Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр


Мазмұны
Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
1. 1 Күріштің эколого-ботаникалық сипаттамасы 1. 2 Күріштің морфологиялық және анатомиялық құрылысы 1. 3 Күріштің биологиялық ерекшеліктері
1. 4 Қазақстанда өсірілетін күріш сорттарын талдау 2 Шаруашылықтағы топырақ-климаттық жағдайы
2. 1 «РЗА» ЖШС орналасу орны
2. 2 Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «РЗА» ЖШС метеорологиялық мәліметтері
2. 3 Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «РЗА» ЖШС топырағы 2. 4 Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «РЗА» ЖШС күріштің сорттық технологиясы
3 Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «РЗА» ЖШС күріш
дақылына қойылатын агротехникалық талаптар 3. 1 Шаруашылықтағы топырақты өңдеу жүйесі
3. 2 Күріштің ауыспалы егістегі рөлі
3. 3 Күріштің тұқым себу мөлшері, мерзімі және әдістері 3. 4 Күрішті ору бастыру шаралары 4 Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «РЗА» ЖШС күріш егісіндегі
күтіп-баптау жұмыстары
4. 1 Күрішті суару жүйесі 4. 2 Тыңайтқыштар беру жүйесі 4. 3 Арамшөптер және олармен күресу шаралары
4. 4 «РЗА» ЖШС егілетін сорттардың өнімділігі 5 Күріш дақылын өсірудегі экономикалық тиімділігі
6 Еңбекті қорғау 6. 1. Еңбек қорғауды шаруашылықта ұйымдастыру 6. 2. ЖШС «РЗА» өндірістік санитария мен қауіпсіздік техникасының шаралары 7. Дипломдық жобадағы экологиялық қауіпсіздік
Қорытынды
Ұсыныс
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Елімізде бүгінгі өзекті мәселелердің бірі, халықты экологиялық таза азық-түлікпен толық қамтамасыз ету, бәсекелестік қабілеті мен сапа, баға нарығының қатал сынынан мүдірмей ауылшаруашылық саласын өркендету шаралары болып отыр.
Күріш адамдардың жалпы тамақтану жүйесінде ең көп таралған өнімдердің бірі болып табылады. Күріштің кеңінен пайдаланылуы күріш жармасының өте жоғары қоректілігі немесе қорытылуы (98%), жеңіл сіңірілуі сияқты (96%) ерекшеліктерімен түсіндіріледі. 1 кг күріштің азықтық құндылығы 3590 калорияға тең, ал құрамында 6-8% ақуыз, 4, 5% май немесе қант бар. Сондықтан күрішті балаларды тамақтандыруда және емдік тамақтану ісінде (диеталық өнім ретінде) қажетті пайдаланады. Күріш сабағы да жоғары маңызды материал, оны қағаз, крахмал, спирт, дәрі және құрылыс материалдарын өндіруде шикізат ретінде қолданады. Оны әлемнің 111 елдерінде жалпы ауданы 148 млн. га болатын көлемде өсіріп өндіреді. 2008 жылы әлемдік күріш өндіру 420 млн. тоннаға жетті. Әлемдік күріш өндірушілер төмендегідей бөлінеді: Қытай - 175, 0 млн. т. немесе 41, 66%, Индия - 76, 7 млн. т. немесе 18, 3%, Жапония - 12, 6 млн. т. немесе 3, 06%, Индонезия - 32, 2 млн. т. немесе 7, 66%, АҚШ - 3 млн. т. немесе 1, 74% [1] .
Қазақстанда тұрғындардың күрішке сұранысы Қазақстанның өзінде күріш есебінен толықтай орындалады. Республикада азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін жылына орта есеппен 300-400 мың тонна күріш өндіру қажет [2] . Біздің елімізде бір жанның орта есепппен бір жылда тұтынатын күріш мөлшері 20-25 кг құрайды. Республикамыздағы негізгі күріш өндіруші облыстар: Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы. Олардың үлесін тиісінше, 232, 0; 4, 9; 24, 2 мың тонна жалпы дәнді күріш астығы өндіріледі. Олардың ішінде күріш егудің негізгі аймағы Қызылорда облысында жалпы күріш егістік ауданы 80% құрайды [3, 5] .
Соңғы жылдары ҚР-да күріш өнімін өндіру төмендеді. Мысалы, 1990 жылы күріш егістік алқаптарының ауданы 124, 5 мың га, түсетін орташа өнім 4, 65 т/га болса, 2000 жылы тиісінше, 76, 7 мың га және 3, 21 т/га болды. Күріш арнайы инженерлі-суландыру жүйелерінде өсіріліп-өндірілетінін атап айтқан жөн немесе облыстың барлық суармалы егістік ауданының 40% құрайды. Күрішпен бірге облыста бидай, мал азықтық дақылдар және соңғы уақытта мақта өсіріледі.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа басқару түріне көшіру, ірі арнайы күріш шаруашылықтарының майдаланып, бөлінуі, фермерлік шаруашылықтардағы қарызы және материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі күріш егістіктерінің және одан алынатын өнімнің төмендеуіне алып келеді.
Арал өңіріндегі күрделі экологиялық жағдай, тапшылығы, күрішті өсіру, өңдеу және жинау үшін пайдаланатын ауыл шаруашылығы машиналарының тозуы күрделі инженерлі жоспарланған күріш жүйесінің және ирригационды құрылымдардың істен шығу тенденциясына басты себеп болды. Еліміздегі тамақ өндіру қауіпсіздігі Қазақстандағы күріш өндірісін одан әрі дамытуды талап етеді. Соған байланысты, инженерлі-жоспаланған күріш жүйесін сақтау, топырақ құнарлығын және күріш өнімділігін арттыру әдістерін табу, сонымен бірге, басқа да ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру, олардың өзіндік құнын азайту мәселелері қажетті шараларды қолдану керектігін көрсетеді.
ҚР үкіметінің импортты ауыстыру бағдарламасына сай күн тәртібіндегі басты мәселе күріш өнімін өндіруді дамыту болып табылады. Бұл өндірістік-техникалық потенциалды тиімді пайдалану және ауыл шаруашылық өндірісіне бөлінетін еңбек, энергетикалық және материалдық ресурстардың тиімділігін арттыру жағдайында іске асырылады. Аталған мәселенің басты бөлігі ресурстарды үнемдеу критерилері бойынша күрішті жинаудың өндірістік процестерін оптимизациялау концепциясы болып табылады, бұл шығындарды азайтуға және сәйкестендірілген техникалық құралдардың өзара жұмысының жоғары тиімді болуына қарай алынатын өнім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңде агрегаттар жұмысының үйлеспеуіне байланысты күрішті жинау мерзімі 45-50 күнді құрайды [5] . Күріш өнімінің дәнді және дәнсіз бөлігін жинау үшін агрегаттар үлесіне ресурстар шығынының ең аз бөлігі жұмсалады және егістік өнім шығыны да төмен болады. Күрішті өсіріп-өңдеуге жұмсалған барлық шығынның 60% бастыру және тасымалдау жұмыстарына жұмсалады. Күріш жинау өндірістік процестерінің барлық звенолар жұмысының үйлеспеуі салдарынан дәнді жоғалту шығыны 20%, ал өзінен-өзі төгілу шығыны 15-19% жетеді. Күріш егістігіндегі дәнсіз бөлікті жинауды агротехникалық мерзімде орындау келесі жылдағы күріш өнімділігін 12-15% арттыруға мүмкіндік береді. Кезекті жұмыс уақытының ауысуына байланысты техникалық құралдардың тұрып қалуы 20-25% уақытты құрайды [3, 4] .
Дипломдық жобамның негізі мақсаты: «РЗА» ЖШС шаруашылығында күріш дақылдарын өсіру технологиясын қарастыру.
Дипломдық жобаның орындалатын міндеттері:
- Күріш дақылын егудің жаңа ауыспалы егістің үрдістерін оқып үйрену.
Қызылорда облысы, күрішінің үлес салмағын анықтау, суды аз пайдаланатын дақылдарды өсіріп, экономикалық тиімділікті арттыру көзделіп отыр.
1. Әдебиетке шолу
1. 1. Күріштің эколого-ботаникалық сипаттамасы
Күріш адам өмірінде өте маңызды орын алатын көне дақылдардың біріне жатады. Оның тарихы адамзаттың ерте заманғы даму тарихымен ұштасып жатыр. Бұл дақыл әлемнің 110-ға жуық елінде 150 млн. га жерде өсіріледі.
Күріш жер бетіндегі халықтың 2/3 бөлігі үшін негізгі тамақ өнімі болып саналады. Дүние жүзілік өндіріс көлемі бойынша ол дәнді дақылдар ішінде бидайдан кейінгі екінші орында. Ғалымдардың есептеуінше тамақ қажеттілігін 2025-жылға толық қанағаттандыру үшін күріш өндіруді 70%-ға арттыру керек екен. Дегенмен оны өндіру қарқыны әлі де болса халық санынын өсуінен қалып қойып отыр.
Қазақстанда соңғы жылдары 300, 000 т күріш алынды, 1990-жылмен салыстырғанда 2 есе төмен. Біздегі күріш өсірілетін негізгі облыстар - Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан [7] .
Қазақстанда күріш өсетін негізгі аймақ- Қызылорда облысы аумағындағы Сырдария өзенінің екі жақ аңғары. Сыр елі күріш өсірудегі дүние жүзілік рекордтың талай талай туын тіккені тарихтан белгілі, ол жерде әлемге әйгілі 100 центнершілер мекендеген табиғаттың таршылығына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қызылордалық еңбеккерлер өне бойы суда сыланып, күн сәулесімен жайраңдап өсетін күріш дақылының барлық сыр-қырларын жақсы меңгерген. Соның арқасында әлемдік рекордшылар қатарындағы Қызылорданы «ырысты-күрішті Қызылорда» деп бүкіл ел ән салудан жалықпайды. Бұл - шындығында да Қазақстан ырысы [5] .
Күріш негізінен 25 түрді біріктіреді. Оның ішінде аса маңыздысы - егістік күріш (O Sativa) . Осы заманға жүйелеуге сәйкес бұл түр 3 түр тармағына бөлінеді:
- қысқа дәнді күріш ( O Sativa brevis)
- үнді түр тармағы ( O Sativa indica)
- қытай-жапон түр тармағы ( O Sativa sino-japonica)
Қысқа дәнді күріш дәнінің ұзындығы 40 мм шамасында, ұсақ. Ол тропикалық елдерде ғана таралған.
Үнді түр тармағының ұзындығы ұзын 5 мм-ден жоғары, жұқа және жіңішке дәндер болады, ұзындығының еніне қатынасы 3, 1-3, 5:1. Гүл қабықшалары түкпен көмкерілген.
Қытай-жапон түр тармағының дәндері енді, жуан. Ұзыңдығы 5 мм-ден жоғары, көлденең қимасы домалақтау келген, ұзындығының еніне қатынасы 1, 5:1-9:1. Гүл қабықшалары жиі түкті.
1. 2. Күріштің морфологиялық ерекшеліктері
Күріш тамырының жүйесі- шашақ тамыр. Ол екі түрлі- ұрық (негізгі) тамыр және буын (жанама) тамырлары. Негізгі тамыр тал болып, төмен қарай өсіп ұзарады, ұшында қорғаныш оймақ бар. Сосын ұрық (негізгі) тамыр жанынан 4-5, кейбір сорттарда 6-8 қосымша тамырлар өсіп жетіледі бұл тамырлардың физиологиялық активті бөлігінде эпидермис клеткаларынан ұзындығы 0, 75-1мм түкшелер пайда болады. Кейінірек, қойнау немесе тірек тамырлар пайда болып өседі. Бұлар басқа тамырлардан қысқалау, түсі ақшыл жуандау болып келеді.
Топырақ ішіндегі сабақ буындары өте жиі орналасқан түптену буынынан өте жиі орналасқан түптену буынынан буын (жанама) тамырлар пайда болып өседі. Тақтайшасы бар бірінші жапырақ, одан кейінгі әрбір жапырақтар орналасқан жерден топтанып жанама тамырлар тез өсіп жетіледі. Алғашында күріш көгі 2-3 жапырақты болған кезге дейін, суды және қоректік заттарды ұрық тамырлары арқылы алады. Түптену фазасы басталған 3-4 жапырақты кезден бастап, жанама тамырлар дақылдың қоректену қызметін толық атқарады. Осы кезеңде 30-40 жанама (қосымша) тамырлар пайда болады [12] .
Тамырлардың біраз бөлігі күріш орып жинап алғаннан кейінде тіршілігін тоқтатпайды, нәтижесінде орылған күріштің түбінен жасыл өскін пайда болады. Әрбір тамырдың ұзындығы 30-40см, ал негізгі массасы топырақтың 0-27см қабатында орналасады, аз бөлігі 40см дейін жетеді.
Күріштің өсу барысында тамырларда ауа жинап өткізуші ұлпалар- аэренхима пайда болып дамиды. Аэренхима жапырақта және сабақта да болады.
Күріш сабағы-жапырақ қынабымен қоршалған, көпшілік бөлігі қуыс, буындармен бөлінген. Сабақтың жоғарғы буынаралығының іші қуыс, төменгі буынаралығының ішінде перенхималық ұлпалар бар. Сабақтың буынаралық саны-сорттық белгі, ерте пісетін сорттарда буынаралық саны аз.
Биіктігіне сәйкес сабақтың жуандығы әртүрлі, ал төменгі бөлігі жуандау. Бұл сабақтың жатпайтын қасиетін күшейтеді. Биіктеген сайын сабақ жіңішкереді, ең ұзын әрі жіңішке буынаралық ұшында масақ орналасқан. Сабақтың мықтылығы қабырғаларының қалыңдығына байланысты. Қысқа әрі жуан, мықты сабақты күріштер жатпайды, үзын бойлы күріштер бұған осал болады. Мысалы, жатуға бейім Дуборский 129 сорты сабағының жалпы қалыңдығы-850-864 микрон, жатпауға орташа төзімді КзРОС 358 сабағының қалыңдығы 954-1004 микрон, ал жатпайтын табиәи мутант ЕСМ-40 сабағының жалпы қалыңдығы 973-1116 микрон [10] .
Сабақ буындарының саны -сорттық ерекшелік және өсу дәуірінің ұзақтығына байланысты өзгереді. Күріштің әртүрлі формаларында сабақтың буын саны 10-20. Кеш пісетін сорттардың сабағы ұзын әрі буындары көп болады. Әрбір буындарда жапырағына орналасқан буынаралықтың төменгі бөлгіндегі паренхималық клеткалар меристемалық (бөлініп көбею) қасиетін жоймаған. Осы төменгі клеткалардың бөлініп біріне бірі қаланып көбеюі, яғни интеркалярлық өсуі нәтижесінде буынаралық өсіп ұзарады, сонымен бірге сабақ та биіктеп өседі.
Сабақтың жер бетіндегі буындарынан жанама сабақтардың пайда болуын бұтақтану деп атайды. Сабақтың бұтақтануы атыз суы терең, күріш сирек болғанда, минералды тыңайтқыштары көп берілгенде байқалады.
Күріш егісінде дақылдың жатып қалуы екі түрлі: 1) тамырлық жатып қалу, яғни тамырмен сабақ жалғасқан жерден иіліп немесе сынып сабақтар түгелімен ұзына бойы құлайды, м егіс жаппай жатып қалады (мысалы, Кубань 3 сорты егісі) ; 2) сабақтың жатып қалу, яғни сабақ иіліп, күріш сабақтары біршама биіктікте құлайды (мысалы, Маржан сорты егісі) . Бірінші жағдайда жатып қалған егісті орып жинау өте қиын, және дән шығыны көп болады.
Күріш жапырағы - фотосинтез және транспирация процестері жүретін маңызды мүше. Бастапқы жапырақ үрықтың өзінде қалыптасады. Колеоптиле- түссіз, нағыз жапырақтарды қорғаушы оймақ, тұқым өніп шығу барысында топырақтан тебен тәрізді болып шығады.
Күріш жапырағы ұзын, таспа тәрізді, ұшы сүйір. Құрылымы: жапырақ қынабы, жапырақ тақтайшасы (пластинкасы), тілше және құлақшалардан құралған.
Жапырақ қынабы- сабақтағы буынаралықты қоршап, буындарда тікелей орналасқан. Қынап сырты жылтыр, аздап қырлы. Анатомиялық құрылымы бойынша ерекшелігі паренхимиялық клеткалардың күшті дамуы [11] .
Қынаптың негізі ұлпа - паренхималық клеткалар. Олар шамалы сопақтау, көлденең кесіндісіне қарағанда дөңгелек, қабырғалары жұқа. Сыртқы қабаттарда хлорофилі бар фотосинтездеуші клеткалар орналасқан. Жапырақ қынабы сабақтарға үлкен тіреуіш, оның тік тұруына көмекші. Сабақ буынаралығы зақымданып қисайған жағдайда оның қайтадан тікеуіне себепкер болады.
Жапырақ тақтайшасы - ұзын, таспа тәрізді, ұшына қарай жіңішкеріп, сүйір болып келеді. ұзындығы әртүрлі:5 см-ден 60-68 см-ге дейін, ені-0, 5-2 см аралығында. Орналасуы бойынша жапырақ тақтайшасы (пластинкасы) тік, яғни сабақтан ауытқу бұрышы 20 градусқа дейін, иілген салбыраңқы түрлері бар.
Масақтан кейінгі бірінші жапырақты жалау жапырақ деп атайды. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес және бұл сорттық қасиет. Күріш дақылының жапырақ саны сорттар ерекшелігіне, өскен топырақ- климат жағдайына, қолданылған технология деңгейіне тікелей байланысты. Арал өңірінде аудандастырылған сорттарда 9-12 дейін жапырақ болады.
Зерттелінген күріш сорттары мен үлгілерінде жапырақ саны төмендегіше: өте ерте пісетін, өсу дәуірі 95-100 күн, мысалы Дубовский 129, Казахстанский 3 сорттарында 9-10 жапырақтар, ерте пісетін, өсу дәуірі 101-110 күн Кубань 3 сорттармен, 54-58, 59-35 үлгілерінде-10-12 жапырақ, орта мерзімде пісетін, өсу дәуірі 111-120 күн Маржан, Лиман сорттарында 12-14 жапырақ өсіп қалыптасады [13] .
Тілше - жапырақ қынабының тақтайшалары айналар жерінде түссіз, чешуя тәрізді плеонка (лодикула) орналасқан көлемі1-4см. Қынаптың сабаққа мықтап қаусырып жабысуын тілше қамтамасыз етеді. Күріштің кейбір түрінде тілше болмайды.
Құлақша - жапырақ тақтайшасының түп жағында, 2 бүйірінде орналасқан формасы орақ тәрізді. Ол сабақты екі жақтан қоршап ұстап буынаралықтан тақтайшаның (жапырақтардың) ажырамауын қамтамасыз етеді. Құлақша- түкті, түгі кірпік тәрізді.
Масақ - күріштің гүлшоғыры, сабақтың ең соңғы буынаралығының ұшында орналасқан. Мұнда бір гүлді масақшалар жинақталған. масақтың бұтақтану түрлеріне бірінші қатарлы бұтақтардың діңгектен ауытқу бұрышына, масақшалардың орналасу тығыздылығына байланысты масақтар тығыз (компакты шоғырланған) , аралық (орташа шоғырланған) және шашақ масақтар болып бөлінеді. Масақта екінші қатарлы бұтақтануы болуы мүмкін.
Масақша - бір гүлді, ұзындығы 3-15мм, ені1, 5-2мм ден 3, 5мм дейінгі аралықта. Масақша түбінде бір-біріне қарама-қарсы екі масақша қауызы (чешуя) және ішкі екі гүлсерік қауызы орналасқан. Ішкі қауыз дәнді толық жауып тұрады, бірінші қауыз екіншісінен ұзындау, ашылып жабылғанда кішісі үлкеніне еніп тұрады [14] .
Күріш гүлі - екі гүлсерік қауыз, жатын түйін, екі қауырсын тәрізді аналық аузы және алты аталықтан құралған яғни гүл қосжынысты. Гүлсерік қауызы жұмсақ, формасы жұмыртқа - ланцет тәрізді, төменгі жағы бірігіп өскен. Бұл гүлдену фазасы басында гүлдің ашылуын, ал кезең соңында гүлдің жабылуын қамтамасыз етеді.
Аталық - тозаңқап және аталық жіпшесінен тұрады. Әрбір тозаңқапта 1000 дейін сары түсті тозаң дәндері бар.
Аналық - жатын түйін және екі қауырсын тәрізді аналық аузынан тұрады.
Күріш тұқымы - дән, ішкі және сыртқы (масақша) қауыздарымен қоршалған, бірақ дән мен қауыз жабысып қалған емес. Яғни күріш тұқымы қауызды дән- caryopsis tunicata. Әртүрлі сортар дәнінің қауыздылығы-10-25% аралығында. Күріш түрлерінің 1000 дән салмағы 15-40 грамм, ал сыр өңірінде аудандастырылған сорттардың 1000 дән салмағы 27-36 грамм.
Тұқымнан өніп шыққан әдепкі өскіннің қоректенуіне керекті қоректік заттар эндоспермде жиналған.
Ұрық - эндоспермнің төменгі жағында гүл қуысы тұсындағы ойықта орналасқан. ұрықтың ортасынан кесіп қарағанда қалқаншаны, бастапқы жапырақтары бар бүршікті, жапырақты жауып тұрған оймақша- колеоптилені, тамыршаны, оларды қосып тұрған гипокотильді көруге болады.
Колеоптеленнің өсуі клеткалардың созылуы арқылы болады, ерекшелігі- анаэробті жағдайда өсуі. Бастапқы сабақшаның төменгі жағында ұрық тамыр қалыптасқан. Сабақша мен ұрық штамыр қиылысқан жерде екі топ клеткалар бар, олар болашақ қосымша тамырлар.
2. 3. Күріштің биологиялық ерекшеліктері
Жарық режимі . Күріш- жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интинсивті болғанын талап етеді. Дақылға қолайлы жарық деңгейі-40-60 мың люкс(лк) . Күріштің өсу дәуірі (мамыр-тамыз айлары) кезінде Сыр өңіріндегі ауаның салыстырмалы ылғалдығытөмен-29-30%, ал ең аз мөлшері 8-10%-ға дейін төмендейді. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа құрғақ әрі таза болады. Сондықтан да, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, немесе шашырап Ғарышқа кетпейді. Нәтижесінде күріш егісіне көп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі.
Температура режимі . Күріш- жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында температура қосындысы (3200-4200 градус) ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өңіп шыққан кездежәне гүлдену кезінде температураға сезімтал, -0, 5-1градуста дақыл зақымданы.
Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14 градус болғанда себуді бастауға болады. Осы температурадан төмен болса, тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі шетінейді, немесе шықпай қалады, егіс сиреке болады.
Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық дәндер санын көбейтеді, ал ең қолайлысы 24-28 градус. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура 26-28 градус.
Суару режиміне талабы . Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін гидрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын орындаумен қатар егістегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің транспирациясын азайтады. Сонымен бірге тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп минеральды элементтермен қоректенуін жақсартады.
Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігіне, топырақтың тұздану және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктердің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстанның оңтүстік жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда- қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады.
Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтының зерттеулері бойынша Қызылорда облысы жағдайында күріш егісінің мелиоративтік суару нормасы гектарына 18-22 мың метр куб. Нақты жұмсалынып жүрген суару мөлшері облыс бойынша гектарына 28 мың метр куб, кейбір шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 26-30 мың метр кубке жетеді [16] .
Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды -батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы - аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді тұздар келеді.
Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде кездеседі және олардың табиәи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі (гумус) аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфотр орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор тыңайтқыштарын N 120-180 және Р 90-120 кг/га әсерлі зат есебімен бірге беру күріш өнімін 2, 3-2, 5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде - 1, 2-1, 5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде - 15-20% арттырады [17] .
Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар (макро және микро элементтер ) алып бойына сіңіреді.
Азот - белоктар, нуклеин қышқылы, ферменттер, оның ішінде НАД және НАДФ, витаминдер және басқа да органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан, азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, дақылдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.
Күріш егісін азот тыңайтқышымен оптимальды мөлшерде қамтамасыз еткенде дақылдың сабақтары мен жапырақтары жақсы өседі, өсімдіктің түптенуі артып, масақты сабақтар саны көбейеді. Сондықтан, азот тыңайтқышы, суару және температуралық режимдермен қатар масақты сабақтар қалыңдығын және жоғары өнім құралуын реттейтін күшті факторлардың бірі. Осыған сәйкес өнім компоненттеріне әсер ету үшін азот тыңайтқышын себу алдында және үптеп қоректендіру ретінде беру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz