ТМД елдерінің қола дәуірі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Қола дәуірінің ерекшелігі . . . 6
II. ТМД елдерінің қола дәуірі . . . 9
2. 1 Фатьянов мәдениеті. 9
2. 2 Абаш мәдениеті. …10
2. 3Катакомб мәдениеті11
2. 4 Кобан мәдениеті . . . 13
2. 5Афанасий мәдениеті . . . 16
2. 6Ямная мәдениеті. 17
2. 7Андронов мәдениеті . . . 19
2. 8Беғазы-Дәндібай мәдениеті . . . …23
Қорытынды. . 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 27
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Ғасырлар бойы халықтардың жеке шаңырақ көтеріп, өз алдына еркіндік туын тігуі, тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің өркениетті елдердің қатарынан көріну, арманы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Біз адам қоғамының қалыптасып дамуы жайлы тарихи деректердi зерттеу арқылы танып бiлемiз. Дерек ретінде адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болса да мәлiмет беретiн кез келген зат есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен екi топқа бөлiп қарастыру қалыптасқан. Оның бiрiншiсi - жазба, екiншiсi - заттай деректер. Археология екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай дерекке, қайсыбiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым жатады. Олар атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару-жарақтар, тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiк те бар. Археологиялық ескерткiштер: мекенжайлар және жерлеу ескерткiштерi болып екiге бөлiнедi. Археологиялық ескерткiштердiң басым көпшiлiгi осы екi топқа кіреді. Бұлардың ешқайсысына қатысы жоқ ескерткiштер бар. Олар: өндiрiстiк құрылыстар мен рухани мәдениет жәдiгерлерi. Бұлардың бiрқатары мекендердiң iшiнде (шеберханалар, мешiттер, храмдар т. б. ), бiрқатары мекендерден тысқары жерлерде (суару жүйелерi, тастағы таңбалар, кен алған орындар т. б. ) орналасуы мүмкiн. Ежелгi адамдар тұрып, өз тiршiлiгiнiң iздерiн қалдырған мекен-жайлар археологиялық ескерткiштердiң iшiндегi ең көп таралған түрi. Осындай мекен- жайлардан үйлердiң қалдықтары жиi кездеседi. Темiр ғасырына жататын, сыртында қорғаныс құрылыстары бар мекенжайлар археологияда қалашықтар деп аталады.
Курсық жұмыстың тарихнамасы. Қола дәуіріне байланысты деректер негізінен І Петрдің тұсынан бастап бүгінгі күнге дейін жинақталып келеді. Олар қазба жұмыстары барысында алынған жәдігерлер, археолог-зерттеушілердің жыл сайын беретін есептері, мақалалары, ғылыми, еңбектері ретінде жинақталды Осыған орай деректерді мынадай үш топқа бөліп сараптауға болады:
1) І Петрдің тұсынан Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектер. Бұл уақыт аралығында І Петрдің көне мұраларға ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-ақ бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге жапсарлас жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы әрекеттердің нәтижесінде құнды деректер жинақталды. Осы уақытта географтар, геологтар, тарихшылар копеннің көздеріне назар аударып, сөйтіп қола дәуірінің ескерткіштері туралы деректердің қорын молайта берген. Бұл уақыттағы деректедің тобып көбіне заттай деректер құраған. Қола дәуірінің қорғандары қазына іздеушілердің ұмтылыс жасағандығынан тоналып, құнды жәдігерлерің көбі жоғалып кеткен. Бұл уақыттаға табылған заттар тек С. Б. Броневский [1] , А. И. Бахирева [2] , Дарто [3] арқылы ғана белгілі болған. Дегенмен араға уақыт салып заттай деректерің А. И. Шренк[4] жинаған. А. И. Шрнектің коллекцияларының көбі қола бұйымдары мен заттары. Материалдар КСРО ҒА-ның антрополгия және этнология мұражайында сақтаулы[4, 18б] . Қола дәуірінің ескерткіштері жөнінде офицер саяхатшылар T. Волошанин[5], Н. Рычков[6], И. Андреев[7], жазылған. Заттай деректердің қатарын өлкетанушы-ғалымдар да топтырған. Олардың қатарында Н. М. Яндрицев[8], Г. Н. Потанин[9], С. Н. Гуляев [10], В. В. Радлов[11], Н. Я. Коншин [12] болды. Бірақ олардың ішінде В. В. Радловтан басқалары толыққанды археологиялық қазба жұмыстарын жасамаған[2, 17б] . Қола дәуірін алғашқылардың бірі болып зерттеген В. И. Каменский. Өскеменнің солтүстік-батысының Қызылсу өзеніндегі Қойшыбай қыстауы маңынан Кіші Қойтас обасына және Қаражал шатқалындағы андроновтық қоршауларға зерттеу жұмысарын жүргізіп, нәтижесінде, қызыл сазды нағыз керамика сынықтарын беретін бай қабірлер, геометриялық фигуралар түріндегі бірнеше ыдыстар табылған. Сонымен қатар қола сырғалар, жүзіктер, қола қанжарлар, алқаларды қолға түсірген, В. И. Коменскийдің [13] қазба жұмыстары нәтижесінде алынған материалдардыС. А. Теплоухов[14], М. П. Грязнов [15], С. С. Черников [16] жариялаған. Ю. В. Аргентов [17] Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің дөңгелек қоршауларын зерттеген. Қазба жұмыстары өте айқын заттай деректерді берген.
2) 1917 жылдан 1991 жылға дейiн жазылған ғылыми еңбектер. 1917 жылғы революциядан кейін археологиялық зерттеулер мемлекеттік негізде жүргізілді. 1919 жылы Материалдық мәдениет академиясы, ал 1920 жылы Мұражайлар және өнер, табиғат, көне ескерткіштері қорғау істері жөніндегі Түркістан комитеті құрылды. Аталған мекемелер ұйымдастырған экспедициялар қола дәуірінің ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұйымдастырылған экспедициялардың есептері жыл сайын ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысында жарияланып, ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапқан [18, 15 б. ] . Қола дәуіріне қатысты деректердің көпшілігі тарихи шыңдықты объективті түрде көрсете алатындығы дау тудыра қоймас, себебі оларды археологиялық зерттеу жұмыстары барысында ғалымдар өз көздерімен көріп, ғылыми айналымға еңгізген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Фатьянов мәдениеті, Абаш мәдениеті, Катакомб мәдениеті, Кобан мәдениеті, Афанасий мәдениеті, Ямная мәдениеті, Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай сияқты ірі мәдениеттер жататын және адамзат тарихының археологиялық кезеңдерінің бірі болып табылатын қола дәуірін тереңірек түсіну. Мәдениеттерге тереңірек сипаттама беру және бұл мәдениеттерге қатысты маңызды деректер жинау, бұл мәдениеттердің басқа мәдениеттерден ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ өзіндік артықшылықтарын айта кету және нақтылау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- ТМД елдерінде жүргізілген археологиялық экспедициялар мен ондағы зерртеу жұмыстарына баға беру;
- ТМД елдеріндегі мәдениеттерінің зерттелу деңгейіне тоқталу;
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Қола дәуірі
Қола дәуірі-адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналумен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы, құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б 4-мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға, Үндістанға, Қытайға, Еуропаға, Қазақстанға тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар[19, 46 б. ] . Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердң жеткілісіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.
Қола дәуірінің басты үш ерекшелігі болды:
1. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өңдірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы мыс-рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлерінде кен өңдірілген орындардын табылуы бұған дәлел болады.
2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II -мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өңдірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б II-мыңжылдықтың аяғында-I-мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне-көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды
Қола дәуріндегі экономиканың басты-екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның, сондай-ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өңдіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік көңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық өзгерістері нәтижесінде Б. з. б. ІІ мың жылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты. Өндіруші тұрпаттағы экономикағакөшу Қазақстан территориясындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды, бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір роль атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың қақтығыстарында да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды [19, 43 б. ] . Археологиялық материалдар бойынша, андроновтық тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ территорияға тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықтың орнына айқын мәдени біркелкіліті көрсетті. Қола дәуіріндегі қоғам процесі екі факторға байланысты. Олардың бірі-жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. ІІ мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі заттың неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар; оның өзгешелігі-өзі қатты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды. Б. з. б. ІІ мың жылдықтың басында-ақ Повольженің, Приуральенің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында комплексті малшылық егіншілік-шаруашылығы қалыптасады. Ал б. з. б. ІІ мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өңдірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. ІІ мың жылдықтың аяғында І мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне- көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілерден бөлініп шығуын Ф. Энгельс ең бірінші қоғамдық еңбек бөлінісі деп атады. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. ІІ мың жылдықтың ортасында болды деуге келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы дамудың әр түрлі қарқының еске алу керек. Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаншылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп, сөйтіп, ксеротермиялық минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендерінің суы тартылды, жайылымдағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, солтүстік жартышардағы құрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды. Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Еуропа пен Батыс Азиядағы далалық тайпаладың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық деректерде де растайды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақыттық қонстарында су жетістірудің жаңа әдісі-құдық қазу шығады [20, 33 б. ] . Егер Қазақстанның солтүстің аудандарның тұрғындары мен Батыс Сібірдің орманды және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен әуелгі қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бірбіріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б. з. б. ІІ мың жылдықтыңортасында Орталық Қазақстандағы сияқты бұл аудандарда да малшылық-егіншілік шаруашылығы өрістеп, мал шаруашылығы басым болды. Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың халқына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуына және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюіне, сірә, сол жоғарыдағы табиғи-климаттық құбылыстар себеп болса керек. Халықтың қоғамдық құрылысы мен семьялық-некелік қатынастарында мәнді-мәнді өзгерістер болды [21, 39 б. ] . Қола дәуіріндегі экономиканың бастыбасты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті, мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеорнына юіне және түптеп келгенде, аналық ру орнына аталалық ру болуына жеткізді. Қоғамдық қмірдегі ірі өзгерістер өңдіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриахаттық қатынасытың дамуына байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
II. ТМД елдерінің қола дәуірі
2. 1 Фатьянов мәдениеті
Фатьянов мәдениеті-археологиялық мәдениет 3-ші жартыжылдықтың екінші жартысында - б. з. II мыңжылдықтың ортасында. Бұл шайқас жергілікті нұсқасы.
Мәдениет археолог А. С. Уваровтың 1873 жылы Фатьяново ауылының маңында, Толбохино ауылында (қазіргі Ярославль ауданының Ярославль ауданында) табылған жерленген жер деп аталды. Фатьяново мәдениетінің шығыс бөлігі кейде Баланованың жеке мәдениеті ретінде ерекшеленеді [22, 66б. ] .
Антропологиялық зерттеулерге сәйкес, Фатьяново мәдениетінің тасымалдаушылары оңтүстік еуропалық ерекшеліктерге ие болды. Фатьяновтар антропологиялық түрі жағынан, Жоғарғы Еділге жақын, ал екінші жағынан оңтүстік-батыс элементтері әсер етеді. Антропологтар Балтика түрлерінің мәдениет өкілдеріне жақын орналасқандығын және Орталық Еуропаның (Силезия, Чехия) краниологиялық типке ұқсастығын атап өтті. Фатьянов мәдениеті халықтарының үнді-еуропалық отбасыларына жататын мен қыш құмыралары бар ірі мәдени-тарихи мәдениет бірлестігінің бөлігі болды [22, 25 б. ] . Кейбір зерттеушілер осы қауымдастықта бөлінбейтін Протобальт-славян-неміс қоғамын көреді. Археологиялық деректер Фатьянов, Орташа Днепр, Вишло-Неманск мәдениетіне және Балтық мәдениетіне ерекше жақындығын көрсетеді.
Фатьяновтар асыл тұқымды ірі қара маласыраған және металл өңдеу әдістерін, ыдыстаою-өрнек салу әдістерін білген [22, 15 б. ] . Батыста Фатьянов мәдениетінің тұрғындары темір дәуірінің Днепро-Двинск және Юхнов мәдениетінің негізін қалады[22, 90 б. ] . Шығыс өңірлерінде (Орта Еділ, Вятской және Ветлуга, яғни мыс құмдары бар жерлерде), Фатяново мәдениеті жергілікті тайпалармен араласып, Чирково-Сеима мәдениетін құрды. Фатяново мәдениетінің қалдықтары Волга-Окадағы тарихи дәуірге дейін, әсіресе Ярославль Мәриямның мәдениетінде байқалады. Лев Кляйн Фатьяновтардың ұрпақтарының Балтық патшалығы екенін айтты.
Халықтың негізгі шаруашлығы - мал шаруашылығы болған. Олар шошқа, қой, ешкі, сиыр және жылқы малдарын өсірді. Ит үйде көмекші болды. Аң аулау, балық аулау және жинау үлкен маңызға ие болды. Олар төрт дөңгелекті арбалармен ғана емес, екі дөңгелекті арбалармен де танымал болды. Олар арбаларға барып, жеңіл үйлерін алып жүрді. Көшпелі аумақтың орталығы-ата-баба зиратыболған[23, 72 б. ] . Ерлердің мазарларында бұрғыланған тас осі, тас және сүйек құралдары болды. Әйелдер жерлеу орындарында ыдыс-аяқ, тұрмыстық заттар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар, соның ішінде мыс табылған. Фатьяново мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі - жануарлар мен бірге көмуі, әсіресе аюды. Осыдан біз аюлы табынушылық бар деп қорытынды жасауға болады.
2. 2 Абаш мәдениеті
Абаш мәдениеті-(б. з. б II-мыңжылдықтың II жартысында) Ресейдің еуропалық бөлігінің Калуга аймағынан Башқұртстанның оңтүстігіне қарайорналасқан. Абашево мәдениетінің археологиялық объектілері Чувашияның аумағында, Мари-Эль, Башқұртстан, Воронеж және Липецк өңірлерінде табылған. Жоғарғы Еділ аймағында, Переславль-Залес ауданындағы Плешчеев көлінің маңында үлкен қорғандар табылған. 1939 жылы осы топтың 3 қорғаны П. Н. Третьяков олардан Абрашевка керамикасы және зергерлік бұйымдар табылған. Абашев қорымының оңтүстік ауданы қазіргі Воронеж облысын қамтиды [24, 11 б. ] . Оңтүстік Оралда Әбашево ауылы ашылды. 1951 жылы К. В. Сальников Балбаш елді мекенін зерттеп, 1934 жылы ашылған. 1948-1950 жж. олар Малохизилское кентін қазып алып, жер асты қабырғасының қалдықтарын алып тастады. Бұл Абашево материалын берді, онда Андроново мәдениетімен ұқсастығы байқалды. 1951 жылы Белая өзенінің маңайынан К. В. Сальников Абашев мәдениетінің соңғы кезеңіне жататын «Баланбаш» керамика бар бірнеше елді мекенді тапты [25, 22 б. ] . Осылайша, Абашев тайпалары Жоғарғы және Орта Еділ аймағын, Кама және Оңтүстік Орал, қазіргі Чувашия, Мария Ел, Татарстан, Башқұртстан, Пермь өлкесі, Киров, Ульянов, Самара және Воронеж облыстарын қамтитын кең аумақты алып шықты.
Абашево мәдениетінің ескерткіштерінің негізгі топтары Орта Еділ аймағының аумағында - Ілеттің бассейнінде, Цивила, Свиаги және Каменнің төменгі жағалауында шоғырланған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Фатьянов мәдениеті секілді Абашев мәдениеті оның Орта Днепр мәдениетімен байланысты.
Қазіргі уақытта Абашев мәдениетінің шығу тегі туралы бірнеше болжам бар. О. Н. Бадер Абашевмәдениеті Фатьянов ескерткіштерімен тығыз байланысты. Кейіннен, ол осы тұрғыдан кетіп, Балановка мен Абасовка мәдениетінің арасындағы генетикалық байланыстың екіталай деп санайды. О. А. Кривцова-Гракованың айтуы бойынша, Абашев мәдениеті Фатьянов мәдениетімен тек қана ыдыстардың ою-өрнектерінің ұқсастығына ғана емес, сонымен қатар еденнен қойылған жер асты шұңқырларынның ұқсастығы болған. Балан тайпалары Абашев этномәдени бірлестігінің қалыптасуының бір құрамын құрды [25, 34 б. ] . Балан және Абашев мәдени ескерткіштерін тарату аумағының сәйкес келуі, ұқсас құралдар мен әшекейлерөрнектің ұқсастығыжер асты шұңқырларының ұқсастығы мал шаруашылығының дамуы және т. б. ұқсастықтар барлық жағынан Абаш және Балан тайпаларының тығыз байланыста болған мәдени байланыстары туралы жеткілікті сенімділікпен айтады.
Н. Я. Мерперт Абаш мәдениеті мен орта Днепр мәдениеті арасындағы генетикалық байланыстың болуын жоққа шығарады. Г. Векон Абашев мәдениетін тууын Таяу Шығыс мәдениетімен байланыстырады.
Олар негізінен мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы шаруашылығымен айналысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz