Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары


Мазмұны
Кіріспе
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ерекшеліктерін зерттеу жолдары. Оқушылардың танымдық әрекеті, танымдық белсенділігі,
танымдық ізденімпаздығы туралы педагогикалық ой-
пікілердің даму тарихы.
- Әрекет-ол тұлға дамуының негізі.
- Оқу үрдісінде танымдық қызығушылықтың құндылығы.
- Танымдық белсенділік деңгейлері.
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін
арттыруда оқу-танымдық әрекетті жетілдіру.
- Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары.
- Өздігінен жұмыс істеу-оқушының танымдық белсенділігін
арттыру құралы ретінде.
- Танымдық белсенділікті арттыру тиімділігі-озық
педагогикалық технологияларда.
- Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Қорытынды.
Қосымша.
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
“ Х Х І ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қам-
тымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет, ”-деп
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру саласының ал-
дына үлкен міндеттер қойды. Бұл міндеттердің мақсаттарын ол
“Қазақстан - 2030” еңбегінде былай деп көрсетеді: “Әлемдік білім беру
кеңістігінде ықпалдасқан және еңбек рыногында бәсекеге қабілетті
мамандар дайындауды қамтамасыз етуші білім беру жүйесінің ұлттық
моделін қалыптастыру”. (1)
Қазірдің өзінде білім беру жүйесінде күрделі реформалық өзгерістер
жүзеге асырылуда . Еліміздің саяси-экономикалық даму деңгейінің
жоғарылауына байланысты жалпыға бірдей білім беру талаптары да
өсуде.
Қазақстан Республиласының “Білім туралы” заңының 8-бабында
білім беру жүйесінің басты міндет і былай көрсетілген: “Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптасты-
руға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау. ” (2)
Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім
беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңге-йін, оқулықтар мен білім
беру бағдармаларының сапасын арттыру керек.
Әсіресе, мектепті жаңа сипат пен санаға ие болып отырған әлеумет-
тік ортаға нақтылы кіргізу тұжырымдамасын жан-жақты қарап және іс-
ке асыра отырып, қысқа мерзім ішінде білім беруді инфрақұрылым
тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін шешу дәл қазіргі уақытта өте
маңызды болып отыр.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдение-
ті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгей-
ге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі тәсіл-
дерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде
шығармашылық ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын
жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Та-
нымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының
ерекше көрінісі. (20)
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі-таным теория
сы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы
ілім болып табылады. Бұл теория білім беру мен оқытуды арнайы
ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және
оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының
бірі-танымдық белсенділік пен саналылық.
Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі-
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету
қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушы-
лардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу
болып табылады Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс-әреке-
тінде танымдық белсенділкті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады. Мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну
үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін
өздігінен кітап оқып, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда
болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері да-
миды:зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербесті-
гі. (9)
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педа-
гогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, таным-
дық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде
жалпы төрт бағытты бөліп көрсетуге болады. Олар:әлеуметтік-педаго-
гикалық бағыт, дидактикалық-әдістемелік бағыт, психологиялық -
дидактикалық бағыт және жаңашыл педагогикалық бағыт.
Сократ, Платон, Аристотель еңбектерінен бастау алған бұл зерт-
теулерді кейін Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин,
А. П. Вахтеровтар жалғастырды.
Оқытудың жаңа технологиясы (иноватика, танымдық белсенділікті
дамыту, модуль жүйесі т. б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар
идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша
сипат әкелді.
Қазіргі психология және педагогика дәлелдегендей белсенді тұлға-
ның дамуы кез-келген әрекетте бола қоймайды, ол тек ұжымдық си-
паттағы әрекетте, шығармашылық элементтері мол, адамның
назарын аударатын және сана -сезімді оятатын, индивиді үшін жеке
маңызы бар әрекетте болады.
Педагогикалық үрдісте осы жағдайды іске асыру, психологиялық
шарттарды есепке алмай оның жасалмайтынын, оқу әрекетін ойдағы-
дай табысты ұйымдастыру мүмкін болмайтынын білдіреді.
Оқушылардың белсенділігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі қа-
зіргі кездегі мектеп жұмысының ерекшелігімен білінеді:
- қоғамдық әлеуметтік тапсырыспен белсенді, шығармашыл тұлға
қалыптастыру және дамыту қажеттілігімен оқыту міндеттерінің күр-
деленуі;
- білім мазмұнының күрделенуі;
- қарқынды техникалық прогреске байланысты ғылыми
ақпараттың тез жинақталуы мен дамуы болады. (4)
Бұл оқушыларды оқу-танымдық әрекетте белсенді түрде өзін-өэі
белсендіруге дайындау қажеттілігін тудырады. Осы ерекшеліктердің
аясында дидактика өз назарын оқыту мен оқуды белсендіру мәселе-
лерінде ұстайды. Бұл жағынан оқу мотивациясы мекемелеріне арнал-
ған зерттеулер құнды болып табылады. Бұл ең алдымен Г. И. Щукина,
Л. И. Божович, В. Р. Ильиннің еңбектері. Авторлар танымдық мүдде мен
танымдық қажеттілікті жан-жақты және терең зерделеген.
Соңғы жылдары оқушының танымдық белсенділігі туралы
М. А. Даниловтың, П. И. Пидикасистыйдың, Н. А. Половникованың және
т. б еңбектері жарық көрді.
Оқуды белсендіру теориясы мен практикасын дамытуда оқыту әдіс-
терін жетілдірумен байланысты зерттеулер зор маңызға ие болып
отыр. Ол А. Н. Алексюктің, Ю. К. Бабанскийдің, М. Н. Скаткиннің зерттеу-
лері. Оқуды белсендірудің маңызды құралы оқушыларды жалпы оқу
біліктілігіне үйрету болып табылады. Педагогикадағы бұл аспектіні
Л. П. Аристова, Т. И. Шамова әзірлеуде. Олар өз зерттеулерінде оқушы-
лардың оқуын белсендірудің құралдар жүйесі мен оны қалыптастыру-
дың жолдарын айқындайды. (6)
Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұрған Қазақстанның білім
Беру саласы үшін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
қазақ мектептерінде өзекті мәселеге айналып отыр. Соңғы уақытта
білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар ұстаздардың алдына
жаңа міндеттер қойып отыр. Әрбір мұғалім оқу бағдарламасын орын-
даумен қатар ғылыми жұмыспен айналысуы қажет. Бұл-бүгінгі күннің
талабы. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік
тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға ұзартуды, жоғары сатыдағы
оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы баға-
лау жүйесін енгізуді көздейді.
Республиканың мектептерінде 270 мыңдай педагог жұмыс істеп,
бүгінгі күн талабына сәйкес білім сапасын көтеру үшін еңбек етуде.
Сондықтан оқушы тұлғасын оқыту барысында белсендіру мә-
селесінің өзектілігі менің зерттеу тақырыбыма негіз болып отыр:
“Оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін арттыру жолдары”.
Зерттеудің мақсаты: Оқу - тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыла-
ларының танымдық ерекшеліктерін арттыру жолдарын көрсету.
Зеттеу міндеттері:
1. Танымдық белсенділіктің мазмұнын ашу.
2. Танымдық белсенділікті арттыру жолдарын талдау.
3. Зерттеу жұмыстарына қорытынды жасау.
Зерттеу обьектісі :Сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық
әрекетін белсендіру үрдісі.
Зерттеу пәні: Дәстүрлі емес сабақтар өткізу арқылы оқушылардың
қызығушылығын, ынтасын байқау, танымдық белсенділігін арттыру
жолдарын белгілеу.
Ғылыми болжам: Егерде ұтымды оқыту әдістерін, техникалық
құралдар, оқыту формаларын шебер пайдаланса, онда бастауыш
сынып оқушыларының белсенділігін тудырып, оқуға қызығушылығын
арттыруға болады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай әдістер қолданылды:
1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік әдебиеттерді оқу, сараптау, талдау.
2. Бағдарламаларға және оқу-құралдарына талдау жасау.
3. Әңгімелесу, сауалнама, сұхбат.
4. Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу.
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ерекшеліктерін зерттеу
жолдары.
- Оқушылардың танымдық әрекеті, танымдық белсенділігі, таным-
дық ізденімпаздығы туралы педагогикалық ой-пікірлердің даму
тарихы.
Оқушылардың танымдық әрекеті, белсенділігі, танымдық ізденімпаз-
дығы туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіп, көне заманнан бастау
алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттің танымдық бел -
сенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын
атап көрсетті. Оқытуды күшейту құралы ретінде оқушылардың таным-
дық белсенділігін арттыру туралы пікір Я. А. Коменскийдің еңбектерін-
де, сонан соң И. Г. Песталлоци мен А. Дистервегтің еңбектерінде терң-
детіледі. Мәселен, А. Дистервег оқыту барысында баланың ізденімпаз-
дығы сәбидің ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдары-
ның бірі деп есептейді.
Н. Г. Чернышевский: ”Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді
адам болғысы келсе, -деп жазды, - өз бетінше ізденіп, оқу арқылы
білім алуға тиіс”.
Танымдық белсенділік туралы ғалымдар арасында ортақ пікір қа-
лыптаспады. Бір авторлар танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде,
екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
“Танымдық белсенділікті шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй
ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға әрекетінің
сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны
мен үрдісіне көзқарасында, оның білімді және әрекет тәсілдерін оң-
тайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-
жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады, ”-
деп атап көрсетті Т. И. Шамова. Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің
қалай түсінетініне сүйене отырып, ол оның үш деңгейін бөліп көрсете-
ді: жаңғырту, түсіндіруші белсенділіктер және белсенділіктің шығарма-
шылық деңгейі. (19)
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық мәселе ретінде педагог
В. И. Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттеледі. Танымдық
белсенділік күрделі педагогикалық құбылыс болып табылады, оның
мазмұнын тек кешенді түрде ашу арқылы ғана түсінуге болады.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педа-
гогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, таным-
дық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу мен талдау негізінде
жалпы төрт бағытты атауға болады.
1. Әеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден басталады . Оның
көрнекті өкілдері:Сократ, Платон, Аристотель. Олардың пікірінше, бел-
сенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс-әрекетінің алғы шарты бо-
лып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен
білім алады. Өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуа-
ныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады .
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы
колып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компонелла
еңбектерінде жалғасын тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін,
саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.
2. Дидактикалық әдістемелік бағыт Я. А Коменскийдің еңбектерінен
бастау алады. Оның “Ұлы дидактика” еңбегінде жазылған дидактика-
лық принциптерін ұсына келіп, оқушылардың белсенді әрекетін ұйым-
дастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселе-
лерін қарастырады. Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын та-
уып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж. Руссоның, И. Г. Песталлоцидің еңбек-
терінде көрініс тапты.
3. Психологиялық-дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин
еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың танымдық әтекеті туралы
К. Д. Ушинский “Өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бір-
ден-бір жолы. деп есептеді. К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев
одан әрі дамытты, оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана,
ол оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланысты-
лығын атап көрсетті.
4. Жаңашыл педагогикалық бағыт . Қоғам дамуының тарихи жаңа ке-
зеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгеріс-
термен айқындалады.
Оқытудың жаңа технологиясы ( инноватика, танымдық белсенділікті
дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимидия
жүйесін қолдану т. б) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы
орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат
әкелді. (3)
Ю. К. Бабанский білім берудің оңтайландыру жүйесін ұсынса,
М. И. Махмутов проблемалық оқыту жүйесін ұсынды.
Оқушының оқу танымдық белсенділігін арттырудың тиімді
құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу
әрекеті жайлы Т. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смаилов еңбектері
маңызды.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге өте белсенді ақыл- ой әрекеті.
Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекетті орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады. (4)
Сонымен, танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет
мәселесіне арналған көптеген еңбектерді зерттеу мынадай қорытын-
ды жасауға әкелді: белсенділік - жек тұлғаның алуан қырлы болмыс -
бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс
нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттлік әрекет тәсілдерінің жиынты-
ғы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық
әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақ-
тау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді.
Оқушылардың оқу -танымдық қызметін арттыру, дұрыс әрі нақты
әрекеттер негізінде іске асады.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1 - дәреже - жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды жады-
лап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмты-
лысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 - дәрежесіндегі көрсеткіш -
оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2- дәреже - түсіндіруші белсенділік - оқушының оқығанын зерделеуге
оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдай-
ларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. 2-дәре-
жеге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне
ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарас-
тыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3- дәреже - шығармашылық белсенділік - оқушының тапсырманы
шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.
Бұл дәреженің ерекшелігі - мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық
ынтаның негіздері мен әр алуандығы. (17)
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс,
оның барысында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды, жеке
адамның әрекет жасауына бағыт береді. Ерте балалық шақтың бала-
ларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу, оларды табиғат
құбылыстарымен таныстыру қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен
өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмы-
сы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға
бағытталуы керек.
Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту
жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіре түсуге даңғыл жол ашылды.
Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп
оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекше-
лігі өсіп - жетілуіндегі елеулі өзгерістерімен сипатталады. Баланың
мектеп жасына өтуі оның іс -әрекетінің, қарым -қатынасының, басқа
адамдармен қатынасының өзгеруімен түсіндіріледі, өмірі өзгереді,
жаңа міндеттер пайда болады. (10)
Бастауыш мектеп жасындағы баланың іс - әректі оқыту үрдісінде
жүзеге асады. Осы жаста қарым- қатынас шеңберінің кеңеюінің маңы-
зы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтерден бүкіл
оқыту - тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.
Негізгі іс- әрекет түрі - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным үрдісі
(қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял) дамиды.
Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдас-
пауымен ерекшеленеді, сонымен қатар оларда “ білуге құмарлық,
әуестік те” байқалады. Олар өздеріне күнделіті жаңа бір нәрсені
ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.
Олардың зейіні де еріксіз, тұрақсыз болып келеді. Сондықтан бас-
тауыш мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісі, негізінен,
зейінді тәрбиелеуге бағытталыды. Мектеп өмірі баладан ерікті зейінін
жаттықтыруды, назарын бір орталыққа біріктіру үшін ерік күшін жинақ-
тауды талап етеді. Балалардың ерікті зейіні оқу мотивтерімен бірге
дамиды.
Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте
ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фанта-
зияға берілгіш болады. Олардың қиялына мүмкіндік берсе, оларды
қандай да болсын бір іске оп - оңай тартуға жеңіл. Сонда балалар
қиын істерді де құштарлықпен орындайды.
Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүріп жатады. Даму
үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы бала -
лар заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарап ажырата бастайды, олар-
дың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір
барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анық-
тай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге та-
лаптанады. Балаларды бір нәрсені құмартып білуге талаптануын
таным ынтасы дейді. (4)
Танымдық іс - әрекет, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаз-
дық мәселелері жөнінде оқу -әдістемелік, психология - педагогикалық
әдебиеттерге шолу жасау барысында танылған жаңашыл педагогика-
лық бағытты бөліп көрсетуге болады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын танымдық әре-
кетін дамытуда проблемалық оқытудың маңызын В. И. Зазвязинский,
М. И. Махмутов, Ж. Б. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева атап көрсеткен.
Оқушының оқу танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттыру-
бың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы, өздігінен
білім алу әрекеті жайлыТ. С. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, Р. С. Омарова
М. А. Құдайқұловтардың еңбектері маңызды.
- Әрекет - тұлға дамуының негізі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz