Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Негізгі бөлім
1. Буынаяқтылар типі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... . 5
2. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.3 Буынақтылардың көбеуюі және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
2.4 Буынақтылардың маңызы және оларды қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.5 Буынаяқтылардың құрылымдық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 13
2.6 Шаян және өрмекші тәріздес
буынаяқтылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 30

Кіріспе

Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз,
мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық
далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Бұлардың дене құрылысы айқын
сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға
жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ
бөлімдерінен тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол
қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып
бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және
құрсақ тізбегінен тұрады
Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе
мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан
басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және артқы (без
қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) ішектері
болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілік ететіндерінде көкірек аяқтарының
түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы ішектің түтік
тәрізді өсіндісі) орналасқан. Буынаяқтылар дара жынысты, кейбір түрлері
жыныссыз (партеногенездік) жолмен көбейеді.
Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды
зерттейтін ғылым - зоология. 3оология қарқынды дамып келе жатқан және
биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми
зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді. 
Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі
зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға
бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - хордалылар зоологиясы
деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің ішіндегі бір ғана
типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын -
омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы
болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындықтары да аз емес. 
Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне
бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық
дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі
уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес,
төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы
ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер,
саңырауқұлақтар және жануарлар.

ІІ. Негізгі бөлім

1.1 Буынаяқтылар типі
Жануарлар әлемiнде түрлерiнiң саны жағынан ең көбi – буынаяқтылар
типi. Олар құрлық пен су қабаттарының тiршiлiк орталарын түгел игерген.
Оларды барлық географиялық кеңiстiктерде кездестiруге болады.
Буынаяқтылардың 2 млн. астам түрi бар. Математикалық үлгiлеудiң қазiргi
әдiстерi Жерде 30 млн. астам түрдiң тiршiлiк етiп жатқаны туралы айтуға
мүмкiндiк бередi. Бұл топ жердегi түрлердiң саны жағынан ең өсiмтал және
тiршiлiк ортаның өзгеруiне бейiмделгiш болып табылады. Буынаяқтылар типi
төрт тип тармағына бөлiнедi: желбезектыныстылар, трилобиттәрiздiлер,
хелицералылар, кеңiрдекпен тыныс алушылар. Бұл қатар буынаяқтылардың
эволюциясын және Жер тарихында олар мекендеген тiршiлiк орталарының
кезектерiн көрсетедi.
Әр класс өкiлдерiнде бiз бейiмделу реакциясының көптеген мысалын
көремiз. Буынаяқтылардың дене құрылысын сегменттелген аннелидалардың
денелерiнiң жетiлдiрiлген құрылым жоспары ретiнде қарастыруға болады. Көне
буынаяқтылардың дене сегменттерi әр түрлi қызмет атқаратын қарапайым
аяқтары болуы мүмкiн, мысалы, тыныс алу, қорек ұстау, қозғалу, тiтiркенудi
қабылдау. Буынаяқтылардың гүлденуiн қамтамасыз еткен түрлену процесi
артроподизация деп аталады, оның мәнi аннелидтер құрылым жоспарындағы
потенциальды артықшылықтарын пайдалану. Буынаяқтылардың гүлденуi көптеген
шарттармен қамтамасыз етiледi. Төменде бiз ең маңыздыларын қарастырамыз:
— Қатты экзоқаңқаның пайда болуы;
— Буындалған аяқтардың бiрнеше түрлерiнiң қалыптасуы;
— Бөлек сегменттер немесе буындардың бiр-бiрiмен жарғақшалар арқылы
бiрiгуi.
Насекомдардың экзоқаңқасы келесi түрде құралған. Эпикутикуласы сыртқы
цемент қабатынан, су өткiзбейтiн балауыз қабатынан, қалыңдығы 3-6 мкм
болатын кутикула қабатынан және гомогендi қабатынан тұрады. Эпикутикула –
жануар денесiн микроорганизмдер кiруiнен қорғайды, су өткiзбейтiн, қабат.
Протокутикуласы хитин, артроподин және ризилиннен құралған. Хитин – бұл
кутикулаға белгiлi майысқақтық беретiн азотты полисахарид. Артроподин
хитинмен байланысқан белок. Хитин – артроподин жиынтығының төзiмдiлiк
дәрежесiн ұлғайту процесiнде, яғни фенолдармен өзара әрекеттесуде, осы
әрекеттесу нәтижесiнде көптеген қосалқы көлденең байланыстар құрылып,
олардың молекулаларының қаттылығының жоғарылауына алып келедi. Экзоқаңқаның
арнайы бөлiмдерi, соның iшiнде түрлi қосымша өсiндiлер белгiлi бiр қызмет
орындау үшiн өзгередi. Бiр-бiрiне жақын орналасқан өсiндiлер ұқсас
қызметтердi орындай алады. Осының барлығы жануарлар белсендiлiгiнiң
түрлерiн күрделендiрiп олардың тиiмдiлiгiн арттырады.
— Экзоқаңқаның iшкi қатты бетi бұлшық еттердiң жалғанатын орны.
Буынаяқтылардың бұлшықеттерi көлденең жолақты. Мұндай құрылым бұлшықеттер
қысқару жылдамдығының жоғарылауына, яғни қимылдау реакция жылдамдығының
жоғарылауына себепшi болады.
— Қатты экзоқаңқа созылмайды, сондықтан жануардың өсуiн шектейдi.
Экзоқаңқа көлемiнiң өсуi тек түлеу немесе экдизис арқылы жүредi.
— Дене қуысы аралас немесе гемоцель. Гемоцель түлегенде жануар
денесiнiң көлемiн едәуiр ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл ескi кутикуланың
үзiлiп кетуiне алып келедi.
— Буынаяқтылардың денесi бас, кеуде және құрсақ бөлiмдерiнен тұрады.
Бас бөлiмiнде сезiм мүшелерi (көз, мұртшалары, статоцисттер), ауыз
аппараттары орналасқан.
— Буынаяқтылардың нерв жүйесi жақсы дамыған; бас миынан және құрсақ
нерв тiзбегiнен тұрады.
— Аннелидтерге қарағанда буынаяқтылардың миы едәуiр үлкен және
құрылымы күрделi, цефализация жақсы байқалады.
Су өткiзбейтiн кутикула буынаяқтылар өкiлдерiнiң кейбiреулерiне,
дәлiрек айтсақ насекомдарға құрлықта тiршiлiк етуiне мүмкiндiк бердi.

2.2 Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы

Буынаяқтылар денесiнiң құрылыс жоспарын, сегменттелген аннелидтер
денесiнiң жетiлдiрiлген құрылыс жоспары ретiнде қарастыруға болады. Мүмкiн,
көне буынаяқтылардың дене сегменттерi түрлi қызметтердi орындайтын,
қарапайым аяқтарды алып жүрген шығар, мысалы, газ алмасу, қорек табу,
локомация, тiтiркенудi қабылдау. Буынаяқтылардың гүлденуi, көптеген
факторлармен қамтамасыз етiлдi. Төменде бiз олардың ең маңыздыларын
қарастырамыз.
1. Форманы өзгертуге мүмкiндiк бермейтiн, қатты экзоқаңқаның
(кутикуланың) пайда болуы, рычагтар жүйесiнiң шығуына алып келдi. Көптеген
жағдайларда олардың арасында буындар пайда болады және нәтижесiнде буынды
аяқтардың бiрнеше типi қалыптасады. Жеке сегменттер немесе буындар өз
арасында түрi өзгерген кутикула бөлiмдерiмен қосылады, олар бұл орындарда
жұқа және иiлiмдi, сондықтан буыншаларға, құрылымдарға бекiтiлген еркiн
қозғалуға мүмкiндiк бередi. Насекомдардың экзоқаңқасы мынадай түрде
құралған.
Эпикутикула сыртқы цемент қабаттан, балауыз су өткiзбейтiн қабаттан,
липидтi қабаттан, қалыңдығы 3-6 мкм — дi кутикула қабаттан және гомогендi
қабаттан тұрады. Эпикутикула – негiзгi су жұқтырмайтын қабат, мүлдем су
өткiзбейтiн және жануар денесiне микрорганизмдердiң енуiне қорғаныс болады.
Протокутикула хитин, антроподин және резилиндермен түзiлген. Хитин —
бұл кутикулаға белгiлi бiр иiлiмдiлiк беретiн, азотты полисахарид.
Антроподин өзiмен хитинмен байланысқан ақуызды бейнелейдi. Хитин-антроподин
кешенiнiң берiктiгi илеу процесiнде жоғарылайды, яғни фенолдармен өзара
әрекеттесуде; нәтижесiнде оның молекуласының қаттылығының ұлғаюына алып
келетiн, көптеген қосымша көлденең байланыстар түзiледi.
Эндокутикула – гиподерма немесе жабын эпителиiне ең жақын қабат. Ол ең
жұмсағы және эпителийдiң бездi клеткаларының секреторлы белсендiлiгiнiң
туындысы болып табылады.
2. Сыртқы қатты қаңқаға байланысты дененiң сегменттерге, дене
бөлiмдерiне (бас, кеуде, құрсақ), буынды аяқтарға бөлiнуi жүредi.
3. Бұлшық ет жүйесi шоғырланған көлденең – жолақты бұлшық еттермен
бейнеленген.
4. Дене қуысы аралас типтi. Ол алғашқы және екiншi дене қуыстарының
қосылу нәтижесiнде түзiледi.
5. Аралас типтi қаны гемолимфа деп аталады, себебi ол қаннан және
лимфадан немесе қуыс сұйықтығынан тұрады.
6. Нерв жүйесi сегменттерде орналасқан ганглиялармен (нейрондар
шоғыры) бейнеленген. Мұндай құрылыс типi ганглионарлы метамерлi жүйе деп
аталады. Орталық жүйесi бас ганглиялар және дене жүйке түйiндерiмен
бейнеленген.
7. Сезiм мүшелерi жақсы дамыған. Олар қарапайым және күрделi көздермен
бейнеленген.

2.3 Буынаяқтылардың көбеюі және дамуы

Насекомдар даражыныстылар, жыныс диморфизмi байқалады. Жыныс диморфизм
— бұл аталық пен аналықтың көлемi, формасы, дене түсiндендегi
айырмашылықтары. Айырмашылықтар өте айқын болуы мүмкiн, мысалы, аналықта
аяқтар, қанаттар, айқын ерекшеленген басы болмауы мүмкiн.
Ұрықтануы iштей.
Аналықтар ұрықтанған жұмыртқалар салады. Кейбiр насекомдарда
партеногенез немесе “таза ұрықтану” құбылысы кездеседi. Мұндай түрлердiң
көптеген ұрпақтары тек аналықтардан ғана тұрады: аталықтар болса — өте
сирек кездесетiн құбылыс.
Насекомдардың дамуы екi жолмен жүредi:
1. Шала түрленiп даму тiкқанаттыларға, тарақандарға, дәуiттерге тән.
Шала түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi: жұмыртқа — дернәсiл- ересек
түр (имаго). Жұмыртқадан ересек насекомға ұқсас, бiрақ кiшi көлемдi,
қанаттары және жыныс жүйесi толық дамымаған дернәсiл шығады. Дернәсiл өсiп,
бiрнеше рет түлегеннен соң ересек насекомға айналады.
2. Толық түрленiп даму – қосқаннаттыларға, жарғаққанаттыларға,
қаттықанаттыларға тән. Толық түрленiп даму келесi схема бойынша жүредi:
жұмыртқа — дернәсiл — қуыршақ — ересек түр (имаго). Дернәсiл құрылысы мен
мiнез-қылығы жағынан ересек насекомдарға ұқсамайды. Дернәсiл қарқынды
қоректенедi, бiрнеше рет түлегеннен соң қозғалмайтын қуыршаққа айналады.
Қуыршақта мүшелердiң қайта құрылымы жүрген соң, оның iшiнен ересек насеком
шығады.

2.4 Буынаяқтылардың маңызы және оларды қорғау

Биосферада:
— Гүлдi өсiмдiктердiң негiзгi тозаңдатқыштары.
— Өсiмдiк қоректi пайдаланып, оны жануар ақуыздарына – басқа жануарлар
қорегiне айналдырады.
— Биосфераның санитарлары.
Шаруашылық саласында:
— Жоғары өсiмталдығы мен биосалмағы оларды қорлар үшiн күресте адамның
бәсекелесiне айналдырады (олардың iшiнде көптеген зиянкестерi бар).
— Қансорғыштар үй жануарларының өнiмдiлiгiн азайтады.
— Адамда жұқпалы және инвазионды аурулар қоздырғыштарының
тасымалдаушылары болып табылады.
Шаян тәрізділер класы
Медициналық маңызы бар шаяндардың өкілдері-өзен шаяны мен крабтар.
Олар өкпе сорғыш құртты аралық иесі болып табылады. Адам шала
пісірілген шаяндардың етін жегенде,сондағы метацеркарийлық сатыдағы
личинканы жұту арқылы жұқтырады.
Өрмекшітәрізділер отряды
Олар құрғақта тіршілік етуге бейімделген.олар үшін ауамен тыныс алу
ағзаларының болуы шарт. Суда тіршілік ететін өрмекші тәрізділер де
атмосфералық ауамен тыныс алады. Олардың ерекшеліктері:бас-көкірегі мен
құрсақты құрайтын дене бөлшектері біріккен.

Кенелер отряды
Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3
отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік
кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз
кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас
кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған.
Кене– адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене
энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар
қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан
сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық
зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит
пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін
акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін
ғылым саласы акарология деп аталады.
Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру — энцефалитті
жұқтырады. Бұлар табиғагга әр түрлі жануарлардың денесінде орнығып, бір
жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын
таратады, бірақ бұдан жануар ауырмайды. Сөйтіп табиғатта ауру қордасы пайда
болады. Тасымалшы жәндік арқылы таралатын қоздырғыш (мысалы, кене
энцефалитінің ви-русы немесе оба таяқшасы) белгілі бір территорияда бір
жануарлардан екінші жануарларға кене дернәсілі, нимфасы және ересек түрімен
ұзақ уақыт айналымда болады. Инфекция қоздырғышы сақталатын осындай
территория қандай болса да, бір аурудың табиғи қордасы деп аталады
Биттер отряды
Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін
ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі
шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен,
тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене,
құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың
ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы
жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына
жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек
Битке айналады
Шыбын — көптеген жұқпалы ауруларды — дизентерия, асқазан сүзегін,
полиомиелитті және басқа қоздырғыштардың таралуына себеп болады; сондай-ақ
олар ішек-қарын құрттарының жұмыртқаларын да таратады. Үйдегі шыбын жыл
бойына (жылы үй-жайларда) өсіп-өнгіш келеді. Шыбынға қарсы күрестің ең
басты шарты — тазалық. Үй-жайларда шыбынның өсіп-өнуіне жол бермеу үшін ас-
судың бетін жауып ұстау, ас үйдегі тамақ қоқымын қақпағы жабылатын шелекке
жинау, оны күнделікті төгіп, ыдысын жуып тұру, ауладағы қоқыс-қалдықтарды
қақпағы жақсы жабылатын темір ыдысқа не жабық жәшіктерге жинау керек.
Қансорғыш масалар – зиянды жәндіктер, олар көптеген жұқпалы ауру
таратушы болып саналады; маса кейбір вирустық ауруларды таратады. Масаның
бірталай түрлері жапон энцефалитінің таратушылары болып саналады. Aedes
туыстас масалар туляремия,жапон энцефалиті,сары қызба,Денге
қызбасы,лимфоцитарлы хариоменингит,сіреспе,вухерериоз қоздырғыштарын; ал
culex масалары жапон энцефалитін, туляремия, вухерериоз қоздырғышының
тасымалдаушылары.
Бүргелер отряды
Бүргелер кеміргіштер арасында обаны таратуда маңызды рөл
атқарады.Бүрге обамен ауыратын жануарды шаққан кезде қандағы оба таяқшасын
бірге жқһұтады,оның денесінде оба таяқшалары өсіп көбейеді,бүрге адамды
шаққан кезде оба адамға жұғады.Бүргелер риккетсиялардыңда таымалдаушысы
болып саналады.Олар тышқаннан адамға эндемиялық сүзекті жұқтырады.

2.5 Буынаяқтылардың құрылымдық ерекшеліктері

Жануарлар әлемiнде түрлерiнiң саны жағынан ең көбi – буынаяқтылар
типi. Олар құрлық пен су қабаттарының тiршiлiк орталарын түгел игерген.
Оларды барлық географиялық кеңiстiктерде кездестiруге болады.
Буынаяқтылардың 2 млн. астам түрi бар. Бұл топ жердегi түрлердiң саны
жағынан ең өсiмтал және тiршiлiк ортаның өзгеруiне бейiмделгiш болып
табылады. Буынаяқтылар типi төрт тип тармағына бөлiнедi:
желбезектыныстылар, трилобиттәрiздiлер, хелицералылар, кеңiрдекпен тыныс
алушылар. Бұл қатар буынаяқтылардың эволюциясын және Жер тарихында олар
мекендеген тiршiлiк орталарының кезектерiн көрсетедi.
Типтің сипаттамасы. Желбезек тынысалушылар класс тармағы (Branchiata).
Шаянтәрізділер классы (Crustacea). Трахейные тип тармағы (Tracheata).
Жәндіктер классы (Insecta). Хелицеровые тип тармағы (Chelicerata).
Өрмекшітәрізділер классы (Arachnida).
Әр класс өкiлдерiнде бiз бейiмделу реакциясының көптеген мысалын
көремiз. Буынаяқтылардың дене құрылысын сегменттелген аннелидалардың
денелерiнiң жетiлдiрiлген құрылым жоспары ретiнде қарастыруға болады. Көне
буынаяқтылардың дене сегменттерi әр түрлi қызмет атқаратын қарапайым
аяқтары болуы мүмкiн, мысалы, тыныс алу, қорек ұстау, қозғалу, тiтiркенудi
қабылдау. Буынаяқтылардың гүлденуiн қамтамасыз еткен түрлену процесi
артроподизация деп аталады, оның мәнi аннелидтер құрылым жоспарындағы
потенциальды артықшылықтарын пайдалану. Буынаяқтылардың гүлденуi көптеген
шарттармен қамтамасыз етiледi. Төменде бiз ең маңыздыларын қарастырамыз:
• Қатты экзоқаңқаның пайда болуы;
• Буындалған аяқтардың бiрнеше түрлерiнiң қалыптасуы;
• Бөлек сегменттер немесе буындардың бiр-бiрiмен жарғақшалар арқылы
бiрiгуi.
Насекомдардың экзоқаңқасы келесi түрде құралған. Эпикутикуласы сыртқы
цемент қабатынан, су өткiзбейтiн балауыз қабатынан, қалыңдығы 3-6 мкм
болатын кутикула қабатынан және гомогендi қабатынан тұрады. Эпикутикула –
жануар денесiн микроорганизмдер кiруiнен қорғайды, су өткiзбейтiн, қабат.
Протокутикуласы хитин, артроподин және ризилиннен құралған. Хитин – бұл
кутикулаға белгiлi майысқақтық беретiн азотты полисахарид. Артроподин
хитинмен байланысқан белок. Хитин – артроподин жиынтығының төзiмдiлiк
дәрежесiн ұлғайту процесiнде, яғни фенолдармен өзара әрекеттесуде, осы
әрекеттесу нәтижесiнде көптеген қосалқы көлденең байланыстар құрылып,
олардың молекулаларының қаттылығының жоғарылауына алып келедi. Экзоқаңқаның
арнайы бөлiмдерi, соның iшiнде түрлi қосымша өсiндiлер белгiлi бiр қызмет
орындау үшiн өзгередi. Бiр-бiрiне жақын орналасқан өсiндiлер ұқсас
қызметтердi орындай алады. Осының барлығы жануарлар белсендiлiгiнiң
түрлерiн күрделендiрiп олардың тиiмдiлiгiн арттырады[16].
Экзоқаңқаның iшкi қатты бетi бұлшық еттердiң жалғанатын орны.
Буынаяқтылардың бұлшықеттерi көлденең жолақты. Мұндай құрылым бұлшықеттер
қысқару жылдамдығының жоғарылауына, яғни қимылдау реакция жылдамдығының
жоғарылауына себепшi болады.
Қатты экзоқаңқа созылмайды, сондықтан жануардың өсуiн шектейдi.
Экзоқаңқа көлемiнiң өсуi тек түлеу немесе экдизис арқылы жүредi.
Дене қуысы аралас немесе гемоцель. Гемоцель түлегенде жануар денесiнiң
көлемiн едәуiр ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұл ескi кутикуланың үзiлiп
кетуiне алып келедi.
Буынаяқтылардың денесi бас, кеуде және құрсақ бөлiмдерiнен тұрады. Бас
бөлiмiнде сезiм мүшелерi (көз, мұртшалары, статоцисттер), ауыз аппараттары
орналасқан.
Буынаяқтылардың нерв жүйесi жақсы дамыған; бас миынан және құрсақ нерв
тiзбегiнен тұрады.
Аннелидтерге қарағанда буынаяқтылардың миы едәуiр үлкен және құрылымы
күрделi, цефализация жақсы байқалады.
Су өткiзбейтiн кутикула буынаяқтылар өкiлдерiнiң кейбiреулерiне,
дәлiрек айтсақ насекомдарға құрлықта тiршiлiк етуiне мүмкiндiк бердi.
Буынаяқтылар денесiнiң құрылыс жоспарын, сегменттелген аннелидтер
денесiнiң жетiлдiрiлген құрылыс жоспары ретiнде қарастыруға болады. Мүмкiн,
көне буынаяқтылардың дене сегменттерi түрлi қызметтердi орындайтын,
қарапайым аяқтарды алып жүрген шығар, мысалы, газ алмасу, қорек табу,
локомация, тiтiркенудi қабылдау. Буынаяқтылардың гүлденуi, көптеген
факторлармен қамтамасыз етiлдi. Төменде бiз олардың ең маңыздыларын былай
қарастырдық.
1. Форманы өзгертуге мүмкiндiк бермейтiн, қатты экзоқаңқаның
(кутикуланың) пайда болуы, рычагтар жүйесiнiң шығуына алып келдi. Көптеген
жағдайларда олардың арасында буындар пайда болады және нәтижесiнде буынды
аяқтардың бiрнеше типi қалыптасады. Жеке сегменттер немесе буындар өз
арасында түрi өзгерген кутикула бөлiмдерiмен қосылады, олар бұл орындарда
жұқа және иiлiмдi, сондықтан буыншаларға, құрылымдарға бекiтiлген еркiн
қозғалуға мүмкiндiк бередi. Насекомдардың экзоқаңқасы мынадай түрде
құралған. Эпикутикула сыртқы цемент қабаттан, балауыз су өткiзбейтiн
қабаттан, липидтi қабаттан, қалыңдығы 3-6 мкм — дi кутикула қабаттан және
гомогендi қабаттан тұрады. Эпикутикула – негiзгi су жұқтырмайтын қабат,
мүлдем су өткiзбейтiн және жануар денесiне микрорганизмдердiң енуiне
қорғаныс болады.
Протокутикула хитин, антроподин және резилиндермен түзiлген. Хитин —
бұл кутикулаға белгiлi бiр иiлiмдiлiк беретiн, азотты полисахарид.
Антроподин өзiмен хитинмен байланысқан ақуызды бейнелейдi. Хитин-антроподин
кешенiнiң берiктiгi илеу процесiнде жоғарылайды, яғни фенолдармен өзара
әрекеттесуде; нәтижесiнде оның молекуласының қаттылығының ұлғаюына алып
келетiн, көптеген қосымша көлденең байланыстар түзiледi. Эндокутикула –
гиподерма немесе жабын эпителиiне ең жақын қабат. Ол ең жұмсағы және
эпителийдiң бездi клеткаларының секреторлы белсендiлiгiнiң туындысы болып
табылады.
2. Сыртқы қатты қаңқаға байланысты дененiң сегменттерге, дене
бөлiмдерiне (бас, кеуде, құрсақ), буынды аяқтарға бөлiнуi жүредi.
3. Бұлшық ет жүйесi шоғырланған көлденең – жолақты бұлшық еттермен
бейнеленген.
4. Дене қуысы аралас типтi. Ол алғашқы және екiншi дене қуыстарының
қосылу нәтижесiнде түзiледi.
5. Аралас типтi қаны гемолимфа деп аталады, себебi ол қаннан және
лимфадан немесе қуыс сұйықтығынан тұрады.
6. Нерв жүйесi сегменттерде орналасқан ганглиялармен (нейрондар
шоғыры) бейнеленген. Мұндай құрылыс типi ганглионарлы метамерлi жүйе деп
аталады. Орталық жүйесi бас ганглиялар және дене жүйке түйiндерiмен
бейнеленген.
7. Сезiм мүшелерi жақсы дамыған. Олар қарапайым және күрделi көздермен
бейнеленген.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар
және жәндіктер жатады. Бұлардың барлығына тән белгі – аяқтары бірнеше
буындарға бөлінген, типтің аталу себебі осыдан. Олар екі жақты симметриялы
және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге
бөлінеді: баскөкірек, құрсақ немесе бас, көкірек, құрсақ. Денесін хитинді
кутикула жауып тұрады. Ол жануарлардың ішкі мүшелерін зақымдануданқорғайды
және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін,
созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы өтеді.
Бұлшықеттері көлденең салалы – жолақ, тез жиырыла алады.
Буынаяқтылар – дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған.
Буынаяқтылар мұхиттарды, теңіздерде, тұщы су қоймаларында ыстық су
қайнарларында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынаяқтылар
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдері
Буынаяқтылардың классификациясы
Омыртқасыз зоология пәнінен оқу дала практикасы (1-2 - курс студент практиканттары үшін, оқу іс - тәжірибесі)
“Зоология” курсының кіріспесі
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Буынаяқтылар типі жайлы
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Пәндер