КӨМЕКШІ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 3

1 СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Сыныптан тыс оқу жұмыстарының мақсаты және оның ұйымдастырылуына
қойылатын жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

1.2 Көмекші мектеп оқушыларын оқуға ынталандыру, ауызша сөйлеу тілін
дамыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 26
1. 3 Көмекші мектепте сыныптан тыс оқуда ақыл-ойы кем оқушылармен
жүргізілетін жұмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

2 КӨМЕКШІ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Эксперименттік жұмыс және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 46
2.2 Көмекші мектепте сыныптан тыс оқуда әдістемелік
нұсқаулар ... ... ... ... 58

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..69
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
ТІРКЕМЕ
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Ақыл-ойы кем оқушыларды оқуға үйрету қазіргі
арнайы педагогика мен арнайы психология ғылымдарының маңызды бір мәселесі
болып табылады. Қалыптасатын оқу процесі барлық оқу пәндерін терең
меңгеруге мүмкіндік береді; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтеді;
оқушылардың ақыл ой және адамгершілік дамуына оң әсерін тигізеді. Арнайы
педагогика мен арнайы психология әдебиеттерінде мүмкінішлігі шектеулі
оқушыларды оқуға дайындағанда келесідегідей сапаларға көп көңіл бөлінуі
тиіс: дұрыс, тез және анық оқу. Бірақ оқудың техникалық жағынан басқа,
оқушыларда оқуға деген ынтасын, кітапты таңдай білу, өз қызығушылығын
басқару және оны толық қабылдауын қалыптастыру өте маңызды болып табылады.
Көмекші мектеп оқушылары оқу мәселесіне арналған зерттеулерде
көрсетілгендей мүмкіншілігі шектеулі оқушылар сауаттылық пен оқу дағдыларын
меңгерсе де, кітапты оқуға деген ынтасы жоқ болады. Көмекші мектеп
оқушылары психологиялық таным үрдістерінің даму күшінің бұзылуына
байланысты әдебиет шығармасын түсінуде үлкен қиындықтарды кешіреді. ( В.Г.
Петрова [1,2,3], Р.И.Лалаева [4], Г.А.Каше [6], Р.К.Сухарева [7],
Ж.И.Шиф [9], А.Р. Лурия [10] т.б.)
А.К.Аксенова [11], М.Ф.Гнездилова [12], Г.М.Дульнев [14], В.Ф.Мачихина
[15], Ж.И.Шиф [8] зерттеулерінде арнайы мектеп жағдайларында кітаппен
жұмыстың маңыздылығын көрсетіледі. Балалардың көркем әдебиет материалы ақыл-
ойы кем оқушылардың ойлауын дамытуда, сөз қорын молайтуға жұмыс істеуге
мүмкіндік берді. Арнайы зерттеулерде оқушылардың жасын ескере отырып
сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру бойынша кейбір әдістемелік нұсқаулар болды.
Бірақ арнайы мектепте сыныптан тыс оқу жүйесін құру туралы сұрақ
шешілмеген, ол ақыл-ойы кем балалардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін
ескере сыныптан тыс оқуларының өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыруын
қамтамассыз ете отырып және мұғалімдерді бұл жұмысты ұйымдастыруда
әдістемелік-мазмұндық аппаратымен қамтамассыз ете алатындай болу керек.
Терең білім, жан-жақты тәрбие беріп, салмақты көзқарас қалыптастыруда
және көмекші мектеп оқушысының мінез-құлқына әсер етуде қазақ тілі мен ана
тілі пәндерінің алар орны ерекше. Тіл құдіреті мен әдебиет күші адамды
рухани байытып, жанын сұлуландырып, ізгілікке, адамгершілікке баулиды.
Әрине, бұл ретте пәндік сабақтарға ғана арқа сүйеп, тар аяда қалып қоюға
болмайды. Олар бағдарлама бойынша негізгі түсінік берсе, сыныптан тыс оқу
дәрісті дамыта түсіп, ойына ой қосады.
Бүгінгі сыныптан тыс оқу, пән апталығы, саяхат, тақырыптық кеш,
пікірталас және оқырман конференциясы, түрлі пән үйірмелері т.с.с. мектеп
қабырғасында тұрақты орын алып отырғаны қуантарлық жай. Бірақ соның бар
екендігіне, өткізіліп тұратынына тоқмейілісіп қалмай, "Ана тілі – жан-
дүниенің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерек, ана тілін үйренуде сөздерді
жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен
бірге, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу
үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді" – деп Ж.Аймауытов
"Тәрбиеге жетекші" деген еңбегінде жазғандай, сыныптан тыс оқу үстінде тіл
дамыту мәселесі грамматика-морфология, фонетика, синтаксистік талдау жасап,
оның заңдарын ғана біліп қоймай, сөз бедерін танып, астарына үңіліп, көркем
шығармаларды түсініп оқуына ықпал етуді көздейді [16].
Сыныптан тыс оқу жұмыстарының жүйесін құруда әдебиет шығармаларын
таңдауды қарастырады, ақыл-ойы кем оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп қана
қоймай, олардың қызығушылығын, сыныптан тыс оқу сабағының жоспарын және
оның құрылымдық компоненттерін ескеріп, оны оқу үшін тағайындау қажет.
Сонымен, көмекші мектепте ақыл-ойы кем бастауыш сынып оқушыларына
оқыту жүйесіндегі сыныптан тыс жұмыстың маңызы зор болып есептеледі. Оның
бірнеше себептері бар. Ең алдымен, сыныпқа келген оқушылар құрамы біркелкі
бола бермейді. Олар жастарына және типологиялық ерекшеліктеріне қарай
мектепке дейінгі дайындық деңгейінде және мектепке оқуға психологиялық
даярлығына қарай бөлінеді. Көмекші мектепте оған дейін-ақ ақыл ойының
жеткіліксіздігі байқалған, бірақ әртүрлі себептермен арнайы бақшада
тәрбиеленіп, дайындықтан өтпей, жалпы бақшаға барған балалар да келеді.
Бірінші сыныпқа келген мұндай балаларды оқытудың қиыншылығы әліппені оқу
кезінде-ақ байқалады. Кейбір жағдайларда мұндай балаларды оқуда үлгермеуіне
байланысты диагнозын қойып, қандай мектептің түріне жіберу керектігін
анықтау мақсатымен бірден комиссияға (сарапқа) салады. Кейде олар оқу
бағдарламасын меңгере аламаған соң, оқуға ешқандай ықыласы болмаса да жалпы
мектепте оқи береді. Мұндай балалар негізінде ешнәрсеге қызықпайтын енжар,
солғын немесе керісінше сотқар, алаңғасар, елгезек болады.
Көмекші мектепке келген балалардың кейбіреулері оқуға ынталанып, шамалы
икемді келеді, ал басқа біреулері мүлде құлықсыз болады. Бірақ олардың
барлығын мектепке даярлықсыз келгендердің қатарына біріктіреді. Қазіргі
уақытта баланың мектепке келген психологиялық даярлығы деп оның оқушыға
қойылатын нақтылы талапты игеруін емес, осы талаптар қалыптасуының
алғышартын меңгеруін есептейді.
Кейбір ақыл-ойы кем оқушылар мектеп ережесін айтарлықтай сақтайды,
өздерін сабақта отырғанда тәртіпті ұстайды, бірақ барлығында да танымдық
қызметінің бұзылғандығы байқалады, мұндай кезде танымдық қызметінің даму
деңгейі балалардың меңгерген білімінің сапасына байланысты болады.
Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі
көмекші мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлеледенген.
Ақыл-ойы кем балалардың түсіну, ұғыну және есінде сақтау, ойлау
қабілетінің және сөйлеу тілінің бұзылғандығы, оларды жетілген балалардан
айырып тұрады.
Ақыл-ойы кем балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте көп кездеседі.
Импрессивтік (түсіну) және экспрессивтік (белсенді) сөйлеу тілі де
бұзылады. Сөйлеу тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтарының,
сондай-ақ диалог пен байланыстырып сөйлеуінің бұзылатындығы байқалады.
Сауатын ашу, яғни оқу мен жазуға алғашқы дағдылану үшін ең алдымен
фонематикалық есту қабілетінің және сөйлеу тілінің айтылу жағының
жеткілікті түрде дамуы қажет екені белгілі. Сөзден дыбысты айырып ала білу,
оны ұқсас дыбыстан ажырата білу, сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуын анықтау,
оның сөздегі орнын таба білу, сөздердің құрамына кіретін дыбыстардың
жүйелігін анықтау оқуға үйретудің міндетті шарты болып табылады.
Көптеген дефектологтардың дерекетері бойынша дыбыстардың айтылуындағы
кемістіктер сау балаларға қарағанда ақыл-ойы кем балаларда жиі кездеседі.
Көпшілігіндегі мұндай кемістіктер артикуляциялық аппарат соншалықты
бұзылмаса да, фонематикалық есту қабілеті нашар дамығандықтан болады деп
түсіндіріледі.
Оқу дағдыларын қалпына келтіруге фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу
тілінің дамуымен қатар, басқа да физикалық сыңарлары (компоненті), соның
ішінде көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлауы, қимылы, жазуға үйрету
кезінде ең алдымен қолдың ұсақ бұлшық еттері қимылдары дамуының маңызы
зор.
Ақыл-ойы кем балалардың көру түйсігі мен түйсінуінің кемістіктері
әріптердің бейнелерін, олардың кеңістіктегі оналасуын анықтауды қиындатады.
Сөйлеу тілі дамуының және жалпы, фонематикалық есту қабілетінің, көру және
кеңістікті түйсінуінің, қимылының бұзылуы ақыл айы кем балалардың
барлығында да байқалады (Л.С.Выготский [17], С.Я.Рубинштейн [19]).
Балаларды сауатын ашуға дайындау, ал келешекте оқу дағдысын жетілдіру,
ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің грамматикасын меңгеру үшін шешешетін
негізгі мәселелер:
1) балалардың сөйлеу тілі дамуын және жалпы дамуын, оқудан алған
білімді және дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау;
2) балаларды алғашқы тексеру
3) оқуға ынтасының өсуі;
4) қарым-қатынаста сөйлеу дағдысын жетілдіру;
5) фонетикалық есту қабілетін жетілдіру;
6) көру және кеңістікте түйсінуін қалпына келтіру.
ХХІ ғасырға енді аяқ басқан кезде жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан
Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, болашақ жас ұрпақты мәдениетті,
білімді, рухани интеллектуалдығы жағынан жоғары етіп тәрбиелеудің мазмұнын
түбегейлі жаңарту көзделуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан халқына 2006 жылғы 1-ші наурыздағы Ынтымағы жарасқан халықтың
алмайтын асуы жоқ атты жолдауының төртінші басымында: Осы заманғы білім
беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы
арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі орын алуда.
4.1. Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін
дамыту.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз
етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
4.2. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы болуы негізінде
мәдениеттің ел мемлекеттігінің қалыптасу үрдісіндегі рөлін нығайту [20].
Соңғы жылдары ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениетті біріктіре отырып
жеке тұлғаның жан-жақты жетілдіре қалыптастыру мәселесі педагогикалық
әдебиеттерде жиі сөз болып жүр.
Сондай ерекше кезек күттірмейтін себептердің бірі – көптеген психолог-
педагогтардың, физиолог, дефектологтардың назарын аудырып отырған мәселе –
көмекші мектепте сыныптан тыс оқуда балалардың тілін дамыту.
Л.С.Выготскийдің [18] психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы
– бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні
– баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі
оның табиғи деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап
біріншіден, баланың психикасын, оның жан-дүниесінің дамуын, ақыл-ой
деңгейін өрістетіп, оның жетілдіру шама-шарқын жетерлік оқу-білім алуға,
оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-
мағынасын пайымдап білуне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз
санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті
байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек.
Бізідің зерттеу жұмысымыздың барысында оқу дағдысын қалыптастыру, және
оның негізгі формаларымен, әдіс-тәсілдерімен, әдістемесімен танысып, оларды
тәжірибеде қолдану барысында біздің Қазақстандық Қ.ҚӨмірбекова, К.Б.
Бектаева [21] сынды дефектолог–ғалымдардың еңбектерін де негізге алдық.
Зерттеудің жаңалығы:
- көмекші мектепте сыныптан тыс оқу жұмыстарында балалардың
сөйлеу тілінің даму деңгейі анықталды;
- сыныптан тыс оқуда техникалық оқу құралдарын ұтымды пайдалану
жолдары ашылды;
- көмекші мектеп мұғалімдеріне сыныптан тыс оқуда әдістемелік
нұсқаулар әзірленді.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты – көмекші мектепте сыныптан тыс оқу
жұмыстары арқылы балалардың тілін дамыту
Біздің зерттеуіміздің міндеттері:
- Арнайы педагогикалық, арнайы психологиялық әдебиеттерді талдау;
- Ақыл-ойы кем оқушыларды оқытудың теориялық негіздерін құру;
- Көмекші мектептегі сыныптан тыс оқу жұмысының құрылымын ашу;
- Көмекші мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқуда сөйлеу тілін дамыту
әдістемесін құру және эксперименталды тексеру;

Зерттеу объектісі – көмекші мектептің ақыл-ойы кем оқушыларын оқыту
үрдісі

Зерттеу пәні – көмекші мектепте сыныптан тыс оқыту әдістемесін зерттеу

Зерттеудің ғылыми болжамы: Сыныптан тыс оқу жұмыстары көмекші мектеп
оқушыларының сөйлеу тілін тиімді дамытады, егер:
- әрбір мұғалім сыныптан тыс оқу жұмыстарының маңыздылығын ескерсе,
тәжірибелі педагогтардың баланың сөйлеу тілінің дамуын
пайдалансаса;
- арнайы педагогика және психологияға сүйене отырып, сыныптан тыс оқу
жұмысының ерекшеліктері мен түрлерін пайдаланса.

Зерттеудің әдістері
Зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды:
- теориялық (талдау, салыстыру жаттығулары);
- психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау
(анализ);
- педагогикалық эксперимент және нәтижелерін өңдеу әдісі;
- бақылау, әңгімелесу, сөздік әдістер;
- сауалнама, эксперимент әдісі.
- техникалық құралдар пайдалану.
Зерттеу кезеңдері:
- бірінші кезең (2004-2005 ж.ж.) психологиялық-педагогикалық
әдебиеттер қарастырылып, көмекші мектеп оқушылары бақылауға алынды;
- екінші кезең (2005-2006 ж.ж.) зерттеу жұмысымыздың тақырыбы
анықталды. Көмекші мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу
бағдарламасына анализ жасалып, зерттеу әрекетін ққалыптастыру
әдістемесі негізделді. Анықтаушы және қалыптастырушы экспериментті
жүргізу жолдары құрылды;
- үшінші кезең (2006-2007 ж.ж.) Сыныптан тыс оқуда оқушылардың сөйлеу
тілін дамытуға ұсынылған әдістердің тиімділігін тексеру мақсатында
тәжірибелі-педагогикалық жұмыс жүргізілді. Алынған нәтижелердің
талданып, қорытындыланып, ұсыныстар құрылды.

Зерттеудің теориялық мәні: жүргізілген теориялық және эксперименттік
жұмыс көмекші мектептегі сыныптан тыс оқудың рөлін анықтауға мүмкіндік
берді.
Көмекші мектеп оқушыларының тілін дамытудағы сыныптан тыс оқудың мәні
анықталды.
Тәжірибелік маңыздылығы: көмекші мектепте техникалық оқу құралдарын
қолданудың тиімді жолдары ашылып, көмекші мектеп мұғалімдеріне арналып
сыныптан тыс оқуда тіл дамыту әдістемелік нұсқауы әзірленді.
Зерттеу базасы: Талдықорған қаласындағы Облыстық көмекші мектеп-
интернаты.

Жұмыстың құрамы және көлемі:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен, тіркемеден тұрады.

1 СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Сыныптан тыс оқу жұмыстарының мақсаты және оның ұйымдастырылуына
қойылатын жалпы талаптар.

Қазіргі уақытта көмекші мектеп ақыл-ойы кем оқушыда оқу дағдысын
қалыптастырады. Бірақ бұл жеткіліксіз: ол белсенді оқырманды тәрбиелеу
қажет, ол өзбетімен кітапты оқып және өзіне қажетті тақырыбына сай кітапты
таңдауға, газет, журналдарды, қосымша әдебиеттерді, қолдану керек.
В.А.Сухомлинский айтқандай: Менің педагогикалық сенімімнің шындығының бірі
кітаптың тәрбиелік күшіне шексіз сенемін. Мектеп бұл кітап ... Кітап – бұл
керемет қару, онсыз мен мылқау болар едім; мен жас жүрекке ештеңе айта
алмас едім. Ақылды, рухани кітап кейде адамның тағдырын шешеді [22].
Енді сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың алғашқы шараларына тоқталайық.
Әр сыныпта орнығып келе жатқан "Оқырман экраны" өзара пікір алысуға ұйытқы
бола алады. Сондағы шағын мәлімет қалташасына аты-жөндерін жазып, өздерінің
не оқып жүргендерін күнделікті белгілеп отырады. Бұл сыныптас жолдастарын
оқып жүрген шығармаларынан хабардар етіп, әрі әлдеқандай себептермен өзі
қолға аламаған кітаптарды оқуға жетелейді. Мұндай іске басшылық жасап,
дұрыс ұйымдастыра білу пән мұғаліміне оқушыны ең әуелі оқырман ретінде
зерттеп тануды жүктейді. Ол әрине, алғашқы сабақтардан-ақ басталуы тиіс.
Ұстаз олардың психологиялық, жас ерекшелігін есекере отырып, ұсынуға лайық
шығармаларды таңдап, оған қызықтыра білудің жолдарын қарастырады.
Әдебиеттердің тізімін, оның көлемін белгілеуде әр сынып бағдарламасы
бойынша берілетін шығармалар негізге алынады. Сондай-ақ мектеп
кітапханасындағы кітап қоры да анықталады.
Ұсыныс-тізімді 4 түрге бөліп қарастыруға болады:
бағдарламада қысқартылып, үзінді түрінде берліген шығармаларды тұтас оқу;
жанр, тақырып жағынан ұқсас, мазмұндас шығармаларды оқу;
әркімнің қызығуына, таңдауына байланысты ұсынылатын шығармалар тізімі;
пәндік үйірме мүшелерінің ұсынысы бойынша жасалған шығармалар тізімі.
Бұларды оқуды оқу жылына және демалыс кезіне бөлген дұрыс.
Ұсынылған шығарманы талқылау және ол туралы пікірлесу уақыты күні бұрын
хабарлама түрінде қазақ тілі мен әдебиеті кабинетіне, кітапхананың көрнекті
жеріне, "Сыныптан тыс оқу бұрышына" ілінеді. Хабарлама бөлігінің соңғы
бюллетенінің соңғы бөлігіне "Өздеріңнің ұсыныстарың қандай?" деген айдармен
әдейі бос орын қалдыру керек. Оны оқушылар өздері толтырып отырады. Бұл –
олардың өз ойын көпшілік талқысына сала білуінің бірден-бір шарты.
Ал ұсыныс-тізім тақтайшасы баспа жаңалықтарымен, газет- журналдардағы
қызықты жарияланымдарға тоқталып, мектеп кітапханасы мен мектеп дүкеніне
түскен туындыларды "Баспа базарлығы", "Оқып шығуға асық", т.б. тақырыпшалар
қойып, таныстырып, хабаршы плакаттармен жаңғыртылады. Онда аты аталған
шығармаларға қызықтыру үшін сол кітап мұқабасының суретімен берілсе, тіпті
жақсы. Көз тартып тұрған соң, оқушылар тезірек тауып, қалайда оқуға
тырысады. Демек, сурет балалардың жас ерекшелігіне сай қажетті дүние
екендігін дәлелдей түседі. Істің нәтижелі болуы суреттің талғампаздықпен
салынуына да байланысты. Сондықтан суретші табу қиын болса, фотосуретімен
беруге әбден болады.
Мұғалім белгіленген шараларды – пікір аламасу, ертеңгілік өткізу, әдебиет
үйірмесінің жұмысы туралы хабарламаны, т.б. жүзеге асыру үшін қабырға
газетін тақырып ретіне қарай пайдалана алады. Ал оны мектеп көлемінде де,
сынып ішілік етіп те шығаруға болады. Бұл газетте атқарылатын істі баяндап
ғана қоймай, үйірменің кезекті отырысында сөз болатын тақырып жөнінде
"Сырласу сағатында" кеңінен толғанар мәселе мынандай деп көрсетіп, соған
орай ойлануға сұрақтар беріліп отырса, қызықты пікірталастың ұласуына
септігі тиеді.
Осындай сан салалы жұмысты атқаруда сыныптан тыс оқылған шығармаларға есеп
жүргізу керек-ақ. Өйткені, бұл біріншіден, оқуға деген ынта-ықыласты тудыру
ісін ұйымдастырудың бір түрі болса, екіншіден, ұсынылған шығарманының
қайсысы оқылғанын анықтау үшін қажет.
Қай істің болса да, әуелі жай-жапсарын біліп алу ойға алған мәселені дұрыс
шешуге көмектесері анық. Ендеше:
а) Сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалардың қаншасымен таныстың?
ә) Өз қалауың бойынша қай шығармаларды оқыдың?
б) Қай тақырыптар ұнады?
в) Кітап оқуға күніне қанша уақыт бөлесің?, т.б. сұрақтар қойып жауап
алынуы керек.
Өздігінен оқылған шығарманы есепке алуда, әсіресе әрбір оқушы ұдайы
жүргізіп отырған оқырман күнделігімен танысып отыру естен шықпаған жөн.
Одан оқушының шығармаға көзқарасын, ол туралы түсінігі мен пікірін өзінше
дәлелдеп ойының салмақтана түскенін көруге болады.
Үлкен де, кіші де радио хабарларын тыңдауға құштар болатындығы табиғи
нәрсе. Сондықтан, оны сабақ арасындағы үзіліс уақытында ғана емес, сенбі
күні де арнайы радиоапталық ұйымдастырып отырса, нұр үстіне нұр. Одан
әркім мектеп жаңалығын естіп-біліп, оқу үлгеріміне қол жеткен жетістіктер
мен кемшіліктерді дер кезінде біліп отырады. Бұл мектеп радиоторабының
қызметін өздігінен оқу үшін шығармалар ұсынуға пайдаланса, іске қолғабыс
болары сөзсіз. Онда әр сыныпқа аранап қысқа әңгіме, қызықты инсценировка
оқылып, ана тілі пәніне қатысты сыныптан тыс жұмыс түрлерімен, атап
айтқанда алдағы уақытта өткізілетін кештер мен пән апталығының тақырыбы,
үйірме отырысы туралы да мәліметтер беріледі. Берілген кесте бойынша "Жаңа
кітаптармен танысуға шақырамыз", "Жақсы кітап – жан азығы", т.б. айдармен
хабарлама өткізіледі. Әрине, олар мұғалімнің ақыл-кеңесі, басшылығымен іске
асады. Эфирге шыққан әр хабардың сәттілігі оны жүргізушілерге де
байланысты. Сондықтан, оған дауысы әуезді, ырғақты түсінетін,мәнерлі сөйлей
алатын, оқу техникасын меңгерген оқушы белгіленгені дұрыс. Және әр хабардың
алдына дикциясын мәтін оқумен орнықтырып алып бастаған жөн. Осындай бір
шағын хабардың үлгісін ұсынамыз.
"Тыңдыңыздыр, тыңдыңыздар! Сөйлеп тұрған мектеп радиоторабы. "Жақсы кітап –
жан азығы" атты хабарымызды бастаймыз. Оны қазақтың көрнекі философ ақыны
Шәкәрім Құдайбердіұлына арнаймыз. Оның өмірі халқымыздың тарихымен біте
қайнасып жатыр. Ақын – ұлы Абайдың қайталанбас ән дәстүрін жалғастырып қана
қоймай, оның өзіндік сипат, бояу табуына үлес қосқан талантты композитор.
Өзінің өмірге көзқарасын, асқақ арманын танытатын жырларына ән қосып, жан
толқытады. Бұл – ақын бойына біткен табиғи дарынның айқын дәлелі емес пе?!
Құрметті оқушылар, "Аманат" атты жинақ Шәкәрімге арналған. Ой терңіне
бойлаймын десеңіздер, оқып шығуға асығыңыздар!"
Міне, осыдан тіл дамыту бір жақты қарауды қаламайтын бар күш-жігерін салып
қызмет етуді талап ететін сала екендігін көреміз.
Сонымен, сыныптан тыс оқу тәрбиелеудің негізгі құралы: оқуға, білуге
ниетін дамытады, балаларды ел бостандығы үшін үлкен ерлікке үйретеді,
балалардың азаматтық, қоғамдық санасын қалыптастырады [23].
Көмекші мектепте сыныптан тыс оқу жұмыстары Ү сыныптан бастап жүргізіледі.
Ү сыныпта сыныпта сыныптан тыс оқу сабақтары кесте бойынша аптасына бір рет
өткізіледі, яғни қанша оқу аптасы болса, сонша сыныптан тыс оқу сабақтары
болады.
Сыныптан тыс оқу сабақтары бұл – балалардың өзбетінше оқуын педагогикалық
ұйымдастырудың негізі. Және ол аптаның белгілі бір күні мен уақытында
болып, міндетті түрде сынып журналында белгіленеді.
Қазіргі арнайы мектептегі бағдарламалар сыныптан тыс оқытудың аймағында
оқушылардың білім мен дағдыларын анықтайды: жақсы шығармалардың авторларын
білу, оқылған кітапты өзбетімен дұрыс бағалауға , қажеттті материалды
таңдай білуге, оқырман күнделігін жүргізу және т.б.
Сөйтіп кітаппен іскерлігі мен дағдылары баспалдақты түрде қалыптастырады,
сыныптан сыныпқа сапалы күрделенеді. Бұл кітапті таңдау да (тақырыбы,
жанры, тілі, кітап көлемі), және авторына деген қызығушылық және кітаптың
аппаратын қолдану (сыртқы қабы, титульді беті, мазмұны, кіріспе,
иллюстрация т.б.), жазбаларды енгізу де әсер етеді. Мектеп әр оқушыға
белгілі өмірге қажетті оқырманның іскерлік пен дағдыларын хабарлайды. Оқыту
әдістемесіне – кітаптарды қарау енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, арнайы
мектепте сыныптан тыс оқытудың басқармалық жүйесі ұйымдастырылған, тек
балалардың өздері оқуы ғана емес, арнайы оқыту қарастырылған – нақты
білім, іскерлік пен дағдыларын хабарлайды. Сыныптан тыс оқу бағдарламасын
орындау сыныптан тыс оқыту шаралары арқылы жүргізіледі, мектеп және
кітапханамен ұйымдастырылған жұмыс арқылы жүреді.
1959 жылдан бастап сыныптан тыс оқытудың жаңа түрі енгізілді, арнайы
сабақтар апта сайын І-ІІ сыныпта жүргізілді, ІІІ сыныпта - екі аптада бір
рет. Сыныптан тыс оқыту сабақтары бұл аймақта мектептің негізгі жұмыс түрі
болды. Оқушылардың қызығушылықтары төмен болғандықтан оқушылар өмір,
жануарлар, табиғат, машина, саяхат, батырлық, ерлік туралы кітаптарға көп
көңіл бөлу керек. Жыл бойы көптеген кітаптар балаларға арналып шығарылып
жатыр [24 ].
Қазақ тілі әдістеменің бір мақсаты – сыныптан тыс оқытуда оқушыларға
кітапті таңдау және нұсқаулар беру.
Біріншіден – кітапті таңдаған кезде тәрбиелік мақсатын басшылыққа алу
керек. Балаларға көбінесе - Отанды қорғау, халықтардың достығы,еңбек
ерліктері туралы, тұрмыста, жанұяда, мектепте, адамдар арасындағы
қатынастар кезіндегі адамгершілік мәселесі, табиғатқа сүйіспеншілікпен
қарау және оны қорғау туралы оқу керек.
Екіншіден – жанрлық және тақырыптық ерекшеліктер қажет: өлең, тақпақ,
көркем және ғылыми әдебиеттер, бүгінгі және өткен күндер туралы кітаптар;
жазушылардың шығармалары, классикалық және қазіргі авторлар: фольклор
ертегі; жұмбақтар; журнал мен кітап, газет.
Үшіншіден – Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, тиімді түсіну қағидасы.
Мысалы І сыныпқа әңгімелер, ертегілер, тақпақтар беріледі. ІІ сыныпта
тақырыптары кеңейіп, нақтыланады: басқа халықтың ертегілері, ғылыми
кітапшалар, журнал, газет. ІІІ сыныпта берілген тақырыпқа және жанрға
танымдық, көркемдік, ғылыми әдебиеттер қосылады.
Әдебиеттерді таңдау – мұғалім мен кітапханашының жұмысы. Кітап жас
оқырманды қызықтыру керек.
Балаларға кітапті таңдаудың төртінші қағидасы – жеке қызығушылық қағидасы,
оқушылардың өзбетімен кітапты таңдауы.
Бесінші қағидасы – балаларға тек көркем, үлгілі кітаптарды ұсыну керек.
Сыныптан тыс оқу сыныппен тығыз байланыста дамиды. Сыныпта оқу – бұл өмірге
дауындау құралы, ал сыныптан тыс оқу – ол өмірдің өзі.
Оқу техникасын, оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін, мектепте оқу кезінде
кітаптан мәліметтерді алу іскерлігін кеңейту сыныптан тыс оқуды дұрыс
ұйымдастыруына байланысты. Білімге құмарлығының төмен болуы, оқу темпінің
нашарлығы, оқығанның мағынасын түсінбеу, кітапты дұрыс таңдай алмауынан
түзету мектебінің оқушылары үшін бұл әрекеттің түрі қиындау болады. Ақыл-
ойы кем оқушылардың оқуға деген қызығушылығының тарлығы, олардың өзбетімен
орындай алмауы, оқу мотивтерінің шектеулігін психолог пен педагогтар
көрсеткен болатын. Мұғалімнің басшылығы сыныптан тыс оқуды балаларға
кітапқа деген қызығушылығын дамыту үшін, өзбетімен оқуға бағытталған [25].
Мұғалім мен тәрбиеші және мектептің жүргізетін шаралары келесідегідей болу
мүмкін:
1. І-ІІ сыныпта дайындық жұмысының мазмұнына кіреді:
а) оқушыларға міндетті түрде балалар кітабын оқыту. Балаларға ұнаған
кітаптарына оралу. Интеллектісі дұрыс мектеп жасына дейінгі оқушылардың
кітапқа деген махаббаты қалай қалыптасатынын ескеру қажет: балалар жаттап
алған білетін мәтінді қайта оқуды сұрайды. Балаларға оқылып жатқан кітап
жақсы иллюстрацияланған және көлемі жағынан үлкен болмау керек. Бұл
әрекеттің түріне уақыт сабақтағы сияқты және сабақтан тыс болу керек.
Мұғалім сабақтан кейін 5-10 минутқа балаларға қызықты кітапты оқуға беріп,
қалдыруға болады. Балалар мұндай кезде оқу жұмысынан демалып қалуға
мүмкіндік береді. Бұл әдістемелік келу И.Г.Еременконың зерттеулеріне
сүйенеді. Әсіресе берілген тенденция бірінші оқу жылындағы оқушыларға тән.
ә) оқушылардың кітаптан иллюстрацияларын көру. Бұл әдістемеде оқып-көру
деген атаумен белгілі. Бұл педагог оқып жатқан кезде оқушылар партада сол
кітаптың суреттерін көріп отырып тыңдап отырады. Беттерін аударып
мұғаліммен бірге бұрын оқылған кітаптың суреттерін танып, оның атын,
авторын еске түсіреді.
б) оқушылармен балалар-кітапшаларын суреттерімен жасап қолданады, жеке
сөздер, сөйлемдер, қысқа мәтіндер жазылған. Әр оқушыға сөйлеу мүмкіндігіне
сай кітап таңдалады. Өкінішке орай арнайы мектепте І сыныпта типография
шығарған кітаптарды қолдануға мүмкіндік жоқ. І сыныптағы ақыл-ойы кем
оқушыларға бұл кітаптар мазмұны және әріптік белгілері жағынан қиын. Қолдан
жасалған балалар-кітапшаларының сөздік материалын мұғалім жасайды, ал
жоғарғы сынып оқушылары оны өңдеп шығарады. Кейбіреулері мұндай
кітапшалардың суреттерін де өзгерте алады. Басқа вариантта балалар-
кітапшасы мындай болуы мүмкін: әр бетте жеке сөздер басылған және оған
кітапшалар жабыстырылған. Бала сөздерді оқып және сәйкес дайын суреттерді
қалташаларға орналастыру қажет. Балалар кітапшасымен жұмыс сөйлеу
материалын кеңейтуге және буындап оқу техникасын тезірек шығаруға
көмектеседі. Кітап көлемінің шектеулігі оқу мүмкіншілігі бір уақытта
бірінші сыныптарға өз әрекетіне нақты қанағаттанушылық сезімін тудырады.
Екінші сыныпта оқушыларға жиырылғыш кітаптарды оқуға болады, олар мектеп
жасына дейінгі балалар үшін шығарылады. Бұл кітаптарда мәтін аз, сурет көп
болады.
в) көрнекі хабарлау: кітаптық қабырғаларды, кітап туралы айтатын арнайы
газеттерді шығару. Сыныпта сыныптан тыс оқу бұрышында кішкентай үстел
тұрады, кітаппен суреттер ілінеді; сыныптан тыс оқуды есептеу беті, үстелде
балалар журналы орналасқан.
3. Балаларды кітаппен бірінші танысуын, мұғалімнің және кітапханашының
оқушылармен әңгімелесуін, оқушылар ертегісін, тақпақты сыныпта оқуын,
шығармашылық әдебиеттердің кейбір бөліктерінен көріністер ұйымдастырылады.
4. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің кітап үзінділерін оқып өзбетімен кітапты
ары қарай оқуды ұсыну.
5. Кітапханаға жазылуында мерекелік жағдай құру; кітапханашылық
жұмысшыларды және осы күнге кітапхананың жұмысы туралы көрнекі көрініс
дайындау.
6. Сыныпта оқушылардың оқу техникасын есептеу үшін тізім құрастыру және
олардың ұсынылған әдебиеттің мазмұнын меңгеруге дайындығы.
7. Мектеп және сынып аймағында жарыстар және сайыстар жүргізіп,
жеңімпаздарды марапаттау; кітапқа байланысты ертегі кешін және басқа да
мейрамдарды ұйымдастыру [26].
Арнайы мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын үнемі жүргізсе, оңды нәтижені
алуға болады. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде сыныптан тыс оқу күн
тәртібіне қойылған. Тәжірибе көрсеткендей бұның тиімділігі тек күнделікті
30 минут жүргізілген жағдайында болады.
Айтылғандай, оқушылардың сыныптан тыс оқудың басшылық формасының негізі –
арнайы сабақтар. Жұмыстың үздіксіздігін қамтамассыз ететін қосымша формалар
мыналар:
Кітаптарды үгіттеу – мектепте және сыныпта ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
ілінеді, олар үнемі жаңартылып және толтырылып отырады. Кітапхана немесе
мұғалімдер жаңа кітаптардың көрмесін ұйымдастыру т.б. Кітаптар оқушылармен
сөйлесу кезінде де үгіттеледі; сыныпта кітапханашының алдына шығып үгіттеу.
Жеке көмек және күнделікті бақылау оқушылармен оқылған кітап туралы
әңгімелесу, ой-пікірмен алмасу, кітаптарды киномен салыстыру,
иллюстрацияларды талқылау, оқушының оқылған кітап жазбаларын қарауы,
кітапханаға бару немесе мұғалімнің оқшылармен бірге кітап дүкеніне бару,
оқушының оқуы туралы тәрбиешімен әңгімелесу т.с.с.
Кітапханаға жазылу – мектеп кітапханасындағы 5 сыныптағы оқушылар
мұғалімнің рұқсатымен жазылады, оқу дағдысын меңгеру мөлшеріне байланысты.
Бірінші тоқсанның соңында барлық сынып оқушылары кітапхананың оқырманы
болады. Мектеп кітапханашысымен әңгімелеседі.
Оқылған кітабын есептеу – оқылған кітабын кітапханалық формуляр аркылы
есептеуге болады. Бірақ әр оқырман оқушыны бұл жұмысқа ендіру қажет. Ең кең
тараған оқырман күнделігі, олар жақсы сақталады, жеңіл тексеріледі.
Сыныптан тыс оқу жай сабақтағы оқудан ерекшеленеді. Бұл жағынан бұл еркін
сабақтар, мұнда оқуға қызығушылық, ой-өрістері, эстетикалық сезімдері,
елестетуі, қабылдауы, шығармашылығы дамиды. Екінші жағынан бұл сабақтарда
нақты бағдарламалық талаптар орындалады, іскерлік пен дағдылары
қалыптасады.
Сыныптан тыс оқу сабақтары нақты бір талаптарға бағынады. Осы талаптарды
қарастырайық. Әр сабақта балалар өзбетімен оқыған кітаптарын есепке алады.
Балалар сыныпқа оқыған кітаптарын алып келеді, көрсетеді, қысқа мазмұнын
айтып беруге мүмкіндік беріледі. Мұғалім сабақта оқушыларды бір-бірімен ой-
пікірлерімен алмасуға жағдай жасайды. Әр сабақта жаңа кітаптардың
нұсқаулары ұйымдастырылады. Нұсқаулардың түрлері әр түрлі: ой-пікірлерімен
алмасу, нақты бір кітапты нұсқау, шағын көрме жасау – тақырыпқа сай немесе
автор бойынша, бір үзіндіні оқу оқушыларды қызықтырмайды, суреттерін
көрсету, киноның үзіндісін көрсету т.с.с. Әр сабақта балалар әңгіме,
ертегі, мәтін, тақпақ оқиды; шығарманы толық оқиды, егер үлкен болса, 2-3
сабақ қатарынан оқиды немесе кітаптан өздері үзіндіні бүкіл сынып өздері
оқиды. Әдетте дауыстап, рөлмен оқиды, жаттап алады.
Әр сабақ оқылған шығарманың элементтерін талдау орын алады – тек әңгімелесу
түрінде ғана емес (мұғалімнің сұрағына жауап беру), балалар еркін өз
пікірлерін айтқан дұрыс. Сұрақтар жалпы түрде қойылады: Бұл кітап туралы
не айта аласың? немесе Саған ерекше несімен ұнады?
Сөздік жұмыс – сыныптан тыс оқуда қосымша роль ойнайды; қиын сөздер
түсінедіріледі; ерекше сөздерге көңіл аударылды.
Әңгімелеп айтып беру – балалар оқыған кітабының сюжетін айтады, ұнаған
жерлерін айтады, оқығандарын рольмен жеткізеді. Сыныптан тыс оқуда айтып
берудің шығармашылық түріне жағдай жасайды. Музыкалық сүйемелдеуге – дыбыс
жазбалар, шығармаға сай сазды әдебиет қолданылады, суреттер, портреттер,
диафильмдер.
Әңгімелесу – сыныптан тыс оқу сабақтарында оқылған кітаптары туралы, жаңа
кітаптарды ұсыну; оқылған шығарманың негізгісін анықтауға көмектеседі.
Жай сабақтағы сияқты әңгімелесудің кіріспе, жалпылаулы, қорытындысы болады.
Сыныптан тыс оқу сабақтардың негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен оқуға
тәрбиелеу. Бірақ сабақта ақыл-ойы кем оқушыны өзбетімен оқуға үйрету қиынға
түседі. Мұғалім көбінесе жақсы оқушыларға сүйенеді, ал нашар оқитындар
енжарлы тыңдаушы ролінде қалады. Сол үшін мұғалім өзбетімен оқытудың
әртүрлі жолдарын қарастырады [27].
Кіші сынып оқушыларының өзбетімен оқуын дамыту үшін Н.Н.Светловская
әдістемесін ұсынған [28].
Бірінші кезең – дайындық – 1 сыныптың І жарты жылдығын алады. Сыныптан тыс
оқу сабақтарына 20 минут бөлінеді. Сауаттылықты меңгерген оқушылар І
сыныптарға әңгімелер оқиды. Балалар әңгімені естіп қабылдауға үйренеді,
түсінгендерін сурет арқылы салып көрсетеді, кітапты ұстаудың гигиенасымен
танысады.
Екінші кезең - бастапқы – 1 сыныптың ІІ жапты жылдығын алады. Апта
сайынғы сабақтан тыс оқу сабақтары енгізіледі. Кітаппен таныса бастайды;
балалар автордың фамилиясын табуға, кітаптың атын табуға үйренеді,
суреттерін көреді, оқығандарын айтып беруге, өзінің көзқарасын білдіруге
үйренеді. Бұл кезеңде балалар арасынан оқу темпімен ерекшеленеді: біреулер
сөзбен, біреулер – буындап оқиды. Оқушының кітаппен жеке қалып араласуға
үйрету керек. Сондықтан, бастапқы кезде кітапты берілген уақытқа дейін оқу
керек деген жағдай берілмейді; жалпы кітаптар сабақта оқылады; үйде оқу
тапсырмалары жеке беріледі. Бастапқы кезеңнің соңында оқушының оқуы
тұрақталып, балалар сөздеп оқуға көшеді, көбісі жай, анық оқиды. Жеке
өзгешеліктер азаяды. Осыдан негізгі кезеңнің баланың өзбетімен оқуы
қалыптасады.
Негізгі кезең ІІ-ІІІ сыныпты алады. Оқушыларға сыныптан тыс оқуға баға
қойылады. Баға қою кезінде бағдарламаның талаптарын меңгеруі, жалпы
сыныптық жұмысқа белсенді қатысуы ескеріледі және өз бетімен қанша кітап
оқығаны, көзқарасымен алмасуы ескеріледі. Сыныптан тыс сабақтарда оқу
техникасына баға қойылмайды, оны балалар білу керек.
Үшінші кезеңнің соңында барлық кіші сынып оқушылары білім мен дағды,
белсенді оқырманға қажет: оқу техникасын, гигиеналық дағдыларды, ең маңызды
кітапты сүйіп өзбетімен оқуын игеру керек.
Сыныптан тыс оқу жұмыстары барысында оқушыларды тек оқуға ғана емес, ақыл-
ойы кем оқушылардың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын арттыра отырып, өнегелі
тәрбие, білім беру, сол арқылы олардың өз отанын, туған жерін, елін сүюге
тәрбиелеу, адамгершілік сапалармен қатар, тілін дамыту.
Сыныптан тыс оқу жұмыстары барысында мынандай педагогикалық талаптар
орындалуы тиіс:
оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай, әрі түсінікті болуға тиіс;
ол жеңілден - ауырға, белгіліден - белгісізге, қарапайымнан -
күрделіге деген дидактикалық қағидамен алынуы керек.
Сыныптан тыс оқу жұмысын өткізудің әдіс-тәсілдері: ойын, сөздік,
көрнекілік, практикалық.
Ойын әдіс-тәсілдерін сабақта, іс-әрекет барысында тиімді қолдану педагогтің
шеберлігіне, шығармашылығына байланысты болмақ.
Сөздік әдіс-тәсілдерін қолдануға әңгімелесу, әңгімелету, әрекеттік
сұрақтар, сурет бойынша сипаттау, т.б. оқушыға, тек хабарлау, баяндау
түрінде емес, оқушының өздігінен ойлауына, пікір білдіруіне, өз ойын ортаға
салуға бағыттайтындай болуы шарт.
Көрнекілік әдіс-тәсілдерін қолдануда сабақта пайдаланылатын көрнекі
құралдадың көркемдік талаптарға сай, әрбір тақырып мазмұнын ашатындай,
мұғалім ең тиімді, әрі педагогикалық үрдіске ықпал ететіндей болуы қажет.
Тәжірибелік әдіс-тәсілдерін қолдануға оқушылардың өздігіне жұмыс істеуге,
үйренуге берілген тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы қажет Оқытудың
тәжірибелік әдістері көрнекілікпен тығыз байланысты екендігі ескерілу
керек.
Сыныптан тыс оқу жұмысы барысында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін,
ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін, белсенді қызығушылығын,
шығармашылық қабілетін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге аса қажетті
мағлұматтар мен оларды адамгершілікке, имандылыққа, мәдениеттілікке,
сұлулыққа, еңбекке тәрбиелейтін материалдар ұсынылуы керек.
Оқушыларға әдебиет, халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша жұмбақтар,
жаңылтпаштар, даналық сөздер оқыту, жаттату – оның мағынасын түсіндіріп
ғана қоймай, жалпы білім, тәрбие беру, сөйлеу тілін дамыту мақсаттарын да
жүзеге асырады.
Сыныптан тыс оқу жұмысы уақытында мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін,
мүмкіндіктерін ескеру керек. Балалардың жас ерекшеліктеріне,
мүмкіндіктеріне орай сабақ процесін түрлендіріп өткізуді ойластырған жөн.
Сыныптан тыс оқу бағдарламасының ең басты міндеті ақыл-ойы кем оқушылардың
көркем әдебиетке қызығушылығын дамытып, есте сақтау қабілеттерін, ой-
өрісін, дүниетанымын, эстетикалық сезімін қалыптастыру. Шағын көлемді
фольклорлық шығармаларды ерекшеліктері арқылы биік адамгершілік қасиеттерді
жалқаулық, қорқақтық, менмендік, сияқты жағымсыз қалыптарды түсінуін
қалыптастыру. Оқыған көркем шығарманың мазмұнынан алған әсерлі сезімді
тыңдаушыларғы жеткізе алуға үйрету. Көркем шығарманы мәнерлі, дұрыс оқып,
өз түсінгенін ойын жеткізе білуге үйрету.
Оқушылардың өз өмірінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, өз
бетінше оқыған әңгімелерін көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып
айтуын, суретерді, нақты заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді суреттей
білуге, әңгімелеуге үйрету.
І. Көркем шығармаларды балалардың оқуы және әңгімелеп беруі.
Көркем шығармаларда бейнеленген сезімдерді: қуанышты, ренішті, ашу-ызаны,
өкінішті, таңдануды, сыйлауды, қалжыңдауды т.б. сезіне білуге үйрету.
Әңгімелеу көркем бейнелі сөздерді қолдана білуге үйрету.
Әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардың сипатын, мазмұнын түсіне білуге
үйрету. Өз Отанын – Қазақстан Республикасына, туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншілігін, ұлттық сана сезімін қалыптастыру.
ІІ.Мәнерлеп оқу
Оқылған әңгімелерді өз бетінше құрастырып, оқылған көркем әдебиеттегі
тақырыптарды алмастырып айтуын қалыптастыру. Сөздің эмоционалдық мәнерлігін
түсінуге үйрету.
Көркем шығармаларды мәнерлеп оқығанда орфоэпиялық нормаларды дұрыс ұстану,
сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, тілдік сезімді дамыту.
Өлең жатқа айтқызу, орфоэпиялық қателерді болдырмау, сөйлеу мәдениетін
дұрыс қалыптастыру: сөздің дәлділігімен мәнерлі болып, сөздің қажетті
қарқынын сақтау. Дауыстың тембрлік өңділігі, сондай-ақ (кейпі-мимикасы) бет
құбылысы оқып отырған шығарманың мазмұнына үйлесімді болуына үйрету.
Шығарманы оқу барысында көңіл бөлуге тиісті сөздерді жайлап оқып, мәні
аздау сөздерді тез оқуға: кейіпкердің көңіл-күйлерін паузаның көмегімен
көрсетуге көңіл бөлу. Әр шығарманың мазмұнына ерекше көңіл аударып,
оқушылардың жауаптарында сөздің дәлділігін, мәнерлігін талап ету.
ІІІ. Шығармашылық әңгіме айту.
Оқушыларға берілген жоспар бойынша суретке қарап немесе белгілі бір сюжет
бойынша (мұғалімнің көмегімен) ойдан ертегі, әңгіме құрастырып айтуға
үйрету.
Көркем шығармалардың әр түрлі тақырыптарда әңгіме құрап, мультфильм, көркем
фильмдердің кейіпкерлерін өз ертегі, әңгімелерінде еркін қолданып айтып
беруін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқылған кітаптар туралы
әңгіме өткізу. Көркем шығармаларды қайталап айту, есте сақтау, ойлау,
елестету қабілетін дамыту. Өз ойынан әңгіме құрауға үйрету.

1.2 Көмекші мектеп оқушыларын оқуға ынталандыру, тілін дамыту ерекшеліктері
Сынып оқушыларының құрамы әр түрлі болуына, олардың керекті оқу дағдыларын
мен біліктілігін әр деңгейде, жүйесіз болып келуіне байланысты оқушылардың
оқуға ынтасын арттырудың маңызы өте зор. Оқу сабақтарын балалар өз
күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға, мектепке деген
ынта-ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет.
Бұндай жұмысты балалар мектепке келмей тұрып, 1 қыркүйекке дейін ең алдымен
ата-аналардан бастау керек. Баласының жай мектепте оқи алмауы, содан кейін
оның ақыл ой кем балаларды оқытатын мектепке жіберіліуі – ата-ананың қай-
қайсының болмасын жайын күйзелтетін үлкен қайғы-қасірет. Олар балалардың
осылай бақытсыз болып туғанына қайғырады, олардың енді келешегі қандай
боларына көздері жетпей уайымдайды. Мектепке жаңадан келген балалардың ата-
аналарымен жұмыс жүргізу, тек балаларды оқытатын мұғалімнің ғана емес,
жалпы мектептің міндеті. Мектептегі ата-аналармен кездесуді мереке
күндеріндей салтанатты түрде ұйымдастыру керек, оларға бұндай мектепте
қандай балалар оқитытынын, олардың жай мектепте не себептен оқи
алмайтындарын, ал егер де бала сол жай мектепте ары қарай жүре берсе оған
қандай зиян келетінін өте абайлап (жандарын жаралап алмай, сақтықпен
түсіндіріп) жеткізу керек. Ең бастысы, ата-аналарға мектеп балаларға не
үйрететінін, қалай тәрбиеленетінін іс жүзінде көрсету үшін олардың өздері
жасаған қолөнерлерінен көрме, не балалардың күшімен концерт ұйымдастыру
керек. Ата-аналарға мектепте еңбектің қандай түрлері оқылатындығын айтып,
кәсіптік бағыт беру кабинетін, балалар еңбегімен істеліп жатқан мектеп
жанындағы тәжірибелік-бақшалық жерді, үй жануарларын күтіп-баптаудың
тәжірибелік қалпын, тәтті тағам дайындайтынын шеберханаларда міндетті түрде
көрсету керек. Мектепті бітіргеннен кейін қандай мамандықтар бойынша және
қай бағытта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар екенін айтып беру керек.
Көмекші мектепте балалардың күшімен, мұғалім-тәрбиешілердің жетекшелік
етуімен ән-күй, хор, фото бейнелеу, сурет-сызу, спорт, табиғаттану, жол
ережелерін сақтау, тағам дайындау, үй ішін, өз бойын күтіп ұстау және тағы
басқалар сияқты түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, олар арнайы ереже кестесі
бойынша жаттығу – сабақ ретінде жүргізіледі. Ата-аналарға осы үйірмелердегі
еңбектің жемістерін, сонымен бірге үздік оқитын балалардың жазу
дәптерлерін, күнделіктерін көрсетіп үлкен көрме ұйымдастырылады. Мектеп
ұжымының жалпы күшімен ұйымдастырылатын мұндай оқу-тәрбие жұмысы ата-
аналардың аз да болса көңіл-күйін орнықтырып, баласының келешігінен сенім
жүрегіне жылу беретіні сөзсіз.
Бірінші талап, оқуға ұсынылатын мағлұматтар мен дағдылар ақыл-ойы кем
бастауыш сынып оқушыларының меңгеруіне сай болу керек.
Орындауға әлі де шамасы келмейтін тапсырманы оқушыға беруге болмайды.
Оқушының білімін және соған дағдылануын, сондай-ақ оларды меңгеру
мүмкіндігін тексеру керек.
Келесі талап – сабақты дұрыс ұйымдастырудың қажеттілігі. Алғашқы сабақтар
көбінесе ойын түрінде жүргізілуі керек.
Осыған байланысты үйрену кезеңіне қойылатын үшінші талап – көрнекі және
дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұндай оқу құралдарына табиғи заттар,
ойыншықтар, үлгілер, нұсқаулар, бейнелі суреттер (заттың, жағдай
барысындағы, оқиға желісіндегі), үстелдің үстінде ойнайтын ойындар
(суреттер, лото, домино, нақышты әшекей), кейбір техникалық құралдар
(фильмоскоп, күйсандық, кинопроектор және басқалар) жатады. Сабақта көрнекі
құралдарды пайдаланған кезде төртінші дидактикалық талапты сақтау керек –
барлық көрнекі құралдар қойылған мақсатқа сәйкес болу керек. Сондықтан
көрнекі құралдарды пайдаланған кезде олардың тұратын орнына, санына және
көрсету уақытына өте көп көңіл бөлу керек.
Көмекші мектептің талабына сай тәлім үйрететін ойындар, бейнелі суреттер,
диафильмдер, ақыл-ойы кем балалар түсіне алатын кинофильмдер, сондай-ақ
мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың, қамқоршылардың күшімен жасалып
дайындалған басқа да көптеген көрнекі құралдарды қолдануға болады. Жай
мектептегі қолданылып жүрген көрнекі құралдардың барлығы көмекші мектептің
пайдалануына жарай бермейді.
Сонымен, мұғалім ақыл-ойы кем оқушыларына олардың мүмкіншілігін еске алып
түсінікті құралдарды ойын түрінде ұсынады, сөйтіп, олардың оқуға ықыласын,
дұрыс сезінуін жетілдіре отырып, жаңа жағдайға үйренуге мүмкіндік туғызады,
олардың мінез-құлқындағы оқу мен тәрбиенің қолайсыз жағдайларына байланысты
қалыптасқан көп жағымсыз қылықтарын түзетеді.
Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілінің белсенділігінің ұзақ уақытқа дейін
қалыптаспайтындығын, өзіне қарата айтылған сөзді толық түсінбейтіндігі
қарым-қатынасында және тіл әрекетінің қызметінде қиындық туғызады.
Сондықтан, тілді де іс жүзінде меңгеру тәсілінің негізіндегі сөйлеу тілін
жетілдіру мәселесі сыныптан тыс оқу жұмыстарында ең басты мәселе болып
табылады.
Фонетикалық жаттығулар сияқты лексикалық жаттығулар да тұтасымен осы
тақырыпқа арналған арнауулы сабақтарда сирек жүргізіледі; мұндай жаттығулар
байланыстыра (жүйелі) сөйлеуді дамыту және көркем әдебиетпен таныстыру
сабақтарына енгізіледі.
Мысалы, байланыстыра сөйлеуді дамытудың белгілі бір сабағы 20 минутқа
есептелінген болса, оның 2 минуттан 10 минутқа дейінгі мөлшерін арнайы
лексикалық жаттығуларға, пайдалануға болады; жазушының лексикасын түсіндіру
керек болған жағдайда лексикалық жаттығулар көркем әдебиетпен таныстыру,
яғни сыныптан тыс оқу сабақтарына енгізіледі.
Лексика бойынша арнайы жаттығулардың нақты лингвистикалық міндеттері
болады.
Сөздің жалпылау мағынасын түсінуді дамыту;
"Тұтас және оның бөліктері" қатынасын түсінуді дамыту.
Сөздің дерексіз мағынасын түсінуді дамыту;
Морфология саласынан тіл құбыластарын айыра білу қабілетін дамыту;
Антонимдерді сөздердің мағынасын ұғыну құралы ретінде түсіне білу;
Сөздердің тасымал мағынасы мен этикалық, ұғымдарды (көркем әдебиетпен
танысу арқылы) түсіне білу;
Сыныптан тыс сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері –
практикалық әдістер.
Лексикалық жаттығуларды жүргізуге дидактикалық ойын тәсілі, атап айтқанда
"дидактикалық" (яғни арнайы жабдықталған) қуыршақтармен ойын жиі
пайдаланылады. Сондай-ақ "Ғажайып дорба" деген аттпен белгілі дидактикалық
ойын (балалар ішіне ұсақ заттар толтырылған дорбаға қолдарын салады да,
оларды сипап біледі және атын атайды) да пайдаланылады. Бірақ, әрине,
қуыршақтар мен басқа да ойыншықтардың ғана жәрдемімен балалар ана тілінің
мағынасын сіңіре алмайды. Ақыл-ойы кем оқушыларды қоршаған орта затттарымен
таныстыру керек және нақты затты, іс-әрекетпен белгіні көрсету арқылы
сөздің лексикалық мағынасын түсіндірген жөн [28].
"Көмекші мектептегі тәрбие бағдарламасы" балаларды көркем
шығарамалармен таныстыруда арнайы сабақтар жүргізумен де, сабақтан тыс
уақыттарда да (ойнап жүргенде, сахналық ойын көрсету уақытында, кітаптар
бұрышында т.с.с.) жүргізуді ұсынады. Арнайы сабақтарды мұғалім балаларға
оқып немесе әңгімелеп бере алады. Оған, кітіаптан оқып беруге де, жатық
айтуға да болады.
Мұндай сабақтар өткізудегі міндеттердің бірі – балаларды дауыстап
оқушыны немесе әңгімені айтушыны тыңдай білуге үйрету. Басқаның сөзін
тыңдап үйренгенде ғана балаларда оның мазмұны мен формасын есте сақтау
қабілеті жетіледі, әдеби тілдің нормаларын үйренеді.
Ақыл-ойы кем балаларға мұғалім негізінен жатқа (тақпақтарды, қысқа
өлеңдерді, әңгімелерді, ертегілерді) айтады және көлемі едәуір өлең
түріндегі және прозалық ертегі, әңгімелерді кітаптан оқып береді.
Тек прозалық шығармалар – ертегі, әңгіме ғана әңгімеленеді.
Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап алу, оның мәнерлеп оқи
білу мұғалімнің сол мамандықты жетік меңгергендігінің басты белгісі.
Оқу үстінде керек болатын көрнекі құралдарды: ойыншықтарды, суретті,
портретті балаларға үлестіріп беретін суреттік кітапшаларды және тағы
басқаларды мұғалім сабақ басталмас бұрын әзірлеп қояды.
Оқып беру немесе әңгімелеп беру – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРЫ
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Көрнекілікті пайдалану әдіс-тәсілдері
Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Білім беруді ұйымдастыру
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер