Адам қабілеті



1. Қабілеттің анықтамасы.
2. Құрылымы.
3. Қабілет деңгейі және түрлері.
4. Қабілеттер концепциялары
. Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.
Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға болады.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қабілет

1. Қабілеттің анықтамасы.
2. Құрылымы.
3. Қабілет деңгейі және түрлері.
4. Қабілеттер концепциялары.

1. Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір
түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-
әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке
жетуге әкеледі.
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік,
жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу
адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері
комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып
табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның
психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда
бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты,
әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда
индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың
түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға
болмайды. Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.
Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке
жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға
болады.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен
ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар
адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар
қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа
жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.
2. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші
қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет
үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды,
жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары
дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық
сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге
көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір
құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және
типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй
және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай
қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.
3. Қабілеттердің құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің
дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі.
Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті
меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді.
Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес.
Біріншіден, репродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де творчествоның
элементі болады, ал творчестволық әрекетке репродуктивтік енеді, мұнысыз
творчество болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері
өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру
процесінде, іс-әрекет процесінде деңгейлердің бірінішісінен екіншісіне
ауысып отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске
түседі. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге
еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана творчествоға
ауысқаны белгілі.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі талант, дана
деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде,
ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер,
өндіріс, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған, соны жаңалықтар ашады.
Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар,
бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.
Таланттылық даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар жеке адамның
жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете,
Ломоносовтар творчестволық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты
дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық
ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта
жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де
нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер
жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens
деп атайды, бұл ақыл-ой қабілетті деген сөздің мағынасын береді.
Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка,
сахна өнері т. б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге
жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке
қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-
техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің
осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым,
өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік
жатады.
Буржуазиялық психологияда қабілеттің осындай негізгі түрлері бір-
біріне қарама-қарсы, тіпті, бірі екіншісін жоққа шығарады дейтін теріс
түсінік бар. Мәселен, практикалық қабілеттілік қабілеттің ең төменгі түрі,
ал ақыл-ой қабілеттері онын ең жоғары түрі ретінде қарастырылады. Бұл
айтылғандардан үстем тап өкілдерінің еңбек атаулыға, практикаға менсінбей
қараушылығы байқалады.
Өмір шындығының көрсетуі басқаша.
Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи
байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі оның арнаулы
қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз
тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін
тигізеді.
Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері
жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті зақымдалған балалардың бөтен адамды алғаш көрген кездегі эмоциялық әсері
Көрy қaбiлeтi бұзылғaн төмeнгi cынып oқyшылapының oқy icәрeкeттeрiнiң eрeкшeлiктeрi
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері
Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны
Есту қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау қабілетін дамыту ерекшеліктері
Тілдік теорияны үйрету бастауыш сынып оқушыларының есте
Қазақстан Республикасы құқық қабілеттіліктері
Ес туралы анықтама. Естің түрлері. Естің бұзылысы
Музыкалық педагогикада музыкалық жадының дамуының негізгі әдістері
Шығарманың мәселесі
Пәндер