Технология жемісі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Американдық психологтар Дж. Керолл мен Б. Блумның тәжірибелерін ендіру.

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А) Толық меңгеру (игеру) технологиясы

Б) Педагогтың психологиялық қағидасы

III. Қорытынды

Технология жемісі

Білімді толык игеру технологиясының авторлары американдық психологтар Дж Кэролл, Б. Блум және олардан ізбасарлары.

Дж. Кэролл ұсынысы: тәлімнің тұрақты өлшемі - нәтиже болуы тиіс, ал тәлім жүргізу шарттары - әр шәкіртің алдын-ала белгілегеніп, көзделген нәтижеге қол жеткізуіне ыңғайластырылған тапсырмалары ауыспалы болуы қажет. Осы тұжырымды қолдап, әрі қарай дамытқан Б. Блум шәкірт қабілетін орташаландырылған тәлім игеру желісімен емес, әр тәрбиеленушіге қолай жасалған жағдайларға байланысты анықтауды ұсынды. Б. Блум бала қабілетін оның материалды игеруге бөлінген уақытын шектемеу жағдайында зерттеді. Тәлім, білімдену үдерісін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, әсірсе қатқыл уақыт шартын қоймағанда, шәкірттердің 15% бағдарлама мазмұнын толық игеру мүмкіндігі ашылды. Егер сабақ шарты баршаға бірдей болса, шәкірттердің көбі «орташа» нәтижеден ары аспайды. Мұндай технологияны іске асыру үшін дәстүрлі сынып-сабақтың жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізу қажет.

Бұл үшін тәрбиеленушілер тобын сапалық категорияға ажырата білу қажеттігі туындайды. Мұндай категориялар тобы келесідей болуы мүмкін:

уақыт ауқымына қарамастан алдын-ала белгіленген білім және ептіліктер денгейіне жету мүмкіндігі шектелген, қабілеті кем балалар;

басқалардың күші жетпеген күрделі тапсырмаларды орындау қабілеттері күшті, талапты шәкірттер (5%) ; .

білім және ептіліктерді игеруге бөлінген уақыт мөлшеріне тәуелді шәкірттердің басым көпшілігі (90%) .

Аталған қөзқарастар тұрғысынан Дж. Блум және Л. Андерсен білімдерді толық игеру негізіндегі тәлім әдістемесін ұсынады. Мұндай әдістеменің бастау көзі - осы жүйеде қызмет жасайтын педагогтың келесі ұстанымы: тәлім үдерісі ұтымды ұйымдастырылған жағдайда тәрбиеленушілердің қажетті сабақ материалын толық игеріп алуына қабілеттері жетеді.

Бұл үшін педагог толық игерімнің және көздеген нәтижелерді анықтауы, педагогикалық мақсаттардың қарапайымынан күрделісіне бағытталған бірізділікті нақтылап, ой әрекеттерінің, сезімдік тапсырмаларды және психикалық аймақтар қозғалысын өзара үйлесімді байланысқа келтіруі тиіс. Мақсаттар тобы эталонға сай жұмыс істегенін дәлелдеуі үшін шәкірттердің орындайтын әрекеттері мен амалдары негізінде белгіленеді.

Танымдық іс-әрекет мақсаттарының қарапайымнан басталып күрделене түсу тізімі:

білім: шәкірт нақты бағдарламада берілгенін есте қалдырады және жаңғыртады (термин, дерек, ұғым, принцип, амал), яғни «есте қалдырдым, қайта жаңғырттым, білдім»;

түсінім: шәкірт игерген материалын бір қалыптан екінші формаға ауыстырады - «түсіндірдім, дәлелдедім, дәйік келтіре баяндадым, бір дағдыдан басқасына өткіздім»;

қолдану: шәкірт игерілген материалды нақты және жаңа жағдайда қолданып, көрсете білді:

талдау: шәкірт бүтінді бірлікке келтіреді, олар арасындағы тәуелділіктерді ашады. Бүтінді құрастыру принциптерін аңдауға үйренеді - «бүтіннен бөлшек шығардым»;

синтез: шәкірт жаңалықты бүтін жасауы үшін бөлшектерді біріктіру ептілігін игереді «жаңалықты бүтіндік жасадым»;

бағалау: шәкірт көзделген нақты мақсатқа арналған сабақ материалының маңыздылығына баға береді - «игеру нысанасының құндылығы мен маңызын таныдым».

Б. Блум ұсынған мақсаттар атамалары шет елдерде кең таральш, қабылданды. Осы жүйеде тәлім нәтижесі бағалануда.

  1. Толық меңгеру (игеру) технологиясы

Толық меңгеру технологиясы (ТМТ немесе ТИТ) - оқу үдерісінде оқытушылар қолданатын жеке тұлғаға бағдарланған технологияның бірі. Оның негіздерін 20 ғасырдың 60 жылдарында американдық психологтар Дж. Кэролл мен Б. Блум қалаған болатын. ТИТ-да оқу уақыты, оқытудың түрі мен әдісі нәтижеге сәйкестендіріледі (сәйкестенеді) .

2. ТИТ ғылымдық идеясы

Студент қабілеттілігі орташаланған бекітілген оқыту қарқынымен емес, нақты, осы студентке оңтайлы таңдалған жағдайдағы оқыту қарқынымен айқындалады. Оқу материалын зерттеу, оқу уақыты шектелмейді.

Блум мен Кэролл оқушыларды үш топқа бөлген: дарындылар (5%), қабілеттілігі кәдімгі - қатардағылар (90%), аз ынталылар - қабілеттілігі төмендер (5%) . Оқушылардың 95% оқытудың барлық мазмұнын түгелдей меңгере алады. Мұндай технологияда оқытушы кеңесші - консультант болады.


3. Педагогтың психологиялық қағидасы

ТИТ бойынша жұмыс жасайтын педагогтың психологиялық мақұлдамасы : «Қажетті оқу материалын барлық студенттер игеруге қабілетті және оның (оқытушының) міндеті оқу үдерісін олар осы мүмкіншіліктерін пайдалана алатындай етіп дұрыс ұйымдастыру».

Бұл технологияның авторлары мынадай болжам (гипотеза) ұсынады: нақты студент қабілеті оған (оқушыға) оңтайлы ыңғайластырылған (таңдалған) жағдайда ғана «ашылады» - «жемісін береді». Басқаша айтқанда, материалды жетік меңгеру үшін оқу үдерісінің бейімделген (икемделген) ұйымдастырылуы қажет. Толық игеру технологиясы барлық оқушыларға бірдей деңгейдегі (көлемі стандарттан - үлгіден төмен емес) білім, игерімдер, дағдылар береді, бірақ әрбір оқушыға еңбек уақытын, әдісін, нысанын, жағдай-шартын ауыспалы етеді, яғни, әрбір оқушыға уақытты, әдісті, нысанды, еңбек шартын - жағдайын икемдейді - «икемделген ұйымдастыру».

Студенттер таңдайды :

  • мазмұн деңгейін (стандарттан-үлгіден төмен емес) ;
  • оны (мазмұнды) меңгеруге керек ақпарат көздерін (оқу әдебиетті және басқалар) ;
  • жеке тұлғалық қасиеттеріне (қабілетіне) сәйкес оқыту тәсілін (оқыту жылдамдығы жеке басының-индивид мүмкіндіктеріне сәйкес болады) ;
  • жеке тұлғалық ерекшелігіне сәйкестіре тақырып бойынша жылжу қарқынын;
  • оқытушымен келісілген бақылау нысанын (формасын), түрін және уақытын.

Бұл кезде студентте, оқытушы сияқты, оқушы және кеңесші (консультант) рөлінде болады, жәрдем көрсетеді, бақылайды.

Оқытушы келесі әрекеттерді жүзеге асырады:

1. Диагностикалық (нақтамалық) кесіктер (қималар) негізінде жұмысты жобалау, әдістемелерді таңдау.

2. Тақырыпты анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этикалық тәрбие істері
Тәрбиенің комплекстілігі
Биология сабақтарында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру
Биология пәнінде дәстүрлі емес сабақтарды оқыту әдістемесі
Технология мен мәдениеттің байланысы
Кванттық химияның даму тарихы. кванттық химиядағы есептеу әдістері. нанотехнология
Құрамында сапониндері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар
Ғылыми техникалық прогресстің дамуы
Рапс майлы дақылының күздік сұрыптарының Жамбыл облысында бейімделушілігін анықтау
Ғылыми - техникалық прогресстің өндірісте қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz