғам биотехнологияны, нанотехнологияны, гендік инженерияны, атом энергетикасын қолданумен әрі дамытумен сипатталатын, яғни «болашақтың экономикасы» секторын дамыту кезеңіне көше бастағаны бәрімізге белгілі. Басқаша айтқанда, кітапханалар Мемлекеттік «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын жеделдетілген индустриалды-имновациялық дамыту» бағдарламасында белгіленген инновациялық бағытқа жан-жақты ақпараттық қолдау керсетуге дайын болуы тиіс. Өкініштісі, бүгінде біз бұл міндетті орындауға дайын емеспіз [3, 25] .
Заманауи ақпараттық технологиялар Қазақстан кітапханаларынын ақпараттық әлеуетін кеңейтуіне мүмкіндік берді. Осы мүмкіндіктің арқасында, кітапханалар Интернетке, қашықтағы каталогтар мен отандық және шетелдік ақпарат ұстаушылардың толық мәтінді мәліметтер базасына енуге жағдай жасады. Интернет платформасын, құжаттарды электронды жеткізу тәсілін пайдалана отырып. мыңдаған қазақстандық оқырман өздерінің ақпараттық мұқтаждығын қанағаттандыра алады. Оларға көмекке келетін отандық электронды ресурстар: заңнамалық «Заң-Закон» мәліметтер базасы мен «Параг-раф» АЖ, «Ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы» АҚ порталы, Қазақстандық Ұлттык электронды кітапхананың порталы, ҚР Ұлттық кітапханасының каталогы (Алматы), ҚР Ұлттык кітапханасы базасындағы Қазақстандық корпоративтік каталогтеу орталығының қызметі аясындағы «Казахстаника» жиынтық каталогы және ғаламдык Интернет желісіне жайластырылған Қазақстанның аймактык ірі кітапханаларының каталогтары. Мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың және халықаралық серіктестердің гранттық қаражат бөлгенінің арқасында шетелдік мәліметтер базасына қол жеткізілді. Атап айтсақ, қазақстандық ғалымдар - зерттеушілер, экономиканын сан алуан саласындағы мамандар, студенттер мен магистранттар Ист-Вью, Интегрум (Ресей), ЕВSСО, Sprihger МеdLihe, Еbrаrу тәрізді беделді мәліметтер базасымен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандық қоғамның ғылыми жетістіктерге деген мүддесі ТМД елдеріне қатысты Халықаралық Гуманитарлық Ынтымақтастық Қорының қолдауымен Ресей Мемлекеттік Кітапханасы жанындағы Электронды Диссертациялар Кітапханасының Виртуалды оқу залын ашу арқылы қанағаттандырылуда. Олар еліміздің екі Ұлттық кітапханасында да жемісті жұмыс жасауда. Ғаламдық Интернет желісінің ресурстары кітапханалардың ақпарат берудегі мүмкіндіктерін де кеңейте түсті. Бүгінгі күннің міндеті - Интернетке қосылған кітапханалардың, библиографиялық және толық мәтінді мәліметтер базасының қатарын көбейту, жергілікті (өлкетану) ақпараттарды сақтайтын меншікті электронды ресурстарды жасап шығару, сондай-ақ пайдаланушылар секілді кітапханашылардың да ақпараттық біліктілік деңгейін жетілдіру. Қашықтағы мәліметтер базасына тұрақты негізде, біз бүгін байқап отырғанымыздай жүйесіз емес, жүйелі түрде, енуге жазылуды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан қаржыландыру қажет. Бұл жағдайдан шығудың тағы бір жолы - меншікті электронды ресурстармен қатар қолда бар МБ-на ену мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық серіктестік жобаларын әзірлеу. Ақпараттық технологияларды дамыту еліміздің кітапханаларына қорды жинақтау саласында жаңа мүмкіндіктер ашты. ҚР Ұлттық кітапханасы қорды сақтау және консервациялау бойынша ИФЛА-ның Аймақтық Негһгі бағдарламалары іспетті тәжірибеге ие болды. ҚР ҰҚ жанындағы Қорды сақтау және консервациялау орталығы әзірлеген жобалар Қазақстанның жазба мұраларын құраушы ондаған құнды әрі сирек басылымдарды сақтауға сеп болды. Ақпараттық технологиялардың дамуы қорды сақтау ісінде кітапханаларынымызға жаңа мүмкіндіктер ашты. Осы бағыттағы инновациялык шешім «Мемлекеттік электронды кітапханалық қор - Қазақстандық Ұлттык электронды кітапхана» порталының құрылуын атап өту керек. Жобаның жүзеге асырылуын Қазақстандық кітапханашы мамандардың жетістігіне жатқыза аламыз. Жобаға қатысушылар қатарында барлық аймақтық кітапханалар, кейбір ОКЖ, шағын қалалардың кітапханалары да бар. Тағы бір жемісті үлгі: ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы) «Қазақстаннын қазіргі әдебиеті» және «Қазақ классикалык әдебиеті» секілді екі электронды кітапхананың дайындады. АКТ енгізуіне қарай ҚР-ның бірқатар облыстарында сирек кітаптарды цифрлау, өлкетану бойынша сақтандыру қорларын құру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кітапханалары табысқа қол жеткізді. Мәселен, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасының ұжымы «Мәденн мұра - компьютер мо-ниторында», «Солтүстік Қазақстан облысының жазушылары» электронды ақпараттық анықтамалығы, «Мұқанов атымен», «Певец степного простора» (жергілікті жазушы И. Шуховтың 100 жылдығына арналған) компакт-дискілері, ұлы ғалым, философ әрі саяхаттанушы Ш. Уәлиханов туралы компакт-дискі тәрізді 60-қа жуық әмбебап басылымнан тұратын электронды кітапхананы құрды.
20 жылғы Тәуелсіздікте библиографиялық ақпараттық ресурстар кұруда зор тәжірибе жинақталды. Мәселен, бай ресурстар мен көп жылғы тәжірибеге ие бола отырып, ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы) Қазақстанның библиографиялық қорын толықтырған дереккөзді дүниеге келтірді. Бұл - Мемлекет басшысының 70 жылдык мерей-тойына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев-Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» әдебиетінің екі томдық библиографиялық көрсеткіші мен Қазақстанның көрнекті қоғам, саясат және мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына арналған (Ш. Қалдаяқов, М. Қаратаев, Ш. Уәлиханов және т. б. ) библиографиялық көрсеткіштер. Аймақтық кітапханалар да жергілікті қайраткерлер мен оқиғаларға арнап, библиографиялық басылымдар әзірлеп ақпараттық ресурстарын толықтырды. Қазақстанның барлық облысы ағымдағы жылға арналған Атаулы күндер күнтізбесін шығаруда. Алайда, уақыт керуені кідіріссіз көшіп барады. Біз өзгеруге тиіспіз, өйткені қоршаған ортамыз жаңарып жатыр. Ақпараттық ресурстарды кұруда да жаңа тенденция көрініс алуда:
- Бұл - электронды ақпарат, электронды ресурстар, электронды кітапхананы құру.
- Бұл - қорды жинақтаудың дәстүрлі технологияларының өзгеруі, толық мәтінді электронды басылымдар мен оларға енуді ұйымдастыруға барынша көп назар аударылады.
- Кітапханалар Интернет платформасындағы ақпараттардың алып орталығы бола отырып, оқырмандардың Интернет ресурстарменжұмыс жасауына зор мүмкіндік береді.
- Сайып келгенде, барлық категориядағы пайдаланушыларға арналған кітапханалық қорларға теңдей қолжетімділікпен қамту еңмаңызды бағыт болып отыр.
Маңызды стратегиялық ресурс ретіндегі қорды қалыптастыруға айрықша мән бере отырып, Қазақстанның кітапханашылар қоғам дастығы іске нұсқама іспетті аталған тенденцияларды қабылдауға дайын. Бүгінде ақпараттандыру қазіргі әлемдегі өзгерістердің негізгі факторы болып саналады. Жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуымен электронды немесе цифрлы кітапханаларды құру мүмкіндігі туды. Интернет кітапханалар шекарасын алыс аумақтарға дейін ашуға мүмкіндік берді. Бүгінде оқу залдарына ноутбук пен пайдаланушының жеке компыотерлері қойылған. Әлемнің, көптеген жетекші кітапханалары бұл жолға осыдан 10-15 жыл бұрын түскен еді. Қазақстандық көпшілік кітапханалардың жұмыс тәжірибесіне ақпараттық-коммуникациялык технологиялардың енгізілуі 20 жылдағы басымдықтардың бірі болып көрінеді. Тәуелсіздік жылдарында осы міндеттерді іске асыру жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда бірқатар жетістіктерімізді қорытындылап, болашақтағы міндетімізді белгілеуімізге болады: Егер технологиялық жабдықтаудың (оргтехника, Интернетке ену), жай-күйіне қарасақ, көрініс келесіндей сипат алады: Павлодар облысында 39% кіталхана компьютермен жабдықталған бұл жалпы санның 27, 6 %-зын құрайды; Қарағанды облысындағы 339 кітапхананың компьютерлендірілгені - 298 кітапхана (88% ) . Бұл-ҚР ММ жүйесіндегі кітапханалар бойынша оң көрсеткіш. Қостанай облысындағы 116 кітапханада 396 компьютер бар (29%) . Оңтүстік Қазақстан облысындағы 435 кітапханада - 220 компьютер, яғни 9, 4% кітапханаға орнатылған. Жалпы алғанда, еліміздің барлық облысында да кітапханалардың техникамен жабдықталуы бірыңғай емес. Ал Оңтүстік Қазакстан, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының кітапханалары кейінгі қатарда.
Ауыл кітапханаларын техникалық жаңарту әлі тиісті деңгейде емес. 2010 жылғы мәлімет бойынша Қызылорда (12, 5%), Шығыс Қазақстан (15, 5%), Оңтүстік Қазақстан (19, 0%) облыстарындағы ауыл кітапханаларының компьютермен жабдықталуы ең төменгі көрсеткішті иелейді. Кітапханаларды технологизациялаудың жемісті үлгілері: Алматы облысында «Кітапханалық-ақпараттық компьютерлік желі» жобасы; Шығыс Қазақстан облысында «Аудандық кітапханалардың бірегей компыотерлік желісі» жобасы жүзеге асырылуда; Павлодар облысындағы кітапханаларды жаңарту бағдарламасы аймақтық «Ауыл кітапханасы - 2004-2006» жобасының жалғасы іспетті; жергілікті жерлердегі заманауи ақпараттық орталық ретінде еліміздегі 275 модельді кітапхананың құрылуы.
Қазақстан кітапханаларына АКТ енгізілуімен оқырмандарға жаңа электронды қызмет түрлерін ұсыну әрі ақпараттық кеңістікті кеңейту мүмкіндіктері көрініс алды. Кітапханалар жергілікті қоғамдастыкқа танымал әрі қажет бола бастады. Осыған орай, кітапханалар АТ-ды оқытып-үйрету, Интернетке ену орталығы ретіндегі кітапханалар имиджін құруда позитивті өзгерістерге жетті. Кітапханашылар компыотерді пайдалануды оқып-үйреніп, барлық категориядағы тұрғындардың Интернетке енуіне мүмкіндік жасайды. Экономиканың әр алуан саласы мамандары жұмыстарына көмек ретінде өзекті ақпараттар алса, жастар онлайн тіліндегі режимді үйреніп, өз білімдерін сынау үшін тестілеуден өтіп, әлеуметтік желіде байланыс жасайды. Жұмыссыздар бос қызмет отырдары нарығында бәсекеге қабілетті болуы үшін электронды сауаттылыққа дағдыланады. Тіпті зейнеткерлер де шет елдердегі балаларымен хат алысу үшін Интернет пен компьютерді меңгеруде. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Зырянов қаласының кітапханасында семинарлар, тақырыптық веб-ресурстар тұсаукесерлері ұйымдастырылса, «Хатты өзім поштаға саламын» тренингі, «Интернетті пайдалана бастағандарға 10 кеңес» кеңес сабағы, педагогтарға арналған «Пайдалы веб-сайттар» және «Интернет-құқық» семинары азаматтарға аса таныс. Осы Зыряновтағы кітапханашылар мүгедек балаларға арналған «Библиотерапия» бағдарламасын жалғастыруда, ол: электронды журналдарға шолу, белгілі суретшілердің сайтына ену, әлем музейлері бойынша веб-саяхат, т. б. . Кітапханалардағы осындай жұмыстардың арқасында халықтың электронды сауаттылығы көтеріліп, адамдар Интернет-технология жетістіктерімен танысып, оның мүмкіндіктерін өздерінің күнделікті мәселелерін шешу үшін пайдалануда. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ақпараттандыру ғасырының жаңа мүмкіндіктерін Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарының кітапханалары пайдаланып қалды. Дегенмен олар ақпарттық ойыста лайықты орын алса да, ұтылды.
Кітапханаға АКТ енгізу процесі кітапханалық бизнес-процесстерді автоматтандыруды іске асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімді тандауға бастайды. Қазақстандық кітапханалар неге иелік етеді? Кітапханашылар арсеналында бірнеше бағдарламалық өнім бар. Бұл- Республикалық Автоматтандырылған Кітапханалық Ақпараттық Жүйе (РАБИС), КАБИС, ҚазҰЭК, ИРБИС. Кітапханалардың басым бөлігінде ҚР ҰК әзірлеген РАБИС өнімі орнатылған. Барлық кітапханалар бірдей электронды кітапханаларға қол жеткізілінбеген, ал оларды Интернетке қою туралы сөз де болуы мүмкін емес. Өкініштісі, отандық жабдықтаушылардың бірде бір бағдарламалық өнімі кітапханалардың талап-тілегін толық қанағаттандыра алмайды. Келешекте қолданыстағы бағдарламалар жетілдіріледі және түзетулер енгізіледі деп үміттенеміз.
Бүкіл әлемнің ғаламдық желісі Интернетке ену бүгінде отандастарымыздың өміріндегі үйреншікті құралға айналды. Кітапханалар үшін Интернет - оқырмандарына қызмет көрсетуге қосымша құрал. Интернет ресурстарды пайдаланып, қашық режимде оқырмандарға қызмет көрсету, электронды ресурстарды белсенді қолдану - осы замандық кітапханашылардың кәдімгі күні. Біздін кітапханаларымыздағы Интернетке ену жағдайы калай? Өкінішке орай, ақпараттың заманауи көзіне қол жеткізуші кітапханалар саны тым аз. Төменде келтірілген мәліметтер мынаны дәлелдейді: Қарағанды (48 %), Павлодар (17%), Қостанай (13%), Ақтөбе (24, 7%), Ақмола (14%), Шығыс Қазақстан (16%), Алматы (13%) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz