Мал қораның сызба өлшемі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

Спорт жылқыларына арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған : 5В120200 - Ветеринариялық санитария мамандығының 3 курс 314 топ студенті Қоңыратбай А.А.

Тексерген : Базарбаев Р.Қ. ассистент.

Алматы 2016

Жоспар:
1.Кіріспе ___________________________________ _________________ 4-6
2.Негізгі бөлім
2.1.1. Жоба тапсырмаcын жасау ___________________________________ 7-9
2.1.2. Спорттық жылқы қорасына қойылатын гигиеналық талаптар _____ 9-13
2.1.3. Мал қорасының әрбір құрылыс бөлшектеріне қойылатын гигиеналық
талаптар___________________________ ______________________13-15
2.2.1. Мал азығы мен ауыл шаруашылық малын азықтандырудағы қойылатын гигиеналық талаптар___________________________ _________________15-17
2.2.2 Спорт жылқысын азықтандыру жүйесі _________________________ 18
2.2.3. Жылқы денесінің химиялық құрамы _________________________18-19
2.3. Малды жайылымда бағуға дайындау және ауыстыру ____________19-20
2.4. Спорт жылқысын сергіту және шынықтыру ______________________21
2.5. Спорт жылқысын жайылымда күту гигиенасы _________________23-25
2.6.1. Жылқы қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштер_____25-26
2.6.2. Мал қораларындағы ауа алмастыру __________________________26-27
0.7. Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы _____________________30-31

3.Қорытынды ___________________________________ _______________35
4.Пайдаланылған әдебиеттер ___________________________________ __36

Курстық жұмыс
Жұмыс: 36 бет, 6 кестеден , 5 суреттен тұрады.
Түйінді сөздер: гигена, дезинфекция, гигиеналық-санитариялық талаптар, сүтқоректілер класы, дара (тақ) тұяқтылар, жылқы тұқымдасы, жылқы туыстары, жоғарғы жүйке жүйесі, автосуарғыш, табантас, витамин, шынықтыру, жүрек, табиғи желдету, аэрроб, анаэроб, азықтық рацион .

1.КІРІСПЕ
Қазір жылқы тұқымдарын зоологиялық тәртіппен жіктегенде олар сүтқоректілер класына (Mattalia), дара (тақ) тұяқтылар (Perissodaktula) отрядына, жылқы тұқымдастарына ( Equidae), жылқы туыстарына (Equus), кәдімгі жылқы түрлеріне (E.caballus) түрлеріне жатады.
Қазба қалдықтары жылқының біздің дәуірімізден 7000-6000 жыл бұрын Азия, Африка және Еуропада қолға үйретілгенін дәлелдейді. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған.
Қолда өсірілетін жылқының шығу тегі мен дамуы бағытындағы ғылымға орыс ғалымы, профессор В.О.Ковалевакий(1842-1883жж.) елеулі үлес қосты. Осы және басқа да ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде жылқылардың шығу тегі мен даму тарихы толық қалпына келтірілді.
Бұл ғылым даратұяқтылар дамуын өмір ортасының өзгеруімен байланыстыра отырып арғы тегі орманды жерден тебіндік-далалық аймаққа қарай аударуы үлкен роль атқарғанын дәлелдейді. Эоцен және олигоцен дәуірінде жылқының арғы тегі фенакотар орманды аймақтарды мекендеген. Олар бес саусақты болған және оның ортаңғысы жалпақ тұяқты болып біткен. Жүрген кезде негізінен үш саусағымен жерге басқан. Тістері төмпешік тәрізді болғандықтан жұмсақ шырынды өсімдіктермен қоректенген. Дене бітімі кішкентай, шоқтығына дейінгі биіктігі 30-40 см.
Жылқының даму жолындағы келесі саты Еуропада-хиракотериум (Haracotherium), ал Солтүстік Америкада-эогиппус (Eohippus) 50 млн жылдан кейін өмір сүрген. Олардың шоқтығына дейінгі биіктігі - 30-50 см. Фенакодтарға қарағанда сирақтары жіңішке және ұзындау. Алдыңғы аяқтары төрт саусақты, ал артқы аяқтары үш саусақты. Бастары үлкендеу, жақ сүйектері жіңішке және ұзындау болып келеді.
Солтүстік Америкада шамамен 10 млн жылдан кейін үш саусақты миогиппустар, парагиппустар, ал Еуропада- антихериумдар мекендеген. Бұл жануардың шоқтығына дейінгі биіктігі-90-120 см жеткен. 1 млн жылдан кейін плейстоцен дәуірінде жылқының арғы тегінің бір саусақты түрі- плиогиппус (Pliohippus) Еуразия мен Американың далалы аймақтарын шамамен 1 млн жыл бұрын полейстоцен дәуірінде кеңінен мекендеген.
Жылқыларды әдетте азық ретінде пайдаланады, әсіресе табынды жылқы шаруашылығы дамыған өлкелерде- Башкирияда, Буратияда, Якутияда және Алтай өңірінде. Ет және сүт өнімдерін алу үшін арнайы фермалар, сондай-ақ биологиялық емдік препараттарды өндіру үшін зауыттар құрылған.
Жылқы шаруашылығының табысты және жоғарғы деңгейде дамуы үшін жылқыларды өсіру мақсатымен бекітілген зоогигиеналық талаптар мен нормаларды сақтау қажет .
Көптеген мыңжылдықтар бойы жылқы адамзат қауымының адал көмекшісі және серігі болып келеді. 4 онжылдықтан астам уақыт әлемдегі жылқының жалпы саны тұрақты болып келеді және ол 65 млн басты құрайды.сонымен қатар экономикасы жақсы дамыған елдер жылқы басының санын өсіруде, АҚШ олардың саны 12 млнды құрайды. Олардың санының артуы спортты жылқының санының артуы нәтижесінде. АҚШ-та жылқыны салмағына, дене бітіміне және жұмсалу мақсаьына қарай: ауыр ( 650 кг-нан жоғары), не жеңіл (400-650 кг) және пони ( 223-400 кг) деп, ал бұлардың өзін тұқымына және пйдаланылуына байланысты кластарға бөледі. Жылқының дене мүшелеріне қарап олардың кемшіліктерін, қасиеттерін ерекшеліктерін және мүкістіктерін, кейбір ауруларын айырады. Қазіргі заманғы жылқы тұқымдарының шоқтығының биіктігі-50-185 см, салмағы 60 кг-нан 1500 кг-ға дейін. Өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 25-30 жыл. Жылқыларды жүрек-қантамырлар жүйесі жақсы дамыған. Орташа есеппен алғанда жылқының жүрегінің салмағы-4-5 кг, бірақ та жақсы жетілген және азықтандырылған жылқыларда оның салмағы 8 кг-ға дейін жетеді. Жылқының шабысы кезінде қантамырының соғысы 120-130 ретке дейін жетеді, (тыныштық кезінде 24-42 рет соғады), ал жүректен айналып өтетін қанның мөлшері минутына 150 л құрайды (тыныштық кезінде 15-20л). Орташа есеппен жылқының қан құрамында 5620-дан 11500 млн эритроциттер бар, олардың диаметрі 5,3-7,5 микрон. Жылқының дене температурасы-37,5-38,5 градус. Ауру кезінде және ауыр жұмыс атқарғанда бұл көрсеткіш 2-3 градусқа артуы мүмкін. Бұдан артық температура жылқыны өлімге әкелуі мүмкін. Жылқының бүйрегінің салмағы 900-1500 г. Жылқының тәулігіне бөлетін зәр көлемі орташа есеппен 3-6 л. Сутектік орта көрсеткіші-6,8-8,4.
Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері.
Жылқыны республикамызда әр түрлі бағытта пайдаланады. Атап айтқанда ол күш көлігі ретінде, ет-сүт өндіру үшін, асыл тұқымды мал өсіру мақсатында, спротқа қолдану әрі донор ретінде де пайдаланады. Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытта қолданылады: міну, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті- асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы- бұл жылқы етін, шипалы сусын-қымызды өндіреді.
Қазақстанда өсірілетін спорттық аттар дүние жүзінде басты орындар алған. Мысалы, үш дүркін олимпиада чемпионы, бірнеше рет Одақ чемпионы Абсентті айтуға болады. Бұл туралы алпысыншы жылдары абсентті Қазақстанның бірінші жұлдызы деп атады. Географиялық және климаттық жағдайға байланысты әрбір зонада жылқыны күтіп-бағудың өзіндік ерекшеліктері болады. Жылқы шаруашылығында оның екі жүйесі қолданылады: қорада және табында. Бұл жүйелерді қолдану жылқының тұқымына, шаруашылықта малды қолдану бағытына, жергілікті жердің жағдайына және шаруашылықтың экономикалық жағдайына байланысты болады. Жылқыны қорада ұстау жүйесі еліміздің барлық аудандарында асыл тұқымды, тауарлы соның ішінде қымыз өндіретін кәсіпорындарда қолданылып келеді. Жылқыларды қорада ұстаудың өзі әжіреде және топтап ұстау тәсілі болып бөлінеді. Жылқыны қорада ұстағанда міндетті түрде аттарды серуендету үшін шарбақ тұрғызу қажет. Айғырлар үшін шарбақтың көлемі 600 м2, жас жарататын малдар үшін -400 м2, ал басқа жылқы топртары үшін -200м2. Жұмыс көлігінде шарбақ тұрғызудың қажеті жоқ, бірақ малды күтіп-тазалау үшін далада оны байлайтын орын жоқ [ 1].
Спорт жылқысын таңдау және дұрыс пайдалану әдістері.
Ат спортында үлкен жетістікерге ие болу үшін көбінесе жылқыны дұрыс таңдауына байланысты. Спорт жылқысын таңдағанда оның типіне, тұқымына, сырт тұлғасына, шығу тегіне, жұмысқа қабілеттілігіне және денсаулығына көңіл аударған жөн. Олардың жоғарғы жүйке қызметі (ВНД) туралы мәліметтер болғаны қажет.
Атқа мінудің жоғарғы мектебі жарыстары үшін жылқы таңдағанда оның сыртқы дене бітімін салт мініс типті, экстерьері дұрыс үйлесімді біткен, жүрісі жеңіл және емін еркін жатық болғанына көңіл аударған жөн. Жылқының басы жеңіл, сағағы кең, көзі жанарлы, құлағы жұқа қимылды болғаны жөн. Мойны ұзын, арқасының ұзындығы орташа, белі ұзындау, бөксесі орташа болуы қажет. Шоқтығына дейінгі биіктігі 160-168 см. Жылқының түсіне де көңіл аудурған жөн. Негізінде торы, қара, жирен түсті болғаны қаланады.
Атқа мінудің жоғарғы мектебі үшін таза қанды салт мініс, ахалтеке, буденный, тракен жылқы тұқымдары ойдағыдай қолданылады. Араб жылқысының қаны бар будандарда жарамды келеді.
Кедергіден секірту ( конкур) жарыстары үшін жылқының ірі және биік (162-164см) болғанына талап қойылады.
Кедергіден секіруге арналған жылқының арқасы ұзын, бірақта белі қысқалау бөксесі жатаған және бұлшық етті, аяқтары мықты және түзу біткені жөн. Кедергіден секіртуде көбінесе таза қанды салт мініс, тракен, ганновер,буденный жылқылары ойдағыдай орын алады.
Көп сатылы жарыстары үшін( троеборье) жылқыға өте қатаң талаптар қойылады. Бұл жылқы сымбатты, батыл, қайырылымды, дұрыс жүрісті, ірі (162-168 см) кеуде орамы орташа (180-190см) және арнайы төзімді болуы керек. Сыртқы бітімінің ішінде ең маңызды мәселе аяқтарының дұрыс бітуі. Көп сатылы жарысқа басқа жылқы тұқымдарына қарағанда таза қанды салт мініс, буденный, тракен жылқылары және жартылай таза қанды будандар ыңғайлы.
2.Негізгі бөлім.
2.1.1. Жоба тапсырмаcын жасау.
Жұмыстың алғашқы,маңызды кезеңі. Технологиялық міндеттер мен санитариялық-гигиеналық талаптар атап көрсетіледі.Мал шаруашылығы объектілерін ұйымдастыру. Қазіргі уақытта әр жеке шаруашылықтар малға арналған құрылыстарды өз қаражатымен жүргізеді.
Жобалық тапсырманы малдың жасы, жынысы, тобына қарай ұстауды, зоогигиеналық талаптарды қатаң сақтау, оларды ауруға шалдықтыруды азайтады. Кәсіпорынның, ғимараттың жобасы техникалық құжаттар жиынтығы болып табылады. Оған түсініктеме жазбалар, кескіндер мен схемалар, экономикалық және технологиялық есеп-қисаптар, сметалар мен нысанды салып және іске қосуға арналған құжаттар жатады. Мал шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттарын жобалауды жобалау мекемелері жүргізеді, ал тапсырма беруші сол құрылысты салуға құқығы бар ұйым. Жобалық тапсырма- жобаға талап пен негізгі міндеттер көрсетілген жобалаудың алғашқы сатысы.
Бұл жобада мынандай маңызды деректер көрсетіледі:
Азықтандыру жүйесі;
объектің өндірістік қуаты;
мал шаруашылығын дамытудың келешек жоспарлары;
күтіп-бағу технологиясы;
табын саны;
құрамы;
өнімділігі;
санитариялық-гигиеналық режимі;
азықтандыру рационы;
ветеринариялық сақтау жүйелері;
ветеринариялық-санитариялық талаптар;
зоогигиеналық параметрлер.
Құрылыс салатын жерге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар. Жер құрғақ, биік, су баспайтын болуы керек, күн сәулесі мол түсіп, желдетіліп тұруы керек, айнала ағаштар отырғызылуы керек, топырағы құрылыс салуға қолайлы болуы керек. Топырақтың сүзгіштік қабілеті төмендеу болғаны жөн. Таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кезінде 5м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар ол жер санитариялық талаптарға сай 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 1 м артық тереңдікте және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Жер көлемі немесе ауданы: сүт өндіру фермаларында әр малға 100-120 м2, ет-сүт өндіру фермаларында 140 м2, бордақылау фермаларында 50 м2, шошқа фермаларында 160 м2, ал семірту фермаларында 8-9 м2, қой шаруашылығы фермаларында 15-20 м2, 3 мыңнан астам құсы бар фермаларда 0,4-0,5 м2.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары негізінен елді мекендерден кемінде 3 шақырым қашық жерде, өзендер мен су қоймаларында 2 шақырым қашық жерде орналасутыру керек.
Мал шаруашылығы кәсіпорындары аймақтары:
* өндіріс аймағы;
* шаруашылық әкімшілік;
* азықтандыру және тазалау құрылысы;
* көң сақтау аймақтары.
Қора бөлімдерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау:
# қоражай табаны берік, біркелкі, құрғақ кем дегенде 2-3 см және жылжымайтын болуы керек.
# іргетас беріктігі, мықтылығы, атмосфералыққұбылысқа шыдамдылығы, үнемділігі және ұзаққа жететіндігі;
# іргетас үстіндегі үй қабаттарының төменгі бөлігі;
# еден мал фермалары едендері мынандай талаптарға сәйкес болуы керек: жылуды аз өткізеді, берік, қажалмайтын,жанбайтын, тұтас, тегіс, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлар денсаулығына зиянсыз, тазартып жинауға қолайлы, малдың түрлі әрекеттеріне төзімді бет болып келеді.
Мал қораларының жарықтандырылуы- микроклимат туғызудың маңызды факторы. Алайда терезе көлемдерінің саны мен әйнектерінің аумағының көлеміне байланысты одан жылу сыртқа шығып кетіп жатады.
Мал қораларын салған кезде жекеленген және типті жобаларға сүйеніп отыруы қажет. Қазіргі кезде жобалаудың түрлері мал түріне байланысты көп болып кетті. Сондықтан зоотехниялық және малдәрігерлік мамандар бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарау қажет, пайдалы немесе зиянды жағын салыстыра отырып шешкені дұрыс [ 2].

2.1.2. Спорттық жылқы қорасына қойылатын гигиеналық талаптар.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда. Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс.
Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан- 5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс. Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.
Биелер мен айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі, жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі, ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер, суықтату камерасы және лаборотория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік объектілер, манеж, автотаразы, канализация, су, электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем- шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер, қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері. Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалыпжел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмауы керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастырылады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспауы керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал-саймандар тұратын, жем- шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада- манеж болуы тиіс. Жеңілдеу қорада топта күтіп-бағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс және ірі аттарға арналған секцияда әжірелер болуы керек.
Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады. Әжіреде жем-шөп салатын ақыр болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6 градус шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы -75 пайыздан аспауы керек. Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан ( ағаш үгіндісінен) төсеніш салған жөн [ 2].
Мал төсеніштерінің негізгі міндеті- мал үшін жататын орынның құрғақ, жұмсақ және жылы болуы керек. Төсеніш мал тұратын орындарға, станоктарға, мал жеке бөлмелерге, едендерге төселеді. Ондай материалдар құрғақ, жұмсақ, жылуды аз өткізетін дымқыл тартқыш болуға тиіс. Сонымен бірге мал жүніне жабыспайтын, құрамында зиянды және улы өсімдіктер мен олардың тұқымдары жоқ, шаңдатпайтын болуы керек. Және ауадағы зиянды газдарды жұтып алатын, микроорганизмдерге қарсы әсер тигізетін болғаны жөн. Фермалар мен кешендерде түрлі төсеніш материалдары- сабан, үгінділер, ағаш ұнтақтары, жапырақтар, қияқ және басқаларын пайдаланады. Әсіресе, сабан жиі қолданады. Өйткені, ол жылуды аз өткізетін және ылғал тартқыш арзан материал. Төсеніш материалдарын пайдалану малдың тері жабындысының таза болуын және олардың жататын жерлерінің құрғақ әрі жұмсақ, жылы болуын қамтамасыз етеді. Дене температурасы мал өнімділігі мен айтарлықтай әсер етеді.
Жарататын жас малға арналған қораны әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шөпке, қиға арналған жол болады. Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік ( биіктігі 1,2 м) болуы керек. Ат қораның қақпаларының ені 2,7, биіктігі -2,4 кем болмауы керек. Қораның биіктігі еденнен - төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі- 3м; тауарлы ферма қорада-2,4-2,7 м; манеждің биіктігі- 4,5м.
Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі- 3,3м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс. Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәр, садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс. Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем-шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек.
Ат қорадағы ең басты құрал жабдықтар. Әрбір мал орны, әжіре, астау белағаштармен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді. Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1 м, ал артқы жағынан еденнен 65 см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4 м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қоршағандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап ұстайды. Әжірені бөлетін қалқанды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды.
Мал тұратын орында әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы а қырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қойған қалқан болуы тиіс. Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді. Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60 см, төменгі ені 4 см, ал тереңдігі 40 см болуы тиіс. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 м болуы керек. Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін 0,6 м болу керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 м болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек. Жекеленген автосуарғышты бір- бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың әр басқа 0,6 мкем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс.
Мал қораның сызба өлшемі.
Ат қораларды солтүстіктен оңтүстікке қарай немесе жарық болуы үшін терезелерін оңтүстікке қаратып салады. Ат қораның көлемі бір жылқы үшін 30 м болуы керек, қабырғаның биіктігі- 3м, терезенің биіктігі 2 метрден кем болмауы керек. Терезе ауданының еден ауданына арақатынасы 1:1,5 кем болмауы керек. Еден саз балшықтан не асфальттан болғаны жөн. Жұмысшы жылқыларға арналған ат қорадағы керме қоршаулардың өлшемі 1,75x3м, ауданы 5,25м, күндізгі тұратын бөлмелерінің көлемі 3x3,5м, ауданы 10,5 м (20 процент) етіп жасалады [ 1 ].
Ат қоралар шөп және жем астаулармен, автосуарғыштармен, жылқыларды байлайтын сәкілермен жабдықталуы керек. Ат қораларда астық жемін, шөп және төсенішті, ат құралдарын, инвентарларды, құрал-саймандарды сақтайтын және азықтандыру мерзімдері.
2.1.2. - кесте. Шаруашылық орындары мен мал фермаларының және басқа шаруашылықтардың санитариялық арақашықтығы
Шаруашылық орны
Ең ұзақ арақашықтығы, м

Ірі қара,қой, шошқа, жылқы фермалары
Қоян, аң фермалары
Құс фермасы
Құс фабрикасы
Ірі қараға арналған
Шошқаға арналған
Қойға арналған
Жылқыға арналған
Аң және қоянға арналған
Құс фермасы
Құс фабрикасы
150
150
150
150
300

200
1000
300
1500
300
300
300

300
1500
200
200
200
200
300

200
1000
1000
1000
1000
1000
1500

1000
1000

2.1.3. Мал қораларының әрбір құрылыс бөлшектеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Мал қоралары салынғанда олардың іші құрғақ, жарық, қыста жылы, жазда салқын болуын ескереді. Қораларды салуға мәңгі берік, бұзылмайтын, арзан,жақсы жылу қорғайтын қасиеттері барзаттар қолданылады. Мал қоралардың конструк-циялық бөлшектеріне табантас, қабырға, еден, төбе, шатыр, есік, қақпа,тамбур жәнетерезе жатады.
Табантас-қораның басқа конструкцияларының салмағын көтеріп тұратынжер астындағы бөлшегі. Ол қабырғаны жерден келетін ылғалдықтан,оның қатып қалуынан сақтайды.
Сондықтан табантасқа төмендегідей гигиеналық талаптар қойылады. Біріншіден, ол берік болса, екіншіден бойына су сіңіріп, су өткізбеуі керек. Сондай талаптарға сай келуі үшін табантасты тастан, бетоннан, кірпіштен салады. Фундаменттің қабырғамен жалғасатын жоғарғы жағын цоколь деп атап, оны жер бетінен 20-60 см биіктікте жасап, үстіне қара қағаз төсейді. Қар, жауын, өндірістік сулардан сақтау үшін фундаменттің айналасын биіктеу қылып су ағар - жырық жасалады.
Қабырға-табантастың үстіне орналасып қораның ішкі микроклиматын сақтауға арналған конструкция. Қабығаны жер, ауа-райының құбылыстарына қарай әр түрлі қалыңдықта кірпіштен, тастан, бетоннан, саман кірпіштен және т.б. материалдардан салады. Қабырғаларды салғанда оның беріктігімен қоса жылу ұстау, аязға, өртке төзімділігі, ылғал жинамау, жағымсыз иістер шығармау сияқты гигиеналық талаптарға сәйкестігі ескеріледі. Қабырғаға қойылатын негізгі талаптың бірі оның жылуды сақтау және өткізу қасиеттері. Қабырғаның жылу сақтау коэффициенті- 1,4-1,9 м2.

2.1.3-кесте. Құрылыс материалдарының жылу өткізу қасиеттері
Материалдар аты
Жылу өткізу коэффициенті,
Ккалм2сағград.
Асфальтты бетон
Темірлі бетон
Шлакты бетон
Керамзитті бетон
Газды, көбікті бетон
Брусты ағаш
Ағаш талшықты плита
Известі-ракушечник
Кірпіш(жанған)
Селикат кірпіші
Шлак кірпіші
Тесік кірпіш

0,9
1,4
0,65
0,5-0,25
0,34
0,3
0,1
0,55
0,7
0,75
0,5
0,5

Төбе - мал қораларының төбелері шатырлы және шатырсыз болып бөлінеді. Төбені салғанда оның жылылығымен қоса су өткізбейтін қасиетін, жеңілдігін, жоғары температураға шыдамдылығын ескерген жөн болады. Шатырсыз төбені жылу сақтайтын материалдармен жауып, оның үстіне су өткізбейтін қабат қара қағаздан төселеді. Сыртқы ауаның ылғалы осы жылу қабатына сіңіп алса, қыстың суығында қатып қап жылуды көп өткізетін болады. Сондықтан да жылу қабатының үстінен су өткізбейтін материалдар төселеді. Төбенің жылу өткізетін коэффициенті- 2,0-3,3 м2.
Еден. Ол қораның ең маңызды бөлшегі болып келеді. Себебі еден арқылы барлық қорадағы жылудың 42-48 пайыздайы мөлшері жоғарылап кетуі мүмкін. Сондықтан мал басының амандығы, өнімі, оның тазалығы еденнің гигиеналық жағдайына тікелей байланысты. Еденнің құрылысы мен материалы мал қоралардың ішкі жылу балансына үлкен әсер етеді. Мал үстіне жатқанда еденнің бойына жылу өтеді де, ол тұрып кеткен кезде жылу ауаға беріледі. Сондықтан малдың денесінен жылуды неғұрлым аз қабылдап алса ол еден ең жақсы болып саналады. Еденнің тағы да бір қасиеті- оның су өткізбеушілігі. Мал қораларда көбінесе төмендегідей едендердің конструкциясы қолданылады: ағаш, бетон, асфальтты, керамзитті бетон, кірпіш, саз бен құм құрамы. Оларды жер бетінен кем дегенде 20-25см жоғары құрады.
Шатыр. Ол қорадағы жылу ұстауға және сыртқы ауаның жағымсыз құбылыстарынан, жауын-шашыннан сақтауға арналады. Шатырдың жапқышын берік, жеңіл, су өткізбейтін және жанбайтын материалдардан жасайды. Минералды мақта мал қораларды жылылау үшін ауа құбылысының әсеріне ең төзімді материал болып келеді. Бұл жылытқыштар су тартып алғыш болады, сондықтан олардың арасына ылғалдық кірмеуін қадағалау керек.
Қақпа, есік, тамбур. Қораға малдардың кіріп-шығуына, көң шығаруға, азық кіргізуге қақпаны берік қылып, қатып қалмайтын, жақсы, жеңіл ашылып жабылатын материалдардан жасайды. Тамбурдың енін қақпаның енінен 1 метрге, ал ішкі қарайғы тереңдігін жаппасы ашық тұрғандағы қақпадан 0,5 м артық болуы керек. Әрбір қораның бөлімінде кем дегенде 2 қақпасы болу керек: біреуі-негізгі, екіншісі-қосалқы. Ат қораның ені кем дегенде 2,1 м, ал биіктігі 2,4 метрден кем болмауы керек .[ 1]
Терезе және жарық беру. Қораның ішіне табиғи сәуле және жасанды электрлік жарық беріледі. Қабырғаларға орнатылған терезелер арқылы қораның ішіне түсетін сәулені алдынан немесе жанынан, ал төбеден келген сәулені- жоғарыдан жарықтандыру деп атайды. Терезелердің негізгі міндеті қораның ішкі жарық климатын қамтамасыз ету. Терезелердің еденнен орналасу биіктігі ірі қара малдар үшін арналған қораларға-1,2-1,3 м болып келеді. Терезелердің жылу өткізу коэффициенті оның әйнектерінің көлемі мен қабат санына тікелей байланысты болады. Терезелері жоқ қораларда жарықтың көлемін жасанды электр лампаларымен қамтамасыз етуге болады.

2.2.1. Мал азығы мен ауылшаруашылық малын азықтандырудағы қойылатын гигиеналық талаптар.
Мал шаруашылығының барлық саласын көтеруге, мал басы мен құс санының өсуіне және оның өнімділігін шұғыл арттыруға ықпал ететін басты жағдайдың бірі, жылдың жазғы және қысқы мезгілінде малды үзіліссіз және құнарлы азықтандыруды қамтамасыз ететін тұрақты мал азығының базасын жасау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес, әрбір мал өсіруші шаруашылық малға арнап толық мөлшерде жоғары сапалы, жұғымды және өріс шөбін дайындауы тиіс. Құрама жемді өндіруді өрістету, сондай-ақ малды азықтандыру үшін қалдықтарды толық пайдалану шараларын белгілеген жөн. Шаруашылық аралық кәсіпорындар , колхоздар мен совхоздар үшін белокты-витаминді қоспалар жасау жөнінен тапсырмалар белгілеуі тиіс. Мал азықтық ашытқы, лизин, балық және басқа да мал азығын өндіруді арттыруға баса көңіл бөлінеді.
Мөлшерленген сапалы азықтандырудың гигиеналық маңызы.
Қорек пен азық - барлық жанды заттарды қоршаған табиғатпен ұштастыратын байланыстың айғағы. Мал организмінің шер шарының биосферасына енетін органикалық заттармен тығыз байланысы, белокты денелердің тіршілік ету формасы сияқты, оларды қоршаған сыртқы табиғатпен тұрақты зат алмасуы болып табылады. Зат алмасудың энергетикалық және пластикалық маңызы бар, осы құбылыстың жанды организм мен өлі табиғаттан ерекшелігі осында жатса керек. Организм қоршаған ортадағы заттарды пайдалана отырып, ассимиляция процесі өту кезінде жансызды-жандыға, ал диссимиляция кезінде керісінше- жандыны-жансызға айналдырады. Бұл екі өзара қарама-қайшы және осымен бірге біртұтас байланысты процесс барлық жандының бөлінбес құрамына айналып, малдың бойында орталық нерв жүйесі арқылы реттеліп отырады.
Құнды азықтандыру дегенді рацион азықтық мөлшермен айқындалатын малдың энергия немесе калорияға ғана емес әр түрлі жұғымды да биологиялық белсенді заттарға деген қажетін толық қанағаттандыра алатын азықпен азықтандыру деп түсінген жөн. Азық құрамы организмнің барлық қажетін өтегенде ғана малды құнды азықтандыру болмақ. Ол көп өнімділіктің, қайта өндіру қабілетінің пайда болуына жағдай жасайды, сондай-ақ оның барлық физиологиялық функциясының және тұрақты денсаулығының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осылайша азықтандыру өсетін малды жоғары өсу энергиясымен және жас шамасына қарай оның барлық ұлпалары мен органдарының дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Құнды азықтандыру- малдың жұқпалы ауруларға деген табиғи және жасанды қарсы тұру қасиетін сақтаудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Рацион құрамы кейбір токсикалық заттарға мал организмнің төзімділігін арттыруға игі әсерін тигізіп, сонымен қатар оларды организмнен аластауға ықпал етеді. Осы тәртіп бойынша емдеу- профилактикалық немесе малдың бірқатар ауруларына қарсы диетикалық терапия жасалады. Аурудың этиологиясын ғана ескеріп, патологиялық процестің пайда болуы мен дамуына себепші болатын жағдайларға көңіл бөлместен емдеу көбіне тиімсіздікке әкеп соғатыны белгілі, сондықтан малды жоғарғы сапалы, мөлшерленген әрі құнды азықпен азықтандырудың ерекше маңызы бар. Басқаша айтқанда, малдың азықта болатын ауруларға шалдығуы мен улауына себепші болатын зиянды және улы заттардан таза болуы тиіс. Малды құнары төмен және сапасыз азықпен азықтандырған жағдайда, малдың көптеген жұқпалы емес ауруларға шалдығуына тікелей себепші болатыны зерттеулер мен практика жүзінде дәлелденіп отыр. Осымен қатар жоғарыда айтылған жағдайлар мал организмінің жұқпалы ауруларға төзімділігін, иммунологиялық реактивтілігін төмендетеді.
2.2.1-кесте. Шикі өнімдердегі нитрат және нитрит көрсеткіштері
Азық түрлері
Нитраттар
Нитриттер
Ірі және уақ мүйізді қара малдарына арналған құрама жемде
Шошқа мен құсқа арналған құрама жемде
Пішенде, сабанда
Көк балауса азықта
Картопта
Қызылшада
Сүрлемде
Дәндік жемде
Құрғақ қызылша түбінде
Шөп ұнында

500

200
500
200
300
800
200
300
800
800

10

5
10
10
10
10
10
10
10
10

Малдың әр түріне тәулігіне берілетін ас тұзының мөлшері мынандай:
* сауынды мал үшін-100-150 г;
* буаз сиырларға-60-100 г;
* ересек бұқаға-50-80 г;
* жылқыға-25-50 г;
* сынақ айғырларға-20-35 г;
* құлынды биеге-20-50 г.
Ірі қара, қой, жылқыға тұзды ұсақтап берумен қатар,оған қосымша кесек тұзды жалатады [ 1 ].

2.2.2. Жылқыны азықтандыру.
Біздің мал шаруашылығымызға негізгі экономикалық зиян келтіретін жұқпалы емес аурулар екендігін малдәрігерлік санақ көрсетіп отыр. Соның ішінде едәуір бөлігі (70 пайзға дейін) малды дұрыс азықтандырмау мен зат алмасудың үлесіне тиіп отыр.
Жеткіліксіз әрі азық құрамының тепе-теңдігі ескерілмеген азықтандырудың салдары. Мал мен құс ауруларының ішінде жеткіліксіздік,кейде шамадан тыс протеиннің, көміртегінің, минералды заттардың болуы сияқты, тағы басқа да аурулар елеулі орын алады. Мал үшін қажетті энергияның қайнар көзі протеин, көміртегі мен май болып табылады. Алайда олар энергияның басым көпшілігін көміртегінің есебінен алады.
Малды энергетикалық жөнінен жеткіліксіз азықтандыру - сүт, ет және жұмыртқа өнімділігінің төмендеуіне және малдың арықтауына әкеп соғады. Жас малдың өсуі баяулап, тіпті тоқтап қалады, ұрықтануы мен төлдеуі төмендейді. Жеткіліксіз азықтандыру жас аналықтардың жыныстық жетілуін кешеуілдетеді, ол буаз сиырлардың бұзаулағаннан кейін 2-3 айға дейін жыныстық циклының ойдағыдай қалпына келуін тежейді. Егер құбылыстардың барлығын азықтандыруды жақсарту арқылы бастапқы қалпына келтіруге болады. Малды жеткіліксіз азықтандыру олардың әр түрлі ауруларға төзімділігін төмендетедіөнімділік өлшеміне шығынын арттырады.Шамадан тыс энергетикалық азықтандырудан мал семіріп, азықтануы төмендейді.
Малдың рационында протеин мен амин қышқылдарының жетіспеулерінің немесе артық болуының салдары. Белоктар, немесе протеин организм клеткалары мен ұлпаларының маңызды бөліктерін құрайды. Азықтағы протеин өспелі малдың дене құрылымы үшін қажет, бұзылған ұлпаларды белоктарды қайта қалпына келтіру және өнімді құрау үшін қажет. Өсуді, тіршілікті жалғастыру мен өнімді құрауда протеиннің биологиялық құндылығының маңызы зор. Азықтағы протеиннің биологиялық құндылығы негізінен аминқышқылдың құрамына байланысты.
Рационда минералды заттардың жетіспеушілік салдары. Өсіп келе жатқан жас малды минералды заттармен жеткілікті қамтамасыз етпеген жағдайда өсуі мен дамуы тежеледі, ауруға төзгіштігі төмендейді, сонымен қатар әртүрлі патологиялық дамуына әкеп соғады. Ересек малдардың тірілей салмағы мен сүттілігі азаяды, төлдеуі төмендейді, қысыр қалуы жиілейді, өлі төлді немесе тіршілікке бейімі жоқ әлжуаз төлді туу кездеседі немесе іш тастайды. Малды минералдық заттар жеткіліксіз азықпен ұзақ уақыт азықтандыру барлық өнімнің төмендеуіне әкеп соғады.
Минералды заттар мал организмінің қалыпты тіршілігі мен зат алмасуы үшін, сондай-ақ сүттің, еттің, жұмыртқаның, жүннің құралуы үшін қажет, олардың ең маңыздылары кальций, фосфор, натрий, калий, магний, хлор, күкірт және темір сияқты элементтер. Мал азығын дайындаудың кейбір технологиясын бұзған жағдайда нитраттардың мал үшін өте улы нитритке айналуына әкеп соғады. Нитратқа күйіс қайыратын малдың организмі, ал нитритке күйіс қайырмайтын малдың организмі сезімтал болып келеді.
Азықтандыру - мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организмінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажетті барлық қоректік заттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал қораларына санитарлық-гигиеналық баға
МАЛ ҚОРАЛАРЫН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫП-ТҰРҒЫЗУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы туралы ақпарат
Ірі қара малына қойылған негізгі ветеринарлық санитарлық талаптар
Шошқаларды ұстау жүйелері
Ересек Сиырдың салм
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Ірі қара шаруашылығы
Пәндер