Windows 98 жүйесіндегі сілтеу терезесі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: WINDOWS 98 жүйесіндегі сілтеу терезесі.
Жоспар:
1. Сілтеу программасын іске қосу.
2. Сілтеу терезесінің аспаптар тақтасы.
3. Сілтеу программасында файлдармен және каталогтармен жұмыс істеу.
1. Сілтеу программасын іске қосу.
Сілтеу немесе Зерттеу (Проводник) терезесі - WINDOWS 95 жүйесінің жұмыс істейтін негізгі программасы. Оның көмегімен: дискідегі файлдардың көшірмесін алу; оларды басқа орынға ауыстыру; жою; компьютер желілерінде байланыс ұйымдастыру; программалық файлдарды іске қосу (орындау) ; дискеттерді форматтау тағы басқа әрекеттерді атқаруға болады.
Windows терезесіндегі Сілтеу терезесінің белгісі Іске қосу (Пуск) батырмасын басқан соң көрінетін Программалар тобының төменгі жолында орналасқан.
Бұл программада экран бейнесі әртүрлі бола береді, бірақ оның көптеген элементтері Windows жүйесінің кәдімгі стандартты түрінде беріледі. Терезенің жоғарғы жағында меню жолы, оның маңында аспаптар тақтасы орналасқан. Негізгі терезе екі жартыға бөлінгшен. Оның сол жақ жартысында - компьютердегі құрылғылар мен программалық компоненттер өз ортасындағы белгілі бір тетігімен беріледі. Сілтеу терезесінің оң жақ жартысында - сол жақта белгіленген объектінің ішкі мазмұны көрінеді. Мысалы, сол жақта каталог белгіленген болса, оң жақта сол каталогқа кіретін ішкі подкаталог пен әр түрлі файлдар көрсетіледі. Файлдар атының алдында олардың қандай программада дайындалғанын, яғни тип бейнелейтін кішкене белгілер де орналасады.
Программа терезесінің төменгі жағында қалып-күй жолы бар, ол сол мезетте ерекшеленіп тұрған объект жайында мәлімет береді, мысалы, файл ерекшеленген болса, оның мөлшері мен жазылған мерзімі туралы мәлімет беріледі. Ал диск ерекшеленсе, оның толық көлемі мен бос аймағы жайында хабарлама шығып тұрады.
2. Сілтеу терезесінің аспаптар тақтасы.
Сілтеу терезесінің аспаптар тақтасы компьютер құрылымын бейнелейтін әр түрлі варианттарды көруге арналған, оның жұмысы бақса стандартты терезелерге ұқсас етіп жасалған (мысалы, файлдар мен каталогтар жүйесін ашу, файлдарды сақтау терезесі т. б. ) .
Аспаптар тақтасы сол жағында компьютер элементтері түгел көрсетілетін шашырап ашылатын тізім орналасады, ол арқылы тышқанды қажетті сәтте шерте отырып, ағымды дискіні өзгертеміз немесе жергілікті басқа компьютерге ауыса аламыз.
3. Сілтеу программасында файлдармен және каталогтармен жұмыс істеу.
Файлдар көшіру - жаңа каталогта оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлдың орнын ауыстыру - оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі орнынан жою. Файлдардың көшірмесін алу не орнынан ауыстыру кезінде сол жақ терезеде керекті каталог көрініп тұруы тиіс. Ол үшін дискіні таңдап алып, тышқанды екі рет шертсек, оның құрылымы ашылған күйде болады және осы тәсілмен каталогтарды ашып, керекті мәлімет алынатын каталог құрылым бейнелей аламыз.
Файлдар әрқашанда бір каталогтан екінші каталогқа көшіріледі. Сол себептен оң жақ терезеге көшірілген файл бар каталогты шығарып қойған жөн. Одан кейін орындалатын әрекеттер біртектес болады, олар: көшірілуге тиіс файл немесе файлдар тобы ерекшеленеді, сонан кейін тышқан арқылы беретін каталогтан алушы каталогқа сол ерекшеленген мәліметтер жеткізіледі.
Файлдармен жұмыс істеу кезінде көбінесе бір файл емес бірден бірнеше файл өңделуге тиіс, файлдар алдын ала ерекшеленуге тиіс.
Бір файлды ерекшелеу үшін - сол файлдың шарт белгісінде тышқанды бір рет шерту керек. Қатар орналасқан бірнеше файлды ерекшелеу үшін:
- бірінші тұрған файлдың белгісінде тышқанды бір рет шерту керек; Shift пернесін басып ұстап тұру қажет; соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да шерту керек.
Каталог ішінде әр жерде орналасқан файлдарды ерекшелеу үшін:
- бірінші файл белгісінде тышқанды шерту керек; Ctrl пернесін басып, ұстап тұру керек; керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп шертіп отыру керек. Ерекшеленуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге барып, тышқанды бір рет шерту қажет.
Сілтеу терезесінде файлдың атын өзгерту, дискетті форматтау, дискінің көшірмесін алу, файлдың немесе файл топтарының атрибуттарын өзгерту операциялар атқарыла алады.
Тышқанның оң жақ батырмасы арқылы шақырылатын динамикалық менюде (қасиеттер менюі деп те аталады) . Жіберу (Отправить) деген командалық жол бар, ол файлды дискетке жылдам көшіріп алу мүмкіндігін береді.
Және бір көшіру әдісі:
- қажетті файлды таңдау керек; Аспаптар тақтасында Көшіру (Копировать) батырмасын тышқанның сол жақ батырмасымен басып алу керек; дискіні таңдап алып Аспаптар тақтасында Енгізу (Вставить) батырмасын басу керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz