Кеңтанаулы маймылдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды.

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Кіріспе.

Приматтар (лат. Пріматес) -- әуел бастан ағашта тіршілік еткен жануарлар. Қазіргі кезде олардың 200-ден астам түрлері бар деп есептеледі. Приматтар (латынша: приматес -- алғашқы, ең озық деген сөз, яғни жануарлар дүниесіндегі ең озығы) ағаш бұтақтарына өрмелей алатындықтан, аяқ-қолдары бес саусақты және қармауға бейім келеді. Маймылтектілердің шағын денелері де, денесі ірілері де кездеседі. Мысалы, шаламаймыл лемурдың дене тұрқы -- 13 см, адамтәрізді маймыл ойнақының дене тұрқы -- 15 см, ал горилланың дене тұрқы 180 сантиметрге дейін жетеді. Шаламаймылдар мен төменгі сатылы адамтәрізді маймылдарда едәуір ұзын құйрық болады.
Приматтар негізінен алғанда тропиктік аймақтарда ғана мекендейді. Бұлар орманда тіршілік ететіндіктен, иісті нашар сезеді, бірақ өте сақ және қырағы. Маймылтектілердің көздері алға қарай бағытталып орналасқан, сондықтан затты екі көзімен бірдей көріп, қашықтықты және түсті ажырата алады.
Приматтайдың төрт аяқтарымен жүретін сүтқоректілерден ерекшелігі -- бұғана сүйегі болады. Бұлардың кәрі жілікті құрайтын шынтақсүйек және шыбықсүйектері бірінен-бірі толық ажырасып орналасқандықтан, алдынғы аяғы (қолы) жақсы қимылдап, күрделі жасай алады. Маймылтектілердің көпшілігінің басбармағы басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан, са саусақтарның ұшындағы тырнақтары құстар немесе жыртқыш аңдардыкі тәрізді үшкір емес, жалпақ болып келеді.
Негізгі бөлім

Приматтар ағаш басынан жерге түскенде төрт аяқтап жүруге тырысады.
Маймылдардың басым көпшілгі қорегін күндіз аулайды: негізгі қорегі -- өсімдіктекті анық, кейде бунақденелілерді де жейді. Белсенді әрекет ететіндіктен, бұлардың ми сыңарлары жақсы жетіліп, жоғары сатылы приматтардың ми сыңарларында иірімдер пайда болған жоғары сатыдағы сүтқоректілер отряды. Бұлардың арғы тегі қарапайым жәндікқоректі сүтқоректілер деп есептелінеді. Ежелгі приматтар бор кезеңінде Азиядан Еуропаға, Солтүстік Америка мен Азияға тараған. Дене пішіні, тұрқы алуан түрлі: бойы 10 см-ден (шала маймылдар) 180 см-ге дейін (гориллалар) кездеседі. Тері жамылғысы -- түк (қалың, жұмсақ әрі үлпілдек, түсі әр түрлі). Көпшілігінде ұзынды-қысқалы құйрығы болады. Аяқаласықолдары бес саусақты, бірінші саусағы басқаларына қарама-қарсы орналасады. Табанын толық басып жүреді. Приматтарда сүтқоректілерге тән көптеген белгілер сақталған. Көру және есту қабілеттері жақсы жетілген. Приматтар ми сауытының үлкен болуымен, ми сыңарларының жақсы жетілуімен, ми сайшалары мен қыртыстарының көп болуымен, күрделі мінез-құлығымен ерекшеленеді. Приматтар өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Қорегі -- өсімдік жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса жәндікқоректілер. Приматтар -- жыл бойына көбейетін полициклді жануарлар. Салмағына байланысты буаздық мерзімі 4 айдан 10 айға дейін созылады. Көпшілік түрі бір, өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маймылдар
АДАМ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ. ӨТЕ ЕРТЕДЕГІ АДАМДАР
Приматтар отряды – Primates
Сүтқоректілердің дамуы
Жер бетінде адамның пайда болуы, ол түралы әртүрлі көзқарастар мен ұғымдар
Адам эволюциясы
Адамның жануарлар әлемі жүйесіндегі орны
Адам мен омыртқалы жануарлар құрылысының жалпы ұқсастығы
Антропология ілімі
Хайуанаттар ақылы
Пәндер