Италиялық шегірткенің фазалық өзгергіштігі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
1 тарау. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Италиялық шегірткенің морфо – биологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
1.2 Италиялық шегірткенің Ақмола облысында стациялық
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...11
1.3 Шегірткенің фазалық өзгергіштігі ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.4 Италиялық шегірткенің қоректену ерекшелігі ... ... ... ...16
2 тарау. Зерттеу жүргізудің жағдайлары және әдістемесі ... ... ..18
2.1 Шаруашылық туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Табиғи – климаттық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Зерттеу жүргізудің
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..23
3 тарау. Зерттеу
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1 Көктемгі зерттеудің қорытынды мәліметтері ... ... ... ... .27
3.2 Көктемгі – жазғы зерттеудің қорытынды мәліметтері ... 29
3.3 Жұптасуы және жұмыртқа салу кезеңіндегі зерттеулер.31
3.3 Күзгі зерттеудің қорытынды мәліметтері ... ... ... ... ... ..33
4 тарау. Зиянкестермен күресудегі шаралар жүйесі ... ... ... ... ..35
4.1 Биологиялық күресу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
4.2 Агротехникалық шаралар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
4.3 Химиялық күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
5 тарау. Қорғау шараларының экономикалық тиімділігі ... ... ... 44
6 тарау. Пестицидтермен жұмыс істеудегі еңбек қорғау ... ... ... 47
7 тару. Экологиялық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .52
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..54
Кіріспе.
Әртүрлі тіршілік жағдайларына икемделген көптеген зиянкестер, аурулар
және арамшөптер ауыл шаруашылығына орасан зор шығын, зиян келтіреді.
Ауыл шаруашылық дақылдарына жәндіктермен қатар жануарлар дүниесінің
басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер)
өкілдері де зиян келтіреді.
Ауыл шаруашылығына өте зиянды аурулар және зиянкестер қатарына
шегірткелер (азиялық, марокко, италиялық),тышқан тәрізді кеміргіштер,
дәннің сұр көбелегі, зиянды бақашық, гессен шыбыны, астық қоңыздар, қара
тат, септориоз жатады.
Шегірткелер дүние жүзінде көптеген елдерде белгілі бунақденелілерге
жатады. Олар ауыл шаруашылығы дақылдарына және жайылымдықтарға қауіпті
зиянкес. Сонымен қатар олар жануарлар әлемінің бөлінбес бөлігі болып
саналады. Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында олардың 270-тен астам
түрлері мен түр тармақтары, олардың ішінде 10 -12 түрлері егістіктер мен
жайылымдықтар және шабындықтарға қатер төндіріп отыр.
Қазақстанда 1957 ж-дан 2002 ж- ға дейінгі кезеңдегі италиялық
шегірткенің сан мөлшерінің динамикасы бойынша статистикалық мәліметтері
жинақталған. Зиянкестің жаппай көбеюінің ең жоғары деңгейі 1958, 1968,
1977, 1978, 1980 жылдары екендігі анықталған, яғни әр 8 – 10 жылда
байқалған.
Қорғау шараларының бірі пестицидтерді пайдалану болып табылады. Ол
егістің өнімінің әр кезеңіне құрылымының периодикалық жолмен құралады. Бұл
мақсатта әр танаптың фитосанитарлық және экологиялық жағдайлары
қарастырылады.
Шегірткелерге қарсы жүргізілген химиялық өңдеу тәсілдері зиянкестердің
санын кемітумен қатар олардың табиғи жауларын жояды және зиянкестердің
жаппай көбею кезеңдерін бірнеше жылға ұзартады. Осыған орай шегірткелерге
қарсы биологиялық әдістерді зерттеудің маңызы зор.
Мұндай маңызды жұмыспен арнайы дайындалған мамандар айналысуы қажет.
Олар зиянкестердің түрлерін, аурулардың қоздырғыштарын айыра біліп, бақылау
және есептеу методикасын, анализ алгоритмдерін және жиналған материалдармен
жұмыс істеп, жақсы меңгере білуі қажет.
1 Тарау. Әдебиетке шолу.
1.1 Италиялық шегірткенің морфо – биологиялық ерекшелігі
Зиянды шегірткелердің барлығы тура қанаттылар (Orthoptera) отрядының
нағыз шегірткелер (Acarididae) деп аталатын тұқымдасына жатады.
Шегірткелерге тән негізгі белгілер: артқы аяқтары секіріп жүруге
бейімделген, алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда қалың, жарғақ терілі
және енсіз жіңішке, мұртшалары қысқа – денесінің ұзындығының жартысына
жетпейді, табандары үш буынды, ұрғашы шегірткенің жұмыртқа салғыш қынабы
бұл отрядтың басқа тұқымдастарының өкілдеріне қарағанда қысқа 4 жармалы
болады. Зиянды шегірткелердің барлық түрлерінің жылдық даму циклы бір
генерациялы, яғни жылына бір рет өсіп - өніп көбейеді. Олар жұмыртқа
фазасында топыраққа салынған күбіршенің ішінде қыстайды. Көктемде
дернәсілдердің шығу мерзімі шегірткелердің қандай түрге жататындығына,
сонымен қатар олардың мекендеген жерлерінің ауа райына және тағы басқа
жағдайларына байланысты.
Италиялық шегіртке Қазақстанда өте кең таралған. Көбінесе дала, құмды
дала және шөл өңірлерінің жусан мен астық тұқымдас өсімдіктер аралас өсетін
учаскелерін мекендейді. Ал оңтүстік аудандарда көгал жерлерде де кездеседі.
Қазақстаннан басқа Ресейдің европалық бөлігінің бірқатар облыстарында,
Алтай өлкесінің оңтүстік далалық аудандарында және Орта Азия
республикаларында таралған.
Шегірткенің түсі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгереді. Алдыңғы
кеуде сақинасындағы аяқтарының аралығында конус пішінді қосалқы болады.
Алдыңғы арқа сақинасының бүйір қырлары түзу. Үстіңгі қанаттарында көптеген
қара дақтар бар. Артқы қанаттарының негізгі бөлігі және артқы сандарының
ішкі жағы қызғылт, артқы сирақтары шымқай қызыл. Ұрғашыларының ұзындығы
24,5 – 40 мм, еркектері 14,5 – 23 мм болады.
Италиялық шегірткенің дернәсілдері мамыр айының екінші жартысында
шығып, дамуы 40 – 45 күнге созылады. Осы мерзім ішінде дернәсілдер 5 рет
түлейді. Ересек шегірткелер толық қанаттанғаннан кейін 10 – 15 күн өткен
соң жұмыртқалай бастайды. Олар күбіршелерін өсімдігі селдір, топырағы тығыз
тапталған учаскелерге, сонымен қатар құмдауыт, тіпті сусыма құмды жерлерге
де сала береді. Күбіршелерінің пішіні жоғарыда келтірілген шегірткелердікі
сияқты аздап доғаша иілген цилиндр тәрізді, ұзындығы 41 мм-ге жетеді. Әрбір
күбіршеде 4 қатарға орналасқан 30 – 40 жұмырқа салады.
Шегірткенің өсіп - өніп көбеюін ауа райының қалыптан тыс ыстық немесе
суық болу жағдайлары тежеп отырады. Кейбір жылдары олардың күбіршедегі
жұмыртқалары жазғы ыстықтарда құрғап кетіп, ал қысқы аяздарда үсіп кетеді.
Италиялық шегірткенің тіршілік әрекеті Қазақстанның әртүрлі зоналарында
біркелкі емес. Орталық Қазақстанда ол фазалық өзгергіштігімен сипатталатын
үйірлі шегіртке түрінде кездеседі. Бұл зонада жаппай өсіп - өнген жылдары
күбіршелердің тығыздығы өте жоғары болады: 1 шаршы метр жерге келетін саны
бірнеше мыңға жетеді. Оның оқтын – оқтын жаппай өсіп - өніп көбеюі Семей
және Павлодар облыстарында да байқалады. Бұрыңғы Алматы, Талдықорған,
Жамбыл, Қостанай облыстарында сан мөлшері көтеріңкі болған жылдары ол
үйірлі шегіртке мен саяқ шегірткенің арасындағы аралық формада кездеседі.
Ал Оңтүстік Қазақстанда көгалды учаскелерде қысқа қанатты саяқ шегіртке
түрінде өсіп - өнеді. Батыс Қазақстанда осы түр де кездеседі.
Ересек жәндік (имаго) – денесі орташа ұзындықты, (ересектері 14,5-
28,7,ұрғашылар-21,9-41,6мм). Көздері дөңгелек, ұзындықтары ендерінен
біршама үлкен. Қанаттары жақсы дамыған (ересектерінде 10,4-22,2,
ұрғашыларында 14,2-32,0мм). Артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда
қысқалау және салыстырмалы жіңішке. Артқы жамбасы жуан және қысқа 3,2-3,8
есе өзінің енінен артық. Түсі әр алуан. Көбіне қоңыр сұр, қоңырлау, ақшыл
түсті болады. Көбіне ақшыл жолақтар мен дақтар дамыған. Артқы қанаттары
негізінен қызғылт. Артқы жамбасы қарашыл, ішкі жағы қызыл. Артқы аяқтары
қызыл, қызғылт, кейде ақшыл. Ересектерінің орташа құрғақ ауа массасы –
0,083, ал ұрғашылары – 0,276 г.
1 – ші жастағы дернәсіл. Алдыңғы арқасы орта арқасына әрең енген.
Жыныстық белгілері нашар көрінген. Әдетте қара және қарашыл-ақшыл суреттер
бар.
2 – ші жастағы дернәсіл. Алғы арқасы орта арқасына енген. Алғы
қанаттары және артқы қаннаттары төменге қарай тартылған. Жыныстық белгілері
нашар көрінген. Түсі бірінші дернәсілге ұқсас немесе ақшыл, суретсіз.
3 – ші жастағы дернәсіл. Алдыңғы арқасы артқы арқасын көрсетпейді. Алғы
және артқы қанаттарында жақсы құрастырылған үшбұрыш ішінде қара – ақшыл
суреттері бар. Жыныстық белгілері нашар көрінген. Түсі ересек жәндік
түсімен ұқсас.
4 – ші жастағы дернәсіл. Алдыңғы арқасы ортаңғы арқасын жауып тұрады
және артқы арқасына енген. Жыныстық белгілері жақсы көрінген. Түсі ересек
жәндіктердікі сияқты.
5 – ші жастағы дернәсіл. Алғы арқасы негізгі қанаттарды және жай
қанатарды жауып тұрады. Қанат негіздері және артқы қанаттары 3-4 буынға
дейін жетеді. Жыныстық белгілері жақсы көрінген. Түсі ересек жәндіктердікі
сияқты (1 кесте).
Жұмыртқалар кезде ұрғашы шегіртке құрсағын төмен қарай иіп тұрып,
жұмыртқа салғыш қынабымен жерді шұңқырлап теседі де, сол жерге
жұмыртқаларын салады. Осы кезде жұмыртқалармен қосыла жыныс бездерінен
көбіктенген сұйық зат бөлінеді. Жұмыртқалардың айналасындағы топырақ
түйіршіктері сол сұйық затпен арласып, өзара жабысып қатаяды. Сөйтіп,
күбірше пайда болады. Сыртынан қарағанда күбіршелер топырақ кесекшелері
тәрізді болып көрінеді.
Шегірткелердің қандай түрге жататынына байланысты күбіршелердің үлкен –
кішілігі, сыртқы пішіні әр түрлі болады. Олардың ұзындығы 8 – 75 мм дейін,
ал сыртқы пішіні көбінесе сопақша болады.
Әрбір ұрғашы шегіртке өз өмірінде 2 – 3 күбірше салады. Күбіршелердегі
жұмыртқалардың саны әр түрлі – бірнеше данадан 100 дейін жетеді, кейде одан
да көбейеді.
1-кесте - Италиялық шегіртке дернәсілінің кейбір
морфологиялық белгілері
Дернәсілдер Дене ұзындығы, Артқы Мұрт мүшелерінің
жасы мм жамбасының саны
ұзындығы, мм
1 5,0 – 6,0 2,5 – 3,0 13
2 6,0 – 7,0 3,8 – 5,5 16 – 17
3 11,0 – 16,0 5,0 – 8,0 18 – 20
4 10,0 – 22,0 7,0 – 12,0 21 – 23
5 12,0 – 28,0 9,0 – 15,0 23 – 24
Үйірлі және жеке фазалар айырмашылығы.
Айқын айырмашылық жоқ, осымен италиялық шегіртке басқа үйірлі
шегірткелер түрлерінен еркшеленеді. Морфологиялық ерекшеліктері: үйірлі
фазалы жәндіктері ірі, қанаттары ұзын, жеке фазалы жәндіктерге қарағанда.
Әдетте жәндіктің жеке фазалы немесе отарлы фазаға жататындығын арнайы
көрсеткіштер арқа денесінің ұзындықтары және олардың қарым – қатынастарына
байланысты. Дәстүрлі түрде үйірлі шегірткелерге қанаттарының ұзындығы (Е)
артқы жамбасының ұзындығына (F) қатынасымен қарастырылады. Жеке фазалы
италиялық шегіртке көрсеткіштері 1,40 ұрғашыларына және 1,42 еркектерінде,
осы көрсеткіштерден жоғары болмайды. Кәдімгі үйірлі жәндіктер индексі
ЕF1,60 (ұрғашыларында) және 1,625 (еркектерінде) көрсеткіштермен
айқындалады. К. А. Вавилов (1962) үйірлі немесе жекелі фазалы жәндіктерді
айыруда алғы қанаттары мен артыңғы жамбасы үстінің көрсеткіштерін критерий
түрінде пайдаланған жөн дейді. Егер бұл үзінді еркектерінде 3,6, ал
ұрғашыларында 4,7 мм болса, онда ол үйірлілерге жатады. Егер ол 1,9 мм
еркектерінде және 2,2 мм ұрғашыларында болса, онда олар жеке тіршілік
ететіндерге жатады.
Күбірше – 22-42 мм. Секрет бағанасының ұзындығы 10-21 мм, диаметрі 3,5-
4,0 мм, ақшыл-мөлдірлі. Жұмыртқа капсуласының ұзындығы 10-22 мм, диаметрі
5,5-6,5 мм, қабырға жуандығы 0,2-0,5 мм. Жұмыртқалары сары түсті, 30-45
дана, 4 тығыз қатарлы. Олар сары мөлдір секретпен қатты жабысқан.
Италиялық шегіртке жоңышқаны, мақтаны, күнбағысты, көкөніс дақылдарды
және дәнді дақылдарды зақымдайды.
1.2 Италиялық шегірткенің Ақмола облысында
стациялық бөлінуі.
Италиялық шегіртке негізінен үйірлі емес түрде тіршілік етуіне
байланысты, зерттеу периоды кезінде олар оның жалпы тіршілік етуін
зерттеді. Жалпы шегірткелілердің 2 мыңға жуық данасы жиналды, 2 туыстыққа,
3 тұқымдастыққа, 23 тегіне және 33 түрге жататын шегірткелер кездесті.
Жиналған материалдарды нәтижелей келгенде шегірткелердің 3 категориясы
анықталды: 1) Массалы түрлері (доминантты индексі 10% - тен көп); 2)
Кәдімгі (1 – 10%); 3) Сиректері (1% төмен). Осыған байланысты массалы
түрлеріне 3 түрі жатады – Myrmeleotettix pallidus (шөл далалы копьеуска)
(14,5%), Calliptamus italicus (14,1%), Dociostaurus kraussi (12,9%). Бұл
түр жиі кездеседі және аймақ типтерінде белгілнеген.
Анықталған түрлердің басым түрі (60,6%) кәдімгілер болып келеді.
Олардың ішінде зияндыларымен қатар (кіші крестішік, кресті, ақ жолақты,
сібірлік, қара жолақты саяқ шегірткелері, Фишер травянкасы) далалы аймақ
ландшафтының айырылмас элементіне кіретін Asiotmethis muricatus,
Aeropedellus baliolus, Stenobothrus тегінің түрлері) шаруашылық маңызы жоқ,
бірақ дала экожүйесінде өте маңызды рөл атқарады. Барлық анықталған
түрлерінің үштің бір бөлігін шегірткелілердің сирек түрлері құрайды. Оның
ішінде екі түрі зиянды (қанатсыз және қарақанатты саяқ шегірткелері), бірақ
Зеренді ауданының ауа райы жағдайына байланысты олар ауылшаруашылық
дақылдарына, жайылым және шабындық жерлеріне қаупін тигізбейді. Басқа
түрлердің ішінен трещотка бугорчатая және барабинская түрлерін атап өткен
жөн. Бұлар да далалы ландшафтта жиі кездеседі,бірақ олардың саны
пестицсдтерді жалпылама пайдаланған себебінен азаюда.
Зеренді ауданы территориясында өсімталдық құрамы бойынша бір – бірінен
ерекшеленетін 7 типті мөлдектер зерттелді (сурет 1). Бұл мөлдектер
шегірткелердің барлық түрлер мекенін қамтиды. Мөлдектердің басым көпшілігі
далалы аймақ болып келеді. Ортоптероидті тобының құрама элементі болып
әрқасысында италиялық шегіртке бар, бірақ әртүрлі стацияларда өсімталдық
типіне байланысты оның саны бірдей емес.
1 сурет – Италиялық шегірткенің өсімталдық түріне байланысты стациялық
бөлінуі.
1. Өсімталдығы бетегелі – араласшөпті – жусанды типті.
Зерттелетін ауданда жиі кездеседі. Проектті өсімдік жамылғысы 80 – нен
100% дейін. 11 шегіртке түрі анықталған. Олардың ішінде прус жалпы
шегірткелер санынан 35,7% құрайды.
2. Өсімталдығы дәнді – селеулі – жусанды типті.
Өсімдік жамылғысы 100%. Шегірткелілердің 13 түрі анықталды. Бұл
мөлдектерде шегірткелілер саны жоғары емес, көзге түсетін доминанттары
жоқ. Прус (27,7%), Фишер травянкасы және атбасарка (14,2%) сан жағынан
жоғары.
3. Өсімталдығы бетегелі – селеулі – араласшөпті.
Өсімдік жамылғысы 92 – 95%. Бұл мөлдектер өсімдіктердің әртүрлілігімен
бай – мыңжапырақ, бүлдірген, иманжапырақ, қотырот, көкемарал (зизифора),
шатыргүлділер және т.б. Арасында жусандар кездеседі. Мұнда шегірткелілердің
17 түрі анықталды. Берілген стацияның ақ жолақты саяқ шегірткесі және
қызылқұрсақты травянка доминантты түрлері болып табылады, прус үлесі 16,1%
құрайды.
4. Өсімталдығы дәнді – араласшөпті тип.
Аз аймақтарды қамтып, орман жолақтарында кездеседі. Өсімдік жамылғысы
92-95% құрайды. Арасында селеулер кездеседі. Өсімдіктердің биіктігі 50 см-
ге дейін жетеді. Бұл мөлдектерге құрғақ бетегелі араласшөпті мөлдектер
қабысады, оның ішінде кейбіреулері осы түрге сай келмейтіндері бар: прус
11,5%, атбасарка, кіші және қара жолақты саяқ шегірткелері, шөл далалы
копьеуска. Шегірткелілердің 15 түрі анықталды.
5. Өсімталдығы араласшөпті – шалғынды типті.
Өсімдік жамылғысы 97 – 99%. Шегірткелілердің 13 түрі анықталды. Прус
үлесі – 5,7%. Қысқа қанатты зеленчук, қызылқұрсақты травянка, ақ жолақты
саяқ шегіртке басым.
6. Өсімталдығы мезогигрофидті (су жағалауындағы өсімдіктер).
Өзен жағалауларында көп кездеседі. Кей жерлерінде топырақ күшті
ылғалданған. Шегірткелілердің 11 түрі анықталған. Қысқақанатты конек, ақ
жолақты саяқ шегіртке, қызылқұсақты травянка басым болып келеді. Бұл стация
солтүстік аудандарда прустың мекендеуіне келіспейді, өйткені жалпы
шегірткелер көлеміндегі үлесі 2,1% құрайды. Үйірлі емес шегірткелердің әр
түрлерінің жұлдызқұрттары үлкен мөлшерде бар екені байқалды, бұл, мекен
ету типінде, олардың баяу дамитынын көрсетеді.
6. Орман алқаптарындағы дәнділердің өсімталдығы.
Өсімдік жамылғысы 80 – 85%. Жусаны өте төмен өседі (10 см).
Шегірткелілердің 11 түрі анықталды. Шөл далалы копьеуска және кіші
крестішік түрлері басым. Осы стацияда прус үлесі 1,2% құрайды.
Сонымен, Ақмола облысында италиялық шегірткенің негізгі мекені бетегелі
– араласшөпті – жусанды комплекс (прус үлесі 35,7%); дәнді – селеулі –
жусанды (27,7%); бетегелі – селеулі – араласшөпті (16,1%), яғни жусанды
өсімталдығы басым мөлдектерде.
1.3 Италиялық шегірткенің фазалық өзгергіштігі.
Италиялық шегірткенің морфологиялық ерекшелігін анықтау жолында оның
биометриялық өлшеуі жүргізілді. Барлығы 2316 ересек прус даналары өлшенді,
соның ішінде 1296 еркек және 1020 ұрғашы. Анықтаулар зиянкестің санының
жоғарылауы (1999), жаппай көбеюі (2000-2001) және сандарының төмендеуі
жылдарында жүргізілді. Италиялық шегірткенің дене өлшемінің биометриялық
көрсеткіштері 2 кестеде көрсетілген.
2-кесте-Италиялық шегірткенің үйіргіштігінің деңгейіне
байланысты өзгергіштіктің мөлшерлік индексі
Шегіртке Жинау жылдары Индекс өлшемі
үйірлілігінің
деңгейі
Ұрғашылары Еркектері
Үйірлі 1999 0,192 0,202
2000 0,194 0,205
Көшпелі 2001 0,148 0,153
Жеке 2002 0,073 0,077
Зерттеу кезеңінде италиялық шегірткенің Ақмола облысы жағдайында
үйірлі, көшпелі және жеке фазалы болатыны бақыланды.Үйірлі шегірткелер үшін
фазалық өзгергіштік - олардың санын бақылаудағы ең маңызды фактордың бірі
болып табылады.
Ұрпақ кезеңінде үйірлі популяция деңгейі динамикада қондырылған болса,
зиянкестің әсіресе алғашқы жаппай көбею және олармен күресті болжауда мықты
критерии болады.
1.4 Италиялық шегірткенің қоректену ерекшелігі.
Италиялық шегірткенің негізгі азық өсімдіктерін анықтау зертханалық –
танаптық тәжірибеде, сонымен қатар табиғи жағдайларда да тікелей байқау
жүргізілді. Шөпте орнатылған бақшаларға (табиғи жағдайларға жақын) 20 – 30-
дан шегірткелілер орналастырылды, сол жерге суы бар ыдысқа өсімдіктердің
әртүрлі түрлері салынды: 1 – жусанның әр түрлері, 2 - әртүрлі өсімдіктердің
қоспасы (дәнді дақылдар, амарантовые, маревые, күрделігүлділер), 3 – дәнді
дақылдардың әр түрлілері. Тәжірибе нәтижесінде әртүрлі жусан түрлері
(теңізді, австралиялық, веничная) салынған азық түгелдей желінген, сонымен
қатар, прус жаңа кесілген өсімдіктерді емес, аздап қурағандарымен жақсы
қоректенгені анық. Өсімдік қоспасы болған бақшаларда ең алдымен жусан
желінген, содан соң ғана басқа өсімдіктер түрлерімен қоректенген. Тек қана
дәнді дақылдар қолданылған тәжірибелерде негізінен шырынды қорекке ауыз
салынған (костер, мятлик луговой, бетеге). Кейбір тығыз дәнділер мүлдем
желінбеген (щетинник, вейник, волоснец).
Шегірткелілердің даму барысында, олардың қоректенуінің артатыны
байқалды. 3 жасынан бастап имагоға дейін италиялық шегірткенің қанша
көлемде өсімдіктермен қоректенуін анықтау мақсатында тәжірибе қойылған.
3-кесте – Италиялық шегірткенің әртүрлі даму сатысында бір тәулік
ішінде қорек пайдалану көлемі.
Даму 1 тәулікте Жәндіктің 1г.салмағыСатыныСаты
сатыларпайд-н қорек орташа на1тәулігің ұзақтығында
ы көлемі, мг салмағы, мг нде пайд-норташапайд-н қорек
қорек ұзақтыкөлемі
көлемі, г ғы,
күн
макс мин орт
максминорт
III 76 20 38 120 0,32 6 456 120228
IV 116 30 56 152 0,37 6 696 180336
V 156 24 97 272 0,36 8 1248192776
барлығы348 74 191544 1,05 20 24004921340
Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей (3 кестеде), 3 жастағы италиялық
шегірткенің жұлдызқұртының бір тәулікте жасыл фитомассамен қоректенуі орта
есеппен 38 мг, 4 жастағы – 56 мг, 5 жастағы – 97 мг құрайды. Италиялық
шегірткенің әр сатысында бір күнде орташа қоректену көлемін анықтап, әр
сатының орташа ұзақтығын біле отырып, әр сатыда орташа есеппен қанша
көлемде қорек пайдаланатынын анықтауға болады. Сонымен, 3 жастағы
жұлдызқұртының саты ұзақтығы орташа есеппен 6 күн, пайдалану қорегі орташа,
228 мг, 4 жаста – 336 және 5 – 776 мг құрайды. Италиялық шегіртке 3 жастан
5 жасқа дейін орта есеппен жасыл фитомассаның 63,2 г пайдаланады.
Әдебиеттерге сүйенсек, әрбір шегіртке өз өмірінде түріне байланысты 50 –
100 г жасыл өсімдік массасын қорек етеді.
2 Тарау. Зерттеу жүргізудің жағдайлары және әдістемесі.
2.1 Шаруашылық туралы жалпы мәлімет.
ЖШС Никольское шаруашылығы Бұланды ауданы Ақмола облысының солтүстік
жағында орналасқан. Шаруашылық Щучия, Еңбекшілдер, Ақкөл, Астрахан,
Атбасар, Айнакөл, Қараөзен, Ергөл және т.б. аудандармен шектеледі.
Шаруашылық бидай, мал өсірумен айналысады. Яғни шаруашылық ет, сүт,
бидай өнімдерін өндіреді.
Аудан орташа қуаңғыш, орманды дала зонасында орналасқан. Кәдімгі қара
топырақ жерлерде. Құнарлылық деңгейі орташа және орташадан төмен. Берілген
топырақ типінде уақытында барлық агрошараларды орындаған жағдайда бидай
дақылдары өнімдерін 13 -15 цга алуға болады, ал бөлек жылдары өнімнің
жоғарылауы да мүмкін 17 – 19 цга дейін.
Шаруашылықта 2006 ж егілген астық, бұршақ тұқымдастар барлығы 9201 га,
соның ішінде бидай 7279га, арпа 1536 га, сұлы 386 га егілді, жаздық бидай
егісі барлығы 9201 га.
Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында орналасқан.
Аудан маңайында 27 ТОО және 96 жеке шаруашылықтар орналасқан.
4-кесте- Бұланды ауданы шаруашылықтарындағы жаздық егіс себу нәтижелері
Шаруашылықтардың Егілген Бидай Арпа Сұлы Жаздық
аттары астық, бидай
бұршақ егісі,
тұқымдастар барлығы,
барлығы, га га
ЖШС Никольское 9201 7279 1536 386 9201
Барлығы ЖШС бойынша 168538,4 152497,4 14520 964 171150,4
Жеке шаруашылықтар 19979 16745,6 3163 70 19986
және т.б.
Тұрғындар егісі 697,87
Аудан бойынша 188517,4 169243,0 13683 1034 191834
Осы кестеден ЖШС Никольское шаруашылығында егілген астық, бұршақ
тұқымдастар барлығы 9201 га бар екені көрінеді, ал аудан бойынша 188517,4
га. Соның ішінде жаздық бидай егісі 9201 га. Бидай 7279 га, ал аудан
бойынша 169243,0 га. Сонымен бірге арпа 1536 га, аудан бойынша 13683га және
сұлы егісі 386 га, аудан бойынша 1034 га.
2.2 Табиғи-климаттық жағдайлары.
2005 – 2006 ж. Қысы қатты болды, ауа райының өзгеруімен байқалды. Ашық
күндер – 370С жоғарғы температура желді – қарлы күндермен ауысып тұрды. Қар
беті 10 – 12 см дейін жетті. Қыс бойы жиі желді күндер байқалды, кейбір
күндері жел жылдамдығы 10 – 12 мс дейін жетті.
Қаңтар айында орташа тәулік ауа температурасы 15 – 180С құрды.
Ақпан айында боран және қатты желдер байқалды. Ақпан өте қатты, аязды
болды – 30 – 400С қа дейін.
Наурыз айы тұрақсыз температурамен байқалды. Орташа тәулік температура
-2 – 30С тұрақты желдермен бірге жиі жауын – шашындар сулы қар түрінде
болды. Жауын – шашындар мөлшері 15 – 16 см. 15 наурыздан 21-не дейін ауа
райының бірінші жылы күндер және қар еруі байқалды (+3+50С).
Сәуір айы басында жауын – шашындар төмен температуралы фонмен
(жаңбырдың қармен ауысуы) жауып өтті. Қар беті 5 – 8см-ді құрды. Орташа
тәулік температураның тұрақты жоғарылауы 10 – шы сәуірден басталды. 12 – 15
сәуірден бастап қардың тез еруі басталды.
16 – 27 сәуірде ауа райы жылы, ашық болды. Температура +20 – 220С-қа
дейін жеткен. 28 сәуірден бастап суықтың қайта келуі және жауынның жаууы,
сонымен бірге ағаштардың мұздануы байқалды.
Мамырдың бас күндерінде ызғар, температураның төмендеуі (00 – 10С)
байқалды. Түнде жауын – шашын қар түрінде түсті.
3 – 13 мамырдан бастап ауа райы +100С дейін жетті. 14 – 15 мамырдан
бастап жауынды күндермен ауысып тұрды. Мамырдың екінші жартысы ауа райының
өзгеруімен байқалды. Орташа тәулік температурасы 10,5 – 220С құрды,
күндізгі ең жоғары температура +260С болды. Жел жылдамдығы 6 – 7мс-қа
дейін барды. Қысқа мерзімді жауындар жауды. 20 – 22 мамыр күндері -50С-қа
дейін температура төмендеді.
Маусым айы ауа райының құбылмалы болуымен ерекшеленеді, күндіз 300С-қа
дейін көтеріліп, түнде 11 – 150С-қа дейін төмен болды. Ауа райының суық
болуына қатты жаңбыр себеп болды. Айдың басы құрғақ және ыстық болды,
күндіз температура 22 – 240С-қа дейін жетті, орташа тәулік температура 18 –
200С құрды. Маусым айында желдің жылдамдығы 2 – 3мс-ден 5мс-қа дейін
жетті, негізінен солтүстік – батыс бағытында. 6 – 9 маусымда күндізгі
температура 320С-қа дейін көтерілді. 13 маусымда құбылмалы бұлтты күн
байқалды. 14 маусым күні суық температура 110С құрды. Айдың екінші
онкүндігінен бастап айдың соңына дейін қатты жаңбыр болды. 28 маусым күні
бұршақ жауды.
Шілде айы құбылмалы ауа райымен байқалды. Шілде айының бірінші
күндерінен бастап жаңбыр жауды (1 – 8). Жауын – шашын мөлшері 37 – 40мм
құрды. 07.07 – 12.07 температураның төмендеуі байқалды, орташа тәулік
температура 12,5 – 170С-қа дейін жетті.
Тамыз шұғыл құбырмалы ауа райымен байқалды. Жаңбырдан кейін ашық жылы
күндер тұрақталды. Орташа тәулік температурасы 20 – 23,30С. 13 тамыздан
бастап температураның төмендеуі түнде 6 – 100С, күндіз орташа тәулік
температура 11,2 – 18,50С. 16 тамыздан бастап орташа тәулік температура
тұрақты көтеріле бастады (+20 – 240С).
Қыркүйек құбылмалы ауа райымен байқалды. Қыркүйектің бірінші онкүндігі
құрғақ, ашық күнді болды. Орташа тәулік температура 14,2 – 210С құрды. 13 –
17 қыркүйекте жауын – шашындар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz