Жинақтаушы зейнетақы жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 тарау. Қазақстанның жинақтаушы жүйесі қызметінің
теориялық негіздері
1.1 Қазақстанның зейнеақы жүйесінің түсінігі мен құрылымы. 6
1.2 Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы жүйесінің
қазіргі жағдайы 20

2 тарау. ЖЗ Валют-Транзит Қор АҚ қызметін талдау
2.1 Зейнетақы қорының шағын сипаты 27
2.2 Валют-Транзит Қорының АҚ қызметін талдау 30
2.3 Көлем динамикасы мен жиынтық кірісі мен шығынның,
табыстылықтың, өтімділіктің құрылымы мен қор басқармасы 37

3 тарау. Зейнетақы қорлары қызметінің жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
жетілдірілуі мен оңтайландырылуы 46
3.2. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасын
қамтамассыз етудегі заң тәжірибесі 50

Қортынды 54

Әдебиеттер тізімі 56

Қосымша 58
Кіріспе

Өзінің қызмет істеген уақытында Қазақстанның зейнеткерлік жинақтаушы
қоры бірнеше өзгерістерден өтті. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 14
зейнетақылық жинақтаушы қор жұмыс істеуде., зейнетақы активтерді
инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін басқару бойынша 10 ұйым жүзеге
асыруда.
Жинақтаушы жүйенің алғашқы даму барысында зейнетақы қорлары бәсекелік
күрес үстінде болса, қазіргі күні олардың қомақты даму барысында бірқатар
сұрақтарды бірлесе шешуде оң тенденция туындап отыр.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ҚР 1997 жылғы 21 маусым күнгі
Заңы зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық немесе әлеуметтік негіздерін
анықтап берді. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін
басқару жөніндегі Компаниялармен Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесін
құрастыруды қарастырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қазақстандық құнды қағаздар рыногында
алғашқы толық институционалдық инвесторлар болды. Мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қорларының институционалдық инвесторлар ретінде нақты
жұмыс істей бастауы Ұлттық комиссияның зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі алғашқы екі компанияға зейнетақы активтерін басқару бойынша
қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген 1999 жылдың ақпан айынан басталды.
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар (ЗАБК) жинақтаушы
зейнетақы жүйесінің ең қажетті элементі болып табылады. ЗАБК зейнетақы
реформасының маңыздылығы мен қажеттілігі жағынан қор рыногының
инфроқұрылымының негізгі кезеңінің бірі болуда. Қазіргі күні ЗАБК қор
рыногының әмбебеп институтының бірі, өйткені олар саналуан қызмет түрлерін
бір уақытта істей алады. Тура функцияларымен қатар олар ұйымдастырылған қор
рыногына бірден (делдалдардың көмегінсіз) шығуға құқылы, құнды қағаздар
портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі бар,
капиталмен шақыртумен байланысты операцияларды жүзеге асыруға жеңілдетілген
рұқсат беру режимі бар.
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туындаған сәттен бастап,
зейнетақы қорлары бәсекелестік жағдайында дамыды.
Бастапқы кезеңде бұл оң нәтиже берді:
- әлсіз қорлар рыноктан кетті,
- басқалары бірігіп және өздерінің позицияларын күшейтіп зейнетақы
рыногында өктемдік жүргізе бастады.
Бүгінгі күні қатаң бәсекелестік кезең кеңестік ымыраласуға орын беріп
екінші орынға жылжуда. Өзінің қызмет еткен 8 жыл ішінде Қазақстанның
жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірқатар оң өзгерістерді басынан өткерді [1; c.
15].
Аталмыш тақырыпты қарастырудың маңыздылығы зейнетақы жүйесінің қаржы
тоқырауының проблемасы рыноктық экономика жағдайындағы ерекше қызмет
түрлеріне толық жақындату мақсатында оған толық түрде реформа жүргізудің
қажеттігін білдіреді.
Зерттеу нысаны – ЖЗҚ Валют-транзит Қор” АҚ
Зерттеу заты – Қазақстанның зейнетақы жүйесінде қалыптасқан қаржы
қатынастары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бір зейнетақы қоры қызметінің сарабының
негізінде еліміздің экономикасының тиімді дамуы үшін зейнетақы реформасын
енгізуді қарастыру және теориялық материалды оқу, зейнетақы қорының
мағынасын рыноктың динамикалық дамушысы ретінде анықтау және қаржы
қаражатын тиімді салым ретінде салу.
Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қызметін теориялық негізде ашу;
- - Қазақстанның зейнетақы жүйесіннің даму қортындысын зерттеу;
- Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын қарастыру;
- ЖЗҚ Валют-Транзит Фонд АҚ қызметін сараптау;
- Жүргізілген сарап негізінде Қазақстанның зейнетақы қорларының даму
проблемасын анықтап және олардан өту жолдарды әзірлеу;
- зерттелуші зейнетақы қорының қызметін жетілдіру үшін ұсыныстар
әзірлеу.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде оқулықтар, мақалалар, монографиялар,
статистикалық деректер, зерттелуші қордың жылдық қаржы есебі қолданылды.

1 Тарау. Қазақстанның жинақтаушы жүйесі қызметінің теориялық негіздері

1.1. Қазақстанның зейнеақы жүйесінің түсінігі мен құрылымы.

Зейнеткерлер екі бөліктен тұратын зейнетақы алады: таратушы, ескі
жүйенің тәртібінің негізінде есептелген және жинақтаушы, ол 1998 жылдан
бастап құрылған жинақтың негізінде есептеледі. 2019 жылдан кейін
зейнетақының таратушы бөлігінің мөлшері ақырындап төмендей бастайды деп
болжануда, ал 2039-2044 жылдарда жинақтаушы жүйеге толық ауысу жүзеге
асырылады.
Қазақстанда жыл сайын ең төменгі зейнетақы бекітіледі. Егер соманың
таратушы және жинақтаушы бөліктері бекітілген минимумнан аз болатын болса,
онда зейнеткер минимальды зейнетақы алатын болады. 2005 жылы ол 43 доллар
(6 800 тенге) құрады.
Зейнетақыны 20 жылдық еңбек өтілі бар 58 жастағы әйел адамдар мен 25
жылдық еңбек өтілі бар 63 жастағы ер адамдар алуға құқұлы. Егер жинақталған
зейнеақы қорының мөлшері минимальды зейнеақыны алуға жеткілікті болса, онда
55 жастағы әйелдер мен ер адамдарға зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік бар.
Зейнетақы мөлшері өтілге байланысты және орта айлық табыстың 60
пайызынан 75 пайызын құрастырады. Орта айлық табыс 1995 жылдан бастап кез
келген үш жыл қатарынан істелінген жұмыс үшін есептеледі. Сонымен қатар
табыстың бұл мөлшеріне шектеу бар.
Біртіндеп таратушы жүйеге базалық зейнетақы енгізілетін болады. 2006
жылы зейнеткерлерге еңбек өтіліне, табысына және зейнетақы мөлшеріне
қарамастан ең төменгі күн көріс сомасының 20 пайызы мөлшерінде базалық
зейнеақы төленетін болады. Одан әрі бұл сома 75 пайызға дейін жететін
болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Жұмыскер табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасынан
қаржыландырылады. Қазақстанда зейнетақы жинағын үш деңгейлі қорғау бар:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларында міндетті зейнетақы салымдарын
қорғаудың мемлекеттік кепілдігі, кепілдік мөлшері - зейнетақы
төлемдеріне құқықты алу сәтінен бастап инфляция мөлшерінің
есебімен салынған нақты міндетті зейнетақы салымы;
2) зейнетақы активтерін басөаруды жүргізетін зейнетақы қорлары
мен ұйымдарының кепілдігі;
3) салымшылардың құқықтары өздерінің жинақтарын сақтандыруды
дербес жүзеге асыруды және зейнетақы активтерін ұжымдық
сақтандыру жүйесін құруды қорғауға берілген [7; 18].
Республикада зейнетақы төлемдерінің жаңа жүйесі енгізілді:
зейнеткерлік жасқа жеткен алушы, өз таңдауы бойынша зейнетақыны не
зейнетақы қорынан немесе сақтандыру компаниясынан ала алады.
2004 жылғы деректер бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар
саны – 6,44 миллион адам, яғни еліміздің экономикалық белсенді
тұрғындарының 82 пайызы.
Кәсіби зейнетақылық қамтамасыз ету.
Жұмыстары еңбектің аса қауіпті түрлерімен байланысты жұмыскерлер үшін
(33 өндіріс пен екі мыңдай мамандықтар мен лауазымдар), қосымша ерікті
зейнетақылық қамтамассыз ету енгізілді. Зейнетақы салымдарын жұмыспен
қамтамассыз етуші төлейді, ол үшін ол салық жеңілдіктерін алады.
Қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің реформасы рыноктық
экономика талаптарымен және тұрғындардың әл-ауқатының негізін
қалыптастыруға тартылумен шарттасты. Реформаның негізгі стимулы мемлекеттің
тұрғындарды зейнетақымен қамтамассыз етудегі шығында азайтуға ұмтылыс
болды. Қазақстандық реформаның ерекшелігі жинақтаушы жүйенің қосымша
ретінде емес, мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамассыз етудің негізгі
элементі ретінде енгізілуі болды.
Реформаны жүргізу кезеңіндегі қиындықтың бірі - жұмыскерлер мен жұмыс
берушілер иығына жататын қиындық: бүгінгі зейнеткерлерді қамтамассыз етіп
және өзінің болашағын ойлау болды(өтпелі кезеңнің проблемалары туралы
тарауды қара). Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес өтпелі кезеңнің
зейнетақы жүйесі қаржыландырудың екі әдісін бірдей қарастырады (1 суретті
қара): таратушы – қазіргі зейнеткерлер, және жеке шоттардағы жинақтаушы –
болашақтағылар үшін. Өзіндік зейнетақылық жинақтар біртіндеп өседі және
2045-2050 жылдары таратушы зейнетақы жүйесі толық жойылады [3; 18].
Қазақстанның жинақтаушы жүйесі ағымдағы кезеңде екі бөліктен тұрады:
мемлекеттік және жеке.
МЖЗҚ – мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың міндетті
зейнетақылық салымдарын ғана жинап және алушыларға зейнетақы төлемдерін ҚР
Үкіметі бекіткен тәртіпте төлейді. Белгілі уақыт өткеннен кейін МЖЗҚ
жекешелендіру жоспарлануда, яғни барлық зейнетақы жүйесі жеке секторда
болады.
МемесЖЗҚ – Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары (180 млн.
Теңгеден аз емес жарғы капиталымен) – ашық немесе жабық күйдегі акционерлік
қорлар формасында ұйымдастырылған заңды тұлғалар. ҚР зейнетақымен
қамтамассыз ету туралы Заңға сәйкес Мемес ЖЗҚ зейнетақы жүйесінде арталық
звено болып табылады. Олар салымшылармен жұмысты ұйымдастырады,
зейнетақылық келісім шарттарды бекітеді, зейнетақы салымдарының және
инвестициялық пайданың жеке есебін жүргізеді, сонымен қатар салымшылар
алдындағы қор міндеттері. Қор өзінің қызметі үшін комиисиондық сыйақы
алады,салымшылары мен мемлекеттік органдар алдында жауап береді, тұрғындар
арасында түсінік жүргізеді, өтініштер мен арыздарды ұарастырады, салымшының
қайтыс болуы немесе шет елге кетуіне байланысты сұрақтарды шешеді.
Жаңа зейнетақы жүйесінің енуі танымал шаралармен ұштасты: 1998 жылдың
1 қаңтарынан бастап біртіндеп зейнеткерлік жас ұлғая бастады, 2002 жылдың 1
шілдесінде ерлер арасында 62 жасқа әйелдер арасында 58 жасқа жетті. Сонымен
қатар 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдетілген барлық зейнетақылар
жойылды. [9; 66].
2002 жылдың 1 қарашасында зейнетақы рыногында 16 жинақтаушы зейнетақы
қорлары қызмет көрсетті, оның 13 мемлекеттік емес жинақтаушы қорлар, 2
корпоративтік зейнетақы қорлары (Қазақмыс және корпорациясы) және
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақылық қоры. Алғашқыда 20өор болған, содан
кейін еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің қорлардың өзіндік
капиталының ең аз мөлшерін бекіткеннен кейін (180 млн. тенге) бірнеше
өосылулар жүргізілді. Олардың қаржыларымен зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі жеті компания басқарады. Республиканың барлық облыстранында 60
аса филиалдар мен өкілеттіліктер 130 аса агенттік пункіттер жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның парламенті заңға өзгерістер енгізуді
қарастыруда, ол қорларға өздері жинаған зейнетақылық қаражатты өздерінің
басқаруына құқық береді.
Салымшылар саны 4,76 млн. Адам құрайды, оның ішінде 54 пайызы
өздерінің жинақтарын мемлекеттік емес зейнетақы қорларына сеніп тапсырды.
Зейнеақылық жинақ қорының мөлшері Т2000,4 млрд құрастырды (1 млрд.318 млн
доллар). Т187,3 млрд немесе 93,4 пайыз зейнетақылық активтер
инвестинцияландырылды.
Инвенстинциялық активтер келісілген қаржы құралдарнына қатысты
инвенстірленеді. Зейнетақы жүйесінің реформалану сәтінен, яғни 1998 жылдан
бастап зейнетақы қорларының активтерә Қазақстан Республикасының капитал
рыногын дамытуға әсерін тигізеді деп ойланған. Жеке зейнетақы қорларыныңы
активтері короративтік құнды қағаздар рыногын дамытуға ықпал етеді деп
жоспарланды.

1 сурет. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесінің сызбасы [4; 18].

Бірақ бірінші жылдың қортындысы бойынша 99,3 пайыз активтер
мемлекеттік құнды қағаздардың бірнеше түріне салынды, нақты: еврооблигация
– 15,53 пайыз, қаржы министрлігінің қысқа-, орта- және ұзақ уақытты құнды
қағаздарына – 81,78 пайыз, Ұлттық банкі ноталарына – 2 пайыз. Зейнетақы
қорларынның инвенстициялары үшін басқа бағыттар болмады, шет ел
имитенттерінің құнды қағаздарын сатып алуға рұқсат болмады.
Ағымдағы уақытта мемлекеттік құнды қағаздар үлесі тқмендеп кетті,
мемлекеттің зейнетақы қорында 70 пайыз құрайды. Қаңға сәйкес ЗАБК
(зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания) зейнетақы активтерін
келесі инвестициялық құралдарға инвенсистендіре алады:
- мемлекеттік құнды қағаздар – 40 пайыздан аз емес
- Мунипициалдық құнды қағаздар – 5 пайыздан аз емес;
- Халықаралық банкілер шығарған құнды қағаздар – 10 пайыздан аз емес;
- Корпоративтік акциялар – 30 пайыздан аз емес;
- Корпоративтік облигациялар – 5 пайыздан кем емес;
- Банкілік депозиттер – 20 пайыздан кем емес;
- Шетелдік корпоративтік құнды қағаздар – 10 пайыздан кем емес;
- Халықаралық қаржы ұйымдарымен шығарылған құнды қағаздар – 10
пайыздан кем емес [9; 35].
- Қазіргі уақытта парламент пакет өзгерістерді қарастыруда, жоғарыда
аталған кейбір лимиттер қайта қарастырылуы мүмкін.
2001. жылы таза зейнетақы активтерінің жалпы саны 112 млрд. тенге
құрады (777 млн. доллар шамасында), оның 43,86 млрд тенге немесе
39 пайызы МЖЗҚ зейнетақылық активтері. 2000 жылдың ішінде таза
зейнетақы активтерінің қсімі қлттық волютада 74,6 пайыз құрады.
Инвестициялау нәтижесі бойынша жалпы кіріс 35,98 млрд. тенге
немесе 31,9 пайыз құрады.
Зейнетақы активтерін басқаруға шығын үлесі заң жүзінде анықталды ол:
1 пайыз салымдардан (салымшы салатын 10 пайыз еңбекақыдан өор басқару
үшін 1 пайыз алады);
Инвестиция процесінен алынған инвестициялық табыстан 10 пайыз. Бұл
зейнетақы қоры мен басқарушы компания арасында келісім бойынша бөліседі.
1998 жылы МЗҚ мен ЗАБК өздерінің инвестициялық табыстарын теңбе тең
бөлген, уақыт өткен сайын ЗАБК 20-30 пайызға дейін төмендеді [10; 18].
ЗАБК мен келісімімен бір уақытта зейнетақы қоры кастодиан банкпен
бірге келісім шартқа отыруы тиіс, ол аталмыш зейнетақы қорының барлық
оперцияларына қызмет көрсететін болады. Кастодиан банкінің қызметңне
зейнетақы активтерін аккумуляциялау бойынша барлық операциялардың есебін
жүргізу, оларды орналастыру, нивестициялық табысты алу, сонымен қатар қорды
оның есеп шоттарының жағдайы мен ЗАБК қызметін ақпараттандыру кіреді.Осы
ретте банк қаржынығ мақсатты қолданылуын бақылауды жүзеге асырады және
инвестиция лимиттерін бақылайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс істеген уақытында 1998 жылдан
бастап жинақтаушы зейнетақы қорлары 648,6 млрд. теңгені шоғырландырды
немесе 5 млрд. доллар. 2004 жылғы зейнетақы активтерінің өсуі 31 пайыз
құрады, 2005 жылы – 34 пайыз. Ай сайынғы өсім орта есеппен 80-90 млн доллар
құрайды.

1 КЕСТЕ
Зейнетақы секторының негізгі даму параметірлері
1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Зейнетақы 64,5 112,7 182,4 269,7 368,3 484,0 648,6
активтері,
млрд.тенге
МЖЗҚ үлесі, % 53% 39% 32% 28% 25% 22% 19%
ИЗҚ ашылған 2 994 3 715 4 630 5 399 6 164 6 974 7 613
саны. 513 535 207 320 316 437 369
МЖЗҚ үлесі, % 57% 49% 46% 43% 38% 35% 29%
Зейнетақылық 3% 4% 6% 7% 8,3% 8,9% 9,3%
активтер, % к
І\ЖӨ
  1999 2000 2001 2002 2003 2004 01.01.0
6
Зейнетақы 64,5 112,7 182,4 269,7 368,3 484,0 648,6
активтері,
млрд.тенге
МЖЗҚ үлесі, % 53% 39% 32% 28% 25% 22% 19%
ЖЗҚ ашылған 2 994 3 715 4 630 5 399 6 164 6 974 7 613
саны. 513 535 207 320 316 437 369

1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік емес ерікті
зейнетақы қорлары Заңы қабылданды. Бірақ оның еш нәтижесі болмады. 1997
жылғы 20 маусымда қабылданған ҚР ҚР зейнетақымен замтамасыз ету Заңы
қабылданғаннан аталмыш заң күшін жойды.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қазақстандық құнды қағаздар рыногында
бірінші толық институционалдық инвесторлар болды. 1998 жылғы 1 қаңтар күні
5 МЖЗҚ және 4 МемесЖЗҚ болды. Бірақ МемесЖЗҚ нақты қызмет жасауы 1998
жылдың ақпан айынан басталды.
1999 жылдың басында Қазақстанда МЖЗҚ және 13 МемесЖЗҚ және 8 ЗАБК
қызмет жасады. Барлық зейнетақы қорларының Зейнетақы активтерінің
қосқандағы мөлшері 23,645 миллион теңге құрады (Ұлттық комиссия
көрсеткіштері бойынша), оның ішінде МЖЗҚ үлесіне 18.028 миллион теңге келді
(76,2 пайыз), ал МемесЖЗҚ 5.617 миллион теңге (23,8 пайыз).
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруын заңды тұлға жүргізеді.
Ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері заңды және жеке тұлғалар
Қазақстан Республикасының резиденттері немесе резиденттері емес бола алады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүргізетін ұйымның
құрылтайшылары немесе акционерлері Қазақстан Рспубликасының резиденті емес
болматын заңды тұлға – рейтинг агенттіктерінің бірінің рейтингі бар қаржы
ұйымы болады. Рейтинг агенттіктерінің тізімі мен шағын рейтингтері
бекітілген заңмен бекітіледі.
Шет ел қатысуымен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымның жарғы капиталының жалпы мөлшері барлық ұйымдардығ
жарияланған жарғы капиталдарынығ жалпы мөлшерінің елк пайызынан аспауы
керек.
Директорлар кеңесі мүшелерінің бірден үш бөлігінен кем емес және
зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жұзеге асыратын ұйым
басқармасын Қазақстан Республиксының азаматтары құру керек.
Қазақстан Республиксының резиденттері емес – директорлар кеңесінің
және ұйым басқармасының зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын
жүзеге асыратын мүшелері басқарушы жұмыста үш жылдан артық әстегендігі
туралы құжаттарды беруге міндетті.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйым
болып Қазақстан Республиксының резиденті еместің қатысуымен зейнетақы
активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын табылады, онда дауыс
беретін акциялар жиырма бес пайыз болу керек:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес;
2) Заңды тұлға - Қазақстан Республиксының резиденті, акциялардың
елу пайызынан кем емес пайызы Қазақстан Республиксының
резиденті еместердің меншігінде және басқаруында бар.
3) Қазақстан Республиксының резиденттері еместердің құнды
бағаларының номиналды ұстаушылары болатын Қазақстан
Республиксының резиденттері.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің инвестициялық
басқаруын жұзеге асыратын ұйымның атауында зейнетақы активтерінің
инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйым деген сөздер болуы керек.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жұзеге асыратын
ұйымнығ жарғы капиталының ең аз мөлшері, оның қалыптасу тәртібі және құрамы
өкілетті органдармен анықталады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның
мүлкі жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің есебінен
құралады.
Зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруы бір
немесе одан да көп ұйымдармен келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйым
зейнетақы активтерін басқаруға екі не одан да көп жинақтаушы зейнетақы
қорларымен келісім шартқа тұруға құқылы.
Зейнетақы активтерін басқаруға келісім жазбаша түрде жасалады, жазбаша
түр сақталмаса келісімнің күші болмайды.
Зейнетақы активтерін басқаруға келісімге мүлікті басқаруға сенім
туралы келісім тәртібі қолданылады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын дербес жүзеге асыратын
жинақтаушы зейнетақы қорлары басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен соңғының
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға басқа жинақтаушы зейнетақы
қорларымен келісімге тұруға құқықтары жоқ.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын
ұйымның міндеттері мен шектеулері.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйым:
1) өкілетті орган бекіткен тәртіпте зейнетақы активтерін
инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) заң бекіткен тәртіпте зейнетақы активтерінің бағалауын
жүргізуге;
3) өкілетті орган бекіткен тәртіпте және мерзімде өзінің
қызметі туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен өкілетті орган алдында өзінің
қызметі туралы есеп беруге;
5) өкілетті орган бекіткен тәртіпте өзінің қызметі туралы
ақпаратты жариялауға;
6) өкілетті орган мен зейнетақы активтерін басқару туралы
келісімге сәйкес басқа да мәндеттерді орындауға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының құқықтарын қорғау мен
қызығушылықтарының мақсаттарында Зейнетақы активтерінің инвестициялық
басқаруын жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) акциядан басқа құнды қағаздардың басқа түрлерін шығаруға;
2) банктерден заем қаражатын үш айдан артық мерзімге алуға;
3) аффилирленген тұлғалармен зейнетақы активтерінің есебінен
мәмілелерге тұруға,ұйымдастырылған рыноктар мен Зейнетақы
активтерін басқаруға келісім жасаудан басқа мәмілелер;
4) кез келген әдіспен заем беруге;
5) зейнетақы активтерінің құрамына кіретін құнды қағаздарды сатуға;
6) маржда кез келген құнды қағаздарды сатып алуға;
7) Жинақтаушы зейнетақы қорына жатпайтын құнды қағаздарды сатуға
келісім жасауға, сонымен қатар эмиссионды болмайтын құнды
қағаздарды сатып алуға келісім шарттар жасауға;
8) Қандай да бір кепілдік беруге, зейнетақы активтерімен кепілдік
келісімдер жасауға;
9) Зейнетақы активтерінің инвестицияларының кірісі бойынша кепілдік
немесе серт берілген ақпаратты жариялауға;
10) Құнды қағаздар мен құражат құралдарынан басқа қызметті жүзеге
асыруға рұқсат етілмейді.
Зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
бойынша қызметі Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген тәртіп
бойынша рұқсат етіледі.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйым
рүұсат қағазы болған жағдайда өкілетті орган бекіткен тіртіпте құнды
қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қоры бір жақты тәртіпте зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйыммен келісімді белгіленген күнге
дейін жиырма күн бұрын бұзуға құқылы, сондай –ақ шығын орнын толтыруды
талап етуге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйым
өзінің міндеттері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының алдында өзіне
қарайтын барлыұ иүлікпен жауап тартады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық басқару бойынша қызмет туралы
есеп тәртібі мен формалары туралы.
Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20.06. күнгі Қазақстан
Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы Заңына, Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 05.03. күнгі Құнды қағаздар рыногы туралы
Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес әзірленген және зейнетақылық активтерді басқару
компаниясының (одан әрі-Компания) және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорының (одан әрі МЖЗҚ) Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша
Ұлттық комиссиясының алдында есебінің тәртібі және формасын бекітеді.
Бекітілген есеп тәртібі мен формасы Зейнетақы активтерінің
инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын барлық Компаниялар үшін міндетті.
Компания және МЖЗҚ рұқсат етілген қызметке қатысты қандай да болмасын
ақпаратты ҚҚҰК беруге міндетті.
Есепті жинау барысындағы мақсаттар:
- Компанияның қаржылық тұрақтылығын анықтау, ҚҚҰК бекіткен
нормативтердің орындалуын тексеру, жағдайды жақсарту бойынша
уақытында шара қолдану;
- Қазақстан Республикасында Компания қызметінің нәтижелері туралы
статистикалық ақпаратты жинау, инвестицияның даму динамикасын
анықтау;
- Компанияның пайдасының орта деңгейін анықтау;
- Компания мен ҚҚҰК қызметінің инвестициясын бақылау;
- Нақты бір компанияның инвестициялық қызметінің сарабын жан жақты
өткізу мүмкіндігін ұарастыру.
Есеп талаптары.
Компания мен ҚҚҰК тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің
қызметінің нәтижесі туралы есеп ақпаратын жариялап тұруға және бекітілген
тәртіпте ҚҚҰК есеп беруге, сонымен қатар зейнетақы қорларына аталмыш
ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамассыз етуге міндетті.
Өзіндік қаражаттар мен зейнетақы активтерә бойынша есеп бөлек
жүргізіліп, бөлек беріледі. Компания жойылған не қайта құрылған жағдайда
барлық құжат бөлек кастодиан банкісінде 5 жыл сақталады.
Компанияның (ҚҚҰК) есеп құжаттары есеп формаларына сәйкес келуге
тиісті.
Компания (ҚҚҰК) және кастодиан-банк инвестициялық келісімдер бойынша
келесі талаптарды сақтай отырып жеке есеп жүргізулері керек:
- есеп жүргізіліп күнде жаңартылады;
- ақпаратты қорғау техникалық жағынан қамтамасыз етілген;
- зейнетақы активтерінің есебі Компанияның (ҚҚҰК) өзіндік есебінен,
әкімшілік шығындардан, Компанияның (ҚҚҰК) инвестірлеуге жатпайтын
шығындар мен кірістерінен бөлінген.
Компания (ҚҚҰК) инвестициялық қызметке қатысты құжаттарды 5 жыл
сақтайды.
Компания (ҚҚҰК) қызмет көрсететін зейнетақы қорымен үздіксіз зейнетақы
салымдарының келіп түскен соммасы, жинақталған зейнетақыдан төленген төлем
соммалары, басқа қорларға ауысқан салымшылар саны туралы ақпаратты тексеріп
отыруы тиісті.
Кастодиан банкпен әрдайым зейнетақылық және корпоративтік активтер
соммасы тексеріледі. Делдалмен жасалған келісімдер көрсеткіштері, құнды
қағаздардың сатып алынған және сатылған мөлшері тексеріледі. Орталық
депозитармен құнды қағаздар портфелінің мазмұны және оның бағасы
тексеріледі. Компания (ҚҚҰК) мен депозиттік келісімдер жасалған банкілермен
депозит есеп шоттары, есептелген және төленген пайызлар тексеріледі.
Есеп беру тәртібі.
Күн сайын жұмыс күні біткен соң алматы уақыты бойынша 17cағат 30
минөттен кеш емес уақытта Компаниялар ҚҚҰК электрондық түрде келесі есеп
формасында қызмет көрсететін әр қор бойынша жеке есеп беріледі:
- зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Компаниялардың өздерінің
инвестицияларының құрылымы туралы есептері;
- зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есептері;
- өзіндік таза активтер құны туралы анықтама;
- зейнетақылық таза активтер құны туралы анықтама;
- өзіндік активтерді инвестициялау бойынша жүргізілген келісімдер
туралы есептер;
- зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген келісімдер
туралы есептер;
Одан басқа, Компания қызметін сараптауды жүргізу мақсатында К1, К2,
К3, К4 коэфициенттері есебімен баланстар мен анықтамалар және бір заңды
тұлғаның құнды қағаздардағы инвестициясының ең төменгң мөлшері, сонымен
қатар зейнетақы активтерінің бір күндік құнының есебі берілуге тиісті.
Лауазым иелері қол қойған және мөрмен расталған қағаз түріндегі
есептердің түпнұсқалары ҚҚҰК 10 күннен кешіктірілмей тапсырылуы керек. МЖЗҚ
бекітілген тәртіпте келесі есептерді береді:
- зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есептері;
- өзіндік таза активтер құны туралы анықтама;
- зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жүргізілген келісімдер
туралы есептер.
Ай сайын 5-ші күннен кеш емес Компаниялар ҚҚҰК К1, К2, К3, К4
коэфициенттерінің орта айлық есебімен және зейнетақы активтерінің орта
айлық есебімен анықтама берулері қажет.
Тоқсан сайын есеп беру айының 20 кешіктірмей Компаниялар (ҚҚҰК) МЖЗҚ
қаржы есебінің келесі формаларын тапсырулары керек (әр қордың өзіндік және
зейнетақы активтерә бойынша жеке дара): бухгалтерлік есеп стандарттарына
сәйкес дайындалған:
-бухгалтерлік баланс;
- Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
- Ақша қаозғалысы туралы есеп.
Қаржы жылы аяқталғаннан кейін Компаниялар (ҚҚҰК) МЖЗҚ жылдық қаражат
есебін тапсырулары керек. Сонымен қатар өаржы есебін тексергендігі туралы
аудиторлық сарап міндетті түрде қоса беріледі.

1.2. Қазақстан Республикасының жинақтаушы жүйесінің қазіргі жағдайы.

2006 жылдың 1 қаңтарына қарсты республикада 14 жинақтаушы зейнетақы
қоры (одан әрі – қорлар) қызмет жасады, олардың республика аймақтарында 76
филиалдары мен 75 өкілеттіліктері бар.
Қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға рұқсат 10 заңды
тұлғада болды, оның ішінде 3 қор зейнетақы қорларын дербес басқаруға
рұқсат қағаздары болды: МЖЗҚ ҰЗҚ АҚ, Қазақстанның Ұлттық банкі ҰЗҚ АҚ
және Құрмет – Қазақстан БТА ҰЗҚ АҚ.
Екінші деңгейдегі 10 банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісі есеп беру кезеңінде кастодиальдық қызметті жүзеге асырды. Сонымен
қатар қорларға кастодиалдық қызметті екінші деңгейдегі 6 банкі жүзеге
асырды: HSBC Қазақстан банкісі АҚ, Центр Кредит Банкі АҚ, Қазақстанның
Ұлттық Сақтандырушы Банкі АҚ, ТЕМІРБАНК АҚ, Еуразия Банк АҰ, АТФБАНК
АҚ, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
Қорлар салымшылары.
Салымшылардың жеке зейнетақы есептері 2006 жылдың 1 қаңтарында
7 613 369 құрады. Міндетті зейнетақы салымдары бойынша ең көп салымшылар
есебі 5 қорда болды: МЖЗҚ - 30,25 пайыз, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі – 19017 пайыз, Ұлар Үміт - 14,72 пайыз, Валют-Транзит қоры - 8,84
пайыз және Қазақстан- Құрмет БТА - 7,78 пайыз немесе салымшылардың ортақ
саны 80,76 пайызды құрады.
Ерікті зейнетақы салымдары бойынша салымшылар есебінің саны желтоқсан
айында 163 (0,51 пайыз) өсіп, 2006 жылдың 1 қаңтарында 32 336 , ортақ
зейнетақы жинақтауымен 479,9 млн. Теңгеге есті. Ерікті зейнетақы салымдары
бойынша салымшылар есебі МЖЗҰ ҰЗҚ АҚ басқа барлығында болды. Ең көп салым
келесі қорларда болды: Сенім - 61,49 пайыз, Ұлар Үміт - 18,64 пайыз
және Капитал - 12,48 пайыз немесе үш қордың үлесіне 92,61 пайыз келді.
Ерікті кәсіби зейнетақылық салымдар бойынша салымшылар Ұлар Үмітпен
Қазақстанның Ұлттық банкі болды. Салымшылардың жалпы саны 3 297 құрады,
олардың жеке зейнетақы есептерінде 17,13 млн теңге болды. Желтоқсан айында
салымшылар есебінің саны 9 –ға (0,27 пайызға өсті.
Салымшылар есебі санының өсуі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда
келесі көрсеткіштермен көрсетіледі:
2 КЕСТЕ
2004-2005 жылдардағы салымшылар есебі санының өсуі (млн. теңге)
Салымшылар 2005 жыл 2006 жыл өсті өсу деңгейі(
(алушылар)есептері 01.01. 01.01. %)
бойынша
Міндетті зейнетақы 6 974 437 7 613 369 638 932 9,16
салымдары
ерікті зейнетақы 30 157 32 336 2 179 7,23
салымдары
Ерікті кәсіби 2 764 3 297 533 19,28
зейнетақы салымдары

Салымшылардың зейнетақы жиынтықтары.
Салымшылардың зейнетақы жиынтықтары желтоқсан айында 22 230 млн.
теңгеге өсті (3,55 пайыз), 2006 жылдың 1 қаңтарында 648 581 млн. теңге
құрады. Зейнетақы қорларының өсу ырғағы өткен жылдардағы қатысты
мерзімдерге қарағанда келесі көрсеткіштермен сыйпатталады:
3 КЕСТЕ
2002-2005 жылдардағы зейнетақы жинақтарының өсу ырғағы
Күні Зейнетаөы Өсуі Зейнетаөы
жинағының сомасы жинағының өсу
ырғағы (%)
2002 жыл 01.01. 182,4 69,8 62,0
2003 жыл 01.01. 269,8 87,4 47,9
2004 жыл 01.01. 368,3 98,5 36,5
2005 жыл 01.01. 484,0 115,7 31,4
2006 жыл 01.01. 648,6 164,6 34,0

Келтірілген таблицадан зейнетақы жинақтарының өсуімен олардың өсу
ырғағының төмендегендігі көрінеді. Бірақ, 2006 жылдың 1 қаңтарына қатысты
2005 жылдың 1 қаңтарына қарағанда зейнетақы жинағы 2,6 пайызға өсіп 34,0
пайыз құрады.
1 Диаграмма
Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2006 жылдың 1 қаңтарындағы құрылымы

Зейнетақы жинағының ең көп соммасын келесі қорлар салымшылары
(алушылары) алды: Қазақстанның Ұлттық банкі - 168 343 млн. теңге немесе
25,96 пайыз, МЖЗҚ - 126 216 млн. теңге немесе 19,46 пайыз, Ұлар Үміт -
117 600 млн. теңге немесе 18,13 пайыз, Құрмет-Қазақстан БТА - 47 497 млн.
теңге немесес 7,32 пайыз және АБН АМРО Каспий МұнайГаз - 45 879 млн. теңге
немесес 7,07 пайыз зейнетақы жиынтығының жалпы соммасынан. Жинақтай келе
аталмыш 5 қор үшін зейнетақы жиынтығының жалпы соммасынан 77,94 пайыздан
келді.
Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялыұ табыстың
соммасы (комисиялық төлемақыны есептемегенде) желтоқсан айында 6 847 млн.
теңгеге өсті, 2006 жылдың 1 қаңтарына 155 134 млн. теңгені құрады.
Таза инвестициялық табыстың өсу ырғағы өткен жылдардағы осы кезеңмен
салыстырғанда келесі көрсеткіштермен сипатталды:
4 КЕСТЕ
2002-2005 жылдардағы инвестициялық табыстың өсу ырғағы
(млрд. теңге)
Күні Таза Өсуі Өсу Зейнетақылық
инвестициялық ырғағы жинақтардағы таза
табыстың соммасы ( %) инвестициялық табыс
( %)
2002 жыл 01.01. 49,5 17,1 52,78 27,14
2003 жыл 01.01. 77,9 28,4 57,37 28,87
2004 жыл 01.01. 99,2 21,3 27,34 26,93
2005 жыл 01.01. 114,7 15,5 15,63 23,70
2006 жыл 01.01. 155,1 40,4 35,22 23,91

Көрсетілген таблицадан 2002 жылдан бастап жыл сайын таза инвестициялық
табыстың өсу ырғағының төмендегендігі көрінеді. Бірақ 2006 жылдың 1
қаңтарында 2005 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 19,59 пайызға өсіп 35,22 пайыз
құрағандығы көріеді.
Таза инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы соммасында 2006
жылдың 1 қаңтарында 23,91 пайыз құрады. 2005 жылдың желтоқсан айында таза
инвестициялық табыстың бөлігі 0,24 пайыздық пункітке өсті.
Зейнетақылық жарнаның жалпы түсімі желтоқсан айында 15 929 млн.
теңгеге (3,21 пайыз) 2006 жылдың 1 қаңтарында 512 425 млн. теңге құрады.
2005 жылы зейнетақылық жарналар түсімі 132 351 млн. теңге немесе 2004 жылғы
түсімдерге қарағанда 28 449 млн. теңгеге (27,38 пайыз) өсті. 2003 жылы 6,9
млрд. теңге соммасындағы орта айлық түсім кезінде, 2004 жылы – 8,7 млрд.
теңге, 2005 жылы 11,0 млрд. теңге құрады.
Жарнаны уақытында ұстамағаны үшін пеня соммасының өсуі жалғасуда, ол
2006 жылы 3 875 млн. теңге құрады. 2005 жылдың желтоқсанында салымшылардың
жеке зейнетақы есептеріне 214 млн. теңге пеня есептелді.
2005 жылы салымшылардың жеке зейнетақы есептеріне жарнаның уақытында
ұсталынбағаны үшін және аударылмағаны үшін 1285 млн. теңге пеня есептелді.
Ол 33,16 пайыз құрады.
2005 жылы соммасы 9 434 млн. теңге мөлшеріндегі зейнетақы төлемдері
қорлармен міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақылық төлемдер
есебінен жүзеге асырылды, оның әшәнде зейнеикерлік жасқа жеткендерге –
4 799 млн. тенге, Өазаөстан Республикасының шегіне шығуына байланысты –
2 424 млн. теңге, мұрагерлерге – 1 824 млн. теңге, басқа тұлғаларға
(мүгедектікке байланысты және басқа да бір жолғы төлемдер) – 374 млн. теңге
және сақтандыру ұйымдарына – 13 млн. теңге аударылды.
Салымшылар (алушылар) есесп беру кезеңінде бір қордан екінші қорғау
ауыстыру құқығын пайдаланды, нәтижесінде 2006 жылдығ 1 қаңтарына зейнетақы
жинақтарын ауыстыру 96 401 млн. теңге құрады немесе 2005 жылдың 1
қаңтарымен салыстырғанда 21,82 пайызға өсті. Желтоқсан айында зейнетақы
жинақтарын ауыстыру 2 409 млн. теңге құрады немесе өткенмен салыстырғанда
37,74 пайызға өсті.
Зейнетақы жинақтарының басқа қорларға ең көп ауысымы келесі қорлармен
жүргізілді: МЖЗҚ - 51,02 пайыз, Ұлар Үміт - 12,53 пайыз Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі – 10,21 пайыз, және Қазақстан- Құрмет БТА -
6,41 пайыз немесе аударымдардың жалпы соммасынан 80,17 пайыз.
Қорлардың қаражат жағдайы.
Қорлардың жиынтық өзіндік капиталдары 2006 жылдың 1 қаңтарында
11 932,9 млн. теңге құрады, оның ішінде жиынтық жарғы капиталы 6 198,9 млн.
теңге құрады немесе өзіндік капитал мөлшерінен 51,9 пайыз. 2005 жыл ішінде
қорлардың өзіндік капиталы 3 827,8 млн. теңгеге немесе 47,2 пайызға өсті.
2006 жылдың 1 қаңтарында жалпы соммасы 1 436,9 млн. теңге немесе 12,0
пайыз резерв капиталын құрды.2005 жыл ішінде Д.Ә.Қонаев атындағы және
Капитал қорларынан басқа барлық қорлар жалпы соммасы 3 584,4 млн. теңге
табыс тапты. Ең көп табысты Қазақстанның Ұлттық Банкі - 39,2 пайыз,
Қазақстан- Құрмет БТА - 19,2 пайыз, МЖЗҚ - 15,4 пайыз және Ұлар Үміт
- 11,8 пайыз алды. Міндетті жинақтаушы зейнетақы қорларының соммасы 2006
жылдың 1 қаңтарында 511,5 млн. теңге немесес 4,1 пайыз құрады.
Өзіндік активтер есебінен инвестициялық қорларды қаржыландыру 2006
жылдың 1 қаңтарында 8 623,2 млн теңге немесе 72,3 пайыз құрады. 2005 жылы
қаржы инвестициялар көлемі 2 621,8 млн. теңгеге немесе 43,7 пайызға өсті.
[5; 18].
Қорлар өзіндік активтерімен мемлекеттік құнды қағаздарды 2 149,7 млн.
теңгеге инвестирлендірді, мемлекеттік емес құнды қаңазадарды 3 590,2 млн.
теңгеге және екінші деңгейдегң банкілерді 2 883,3 млн. теңге мөлшерінде
немесе 33,4 пайызға.

2 Диаграмма

Зейнетақы активтерінің орта айлық өсуі млрд. теңге)

Жинақтаушы зейнетақы қорларынның зейнетақылық активтерінің құрылымы.
2006 жылдың 1 қаңтарында ООИУПА инвестиция басқармасындағы
зейнетақылық активтердің жиынтығы 650 199 млн. теңге құрады, 205 жылы
165 784 млн. теңгеге немесе 34,22 пайызға өсті.
2006 жылдың 1 қаңтарында инвестирлендірілген зейнетақы активтерінің
көлемі 634 942 млн. теңге құрады, 2005 жылы 153 952 млн. теңгеге немесе
32,01 пайызға өсті.
Көрсетілген көрсеткіштерден мемлекеттік бағалы қағаздар бөлігі ҰЗҚ
инвестициялық портфелінде қомақты бөлігін алуда екендігі көрініп тұр. Ол
212 856 млн. теңге немесе 33,52 пайыз құрайды. 2005 дылдың 1 қаңтарымен
салыстырғанда ГЦБ 42 572 млн. теңгеге немесес 17,95 пайызға азайды.
Қазақстан Республикасының эмитенттерінің корпоративті құндв қағаздарының
көлемінің өсуі 2005 жылы 106 767 млн. теңг немесе 69,67 пайыз құрастырды.
Екінші деңгейдегі банкілерге салым көлемі 112 340 млн. теңге құрады, есеп
беру кезеңінде 59 545 млн. теңгеге немесе 112,79 пайызға өсті.
2005 жылы ООИУПА мен ҰЗҚ екінші деңгейдегі банкілерге салымдарды
ұлттық валбтада салғандығын атап өткен жөн. 2006 жылдың 1 қаңтарында ҰЗҚ
инвестициялық портфелінде ұлттық халықаралық қаржы ұйымдарының құнды
қағаздарына 0,56 пайыз сәйкес келді. Шетел эмитеттерінің мемлекеттік құнды
қағаздарының көлемі ҮЗҰ портфелінде 32 549 млн. теіге құрады, 2005 жылға
қарағанда 46,7 есе өсті. Шетел эмитеттерінің мемлекеттік емес құнды
қағаздарының үлесіне 1,49 пайыз келді.
Қорлардың номиналды коэффициенті туралы мағлұмат.
Қорлардың зейнетақы активтері бойынша номиналды табыс коэффициенті
2006 жылы 1 қаңтары мен 2002 жылдың желтоқсаны аралыңында 18,92 пайыз
құрады.

2 Тарау. Валют-Транзит Қор АҚ қызметін талдау.

2.1. Зейнетақы қорының қысқаша мазмұны.

1998 жылдың 1 қаңтарнан бастап Қазақстан Республикасында жаңа
жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді, ол 1997 жылы 20 маусым күні
Президент қол қойып Парламент бекіткен ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің негізінде
құрылды.
1997 жылдың 16 мамырынан бастап Қазақстандағы мемлекеттік емес Валют-
Транзит Қор жинақтаушы зейнетақы қорының тарихы басталады. Алғашқыда ол
мемлекеттік емес әлеуметтік Валют-Транзит Қор болып, кейіннен 1997 жылғы
3 шілде күнгі Зейнетақылық қамтамасыз ету Заңы шыққаннан кейін Валют-
Транзит Қор ННП ЖАҚ болып өзгертіледі. Алғашқы жарғы капиталы 110 мил.
Теңге болды.
1998 жылдың басынан бастап Қазақстанда зейнетақылық реформа басталды,
Валют-Транзит Қор ННП өзінің аяққа тұру кезеңін аяқтап жылдың алғашқы
күнінен бастап салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту, сақтау мен
инвестициялау бойынша белсенді жұмысқа кірісті.
1998 жылдың 18 желтоқсан күні №0000002 мерзімсіз мемлекеттік Бас
рұқсат қағазын алғашқылардың бірі болып алды. 200 жылдың 1 тамызына
бекітілген уақытқа дейін төленген жарғы капиталын 200 млн. теңгеге, ал
резерв көлемін талап етілген деңгейді басып озып 1,148 млн теңгеге
жеткізді. Осы уақыт ішінде қордың ұйымдастырылған құрылымы құрылды, онда
Қордың Директорлар кеңесі, оған Қазақстанның беделді азаматтары кіреді, Қор
Басқармасын тәжірибелі менеджерлар мен үнемдеушілер басқарады. 17 аумақтық
филиалдар, өкілеттіліктер және көптеген агенттік пункіттер Қазақстан
Республикасының барлық аумақтарын жайлауда.
2005 жылы Валют-Транзит Қор ЖЗ қызметінің негізгі көрсеткіші он есе
өсті. Жалпы зейнетақылық активтер 345 53 180 мың теңге құрайды, салымшылар
қатары 691000 мың адамға дейңн өсті. Барлық тарих және қордың даму
динамикасы Валют-Транзит Қор ЖЗ алдында жаңа жетістіктер тұрғандығын
көрікті түрде көрсетеді. Ол Қор клиенттары, оның құрылтайшылары мен
қызметкерлеріне болашаққа сеніммен қарауға жол ашады.
Жинақтаушы зейнеткерлік Валют-Транзит Қор АҚ мақсаттары мен
міндеттері.
ЖЗ Валют-Транзит Қор қызметінің басты міндеті салымшылардың
зейнетақылық жинақтарын тиімді орналастыру, сақтау мен көбейту болып
табылады. Бұған байланысты Қор өзінің қызмет барысында келесі мәселелерді
шешуде:
- Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің мазмұны мен мақсаттарын түсіндіру барысында ақпараттық
кампанияны белсенді жүргізу;
- Салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақылық салымдарын тарту,
жинау;
- Салымшылардың жеке зейнетақылық есептерін жүргізу;
- Заң талаптары мен нормативтерге сәйкес зейнетақылық төлемді
салушыға төлеу;
ЖЗ Валют-Транзит Қор АҚ міндеттері:
- негізгі қортындылар мен қызмет көрсеткіштеріне қатысты негізгі
қортындылардың ашық көрсетілуі мен қол жетімдігі;
- салымшыларға олардың зейнетақылық жинағы бойынша кез келген
ақпаратты беру;
- зейнетақы төлемдерін қызмет көрсететін банк есебіне жеке зейнетақы
есебінен есеп шотқа ауыстыруды жүргізу;
- салымшының өтініші бойынша оның зейнетақылық жинағын бір ЖЗҚ
басқаға ауыстыру;
- қормен зейнетақылық келісімге тұрған барлық азаматтар үшін тең
жағдай жасау;
- Қордың қызметі туралы статистикалық, есептік және басқа да міндетті
ақпаратты ашық және өол жетімді баспасөзде жариялау.
2002 жылдың мамыр айында Валют-Транзит Қор ЖЗ 2001 жылдың қортындысы
бойынша француздық – Өндіріске ықпал жасау ассоциациясы Алтын медалі
берілді.
Бұл халықаралық награда тұрақтылық пен өсу динамикасын, тауар, қызмет,
технологиялар сапасын тануды куәландырады, лауреаттың тиімді қызметін және
жаңа экономикалық жағдайдағы бәсекелестігін растайды. Валют-Транзит Қор
қызметін халықаралық деңгейде жай анықтаған жоқ. Беделді Ассоциация алғашқы
өазаөстандық мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының сапалы өсімін
бағаламай тұра алмады.
ЖЗ Валют-Транзит Қор нақты жүйесі 2006 жылдың 01.01.:
-19 филиал;
- 15 өкілеттілік;
- 112 агенттік пункіттер (1 сурет)
Ол тек қалаларды ғана емес, сонымен қатар ең алыс деген елді
мекендерді де игере бастады. 8 жылдық белсенді жұмыспен Қор республикада
аумақтық жүйені дамыту дәрежесі бойынша алдыңғы орында.

1 сурет. ЖЗВалют-Транзит Қор АҚ аумақтық жүйесі.
Бұл Валют-Транзит Қор АҚ және оның еліміздің зейнеткерлік жүйесінде
даму стратегиясының ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Бүгнігі күні қор
еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді.

2.2. Валют-Транзит Қор АҚ өткен жылмен салыстырғандағы 2005 жылғы
қортынды бойынша балланс құрылымының талдауы.

Зейнетақы қорының қаражат жағдайы – ол оның қаржы бәсекелестігінің
сипаты, қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет пен басқа
субъектілер алдында міндеттерді орындауы.
Зейнетақы қорының қаржы жағдайы кіріс, тұрақты қаржылық, несие
берушілік, капиталды пайдаланушылық, валюта айналымын білдіреді.
Қаржы жағдайының сарабы үшін ақпарат көзі болып жұмылдырылған баланс
пен оған қосымша (ақша қозғалысы туралы есеп, кіріс және табыс есептері),
статистикалық және жедел есеп табылады. Терең сарап үшін шаруашылық
субъектіде қызмет жасайтын нормативтер пайдаланылады. Әр зейнетақы қоры
өзінің нормаларын, нормативтерін, тарифтері мен лимиттерін, оның бағалау
жүйесін және қаржы қызметін реттейтін жоспарлық көрсеткіштерін әзірлейді.
Бөл ақпарат коммерциялық құпия, кей кездері ноу-хау болады.
Өаржы жағдайының сарабы келесі негізгі әдістер көмегімен жүргізіледі.
- салыстыру;
- біріктіру және топтастыру;
- жалғастырушы.
Салыстыру әдісі есеп кезеңінің қаржылық көрсеткіштерін олардың
жоспарлы маңыздылығымен (норматив, норма, лимит) және бұған дейінгі
кезеңнің көрсеткіштерін салыстырумен қортындыланады.
Жинақ пен топтастыру әдістері ақпараттық материалдарды аналитикалық
таблицаларға біріктіру болып табылады.
Сараптау процессінде таза пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Зейнетақы қоры
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін талдау
Пәндер